Жоспары
- Кіріспе
Ислам діні дегеніміз не?
- Негізгі бөлім
- Ислам қоғам өмірінде
- Пайғамбарлар және олардың уағыздары
- Ислам түсініктері
- Ислам мәдениеті және өркениеті
- Ислам мәдениетіндегі зиянды ағымдар
- Қорытынды бөлім
- Қолданылған әдебиеттер тізімі
Ислам дегеніміз не?
Мұсылмандардың сенімінде Ислам адамзатқа жіберілген соңғы илаһи дін. Осы тұрғыдан адамды жетілдірген және құтылуға қол жеткізген тамаша негіздерді қамтиды. Яғни, өткен замандарда бұрынғы пайғамбарлар тарапынан жүздеген жылдар бойы жіберілген «бұрынғы уахидің» бүкіл жолдарын және көріністерін исламнан көруге болады.
Аллаһ алғашқы адамның жер бетінде пайда болуымен қатар адамзатқа тура жол көрсету үшін елшілерін (пайғамбарлар) жіберген. Бірақ, адамдар уақыт өте келе және әр түрлі себептермен Алланың көрсеткен «тура жолынан» тайып, басқа жолдарға бет бұрған. Адамзатты қайтадан «дұрыс және тура жолға» түсіру мақсатында адамзатқа жіберілген соңғы пайғамбар Мұхаммед, соңғы илаһи Кітап – Құран, ал соңғы қасиетті хабар Исламият болып табылады.
Кең пейілді Аллаһ Құранда өзі риза болған және қабылдаған жалғыз дін Ислам діні ислам діні екендігін айтады: «Алланың қасында шынайы дін Ислам. Сондай Кітап берілгендер, өздеріне мәлімет келгеннен кейін араларындағы күншілдіктен ғана талас-тартысқа түсті. Кім Алланың аяттарына қарсы келсе, күдіксіз Алла тез есеп көруші. Кім Исламнан басқа дін іздесе, әсте одан қабыл етілмейді де ахиретте зиянға ұшыраушылардан болады.» (Әлі Ғымран, 3/19,85)
Сондықтан, илаһи діндердің ортақ атауы – Ислам. Яғни, Ислам басынан бастап соңғы пайғамбар Мұхаммедке дейін барлық пайғамбарларға берілген ортақ илаһи хабар және адамзаттың алғашқы және соңғы діні.
Дәуіт, Мұса және Иса пайғамбарларға уахи етілген алдыңғы үш илаһи кітап Зебур (псалтырь Давида), Тәурат және Інжіл уақыт өте келе ұмтылып, адамдар тарапынан өзгертілген. Яғни, қазіргі кездегі Тәурат және Інжілдер кейбір дін адамдарының сөздерімен толықтырылып, кейбіріне қарсы көптеген пікір айтылған, сол туралы сенімдер мен түсініктемелер де бар. Оларда кейбір пайғамбарлар тіпті ауызға алынбайтын түсініктемелер мен оқиғалармен бірге кейбір әзиздер мен Қасиетті Кітапты жазушылардың өмірі туралы хикаялар және пайғамбарлар жайында әңгімелер де орын алған.
Кітабы бұзылып өзгертілген болса, шүбәсіз дін де бұзылып өзгертіледі.
Олай болса, Ислам тікелей илаһи уахиге негізделеді. Ал, илаһи уахи илаһи сөздерді қамтитын беттер және кітаптармен түрленеді. Илаһи кітаптардың соңғысы Мұхаммед Пайғамбарға уахи етілген Құран болып табылады.
Құран әрі жазбаша әрі ауызша түрде үйретіліп сақталған. Осы күнге дейін бір сөзі де, тіпті түсініктемесі де еш өзгертілместен, түпнұсқасы күйінде оқылып келген және өзі арқылы ғибадат етілген. Құранның субъектісі Аллаһ, тұлғасы – адам және қоғам, ал объектісі – құлшылық пе иман. Сондықтан, Ислам және оның негізі болып табылатын Құран бір жағынан адамның Алламен байланысын және қарым-қатынасын, екінші жағынан адам-қоғам байланысын реттеуді мақсат етіп ұсынады. Бүкіл адамзатқа бағытталады; белгілі бір тарихи оқиға немесе кезеңмен шектелмейді не болмаса белгілі бір адам қауымына тәе емес.
Ислам уағыздары жалпыға бірдей. Мейлі сенсін, мейлі сенбесін, қаласа сенбеген жағдайда сенген сияқты болып көрінсін; Яғни, мүмин болсын немесе кәпір және мүнафык (исламды қабылдаған сияқты болып көрінгенмен, оған сенбейтін адам) болсын, адамзаттың барлығы Ислам дінінің адамы. Сонымен бірге оны басынан өткізген әрбір адам мұсылман болып табылады.
Исламият – адамзат тарихында жіберілген илаһи діндердің ең жетілгені және ең соңғысы. Бүкіл адамзаттың діні; бүкіл адамзаттың рух және дене тұрғысынан жетілуін, алаңсыз өмір сүруін және бақытты болуын, дүниелік және ақыреттік өмірде азат болуды мақсат тұтады.
Ислам пайда болған күннен бастап, жолынан адасқандарға, әлеуметтік, экономикалық және мәдени проблемаларға байланысты шарасыз күйге түскендерге нұрландырушы, тыныштық және бақыт әкелуші бұйрықтарын ұсынған; ауруларға шипа, адасқандарға дауа болған. Сол себептен адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған қарқынмен әлемнің түкпір-түкпіріне таралған; ірі мәдениет пен өркениет ошақтарының пайда болуына түрткі болады. Осы орайда, ислам мәдениеті шығыс және батыс мәдениеті мен өрениеттерінде өз таңбасын қалдырды деуге болады.
Орта дәуір кезеңдерінде Арап түбегінің солтүстігі мен шығысын басып алу әрекеті Хижаз аймағында өмір сүретін белгілі бір мөлшердегі сахабалардың (Пайғамбарымызға сеніп, оның сұхбатына тым болмағанда бір рет қатысып, оны көзімен көрген мұсылманды айтады) әр түрлі елдерге таралуына себеп болды. Олардың арасындағы ғалым сахабалардың саны көп емес еді. Бірақ ғалым сахаба болсын немесе қарапайым сахаба болсын, олар барған жерлерінде адамгершілігімен үлгі болды, әр түрлі әлеуметтік ортаға және оқушыларға кез болды. Адамдар кейбір сұрақтар мен мәселелердің шешімін таба алмағандықтан, оларға келіп, маңайларында тыңдаушылар ортасын қалыптастырды.
Міне, осы жағдайлардың табиғи нәтижесі ретінде алғашқы екі жүз жылда ірі ғылым орталықтарында Исламияттың бұйрықтарын жүзеге асыруда, түсінігін қалыптастыруда және жорамалдауда айырмашылықтары бар және «мезхеп-партиясы» деп аталатын бірнеше саяси, діни және философиялық мектептер құрылды.
Шапқыншылықтардың нәтижесінде Ислам мемлекетінің қарамағына кіретін елдерде әр сала бойынша қайта құру іс-шаралары байқалды. Әсіресе, Парсы және Византия мемлекеттерінің билігіндегі Сирия, Мысыр, Ирак және Солтүстік Африка сияқты аймақтарда, Түркістан және Қорасан секілді елді мекендерде жаңа дін мен ескі мәдениеттер қақтығысқа ұшырады. Бұл қақтығысулар және шиеленісулер, қоғамдану және таралу оқиғалары жаңа және шиеленіскен бір діни мәдениеттің пайда болуына түрткі болды.
Осыған орай, басқыншылардың әрекетін, Ислам және мұсылмандар тұрғысынан жаңа хабардың және мәдениеттің адамзатқа берілуін әр түрлі діндер, мәдениеттер және өркениеттер арқылы берілуі ретінде бағалауға болады.
Ислам қоғам өмірінде
Исламият жеке тұлға және қоғамның құтқарушы хабары болып табылады. Ақыс-ес және аңыздық дәлелдерге негізделген иман, кең пейілді Аллаға жасалған ғибадаттар арқылы адам жүрегін және ойларын жамандықтардан тазартып, қоғамға да бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүру мүмкіндігін ұсынады.
Ислам ойлауды, іздестіруді және үйренуді бұйырады. Ақыл мен ғылым негіздеріне сүйенеді.
Ислам – жүйелі және әлемдік өркениет діні. Жұмыс істеп, табысқа қол жеткізуді бұйырады. Басқарудың халық елшісіндегі нәрсе екендігіне сүйенеді, ал үкімет халық егемендігінің өкілі болып саналады. Бұл тұрғыдан алғанда заңдар барлығы үшін бірдей тең түрде жүзеге асырылады. Қоғамдық өмірде көмек беруге және қолдау көрсетуге, әділеттілікке және кеңес беруге мән беріледі.
Ислам рух және дене арқылы жетілген, көзі ашық, саналы, адамгершілікті және тәрбиелі қоғамның қалыптасуын қалайды. Ал осындай бір қоғамның бұ дүниеде және ақыретте бақытты болуын қамтамасыз ету болса, оның соңғы мақсаты.
Исламият түсінуге жеңіл дін. Сенім, ғибадат және мораль негіздері бойынша да қарапайым және жалпыға бірдей. Мұсылман болуды, Алланың бар екендігін және жалғыз екендігін растау негізіне сүйенеді. Алланың бар және жалғыз екндігіне иман еткен, Хз. Мұхаммедтің пайғамбарлығын қабылдаған, оны растайтын әрбір адам «Мұсылман» сипатына ие болады.
Исламият – монотеизм діні; әлемнің және бүкіл жаратылғандардың Жаратушысы – Аллаға сену; бұ дүниедегі өмірдің өтпелі және ақыреттегі өмірдің мәңгілік екндігін, Алла алдында есеп беру, Кітап, Мизан (бұл дүниедегі жақсылықтары мен жамандықтарының таразыға түсуі), Жәннат және Жаһаннамның ақиқат екендігін қабылдау, илаһи бұйрықтарға және тыйымдарға мойынсұну, барлығына бірдей әділеттілікпен қарау негіздері бойынша құрылған. Яғни «Kelime-i Tevhid»-ті мойындаған және құптаған әрбір адамзат баласы ислам дініне кірді және мұсылман үмбеттің жеке тұлғасы болды деп есептеледі. Сонымен қатар адамдық жауапкершілік жүктелген және құлшылық ету міндетін қабылдаған болады.
Исламият – соңғы дін. Сенім, ғибадат және мораль негіздері бойынша жалпыға ортақ; сондықтан бүкіл адамзаттың діні болып есептеледі. Құранда былай деп бұйырылады: «(Мұхаммед Ғ.С.): Әй адам баласы! Мен барлығыңа алланың елшісімін; Ол сондай Алла, жер мен көктің иелігі оған тән. Ол тірілтеді де өлтіреді. Аллаға және Алланың сөздеріне сенген, жіберілген сауатсыз Пайғамбарға иман келтіріңдер. Және оған еріңдер, әрине тура жол табасыңдар»де.» (Ағфар сүресі, 158).
«Ей, Мұхаммед! Сені біртұтас адам баласына қуандырушы, қорқытушы етіп қана жібердік. Бірақ адамдардың көбі түсінбейді.» (Сәбә сүресі,28).
Осы ерекшеліктері себебінен ислам дінінің үкімдері қиямет күніне дейін күшін және жарамдылығын сақтайды. Соңғы дін болғандықтан да оның үкімдерін жоятын басқа дін болмайды.
Пайғамбарлар және олардың уағыздары
Кең пейілді Аллаһ бұйрықтарын адамдардың арасынан таңдап алған «пайғамбар» арқылы таратты. Алғашқы пайғамбар Адамнан кейінгі тарихи кезеңде аттары белгілі және белгісіз көптеген пайғамбарлар келді. Соңғы рет Ислам діні туралы баяндау және үйрету міндеті пайғамбар Мұхаммедке берілді.
Пайғамбарлар – Алланың бұйрықтарына сай өмір сүру түрін жеке тұлға және қоғам деңгейінде құру міндетін мойнына алғандар. Олар Аллаға және ақырет күніне сенетін, жақсылықты насихаттайтын және жамандықтан қорғайтын «Қоғам» қалыптастыру үшін әрекет еткен.
Пайғамбарлар Алланың елшілері. Аллаһ тарапынан іріктеліп алынады және қажеттілікке қарай міндет жүктеледі. Яғни, кең пейілді жаратушы әр түрлі ұлттарды тек өзіне ғана сенуге және бой ұсынуға, басқа адам қауымдастықтарымен жақсы қарым-қатынаста болуға және бейбітшілікте өмір сүруге уағыздау үшін пайғамбарларды жіберіп отырған.
Мінекей, Мұхаммед осы пайғамбарлардың ең соңғысы болуымен қатар оның әкелген Исламдық діни хабары алдындағы пайғамбарлардың хабарының орнын алды. Ол Орта дәуір кезеңінде «Ислам төңкерісін» жүзеге асырып, әлемде «үлгілі үмбет қоғам» қалыптастырғаннан кейін өмірімен және адамдарымен қош айтысады.
Мұсылман дегеніміз – «Алладан басқа илах жоқ және Мұхаммед Алланың елшісі»,- (шахадат калимасы) деп айтқан адам. Осы сеніммен бірге мұсылман тең құқық пен жаупкершілікке ие қоғам мүшесі болып табылады. Жауапкершіліктерінің ең бастысы Аллаға иман ету және бұйрықтарын егжей-тегжейлі білуі керек. Бұл сонымен бірге, адамның жаратылу мақсаты мен өмірде болуының себебі. «Адамдарды және жындарды бізге құлшылық етсін деп жараттық» (Зәрят сүресі, 56)аяты осыны үйретеді.
Аланың бұйрықтары адам өмірін бар жағынан қамтиды және түрлендіреді. Тәңірі – адамның қарым-қатынасын, сенім, ғибадат және ахлак негіздерін анықтайды. Кең пейілді Алланың Хз. Мұхаммедке жіберген уахилерінің рет-ретімен жинақталған түрі болып табылатын Құран Кәрім сенім, ғибадат және ахлак негіздерін егжей-тегжейлі түсіндірген. Ал Хз. Мұхаммедтің сүннеті осы негіздердің өмірге үйлесімділігін қамтамасыз еткен және «Мүминдер қоғамына» қатысты үлгісін жан-жақты қалыптастырған. Яғни, сүннет Құранның түсініктемесі, Исламның түсініктемесі және жүзеге асырылуы.
Осылайша Құран және Сүннет мұсылман қоғамының діни негіздерінің, қасиетті мәтіндерінің пайда болуына әсер етті. Ал мұсылман ғалымдар бұл екі негізде орын алған шындықтарды реттеген және жүйелеп бөлген, түсініктеме берген және түсінуге болатындай тілде адамдарға ұсынған.
Ислам әкелген иман, ғибадат және ахлак негіздері біртұтас, бір-бірін толықтыратын сипатта. Сенім болмаса ғибадат түсінігі болмайды. Ғибадаттың әсерлі және пайдалы болуы да алдымен мүминнің адамгершілігіне байланысты. Ал ахлактың негізі – сенім, ғибадат және қайырымды іс-әрекет. Мұсылман адам, міне, осы үш құндылыққа бірдей ие. Кең пейілді Алла Аср сүресінде былай деп бұйырады: «Заманға серт, негізінен адам баласы зиянда. Бірақ сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендер, бір-біріне шындықты үгіттесіп, сабырды үгіттескендер; олар зиянға ұшырамайды.» (Ғасыр сүресі).
Осыған орай, сенім және ғибадаттың ахлакпен теңестірілуі, қайырымды істермен нығайлылуы керек. Сондай-ақ, дін мүминнің шын ықыласпен және иманмен кең пейілді Алланың бұйрықтарына берілуін түсіндіреді.
өзіндік ерекшелігі бар Ислам кезеңінде барлық нәрсе Құран арқылы мәнді және «Ислами» сипатқа ие болды. Құран Кәрімнің жеке адамдар мен қоғамға әкелгендері егемен (тәуелсіз) болып есептеледі. Саясаттан басқаруға, саудадан экономикаға дейінгі әр іс ислам дінінің адамзатқа әкелген құндылықтардың арқасында жүзеге асырылады.
«Бақыт кезеңінде» мұсылман қауым Алланың Кітабы және Пайғамбардың Сүннетінің жетекшілігінде мәселелерді шешуге, бірлік пен тұтастықта өмір сүруге тырысты. Ислам Пайғамбарды Хз. Мұхаммедтің оларға қалдырған «тәжрибе мирасы» немесе «тәжрибе аманаты» араларындағы түсініспеушіліктерді және проблемаларды даусыз жолдармен нәтижелендіруде «үлгі» етті және «негіз» болды.
Сондай-ақ, «лә илаһа иллаллаһ мұхаммедән расулаллаһ» негізіне сүйенетін дін уағызының арқасында қалыптасқан «дін және сенім туыстығы» — олардың әлеуметтік, экономикалық, мәдени тұрғыдан өмір жолдарын реттейтін, тыныштықта және сенімділікпен өмір сүрулерін қамтамасыз ететін тағы бір фактор еді.
Сонымен бірге, олардың өмірінде жан-жақты әсерін тигізетін салт-дәстүрлер, ескі сенімдер мен әдеттер сияқты маңызды нәрселер де уақыт өте келе «Ислам негізінде» ысылып, соның ішінде үндестік тапқан және олармен біте қайнасып кеткен. Бұлар нәтижеде не ислами не исламнан басқа нәрсе емес, бірақ «исламданған» немесе «исламдандырылған». Яғни жергілікті және мәні жоқ ерекшеліктерін исламға енгізіп, өмір сүретін элементтер.
Мұсылман халықтардың мәдениеті мен өркениеттерін қарастыратын болсақ, Аср-ы Саадеттен (Бақыт Кезеңі) кейінгі мұсылман топтардың және қоғамдардың негізінде «исламданған» сипатында болғандығы байқалады. Яғни, Хз.Мұхаммед және Үлгілі басқарушылар (Hulefậ-i rậşidin) кезеңіндегі саф (таза) және дара сенімді мұсылман қоғамның орнын жергілікті және салт-дәстүр ерекшеліктері, мәдени құндылықтарын ислами қалыпта өмір сүрдірген «Исламданған қоғам» басты.
Бұл жағдай «Жалғыздық кезеңіндегі» саф ислам түсінігі және өмір сүру түрімен «Аралас кезеңдегі» «дәстүрлі ислам түсінігі және өмір сүру түрі» арасындағы айырмашылыққа байланысты.
Хз. Мұхаммед қайтыс болғаннан кейін (632) мұсылман қоғам «саяси күреске» аяқ басты, «үкімет болу» күресін басынан кешірді. Алғашында мұсылман қоғамды басқаратын кісінің «жеке басы» мәселесінде түсінбеушілік болды. Кімнің мемлекет басшысы болатыны және саяси күштің кімнің қолына берілетіндігі жөніндегі мәселелерде пайда болған осы алғашқы түсініспеушілік басынан бастап осы күнге дейін мұсылмандар арасында әлеуметтік, мәдени және ұлттық бөлінулерге себепші болды. «Ехл-и Суннет», «Хаваридж», «Шиа» т.б. атаулармен аталатын және әр түрлі тақырыпшалармен түсіндірілген «діни-саяси қалыптасулар» (мехзептер) мен әр түрлі саяси түсініктер пайда болды.
Сол кездегі мәдениет пен өркениетті де «исламданған» сөзі арқылы түсіндіруге болады. Әлеуметтік және қоғамдық тұрғыдағы исламдану қоғамдық және ұғымдық, ой және пікір тұрғысынан исламданумен бірге келді. Мысалы, халифат басқаруынан исламның өзінде болмаған басқаруға өтті.
Сасанид және Византия империяларының бірнеше басқару және саяси ұйымдары алынды, уақыт өте келе «исламдандырылды». Бұған мысал ретінде уәзірлікті және т.б. алуға болады.
Мұсылман мемлекеттердің ұлғаюына және дамуына параллель ислами дәстүр, бір жағынан жаңа мұсылман қоғамдары арасында дамыса, бір жағынан жергілікті салт-дәстүрлер және әр түрлі мәдениеттердің ықпалында болды. Ислам әсіресе жаулап алу кезеңдерінде көп бағыттағы мәдениет ортасында болды. Бірақ, ислам дінінің дәстүрі әр түрлілігіне және ықпалдарға қарамастан, әр кезеңде белгілі бір тұтастықты сақтады. Мұсылмандарды жүздеген жылдар бойы қиын жағдайда қалдырмаған және жоғары мәдениет құруларын қамтамасыз еткен де, міне, осы діни бірлік болды.Өйткені, ислам мәдениеті мен өркениеті барлық жерде жергілікті құндылықтарға немесе салт-дәстүрлерге кез болды, бірақ оларды өзіне бағындыра алады.
Бүгінгі таңда мұсылмандардың саны бір жарым миллиардтан асады. Бақыт кезеңінен (Асыр-ы Саадет) келген ислами мәдениет және өркениет мирасы мұсылмандардың барған жерлерінің барлығында көрініс тапты және ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырды. Ислам тарихына, өнеріне және әдебиетіне қатысты және әр түрлі тілде жазылған шығармалар да ортақ мәдениет пен ғылымның негіздерін құрды.
Нәтижеде исламның басты негіздері ешқандай өзгерістерге ұшырамай, осы күнге дейін келіп жетті.
Сонымен, ұрпақтан ұрпаққа берілген исламның діни және мәдени құндылықтары, яғни ислами түсінік және соған қатысты өмір сүру түрі уақыт өте келе және жергілікті ықпалдардың нәтижесінде маңызды айырмашылықтардың туындауына себеп болды.
Мұсылман қоғамдарда өзгеше бір мәдениет дәстүрі өмір ұғымын қалыптастырды. Міне, ерекше айырмашылықтары бар осы мәдениет дәстүрі және өмір сүру түрі «дәстүрлі исламды» қалыптастырды. Жаңа мұсылман қоғамдар да осы жаңа дәстүрлі мәдени ортада дамып жетілді.
Ислами дәстүр бұл жаңа мұсылман болған қауымдарда басқа мәдениет дәстүрлеріне кез болып және онымен біте қайнасып, ықпалдасу фактісін басынан өткізді.
Ислами түсініктері
Мұсылмандық «дін» түсініктері мәдениет дәстүрі және өркениет түсінігі сипатына ие болды. Яғни, ислами дәстүрдің «діни түсініктері» «діни өмір» түрінде пайда болды. Ислам мәдениеті де әр түрлі ұлттық және жергілікті мәдениет дәстүрлері тіл, ауа райы және тарихи жағдай айырмашылықтарында түрленіп дамыды. Яғни, ислам мәдениеті мұсылман халықтардың ортақ мәдениеттерінің біріккен өнімі және Атланта мұхитынан Үнді мұхитына дейінгі жерлерде өмір сүретін мұсылман қауымдарды біріктіріп өкілдік ететін түбегейлі және ауқымы үлкен бір мәдениет болып табылады.
Ұзақ жылдар бойы тамаша және ауқымды түрде болып келген ислам мәдениеті адамзаттың қазіргі кездегі жағдайына жетуге маңызды әсер етті және өз үлесін қосты, Шығыс және Батыс елдері мәдениеттерінің динамикалық факторларын қалыптастырды.
ХХ. ғасырда Ислам діні нәсіл, тіл, түс және территория жағынан мұсылман қауымдардың әр түрлі болуы тұрғысынан өте басым жағдайда болды. Құрғақ және ыстық Арабстанда пайда болған, қарқынды түрде таралып, халықаралық бір дін жағдайына келген және жақтастарының саны ұдайы артып отырған бұл дін әлемнің барлық жерінде қабылданды және тамырын кеңінен жайып қалыптасып кетті. Әлемдік күш қалыптастыру мақсатында әрекет еткен мұсылман сол жердегі исламдық өзара көмек көрсету ұйымын құруға, осылайша исламданған мәдениет мирасының пайда болуына күш салды. Қазіргі кезде мұсылмандар әлемнің түпкір-түпкірінде өмір сүруде және әр түрлі тілдерде сөйлейді. Араб мұсылмандар Арабстанда, Палестинада, Йеменде, Мысырда, Суданда, Ливияда, Тунисте, Алжирде, Мароккода, Мавританияда, Иракта, Сирияда, Ливанда өмір сүруде. Олар негізінде арабша, кейде жергілікті тілде сөйлейді. Еуропада, Австралия мен Америкада да 10 миллионға жуық мұсылман арабтар өмір сүреді. Мұсылман арабтардың саны қазіргі кезде 170 млн-ға жуық.
Парсы мұсылмандары Иран, Әзірбайжан, Ауғаныстан және Тәжікстанда тұрады. Олар парсы тілімен қатар өздері өмір сүретін елдердің тілдерінде де сөйлейді. Парсы мұсылмандарының жалпы саны 80 миллион шамасында.
Ал түркі тілдес мұсылмандар Түркияда, Балқанда, Ұлы Түркістанда (Өзбекстан, Түрікменстан, Қазақстан, Қырғыстан, Тәжікстан), Әзірбайжанда, Шығыс Түркістанда, Ағаныстанда, Кипрде, Иранда, Сирияда, Иорданияда, Мысырда, Тунисте, Ливияда, Алжырде, Америкада, Австралияда, еуропада тұрады. Олардың жалпы саны 300 миллионнан асады. Түрік тілінен басқа жергілікті тілдерде және диалектілерде сөйлейі.
Үндістан мұсылмандары Бангладеште, Оңтүстік Үндістанда, Пәкістанда, Инд алқабы мен Ганг жазығында, Цейлонда тұрады. Жалпы халық саны жарты миллионға жуық. Урду, индус, бенгал, тағы сол сияқты тідерде сөйлейді.
Қиыр Шығыс елдері Индонезияда, Малайзияда, Қытайда, Филиппинде, Бирмада, Таиландта да мұсылмандар өмір сүреді. Бұл жерлердегі мұсылман қауымдардың жалпы саны жарты миллиардқа дейін барады. Малай, қытай, ява, судан тілдерінде сөйлейді.
Солтүстік Африкадан тыс Африка мұсылман қауымдарына келетін болсақ, Мысыр, Судан, Мавритания, Сомали, Сенегал, Мадагаскар, Піл сүйегі жағалаулары, Нигерия және Уганда мұсылмандардың қоныс тепкен жерлері. «Қара Африка мұсылмандығы» деп те аталатын Африка құрылығындағы мұсылман әлемі халқының саны қарқынды түрде артуда. Қазіргі кезде олардың саны 350 миллионға жуық.
АҚШ, Латын Америкасы, Австралия және Еуропадағы жергілікті халықтар қарқынды және саналы түрде Исламиятқа бет бұрған. Яғни, Ислам тек Шығыста ғана емес Батыста да қарқынды түрде даму үстінде. Бұл жағдай өркениеттер мен әр түрлі мәдениеттерді бір-біріне жақындастыруда.
Мұсылмандар Орта дәуір кезеңінде бар жағынан христиан дінінен әрдайым басым болды. Ислам мәдениеті мен өркениетіне жататын ұйымдар таңдаулы ғаламдар мен олардың шығармалары арқылы Батыстағы жандандыру әрекетіне өз үлестерін қосты. Крес жорықтары христиандық Еуропаның Ислам мәдениеті мен өркениетін жақыннан танып білуіне мүмкіндік берді. Нәтижеде еуропалықтарға жалпы ислам әлемінің, әсіресе салжұқтардың және османдықтардың, Үндістан мұсылмандарының және Қара Африка мұсылмандарының мәдениеті мен өркениеттері көп әсер етті. Осы жаңа құндылықтарды өз елдеріне апарып, көптеген салаларда пайдаланды.
Еуропадағы «жаңарту және қайта құру» әрекеті – қазіргі Батыс мәдениеті мен өркениеті негіздерінің бірін Андалусия-Омейяд мемлекеті арқылы танылған Ислам мәдениеті мен өркениетінің қалыптастырғандығы ғылым адамдарының басым көпшілігінің ортақ ой-пікірлері болып табылады.
Ислам мәдениеті және өркениеті
Исламға дейінгі кезеңдегі біренеше саяси және әлеуметтік құндылықтар, Ислам кеңінен таралған кезеңде, мұсылман қатарындағылардың кейбмиынан бірден алынып тастала алмады. Ұлттық құндылықтар мен Исламның негіздері ұзақ уақыт бойы араласып кетті, нәтижеде келісімге келуге тырысты. Сондықтан, ислам мәдениетін тікелей исламияттың өзі деп қабылдау қате. Яғни, Ислам мәдениетін ешқашан Ислам дінімен бірдей деп қарамау керек және ол оның орнына қойылмайды. Алланың уахиінің жемісі ретінде дінде қателіктер болмайды, дегенмен де адам еңбегінің жемісі діни мәдениетте қате нәрселер де, дұрыс болған нәрселер де бар. Осы тұрғыдан Ислам мәдениетінде Құранның әкелген қағидалары мен құндылықтары арқылы Құраннан бұрынғы және кейінгі кезеңдердегі мәдениеттен басталатын принциптердің және көзқарастардың бір-бірінен ажыратылуы керек.
Дін мен мәдениеттің, әдет-ғұрып пен діннің әкелген әлемдік құндылықтарының қалаған деңгейде бір-бірінен ажыратылып түсінілмеуі, жүзеге асырылмауы және бағыттаушы жөнде болмауы, бәлкім, Ислам мәдениеті тарапынан артықшылық көрсетуінен келіп шығады.
Оқиғалардың себептері мен нәтижелерін зерттеу үшін алдымен адамдардың атқарған рөлін қарастыру керек. Өйткені, әлемдегі барлық пайда болған оқиғалар мен қалыптасуларда адамның өзі әрекет етеді және өз әсерін тигізеді. Сондықтан адам әрі құрушы, әсер етуші әрі осыған жауапты болып табылады. Барлық адамдар сияқты мұсылман да апаттан не аяқ астынан болған бақытсыздықтан жапа шеккен адам емес. Әрекет етпеген, жауапты да болмайды. Мұсылман болашақ өмірін құру үшін өткеніне көз жүгіртулері керек. Өйткені «ешкім де өткен күнін сынақтан, ой елегінен өткізбей, бүгінгі күнін түсіне алмайды». Бүгінгі күнін түсіне алмаған, келешегін де құра алмайды. Сондықтан, мұсылмандар арасында сенім мен қоғамдық айырмашылыққа түрткі болған саяси істердің себептерін іздеп табу мұсылман қоғамдардың біртұтас болып қалыптасуына негіз дайындайды.
Бастапқыда адамдар мұсылмандық жолдағы бір үмбет еді. Бірақ шайтанның және нәпсінің алдауларының нәтижесінде олардың біразы бұл діни сенімнен алыстап, шайтан жолына түсті. Міне, сол кезден бастап адамзат баласы мүминдер және кәпірлер болып екіге бөлінді. Кең пейілді Алла бұны былай деп түсіндіреді:
«Адам баласы бір-ақ уммет еді. Сонда Алла қуандырушы, қорқытушы пайғамбарлар жіберді. Адамдардың араларындағы талас нәрселерге үкім ету үшін олармен бірге хақ Кітап жіберді. Сол кітап берілгендер, ашық дәлел келгеннен кейін араларындағы кекшідіктен ғана қайшылыққа түсті. Сонда Алла иман келтіргендерді, олар тартысқан шындыққа өз ұйғаруымен жеткізді. Алла қалағанын дағдыл жолға салады.» (Бақара, 213)
Осылайша адамдардың қарым-қатынастарында келіспеушіліктер пайда болып, аралары ашылғаннан кейін, араларында Алланың бар екенін және одан басқа құдайдың жоқ екенін мойындамай, оның дінін қабылдаудан бас тарту және пұтқа табынушылық пайда болды; Алла да мүминдерді қуантатын және кәпірлерді қорқытатын пайғамбарлар жіберді және олармен бірге кітаптар түсірді.
Үмбет дегеніміз – Ислам ұғымында бір діндегі, бір сенімдегі және ойлары бір адамдардан тұратын қауым. Хз. Адамнан кейін пайғамбар Хз. Мұхаммедке дейінгі пайғамбарларды растайтын және соларға бас иген қауымдар да мұсылман үмбет деп қабылданады. Сондай-ақ, пайғамбарларды жоққа шығарғандар және оларға бас имегендер де үмбет деп қабылданады және олар кәпірлер үмбеті болып есептеледі.
«Осы сендердің үмметтерің бір-ақ үммет. Мен Раббыларың. Сондықтан маған ғана құлшылық қылыңдар. (Алланы бірлеуші бүкіл пайғамбарлар келтірген дін, Ислам діні. Сондықтан бір-ақ үмметсіңдер.)» (Әмбия сүресі 92). Яғни, пайғамбарларға және соларға бас игендер бір үмбет, олардан тыс болғандар да бір үмбет. Осыған қарағанда, үмбетті дүниеге келтірген фактор – дін ілімі.
Міне, осы «Ислами үмбеті бірлігі» ұғымы ғасырлар бойы оның тарихи бірлігін де қамтитын «Ислам мәдениеті бірлігіне» келіп ұласады. Тарихты зерттеушілер осылардың бәрін наразыға ала отырып, зерттеулер жүргізу керек. Пайғамбарлар тарихын оқыған кезде, тарихи жағдайлардағы сәйкестік, оқиғаларға деген көзқарас және түсініктердегі бірлік анық көрінеді. Бұнда жатсынатын ешқандай себеп жоқ, өйткені барлығы бір ғана нәрседен нұрланады, бірдей уағызға шақырылады.
Мұсылмандар Ислам негіздерінің арқасында тарихта «жаңа және өнегелі қоғаммен» бірге әлем мәдениетінің таңдаулы моделі болып табылатын мәдениетті де дүниеге әкелді. «Ислам мәдениеті» деп аталатын бұл мәдениет Ислам дінінің айрықша әлемдік ерекшеліктерін әрі мұсылман қауымның жаратушы күшінің өкілі Ислам мәдениеті бір бір жағынан мұсылман болған әр түрлі ұлттардың мәдени құндылықтарымен байып түрленсе, бір жағынан көрші елдердің және мемлекеттердің мәдениеттерімен бірге жасаты. Ұзақ уақыт ықпалдасу прцесін басынан кешірді. Византия, Сасанид, Қытай, Үндістан, Африка және Мысыр, Түрік мәдениеттері тарихта Ислам мәдениетімен тығыз байланыста болды.
Өркениетті қоғам болу оңай емес. Өркениетті қоғамда адамға және оның хақтарына құрмет, әділеттілік көрсетіп, теңдік беру керек. Ал құндылықтар болмаса, ол қоғам өркениетті болып есептелмейді. Негізінде, «Өркениетті қоғам» мен «саяси қоғам» арасында айырмашылық бар. Өркениетті қоғамдағы мектептер, жанұялар және кәсіподақтар ерікті не болмаса ең кемінде саналы түрдегі және зорлау деген болмайтын ынтымақтастық. Ал екіншісі, әскери, полиция және орта бюрократиялық жүйе арқылы басқарылады. Мәдениет өркениетті қоғамда іс-шаралар жүргізеді. Пікірлер де осы қауымда іске асылрылады.
Мәдениеттер арасындағы күрестің немесе соғыстың жолдары мен тәсілдері бар. Ал олардың ішіндегі ең ықпалдысы христиандық батыс елдердің басқарып және қаржыландырып отырған миссионерлік іс-шаралары болып табылады. Екінші және үшінші бөлімдерде діни-философиялық және саяси ағымдарды қарастырамыз, бұлар зиянды жұмыстардың, қанды күрестің, суық соғыстардың құралдары болып табылады.
Ислам әлеміндегі зиянды ағымдар
Ислам діні және мұсылмандар басынан бастап әр түрлі зиянды іс-шаралар мен ағымдарға кез болды. Бұлардың бір бөлігі тікелей исламға бағытталса, бір бөлігі мұсылман қауымды көздеді. Сондай-ақ, ислам дініне және мұсылмандарға қарсы шабуылдар жүргізілді және солардың нәтижесінде пайда болған ағымдар кейде жеке адамдарға бағытталып, өтпелі болса, кейде ұйымдық және қоғамдық сипатта болды. Алайда барлығының ортақ мақсаты «Ислам нұрына кедергі жасау, Ислам жарығының адамзатқа түсуіне қарсы болу; Мұсылман қауымның бірлігі мен тұтастығын ойсыратып, дамып жетілуіне кедергі жасау» болды.
Исламға және мұсылмандарға қарсы күрес жүргізгендер көптеген әдістер қолданды және әр түрлі мәселелелрді қарастырды. Алдымен Құран уахиін жоққа шығарды және Оның Алланың сөзі еместігін, Мұхаммед тарапынан ойдан шығарылғандығын айтты. Сондықтан, Ислам пайғамбарының өтірікші, сиқыршы, көріпкел, ақын болуы мүмкін екендігін айтты. Сондай-ақ, оны ата дініне, пұтқа табынушылыққа, әлеуметтік, экономикалық және басшылық жүйеге қарсы шыққан көтерілісші немесе байбаламшы ретінде көруге және көрсетуге тырысты. Құран Кәрім бізге бір жағынан бұл өтірік сөздер мен жалалар туралы мәселелердің басын ашып берсе, бір жағынан арандатулар мен теріс сөздерге жауап берді. Құранның Алла кітабы, Хз. Мұхаммед Расулуллах екендігін айтты. Сондай-ақ, Алланың алдыңғы пайғамбарларға уахи еткені сияқты соңғы пайғамбар Хз. Мұхаммедке де уахи еткендігін, шындықты үйреткенін айтты.
Исламның қарсыластары жағымсыз және негізсіз сөздерін қоғам арасында, жұмыс және сауда орындарында, базарларда, көрмелерде және жиналыстарда таратып, өздеріне жақтастар, ал Исламға дұшпан жинауға, көзқарастарын қалыптастыруға бағыттады. Яғни, ұйымдасқан түрде Исламға және мұсылмандарға қарсы күрес жүргізе бастады. Ислам пайғамбары Хз. Мұхаммедті сөйлетпеуге, ал сөйлеген күнде де шу шығарып, айтқандарын теріске шығару, қарсы сөздер айту және насихаттар жүргізу, қорқыту және жұртынан бездіру, тыйым салу, соғыс ашу және т.б. жағымсыз істерді жүзеге асыру Ислам қарсыластарының кеңінен етек жайған әдістері болып табылады. Нәтижеде Ислам қарсыластары ұйымдасып «политеистер – Бір Тәңірге сенбейтіндер қауымының» пайда болуына әсер етті.
Енді мұсылмандар ортақ мүдде және сенімдер шеңберінде бас қосқан меккелі пұтқа табынушылар қауымының ұйымдасқан шабуылдарына ұшырады. Дін және намыс бостандығын алу немесе кедкргі жасау, барлығы бірдей ғибадат ету, Қағбаға бару, діни сенімдерін үйрену және үйрету хақтарын күшпен тартып алу, жаны мен малдарын құрту, Хз. Мұхаммедтің ұлысын және тегін Меккеден шығару және «қоғамнан аластау және бәріне бірдей өлтіру жазасын» беру, тонау және бүлік шығару сияқты іс-шараларын жүзеге асыру, Ислам пайғамбарын және Меккелік мұсылмандарды өз жұрттарынан зорлықпен шығарып көшіру, Мәдинада соғыс ашып, Исламды және мұсылмандарды жер жүзінен аластату Меккелік алғашқы мұсылмандарға жасалған шабуылдардың негізгілері болып табылады.
622 жылы болған «Хижра» оқиғасы жаңа бір кезеңнің басталуына себеп болса да, Исламға және мұсылмандарға қарсы бағытталған шабуылдарды тоқтата алмады. Меккелік пұтқа табынушылар қауымы, еспирлік еврейлер және бірнеше христиан қауымдар және мемлекеттермен соғысуға мәжбүр болған мұсылмандар бұл кезде жаңа бір әректке кез болды. Ислам тарихында «Өтірікші пайғамбарлар және діннен безгендер ағымы» ретінде көрінген бұл оқиға құрал және әдістері тұрғысынан қазіргі кездегі «зиянды діни-философиялық ағымдар және миссионерлік әрекеті» арқылы маңызды болып саналады. Әлеуметтік және экономикалық құрылымдардағы қақтығысулар, жағымсыз жағдайлар, аймақтық және этникалық проблемалар, кіріс бөлінісіндегі әділетсіздіктер және күнделікті өмірдегі мәселелер пайдаланылып, білімі жоқ мұсылмандар алдауға түсті; Исламға және мұсылмандарға қарсы тәрбиеленді, кейіннен діндерінен бездірілді.
Ислам пайғамбары Хз. Мұхаммедтің кезінде басталған бұл ағым ол өлгенен кейін басқа аймақтарға таралып жайылды, мұсылман қауымда «алғашқы террористік және анархиялық әрекеттер» немесе «алғашқы бөлуші және зиянды ағым» ретінде тарихта орын алды. Мұсылман мемлекеттердің және ұлттардың қарым-қатынастары, бейбітшіл саясаттары да әрі іштен әрі сырттан келген зиянды іс-шараларға, күйретуші әректтерге және бөлуші оқиғаларға кедергі жасай алмады. Әсіресе орта ғасырда Иран және Рим империяларының мұсылмандар тарапынан тарих сахнасынан алынып тасталынуы жақтастары мен діндестерінің әрдайым Исламға және мұсылман қауымға қарсы болуына, қарсы саяси істер жүргізуге, зиянды және күйретуші іс-шаралар өткізуге, террористік және анархиялық оқиғаларды ұйымдастыруға түрткі болды.