Алматы қаласының болашағы
Әлемдегі көптеген елдерде осы секілді мегаполистер бар. Мысалы: Австралияда — Сидней, Қытайда – Шанхай, ал Түркияда – Стамбул. Бұл мемлекеттердің елеулі экономикалық және саяси процестерінің бәріде осы қалалармен байланысты. Алматы да сол қатарда.
Бас жоспарға сәйкес, қала халық аралық қаржы және инновациялық, мәдени және туристік орталық ретінде дамып келеді. Қала басшылығы қазіргі және болашақ Алматылықтардың жақсы өмір сүруі үшін, экологиялық жағымды және әлеуметтік ынғайлы жағдай жасау жолында, небір қилы шешімдер ізденуге мәжбүр. Алматы қаласы дамуының бас жоспарына сәйкес, саяси орталықтандыру принципі енгізілуде, яғни мегаполистің түрлі бөліктерінде көп функцияналды орталықтар құрылып жатыр. Бүгінгі әлемдік дамудың заман-ой тұстары, көлік инфрақұрылымын құруға кешенді түрде қарауға міндеттеп отыр. Республикада алғаш рет көліктің барлық, яғни жер асты, жер үсті және әуе түрін өзара әрекеттестірудің ерекше жүйесі жасалып енгізілуде.
Қаланың көлік нобайының негізіне, магистральді көшелердің өткізу мүмкіндіктерін арттыру мен жоғары жылдамдықты, бағдаршамсыз қозғалысты көлік айналымының құрылысы концепциясы алынған. Алғашқы көлік айналымы Рысқұлов даңғылы, кейін Сайн көшесімен, одан әрі Әл-Фараби даңғылымен өтіп, Құлжа трактысына қосылады. Әлемдік қала салу тәжірибесі көлікке қатысты мәселелерді шешудің ең нәтижелі жолы осындай көлік айналымдарын салуда екенің дәлелдейді. Түрлі бағыттардағы көлік ағымдарын бөлу үшін, Алматы қаласында 28 жол айналымы салынатын болады. Оның 12-сі 2007 жылы пайдалануға беріледі.
Айналымдардың көбісінің архитектуралық шешімі, құрылыстың тунельдік типіне негізделген. Бұл қала сәулетін көлік айналымдарына тән көп қабатты құрылыстардың басымдылығынан сақтайды. Тунельдерде жауын суына арналған арнайы канализация жүргізіліп, қатты нөсерде су айдауға арналған күшті резервті насостар қойылуда. Алматыдағы жол айрықтарының құрылыстарына биыл 60 млрд-тан астам қаржы бөлінген. Бұның 30 млрд – ы бюджеттен тыс жеке біздің инвестициямыз болып табылады.
Қаланың жалпы жол торабының ұзындығы 1800 км. Бүгінде оның 400 шақырымының астамы жөндеуден өтті. Жыл сайын қалаға қосылған ауылдар мен мөлтек аудандар аумағында 15-20 шақырым жаңа жол құрылысы жүреді.
Шығыс айналым айналып өту жолы, міне 7,4 шақырымға созылған дәл осы аудан, Алматыдағы алғашқы көлік айналымының соңғы бөлігі болмақ. Жол тәулігіне 100 мынаң жоғары автокөлік өткізу мүмкіндігіне ие. Ал бұл қаланың орталық бөлігіндегі көлік қозғалысын әжептәуір жеңілдетері қақ. Бірыңғай көлік кешенінің тағы бір құраушысы жер асты және жер үсті жолаушылар көлігі. Алматыдағы экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында электрлі көліктің жаңа түрі, жоғары жылдамдықты трамвайды дамыту жоспарланып отыр. Ыңғайлылығы мен жоғары тасымалдау қабілеті, оны болашақта қаладағы жалпы көпшілік көліктері торабының негізі етуге мүмкіндік береді. Барша бағыттардың ұзындығы шамамен 100 шақырымды құрайтын болады. Жоғары жылдамдықты трамвай ең алдымен Төле би көшесіндегі бағытпен жүрмек.
Әлемдік тәжірибе көлікке қатысты мәселелерді жер астындағы кеңістікті игеру арқылы тиімді шешуге болатының дәлелдейді. Алғашқы метро желісінің ұзындығы 13 шақырым. Бірінші кезектегі 8,3 км –ді жолаушыларға Райымбек даңғылынан Фурманов көшесі бойы, Абай даңғылы мен Гагарин көшесінің қиылысына дейін. Жоспар бойынша 2009 жылы берілетін болады.
Бүгінде жаңа транспорттық құрылыстардың қала ландшафты мен әдемі үйлесіп жатқанын сеніммен айтуға болады. Алматының жаңа көшелері қала тұрғындарына жаңа мүмкіндіктер береді. Сол аудандағы көлік ахуалын түбегейлі өзгеретінін түсінген алматылық жүргізушілер шығыс айналып өту айналымын «өмір жолы» деп атаған.
Жоба аясында бұл ауданда жаңа су құбырлары мен канализация желілерін тарту, электр желілері мен жол бойын жарықтандыру, көгалдандыру мен жүргінші аяқ жолдарын жасау жұмыстары да қарастырылған. Осылайша, тек көлік мәселелері ғана емес, сонымен қатар ескірген қала желілерінің мәселелері де оңтайлы шешілуде. Былтырғы жылы үйлердің құрылыс аймағына тап келген Алматылықтардың жаңа үй сатып алуларына, негізінен біздің компаниямыздың қорынан 500 млн доллар бөлінген еді. Ал биыл бұл сома айтарлықтай артып отыр.
Шығыс айналма жолы Құлжа трактсында аяқталады және салынып жатқан әуежай терминалына әкеледі. Бірақ ол ғана емес.
Бұл жол сондай-ақ мешітке жеткізеді. Көктөбе тауының аймағында бой көтеретін мешітке. Бұл ғаламат құрылыстың алғашқы тасын ел президенті Н.Ә.Назарбаев қалаған. Мешіт құрылысы қала тұрғындарының сусаған рухына дем берсе, ал оның күмбездері мен мұнаралары Алматының түрлі нүктелеріне жақсы көрінетін болады. Қазақстандағы ең үлкен мешіт Республикамыздың маңызды архитектуралық мақтаныштарының бірі болады. Ол таулардың көрінісінде әдемі үйлесім тапқан және қала салудағы басым көрсеткіш болып табылады.
Әйнек пен бетоннан салынған маңғаз да сәулетті “бес киіз үй”. Міне, жаңа Халықаралық Алматы әуежайының келбеті осындай болмақ. 200 га аумақта жолушылар терминалы, қонақ үйлер сауда алаңдары мен 4,5 шақырымға созылған ұшып-қону жолағы. Бұл әуе кемелердің барлық түрін қабылдап, шектеулі көру жағдайында ұшақтар қондыра алатын Орталық Азиядағы жалғыз жолақ. Болашақ терминал қаланың негізгі спорттық нысандарынан бірдей қашықтықта орналасқан. Сондай-ақ 2011 жылғы Азия ойындарының алғашқы нысаны саналады.
Алматы өзінің көлік инфрақұрылымының дамуымен қатар туризмді дамытуға жаңа серпін алуда. Республикадағы алғашқы әлемдік деңгейдегі таулы спортты Медеу- Шыңбұлақ курортының құрылысы басталады. Заман-ой технологиялар Іле Алатау сілемдерінің ғажайып табиғатын қорғауға мүмкіндік береді. 4,5 шақырымға созылып, сағатына 2500 адамды өткізе алатын Медеудегі Шыңбұлаққа дейінгі аспалы жол Шыңбұлақ бағытындағы автокөлік қозғалысын азайтып, экологиялық ахуалды жақсартуға септеседі. Медеуден Шыңбұлаққа дейін жету жаңа аспалы жолмен небары 13 минут уақытынызды алады. Алматыда әлемдік деңгейдегі ерекше туристік “Орта жасау” дегеніміз – Халықаралық әуежайды қайта жөндеп, тау шаңғылы курортты жасақтау ғана емес, сонымен қатар Халықаралық автокөлік трассаларын дамыту.
Еліміздің және Қазақстан аумағында қалыптасқан тарихи транзитті жиі пайдалана бастайтын көршілес елдер экономикасының өсуі, үлкен айналмалы “Бақад” жол құрылысының қажеттілігін міндеттейді. Онымен № 1 мемлекетаралық транспорт дәрізінің саласы өтеді: Қорғас-Алматы-Бішкек-Ташкент. Осы жобаның іске асуы 50 мыңнан астам транзитті көлікті қаланың негізі: Рысқұлов, Райымбек, Төле би магистральдарынан басқа бағытқа бағыттауға мүмкіндік береді. Ал бұл мегаполистің дамуына оң әсер етпек.
«Голдэн Сити» — мәдениет және демалыс орталығы.
«Гейт Сити» – Халықаралық сауда-саттық, айырбас және келісімшарт орталығы.
«Гроуинг Сити» – ғылым орталығы.
«Грин Сити» — ойын-сауық орталығы.
Өз функцияларын атқаратын, бір-біріне ұқсамайтын осы төрт қала, бір үлкен қаланы құрайды. Ол – «Алтын ғасыр».
Ғылыми-техникалық және инновациялық саясат
Экономикалық қатынастардың жалпы жүйесiнде инновациялық қызметтiң түпкi нәтижелерi — өндiрiс тиiмдiлiгiн арттыру, еңбек өнiмдiлiгi мен капиталдың өсуi, жоғары технологиялы өнiм көлемi — елдiң экономикалық қуатын айқындайтын болғандықтан, оған басты рөл берiледi.
Дамыған индустриялы елдерде технологиялардан, құрал-жабдықтардан, кадрлар даярлаудан, өндiрiстердi ұйымдастырудан көрiнiс табатын жаңа iлiмдер үлесiне ІЖӨ өсiмiнiң 80-нен 95 %-iне дейiн келедi. Бұл елдерде жаңа технологияларды енгiзу нарықтық бәсекелестiктiң өзектi факторы, өндiрiс тиiмдiлiгiн арттырудың және тауарлар мен қызметтер сапасын жақсартудың негiзгi құралы болып отыр.
Қазiргi уақытта ғылымды көп қажетсiнетiн отандық өндiрiстi дамыту, бәсекеге қабiлеттi өнiмдердi алуға бағдарланған жаңа ақпараттық технологияларды әзiрлеу мен игеру және республиканың өнеркәсiп пен ғылыми-техникадағы әлеуетiн сақтау мен дамыту есебiнен ұлттық экономикалық қауiпсiздiк мүдделерiн қамтамасыз ету Қазақстан экономикасының өзектi стратегиялық мiндеттерi болып табылады.
Қазақстанның ғылыми-технологиялық саясаты инновациялық процестердi жандандыруға, жаңа технологиялық құрылымдарды енгiзуге, өңдеушi өнеркәсiптегi жаңа қайта бөлiстердi игеруге, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуеттi жандандыруға, ғылым мен өндiрiс арасындағы алшақтықты еңсеруге, индустриялық қызметтi ынталандыруға, озық шетел технологиясының нақты трансфертi мен халықаралық стандарттарды енгiзудi қамтамасыз етуге бағытталуы керек.
Ғылыми техникалық салада кәсiпкерлiк секторды қалыптастырмай инновациялық қызметтi дамыту мүмкiн емес. Соңғы жылдар iшiнде өнеркәсiп өндiрiсi көлемiнде және жұмыспен қамтылу санында шағын бизнес секторының үлесi өзгерiссiз қалып отыр және тиiсiнше 2,8-3,2% және 12,4-14,0%-тi құрап отыр, бұл индустриясы дамыған елдердегiден бiрнеше есе аз.
Шағын инновациялық кәсiпкерлiктiң дамуы тежелуiнiң негiзгi себебi шағын кәсiпорындардың әдетте, iрi кәсiпорындармен салыстырғанда бәсекеге қабiлеттi өнiмдер шығара алмауында болып отыр.
Шағын кәсiпкерлiктi iрi кәсiпорындармен бiрiктiру (кооперациялау) мақсатында табиғи монополия субъектiлерiнiң негізгi қызметiне қатыссыз қызметтер көрсету жөнiндегi функцияларын шағын бизнес субъектiлерiнiң бәсекелестiк ортасына беру тетiгiн әзiрлеу қажет. Бұдан өзге, шағын бизнесте инновациялық және ғылымды көп қажетсiнетiн өндiрiстердi, оның iшiнде лизинг бойынша құрал-жабдықтар мен технологияларды сатып алу және шағын және iрi бизнестiң франчайзингтiк қатынастарының кең таралуы есебiнен дамыту үшiн жағдай жасау керек.
Қазақстандық өндiрушiлерге ғылыми әзiрлемелердi рыноктық тауар деңгейiне жеткiзу тәжiрибесi жетпейдi, менеджмент, маркетинг және талдау саласындағы жоғары бiлiктi мамандар жеткiлiксiз. Осыған байланысты қазақстандық мамандарды жетекшi шетелдiк ғылыми-зерттеу институттары мен компанияларына тағылымдамаға жiберу және отандық кадрлар даярлау үшiн республикаға жоғары бiлiктi шетел мамандарын тарту тәжiрибеге енгiзiлетiн болады.
Қазақстандағы ғылымның қазiргi таңдағы жағдайы аяқталған ғылыми әзiрлемелер мен қажетсiз өндiрiстер санының көптiгiмен сипатталады. Бұл айтарлықтай үлкен әлеует және оны пайдалану инновациялық қызметтi дамытудың негiзгi мiндеттерiнiң бiрi болуы тиiс.
Зияткерлiк меншiктi пайдалану мен құқықтарын қорғау инновациялық қызметтi дамытудың маңызды факторы болып табылады. Құқықтық қатынас субъектiлерiнiң құқықтары мен мүдделерiнiң теңдестiру есебiнен зияткерлiк меншiктiң тиiмдi шаруашылық айналымы зияткерлiк меншiк жемiсiне сұраныс пен ұсыныс бiрлiгiн, ғылыми-техникалық зерттеулердi дамытуды, оларды өнеркәсiпте iске асыруды, бәсекеге қабiлеттi жаңа тауарлар мен қызмет көрсету өндiрiсi мен тұтынуды қамтамасыз ете алады.
Инновациялық дамудың базалық моделi негiзiнде iшкi (ө cipу) және сыртқы (трансферт) инновация көздерiнiң арасындағы қатынас жатыр. Инновацияларды өсiру стратегиясы iргелi және қолданбалы жеке зерттеулерге негiзделген өзiндiк технологияларын белсендi жетiлдiретiн алдыңғы қатардағы елдерге (АҚШ, ГФР, Англия, Жапония) тән. Технологиялардың трансфертi стратегиясы iргелi және қолданбалы жеке әзiрлемелерi жоқ және бұл мақсаттарға арналған ресурстары шектеулi елдерде де iске асырылады.
Сонымен, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттары:
мемлекеттiң қатысуымен маманданған венчурлiк қорлар құру және венчурлiк капиталды ғылыми-техникалық және инновациялық салаға тарту;
инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау нысандары мен әдiстерiн әзiрлеу;
инновациялық қызметтiң мемлекеттiк, салааралық, салалық және өңiрлiк сипаттағы маманданған субъектiлерiн құру енетiн инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру;
инновациялық сала үшiн кадрлар даярлау және қайта даярлау;
өнеркәсiптiң базалық салаларында жаңа технологиялық құрылым қалыптacтыру;
технологиялардың өркениеттi рыногы үшiн жағдайлар жасау, яғни авторлық құқықты, патенттер мен сауда белгiлерiн қорғау саласындағы барлық халықаралық конвенцияларды тану арқылы шетел технологиясының трансфертiн ынталандыру;
отандық кәсiпорындардың үздiк әлемдiк тәжiрибеге сәйкес сапа стандарттарына өтуiн жандандыру;
халықаралық донор ұйымдардың, мүдделi қаржы-кредит және шаруашылық құрылымдарының гранттарын тарту болып табылу тиiс.
Телекоммуникацияларды дамыту
Өскелең әрi перспективалы салалардың бiрi ретiнде телекоммуникациялар саласында индустриялық-инновациялық саясат отандық бизнес пен халықтың барынша қол жеткiзуiне және неғұрлым алдыңғы қатардағы байланыс құралдарының дамуына жәрдемдесуге бағытталуы тиiс.
Қазақстан әлемде болып жатқан телекоммуникациялар өзгерiстерiнен тыс қала алмайды. Қазiргi кезеңде әлемде жаңа телекоммуникациялық технологияларды: мобильдi телефондар үшiн жаңа, көп дүркiндi кеңейтiлген мүмкiндiктер беретiн кең диапазонды байланыстары сияқты, Интернет пен мәлiметтер беру, сондай-ақ мобильдi телефондардың үшiншi буын технологиясын жеделдете дамыту мен енгiзу жүрiп жатыр.
Қазiргi кезде қазақстандық телекоммуникациялық компаниялар шетелдiк және халықаралық спутник компанияларынан спутник ресурстарын жалға алуға мәжбүр. Сондықтан елдiң күллi аумағында теледидар хабарларын тapaтy үшiн жағдай жасауға, шалғай және аз қоныстанған аудандармен байланыс мүмкiндiгiн жасауға, байланыс арналарының қуаттылығын әртараптандыру мен кеңейтуге кө мектесетiн ғарыштық байланыс әлеуетiн пайдалану қажет.
Сондай-ақ жер үстi телефон желiлерiн цифрлауды және жылдам дамытуды, талшықтық оптикалық байланыс желiсiнiң құрылысын жалғастыру қажет. Ұлттық телекоммуникациялық желiнiң тиiмдiлiгiн арттыру бәсекелестiктi ынталандыру мен сектордың нарықтық толығымен жағдайға өтуiне жәрдемдесетiн болады.
Қалдықтарды игеру.
Ел өңiрлерiндегi табиғи ресурстар аса тиiмсiз пайдаланылуда.
Өндiрiстiң және тұтынудың қалдықтары, оның iшiнде қауiптi және радиоактивтi қалдықтарды игерудiң жүйесi жасалмаған, тұрмыстағы қалдықтарды жинау, сақтау, кәдеге жарату мен қайта өңдеу жүйесiнiң жетiлмеуi табиғи ортаның ластануына әкеледi.
Осыған байланысты қалдықтар өндiрiсi мен оларды пайдалану мониторингiн жүзеге асыру, қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды кө мудiң әсерiн бағалау қажет.
Ресурс-энергия сақтау технологиясын белсендi түрде енгiзу, қалдықтарды қайта өңдеу және пайдалану жөнiндегi қызметтi ынталандыру қажет.
Өнiмдi пайдалану кезеңiн экологиялық сертификаттау және төлемдердi жетiлдiру бағдарламаларын түзу мен iске асыру қажет.
Шикiзат пен қалдықтарды кешендi пайдаланудың тұйық технологиялық циклін жасауда бәсекеге қабiлеттi өнiмдi өндiруге, бағалы компоненттердi кәдеге жаратуға әрi онымен бiр мезгiлде қоршаған ортаға түсетiн салмақты азайтуға мүмкiндiк бередi.
Көлiктi дамыту
Көлiк саласындағы басты мiндет көлiк инфрақұрылымы дамыту факторын шектейтiн жағдайларды болдырмау мақсатында елдiң жедел экономикалық дамуына сәйкес жүктер мен жолаушылар ағынын кеңейту мен жетiлдiрудi қамтамасыз ету болып табылады. Елдiң көлiк әлеуетiн барынша дамыту басқа да маңызды мiндет болып табылады.
Қазақстанның аумағы арқылы транзиттiк тасымалдауларды дамытудың басты артықшылығы — бұл арақашықтықты айтарлықтай қысқарту. Тасымалдаудың ең жақсы жағдайларында теңiз жолымен жүктердi жеткiзу мерзiмi Берлиннен қытай порты Ляньюнгаға дейiн 20 күндi құрайды, ал темiр жол бұл уақытты 11 тәулiкке дейiн қысқартады, тасымалдау арақашықтығын екi eceгe азайтады.
Экономикалық процестердiң ғаламдануы барлық мемлекеттердiң, субъектiлердiң әлемдiк көлiк коммуникацияларына қол жеткiзуiн қамтамасыз ету, ел арасындағы өзара тиiмдi сауда үшiн халықаралық көлiк дәлiздерiн ұйымдастыру қажеттiгiн негiздейдi. Қазақстанның тасымалдың қалыптасқан әрi түзiлген жүйесiне өзiндiк орны бар буын ретiнде кiру айрықша маңызды.
Қазақстан арқылы өтетiн халықаралық көлiк дәлiздерi желiсiн дамытудың қазiргi тұжырымдамасы үш басым бағытқа негiзделедi:
Ресей, Еуропа және Балтық елдерi;
Қытай, Жапония және Оңтүстiк-Шығыс Азия елдерi;
Орта Азия және Кавказ, Иран және ТҮркия республикалары.
Әрбiр аталған бағыттың жер үстi және су магистралi кешенiн қамтитын қалыптасқан халықаралық көлiк дәлiздерi бар. Олар қазiргi заманғы техникамен жарақталған және халықаралық транзиттiк тасымалдаулардың шоғырлануына арналған.
Қазақстанның аумағы арқылы 6 темiр жол, 6 автомобиль және 72 әуе дәлiздерi өтедi. Елдi Тынық мұхит жағалауынан бастау алып, Еуропаның түкпiрiне кететiн Транс-Азия-Еуропалық талшықты-оптикалық желiлер байланысы кесiп өтедi. Оңтүстiктен солтүстiкке бағытталған цифрлық магистраль оны Транссiбiр оптикалық желiлерiне қосып отыр.
Елдiң көлiк-коммуникация жүйесiндегi ерекше орын алатын халықаралық көлiк дәлiздерiнде орналасқан екi торабы: елдiң шығысындағы — «Достық» темiр жол өткелi мен батысындағы — «Ақтау» теңiз сауда порты.
Көлiк кешенiн дамытудың мақсаты сыртқы рынокқа отандық экспорттық тауарларды тиiмдi жеткiзу мен оны пайдаланушыларға кең ауқымдағы көлiк қызметтерiн жиынтығын көрсету.
Саланы дамытудың басым бағыттары тиiмдi әрi технологиялық жаңартылған көлiк кешенiн құру, транзиттiк әлеуеттi iске асыру болып табылады.
2015 жылға дейiнгi кезеңде көлiк жүйесiн елдiң қажетiне сай келетiн жағдайға келтiру жөнiнде жұмыс жалғастырылуы тиiс. Ол өзiне:
жаңа темiр жол желiлерiнiң құрылысын қоса алғанда, темiр жол тораптарының конфигурациясын жетiлдiрудi, жылжымалы құрамның өндiрiсiне және жөндеуге арналған өнеркәсiп базасын дамытуды, темiр жол тарифтiк жүйесін жетілдіруді;
мұнай мен газды тасымалдайтын жаңа экспорттық құбыр жолдары жобаларымен жұмысты, жұмыс істеп тұрған құбыр жүйесiн кеңейтудi, пайдалануға беру 2010 жылдан кейiнгi кезеңге жоспарланған жаңа магистральдық экспорттық мұнай жолдарын тартуды;
автожолдар желiсiн салу, кеңейту және қайта жаңарту;
бәсекелес ортаны ынталандыруды қоса алғанда, авиациялық тасымалдауларды және шетелдiк инвестицияларды белсендi тартуды; шетелдiк мемлекеттермен көлiктiк ынтымақтастық туралы келiсiмдер жасасуды қоса алғанда, көлiктiк тасымалдауларды тарту және халықаралық көлiк дәлiздерiн; мультимодальды көлiк жүйелерiн; Каспий теңiзiндегi теңiз көлiгi мен өзен көлiгiн дамытуды қамтиды.
Темiр жол көлiгi
Темiр жолының ұлттық желiсi елдiң барлық аумағын дерлiк қамти отырып, дамыту мен оңтайландыруды қажет етедi. Сол себептен де елдiң солтүстiгi мен батысын жалғастыратын Алтынсарин-Хромтау тармағының құрылысы басталды. Қазақстандағы «Достық» станциясы, Қытайдағы «Алашанькоу» станциясы сияқты Трансазия және Еуроазия магистральдарының өзектi буыны болып табылады. Осыны ескере отырып, Қазақстан оны қайта жаңартуға және дамытуға үлкен мән берiп отыр. Таяудағы жылдары станциялардың қуатын ұлғайту жөнiндегi кешендi шаралар өткiзу жоспарланып отыр.
Республиканың автожол кешенi Қазақстанның өңiрлерi арасындағы, сондай-ақ мемлекетаралық қатынастардағы түрлi көлiк түрлерi мен тауар қозғалысы құралдары арасындағы байланыстырушы буын бола отырып, мемлекеттiң ө мiр-тiршiлiгiнде маңызды рөл атқарады.
Қазақстан Республикасы үшiн жүктер мен жолаушылардың басым бөлiгiн тасымалдауда автомобиль жолдары үлкен маңызға ие. Сондықтан транзиттiк жүктерді тарту мақсатында халықаралық жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыруда жаңа технологияларды енгiзу, халықаралық автомобиль дәлiздерiнiң сервистiк инфрақұрылымын дамыту және жол қатынастары желiсiн жетiлдiру қажет.
Әуе көлiгi
Республиканың әуе кеңiстiгi арқылы бағыттардың трансазия жүйесi әуе трассаларының желiсi өтедi. Республика арқылы өтетiн транзиттiк ағындардың негiзгi бағыттары Еуропадан Оңтүстiк-Шығыс Азия елдерiне өтетiн ағын болып табылады. Қазақстанның әуе кеңiстiгiн пайдалануға деген сұраныс әуе қозғалысы басқарудың техникалық құралдарын, навигацияны және байланысты жетiлдiрудi қажет етедi.
Су көлiгiнде.
Ақтау порты маңызды құрылымдық элемент болып табылады. Ол қазiргi заманғы жаңартылған мынадай инфрақұрылымға ие: темiр жолдар, авто жолдар, жер асты коммуникациялары, айлақтық және мобильдiк крандар және басқалары. Басқа жобаларды iске асыру кешенiнде Ақтау портын дамыту, оның iшiнде арнайы экономикалық аймақ — Қазақстан арқылы өтетiн транзиттi дамытудың перспективалы бағыттарының бiрi. ЖҮк ағыны өсуiнiң арқасында портты табысты дамыту, инвестициялар тартуда ынталандыру қызметiн атқарады. Теңiзде тасымалдауды дамыту үшiн «Қазтеңiзтрансфлот» теңiз кеме жолы ұлттық компаниясы (ҰТЖК) құрылды, сол арқылы Қазақстанда өзiнiң теңiз сауда флотын құрудың негізі қаланады.
Қорытыңды
Алматы – Қазақстанның Оңтүстік астанасы. Мұнда мұнай да, түсті металлда жоқ. Экономика сауда мен қызмет көрсету есебінен дамуда. Ал сауда дегеніміз – тауар мен адамдардың, ақшаның қозғалысы. Сондықтан да қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуымен Алматылықтардың әл-ауқатының жақсаруына ықпал ететін ыңғайлы, әрі ең алдынғы қатарлы көлік жүйесін салу керек. Алматы қаласының 2007 жылғы жалпы бюджеті 146 млрд теңгені құрады. Бұл сома тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Қазақстан Республикасның жылдық бюджетіне пара-пар. Жолдар, магистральдар, көшелер, даңғылдар, қиылыстар, тіпті ұшу жолақтары. Біздің өміріміз соларға тәуелді. Қаланың өмірі ең елеулі оқиға Азия ойындарын өткізуге дайындалып жатқан қонақжай қаланың, Халықаралық қаржы, мәдени және туристік орталық ретінде дамып келе жатқан мерейлі қаланың, болашақтың қаласының өмірі.
Қазақстан Республикасының
Ғылым және Білім министрлігі.
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті
Тақырыбы: Индустриялдық—инновациялық бағдарлама
Тексерген: Оралтаев
Орындағандар:Быхин Р.М
Мусакулов О.Н