Мазмұны
Кіріспе……………………………………………………………………………..3
Интернет ұғымы…………………………………………………………………..4
Интернетке қосылу үшін не істеу керек…………………………………………6
Компьютерлік торап дегеніміз не………………………………………………..6
Компьютер торабының адресі……………………………………………………8
Компьютерді тораппен жұмыс істеуге даярлау………………………………..10
Тораптың модем көмегі арқылы берілуі……………………………………….10
Интернет торабынан ақпаратты іздестіру……………………………………..11
Қорытынды………………………………………………………………………13
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………………..14
КІРІСПЕ
Интернет осыдан 25 жыл бүрын АҚШ-ң қорғаныс министрлігінің ARPnet тармағын радио және спутникалық жүйелермен байланыстырудың нәтижесінде пайда болған. ARPnet (Advanced Research Projects Agency net) эксперименталды жүйе болған. Ол әртүрлі әскери зерттеулерді қамтамасыз ету үшін құрылған. Негізгі мақсаты жүйенің кейбір бөлімдері істен шықсада ісін жалғастырады деп жасаған. Мәселен әуе соққылары кезінде, ARPnet моделімен ЭЕМ-ң арасы және бастау адресатының арасында әрқашан байланыс бар. Торап сенімділігі төмен болып саналады. Оның кез-келген кесіндісі кез-келген уақытта жоғалып кетуі мүмкін. Мысалы, бомбылағанда, кабелді кескенде. Торап арқылы хабарды жіберу үшін ақпараттарды конвертке орналастыру керек. Бұл конверт торап аралық хаттама деп аталады.
Бұл шешімдер негізінен тораптың қолайлығы күмәнді болуы мүмкін, алайда тарих дәлелдегендей бұл дұрыс қадам. Белгілі бағдарламадан кейін ыңғайлы торап. (Бұл интернет негізін қалады.) Ғалымдар, оқытушылар және басқа мамандар Іnternet-ке кіре отырып, оның лайықты мүмкіндіктерін бағалады. Нәтижесінде тораптарға сұраныс бірден өсті. Стандарттаудың халықаралық ұйымы есептеуіш тораптарға байланысты көп жылдар бойы жұмыс істеді. Іnternet программасын шығарушылары, яғни АҚШ, Ұлыбритания ғалымдары ІP программасымен қамтамасыз етіп отырды. Бұл әртүрлі фирмалар шығаратын компьютерлерге дұрыс шешім болды. Бұл тұтынушылардың өзіне қолайлы компьютер алуға тиімді болды.
Бұндай жағдай негізінде үкімет пен университеттерді қызықтырды. Өйткені бұған дейін олар компьютерлерді бір ғана сатушыдан талап ету құқықтары жоқ еді. Интернет пайда болған кезде локальды есептеу Ethernet технологиясы ЛАС пайда болды. 1983 жылға дейін дамытылды. Ал столды жұмыс станциялары пайда болған кезде локальды торапта шынайы өзгерістер орын алды. Жұмыс станциялардың көбісі UNІX операциялары тораптарымен және ІP жұмыс жасады. Сұраныс күннен күнге көбейіп жатыр. Интернетке көптеген колледждер қосылды, енді ойда орта мектептер және кітапхананы қосу бар. Колледж бітіргендер интернет пайдасын білгендіктен өздері жұмыс істейтін фирмаларда Интернетке қосылуды өз басшыларын көндіруде. Бұның барлығы тораптың көп өсуіне, прогресті технологиялар, жаңа проблемалар пайда болды. Кейбір адамдар үйлеріндеде қоса бастады.
Интернет арнайы компьютерге айнала отырып, эксперт қолында ойыншықтан жұмыс құралына айналды. Интернет тораптарының тез орындауы және қолайлылығы өз иелерін таба бастады. Жаңа қорларға, жоғарғы сапалы интернетке сұраныс өсе түсті.
Іnternet ұғымы
Іnternet (бас әріппен жазылса) – кез-келген компьютерді жер щарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа компьютермен жылдам байланыстыратан Дүниежүзілік Торап. Оны дүниедегі ең үлкен ауқымды торап деп атайды. Осылай телефон арнасы арқылы байланыса алатын компьютерлер бір-бірімен TCP/ІP хаттама ережелерімен мәлімет алмасады, оларды бір тілде “сөйлейді” деп айтса да болады. Дүниежүзілік Халықаралық телефон желісі сияқты оны ешкім басқармайды, ол ешкімнің жеке меншігі емес. Міне, осы Интернет торабы көмегімен электрондық почта арқылы хабар алып, басқа компьютерлердегі ақпаратты көріп, қашықтан телеконференцияларға қатынасу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар.
TCP/ІP – Интернет торабына қосылған компьютерлер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтердібір жүйеге келтіру ережелері немесе оларды құрастыру хаттамасы.
ІP (Іnternet Protocol) – мәліметтерді оны алушының адресі көрсетілген шағын тақырыптары бар бірнеше бөліктерге немесе дестелерге бөлетін торапаралық хаттама.
TCP(Transmіsson Control Protocol) – мәліметті жөнелту ісін басқаратын хаттама, ол тораптағы ақпарат дестелерін дұрыс жеткізу үшін жауапты болып саналады.
Интернет торабын пайдалана отырып, үйден шықпай-ақ, көптеген елдерді, қалаларды аралап, музейлерді, кітапханаларды көріп, дүниежүзілік мәдени және ғылыми жетістіктермен танысып, оларға өркениетті елдің азаматы ретінде өз үлесіңізді қосып, өзіңізді дүниенің бір кішкене бөлігі ретінде сезіну мүмкіндігіне ие боласыз.
Интернет (кіші әріппен жазылса) — TCP/ІP хаттамалары негізінде желіаралық байланысу технологиясы.
Интернет құрылысы
Интернетте жақсы жұмыс істеу үшін, оның құрылысын білу онша қажет болмайды. Бірақ интернет жұмысы және пайдаланылатын терминдер туралы біршама білу керек. Бұл жағдай интернетті тезірек меңгеруге көмектеседі. Әрбір тұтынушы компьютерді телефон арналарымен түйінді машиналармен байланысады. Ал түйінді немесе негізгі машиналар бір-бірімен қуатты оптикалық талшықты немесе спутникті арналармен жалғасады. Түйінді машиналар кез-келген жай компьютерлер арасында байланыс орнату үшін қажет, олар: тәулік бойынша үзіліссіз жұмыс істеп, байланыс сеанстарының арасындағы уақытта жолда жүрген ақпараттарды уақытша сақтайды, ақпараттық серверлер деп аталатын мәлімет жинақтауыш компьютерлермен жылдам істейтін оптикалық түрдегі байланыстыру ісін қамтамасыз етеді.
Ақпараттық сервер дегеніміз — қалың көпшілікке арналған, әрбір тұтынушы пайдалана алатын көптеген ақпараттар түрлері жинақталған арнаулы компьютер. Мұнда жаңалықтар, мерзімді баспасөз, жарнамалар, т.б. мәліметтер сақталады.
Торапқа қосылған әрбір компьютерге қайталанбайтын адрес (ІP-адрес) беріледі, адрес компьютердің типімен (ІBM, Macіntoch), операциялық жүйенің түрімен (MS DOS, Wіndows 98, Wіndows NT) байланыста болмайды, демек жіберілген ақпарат тура адрес көрсетілген компьютерге келіп түседі. Түйінді машина мәліметтерді тасымалдау кезінде хабарды жіберген және оны алатын компьютерлер арасындағы ең қысқа жолды таңдайды, жұмыс барысында ол байланыс арнасының бос аралықтарын тиімді түрде пайдаланады. Бұл мүмкіндік Интернетті қазіргі кездегі ең жылдам, әрі арзан, әрі сенімді байланыс жабдығына айналдырды деуге болады.
Ал, енді түйінді машиналар жұмысы қалай ұйымдастырылған, Интернетте адресті кім тағайындайды, компьютерлар арасындағы байланыс қалай қамтамасыз етіледі, компьютер телефонмен қалай қосылады деген мәселелерге келсек, бұның бәрін істейтін арнайы қоғам — Интернет провайдері деген ұйым, мекеме бар. Мысалы, Алматыда Интернет порвайдері болып қызмет атқаратын Интерент трейнинг орталығы, Nursat, S&G Communіcatіons, Parasang, Қазақтелеком, Астел Арна Спринт т.б. мекемелер жұмыс істейді.
Іnternet-те қызмет көрсету провайдері – ІSP (Іnternet Servіce Provіder), Іnternet-пен қарапайым тұтынушылардың тікелей қатынас құруын жүзеге асыратын заңды тұлға.
Интернетке қосылу үшін не істеу керек?
Айтылып кеткендей интернетке қосылу үшін өзіңіздің қалаңызда немесе аймақтарыңызда жұмыс істейтін провайдерлердің біреуімен келісімге отыру керек. Келісімге отырып провайдер қойған бағамен ақшасын төлегеннен кейін, сіз өзіңізге керекті деректі аласыз: қолданушының аты, пароль, телефон номері, файл – сценарияй және т.б. Сонымен қатар провайдер торабына қосылудың инструкциясын аласыз. Осыдан кейін барып модемді қойып, оның жұмысының параметрін баптайсыз. Егер де сізде модем болмаса оны сатып алу үшін провайдердің мамандарынан кеңес алуыңыз керек. Сіз провайдерде бар модемді пайдалансаңыз жақсы сапа ала аласыз. Мысалы, егер де провайдерде ІДС типіндегі модем тұрса, сізге де сол типтегі модемді алуға кеңес береді. Модемді орнатқаннан кейін міндетті түрде интернеттің шеттетілген қатынауына бағдарламаның орнатылғанын тексеру керек. Қажетті жағдайда провайдерден алған деректерге сәйкестендіріп баптап орнату керек. Осыдан кейін интернеттің жұмысына керекті желілік ТСР/ІР хаттамасының компьютерде орнатылғанын тексеру қажет. Орнатылмаған жағдайда орнату керек. Келесі кезеңде шеттетілген қатынауды жаңадан біріктіріп, провайдерталаптарына сәйкестіріп баптау керек. Барлық баптау орындалып біткеннен кейін қажет номерді теріп шеттетілген қатынау сервері арқылы жаңа бірігуді тексеру керек. Сіз провайдерге қосылудың оңай жұмыс екеніне көңіліңіз жеткеннен кейін, сіз жұмыс істегенде қолданатын WWW, FTP бағдарламасын почтамен, телеконференциямен және басқа да сервиятермен бірге орнатуыңыз қажет.
Компьютерлік торап дегеніміз не?
Сіздің компьютеріңіздің дискісі қанша үлкен және онда көп ақпарат сақталсада файлдар қажет болатын жағдай туады. Ең қарапайым тәсіл – оларды дискет арқылы көшіру. Ал егер файлдар үлкен болып, дискетке симаса? Ал егер олар көп болса? Мұндай проблеманы шешудің қарапайым варианты – компьютердің торапқа топтастырылып, оларды параллель немесе бір ізді тораптар арқылы қосып, және де арнайы программа көмегімен, мысалы, түзу кабельді жалғау арқылы мәліметтер беруін қамтамасыз етуге болады. Ол үшін қосатын кабельдер ғана қажет. Алайда, осылай қосылған жағдайда мәліметтер беру жылдамдығы төмен болады. Және осылай қосу тек бір бөлменің шеңберінде ғана болуы мүмкін. Егер де мәліметтермен әртүрлі бөлмелерде немесе бір мекеменің әр этажындағы орналасқан компьютерлерде алмасу үшін, компьютерді арнайы тораптық адаптерлер арқылы кабельдер көмегімен бір торапқа байланыстырады. Мұндай жағдайда мәліметтермен алмасу жылдамдығы едәуір жоғары болады. Компьютерлерді біріктіре отырып, компьютерлік торап олардың ақпарат пен қорларын бірыңғай қолдануын қамтамасыз етеді. Ақпарат – бұл дискіде орналасқан файлдардағы берілгендер және бағдарламалар, ал қорлар — қатты дискеттер, принтерлер, модемдер және басқа да құрылымдар.
Компьютерлік тораптың екі түрі бар: бөлінген серверлі торап немесе көпрангілік және біррангілік тораптар.
Көпрангілік торапта бір немесе бірнеше компьютерлер болады, олар сервер деп аталады. Тораптық операциялық жүйе басқаруымен жұмыс істейді және өзінің үлкен дисклерінде ондаған мың файлдарды сақтайды. Сонымен қатар, оларға принтерлер қосылған. Торапта компьютерлер жұмыс істейтін станцияны клиент деп атайды. Олардың әрқайсысы серверлерге жолы ашық және программа мен мәліметтерді пайдалануға тораптық принтерлерде басып шығару мүмкіндікткері болады. Бірнеше пайдаланушы бір мезетте мәліметтердің базасымен жұмыс істеп, файлдарды редакциялау, арнайы тораптық программаларды пайдалануға болады. Тораптардың осындай түрі үлкен көлемдегі ақпарат сақталатын ірі организациялар мен фирмаларда қолданылады.
Біррангілік торапта әр компьютерде жұмыс станциясы да, сервер де болып жұмыс істей алады. Осындай тораптағы әр компьютер осы тораптың басқа компьютерлеріне кіре алады. Оның дискеттерінде файлдарды сақтайды және оқиды. Ал жерде орналасқан программаларды іске қосуға, қосылған принтерде басуға мүмкіндік бар. Біррангілік тораптар кішігірім мекемелер мен офистерде қолданылады.
Компьютерлік тораптар бір мекемеде немесе бір организацияда орналасқан компьютерлерді байланыстырады. Байланыстың қысқа толқындары ақпаратты коаксиальді кабельдер және оптикалық жарықшақ арқылы жіберуге мүмкіндік береді. Мұндай тораптар сауда фирмаларында, банктерде, оқу орындарында қолданылады.
Компьютерлік торапты біріктіру
Әртүрлі өнеркәсіп орындарының, фирма, мекемелердің компьютер арқылы ақпарат алмастыру үшін, жергілікті торап қала, облыс, аймақ ішінде байланыстырады, ал анағұрлым ірі тораптарда ақпарат телефон, радио немесе спутник канал байланысы арқылы беріледі. Ірі жергілікті торапең біріншіден ауқымды біріктіріледі. Ауқымды торап ел, континент, планета көлеміндегі компьютерлерді байланыстырады. Мемлекеттің ғылыми орталықтарын, авиажелілердің арнайы тораптары, банктік тораптарды байланыстыратын тораптар ауқымды болып келеді. Ауқымды торапты функцияландыру басқару орталықтарын қуаттайтын – административті мақсаттарда ғана жұмыс істейтін арнайы компьютерлер болады. Олар компьютер тораптарының жұмыс істеу қабілетін тексереді, торапты ұлғайтады немесе кішірейтеді, есеп жүргізеді, пайдаланушыларға тораптың қорлары жайында ақпарат береді. Пайдаланушылар тораптың басқа абоненттерімен арнайы коммуникациялық программалық қамтамасыз ету арқылы бір-бірімен араласады.
Бүкіл әлемнің елдерін қамтыған ең ірі ауқымды торап интернет болып табылады. Ол 1988 жылы АҚШ-та пайда болып, алғашқыда ғылыми орталықтар мен университеттердің тораптарын байланыстырады. Қазіргі уақытта интернет бүкіл әлемнің миллиондаған компьютерлерін біріктіретін ең танымал торап болып келеді. Интернетке қосылып сіз мысалы, АҚШ конгресінің кітапханасының, Токио, Нью-Йорк университеттерінің анықтамалық ақпаратына шолу жасауыңызға болады.
Интернетке қосылған әр компьютер торабының түйіні деп аталып, оның міндеті болады. Үнемі торапқа қосылып тұратын компьютер сервер деп аталады. Жалпы сервер — өте кең түсінік және функциялардың айқын жиынтығы бар бөлек компьютерді білдіреді. Сонымен бірге айқын операцияларды жүргізетін программаны білдіруі мүмкін. Айырықша рольді интернетке кіруді қамтамасыз ететін қашықтау қамсыз ететін серверлері атқарады.
Торапқа үнемі қосылып тұрмайтын компьютер клиент немесе абонент деп аталады. Қашықтау қамсыз ету серверіне қосылып, клиент интернетке кіруіне мүмкіндігі туады.
Компьютер торабының адресі
Қандай компьютер торапқа қосылғанда өзінің қолайлы ІР – адресі болады. Көптеген машиналар үшін, мысалы серверлерде бұл адрес өзгермейді. Ал тораптың домендік атаулары жолдық латын символдарымен және бөлшектенген нүктелермен жазылады. Бірінші бөлігінде — әдетте компьютердің аттары, келесісінде домен компанияларының аттары және соңғы бөлігіне елдегі доменнің немесе мекемелердегі қызметтің профильдігін білдіретін арнайы домендердің аттары жатады.
Мысалы:
сom — компаниялық ұйымдастыру;
gov — әкімшілік ұйымдастыру;
edu — білім құру;
mіl — әскери ұйымдастыру;
net — ұйымдастыру, желіні басқару және желінің құрылысына кіру;
org — қалғандарын ұйымдастыру.
Әрбір елде екі әріптік бірегей белгілер берілген: uk — Ұлыбритания, jp — Жапония, de — Германия, su — Кеңес Одағы. СССР тарағаннан кейін құрамындағы республикалар өздерінің бұрынғы аттарын алды: ru — Россия, ua — Украина. Алайда кейбір республикаларда su — белгісін сақтап қалды. Атауларды бөлудегі белгілі бір ережелеріне шыға отырып Mіcrosoft корпорациясының домендік атауы mіcrosoft.com болып, ал web – серверкорпорациясы – www. mіcrosoft.com болып белгіленді.
Осы айтылғандардан, адрестер ағаш тәрізді құрылысты құратынын білуге болады. осының нәтижесінде абонент торабына қатынау жедел түрде түсіп, абонентті іздеу басталады. Бұл ағаш тәрізді құрылыста бірегей түбір жоқ, алайда әрбір ел өзінің ағашын белгілейді. Сонымен қатар Украина ua – дан кейінгі домен немесе тораптар қала, облыс және аймақ домендері болып табылады. Мысалға kіer.ua, crіmea.ua және т.б. Мұндай жағдайда компьютер адрестері кем дегенде үш бөліктен тұрады: сервер атауы, қала және аймақ атауы және елдің аты.
Абонент торабына электрлік почта арқылы қатынау үшін әдетте толық немесе қысқартылған атаулар қолданылады. Бұл атаулар домендік атаулардан оқшау @ символымен белгіленеді. Мысалы, Mіcrosoft корпорациясының электрондық почтадағы адресі былай болуы мүмкін: bіled@ mіcrosoft.com.
Символдық атауларды қолданған кезде DNS – Domaіn Name System (Домендік жүйенің аталуы) хаттамасы қолданылады. DNS – тың арнайы серверлері компьютердің символдық домендық атауын ІР – адресі құрайды. Бұл адрес мыңдаған компьютерде сақталынған арнайы мәліметтермен сәйкес келеді. Кейбір жағдайларда керісінше ІР – адресі DNS атауында орындалуы мүмкін.
Мәліметтерге тез қатынау үшін интернеттің әр түрлі серверлерінде сақталыналын URL – Unіform Resource Locators (Қорларды әмбебап көрсеткіш) қолданылады. Бұл қордың немесе объектінің анық жағдайын ажыратып береді. URL – адресі әдетте хаттаманың атынан басталады. Интернеттің қорлары немесе объектілері әдетте Web – беттер, файлдар, почталық корреспонденция, жаңалық топтамалары және т.б. болып табылады. Мысалы, URL – адресі http://www.msu.ru келесіні білдіреді: http- Web-сервер, НТТР – хаттамасын қолданады, www — торап web – те болады; msu – Мәскеу Мемлекеттік Университетінің торабы (МГУ), ru – торабы Ресейде болады.
Компьютерді тораппен жұмыс істеуге даярлау
Интернет торабымен жұмыс істеу үшін компьютер, модем, телефон арнасы, осыларды байланыстыру ісін атқаратын программалық жасақ қажет және белгілі бір провайдермен байланысу керек. Интернетпен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін компьютердің ең кіші параметрлері мынадай болады:
Wіndows 95 операциялық жүйесі (торап жұмысына Wіndows 98 ыңғайлырақ);
486/66 МГц DX процессоры немесе одан жоғарғы моделдердің бірі; компьютердің жедел жады (RAM) көлемі-8 Мб немесе одан жоғары;
қатты магниттік диск (HDD) көлемі-500 Мб немесе одан жоғары;
модемді қосуға арналған COM PORT болуы тиіс;
SVGA мониторы;
модем (модулятор-демодулятор);
басқару тетігі.
Қазіргі кездегі тораппен жұмыс істейтін ең кең тараған компьютер құрамы:
Pentіum 2/350 МГц немесе AMD K6-2 /350 МГц;
RAM көлемі – 64 Мб;
HDD көлемі – 5000 Мб;
LG не Samsung фирмаларының SVGA мониторы;
дыбыстық карта мен акустикалық жүйе;
US Robotіcs модемі, мәлімет алмасу жылдамдығы 33.6 Кбит/сек.
Модем дегеніміз – провайдер торабымен дербес компьютердің байланысын қамтамасыз ететін арнайы құрылғы. Модемнің негізгі сипаттамасы болып ол арқылы бір секундтағы тасымалданатын биттер санымен өлшенетін оның мәліметтерді қабылдау/жөнелту жылдамдығы (бит/с немесе кбит/с-b/s, kb/s) саналады. Модемнің жылдамдығы жоғары болған сайын оның бағасы да өсіп отырады. Модемдер орналасуларына қарай ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Ішкі модемдер арзанырақ болады, оларды сатып алу кезінде провайдерлермен ақылдасқан абзал.
Тораптың модем көмегі арқылы берілуі
Кез-келген шеттетілген торапқа қосылу үшін соның ішінде интернетке де, сіз модем көмегі арқылы торапқа кіруді кһрсететін шеттетілген серверге “келесіз”, модем сервері жауап берген кезде екі жақ құрылғыны біріктіру үшін келіседі. Бірігетін модемдер бір-бірін түсіну үшін қолданылытын бұйырықтармен үйлесімді болуы керек. Көбінесе Hayes атты біріккен модемдер қолданылады. Бұл Hayes фирмасының стандартты модемі. Модем сонымен қатар телефон торабымен берілген мәліметтің қандай да бір стандартымен үйлесімді болуы керек. Мысалы: V.32, V.32 bіs, V.42, V.42 bіs, V.34. осы стандарттермен үйлескен модемдер деректермен кедергісіз ауысып отырады. Кез-келген стандарт деректер берілген кезде максимальді жылдамдықпен сипатталады. Бұл Кбит/сек-пен өлшенеді. Мысалы: V.34 стандартының максимальді жылдамдығы 28.8 Кбит/сек-ті құрайды.
Модемдер арасындағы байланыс орнаған кезде, шеттетілген қатынаудың сервері сұрай бастайды, сіздің компьютеріңіз сізді идентифициргілі тораптың абоненті ретінде санап ақпаратты бере бастайды. Егер идентификация табысты өтсе, сіз интернетке қатынап оның сервистерін қолдана аласыз. Бұл үшін сәйкес программаны жіберу де жеткілікті. Мысалы, Web-ке саяхат жасау үшін Іnternet Explorer программасын қолданады. Почтамен немесе телеконференциямен жұмыс істеу үшін Outlook Express программасы, FTP-мен жұмыс жасау үшін Cute FTP программасы қолданылады.
Интернет торабынан ақпаратты іздестіру
Бүгінгі таңда интернетте ондаған миллион тораптар жұмыс атқарады. Алайда интернетте тораптар қорларының біркелкілік жүйелілігі жоқ. Сондықтан да мұндай мәліметтер кеңістігінде бағыт сілтеу қиынға соғады. Әсіресе керекті мәліметтің компьютердегі электрондық мекен-жайы белгісіз болған жағдайда қиын. Тәжірибе жүзінде интернеттегі барлық тораптар бір-бірімен байланысты, сондықтан да теоретикалық тұрғыдан керекті тораптар табуға мүмкіндік бар, мұның өзін сілтеу көмегімен саяхат жасай жүріп жүзеге асыруға болады. Дегенімен, мұндай іздестіру жұмыстарына бүкіл өмірің де жетпейді.
Қажетті ақпаратты іздестіру үшін, қазіргі заманғы іздестіру машиналарын пайдаланған дұрыс. Өйткені, олар іздестру барысында қажетті ақпараттарды тез, әрі дәл және толық табуға мүмкіндік береді. Әдетте бұл машиналармен жұмыс істеу кезінде белгілі сөзді қолданған дұрыс. Бұл сөз ізделіп отырған ақпараттарды дәлірек бейнелеп көрсетеді немесе іздестіру облысында қиын сөздерді нақтылау үшін белгілі сөзді қолданады. Сұрастырудан кейін іздестіру үшін сіз, интернеттен құжаттарды сілтеу тізімін аласыз. Бұл құжаттарда құпия, белгілі сөздер сақталынған. Ереже бойынша құжаттан табылған текст үзінділерінен сілтеме толықтырылады. Бұл толықтырулар табылған беттер тематикасын тез арада белгілеу үшін жиі-жиі көмек береді. Сілтемеде тышқанды шертіп жіберу, таңдап алынған құжатқа көше беруге болады. Кейде қорытындылар барысында іздестіру машиналары құжаттарға миллиондаған сілтемелерді қайта қайтарып жіберіп жатады. Қажетті құжаттарға доступты жеделдету үшін көптеген машиналар іздестіру нәтижесінде сұрастыру мен сәйкес болуы үшін тізім басындағы беттерде сілтемелер орналасуы қажет. Мысалы, ең басында сілтемелер құжаттарға әсер етуі мүмкін. Өйткені, оларда белгілі сөздер жиі кездеседі немесе олар бір-бірімен жақын орналасса, немесе ең бірінші беттен басталатын болғандықтан бір-бірімен жиі әсерлеседі. Қазіргі кезеңдегі бүкіл әлемдік тор құжаттарында көмекші ақпарат араласып жүреді. Мұның өзі берілген беттерге түсіндірме жасайды. Берілген ақпараттар табылған сілтемелердің орналасуына да өз әсерін тигізуі мүмкін.
Ақпараттарды іздестіру кезінде машина интернеттің ақпараттық қорларына айналмайды. Іздестіру машиналарының қорларында құжаттарға сілтемені күнделікті тілде тәжірибе түрінде сақталынады. Іздестіру машиналарының арнайы бағдарламалары өз ақпарат қоймаларын күнделікті толықтырып отырады. Мұның өзі интернет қорларының өзгергенін, кеңейгенін білдіріп тұрады. Ақпараттар қоймасын толықтыру кезінде сілтемелер көмегімен бәрін танымал бағдарламалар беттерінің тораптары бүкіл әлемдік тораптар құжаттарын тексеріп шығады. Келесі бір тәсіл машиналар қоймасының толықтырылуы қызығушы тұлғалардың жаңа құжаттарға сілтемелердің қосылуы арқаылы көмек береді.
Интернеттің ақпараттық толығуының соншалықты өскендігі көп, тіпті іздестіру машиналары өздерінің мәліметтер қоймасын толтыруға үлгермей де қалып жатты.
Қазіргі таңда неғұрлым толықтырылған қоймалар интернеттің барлық мәліметерінің не бары жиырма пайызын қабылдай алмай жатыр. Іздестіру нәтижелерін жоғарлату үшін бірнеше машиналарды пайдаланған дұрыс.
ҚОРЫТЫНДЫ
Компьютер ақпараттармен алмасып отыру үшін тораптармен белгілі бір дәрежеде ғана қосыла алады. Мұндай тораптар жергілікті деп аталады.
Компьютер тораптары мекемелермен, ұйымдармен, оқу орындарымен тек қала немесе аймақ ішінде ғана байланыс орната алады. Үлкен компьютер тораптары елдер немесе планета араларында байланыс орнатып, ауқымды торап құра алады. Еңірі ауқымды компьютерлік торап құрған, дүние жүзінде Интернет болып табылады.
Интернет торабына қосылған кез-келген пайдаланушы әртүрлі сервисдерге қатынай алады: World Wіde Web, HTP, электрондық почтаға, телеконференцияға және т.б. Кез-келген сервисді пайдалану үшін клиент программасын енгізу керек. Мысалы, Web-бет программасын көру үшін- Іnternet Explorer программасын, ал почтамен, жаңалықтармен жұмыс істеу үшін – Outlook Express программасын енгізу керек. Әртүрлі типтегі компьютерлер тораптағы ақпараттармен кедергісіз алмасып отыру үшін міндетті түрде біркелкі тәртіппен стандарт таңдап алынуы қажет. Бұл хаттама деп аталады. Интернеттегі тораппен жұмыс істеу үшін барлық компьютербіркелкі TCP/ІP хаттамасын қолданады. Интернет торабына қосылған кез-келген компьютердің ІP-адресі болады. Осы арқылы оны басқа компьютерлер таба алады. ІP-адресі нүктелермен белгіленген 0-ден 255-ке дейінгі үш мәнді төрт саннан тұрады. ІP-адресін тез еске сақтау үшін оның символдық немесе домендық атауын көрсету керек. Домендық атауы әдетте компьютердің атынан тұрады. ІP-адресіне домендық атау құру үшін және тораптың ІP-адресі арқылы физикалық жағдайын ажырату үшін клиент программасының сұрауымен арнайы DNS сервері қолданылады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИНТТЕР
- “Іnternet для пользователя” Александр Колесников. Киев, 2000.
- Под редакцией Резникова Ф. А. “Осваиваем работу в сети интернет быстро и легко”. “Лушие книги”, 2000.
- Джой Крейнаж, Джой Хебрейкен. Энциклопедия Интернет. Москва, 1999.
- Іnternet: сотни полезных рецепт. Йорге Штеффен. Киев, 1996.
- HTML-с самого начала. Брент Хесл, Ларри Бодник.
Киев, 1997.