ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ С.Д. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
Тақырыбы: Халықты қорғаудың жеке медициналық жабдықтары түсінігіне анықтама беру, олардың түрлері, сақталу мен пайдалану реті, қысқаша сипаттамасын беру.
Тексерген: Орындаған:
Емдеу, 320-топ
Алматы 2009
Жоспары:
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім
а) тыныс алу органдарын қорғау құралдары;
б) теріні қорғау құралдары;
в) жеке қорғаныстың медициналық құралдары
ІІІ. Қорытынды.
Жеке қорғаныс құралдары
Жеке қорғаныс құралдары тыныс алу органдарын, көзді және тері жамылғыларын УЗ, ҚӘУЗ буынан, тамшыларынан және аэрозольдерден, сондай-ақ радиоактивті шаңның, ауру тудырғыш микробтар мен токсиндердің түсуінен қорғайды олар тыныс алу органдарының қорғау және теріні қорғау құралдары болып теріледі.
Тыныс алу органдарын қорғау құралдары
Бұған газқағарлар, респираторлар, мақта-мата таңғыштары мен шаңнан қорғайтын маскалар, сондай-ақ оқшаулағыш көзқағарлары жатады.
Сүзгілік көзқағарлардың жұмыс істеу принципі
Ластанған ауаны жұтқан кезде ол сүзгіш-жұтқыш қорапқа түседі, сонда тазаланған соң үстіңгі бөліктің астына және тыныс алу органына түседі ауаны қорапшаны айнала өтіп үстіңгі бөліктен үрленген кезде шығады.
Бумен газды жұту адсорбция, хемосорбция және катализ арқылы, ал түтін мен туманды (аэрозольді) жұту сүзу арқылы жүргізіледі.
Адсорбция – адсорбент деп аталатын қатты дененің үстіндегі газ бен буды жұту. Сүзгілік газ қағарларда активтелген (ағаш) көмір адсорбент болып табылады.
Хемосорбция – УЗ, ҚӘУЗ-дің олардың өңдеу процесінде активтелген көмірге жағылатын химиялық белсенді заттр мен ықпалдасуы есебінен жұтылуы.
Катализ – катализатор деп аталатын заттардың ықпалымен химиялық реакциялар жылдамдығының өзгеруі. Катализатор ретінде мыс, күміс және хром тотығы пайдаланылады.
Түтін мен туманды (аэрозольді) сүзгілеу қалыңтырды құрайтын талшықты материалдан әзірленген түтіннен қорғайтын сүзгімен жүргізіледі.
Халықты қорғау үшін ГП-5 (ГП-5М) және ГП-7 (ГП-7В, ГП-7ВМ) газқағары қолданылады.
ГП-5 гзқағары адамның тыныс алу органдарын, көзін және бетін радиоактивтік, улағыш қатты әсер ететін заттардан қорғауға арналған.
Ол сүзгілік-жұтқыш қорапшамен алдыңғы беттен (шлем-маска) тұрады. ГП-5М газқағарының жиынына сөйлесу қондырғысына арналған мембраналы қорапшасы бар шлем-мака кіреді.
Шлемнің қажетті мөлшерін таңдау үшін 63 см дейінгі нөлдік өлшем алынады, 63,5-тен 66 см дейін – бірінші, 66 – 68 см – екінші, 68,5 – 70,5 см – үшінші, 71 см бастап – төртінші. Өлшем масканың төменгі бөлігінде көрсетіледі. Маска резина ілгішінен жасалынған.
Жұтқыш-сүзгіш қорапша қаңылтырдан жасалынады, дөғгелек болып кетеді, қорапша қақпағының газқағарының үстіңгі бөлігімен қосылуы үшін арналған таңылған аузы бар.
Қорапшаның астында дөңгелек саңылау орналасқан, ол арқылы жұтылған ауа түседі, сақтау кезінде резиналық тығын жабылады.
ГП-7 газқағары – ең соңғы, ең жаңа үлгілердің бірі.
ГП-7-ні ГП-5-пен салыстырғанда пайдалану және физиологиялық көрсеткіштері бойынша бірқатар артықшылығы бар. Сүзгілік жұтқыш қорапша қарсылығының азаюы тыныс алуды жеңілдетеді. Тыныс алу қарсылығының және басқақысымының төмендеуі газқағарды кию уақытын ұзартуға мүмкіндік береді. Оны 60-тан асқан қарт адамдар, сондай-ақ өкпесі мен жүрек-қантамыр сырқатына шалдыққан адамдар кие алады.
ГП-7 алдыңғы бөлігінің қажетті үлгілік өлшемін таңдау басты тікелей және көлбей қамти отыра өлшеу нәтижесінің негізінде өткізіледі. Көлбей тапсыру қас тоғасының алдынан, мұрын кеңсірігінің шетінен 2-3 см жоғары бүйірден және бастың ең шығыңқы нүктесіің артынан өтетін тұйық сызық бойынша басты өлшеумен анықталады. Тікелей қапсыру ұрт, иек және төье арқылы өтетін тұйық сызық бойынша басты өлшеумен анықталады. Өлшеу 5мм дейінгі дәлдікпен дөңгелектенеді. Екі өлшемнің жиыны бойынша қажетті үлгілік өлшем маска өлшемі мен жастықша аспа бауы тіректерінің (ғ) жағдайы белгіленеді. Бірінші цифрмен маңдай ілме бауының, екінші цифрмен самай ілме бауының, үшінші цифрмен ұрт ілме бауының нөмірі көрсетілген.
Балалар газқағарлары
Балалар газқағарының бес түрі бар. Жасы кіші балаларға (1,5 жастан бастап) арналған – ДП-6М газқағары (балалар газқағары, алтыншы түрі, шағын), жасы үлкен балаларға – ДП-6 (балалар газқағары, 6 үлгі). ПДФ-7 аса көп таралған (балалардың сүзгілік газқағары, 7 үлгі). Жасы кіші және үлкен балаларға арналған. ДП-6 айырмашылығы ересектердің ГП-5 газқағарындағы сүзгілік-жұтқыш қорапшасымен жабдықталған.
ПДФ-Д, ПДФ-Ш газқағарларында (балалар газқағары, сүзгілік, мектепке дейінгі немесе мектеп жасындағы). ПДФ-Д 1,5-7 жастағы балаларға арналған. Алдыңғы беті ретінде екі өлшемдегі МД-3 масксы пайдаланылады.
Қазіргі кезде ең жетілген үлгі мектепке дейінгі балаларға арналған ПДФ-2Д газқағары және мектеп жасындағы балаларға арналған ПДФ-2Ш газқағары болып табылады. Бұл газқағарлар жиынына ГП-7К сүзгілік жұтқыш қорапшасы, МД-4 алдыңғы бөлігі ылғалданбайтын пленка салынған қорапша және сөмке кіреді.
1,5 жасқа дейінгі балаларды қорғау үшін КЗД-4 (баллар қорғау камерасы, 4 үлгі) және КДЗ-6 пайдаланылады.
Қосымша патрондар
Газқағарларды ҚӘУЗ-ден қорғаудағы мүмкіндіктерін кеңейту мақсатынд оларға қосымша патрондар (ДПГ-1, ДПГ-3) енгізілген. Олар ГП-5, ГП-7 азаматтық газқағарлар жиынында пайдаланылады.
ДПГ-3 жиынында газқағармен бірге аммиактан, хлордан, диметиламиннен, нитробензолдан, күкірт сутегінен, күкірт қышқылынан, синил қышқылынан, тетраэтилқорғасыннан, фенолдан, фосгеннен, фурфуролдан, флорлы сутегінен, хлорлы цианнан және этилмеркаптаннан қорғайды.
ДПГ-1 патронының ішінде шахтаның екі қабаты, арнайы жұтқыш пен гопкалит бар. ДПГ – 3-те жұтқыштың тек қана бір қабаты бар.
Гопкалитті патрон көміртегі тотығынан қорғау үшін қызмет етеді. Ол қосымша патрон ретінде газқағарда пайдаланылуы мүмкін.
Гопкалитті патрон. Көміртегі тотығынан (оксидтен) қорғауға арналған газқағарлар үшін қосымша патрон, құрылымы бойынша ДПГ-1 мен ДПГ-3 еске түсіреді.
Гопкалит – мыс тотығы мен марганец қостотығының қоспасы, көміртегі тотығы қышқылданған кезде усыз көмірқышқыл газына дейін ауадағы оттегі есебінен көміртегі тотығын қышқылдандыру кезнде катализатор рөлін атқарады.
Құрғатқыш хлорлы кальций сіңген силикагель сияқты. Ол гопкалиті ылғалдан қорғау мақсатында ауаның сулы буын жұтуға арналған, ылғалданған кезде өз қасиетін жоғалтады.
Оқшаулағыш газқағарлар
Оқшаулағыш газқағарларға ИП-46, ИП-4М, ИП-4МК, ИП-5 жатады.
Тыныс алу органдарын, көзді, бетті ауадағы кез-келген қоспадан оның ерекшеліктері мен жинақталуына қарамастан қорғау үшін, сондай-ақ ауада оттегі жетпеген кездегі жұмыс үшін қолданылады.
Оқшаулағыш газқағарлардың қорғаныс іс-әрекетінің принципі атмосфералық ауаның тыныс алу үшін пайдалнылмайтындығына, адамның газқағарды пайдалану процесінде генеративті патрондағы заттан бөлінетін оттегімен демалатындығына негізделген.
Оқшаулағыш газқағар алдыңғы бөліктен, жіберу икемделгіші бар регенеративті патроннан, артық қысым клапаны бар тыныс алу қабынан, каркастан және сөмкеден тұрады. Газқағар жиынына артық қобдишадағы жіберу брикеті, шыны ыдыс салынған қорапша, ылғалданбайтын пленка салынған қорапша, жылжымалы кілт кіреді.
Өнеркәсіптік газқағарлар
Химиялық қауіпті объектілер қызметкерлерін қорғау үшін өнеркәсіпті газқағарлар жасалынады. Олар сүзгілік газқағарлар сияқты тыныс алу органы, көз бен бетті зақымданудан сақтайды. Олардың қолданылу аясы тар, дамды тек нақты жағжайларда ғана зиянды заттардан қорғайды. Сондықтан олардың сүзгілік қорапшасы жұтқыштар құрамы бойынша қатаң мамандандырылған және ауадағы улы затты немесе зиянды қоспаны тазартады. Өнеркәсіптік газқағарлардың сүзгілік қорапшаларының осы маркаға сай өз мақсаты және бояуы бар.
Соңғы шыққан өнеркәсіптік газқағарларға ПФМ-1, ППФ-95М, ПФМ-3П, ППФМ-92, ППФ-95, ППФ-87 жатады.
Тыныс алу органдарын құрайтын қарапайым құралдары ретінде қарапайым мақта-мата дәкісін және шаңнан қорғайтын мақта-мата маскасын (ПТМ) пайдалануға болады.
Тыныс алу органдарын радиоактиыті шаңнан, зияды газдардан, будан және аэрозоль қоспасынан қорғаудың қарапайым құралы ретінде Р-2 респираторлар қолданылады.
Респиратор жүзікті полиэтиленді пакетте сақталады.
ПТМ-1 шаңнан қорғайтын мата-маска
Корпусы матаның 4-5 қабатынан тұрады. Үстіңгі қабаты үшін шпатель, миткаль, тоқыма, бязь, ішкі қабаттар үшін фланель, бомазей, мақта-мата немесе жүн мата жарамды. Масканың бекіткіші жұқа материалының бір қабатынан жасалынады. Тігісі бойынша маска корпусы мен бекіткіші жасалады, ұзындығы 0,8 – 1,5 см жоғары және көлденең резинасын даярлайды, масканы тігеді. Көзді қорғау үшін маска ойығына шыны, плексиглаз немесе целлулоид қойылады.
Мақта-мата таңғышын 100х50 см көлеміндегі дәкі кесіндісінен жасайды. Ортасы бойынша бір қалыпты көлемі 30х20 см қалыңдығы 2 см мата қабатын жаяды. Байлау үшін 30-35 см етіп қияды.
Теріні қорғау құралдары
Бұл құралдар радиоактивтік, улағыш заттардың және бактериалдық құралдардың тікелей түсуінен, ал кейбір жағдайларда жалпы әскерлік қорғаныс жиыны улы заттар буының адамның тері жамылғысына әсерінен қорғауды қамтамасыз етеді.
Теріні қорғау құралдары арнайы химиялық заттар сіңірілген мақта-қағаз матасынан жасалынады, соның есебінен материалдың ауа сіңірімділігі негізінен сақталады, ал улы және зақымдағыш заттар мата арқылы өткенде ұсталады. Бір жағдайда бейтараптану, екінші жағдайда жұту (сорбция) өтеді.
Теріні қорғау құралдары зақымдалмаған жерлерде немесе қорғаныс құралдарының сыртқы жағының дене мен киімнің қорғалмаған бөліміне тимейтіндей етіп авариялық жұмыстардан алшақ жерде жүргізіледі.
Теріні қорғаудың қарапайым құралдары
Адамның терісін қорғаудың қарапайым құралдар ретінде ең алдымен өндірістік киім (арнайы киім), күртелер мен шалбарлар, комбинезондар, брезенттер, оттан қорғайтын немесе резиналы матадан, тұрпайы шұғадан тігілген халаттар пайдалануы мүмкін. Олар тек адамдардың терісіне радиоактивті заттар бактериалдық құралдардың түсуінен қорғауға ғана емес, сондай-ақ белгілі бір уақыт бойында тамшылы-сұйық улағыш заттарды да жібермеуге қабілетті.
Аяқты қорғау үшін өндірістік және тұрмыстық мақсаттағы резина етікті, ботыны және галошты пайдалану қажет, сондай-ақ теріден және тері ауыстырғыштан тігілген аяқ киімдерді зезиналы галошпен киген жөн.
Қолды қорғау үшін резиналы немесе тері қолғап пен биялайды кию керек. Жүннен, мақталы қағаздан тігілген және тоқымалы қолғапты тек радиоактивтік және бактериалдық заттардан қорғау үшін ғана пайдалануға болады, олар улы заттардан қорғау үшін жарамсыз.
Теріні қорғаудың қарапайым құралдары арнайы ерітінді сіңірілгеннен кейін улағыш заттардың буымен аэрозольдарынан адамдрды қорғау қабілетін алады. Тек мата материалдарынан тігілгенкиімге ғана ерітінді сіңіруге болады.
Жеке қорғаныстың медициналық құралдары
Жеке қорғаныстыңмедициналық құралдары – медициналық препараттр, материалдар және арнайы құралдар зақымдау құралдарының әсерін және сақтандыру кезіндегі күрделіліктерді төмендеті және зақымданудан ескерту мақсатында қолданылады.
Жеке қорғаныстың медициналық құралдарына радиациядан қорғайтын, залалсыздандыратын және бактериядан қорғайтын препараттар, УЗ (ҚӘУЗ) рецептурасынан бастап таңғыш құралдары жатады.
Табельдік медициналық құралдарына мыналар жатады:
АИ-2 жеке дәрі-дәрмек қобдишасы, радиациялық қауіпті аймақта тұратын халыққа арналған әмбебап тұрмыстық дәрі-дәрмек қобдишасы – ИПП-8, ИПП-10; жеке химиялық әсерден қорғайтын пакеттер; ППМ медициналық таңу пакеті.
Әмбебап тұрмыстық дәрі-дәрмек қобдишасы мына құралдармен жабдықталған: радиациядан қорғау құралдары, жалпы терапевтік препараттар (аспирин, седальгин, аммиак, бесалол, валтдол, нитроглицерин, папазол, диазолин, феназепам), антисептикалық және таңғыш құралдар (брилиант жасылы, калий перманганаты, деринат, леваменол немесе мафенидин ацетат, мақта, бактерицидті жабысқыш, бинт).
Қолданылған әдебиеттер:
«Тіршілік қауіпсіздігі». Оқу құралы (І кітап). 136-148 бб. Алматы, 2003