Стиль – жазушының өзіне тән ерекшеліктер
Қазіргі қазақ сыншыларының, әдебиетшілерінің, мақала-зерттеулерінде жазушы ақындардың өздеріне тән творчестволық ерекшеліктері мейілінше аз сөз болады. классик ақын-жазушыларымыздың шығармалары туралы жазылған бірен-саран монографиялық еңбек, не кейбір жеке мақаларды айтпасақ, қазақ совет әдебитінің ірі өкілдерінің өзіне тән творчестволық ерекшеліктері жайлы әлі күнге ешнәрсе жоқ. Стильге бір тоқталмай кетпейтін монографияларды былай қойғанда, сөз болып отырған тақырыппен тікелей байланысты мақала, жеке еңбектерде де аз емес.
Оларды бәрінің тізімін келтіріп жату қажет те емес. Сондықтан тек кейбіреулерін ғана көрсетуге тура келеді.
Біздің қазақ әдебиеттану ғылымында стиль жайлы мақалалар болмаса жеке монографиялық еңбектер әлі жазылған жоқ. Демек, қазақ оқырмандарына бұл мәселе туралы, мүмкіндігінше толығырақ тоқталған жөн.
Стиль деген термин ескі заманнан бері қолданылып келеді. Стиль грекше stylos. Дәлірек айтсақ, балауызбен сырлаған тақтаға сөз жазу үшін жұмсалынған ағаш қалақша.
Стиль, кейінірек, грек тілінде таза, әдемі сөйлеу ұғымына ие болған.
Стильді көп зерттеп, ол туралы көптеген құнды пікірлер айтқан академик В. В. Винградов өзінің «Проблема авторства и теория стилей» атты еңбегінде стильдің көп мағыналылығына айрықша тоқталады. Тіл, искусство, әдебиет, ғылым, не басқа да өмір саласында әр түрлі ұғым, әр түрлі мәнде қолданылатындығын мысалдар келтіріп өзінше дәлелдейді. Өмірдің басқа саласында да «стиль» аз айтылмайды. Документ стилі, ғылми стиль, жұмыс стилі, газет стилі т.б. Ал, біздің тіл, филология ғылымдарында да стиль термині өте жиі кездеседі. Тілде стиль, стилистика әрдайым сабақтаса жүреді. әдебиетте прозалық, фельетондық, сатиралық, юморлық стиль деп айтамыз да жазамыз. Бірақ, біздің тоқталмағымыз әдебиетпен ған байланысты стиль. Стиль — әдебиетте негізгінде екі түрлі мағынада: кең және жай мағынада қолданылады. Кең мағынасында-әдебиет тарихы, теориясы, әдеби сын да Х VIII ғасырдан бері қарай стиль-әдебиет методы ұғымында қолданылып келеді. Жалпыға мәлім классицизм, сентиментализм, романтизм, реализмдер әдебиет стилі деп алатын. Қазіргі әдебиет тану ғылымында әдеби әдіс бұрынғы стиль ұғымында қолданылады. Стильдің екінші мағынасы, яғни, стиль деп, әр жазушының өзіне тән ерекшеліктерін ұғыну. Кейбір әдебиетшілер әдеби стильден гөрі әдеби әдістің ұғымы кеңірек, тереңірек дегенді айтып жүр. Бірақ ол әлі де дәлелдей түсуді қажет ететін сықылды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қ. Жұмалиев «Стиль-өнер ерекшелігі» Алматы «Жазушы» баспасы 1966 жыл.
2. Т. С. Амандосов «Қазақ совет баспасөзінің жанрлары» Алматы «мектеп» баспасы 1968 жыл.
Жоспар
Кіріспе
1. Негізгі бөлім «Интервью»
2.1. Интервьюдің әңгіме түрі.
2.2. Интервьюдің сұрақ-жауап түрі
2.3. Интервью суреттеме
2.4. Интервьюдің анкета түрі
3. Қортынды
Негізгі бөлім мен қортынды.
Журналист қоғам қайраткерлерімен немесе шаруашылық салаларында істеп жүрген озаттар мен сан алуан мәселелер жөнінде әңгімелесіп, пікір алысады. Әрине, бұл әңгімелер мен пікірдің біздің ұшан теңіз болып толқып жатқан өміріміз үшін маңызы мен қоғамдық саяси мәні зор болуға тиіс. Әңгіме болып отырған мәселенің мән-жайын жақсы білетін, болған оқиғаны дұрыс бағалай алатын адамнан интервью алу газет үшін өте бағалы нәрсе болып саналады.
Редакция, егер оқиғаға бірінші боп қатысқан, иә сол нәрсені ең бірінші боп байқап-көрген адамның ауызынан интервью бергісі келсе, онда оны, әрине, әңгіме түрінде бергені жарасымды болады. мысалы, оқырман космостан қарағанда, жердің қандай моста болған адам ғана, яғни, совет космонавтары ғана айтып берер еді. Міне, сондықтан да бүкіл жер жүзінің газеттері олармен болған әңгімені совет газеттерінен алып жариялауда.
Интераью тек атақты құрметті адамдардан ғана алынады деген ұғым онша көңілге қонарлық түсінік емес. Мысалы, республикалық шопандар кеңесіне барлық облыс пен аудандардан ең алдыңғы қатардағылар қатысады, міне осылардың қайсысынан болса да интервью алуға әбден болады. Айталық, журналист Көкшетау обылысының бір колхозынан келген ең жас шопаннан интервью алғысы келді. Шопанның істей бастағанына екі-үш-ақ жыл болған. Осы жылдардың ішінде ол тек алдыңғы сапта келе жатыр. Осындай үлкен кеңеске ол бірінші рет қатысып отыр. Алматыны да тұғыш рет көрген екен. Жас шопанның осындай жайларын білген репортер өзінің тақырыбының мақсатына қарай интервью алуға болады. Демек, интервьюдің тақырыбы да, оның объектісі де кең.
Әңгіме, кез келген адаммен кездесіп, онымен ауызба-ауыз сөйлескен әңгімені бұлжытпай жазып алу деген сөз емес. Жұмыстың табысты болуы мынадай жайларға байланысты: журналис әңгімені алуға журналист әңгімеге лайық тақырыпты таңдай білді ме, әңгімені алу үшін кіммен сөйлесу керек, әңгімені алуға журналистің өзінің әзірлігі қалай, лайықты сұрақтар қоя білді ме? Міне, осындай негізгі талаптарды журналист орындағанда ғана оның әңгімесі көңілдегідей болып шығады. Интервью туралы айта келіп, бұл жанрды анықтай түссек күн тәртібіне өмірдің өзі ұсынып отырған қоғамдық мәні бар мәселе жөнінде журналист белгілі бір адамның ой-пікірін біледі, немесе сол мәселе жөнінде одан түсініктеме алады, онымен сөйлеседі. Осыларды әдеби өңдеп, қорытып жазады, міне, осы талаптарға сай жазылған материал газеттің хабар жанрының бір түрі-нтервью боп алады.
Қазіргі баспасөзімізде: интервью-әңгіме, интервьюдің сұрақ-жауап түрі; интервью-суреттеме, интервьюдің анкета түрлері бар. Сонымен қатар соңғы кездері газет «тілші тілдескенде», «Біздің интервью» деген және басқа рубрикалармен де интервьюлер жариялап жүр.
Журналист белгілі бір адаммен кездесіп, әңгімелеседі. Бірнеше сұрақтарына жауап алады. Сол мәселе жөнінде ол адамның пікірін біледі. Мұндай кездесу көбнесе жайдары жағдайда, екі адамның жәй ғана әңгімелесуі жағдайында өтеді. Журналист фактілерін жинақтап, ой-пікірін саралап, белгілі бір мақсатқа бағыштап, бір арнамен, бір тақырыптың аумағында жазып шығады. Әңгіменің соңында жазып алған «пәлен» деген аты-жөні айтылады. Немесе әңгіме тақырыбының астына «мынадай адаммен әңгіме» деп жақша ішіне алына да қойылады. Немесе тілші тиісті бір адамға жолығып, керекті бір мәселені газет оқушыларына айтып беруді өтінуі де мүмкін.
Интервьюдің бұл түрі сұрақ-жауап түрінде боп келеді. Мұнда сұрақ та, берілген жауап та, кей жағдайда, толық жазылады. Кей жағдайда жауап қысқартылып жарияланады. Енді бірде берілген сұрақ пен жауапта қысқартылып жасалуы мүмкін.
Интервьюдің бұл түрінде журналист өзінің кездесуге келген адамымен қандай жағдайда кездесті, оның көңіл-күйі қандай, міне осы жайларды суреттеп көрсетеді. Немесе журналист интервью алатын кейіпкерімен заводтың цехында кездесе қалса, сол цехтың ішін, ондағы еңбек дүбірін әдемі штрихтермен суреттеп елестете отырады. Журналист интервью алу үшін шопанмен жайлауда кездесті делік. Мұнда журналист табиғаттың тамаша көрінісін де, кең жайлауды да, жайылымдағы малды да, шопанның көңіл-күйін де әдемі көркем тілмен кең суреттеуі мүмкін.
Баспасөз органдары қоғамдық мәні бар мәселелерге, немесе, бұқараның назарын аударып отырған мәселерге нақты жауап алу үшін күні бұрын анкета әзірлеп, оны оқушыларына таратады. Таратқан анкетаның сұрақтарына жауап алғаннан кейін анкета бойынша берілген сұрақтар да, оған берілген бірнеше адамның жауаптарын қатар береді. Интервьюдің бұл түрі баспасөзімізде соңғы жылдары еніп, қазір толық қалыптасты деп айтуға болады.
Газеттің хабар жанрларын баспасөзде орынды пайдалана білсе, оның аумағы шексіз. Ол біздің өміріміздің барлық құбылыстары мен оқиғаларын түгел қамтиды. Біздің өміріміз қандай ұлан-байтақ болса, хабар жанрларының байлығы мен кеңдігі де сондай болуға тиіс. Бірақ баспасөздің күнделікті ісінде бұлай бола бермейді.
Газеттің хабар жанрлары-заманымыздың елеулі істері мен сипатын көрсететін уақыт шежіресі; ол кеше мен бүгін не болғаны туралы, ертең бір жұмадан соң, тіпті бір айдан соң өмірде қандай өзгерістер туатыны туралы хабарлай алады. Хабар жанрларында бір сарындылық, бір-біріне ұқсастық болмайды.
Хабар жанрларының функцияларына түсіне білудің өзі совет баспасөзінде фактіні творчестволықпен меңгеру және шебер пайдалана білу деген сөз.
Біз хабардың мазмұндылығы туралы әңгімелегенде, тек фактінің аумағы мен салмағы ғана емес, сонымен қатар оны қызықты етіп көрсетіп, елестете білу, оны саяси мәнін түсіндіре білу болуға тиіс.
Мұның барлығы да тақырыпт шебер дамыта білуге байланысты. Айталық, жоспардың орындалуы, алынған міндеттемелердің іске асуы, ірі құрлыстардың аяқталуы, егін ору, пішен шабу, қысқа әзірлік тағы басқа толып жатқан мәселелер газеттің белгілі және тұрақты тақырыбы екені түсінікті және де бұл тақырыптардың барлығының да маңыздылығын да сөз жоқ.
Хабар жанрларының маңызды болуы, хабар материалдарын ұйымдастыруға байланысты. Сөйте тұрса да репортердің ұйымдастыру жұмыстары жөнінде журналистердің арасында бір теріс ұғым бар. Сүйкімді репортажды оқып шығады да тәжірибелі газет қызметкері: «Бұл өзінен-өзі бола қалған жоқ, мұны автор ұйымдастырған», — дейді. Және де бұған мүлдем теріс мағына береді.
Репортер осындай ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге тиісті ме? Сөз жоқ, журналист өткір қаламұш ұстаған адам ғана емес, сонымен қатар ең алдымен, ол азмат, саяси жауынгер. өмір оқиғалары мен фактілерін шын жүрегімен сезіне отырып, бағалы бастамаларды көпке тартуға, орын алған кемшіліктерді көрсетуге ұмтыла отырып, ол өмірге терең араласады. Газет бетінде шығу-бұл творчестволық процестің қортындысы, ал творчествоның өзі жылы жүректен, ашық мақсат қойған өткір ойдан басталады.
Баспасөз бетінде хабар жанрларын оперативтік беру де ерекше роль атқарады. Газет ісіндегі оперативтіктің керектігін дәлелдеп, түсіндіріп жатудың қажеттігі онша бола қоймас. Бірақ «оперативтік» деген түсінікті едәуір анықтау керек болар. Оперативтік дегенді біз елеулі назар аударарлық фактіге газеттің іле-шала үн қосуы деп білеміз. Хабар материалдарының оператитігі дегеніміз кеше болған оқиға газет бетінде бір жұмадан кейін емес, бүгін орын алу керек. Бұл ақиқат жағдай. Бірақ оперативтік деген күрделі де кең ұғым береді. Нағыз оперативтік тек болған нәрсені жариялаумен қатар бір жұма, бір айда, одан да көбірек мерзімдерде не болатынын болжап та отырады.
Хабар жанрлары заманымыздыңы елеулі істерінің сипатын көрсететін уақыт шежіресі болғандықтан, оның тақырыбы да бай, кең болып шебер дамытылып, оның формалары бай түсуі керек. Қазақ совет баспасөзінде хабар жанрларының репортаж, интервью сияқты түрлерін қалыптастыруға, оның шеберлерін тәрбиелеу жолында жігерлі жұмытар жүргізуіміз керек.