АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Иран мемлекеті

 

 

 

 

 

 

 

                       Иран мемлекеті

 

                                            Жоспар:

 

                         Кіріспе

                1.Негізгі бөлім:

                1.1 Ағылшындардың Иранды басып алуы.

                1.2 1921жылғы 21 ақпандағы  мемлекеттік төңкеріс.                      

                Иранның сырттықы саясаты.

                1.3 Реза-шах тәртібі.

                1.4 Иран екінші дүние жүзілік соғыс жылдарында.

                Тақырыптың мәселе өзектілігі:

                Мақсаты  мен міндеті.

                Иранның тарихнамасы.

                Жұмыстың құрылымы.

                Тақырыптың көлемділік деңгейі.

 

 

  1.    Қорытынды:

 

 

 

 

 

 

Ағылшындардың Иранды басып алуы:  Иран  XX  ғасырдың басында жартылай отар ел ретінде Англия мен Ресейдің саяси билігінде болды. Оның тұрғындарының саны 10-12млн. Адамға жетіп, онның тен жартысы отырықшы жер шаруашылығымен айналысты. Соғыс алдында Германия Иран  жерінде белгілі бір  территоррияны басып ала отырып Шығысқа Ресей мен Англия үстемдігін әлсіретуді ойлады. Осы жылдары Германия  Бағдат  темір жолын салуға кірісті, Түркия  армиясының қайта құра отырып өзіне бағындыра бастады, Парсы шығанағы мен Месопотамия арқылы Үндістерге жол ашуды ойлады. Иранның тәуелсіздік үшін күресін сөз жүзінде қолдай отырып  ол елдегі  либералдық топ өкілдерін өз жағына  тарта отырып сонымен қатар чиновниктерге ақша берді, көпестерге кредит  берді, оқушы жастарға  өз мектептеріне, университеттер  мен техникумдарға оқуға тарта отырып Германияны қолдауға үгіттеді.

Бірінші дүние жүзілік соғысқа Иран қатысқан жоқ, ол өзінің нейтралитеттігін жариялады, бірақ оның территориясы екі бір-біріне қарама –қарсы коалицилық күштің соғыс операциялары мен саяси күресінің  аренасына  айналды. Германияны  жақтаушы  мәжілістің бір топ  депутаттары Кум қаласына кетіп қалып онда Кум комитетін құрды. Бұл «үкімет»  кейін герман-түркия армиясы басып алған соң  Керманшахқа айналды.Осындай жағдайда  орыс ағылшын  армиялары  Ирандық Азербайджан, Хузистан,  Фарс,  Керманшах аудандары мен Хамаданда герман-түрік  күштеріне қарсы қарулар күрес жүргізді. 1915 жылы түрік армиясы бірнеше ирандық облыстарды Түркиямен шектесіп жатқан басып алды, бірақ негізгі соғыс күштерінің қарым-қатынасында шешуші орында орыстар-ағылшындар тұрды.  Ресей соғыстан шыққан соң және Герман империясы мен Османимпериясы талқандалған соң Иранның территориясын толыққа жуық ағылшындар жаулап алды. Соғыстың басында Англия Иранды түрік армиясына қарсы күресте  плацдарм ретінде пайдаланды, ал 1918 жылдың басында бүкіл Иран жаулап ала отырып  оны Советтік Ресейге қарсы  қарулы интервенция бастау үшін, сонымен қатар отаршылдыққа қарсы қозғалыстар басу үшін пайдаланды. Соғыстың аяқ шенінде ел экономикасы құлдырап кетті. Меджіліс таратылып жіберді және бірнеше үкімет ауысты. Меджілістің келісімінсіз, ел конституциясында бұза отырып англофильдікүкімет басшысы  Вогус-эд-Дауле  1919жылы  9тамызда «Парсыныңдамуы үшін британдық көмек туралы»  келісімге қол қойды.  Бұл келісім бойынша ағылшын кеңесшілері мен  инструкторларына иран армиясын, қаржыны, жол құрылыстарын, сыртқы сауда және елдің басқа да қоғамдық-экономикалық өміріне билік етуді берді. Келісім елге  ағылшын протекторатын  орнатты.  

  Ұлт-азаттық қозғалыстың өрлеуі:  Ағылшындардың жалаушылығы   және келісімге қол қою жаппай қарсылықты тудырды. 1920жылы  7 көкекте  Тебризде реакциялық шах өкіметіне және ағылшындардың билігіне қарсы көтеріліс басталды. Оның басшысы  азербайжандық демократиялық партияның басшысы шейх Мохаммед Хиябани болады. Көтеріліске жұмысшылармен және қолөнершілер,ұсақ буржуазия, интеллегенция және ұлттық сауда буржуазиясы қатысты. 1919 жылғы ағылшын-иран келісіміне қарсы талаптер қойды, Иранның тәуелсіздігін қалпына келтіру, демократиялық реформа жургізу жәре Азербайжан ушін автономия беру. Бұл қозғалыстар 1920 жылғы тамызға дейін созылды және ашх  армиясы мен ағылшындар кушімен басылды.

 1920 жылы қайтадан Иранның басқа провициясында Гилянда ұлт-азаттық қозғалыс басталды. Бірінші дуние жузілік соғыс кезінде-ақ бұл жерде орман партизандарының қозғалысы                  (дженгемийлықтар) болып оған шаруалар, қала     тұрғындары, помещиктер, иртеллегенция қатысты. Ол қозғалыстың басында Мирза Кучек хан болды, ол 1905-1911 жылғы революцияға қатысқан адам. Олар соғыс кезінде патша армиясына қарсы күресті,содан кейін Ираннан ағылшындарды қуу және ағылшын жаулаушыларымен  бірігіп отырған үкіметке қарсы шықты. Қозғалысқа қатысушылардың қойған талаптары  1905-1911 жылғы революция  кезіндегі қойылған талаптар болдыелдегі билікті орталықтандыру ,қоғамдық  өмірді демократияландыру

Иранның тәуелсіздігін қалпына келтіру.

1920 жылы 5 маусымда олар Гилян республикасын  жарияланды ,Иран компартиясы  құрылып оның мүшелері Гиляндағы Уақытша революциялық үкіметтің мүшелігіне кірді. Компартиярың мүшелерірің көпшілігі Гилянда Советтік  Республика құруды жақтады, Ресейдегі октябрь революциясын түгелімен шығыста қайталамақ болды. Бай  шаруалардың  жерін  тәрікелеу,дінге қарсы үгіт-насихат,базарларды жабу коммунистерден көпестерді және либерал помещиктерді,сонымен қатар халық бұқарасырың алыстатты.1920 жылдың аяғында Хейдар Аму-оглы бастағар Ирандық компартия жіберілген  қателіктерді жөндеп және Гилянда «біріккен майдан» құрмақ  болғанынан еш нәтиже бермеді , себебі олар  сенімнен айырылып қалды.Осы  революциялық жағдайларды  пайдалана  отырып Англия өзінің  Ирандағы  ұстаған  саясатын өзгертіп оның территорриясын бөліске салды және оңтүстік бөлігін  Британия отарына айналдырды. Өздерінің мақсатына жету үшін елдегі сепаратизмді  жақтады және елдің солтүстігіндегі  революциялық бас көтерулерді басу үшін абрлық  мүмкіндіктерді пайдаланды.Осындай  жағдайда  революционерлер күресті тоқтату туралы шешім қабылдады. Ол шешімді кеңес үкіметі мен коммунистік партия мушелері де қолдады. Бірақ ол  қозғалысқа  қатысушылар арасындағы ауыз бірліктің болмауы Гиляндағы революциялық козғалысты талқандаумен аяқталды. 1922 жылдың басында Иранның орталық үкіметі Харарсан, Гарген, Тебриздегі революциялық бас  көтерулерді талқандады. 1920-1922 жж.                           

ұлт-азаттық қозғалыстың жеңілуінің басты себебі  импералистік лагерге қарсы күрестегі  бірліктің болмауы, қозғалыстың  шашыранқы және әр жерде әр кезде басталуы, сонымен қатар ирандық  реакциялық күштердің ағылшындарға көмектесуі  болды.

      1921 жылғы 21 ақпандағы мемлекеттік төңкеріс. Иранның сыртқы саясаты. Ұлт-азаттық қозғалысты басқанымен Қаджар монархиясы елдегі өзінің  беделін жоғалтты , елдегі  сепаратизмге  қарсы күреспеді және  Иранның ағылшырдардан тәуелсіздігін қамтамасыз ете алмады. Осындай жағдайда 1921 жылы 21 ақпанда   (иран календары бойынша 3 хута 1299жылы)Тегеранда мемлекеттік төңкеріліс болды. Төңкерісті ағылшындармен байланысы болған сеид Зия-эд-Дин Табатабаи ұйымдастыруымен болды, ал оны жүзеге асырған Реза-хан болды.Ол тарихта     «Қара  кабинет»ат алған.

       Реза-ханның өкімет басына келуін ұлтшылдар қолдады, олар 1919 жылы  ағылшындармен келісімге келген үкімет мүшелерінің әлсіздігіне қарсы болғандар еді. Жаңа үкімет «аристакраттарға қарсы күрес» атты дикларация  жариялады,ол бойынша жұмысшылар мен шаруалардың жағдайын жақсарту,сыртқы саясатта еркін бағыт ұстау және 1919 жылы қол қойылған келісімінің күшін  жою туралы айтылды. 1921 жылы көктемде Иран жерінен ағылшындар корпусы шығарылды, Советтік Ресеймен келісімге қол қойды, ол бойынша Ресей басып алған ирандық территориядан бас тартты.

 Англия  да  өзінің  сыртқы саясатында осы кезде өзгерістер еңгізді. Советтік Ресейге қарсы интервенция  жеңіліспен аяқталған соң ол енді Иранды өзінің  маңызды колониясы Индияны советтік әсерден  қорғаушы мемлекет ретінде  ұсатуды мақсат етті.Дүние жааңа  отаршылдыққа қарсы күрес кезеніне енді. Ескі отаршылдық саясат енді жүзеге аспай қалды. Осы кездегі халықаралық жағдайды пайдаланып АҚШ Таяу және  Орта Шығыс елдеріне өзінің үстемдік ету әдісінөзгертті. 1922жылы ИранғаКавама үкіметінің шақыруымен американдық қаржы  кеңесшілері  А. Мильспо бастаған келді. Мильспо барлық қаржыны,мемлекеттік түсімді,   алым жинауды,мемлекеттік  бюджетті  жасау  және  қазнаны  бақылауға  құқық алды.

 Ал  Совет үкіметі  Шығыста басқаша саясат ұстады.  1917жылы  «Ресей және Шығыс мусылмандарына» арнау жариялап және құпия келісімдерді  жариялай отырып Иранға қарсы патша  үкіметі мен Уақытша үкіметтің саясатын әшкереледі,  1907 жылғы ағылшын-орыс келісімі күшін жойды деп жариялады. Олкелісім  бойынша алынған  барлық мүмкіндіктер мен етрриториядан бас тартатындығын айтты. Совет-иран  қарым-қатынасын жақсартуды тект қана халық бұхарасы емес көпестер мен помещиктер де жақтады, сесебі олар Ресей мен арадағы сауданың  тоқтап қалуынан көп зиян шеккен еді.

        1921 жылы 26 ақпанда Москва совет-иран келісіміне қол қойылды. Ол бойынша  патша үкіметінің Иран үкіметімен жасаған келісімдерінің барлығы күшін жойғандығын және Совет үкіметі Иранның территориялық бірлігі мен тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін бірден бір қарсы шараға қатыспайтындығы туралы айтылды. Совет  үкіметі иран  халқына  барлық Иран  территориясындағы  банктердегі ақшаны, құнды  қағаздар  мен жылжымайтын  мүліктерді, биржалар, порт Энзели, телефон және телеграф жүйелерін, жолдармен мен пристандарды, пораходтарды  қайтарымсыз  пайдалануға берді. Келісімнің 6 тармағы бойынша «егер  Иран  территориясында  Совет үкіметіне   қарсы соғыс әрекеттері үшін пайдалынатын болса»  онда совет  армиясы  кіргізіледі   және  «қауіп жойылған соң» Ресей  үкіметі тез арада өз армиясын  Ираннан  алып кетуге  міндеттелді.

1921 жылғы совет –иран келісімі отарлау  тәртібі құлағаннан кейінгі тең құқықта  жасалған  келісім болды және  келешекте  елдің тәуелсіз экономикалық-саяси дамуына негіз салды . Бұл келісімді бүкіл халық зор қуанышпен қарсы алды. Бұл келісім шартты жаңа үкіметте қабылдады. 3 хутадағы төңкеріліс тарихшылар арасында әртурлі пікірлер тудырады, оны ағылшырдардың елдегі билігін сақтап қалудың жаңа формасы десе,екіншілері ағылшындарға қарсы ұлт-патриоттық күштің  қарсылығы деп бағалайды. Ең негізгісі  төңкеріс елде күшті өкіметті құруға  негіз салды , ол елді орталықтандырып және  біртіндеп елдің  тәуелсіздігін  қамтамасыз ету саясатын   жүргізді.                                                                                                                                  Реза –шах тәртібі . « Қара  кабинетте» соғыс министерінің міндетін  атқарған  Реза-хан 1923жылы премьер-миристр, ал 1925жылы желтоқсанда Иранның мұрагер  шахы болып жарияланды. Меджилисте Қаджарлар династиясы  биліктен кетіп оның  орнына  Пехлеви  династиясының  келгендігі  туралы  шешім қабылданды.

Реза-шах өз билігінің  басында  Каджарлар  династиясына  қара-қарсы өзін парламент пен буржуазиялық  еркіндікті жақтаушы ретінде көрсетті.  Хандардың сепаратизмі мен ұлт-азаттық  қозғалысқа қарсы жаңа үкімет  орталықтандыру  саясатын жургізді.  1922 жылдың басында әртүрлі  әскери бөлімдер бір орталықтанған армияға біріктірілді, кейіннен соғыс диктатурасын орнатуға бағыт ала отырып шет елден қару-жарақ және соғыс техникасын сатып  алды, армиялық бірлестіктердің санын өсірді, әскери міндеткерлік енгізді. Хандардың сепаратиизмна қарсы күрес Реза-ханның  помещиктер мен буржуазиялық топтар арасындағы оның беделінің  өсуіне  алып келді. Әскери  жаңалықтардан   басқа әкімшілік өзгерістер де жүргізді.  Енді хандар алым салықтар жинай алмады  және мемлекеттік  қызметтерде дәнекерлік  рөлдерінен де айырылды.  Хандардың  біразын басқа жерлерге қоныс аударды және ол жерден өздерінің иелігіндегідей  жер көлемін берді, бірақ олардың жергілікті халықпен бұрынғыдай байланысы болмады.

 20-жылдардың басында жол құрылыстары салына бастады. Ол елдің экономикалық-саяси оқшаулануын жойды және жол бойына соғыс порттары  салына бастады. Хандардан алынған жерлерді армияның жоғары шенді офицерлеріне берді олардан ірі жаңа тап жериеленушілер пайда болды. Реза-ханның өзінде 30-жылдардың аяғында 2 мың деревень жер болды. Құнарлы жерлердің барлығы ірі  жер иеленушілер қолында болды, ал шаруаларда көбінесе аз ғана құнарсызжерлер болды.  Буржуазиялық-помещиктік  жеке меншікті  қорғау негізінде бірнеше заң кодекстері  қабылданды:  1927 ж. Қылмыс, 1929 жылы  азаматтық, ал 1928 жылы  жер иеліктерін тіркеу туралы заң, 1930 жылы  жерді күшпен басып алуға қарсы және мемлекеттік  жерлерді арендаға  беруге туралы  заңдар қабылданды.  Ал 1939 жылы қабылданған «Помещиктер мен шаруалар арасындағы қарым-қатынасты  реттеу» заңы бойынша деревняларда феодалдық қатнас толығымен  орнықтырылды, шаруалар помещиктер жері  мен суды арендаға алып пайдаланды.

 Деревняларда  жартылай феодалдық  қатнастар сақталды. Шаруалардың жағдайы өте ауыр болды. Олар жол салу секілді қошымша  жұмыстарды да атқарды. Шаруалар аштықта, жоқшылықта өмір сүрді.

 Ал қалаларда капиталистік  қатынастар қалыптаса бастады.Ұлттық өнер кәсіпті  және сауданы  дамыту үшін  Реза-шақ біраз  жұмыстарды  жүзеге асырды: автономиялық  томожниялық  тариф еңгізді, «сыртқы  саудаға  монополия»  орнатты, шай мен қант монополиясын,  сырттан  келетін  тауарларға  өте  жоғары баж  салығын енгізді.  Осы өзгерістер  ұлттық  өнеркәсіптер мен  өндіріс орындарының дамуына негіз салды.  1938  жылы елде 280 фабрика-зауыттық  өнеркәсіп орындары болды, ол 1928 жылы тек 3 болған еді. 1929-1933 жылғы дүниежүзілік  дағдарыс Иран  елінің  артта қалғанын көрсетті  және иран өкіметін мемлекеттік  капиталистік саясат  жүргізуге әкелді. Осы  шахтың саясатының  басталуы Англо-иран мұнай компаниясым ен (1932-1933) ішкі саяси  таласты тудырды. 1909 жылы   құрылған 1931 жылы компанияның түсімі азайып  кеткен  соң  олар Иранға Түсімнен бермейтіндіктерін жариялады, ал оған қарсы Реза-шах үкіметі концессияның күшін жойып және Иранның түсімін 40% -ке дейін котеруді және компанияның өндіріс орындарына бақылау орнататынын білдірді. Шиеленіс тіпті соғыс әрекеттеріне дейін ұласып кете жаздады,бірақ бәрі жақсы шешіліп 1933 жылы жаңа концессиондық келісімге қол қойылды. Ол бойынша әрбір өндірілген мұнайдың тоннасынан белгілі бір сумма төленіп отыратын болды. Концессиондық зора территориясы азайтылды, компания мұнай шығатын орындарды әлі де 60 жыл бойы өздері жеке иеленуге құқық алды. Елдің мәдени өмірі мен тұрмысында да біраз өзгерістер болды. Бастауыш және мемлекеттік мектептерде міндетті тегін білім алу енгізілді, орта және жоғары мектептердің негізі қаланды, соның ішінде университтер мамандандыруға ерекше көңіл бөлінді. Денсаулық сақтау мекемелері құрылып оған қажет кадрлар тағайындалды. 1935 жылы чадраны заң жузінде тағуға тиым салып оның орнына европалық киім енгізілді, салтанатты феодалдық атақтар жойылып фамилия енгізілді. Осылардың барлығын Мұсылман дін иелері қолдамады. Өкімет өздерінің дінді сыйлайтындығын білдірсе де олардың ісін дін иелерінің қоғамдық өмірдегі рөлін төмендетуге бағытталды. 30-жылдардың ортасынан бастап діни адаамдар өз насихаттарында өкіметті сынауға құқығы болмады.

Сыртқы саясатта Реза-шах өзінің Кеңес Одағымен достық қарым-қатынасын сақтады, КСРО Иранға жан-жақты көмектесті. Дағдарыс кезінде КСРО мен жасалынған  бартерлік сауда Иран экономика-  сына көп көмектесті,1932 жылыдың аяғында басталған совет-иран саудасына саяси байкот жариялау елдің солтүстігіндегі тұрғын- дардың қарсылығын тудырды, сондықтан да 1933 жылы маусымда оны тез арада байкот тоқтатылды.Бірақ 30-жылдың ортасынан бастап сыртқы саясатта Реза-шах Германияға бет бұрды, ал КСРО-ға жаугершілік бағыт ұстады және ол елге келетін сыртқы сауда айналымының 40 % -ін құратын  совет-иран саудасының толы- ғымен тоқтауына әкелді. 1937 жылы Туркия, Ирак, Ауғанстанмен Саадабадский пактісіне қол қойып ол бойынша шекаралық және территориялық таластарды реттеді. Бұл пакті совет үкіметіне қкрсы болғанымен  аймақты фашистік блоктың қауіпінен қорғауға негіз салды.Кейіннен Иран германдық бағыт ұстады және ол кезде сыртқы сауданың 40-45проценті Германияның үлесіне болды. Германия теиір жол және өнеркәсіп жабдықтарын әкелуде өз

Монополиясын орнатты.Елде фашистік Германияның үгіт насихаты мен тыншылар жұмыс істеді. Елде соғыс-полициялық диктатура орнады, демократиялық бостандық жойылды және идеолгиялық террор басталды.

 

ИРАН ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА.

Ирандағы саяси жағдай антигитлерлік колициялық одақ мемлекеттерін алаңдатты. У.Черчелльдің ұсынысы бойынша Англия және Кеңес Одағы Соғыс күштерімен Иранды басып алды. 1941 жылы қыркүйекте оңтүстік Иранға ағылшын армиясы, ал солтүстік бөлікке Кеңес армиясы кірді,бірнеше рет ескертулерден соң және 1921 жылы 27 тамыздағы кеңес-иран келісімінің 6 тармағына сай Форугидің жаңа үкіметі елден  Германияның өкілдері мен агенттерін шығаруға міндеттеме алды. Бірақ Реза-шах міндеттемені орындауға асықпады және оның бұл саясаты саяси қарсылықпен Иранда демонстрацияға ұласты. Реза-шах тақтан бас тартып оның орнына ұлы Мохаммед Реза Пехлеви болды. Ирандағы фашистік агентура жойылды.

     1942 жылы 29 қаңтарда Тегеранда КСРО, Ұлыбритания және Иран арасында достастық туралы келісімге қол қойылды.Онда Ираннның территориялық бірлігі мен тәуелсіздігіне шек келтірмей және оры Германия мен басқада державалардың агрессиясынан қорғау ол үшін соғыс аяқталған соң 6 ай ішінде Англия мен КСРО Иран территориясында өз әскери күштерін кіргізетін болды. Осы келісімнің негізінде Иран арқылы КСРО-ға соғыс қару-жарақтары мен жабдықтар тасымалдау жүзеге асырылды. 1943 жылы 9 қыркүйекте Иран Германияға сөз жүзінде соғыс жариялады, бірақ иран армиялары соғыс қимылдарына қатыспады.

Осы жағдайлардың барлығы Иранның қоғамдық-саяси өміріне үлкен әсер етті. Шахтың әскери тәртібі жойылды, елде демократиялық қозғалыстар өрледі, түрмеден бұрынғы саяси тұтқындар босатылды, қоғамда монархты рөлі керісінше мәджилистің рөлі өсті.

1941 жылы қазанда Иран Халық партиясының негізі қаланды, ал 1944 жылы тамызда оның құрамында 25 мың адам  болды, оның 75 проценті жұмысшылардан тұрды.Жұмысшы партиясы Иранның ұлттық тәуелсіздігін қамтамасыз ету, жұмысшылардың өмірінің жақсаруы мен ішкі рекциялық күштерге қарсы күресті жақтады. Саяси аренаға бұрынғы саясаткерлер қайта келді.Ахмед Кавам «Демократиялық партия» құрмақ болды, иран қоғамындағы барлық буржуазиялық элементтерді біріктіруді мақмат етті.

Американдықтар елден немістердің қуылуын және сол кезде елдегі ағылшындар билігінің әлсіздігін пайдаланып 1942 жылы АҚШ тауларының транзиттік қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз деген сылтаумен Иранға өз армиясын кіргізді. Ахмед Кавам 1942-1943 жж.примьер бола отырып елге

 

 

 

Американдық экономикалық кеңесшілерді, сонымен қатар иран армиясына жандармериямен полицияға, денсаулық сақтау салаларына кеңесшілерді шақырды, олар бағаны тұрақтандыру, бюджеттің шағыс бөлігін азайту,өнеркәсіпті дамыту туралы ұсыныстар жасады. Иран меджилисі Мильспо миссиясына ерекше өкілеттіліктер берді,сыртқы және ішкі саудаға, өнеркәсіп және азық-түлік тауарларын сақтау және бөлуге, транспорт, еңбек ақыға бақылау орнату. Бірақ Мильспо миссиясы Иранның экономикасы мен қаржысының оданда төмендеуіне әкелді. Оның қызметі жаппай қарсылықтармен қозғалыстар тудырды.

Өзінің бұрыннан Иран жерінде байланыстары бар Англия АҚШ-тың бұл жердегі беделінің өсуіне қарсы болды. Өз жағына ағылшындарды жақтаушыларды топтастырды. 1943 жылы ағылшынның отарлаушы өкіметі елге Палестинадан Сеид Зии-ад-Диннің келуіне көмектесті, ол келіп меджилисте өз фракциясын құрды. Сонымен қатар елде либералдық-ұлттық партия  «Иран»пайда болды және исламдық ұйымдар құрыла бастады.

Клеррикалық-ұлттық террорлық топ Федаяндар ( Исламның тазалығын жақтаушылар) өздерінің негізгі мақсаты етіп исламның жауларымен куресу және шетелдік үстемдікке қарсы күресуді қойды. Ислам үшін күрес партиясы пайда болды. Олардың негізгі мақсаты исламның елдің қоғамдық –саяси өміріндегі рөлін арттыру болды. Сонымен екінші дуниежүзілік соғыс аяғында Иранда барлық ағымдар келешектегі орың дамуына өз үлестері мен ықпалын тигізді.