АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Іс әрекет психологиясы. Ойын іс-әрекеті

Іс әрекет психологиясы. Ойын іс-әрекеті

       Адамның  психикалық  өмірінің  жан-жақты  дамуы  белгілі  әрекетпен  айналысуына  байланысты  болады.  Адам  өмір  сүру  барысында  өз  психикасын  түрлі   жолмен  жарыққа  шығарады.  Мәселен,  мектеп  жасына  дейінгі  бала  өз  психологиясын  ойын  арқылы  білдірсе, ересек  адам  өзіне  тән  ерекшеліктерін  еңбек  процесінің  сан  алуан  салаларында  көрсетеді.  Әрекет  дегеніміз  түрлі  қажеттіліктерді  өтеуге  байланысты  белгілі  мақсатқа  жетуге  бағытталған  процесс. 

         Адам  үшін  іс-әрекетінің  қашан  да  қоғамдық  әлеуметтік   мәні  зор.  Іс-әрекеттің  саналылығы  мен  мақсаттылығы,  жоспарлылығы  мен  жүйелілігі  оның  ең  басты  белгілері  болса,  алда  тұрған  міндетті  шешу,  яғни  ойлаған  істен  бір  нәтиже  шығару- оның  екінші  бір  басты  белгісі  болып  табылады.    Адам  психикасының  дамуында  іс-әрекеттің  шешуші  орнымен  қатар,  біз  сананың  да  күрделене  түсуіне  ықпал  жасайтынын еске  алуымыз  қажет.  Сөйтіп  санамен  іс-әрекеттің  бірлігі,  психиканың  іс-әрекет  үстінде  дамитындары  жайлы  мәселе  психологияның  басты  принциптері  болып  табылады.  Адам  әрекеті   сан  алуан. Оның  негізгі  түрлері: ойын,  оқу, еңбек  әр  уақытта  белгілі  бір  мақсат,  міндеттерге   бағытталып  огтырады.  Бұлардың  барлығына  тән  ортақ  қасиет  белгілі  қажетке  байланысты  туып  отыратындығы.  Сондай-ақ  жас  мөлшерінің  әр  кезеңінде  түрліше  көрінетіндігінде.

           Ойын- өмірдің  керемет  құбылыстарының  бірі.  Пайдасыз  болып  көрінетін  қажетті  іс-әрекет.  Психология  үшін  ойын  өте  қиын  әрі  маңызды  проблема  болды. Бала  ойынының  әр  түрлі  теориялары  бар.    Ойын  іс-әрекет  ретінде  тұлғаның  қоршаған  шындыққа  нақтылы  бір  қатынасын  көрсету  болып  табылады.  Әлемді  бейнелей  отырып,  оны  түрлендіру  қабілеттілігі- адам  ойының  мәні.  Адамның  бұл  қабілеттілігі  бірінші  рет  ойында  пайда  болады  және  ойында  қалыптасады.  Еңбекпен  байланыса  отырып,  ойын  одан  өзгеше  болады.    Адам  еңбек  ету  кезінде  өзіне  қажетті  әрекетпен  бірге  істегісі  келмейтін  әрекетті  де  жасайды.  Ал  ойын  кезінде  мұндай  жағдай  болмайды.  Ойын  әрекеті  бұл  тікелей  қызығушылық  тудыратын   әрекет.  Ойында  мақсаттары  маңызды  әрекеттер  ғана  жасалады.  Ойын  әрекеттері  түрткідегі, мотивтегі  әрекет  мағынасын  көрсетуі  керек.  Осы  өзінің  ерекшелігіне  байланысты  ойын, қажеттіліктердің  кездесуі,  оның  әрекетінің  мотивін білдіретін сұраулары және оның мүмкіншілігінің шектеулілігі арасындағы қайшылығы бар іс-әрекет болып табылады.

Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық  тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қарастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез – келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар – құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір – бірімен өзара қарым – қатынас жасайды. Ал мұның өзі оның дамуы үшін ерекше маңызы бар фактор екендігі түсінікті. Ойын баланың түрлі қасиеттерін дамытатынын, мұнда да баланың қабілеті, белсенділігі бір сыдырғы байқалатынын, А. С Макаренко өте жақсы көрсетті. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады.

Ойын адам әрекетінің бір түрі болғандықтан, оның да өзіне тән мотивтері болады. Еңбек үстінде адамның мақсаты мотивінің арасында келіспеушілік болуы мүмкін. Ойында бұл жағы болмайды. Еңбектің қандай түрі болмасын одан қоғамдық пайдалы өнім шығуы қажет. Бұл айтылғандар ойыннан талап етілмейді.

Баланың жасы өсумен қатар, ойнайтын ойынның мазмұны да өзгеріп отыратыны белгілі. Бала ойын үстінде дүниетанудағы өз мүмкіншілігін сезінумен қатар, айналасындағы адамдар мен лардың әрекетіне көңіл аударады, заттың ішкі мазмұнын білгісі келеді. Балалардың қиялын, ойлауын, сөйлеуін дамыту үшін түрлі ережелер мен ойнайтын ойындардың да үлкен дидактикалық мәні бар. Сондықтан тәрбиешілер мен ата – аналар бұл ойындарды белгілі талапқа сәйкес ұйымдастырып отырулары қажет. Мектепке түскеннен кейін бала ойынының мазмұны кеңейе бастайды. Мәселен мектепке дейін тұрмыстық ойындарды көбірек ойнайтын болса, енд» қоғамдық – саяси мәні бар, еңбек процесінің сан алуан жақтарын көрсететін сюжеттік ойындарды ойнауға ауысады. Адамдардың жай қимыл – қозғалысын көрсетуден гөрі бала олардың бір – бірімен қатынасын, сезімдері мен көңіл – күйлерін көрсетуге талаптанады.енді оқыған кітаптары, үлкендерден естіген әңгімелері баланың ойын мазмұнына кіреді.

Баланың дамуына іс-әрекетінің рөлі оте зор. Ол дамудың негізі. Іс-әрекетінің түрлері: ойын, оқу, қоғамдық пайдалы жұмыстар, көркем өнері іс-әрекеті, спорт т.б. Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты іс-әрекетінің салаларымен бірге олардың мазмұны, ұйымдастыру әдістері мен тәсілдері және мотивтері де өзгеріп отырады. Мұны әр түрлі іс-әрекеттерінің түрлерінен байқауға болады.

Мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларға тән және олардың құмартып кірісетін іс-әрекетінің бір түрі — ойын. Ойынның бірнеше түрлері бар. Оларға шығармашылық, ақыл-ой, спорт ойындары т.б. жатады.  Ойын — балалардың денесін, ақыл-ойын дамытудың сарқылмас көзі. Балалар «дәрігер», «мүғалім», «суретші», «құрылысшы-инженер», «теңіз кемесінің капитаны», «үшқыш», «космонавт» болып ойнағанда, олардың бейнесін есіне түсіреді,  әр маманның іс-әрекетіне тән ерекшеліктерін өздерінің түсінігі бойынша ескеріп, релін атқаруға талаптанады. Бұл жастағы балалар, әсіресе, геолог, теңіз кемесінің капитаны, космонавт болып ойнауды сүйеді және солардай болуды арман етеді. Мұндай шығармашылық ойындар айналадағы ортаны тануда балалардың ой-өрісін бірте-бірте дамытады. Ал өр түрлі ойындарды мамандыққа бағдар беру тұрғысынан қарастырсақ, онда олар балалар үшін келешек мамандықты танудың беташары болуы да мүмкін.

Балалар ойын процесіңде геологтардың рөлін атқару үшін өздерінің ойларын іске асыруға тырысады. Олар ойынның негізгі мазмұнын геологтардың іс-әрекеттерімен байланыстыра көз алдына былай елестетеді: бір топ геологтар Отанымыздың Каспий теңізі аймағына барып, жайғасты. Олар табиғат күшіне тотеп беріп, ауа райы аумалы-төкпелі белестерден өтіп, жергілікті коліктерді пайдаланып, қазба жер байлықтарын іздестіруде. Геологтар па-латкаларда түрып, түрлі қиыншылықтарды кездестіреді, мыса-лы, маса, шыбын-шіркейлермен күреседі. Балалар алға қойған мақсатын орындап, ойынды аяқтайды. Мүндай қиыншылықтарға мойымайтын тозімділік, батылдық, табандылық сияқты тұлғалық қасиеттер қалыптасады.

Ақыл-ой және спорт ойындары да баланы дамытудың басты себептерінің бірі. Ақыл-ой ойындары балалардың аңғарымпаздығын, ұғымталдығын, зеректігін дамытады, ойлау теориясына (салыстыру, ажырату, жинақтау т.б.) жаттықтырады. Спорт ойындары балалардың қайраттылық, шешімділік, өзін-өзі билеу, батылдық, ерлік, төзімділік сияқты моральдық қасиеттерін қалып-тастырады, денесін шынықтырады.

Мектеп жасындағы балалардың жан-жақты, үйлесімді дамуының негізгі көздері оқу, қоғамдық пайдалы жұмыс, көркемонер және спорттық іс-әрекеттері деп жоғарыда айтып кеттік.

Мектептерде оқушылардың дене шынықтыру сабақтары мен түрлі спорт, іс-әрекеттерін ұйымдастырып жүргізудің өзі мұғалімдер ұжымдарының тол ісіне айналды. Сабақ барысында оқушылар теориялық білім алады, түрлі гимнастикалық жаттығуларга үйренеді. Оқыту барысында берілетін дене тәрбиесі оқудан тыс уақытта жүргізілетін дене шынықтыру және денсаулықты жақсарту жұмыстарымен толықтырылып отырылады. Осындай өзара байланысты спорт іс-әрекетінің барысында бала әрі қайратты, әрі әдемі болып өседі. Сонымен бірге оның эстетикалық талғамы және адамгершілік қасиеттері қалыптасады, дене шынықтыру сабақтарында жауапкершілігі артады, еңбек қызметіне және Қазақстанның Қарулы Күштеріне келешек қызмет етуге дайын болуды қажеттілігіне саналы түрде түсінеді.

Жалпы білім беретін мектептерде кеңінен тараған спорттың түрлері бірнеше секцияларға бөлініп жүргізіледі. Оларға волейбол, баскетбол, бокс, күрес, шаңғы, коньки, турист, шахмат, дой-оы, акробатика, спорт және көркем гимнастика, ескекті жеңіл қайық, бадминтон т.б. секциялары жатады.

Қазіргі кезде спорт жүмыстарын одан әрі жетілдіру басты міндеттердің бірі болып отыр. Бұл міндеттер жастарды физкультура мен спортқа кеңінен қатыстыру үшін оқу орындарының, спорт қоғамдарының, кәсіпорындардың қолда бар базасын, қай ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, нығайтып, неғүрлым тиімді пайдалануды талап етеді.

Барлық іс-әрекеттерінің процесінде баланың қоршаған дүниеге көзқарасы қалыптасады, ол адамдармен қарым-қатынас жасайды. Оның нәтижесінде бала бағыну мен басшылық және жауапкершілік принциптеріне, немқұрайдылық пен қамқорлыққа, қызығушылық пен парықсыздыққа түсіне бастайды.

Іс-әрекеттерінің процесінде баланың, мысалы, біреуді үнату немесе жек көруі, бір іске қызығушылығы немесе одан жиіркенушілігі, іс-әрекеттерінің нәтижелеріне талдау мен бағалау және сын көзімен қарау сияқты эмоциялық жағы да дамиды. Демек, адам өз бойындағы бір динамикалық стереотипті бұзып, екіншісіне көшкенде осындай эмоция туады. И.П.Павлов «Динамикалық стереотипті жасап және демеп отырғанда, ми жарты шарындағы нерв процестерін — өзінің екі негізгі категориясында ұнамды, ұнамсыз және толып жатқан градациялық күшпен өтіп жатқан сезімдер деп ойлау керек» — деді.

Сонымен педагогикалық тұрғыдан жете ұғынып тиімді ұйымдастырылатын оқу мен тәрбие іс-әрекеттері оқушылардың адамгершілік қасиеттерін, ынтасы мен бейімділігін, қабілеті мен дарындылығын үнемі дамытып отырудың зор қазынасы.

Ойын – бала әрекетінің бір түрі, адамзат мәдениетінің қазынасы. Ұлы педагогтер, ғалымдар баланы тәрбиелеудегі ойын рөлін жоғары бағалаған. Балаа  ойын арқылы өмірге енеді, табиғатпен, қоршаған ортамен қарым – қатынасқа түседі, атынм – түсінігін арттырады,  еңбек ете білу дағдысы қалыптасады.

Психологтар мен педагогтер ежелден – ақ ойын мәселесіне өз назарын ударғанымен, тек ХІХ ғасырдың аяғында ғана ойын арнайы зерттеу пәніне айналды. К.Гросқа дейін итальян оқымыстысы Д.Колоцца балалар ойыны туралы материалдарды жүейге келтіріп, ойынның педагогикалық, психологиялық маңызын ашуға әрекет жасады. Ал ғалым – психологтер К.Гроос, Э.Клапаред, А.Диваев, Р.Гаупп, Н.Виноградов, В.Вахтерев және т.б ойын теориясын құрастырды және ойын мәселесін көтеріп, іс — әрекеттің маңызды түрі ретінде оның теорияық, әдіснамалық негізін ашты.

Ойын мәселесінің кең, жан – жақты, салалы зерттелуіне, ойынды топтастыру, жүйеге келтіру, жинақтау, дамыту, ойын түрлері, технологиясы, әдістері көптеген ғылымдар саласында: әлеуметтік, этнопедагогикалық, философиялық, педагогикалық, психологиялық, дидактикалық т.б. тұрғыдан қарастырылғанына қарамастан, әлі толық шешімін таппаған. Сондықтан бүін ойын әрекеті түрлерінің бірі – іскерлік ойындарға, оның педагогикалық мәніне, жеке тұлғаның танымдық белсенділігін қалыптастырудағы мүмкіндіктері жайлы тоқтала кетпекпіз.

Кеңес Одағының іскерлік ойындар алғаш рет әлеуметтік – экономикалық міндеттерді шешу үшін қолданылды. 1932 жылы Ленинград инженерлік – экономикалық институтында М.Бирштейннің басшылық етуімен Лигов машина зауытының іске қосылуын көрсету үшін іскерлік ойыны өткізілді.

Бұдан кейін іскерлік ойындар 1950 жылдары экономикалық қатынастар, 1960 жылдары басқару және педагогика саласында тарады. Ол ойын түрлері Н.Грейф, Р.Уорфорд, Г.Шедровксий еңбектерінде дамыды.

Г.Шедровский анықтамасына сәйкес іскерлік ойындарды төмендегідей тұрғыдан түсінген жөн: а) қоршаған ортаға ерекше қатынас (әрбір ойынға қатысушы оның нақты ортадан басқа арманына сәйкес қиял ортасы қатар өмір сүреді. Осы жағдай жеке тұлға үшін қызығу мен ойын құндылығын туғызады; ә) ойынға қатысушылардың субъективті іс — әрекеті (әрбір ойынға қатысушы өзінің білімділігін көрсету үшін ең жағымды жағдай қамтамасыз етіледі. Ойыншының өз «Менін» тек қана ойын жағдайына ғана емес, сонымен қатар тұлғалар арасындағы қатынастардың барлық жүйелерінде көрсетуге мүмкіндік береді); б) іс — әрекеттің тапсырма түрінде берілуі (ойынның енжарлық күйде емес, белсенді қатынас негізінде «жеңісті» ұтыс  бағытында ойналуы), б) түсінуідің ерекше мазмұндылығы (ойынға қатысушыларда теоиялық, әдісткемелік тәжірибелік білім мен дағды қалыпты жағдайда қабылданылуымен, көлемді ақпаратты есте сақтауға мәжбүр етпейтіндігімен анықталады); г) өмірді ұйымдастырудың әлеуметтік – педагогикалық түрі (ойын үрдісінде әлеуметтік тәртіптің белгілі бір нышандары іске асырылады).

Іскерлік ойын – бұл оқытуды ұйымдастыру формасы, ол мұғалімнің басқаруымен, оқушылардың өзіндік ұйым дастырушылығымен жоспарланған ойын сценарийі арқылы мақсатты бағытының негізінде жүзеге асырылады.

Білім беру тәжірибесінде оқытудың ойын формасы оқытудың тәжірибелік бағыттылығын мақсат тұтатын іскерлік ойындар арқылы игергенбілімдерін шығармашылықта қолданады және бекітеді. Оқу үрдісінде іскерлік ойындардың мына түрлері қолданылады: рөлдік, операциялық, ұйымдық іскерлік ойындар.

Іскерлік ойындарының негізгі педагогикалық мәні мынада: оқушылар дың ақыл – ойын дамыту, ойлауды жандандыру, танымдық белсенділігін қалыптастыру, оқыту үрдісіне шығармашылық рух енгізу.

Іскерлік ойынның негізгі белгілері мынаған саяды:

  1. Шешімін күтетін мәселелерінің болуы
  2. Әлеуметтік, кәсіптік және оқу міндеттерін ойын жағдайында моделдеу.
  3. Ойынға қатысушылар арасында рөлдерді бөлу және рөлдеріне сәйкес белсенді өзара әрекетімен және мұғаліммен байланысының болуы.
  4. Ойынға қатысушылардың ортақ мақсаттарының болуы және ұжымдық шешімін шығаруы.
  5. Шешімдердің көп нұсқалығы.
  6. Ойын соңында талдау жасу.
  7. Қатысушылардың жоғары эмоционалдық күйі.

Әдетте ойын элементтерінің екі түрі қолданылады: 1) белгілі бір мәселені шешуге бағытталған жалпы танымдық тапсырмалар (міндеттер); 2) арнайы тапсырмалар.

Іскерлік ойындарын өткізудегі мұғалімнің міндеттері мыналар:

  • белгілі бір мәселеге, материалға қажетті иллюстрацияларды іріктеу;
  • дидактикалық материалдар дайындау;
  • әр оқушыға тапсырма беру;
  • оқушыларды рөлге, топтарға бөлу;
  • міндеттерді белгілеу;
  • мүмкін болатын жауаптар туралы ойлау;
  • оқушылардың қызығуы ояту.

Іскерлік ойындарының тәрбиелік міндеттерді шешуде үлкен үлесі бар: 1) танымдық: ойын барысында оқушылар сынып жұмысын ұйымдастырып, өздерінің жеке міндеттерімен танысады; 2) тәрбиелік: іскерлік ойын барысында ұжымдық түсініктері қалыптасып, әрқайсысының ойынға қатысу дәрежелері анықталады, жалпы міндеттерді шешуде өзара қарым – қатынастары білінеді, барлық сұрақтарды ұжымдық талдау барысынды сыншылдық, ұстамдылық, басқаның пікірін түсіну, ілтипат көрсету қалыптасады; 3) дамытушылық: ойын үстінде қисынды ойлауы дамиды, берілген сұрақтарға жауап іздеуге қабілеттері, сөйлеу мәдениеті, пікірталасқа қатысу білігі дамиды.

Іскерлік ойындарды ұйымдастыруда мынадай психологиялық – дидактикалық жағдайларды көрсетуге болады:

  • белсенділік – ойын барысындағы оқушының дене және интеллетуалдық күштерінің белсенді көрінісі, бұл ойын әрекетінің негізгі ұстанымы болып табылады;
  • рөлдерді орындау – адам әрекетінің ойын негізінде моделденуі және қайта жасалу құбылысын көрсетуі. Рөлдерді орындаудың дидактикалық құндылығы оқушылардың кәсіби даярлығына бағдарланушылығы болып табылады;
  • ұжымдық сипаты – оқушылардың ойын топтарына бөлінуі. Ойынның ұжымдық сипаты негізінде оқушылардың өзіндік қарым – қатынасы, достығы, ұйымшылдығы, өз ойларын айту, пікірлесу сияқты жағымды қасиеттері дамиды;
  • кері байланыс – оқушы өзінің әрекетін өзі басқарып ойын барысында тікенлей әсер етеді;
  • мәселелік – ойындағы ойлаудың қисынды психологиялық заңдылықтарын көрсетеді;
  • нәтижеге жету – ойын әрекеті негізінде белгілі бір мақсатқа жету, міндетті орындау;
  • сайыс – ойындарға белсене қатыса отырып оқушылардың нәтижеге жетуге ұмтылысы түрінде көрінеді.

Іскерлік ойындарының негізгі міндеттері мынадай болады.

  1. Оқылған материалды еске сақату және терең ұғынуға жағдай жасау.
  2. Дұрыс щещім қабылдау және жағдяттарға баға беру білігін қалыптастыру.
  3. Қабылданған шешімді жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыру.
  4. Шығармашылығын дамыту.

Іскерлік ойынды өткізудің кезеңдері төмендегідей түзіледі.

1 – кезеңде: мұғалімнің тақырыпты таңдауы, мақсаттар мен міндеттерді белгілеп, күтілетін нәтижесін болжауы, құрылымын анықтау, сыыныптағы ойынға қатысушылардың рөлдік қызметіндегі қасиеттерін ескеру, ойын барысындағы әсер етуші жағдайларды зерттеу.

2 – кезеңде: соңғы оқу материалдарын талдау, мәслені шешудің әдіс – тәсілдерін талдау. Тиімді әдістемені таңдап алу және оны ойша қолдануға шығармашылық өңдеу, сценарийді дайындау, рөлдерге бөлу.

3 – кезеңге: мұғалімнің оқушыларды іскерлік ойынның сцеарийімен, мақсатымен, мазмұнымен таныстыруы, ойынды ұйымдастыруы, оқушылардың рөлдік қызметтерін орындауы, мұғалімнің, оқушылардың ойынды басқаруы, ойын барысын, нәтижесін талдау, мұғалімнің қорытынды жасауы жүзеге асырылады.

Іскерлік ойындардың әлеуметтік мәні мынада: белгілі бір міндеттерді шешу барысында білімдерді меңгеру белсенділігін ғана арттырып қоймайды, сонымен қатар күрделі шешімдер қабылдай білуге үйретіп, ұжымдағы өзара қарым – қатынасты дамытуды көздейді. Ең бастысы, қандай да болсын ойын түрлері арқылы адам баласы қоғамдық тәжірибені меңгереді, психикалық қасиеттері мен танымдық ерекшеліктері қалыптасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     Пайдаланылған  әдебиеттер:

  1. Лубовский В.И . Специальная  психология. —   М. 2007
  2. Выготский Л.С.   Собрание сочинений. — М.1984.  Т.5.
  3. Выготский Л.С.   Проблемы  дефектологии. — М. 1995.
  4. Власова Т.А., Певзнер М.С. Дети с отклонениями в развитии.-М.1973
  5. Дефектология: Словарь-справочник / Авт.-сост. С.С. Степанов; под.ред. Б.П. Пузанова.-М., 1996.
  6. Коррекционная педагогика: Основы  обучения и воспитание детей с отклонениями в развитии: Учебное пособие для студ.сред.учеб.заведений/  Под.ред. Б.П. Пузанова.-  М.,1998.
  7. Петрова В.Г., Белякова И.В.  Кто они, дети с отклонениями  в развитии? — М., 1998.