ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Экономиканы мемлекеттік реттеу»
кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Халықтың көші қонуына байланысты әлеуметтік мәселені шешудегі психологиялық жұмыстың мазмұны
Оқытушы: Бердімұратова Қ.Қ
Студент: Сүгірбеков С.Т
Мамандығы: Әлеуметтік жұмыс
Тобы: 312
Алматы, 2008
Қазақстан Республикасы үшін экономикалық дамудың қазіргі жағдайларында болашақ дамудың: көші-қонның теріс ықпалы үнемі өсіп отырған дамушы елдің шаруашылық жүйесінен бастап, көші-қон үдерістері жалпы дамуға жағымсыз әсерін тигізе алмайтын қуатты жаңа мемлекетке айналуға дейінгі кең спектрі бар. Оның үстіне мұндай таңдау — республика халқының саны ұлттық экономикалық қауіпсіздікке қауіп төндіретін шекке дейін азаятындай дәрежеге дейін төмендеуі мүмкін.
Сонымен қатар, қазіргі заманғы экономиканың жоғары қарқынмен өзгерулері жағдайында болып жатқан оқиғаларда бірқатар елдердің түпкілікті емес халықтың саны басым болған мемлекетке айналу қаупінің шындыққа айналып келе жатқанын байқауға болады. Соған орай көші-қон үдерістеріне байланысты мәселелерді жүйелі тұғырнамалық талдап-зерделеудің қажеттігі мәселесі алға шығады.
Әрине, көші-қон үдерістерін зерттеулер жүргізілуде, алайда олардың ауқымы жеткіліксіз және өзара байланыстырылмаған. Олар негізінен көші-қонның ең кең тараған көріністерін зерттеуге бағытталған. Көші-қонның осындай аспектілерінің бірі еңбек миграциясы болып табылады, оның үстіне көп жағдайда мұндай зерттеулердің нәтижесі дамыған индустриялық дәуірден соңғы елдер үшін дұрыс болып табылатын тұжырымдамаларды қайталайды. Бұл жағдайда әңгіме осы құбылыстың себептері жөнінде болып отыр — басты себеп ретінде жалақының төмен болуы көрсетілуде. Мұндай көзқарас мәселені тым қарабайырландырып жібереді, себебі, бұл жағдайда өндірістің типтері мен қозғаушы күштерінің модельдерінен бастап экономикалық дамудың мақсаты мен құралдарына дейінгі экономиканың барлық құрам бөліктерінің іс жүзіндегі өзгерулеріне байланысты туындайтын өтпелі экономиканың заңдылықтары есепке алынбайды. Бұл жағдайларда өздігінен алғанда жалақы деңгейінің көші-
Біз халықтың миграциясын еңбек бөлінісінің ең алдымен өндіріс саласына, иелену, меншікке алу салаларына қатысты екенін басшылыққа ала отырып, әлеуметтік-экономикалық категория ретінде қарастырамыз. Адамдардың өндірістік өзара әрекеттесуімен байланысты болған миграциялық үдерістердің нәтижесінде меншік мәселелері басшылыққа алынады — адамдардың еңбек бөлінісімен шартталған іс-әрекетінің нәтижесінде жасалатын қоғамдық байлықты иелену көзделеді. Әрине, адамдардың мұндай қозғалыстарында әрдайым экономикалық және әлеуметтік мүдделердің қатысы болады, бұның өзі халықтың көшіп-қонуға ниеттенуінің негізгі өзегі болып табылады. Егер, тіпті көшіп-қонудың себебі отбасылық жағдайлар немесе кәсіби мүмкіндіктерін жүзеге асырудың үлкен мүмкіндіктері, я болмаса қолайлырақ табиғи-климаттық жағдайлар, әлде ұлтаралық қақтығыстар болған күннің өзінде миграциялық үдерістердің қалыптасуының түпкілікті себептерін талдап-зерделейтін болсақ, оның негізінде ең алдымен әлеуметтік-экономикалық мүдделер жатқанын көрер едік.
Әрқилы аумақтар бойынша адамдардың қозғалу процесі түріндегі көші-қон процесі өндіріс факторларының орын ауысуы теориясымен тығыз байланысты болады, сол себепті де, уақыт бойынша ресурстардың өзгеруі шеңберінде адам капиталының қозғалыстарының себептерін талдаудың қарапайым үлгісі ретінде қарастырылуы мүмкін. Әлеуметтік категория ретінде көші-қон сандық мәліметтерді бақылап отыру және адамдардың кеңістік пен уақыт бойынша қозғалыс үрдістері дегенді ғана білдіреді. Экономикалық құбылыс ретінде адамдардың орын ауыстыруын талдау осындай қозғалыстардың салдарын талдауда үлкен мәнге ие болады. Бұндай салдарлар кейде аса үлкен болады, соған сәйкес қазіргі заманғы геоэкономикалық кеңістікте еңбек ресурстарының орын ауыстыруларына көп санды шектеулер қойылады — барлық елдер дерлік иммиграцияға шектеулер қояды, олар миграцияны капиталдың ауысуы түріндегі экономикалық процесс ретінде қарастырады, өздерінің қарамағындағы ең өнімді ресурс ретінде қарайды, себебі, экономист-ғалымдар басқа кез келген ресурстар тек адамдардың көмегімен пайдаланылуы мүмкін екенін әлдеқашан дәлелдеп шыққан. Адамдарсыз, олардың өндірістік процестерге қатысуынсыз табиғи ресурстар да, заттанған капитал да (негізгі қорлар) және көптеген технологиялық процестер де іске аспай қалады, яғни ресурстардың басқа түрлерінің тиімді пайдаланылуы адам еңбегінің сапасына, санына және тиімділігіне тәуелді болады, дегенмен, егер адам капиталы жетіспейтін болса, капиталдың басқа түрлерін жоғары деңгейде тиімді пайдалану мүмкін болмай қалады. Бұл ереже геоэкономикалық кеңістіктегі капиталдың қозғалысын бағалаудың қажеттігімен қоса алғанда адам ресурстарының саны мен сапасының өзгеруін бағалаудың және оның әрбір мемлекеттің болашағына тигізетін салдарын бағалаудың әдісі ретінде көші-қонды экономикалық тұрғыдан талдаудың қажеттігін туғызады. Бұл жағдайда экономика ғылымдарының обьективтік заңдылықтары бойынша Жер (Т) мен еңбек (L) шектеулі мөлшердегі бірден-бір ресурстардың түрлері болып табылады. Сонымен қандайда бір ел басқа жағдайлардың бәрі тең болғанда қандайда бір өнімнің түрін өзінде жоғарыда аталып өтілген ресурстар жеткілікті болған жағдайда ғана өндіре алады деп болжамдалады. Бір жағынан осы факторлардың бар болуы және сол экономикадағы өнімді өндірудің ара қатынасы елдің өндірістік функциясы [Q (T, L)] деп аталады, оның шамасы 1 суретте көрсетілгендей түрде ғана өзгереді.
Q өнімі Шекті еңбек өнімі, MPL
а) Еңбек L б) Еңбек L
Ескерту — автор теориялық көздер бойынша жүйелеп шыққан
Халықтың көші-қоны түсінігін кең және тар мағынада түсіндірулердің бар болуы экономикалық, демографиялық, әлеуметтанушылық зерттеулерде оны жіктемелеуге және анықтауға әрқилы тұрғыдан келуге әкеліп соқты. халықтың көші-қонының барлық анықтамаларын төмендегіше қарастыратын төрт негізгі позицияларға топтастыруға болады:
— халықтың аумақтық орын ауыстыруларының формасы;
— халықтың аумақтық қайта бөлістірілуінің формасы;
— халықтың жылжымалылығының формасы;
— халықтың әлеуметтік сипаттамасын қоса алғандағы оның аумақтық қозғалысының формасы.
Көші-қонның қарама-қайшылықсыз және әмбебап теориясын жасау, қандайда бір көзқарастардың көбірек немесе азырақ дәрежедегі негізділігін анықтау үшін қолданылған іс-шаралардың басты мақсаты қазіргі заманғы көші-қон дамуының үрдісін талдауда қолданылатын әдістемені дайындау болып табылады. ТМД елдерінің аумағында жүріп жатқан көші-қон үдерістері талданған кездері, әдетте, олардың бұрын-соңды болмаған бірегей құбылыс емес екендігі, сол себепті әлдеқашан қолданыста жүрген тұжырымдамаларды қайта қараудың қажеті жоқтығы назарға алынады.
- кесте — Ғалымдардың көші-қонға қазіргі заман тұрғысынан көзқарастары
Көші-қонның себептері |
Қоғамдағы жағдайға тигізетін әсерлері |
Көшіріп-қоныстандырудан түсетін экономикалық тиімділіктерді іздестіру |
Білімі мен біліктілік деңгейі жоғары азаматтардың кетуінен келетін шығындар |
«Пайдалы» қызметтерді іздестіру |
Елдердің арасында өндіріс факторларын қайта бөлісуден келетін шығындар |
Психологиялық факторлар |
Қоғамдағы жағдайдың тұрақсыздануы |
Тілге байланысты кедергілер |
Әлеуметтік желілер мен делдалдардың арасындағы тепе-теңдіктердің жойылуы, қоғамдағы тұрақсыздық |
Әлеуметтік көмекті пайдалану мүмкіндігінің болмауы |
Жұмыссыздықтың көбеюі, эмиграцияның ұлғаюы, қоғамдық құрылымдар үшін өндіріс факторлары ретіндегі адамдардың азаюы |
Ескерту — автордың өзі дайындаған |
Екі қажеттіліктер тобы көші-қондық үдерістерді туындатушы көздер болып табылады:
- өндірістің дамуының экономикалық заңдылықтары (объективтік факторлар);
- қоныс аударушы еңбек ресурстарының мүдделерін көрсететін материалдық және рухани қажеттіліктер (субъективтік факторлар).
Көші-қон факторларын жіктемелеу сияқты, оның құрылымының құрам бөліктерін топтастыру да әмбебеап сипатқа ие емес екендігін атап өту керек. Кейбір зерттеушілер факторлардың екі: экономикалық және әлеуметтік топтарын бөліп көрсетеді, басқалары экономикалық факторларға табиғи-климаттық, этникалық, демографиялық, моралдық-психологиялық факторларды қоса отырып, бес тобын көрсетеді.
Көші-қон факторларының бір-бірінен түбегейлі ажыратылып тұруы, оның табиғатына да қатысты, соның салдарынан көші-қон үдерістерін тиімділеу үшін қандайда бір факторларды пайдаланудың мүмкіндігі әр тарапты, қарама-қайшылықты болып келеді. Айталық, табиғи-климаттық факторлар көші-қонды реттеу тұрғысынан алғанда іс-жүзінде басқаруға келмейді. Демографиялық, этникалық, моралдық-психологиялық факторларды тек жанама түрде ғана басқаруға болады. Нарықтық қатынастар жағдайында көші-қонның этникалық, әлеуметтік, әкімшілік факторлары тікелей ретеудің объектісі болуы мүмкін.
ХКҚ жалпы факторлары
Эконономикалық
Әлеуметтік
Табиғи климаттық
Этникалық
Демографикалық
Моралды психологиялы
Еңбек ресурстары қозғалысының әлеуметтік-экономикалық бет алыстары.
Ғаламдық БЕН-ның қалыптасуында төмендегідей қатысушылар белсенді рөл атқарды: іс-жүзінде осы нарықтың құрылуының бастамашысы болған трансұлттық корпорациялар (ТҰК); біліктілігі жоғары қызметкерлерді тартуда бір-бірімен бәсекелескен ұлттық мемлекеттер; білім беру және біліктілік стандарттарын бірыңғайлауды жүргізіп отырған мемлекеттердің аймақтық бірлестіктері; халықаралық келісімдер мен ұйымдар, мысалы, соңғы уақыттары белсенділігі күшейіп бара жатқан БСҰ. БҰҰ, ХҚҚҰ, ХЕҰ сияқты ұйымдар ХВҚ, ХБ даму агенттері және басқалары ғаламдық БЕН-ның әрекетінің теріс салдарларын жоюға және оның беріп отыған артықшылықтарын пайдалануға жәрдемдесетін әрқилы бағдарламалар жасалуда. Соңғы кездері осы нарыққа шығу және өз ұлттық даму мақсаттары үшін ең үлкен артықшылықтарды алу стратегиясын жасап жатқан білікті жұмыс күшін экспорттаушы елдер белсенді рөл атқара бастады.
БЕН қалыптастырудағы БСҰ-ның рөлі оның білікті мигранттардың қоныс ауыстыруларын реттеуде келешекте ең тиімді болуы мүмкін әдістерді көрсетуінде болып отыр. БСҰ-ның ағымдағы раундында қызмет көрсетудің төртінші әдісі деп аталатынды қарауы ғаламдық еңбек нарығы шеңберінде халықаралық жылжымалылықты көбейту бағытындағы аса сенімді, бірақ шектелген қадам болып отыр. Қызмет көрсетудің бұл түрін БСҰ келісімнің қатысушысы болған қандай да бір елдің қызмет ұсынушысының сол елдің жеке тұлғаларының келісімнің қатысушысы болған басқа бір елдің аумағында коммерциялық қатысуы арқылы қызмет көрсетуі ретінде анықталады («жеке тұлғалардың орын ауыстыруы»). Қызмет көрсететін кез келген тұлға «қызмет ұсынушы» деп есептелетіндіктен, мұндай жеке тұлғаларға қызмет көрсетуші дербес кәсіпкерлерді де, қызмет ұсынушы компаниялардың қызметкерлерін де жатқызуға болады. БСҰ «жеке қызмет көрсететін жеке тұлғалардың уақытша орын ауыстырулары»] үшін қолайлырақ жағдайларды жасауды жоспарлап отыр. Басқа үш әдісіне енетіндер: І режим – «халықаралық жеткізулер» (қызмет импорты); ІІ режим – «шетелдегі тұтыну» (туризм және шетелде оқу); ІІІ режим – «коммерциялық қатысу» (шетелдік бөлімшелер арқылы қызмет көрсету). Қызмет көрсету саудасының 25 % жуығы «халықаралық жеткізулерге»; 20 % — «шетелдегі тұтынуға»; 50 % — «коммерциялық қатысуға» тиесілі болады. «Қызмет көрсететін жеке тұлғалардың уақытша орын ауыстыруларына» (ІV режим) қызмет көрсету саудасының 1 %-дан сәл артығырағы тиесілі болады. Бірқатар жағдайларда бір қызмет түрін көрсету жеткізудің әрқилы әдістерімен ізбе-із жүзеге асырылуы мүмкін. Айталық, тіпті бір контрактінің шеңберіндегі консультациялық қызмет көрсету алдымен трансшекаралық түрде, кейін – консультанттың тапсырыс берушіге баруы, ең соңында – тапсырыс берушінің консультантқа баруы түрінде жүзеге асуы мүмкін.
Халықаралық білім беру бағдарламалары
Бір қатар елдердің жан басына шаққандағы табысы, экономикалық жағдайы, әлеуметтік өмір сұру деңгейі
БСҰ және оның іс-әрекетінің үдерісі
Жұмысшылардың қозғалуы
Шет елде білім алу
Жаһанданудағы еңбек нарқының мамандануы
ТҰК және оның сұранымы: жұмыс бабында карьералық өсудегі білімді пайдалануы
Халықаралық ұйымдар (ХҰҚҚ, ХҰЕ, БҰҰ)
Елдер арасындағы бәсекелестік және мамандар ұшін күрес
Мемлекеттердің аймақтық бірігуі, заңдар, мөлшерлер (нормативы), талаптар
Ғылыми-техникалыќ прогресс, мамандарға қажеттілік
Ескерту – іздену материалдары нәтижесінде автор дайындаған.
БЕН қалыптасуының тағы бір факторы ұлттық мемлекеттердің мамандарды тарту үшін өзара бәсекеге түсуі. Дамыған елдер, әдетте, ақпараттық технологияларға байланысты кейбір секторларда (Франция, Германия, Голландия, Ирландия, Канада, Австралия, АҚШ, Дания) және денсаулық сақтау саласында (АҚШ, Ұлыбритания, Норвегия, Дания, Ирландия, Голландия) жоғары білікті мамандарды тарту үшін өзара жиі бәсекелестікке түсе бастады
Тұтастай алғанда, шетелдік білікті жұмыс күшін тарту үшін үкіметтер пайдаланатын мына механизмдерді бөліп көрсетуге болады:
- жоғары білікті мигрантарды тарту үшін пайдаланылатын Германиядағы «жасыл карталар» және АҚШ-тағы Н-1В, Н-1С визалары тәрізді арнайы схемалар; Канада мен Австралияның жоғары білікті жұмысшылардың уақытша және тұрақты миграциясы бағдарламалары; Ұлыбританияның жоғары білікті мигрантарға арналған бағдарламасы.
- шетел жұмысшыларының еңбек нарығына тез енуін қамтамасыз ету мақсатында жұмысқа рұқсат алу процедурасын қарапайымдау немесе одан толық азат ету.
- Табысы жоғары шетел жұмысшыларына салынатын салықтың салмағын жеңілдету үшін жасалған салықтық ынталандырулар (мысалы, Скандинавия елдерінде). Жоғары білікті жұмысшыларды және шетелдік қаржы салымдарын тарту үшін қолданылатын дербес салықтық ынталандырулар көптеген елдерде бірнеше жылдардан бері бар (Дания, Голландия).
- Бұрын елде жұмыс істеп кеткен жоғары білікті эмигранттардың елге қайтуын қолдау (мысалы, Ирландия).
Кесте 2 – Шет елдегі көшіп-қонуды реттеудің тәсілдері.
Елдер |
Реттеудің тәсілдері |
Реттеудің нәтижесі |
Германия |
«Жасыл карта» |
Білікті мамандардың келуін жоғарлату |
АҚШ |
Н – 1В, Н-1С визалары |
Шектелген келулер |
Канада Австралия |
Уақытша және тұрақты көшіп-қону бағдарламасы |
Таңдау жоғары кәсіпті жұмысшылар жағында |
Ұлыбритания |
Жеңілдетілген немесе босатылған процедурасы бойынша жұмысқа орналасу |
Тек қана жоғары кәсіпті мамандар үшін |
Скандинавиялық елдер |
Салық қызықтырулары |
Салық мөлшерлерінің азаюы |
Дания Голландия |
Жекелеген табыстың жоғары өсуі |
Бірнеше мамандықтарды таңдауы |
Ирландия |
Келушілерді марапаттау |
Табыстың экономикалық өсуі |
Қытай |
«Сыртқа кету» стратегиясы |
Шетелге оқуға қызықтырулар |
Жапония |
Елдің ішінде оқыту |
Көшіп-қонудағы тұрақтылық |
Қазақстан |
Оралмандарды тарту |
Жоғары мамандарды елге шақыру және оралмандарды елге қайтару |
Ескерту – іздену материалдары нәтижесінде автор дайындаған |
Қазақстан республикасындағы көші-қон үдерістерін талдау.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы және оны әлемдік қоғамдастықтың тануының нәтижесінде туындаған жаңа экономикалық және саяси жағдайлар тұтастай алғанда елдегі және оның аймақтарындағы көші-қон үдерістерінің сипатына, түрлеріне және бағыттарына елеулі өзгерістер енгізді. Қазақстан ұзақ кезең бойы жабық жүйе ретінде өмір сүрді, ондағы халықаралық миграция туристік немесе жеке сапарлармен, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысулармен шектеліп, эпизодтық сипатқа ие болды. Ол, сондай-ақ, негізінен жоғары білікті жұмысшылардың социалистік және дамушы елдердегі өнеркәсіптік кәсіпорындардың және басқа нысандардың құрылысына іссапарларға барып қайтуы түрінде де жүзеге асырылды.
Елдің «ашық болуы» саясатын жүргізу, эмиграцияға байланысты көзқарастарды либералдандыру халықтың Қазақстаннан басқа елдерге қоныс ауыстыруын жандандырды, бұның өзі еңбек әлеуетінің едәуір азайып кетуіне әкеліп соқтырды. Өзінің тарихи отанына оралуына мүмкіндіктің кеңеюіне байланысты тұрғылықты емес халықтың көшіп кетуі ұлғайды. Негізгі көші-қон ағыны жақын шетелдің Ресей, Украина, Беларусь сияқты елдеріне, Германия, Израиль сияқты алыс шетелдерге бағытталды. Айталық, 1991-2001 жылдардағы халықаралық көші-қон бойынша республикаға 788,2 мың адам көшіп келді, 2757,8 мың адам республикадан көшіп кетті. Көші-қонның теріс сальдосы 1969,8 мың адамды құрады. Көші-қонның теріс сальдосының ең көп болған «шыңы» 1994 жылмен тұспа-тұс келді, бұл кездері елден жарты миллионға жуық адам кетті, 70 мыңнан сәл астам адам көшіп келді.
3- кесте — Қазақстанда реформа жылдарындағы көшіп-қону үдерісінің динамикасы.
Жылдар |
Барлық көшіп-қонушыға қатысушылар, мың. адам |
||
Көшіп-кетушілер |
Көшіп-келушілер |
Көшіп-қону сальдосы |
|
1995 |
309,6 |
71,1 |
— 238,5 |
1996 |
229,4 |
53,9 |
— 175,5 |
1997 |
299,5 |
38,1 |
— 261,4 |
1998 |
243,6 |
40,6 |
— 203,0 |
1999 |
164,9 |
41,3 |
— 123,6 |
Барлығы 1995-1999 ж.ж. |
1247,0 |
245,0 |
— 1002,0 |
Орташа жылдық |
249,4 |
49,0 |
— 200,4 |
2000 |
155,8 |
47,5 |
— 108,3 |
2001 |
141,7 |
53,5 |
— 88,2 |
2002 |
120,2 |
58,2 |
— 62,0 |
2003 |
73,9 |
65,6 |
— 8,3 |
2004 |
65,5 |
68,3 |
2,8 |
Барлығы 2000-2004 ж.ж. |
557,1 |
293,1 |
— 264,0 |
Орташа жылдық |
111,4 |
58,6 |
— 52,8 |
2005 |
74,8 |
52,1 |
22,7 |
2006 |
68,3 |
65,5 |
2,8 |
Ескерту- ҚР статистика агенттігінің мәліметтеріне сүйеніп жүйеленген |
3 кестеге қарап, Қазақстанда 2004 жылдан бастап, сыртқа шығатын адамдар саны азайды, (бірінші рет соңғы 40- жылдың ішінде), сырттан келушілермен салыстырғанда. Статитстикалық мәліметтерге қарап баға берсек, 1206,7 мың орыс, 531,2 мың неміс, 177,5 мың украйндар кеткен, сонымен қатар осы аралық ішінде 171,8 мың қазақ көшіп кетті.
Көші-қон үдерістерінің қарқындылығын анықтайтын экономикалық факторлардың ішіндегі ең маңыздысы жылына бір адамға шаққандағы ақшалай табыстың көлемі болып табылады. Зерттеулер қала тұрғындарының табысы ауыл тұрғындарыныкінен 2 есе көп екендігін көрсетіп отыр. Сонымен бірге, бұндай жағдай 2001-2005 жылдарда да сақталып отыр және ол төмендегідей себептермен түсіндіріледі:
1) қалада асыраудағы адамдардың аздау болады және жалданып істелінетін жұмыс үшін алынатын табыс деңгейі жоғары болады (қалада —70-79 %; ал ауылда — 57-60 %);
2) әдетте, мөлшері аз болатын зейнетақы, жәрдемақы, төлемақы және басқа да әлеуметтік төлемдер ауылдық жерлердегі табыстың деңгейін айтарлықтай төмендетеді. Ол ауылдық отбасының жалпы жиынтық табыстарының 23%-ын құрайды (ал қалада — 30%).
4 — кесте — Қазақстандағы халықтың орташа айлық еңбек ақысы 2001-2005 жылдар
Экономика саласы |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
Өндіріс |
23,76 |
26,23 |
30,3 |
36,2 |
40,9 |
Ауыл шаруашылығы |
|
|
|
|
|
Сауда |
15,4 |
18,9 |
22,8 |
27,6 |
33,6 |
Байланыс және көлік |
|
|
|
|
|
Мемлекеттік басқару |
|
|
|
|
|
Ескерту- ҚР-ның статистика агенттігінің мәліметі |
4 – кестеден көріп тұрғанымыздай, Қазақстанның экономикасы тұрақтанған кезден бастап, ауыл шаруашылығындағы орташа айлық еңбек ақысы өндіріспен салыстырғанда 15-17 % кем болды, ал ел бойынша орташа 16,3% — ға кем болды. Осы көрсеткіш табысқа да байланысты және күн көру қажеттілігіне де сақталып отыр. Келесі кестеде.
5 — кесте – Табыс, Қазақстандағы күн көруге байланысты (айлық орташа жан басына шаққанда, теңге)
Тұратын жері |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
Қалалық жер |
6787 |
7799 |
8999 |
98/60 |
11504 |
Ауылдық жер |
|
|
|
|
|
Ескерту- ҚР-ның статистика агенттігінің мәліметі |
5 — кестеден көріп тұрғанымыздай ауылдағы халықтың табыс деңгейі, қаламен салыстырғанда 66,1 %-ы құрайды.
Сондай-ақ Қазақстанның аумағындағы халықтың орналасуында да өзгерістер болып жатыр. Халықтың тығыздығы аз да болса төмендеді (1989 жылғы 1 км2 5,95 адамнан 1999 жылғы – 5,49 адамға). Республиканың халық ең тығыз орналасқан облысы Оңтүстік Қазақстан (16,9), ал халқы ең аз облысы Маңғыстау (1,9) болып отыр. Батыс Қазақстан аймағында да, сондай-ақ Орталық және Шығыс Қазақстанда да халықтың тығыздығы азғантай. Елдің халқының едәуір бөлігі (41,8% немесе 6250 мыңнан астам адам) Оңтүстік табиғи-экономикалық аймақта өмір сүріп жатыр. Солтүстік Қазақстан елдің халқының саны көп аймағы болып табылады, санақ жүргізілген кезде бұл жерде 3,7 млн. адам немесе бүкіл халықтың төрттен бірі өмір сүріп жатты. Батыс Қазақстанның үлесіне халықтың 13,7%-ы тиесілі. Республиканың әрбір бесінші тұрғыны Шығыс (10,3%) және Орталық (9,4%) Қазақстанда өмір сүруде.
Өндірістік емес салада еңбек етушілердің үлес салмағының көбеюі ауыл халқының қалаға қоныс аударуы деңгейіне теріс әсерін тигізеді. Қазақстандағы жұмыспен қамту жеке тұтынудың барынша тармақталған және күрделі жүйесін қанағаттандыруға қатысушы жұмысшы күшінің жаңа топтарының пайда болу үрдісін көрсетіп отыр. Соған қарамастан бұл үрдісті бір жақты бағалауға болмайды, себебі, позитивтік көзқарас тұрғысынан ол халықтың экономикалық мінез-құлқының эволюциясына әкеліп соғады, сонымен қатар ол жұмысшы күшінің материалдық өндіріс саласынан (әсіресе ауылшаруашылық) ауысуына өте теріс әсер етеді, бұл қызмет көрсету саласына берілетін өндірістің күрт қысқаруымен қатар жүреді.
Республикадағы төзімділік көңіл күйге, этникалық және аймақтық талас-тартыстардың болмауына қарамастан, тек қана 1992-1994 жылдары елден 1125 мың адам кетті, 343 мың адам келді. Миграциялық кетудің ең көп болған кезі 1994 жылы елден 811,3 мың адам кетті, 400,9 мың адам келді. Миграцияның теріс сальдосы 410,4 мың адам болды. Елден кеткендердің ішінде елді мәжбүри тастап кеткен репатрианттар болды, олар қазіргі кездері өздерінің тұрғылықты орындарына қайтуда, бірте-бірте көші-қон үдерістерінің қарқындылығы азая бастады. Алайда, 1997 жылы әлеуметтік саланы оңтайландырудың барысында көптеген шағынжинақты ауыл мектептері, медициналық пункттер және басқа әлеуметтік мекемелер жабылған кездері адамдардың елден кетуі күшейді, кетушілердің саны 504 мың адамға дейін ұлғайды. Кейінгі жылдары таратылған, өмірлік маңызы бар әлеуметтік құрылымдарды қалпына келтіру адамдардың өз тұрғылықты орындарын ауыстыруға деген ынтасын едәуір төмендетті. 2001 жылы көші-қонның теріс сальдосы 94,2 мың адамды, ал 2002 жылы – 62 мың адамды құрады. Белгілі бір табиғи өсімге қарамастан республика өзінің халқының бір бөлігінен айырылып қалды. 1989 жылы жүргізілген санақтың мәліметтері бойынша Қазақстанның халқының саны 16199,2 мың адам болса, ал 1999 жылғы санақ бойынша – 14953,1 мың адам болды, яғни осы санақтардың арасында республика 1246,1 мың адамнан немесе өз азаматтарының 7,7 %-нан айырылды. 2006 жылдың басына қарай Қазақстанның халқы 15219,3 мың адам болды, яғни 5,6 адамға бір км2 келді, мұның өзі, әрине, елдің аумағына сәйкес емес.
6-кестеден көріп тұрғанымыздай Қазақстандағы көшіп – қону үдерісі, кері жағдайға өзгерді. Қазіргі таңдағы тұрғылықты орнын ауыстырушы мемлекетаралық иммиграцияның көлемі мен сипаты әлемнің бірқатар елдерімен адам алмасу арқылы жүреді. 2000 жылы жақын шетелдерден Қазақстанға 31,6 мың адам келді, 117,4 мың адам кетті; ал 2005 жылы тиісінше 74,8 мың адам келіп, 52,14 мың адам кетті (6 кесте).
6 кесте — 1993 ж. және 2005 ж. Қазақстан Республикасындағы сыртқы миграция
|
1993 жыл |
2005 жыл |
||||
Келді |
Кетті |
Сальдо |
Келді |
Кетті |
Сальдо |
|
Барлық мигранттардың саны |
461,4 |
683,5 |
-222,1 |
373,4 |
350,8 |
+22,7 |
Соның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
Халықаралық миграция: |
111,3 |
333,4 |
-222,1 |
74,8 |
51,14 |
+22,7 |
ТМД елдері |
100,3 |
232,9 |
-132,6 |
65,8 |
40,7 |
25,1 |
ТМД елдерінен тыс |
11,0 |
333,4 |
-89,5 |
8,98 |
11,4 |
3,5 |
Ескерту: Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің мәліметтері |
Көші-қонның теріс сальдосы орыстілді халықтың отандарына қайтуына байланысты сақталып отыр: украиндар – 6 мың адам; белорустар – 1,3 мың адам; орыстар – 46 мың адам кеткен.
Эмиграциялық ағындарда екі негізгі бағыт көзге түседі: Ресейдің шекаралас облыстарына көшіп кету, ол жерлерде өмір сүру деңгейі жоғары, тезірек үйренісуге болады және сол жақта қалған туыстармен байланыс орнату оңайырақ. Екінші бағыт Қазақстанның өндірістік аймақтарынан Ресейге, Украинаға, Белоруссияға көшу, бұл жұмыссыз қалған жұмысшы кадрлардың кетуімен және ол жерде туысқандардың бар болуымен байланысты болып отыр. Иммигранттар үшін де осы бағыттар басым мәнге ие болуда.
Соңғы 15 жылдың ішінде облыс ішіндегі және облыстар арасындағы халықтың көші-қонында үлкен өзгерістер болды (7 кесте). Айталық, облыс ішіндегі көші-қон 1991 жылғы 275,5 мың адамнан 1999 жылғы 94,8 мың адамға дейін (яғни 2,9 есеге) азайды, облысаралық көші-қон тиісінше 155,8 мың адамнан 78,6 мың адамға (2 есеге) азайды.
7 кесте — 1991 — 2005 жылдардағы республика ішіндегі халықтың көші-қоны, адам
Жылдар |
Республикалық миграция |
соның ішінде: |
|
Облыс аралық |
облыстар ішіндегі |
||
1991 |
431262 |
155766 |
275496 |
1992 |
361356 |
136094 |
225262 |
1993 |
347652 |
134445 |
213207 |
1994 |
327323 |
131002 |
196231 |
1995 |
304959 |
123383 |
181576 |
1996 |
236957 |
97524 |
139433 |
1997 |
204569 |
81060 |
123509 |
1998 |
228610 |
96973 |
131637 |
1999 |
173416 |
78584 |
94832 |
7 — кестенің жалғасы
2000 |
184409 |
79104 |
105305 |
2002 |
268922 |
103881 |
165041 |
2005 |
317928 |
127474 |
190454 |
Ескерту – ҚР статистикалық агентінің мәліметтірі бойынша автор жүйелеген |
Соңғы жылдардың ішінде халықтың облысаралық көші-қонында Астана мен Алматы қалалары, Ақмола және Маңғыстау облыстары елдің басқа аймақтарының есебінен көші-қонның оң сальдосына ие болып отыр. Астана қаласы негізінен төмендегідей аймақтардың есебінен – Ақмола облысы, Алматы қаласы, Қарағанды және Қостанай облыстарынан жүрген көші-қонның оң сальдосына ие болып отыр. Ал, Алматы қаласы болса – тиісінше Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының есебінен ие болған. Облысаралық ауысулар негізінен аймақтың шеңберінде жүруде.
Біз жасалып шығарылған болжамдау әдістемесін пайдалана отырып, ҚР көлемінде облыстар, Алматы және Астана қалалары бойынша, сондай-ақ тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасы көлемінде халықтың көші-қонының 2010 жылға дейінгі болжамын жасадық (жұмыста келтірілген).
Көрсетілген обьектілер бойынша халықтың көші-қонының динамикасы мен болжамын әрқилы болжамдық әдістерді қолданып, іздестіріп-зерттеудің нәтижелері келесі кестелерде келтірілген. Сәйкестікке (сапаға) және дәлдікке қойылатын жоғарыда көрсетілген талаптарды есепке ала отырып, 8, 9 кестелерде келтірілген, сондай-ақ 3 суретте көрсетілген ҚР халқының көші-қон деңгейінің 2011 жылға дейінгі көрсеткіштерін болжамдаудың математикалық үлгілері таңдалып алынды.
8 кесте — ҚР халқының көші-қон деңгейін Браунның полиномиальды үлгісі бойынша
а = 0,0005, адам деп алғандағы болжамдаудың нәтижелері
Жылдар |
t |
Көші-қонның іс жүзіндегі деңгейі, адам |
Көші-қон деңгейінің есептік мәндері, адам |
Сенімді болжамдау аймағы |
|
1991 |
1 |
431262 |
442391 |
|
|
1992 |
2 |
361356 |
386658 |
|
|
1993 |
3 |
347652 |
338531 |
|
|
1994 |
4 |
327323 |
298009 |
|
|
1995 |
5 |
304959 |
265094 |
|
|
1996 |
6 |
236957 |
239783 |
|
|
1997 |
7 |
204569 |
222079 |
|
|
1998 |
8 |
228610 |
211980 |
|
|
1999 |
9 |
173416 |
209487 |
|
|
2000 |
10 |
184409 |
214600 |
|
|
2001 |
11 |
226666 |
227319 |
|
|
2002 |
12 |
268922 |
247643 |
|
|
2003 |
13 |
293425 |
275572 |
|
|
2004 |
14 |
317928 |
311108 |
|
|
8 кестенің жалғасы
Алдын алу уақыты |
Болжамдық У (t) |
|
|
||
2005 |
15 |
|
372731 |
370795 |
374667 |
2006 |
16 |
|
315089 |
313153 |
317025 |
2007 |
17 |
|
261249 |
259313 |
263185 |
2008 |
18 |
|
211213 |
209277 |
213149 |
2009 |
19 |
|
164979 |
163043 |
166915 |
2010 |
20 |
|
122548 |
120612 |
124484 |
2011 |
21 |
|
83920 |
81984 |
85856 |
9 кесте — ҚР халқының облысаралық көші-қон деңгейін Браунның полиномиальды үлгісі бойынша а = 0,0001 деп алғандағы болжамдаудың нәтижелері
Жылдар |
1 |
Көші-қонның іс жүзіндегі деңгейі, адам |
Көші-қон деңгейінің есептік мәндері, адам |
Сенімді болжамдау аймағы |
|
1991 |
1 |
155766 |
162817 |
|
|
1992 |
2 |
136094 |
145124 |
|
|
1993 |
3 |
134445 |
129850 |
|
|
1994 |
4 |
131002 |
116997 |
|
|
1995 |
5 |
123383 |
106564 |
|
|
1996 |
6 |
97524 |
98552 |
|
|
1997 |
7 |
81060 |
92960 |
|
|
1998 |
8 |
96973 |
89788 |
|
|
1999 |
9 |
78584 |
89037 |
|
|
2000 |
10 |
79104 |
90707 |
|
|
2001 |
11 |
91493 |
96007 |
|
|
2002 |
12 |
103881 |
101306 |
|
|
2003 |
13 |
115678 |
111447 |
|
|
2004 |
14 |
127474 |
121587 |
|
|
Алдын алу уақыты |
Болжамдық У (t) |
Сенімді болжамдау аймағы |
|||
2005 |
15 |
|
111567 |
111212 |
111922 |
2006 |
16 |
|
93271 |
92916 |
93627 |
2007 |
17 |
|
76186 |
75831 |
76542 |
2008 |
18 |
|
60312 |
59957 |
60667 |
2009 |
19 |
|
45647 |
45292 |
46002 |
2010 |
20 |
|
32193 |
31838 |
32548 |
2011 |
21 |
|
19948 |
19593 |
20304 |
іс жүзіндегі мәліметтер
тегістелген және болжамдық
Логарифмдік (тегістелген және болжамдық)
3 сурет — ҚР халқының көші-қон деңгейін Браунның бейімдеуші полиномиальды үлгісі бойынша болжамдау
Қазақстан Республикасы халқының көші-қон деңгейінің бейімдеуші полиномиальды үлгісі Д = 505729 – 67141• t + 3803 • t2,
мұндағы Д — көші-қон деңгейі, мың адам;
t — жылдардың индексі (реттік нөмірі).
10 кесте — 2005-2050 жылдардағы халық санының мақсаттық болжамының минимальды деңгейі және халықтың туылуының жалпы көрсеткіштері
|
2005 |
2010 |
2015 17044,3 |
2020 18092,4 |
2025 18985,4 |
2030 19831,9 |
2040 21767,7 |
2050 23526,6 |
|
15070,8 |
15959,3 |
||||||
Соның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
|
|
еркектер |
7252,1 |
7681,6 |
8223,3 |
8754,3 |
9212,9 |
9654,3 |
10682;7 |
11639,2 |
әйелдер |
7818,7 |
8277,7 |
8821,0 |
9338,1 |
9772,5 |
10177,5 |
11085,0 |
11887,4 |
1000 әйелге шаққандағы әйелдердің саны |
928 |
928 |
932 |
937 |
943 |
949 |
964 |
979 |
Миграциялық сальдо, мың адам |
15,1 |
19,9 |
25,6 |
31,7 |
38,0 |
44,6 |
59,9 |
76.5 |
Соның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
|
|
еркектер |
7,3 |
9,6 |
12,3 |
15,3 |
18,4 |
21,7 |
29,4 |
37,8 |
әйелдер |
7,8 |
10,3 |
13,2 |
16,3 |
19,5 |
22,9 |
30,5 |
38.6 |
Туылғандардың саны, мың адам |
284,9 |
349,9 |
353,0 |
316,5 |
291,7 |
306,0 |
344,2 |
311,1 |
Соның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
|
|
ұлдар |
147,3 |
180,9 |
182,5 |
163,6 |
150,8 |
158,2 |
178,0 |
160,9 |
қыздар |
137,6 |
169,0 |
170,5 |
152,9 |
140,9 |
147,8 |
166,3 |
150,3 |
Қайтыс болғандардың саны, мың адам |
154,6 |
160,4 |
159,2 |
157,6 |
162,6 |
172,5 |
205,0 |
245,8 |
Соның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
|
|
еркектер |
86,3 |
86,8 |
84,2 |
81,7 |
82,6 |
86,3 |
100,1 |
121,0 |
әйелдер |
68,3 |
73,6 |
75,0 |
75,9 |
80,0 |
86,2 |
104,9 |
124,8 |
Табиғи өсім, мың адам |
130,3 |
189,5 |
193,9 |
158,8 |
129,0 |
133,5 |
139,2 |
65,3 |
Соның ішінде: |
|
|
|
|
|
|
|
|
10 кестенің жалғасы
еркектер |
61,0 |
94,1 |
98,3 |
81,9 |
68,2 |
71,9 |
77,9 |
39,9 |
әйелдер |
69,3 |
95,4 |
95,6 |
76,9 |
60,9 |
61,6 |
61,3 |
25,5 |
Халықтың орташа жылдық санының 1000 адамға шаққандағы коэффициенті |
||||||||
миграциялық |
1,0 |
1,2 |
1,5 |
1,7 |
2,0 |
2,2 |
2,7 |
3,2 |
туылу |
18,8 |
21,8 |
20,6 |
17,4 |
15,3 |
15,4 |
15,7 |
13,2 |
қайтыс болу |
10,2 |
10,0 |
9,3 |
8,7 |
8,5 |
8,7 |
9,4 |
10,4 |
табиғи |
8,6 |
11,8 |
11,3 |
8,7 |
6,8 |
6,7 |
6,4 |
2,8 |
өсім |
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлық өсім |
9,6 |
13,0 |
12,8 |
10,5 |
8,8 |
8,9 |
9,1 |
6,0 |
Ескерту – ҚР статистикалық агентінің мәліметтірі бойынша автор жүйелеген |
2006 жылдың өзінде туылғандардың саны 300 мың адамнан асып кетеді және іс жүзінде болжамданып отырған кезеңнің өнбойында осы деңгейден артық болып тұрады. Оның үстіне, бұл көрсеткіш бір минимумға (2025 жылы — 291,7-315,7 жаңадан туылғандар) және екі максимумға (2015 жылы — 353,0-378,5 мың және 2040 жылы — 344,2-402,6 мың жаңадан туылғандар) ие болады. Соған сәйкес, туылудың жалпы коэффициенті де 2025 жылы ең аз мәнге (15,3-15,9) және 2 максимальды мәнге (2010 жылы — 21,8-23,1 және 2035 жылы — 16,0-17,0 промилле) мәнге ие болады.
Қайтыс болғандардың саны 2030 жылғы 161,2-172,5 мың адамнан 2050 жылғы 241,0-241,8 мың адамға дейін бірте-бірте көбейетін болады. Қайтыс болудың жалпы коэффициенті бұл кезеңде 2025 жылғы 7,6-8,5 промиллеге дейін тұрақты түрде азайып отырады, ал одан әрі қарай 2050 жылы 8,9-10,4 шамаға дейін өседі. Халықтың өлім-жітімі үнемі азайып отырады деген болжамға қарамастан, осындай толқулардың себебі — халықтың жыныстық-жастық құрылымындағы демографиялық толқындарға байланысты болып отыр.
Осындай болжамдардың нәтижесінде анықталған халықтың жас құрылымын талдау 2005 жылы 65 жастағы және одан үлкендердің үлесі 7,7%-ға дейін көбейетіндігін көрсетеді, кейінірек 2010-2015 жылдары бұл шама 7,2%-ға дейін азаяды. Одан арғы кезеңдерде халықтың «қартаюы» үдерісі барынша айқын байқалатын болады, соның салдарынан 20-30 жылы жасы ұлғайған адамдардың үлесі 11,1-11,3%, ал 2050 жылы — 14,7-15,0%-ға дейін көбейетін болады.
Оралмандардың елге келу динамикасы
№ |
жылдар |
Иммиграцияның белгіленген квотасы (отбасы) |
Іс-жүзінде келді |
Квотадан артық келгендер |
|
отбасы |
адам |
отбасы |
|||
1 2 3 4 5 6 |
2000 2001 2002 2003 2004 2005 |
500 600 2655 5000 10000 15000 |
5490 9105 10337 16026 18955 23174 |
12686 28726 34625 42327 67587 99907 |
4990 8505 7682 11026 8955 8174 |
Ескерту – ҚР статистикалық агентінің мәліметтірі бойынша автор жүйелеген |
Еңбекке қабілетті жастағы оралмандардың білімі мен кәсіби дайындығының деңгейін талдап-зерделеулер олардың арасында 45 ғылым докторы, 245 ғылым кандидаты бар екенін көрсетті. 26107 оралманның жоғары білімі, 3157 — толық емес жоғары білімі, 49921 — арнаулы орта білімі, 155370 — жалпы орта білімі бар.
Оралмандардың кәсібі бойынша құрамы төмендегідей: 1563 адам шығармашылық қызметкерлері, 12379 — білім беру қызметкерлері, 6768 — медицина қызметкерлері, 827 мемлекеттік қызметкерлер, 50842 — ауыл шаруашылығының жұмысшылары, 9074 — кәсіпкерлер, ал 140383 адамның басқа мамандығы бар.
Білікті мамандарды дайындауға қажетті қаржы салымдары дамыған елдерде едәуір көбірек болады — шамамен он еседей көп. Сонымен, бірден-бір ақылға сай келетін шешім — бұл, кірісті жөнелтуші ел, қабылдаушы ел және жеке тұлға арасында бәріне тиімді формулаға сәйкес бөлістіру болмақ. Нашар дамыған елдердің денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, көлік және білім беру салаларына дамыған елдердің қаржы салуы адам капиталына салынған қаржы салымдарының көші-қонның нәтижесінде басқа елге ауысуының орнын толтырудың ең тиімді әдісі болар еді.
Жоғары білімді мамандардың шетелде өмір сүріп жатқан қауымдастықтары, олардың қаржылық және зияткерлік ресурстары, өздері шыққан елдердің экономикасының бәсекелестілік қабілеттілігін күшейтуге және жеке секторын дамытуға, кедейшілікпен күресуге қомақты үлес қоса алады. Диаспораның өздерінің отанындағы экономиканың дамуымен байланысы мигранттардың қауымдастықты дамыту үшін ұжымдық ақша аударымдарын қоса алғандағы аса зор көлемдегі ақша аударымдарын пайдаланудың есебінен жүзеге асырылады. Диаспораның көмегімен іскерлік байланыстарды жолға қою диаспораға арналған қаржы салушылық құралдарды жасау, ілім-білімді беру, «ақыл-ойдың айналымы», мигранттардың әлемдік ми трестерінде — ғылым мен технологиялық зерттеулердің ең көкейкесті бағыттарының дамуына тартылған бүкіл әлемдегі кәсіби мамандардың жинақталушы орталықтарына қатысуы арқылы да диаспоралар өз отандарының экономикасымен байланыс жасай алады. Бұндай әрекеттердің табысты жүргізілуі көп жағдайда мигранттарды қабылдаушы елдерге де байланысты болады. Бұл мәселелерді шешу жұмысшы күшін жөнелтуші елдер үшін де, сондай-ақ оларды қабылдаушы елдер үшін де көкейкесті сипатта болып отыр. Мүдделердің теңдігіне қол жеткізу мақсатындағы жемісті ынтымақтастық дәл осы салаларда болуы мүмкін.
Сонымен, Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін халықаралық іс-тәжірибе өзінің білікті мамандарының еңбек нарығын қалыптастыруында жақсы үлгі бола алады. Бүкіл әлемдегі жоғары білікті қазақ қызметкерлерінің қоғамдастығын қалыптастыруға және дамытуға бағытталған арнайы бағдарламаларды дайындап шығу қажет.
ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН ЕҢБЕКТЕР ТІЗІМІ
Монография:
1 Нарық экономикасы жағдайындағы халықтың көшіп-қонуы. – Алматы: Қазақ ұлттық аграрлық университеті, 2006. – 203 б.
Оқу-әдістемелік басылымдар:
2 Еңбек нарығы экономикасы. Алматы: КазНАУ, 2004 ж. – 37 б.
3 Менеджмент. Алматы: КазНАУ, 2006г. – 67 б. (Авторлықпен Аманчиева А.Р.).
4 Менеджмент и организация агробизнеса. Типовая учебная программа. Алматы: КазНАУ, 2003 г. (в авторском коллективе).
5 Экономика и менеджмент. Типовая учебная программа, для магистрантов. Алматы: КазНАУ (в соавторстве)
Мақалалар:
а) ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау және аттестаттау комитеті басылымға рұхсат етілген
6 Көшіп – келушілердің бейімделу жолдарын жақсарту. – Алматы: Халықаралық Бизнес Университеті, Хабаршы №4 (6), 2007 ж. – 111 б.
7 Сыртқы көшіп – қонуды мемлекеттік реттеу. – Алматы: Халықаралық Бизнес Университеті, Хабаршы №2 (4), 2007 ж. – 16 б.
8 Әлеуметтік салаға көшіп — қонудың әсері. — Алматы: Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті, Ізденістер, нәтижелер №1, 2007 ж. 202 б.
9 Совершенствование менеджмента и его влияние на стабилизацию миграционных процессов в Казахстане.–Алматы: Ізденіс №2(1), 2007 ж.–47 б.
10 Иммиграцияның еңбек нарығына әсері. – Алматы: Аграрлық нарық проблемалары №2.