АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. ИНТЕРНЕТ. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

 

ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ

 

РЕФЕРАТ

 

ТАҚЫРЫП: ИНТЕРНЕТ.  ЭЛЕКТРОНДЫҚ  ПОШТА

 

 

 

 

 

 

 

ТЕКСЕРГЕН:

СТУДЕНТ:

МАМАНДЫҚ:

ТОБЫ:

 

 

 

 

АЛМАТЫ 2006

ЖОСПАР:

 

1 Интернет

 

2 Жергілікті желі және Интернет

 

3 ТСР/ІР жүйелік хаттамасы

 

4 World Wide Wed (WWW).Веб-бет.Гиперсілтеме

 

5 Internet Explorer

 

6 Веб-бетті іздеу. URL  адрестері

 

7 Файлды тасымалдау хаттамасы (FTP)

 

8 Телеконференциялар

 

9 Электрондықпошта. Internet Mail

 

 

 

 

 

 

 

Интернет

 

   Жергілікті желі және Интернет

 

   Мекемеде бірнеше компьютерлерді порт құрылғылары арқылы байланыстырып, бір-бірімен информация алмасатын жергілікті компьютерлік желі құру қиын емес. Олар дың бірін бірнеше компьютерлерге ортақ, басқа компьютерлердің кейбір информация ауыстыру жұмыстарын орындайтын негізгі түйінді компьютер етіп дайындайды да, оны Сервер деп атайды.

   Түрлі жергілікті жүйелерді  бір-бірімен кабель, т.б. арқылы қосу да мүмкін.

   Қазір заманның ғылыми-техникалық жетістіктерінің бірі—дүние жүзі елдерінің жергілікті және ғаламдық желілері арнайы қызмет көрсету программалар арқылы байланыстырып қойылған. Ғаламдық желілерді Интернет желісі деп атайды. Яғни Интернет — түрлі елдердің милиондаған компьютерлерін біріктіретін халықаралық компьютерлік желі.

   Мұнда Интернетке қосылған компьютер сервер арқылы желіге қосылған кез келген компьютерге түрлі мәлімет жібере және өзіне жіберген мәліметті қабылдай алады.

   Компьютерлік желілер жергілікті, аймақтық және дүние жүзілік болып түрлі түрге бөлінеді. Аймақтық желі Intranet желісі деп аталады, оның Interner желісінен айырмашылығы жоқ, тек ерекшелігі — оның компьютерлері арнайы бір жұмысқа арналған. Мысалы, Қазақстан Республикасының Ұлттық банксінің компьютерлері Intranet желісі бойынша жұмыс істейді.

   Интернеттің артықшылығы — ол түрлі көлемде әр алуан тақырып бойынша өзінде сақтаулы мәліметтерді экран бетінде көрсетіп бере алады.Мысалы, берілетін мәліметтер: күнделікті саяси жаңалықтар; медицина саласында, комерциялық және банкілер сласында қызмет көрсету; спорт саласындағы соңғы жаңалықтар; мекемелердің адрестері сияқты түрлі мәліметтер; қашықтан оқытуға арналған электрондық оқулықлар, ғылыми жұмыстар, рефераттар және т.б. Электрондық оқулықтар сияқты күрделі мәліметтер жастардың кредиттік  технолгия бойынша өз бетімен білім алуын үлкен көмегін тигізетіні сөзсіз.

   Кейбір компьютерлер Интернет ке тұрақты қосылып, желіге келіп түскен мәліметтер қозғалысын басқарып тұрады. Оларды Интернет серверлері деп атайды. Сервер арқылы Интернетке жеке компьютерлердің қосылуы да мүмкін. Қазіргі кезде қосылуды ұйымдастыратын мекеме — провайдер атаулы коммерциялық компания. Компаниямен шарт жасасып, Интернетке қосылатын компьютер үшін парольді, желілік арнайы аты-жөніңізді, телефон нөмерін және Интернетпен  жұмыс істеу тәсілдерін айқындап алуыңыз керек.

   Windows-тың жұмыс үстелінен Internet белгішесін екі рет шерткен кезде, алғашқы рет Итернетті бапқа келтіру терезесі көрінеді. Оларға провайдермен келіскен жоғарғыдай шартбелгілер. Интернетке жалғанған жеке компьютерді Internet Explorer-ге бірден қосуға да болады.

TCP|IP жүйелік хаттамасы

   Интернетпен жұмыс істейтін арнайы серверлерге соңғы ғылыми-техникалық жвңвлықтар, бизнестік мәліметтер, дүние жүзіндегі ауа райы және т.б. үлкенді-кішілі мәліметтер, файлдаренгізіліп қойылады. Серверлерге күнделікті жаңа мәліметтер де қосылып тұрады.

   Әдетте Интернет Серверлері түрлі типті, яғни бір программалық жабдықтау бойынша жұмыс істейді. Олардың бірі арқылы жіберілген деректерді басқаларының түсіп оқи алуы үшін алдымен олар Интернетте қолданылатын бір стандартты тілге аударылады. Ол — жүйелік хаттма деп аталатын ТСР/ІРатаулы. Яғни ТСР/ІР — Интернетпен жұмыс істейтін  барлық компьютерлердің негізгі тілі. Хаттаманың қызметі — сервердегі бір тақырыпқа арналған мәліметтерді блоктарға бөліп, бір бумаға кірістіру және жіберуші сервер адресі дұрыс түсінуі үшін оған тақырып атын және қабылдаушы сервер адресі мен файл адресін енгізіп қою.

   Windows 95не  Windows 98-де Internet  белгішесін іске қосқан кезде Интернеттің барлық қосылғыштары ТСР/ІР- мен бірге қосылып қойылады. ТСР/ІР-нің қосылулы тұрғанына көз жеткізу үшін Windows-тың Басқару Панелі терезесін ашып, Жүйе белгілемесін екі шерту керек. Экранда көрінген терезеде «ТСР/ІР орнатулы» хабары көрінеді.

 

 

 

World Wide Web (WWW), Веб-бет.

 

Гиперсілтеме

 

   Интернет тек дүние жүзілік желі емес, оның жұмысы-информациялық кеңістікке форматта қызмет көрсету. Қызмет информация алмасатын түрлі хаттамаларға негізделген. Олардың ең көп тарағаны 1990-жылдардан бастап шыға бастайды «Дүние жүзілік өрмек» — World Wide Web(WWW). Көбінесе оны қысқа түрде Web (Веб) деп атайды. Веб-тің негізгі қызметі—қажетті информацияны іздеу, жиналыстыру және оны экранға шығаруды ұйымдастыру. Оның экранда көрсететіні — мәліметтер, графиктер, фотосуреттер, Веб-беттер түрінде дайындалып сақталған электрондық құжаттар. Электрондық құжаттың кәдімгі құжаттан айырмашылығы — оның жазылу форматтарында. Интернетте электрондық құжат құру үшін НТМL  атаулы арнайы тіл пайдаланылады. Яғни Веб-беттер серверде ерекше НТМL форматында сақталады. НТМL-дің орындайтын жұмысы — құжат тақырыптары мен абзацтарды белгілеу, гипермәтенге арнайы белгілер орнату.

   Веб-бет — кішігерім мәтін не үлкен мәтіннің бір бөлігі. Әдетте үлкен көлемді құжат бірнеше блоктарға бөлініп, әр блок бір Веб-бет ретінде қарастырылады. Мысалы, жоғарғы оқу орны үшін Веб-беттерді мынадай түрде дайындау мүмкін:

   — факультет атаулары, мамандықтары;

   — кафедралар, олардың қызметкерлері жөнінде мәліметтер;

   — әр жылда оқу орнын бітіруші студенттер тізімі.

   Веб-те бір тақырыпқа арналған Веб-беттерді ретімен не оларды байланыстырып көрсету де мүмкін.  Соңғысыын Веб-түйін деп атайды.

   Web-беттерге сілтеме ретінде тақырыпқа байланысты басқа Веб-бетте жазылған сөз не сөз тіркестері арнайы команда бойынша белгіленіп қойылады. Оны гиперсілтеме деп, сілтеме енгізілген мәтінді гипермәтін деп атайды. Гиперсілтеме үшін мәтін үзіндісінің қысқаша мазмұнын, тақырыбын не суретті белгілеу де мүмкін. Экранда көрінген Веб-бетте гиперсілтеме басқа түске боялып, асты сызылып көрсетіледі. Гиперсілтеме бойынша келесі Веб-бетті экранға шығару үшін сілтемеге көрсеткішті әкеліп, ол сұқ саусағы мәтінге бағытталған қол түріне айналған кезде тышқан түймесін шерту жеткілікті.

Internet Explorer

 

   Веб-беттерді және файл түрінде сақталған мәліметтерді түсінікті түрде экранға шығару жеңіл емес. НТМL форматында дайындалатын Web-беттерді іздеп және оларды қалыпты жағдайға аударып, экранға шығаруға арналған браузер атауды арнайы программалар бар. Қазіргі кезде олардың ішінде көп пайданалатыны — 3.02,4.0,4.01,5 нұсқалы Microsoft Internet Explorer (IE) программасы. Ол Windows 95 пен Windows 98-дің құрамына стандартты программа түрінде енгізген.

Оны  Веб шолушысы деп те атайды. Алғашқы рет ашылған Explorer терезесінде «Интернетке қош келіңіз» тақырыбы енгізілген Web-беттің көрінуі мүмкін. Ол үшін ІЕ терезесіне http://WW home. Microsoft. Com/int/ru/адресін енгізуге де болады.

   Гиперсілтеме арқылы Интернеттің басқа  Веб-беттеріне өту жолы қысқа түрде мәлімделген болатын. Терезеде бір Веб-бет жүктеулі тұр. Асты сызылған мәтін — гиперсілтеме. Оны шертіп, келесі Веб-бетті экранға шығаруға болады.

   Веб-беттерге өту мен қайтуды қайтудытерзенің аспаптар панелінің Кейін, Алға түймелері арқылы орындау да мүмкін:

   — Кейін түймесін ретімен басу арқылы жұмыс істеп отырған күнгі маршрут бойынша Веб-беттердің алдыңғысына өтуге, тіпті олардың ең бастапқысына жетуге болады;

   — Алға командасы Кейін командасын берген соң одан соңғыларына қайтып оралу үшін беріледі.

   Аспаптар панеліне көптеген басқа түймелер де орнатылған: Тоқтату,Жаңарту,Негізгі бет,Іздеу,Пошта,Шрифт,т.б.ІЕ қосылған кезде көрінетінВеб-бетке қайтып оралу үшін Негізгі бет түймесін шерту жеткілікті.

   Түрлі серверлерде Веб-беттер символдары түрлі кодтар бойынша жазылуы мүмкін. Қабылданған Веб-бетті оқи алмасаңыз,  Internet Explorer терезесінен Сервер — Шолушы қасиеттері командасын беріп, ашылған терезесінің Веб-беттінің шрифтері өрісінен қыжетті қазақ қаріптерінің атауын таңдау керек . Одан әрі ОК түймесін шерту жеткілікті.

 

 

Веб-бетті іздеу. URL адрестері

 

   Интернеттен қажетті Веб-бетті іздеу оңай жұмыс емес. Ол үшін ІЕ терезесінің Іздеу түймесі пайдаланылады. Түйме шертілген кезде көрінген терезеде іздеу серверлерінің атаулары көрінеді. Олардың бірін таңдап, терзесін экранға шығару керек. Мысалы, Іndex сервері терзесі. Егер Іздеу терезеснің сәйкес өрісіне кілттік сөздер енгізіп ,оның Іздеу түймесін шертесеңіз, сұранысқа сәйкес мәлмет көрінеді.

   Көптенген Веб-беттерді іздеп табу үшін не іздеуге арналған Web-сервер терезесін экранға шығару үшін ІЕ терзесіне олардың адрестерін енгізу жеткілікті. Түрлі желілер мен іздеу құралдарының адрестері көп, оларды URL адрестері деп атайды. URL адрестеріне мысалдар:

  • http/WWW.microsoft.com/ie_intl/ru/ie40/download;
  • http:/WWW.internet.ru;
  • http:/WWW.intellicast.com/weather/intl;
  • http:/WWW. Microsoft com/games,т.б.

 

    Жоғарыдағы URL адрестерінің сол жағына жазылған http//—Веб-ке ену кілттік сөзі,одан әрі бірінші қиғаш сызыққа дейін жазылғаны — торап серверінің адресі. Қиғаш сызық араларында жазылатындар — каталогтар мен ішкі каталогтардың жазылуы, ең соңында файл аты жазылу мүмкін. Іздеу жүйесін экранға шығару үшін оның адресін ІЕ терезесін енгізуге де болады.

   Әдетте Веб-бет мәтіндік редактор терезесіне тіреледі. Дискінде сақтау терзесінде HTML құжаты типін ашып, Файл — Түріндесақтау командасын беру керек. Файл html не htm кеңейтілуі бойынша сақталып қойылады. Файлды ашу командасы әдеттегіндей: Файл — ашу.

 

Файлды тасымалдау хаттмасы(FTP)

 

   Интернет серверлерінде файлдар түрінде сақтаулы құжаттар көп. Оларды қабылдап, экранға шақыру үшін FTP атаулы қызметші хаттмасы пайдаланады.

   Файлдар барлық компьютер серверлерінде сақтала берілмейді. Оларды сақтап, FTP арқылы қызмет көрсететін арнайы компььютерлер бар. Оларды FTP — серверлер деп атайды.

   FTP хаттмасын іске қосу үшін  енгізу Internet Explorer терезесінің Адрес өрісіне файл серверінің адресін, мысалы, ftp://ftp.relcom.ru/ сияқты адресті енгізу керек. Экранға кәдімгі компьютердегідей каталогтар мен файлдар көрініетін Сервер беті шығады. Каталогты шертіп, ішкі каталогқа өтуге, файлды шертіп, мазмұнын экранға шығаруға болады. Кейбір серверлерде файл архив түрінде көрінеді. Оны ашу үшін архивтеуші программаны пайдаланған дұрыс.

         FTP серверімен сеанс кезінде бірнеше бет құжат алған болсаңыз, аспаптар панелінің Кейін және Алға түймелерін падаланып, құжат бойынша әрі-бері жылжуға болады. Тоқтау түймесі шертілген кезде,   FTP-серверімен байланыс үзіледі.

   Егерде басқа   FTP-серверге ауысқыңыз келсе, ІЕ терзесінің Адрес өрісіне оның адресін енгізіп, Енг пернесін басу жеткілікті. Не өрістің оң жағына орналасқан тілсызық түймесін шертіп, көрінген тізімнен қажеттісін таңдап алуға болады.

   Басып шығару түймесі арқылы не Файл — Басып шығару командасын беріп, экранда көрінген бетті басып шығу қиын емес. Егер беттің қарпін өзгерту қажет болса, оны Шрифт түймесі арқылы орындау керек. Тәсіл Word мәтіндік редакторындағы сияқты.

Телеконференциялар

 

Интернетте  атау беріліп, түрлі компьютерлерден таратылатын жаңалықтар тобы Телеконференция деп аталады.Мысалы, бір тақырыпқа байланысты жіберілген мәліметтер тобы серверге келіп түседі де, ол оны өзіне «жақын» серверлерге таратады. Олардың да мәлімет тарату жолы осылайша. Осы себепті, бір серверден жіберілген мәліметтер дүние жүзіне тез тарап кететінін түсіну қиын емес. Оны оқуға және жауап беріп, пікір-талас ұйымдастыруға да болады. Жаңалықтар тобының Телеконференция деп аталу осы себепті.

   Телеконференция жұмысы сервер деп аталатын арнайы программа арқылы ұйымдастырылады. Оны іске қосу үшін Internet Explorer терезесінен Жаңалықтар — Жаңалықтарды оқу командасын берукерек не Жаңалықтар түймесін шертуге болады. Windows 95-те  телеконференциямен жұмыс істеуге арналған программаның аты — Internet News, ал Windows 98-де —Outlook Explorer.

   Мұндағы ескеретін жайт: серверге келіп түскен телеконференциялық хаттар, мәліметтер көп орын алмасуы үшін біраз уақыт өткен соң өшіріліпотырады. Соңдықтан жиі-жиі компьютерге келіп түскен жаңалықтармен уақтылы танысып отырған жөн.

 

Электрондық пошта. Internet Mail

 

   Электрондық пошта (ЭП) — компьютер арқылы қашықта орналасқан абоненттерге хат, түрлі басқа мәліметтер жіберу мен оларды қабылдау программасы. Мәліметті сервер арқылы тез таратып, қабылдауға болады. Осы себепті ЭП-ның кәдімгі поштадан артықшылығы сөзсіз.

   Windows 95-ке ЭП-мен жұмыс істейтін Internet Mail (IM) не  Internet News(IM and News) және басқа стандартты программалар енгізілген. IM программасы Internet Explorer-дің 3,4 нұсқаларының қосымшасы түрінде де қарастырылған. Explorer 4,0-те және Windows 98-де ЭП Outlook Express 5 деп аталады, оның ІМ-ге қарағанда мүмкіндігі мол және ыңғайлы.

   Терезеде орындалатын іс-әрекетткр:

   — түрлі операцияларды орындау;

   — ЭП адрестерін адрестік кітапта сақтау және оларды мәліметтерге кірістіру;

   — мәліметтерді ыңғайлы түрде тез іздеу;

   — мәліметтер тізімін сорттау.

   Internet Mail программасы үздіксіз жетілдіріліп, серверлерде сақталып отырады. Мысалы, Ресейден шығаратын мәліметтердің сақталу адресі:

           News://ms news. Microsoft.com/rus/

   Егерқажетті сұрққа жауап, кеңес алғыңыз келес, мына сияқты адресті пайдалану керек:

           News://ms news. Microsoft.com/microsft.publik.ru.ie30                                         Егер негізгі мәзірге енгізілсе, Internet Mail-ды не WS Оutlook Express-ті іске қосу командасы:

 

           Іске Қосу — Программалар — Internet Mail не

 

           Іске Қосу — Программалар — Оutlook Express

 

  Егер мәрірде Internet Mail программасы бар болса және Интернет компьютерге қосулы болса, бірінші команда берілген соң алғашқы алты қадамдық терезесі бар «Mail-ды бапқа келтіру Шебері» программасы іске қосылады. Терезелерге енгізілуі тиіс мәліметтер:

   — пошта жіберетін адамның аты-жөні;

   — оның ЭП адресі; пароль;

   — басқарушы сервер атауы;

   — «Жіберуші» және «Қабылдаушы» пошта адрестері және т.б. Экранда Internet Mail-дың негізгі терезесі көрінеді. Терезенің негізгі мәзір пункттеріне Internet Mail-мен жұмыс істеу режимдерінің командалары енгізілген:

   Файл: Ашу,Басу,Түрінде сақтау,Алыстату,Бума,Жаңалықтарды оқу және т.б.;

   Түзету: Көшіру,Оқылған етіп белгілеу,Оқылмаған етіп белгілеу, Мәліметті іздеу, …;

   Түр: Аспаптар панелі, Қалып – күй жолы, Көріп шығу облысы, Бағандар, Сорттау, Символдар жиынтығы, Жаңарту, … ;

   Мәлімет: Мәлімет құру, Жібергенге жауап беру, Бәріне жауап беру, Жіберу, Көшіру, Поштаны жеткізу, Соттаушы, Параметрлер.

   Анықтама: Анықтаманы шығару, Мағлұматтар және т.б.

   Екінші қатарда көрініп тұрғаны — аспаптар панелі. Панельге енгізілген түймелер: Мәліметтер құру; Жібергенге жауап беру; Поштаны жеткізу және т.б.

   Терзенің келесі жолына мынандай бумалар тізімі енгізілген: Кірістірілгендер; Шығарылғандар; Жіберілгендер; Алып тасталғандар.