Информатика-бастауыш сыныпатардағы оқу-пәні ретінде және оның
оқып үйренудің технологиясының жалпы мәселелері
І. Кіріспе
Зерттеудің мақсаты: компьютерді бастауыш сыныпта инфоорматиканы оқытуда оқыту құралы ретінде пайдаланудың тиімділікті арттыру мүмкіндіктерін теориялық тұрғыдан анықтау және оны пайдалану әдістемесін мазмұндау.
Зерттеудің объектісі: бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие процесі.
Зерттеудің пәні: информатиканы бастауыш сыныпта оқытуда компьютерді пайдалану барысы.
Зерттеудің міндеттері:
- зерттеу тақырыбына информатика арнайы әдебиеттерді шолу жасау, талдау;
- компьютердің оқыту үрдісінде пайдаланудың ролі мен орнын анықтау;
- бастауыш сыныпта информатиканы оқытуда компьютерді пайдалану арқылы оқытудың тиімділігін арттыру.
Кез-келген педагогикалық жаңалықтар, соның ішінде оқыту ақпараттық технологиялары, бұрынғы тұрақталған әдістермен (тәсілдермен) салыстырғанда артықшылықтарын көрсетіп немесе олардың кейбір кемшіліктерін түзей алса, онда ақпараттық технологияның өмір сүруге және кең таратылуға мүмкіндігі болғаны.
Компьютер көмегімен осы сияқты сүлбелерді жүзеге асыру әрекеттері бұрын 2-ші, 3-ші буын машиналарында да жасалған, ал қазіргі кезде дербес техникада жалғастырылып келеді. Бірақ бұл бағытта әлі де айтарлықтай жетістіктерге жеткен жоқ. Бұның себебі: компьютерге тіпті оған тән емес дидактикалық функцияларды (жаңа ақпараттарды хабарлау және оқу барысын басқару) беруге тырысады, ал ол үшін әйтеуір бір жолмен оқу үрдісін алгоритмдеу керек және оқу барысының әр түрлі сценарилерін қарастыру керек. Осы туралы бірқатар қарсы пікірлер айтуға болады:
біріншіден, оқушылардың көбі жаңа ақпаратты мұғалімнің баяндау және түсіндіру жолымен қабылдағанды жөн көреді;
екіншіден, берілген ақпаратты меңгеру кезінде пайда болуы мүмкін барлық жеке жағдайларды болжау және бағдарламалық жүйенің оларға реакциясын ңарастыру мүмкін емес;
үшіншіден, оқу тактикасын машина анықтайтын жағдай, ал адам оған бағынышты жағдай ең өрескел педагогикалық және психологиялық қате болып табылады.
Сонымен, егер жоғарыда айтылған оқу үрдісіндегі рольдерде бөлу сүлбесін қабылдасақ, онда жаңа ақпаратты оқушыларға беруге бағытталған бағдарламаның мұғалімге керегі жоқ екенін мақұлдаған орынды.
Бұл айтылғандар толықтыруды, анықтауды немесе негізгі курсты кеңейтуді қарастыратын оқыту фрагменттерінің мәнін кемітпейді – олардың елеулі түрде қолданылуына сөзсіз құқығы бар, біраң тек жаңа материалды мұғалімнің баяндауынан кейін, тегінде, сырттай оқу формасында электронды оқулықтарды қолдануға болады, бірақ, бұның жалпы білім беретін мектептерге қатысы жоқ.
Сонымен, бастауыш мектептерде компьютердің функциясы – жеке құрастырушыны қамтамасыз ету, яғни бұрын алған білімді көп рет қайталау жолымен бекіту, жеке практикалық тапсырмаларды орындау, оқу барысын жүйелі түрде бақылау және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Анықтама — ақпараттық жүйелерді қолдануды бөлек атап өту керек, онда компьютер әр түрлі пәндерді оқытуға керек фактологиялық ақпараттардың көзі ретінде саналады. Осы заманғы компьютерлік технологиялар, жекелей айтқанда мультимедия жүйелері (“multіme-dіasystem”) және глобальды компьютерлік жүйелердегі жұмыс (мысалы, іnternet) оқушыларға білімнің барлық саласындағы ақпараттарды беруді қамтамасыз ете алады, бұл пәндерді оқыту мазмұны мен тәсілдерін өзгерту кезінде есепке алынуы керек.
Айтылғандарға байланысты бастауыш мектептерде ЭЕТ-ны оқу құралы ретінде қолдану мынадай негізгі бағыттарға бөлінеді:
- компьютерлі тренаж;
- жеке тапсырмаларды генерациялау (және тексеру);
- компьютерлі бақылау;
- зерттеуді орындау үшін модельдеу жұмыстары;
- анықтама – ақпарат жүйелері.
Шетел және Ресейлік тәжірибелердің көрсетуі бойынша, оқу компьютерлік технологияларын дұрыс қолданған кезде көп артықшылықтарды қамтамасыз етеді, олардың ішіндегі ең маңыздылары деп мыналарды айтуға болады:
- оқу үрдісін (материалдың мазмұны және оны меңгерудің көлемі мен жылдамдығы бойынша) іс жүзіне дараландыру;
- оқу ақпаратын меңгеру кезінде оқушылардың белсенділігін арттыру, ол үшін олармен интерактивті тәртіпте дара жұмыс істеу керек;
- оқу уақытын қолдану тиімділігін жоғарылату (іскерлік пен дағдының қалыптасу жылдамдығы және олардың артықшылығы тұрғысынан);
- оқушы жұмысының комфортты психологиялық жағдайы, білімді тексерудің жүйелілігі және жаппайлығы, бағаның әділдігі арқылы жасалған оқудың жағымды мотивациясы;
- оқу үрдісін ізгілендіру (оның әр түрлі жақтарын адамның психофизиологиялық ерекшеліктерімен жақсылап сәйкестендіру мағынасында);
- мұғалімнің жұмыс сипатын өзгерту, жекелеп айтқанда, оның іс-әрекеттеріндегі ескішілікке негізделгендерін қысқарту, ал шығармашылық құрастырушыларды күшейту;
- оқушылар туралы мәліметтерді пайдалану салыстыру нәтижесінде тәрбие жұмыстарының (немесе тәрбиелік әрекеттердің) сәйкестігі (үйлесімділігі).
Мектептің оқу жоспарларында және жеке пәндердің бағдарламаларында оқушылардың қабілеттілігін шыңдайтын мақсат жеткіліксіз, тек білімділігі мен біліктілігіне қойылатын талаптар қалыптасқан. Сонымен, математиканы оқыту практикасында оқушылардың орнықты білім деңгейі талап етіледі, өйткені бұрынғы өткен материалдарды білмесе, жаңа материалды меңгеру мүмкін емес.
Дәстүрлі білім беру технологиясында жаттығуларды орындауды ұйымдастыру көп оқушының қабілеттігін шыңдай алмайды (іскерліктерін қалыптастырмайды). Оның себептері: қажетті мөлшердегі әр түрлі қиындықтағы варианттардың жоқтығы, бір сабақта игерілетін материалдың көлемі аз, жекелей оқыту жолға қойылмаған. Дәстүрлі оқу үрдісінде бұл жетіспеушіліктерді жою дұрыс жолға қойылмаған, мысалы, әр түрлі қиындықтағы, жекелей тапсырмалар жұмысы, жоғарыда айтылғандай оқытушының шамадан тыс ақпараттың жүктелуіне әкеліп соғады, оқушы шамадан тыс көп, әрі қиын ақпаратты меңгере алмайды, соның салдарынан ынтасы төмендейді.
Тек қана компьютер оқушының жұмысын бағалап, жөндеп, дұрыс бағытқа сілтейді және оның оқудағы жүктемесін азайтуға себепкер болады.
Төменгі сыныптарда компьютерлік тренажерді қолдану оқу үрдісін қажетті деңгейіне жеткізуге мүмкіндік береді. Сондықтан компьютерлі жаттықтырғыш (тренажер) бұл оқушының қабілеттік деңгейін шыңдайтын және бұл үшін мұғалімнің қажетті әрекетін қамтамасыз ететін бағдарлама. Сонымен компьютерлі тренажер арқылы мыналарды жүзеге асыра алады:
- белгілі бір тақырып бойынша біртектес ретті, тапсырмаларды оқушыларға үлестіру;
- оқушыларды тапсырма орындау құралымен (экранды калькулятор, текстті редактор, жауаптарды ендіру мүмкіндігі т.б.) қамтамасыз ету;
- оқушыға консультация беру немесе есеп шығару үлгісімен таныстыру;
- оқу тапсырмасына талдау жасап, оны бағалау.
Оқушы оқу бағдарламасының басқаруымен жұмыс істесе де, оқыту тактикасын өзі таңдап алуы тиіс. Жеке мәселелер: меңгеру уақыты, орындайтын есептердің санымен күрделілігі, қабылдайтын көмек деңгейі болып табылады. Компьютерлі жаттықтырушыны оқу кезеңінде қолданғандықтан, оқушының әрекеті тек сапалы және кеңес беру жағынан сынға алынады. Мысалы, «Сіз мүмкін болатын 30 ұпайдан 20 ұпай жинадыңыз», «Сіз тапсырманы дұрыс орындадыңыз, бірақ бірнеше кішігірім кемшіліктері бар. Бұл әрекетіңіз жөнді болмады. Оқулықтағы «Сандарды көбейту» деген тарауды қайталап тапсырманы орындауға қайта келіңіз». Ал компьютерлі жаттықтырушының нәтижесі бойынша журналға баға қоюға болмайды.
Мұғалімнің бұл компьютерлік бағдарламаларды пайдаланып оқытудағы ролі мынадай: жаттығу бойынша теориялық материалды түсіндіру, оқушыға бағдар беру: (іс жүзінде қолмен ол не істейді және қалай істеуі керек), тақырыптардың жұмыс көлемін (санымен күрделілігін) анықтап, жұмыс барысында көмек көрсету. Қажет болған жағдайда оқушылардың көбі қинала орындаған жұмыстың жалпы қорытындысы шығарылады немесе жұмысты жеңілдететін тапсырмалар беріледі.
Мектепте оқу үрдісін ұйымдастыру тәртібін бағалай келе, білім мен қабілеттілікті дәстүрлі тәсілмен тексеру деңгейі оқушының танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру үшін тиімсіздеу. Оқудың қорытындысын тексеру теориясымен оның практикада орындалуы арасында алшақтық бары айқындалуда. Тексеру тиімділігін тежейтін субъективті себептермен бірге (оқытушылардың дайындықсыз келуі, қажетті материалдардың жоқтығы), дәстүрлі оқыту жүйесінде мызғымас бірнеше объективті себептерді айтуға болады:
- сынып құрамы 25-40 оқушы болғанда мұғалім оқушының жекелей танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыруға мүмкіндігі болмайды, бұл сөзсіз үлгермеушілер мен қалыс қалушылардың көбеюіне әкеп соғады;
- оқушыны тексеру анда-санда және бірен-саран (таңдамалы) болады, бұл сыртқы себептерді әлсіретіп оқушының жүйелі және әрдайым жұмыс істеуіне ықпал етпейді;
- мектептегі оқу бағдарламаларында әр деңгейлі тексеруге арналған уақыт қарастырылмаған;
- оқушыда оқу құралдарының әр түрлі варианттары жоқ, бағдарлама мен оқу мақсаты бәріне бірдей;
- оқушының білімін сынау объективті емес, оқу пәнін бағалайтын деңгей (шкала) оқушылардың әр түрлі вариантты жауабын қарастырмайды, оқушының жекелей танымына оқудың сатысы сай емес.
Дәстүрлі оқытуда тексеру әдістерінің осы айтылған кемшіліктерімен қатар артықшылық жақтары да бар. Соларды атап өтейік:
- тексерудің әр түрлі көп әдістері бар: ауызша сұрау, жазбаша жұмыс, тақта алдындағы жұмыс, тест тапсырмаларды орындау, демонстрациялау т.б.
- ауызша жауапта ғылыми баяндауды меңгеру мүмкіндігі, жауаптарға ғылыми түсініктермен, терминдермен жауап беру, дискуссияға тарту, дәлелдеуді сұрау;
- оқытушының және оқушылардың қалыптан тыс жауаптарының дұрыс екенін талдау жасау.
- Компьютерлі тексерудің артықшылық жақтарына жататындары:
- көп жүйелі тексерудің жүзеге асыру мүмкіндігі;
- сыныпта қанша оқушы болуына қарамастан білімдерін жекелей тексеру мүмкіндігі;
- тексерудің жалпыламалығы және жүйелі тұрақтылығы;
- бағаның икемді нақтылығымен объективтілігі;
- оқу барысында меңгерілген материалдардың тізімін құру және нәтижелерді автоматты статистикалы өңдеп тексеру мүмкіндігі: бұл мұғалімге оқу үрдісін сайма-сай меңгеруге шешім қабылдап кірісуіне мүмкіндік береді.
Компьютерлі тексерудің кемшілік жағы да бар. Оларды атап айтсақ, мыналар:
- бақылау тапсырмаларын тексеру әдісінің әр түрлілігі көп емес;
- жауапты ендіру тәсілдерінің шектеулілігі;
- жауапты алдын ала ойластырып, қалыптан тыс дұрыс шығармашылық ойын бағалай алу мүмкіндігінің қиындығы.
Жоғарыда жасалған салыстырмадан мәлім болатыны; ең тиімдісі компьютерлі және дәстүрлі оқыту әдіс-тәсілдерінің озық жақтарын біріктіру. Жекелей айтсақ, материалдарды меңгерудің шығармашылық деңгейінде дәстүрлі тексерулерге жол беру керек. Компьютерлі көп деңгейлі бақылауды қолдану кең түрде құрылымдық тапсырмалар банкісін құруды талап етеді; тапсырмаларды тізіп тексеруші жүйеге енгізу мұғалімнің көп уақытын алады. Мұғалімдердің шығармашылық топтарынан бұл жұмыстарды жүзеге асыруда тиімді нәтиже күтуге болады, олар бір тапсырмаларды бөліп алып орындап, бір-бірімен алмаса отырып қолданулары қажет.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Информатика, А.В. Могилев,
Н.И. Пак, Е.К. Хеннер. 2000ж.
- С++ для начинающих, Липпман. 1989ж.
- Структурный подход к программированию,
М..: Мир.,Дж. Хьюз, Дж. Мичтом. 1980ж.
- Культин Н. “С/С++” M:2001ж.
- Ершов А.П. Компьютеризация школы и математическое образование. // Информатика и образование.-1992.