1.Кіріспе:
Италияның тарихы.
2.Негізгі бөлім:
а) Италияның ағартушылық абсолютизмі.
ә) Италиядағы қалалық республикалар.
б) Италияның бірігуі.
в) Италияда өнердің гүлденуі.
3.Қорытынды.
Италия.
Ежелгі дәуірде Италия территориясында Рим мемлекеті салтанат құрды. 4-5 ғасырларда Рим империясына көршілес герман, ғұн, авар тайпалары күйрете соққы берді. 476 Батыс Рим империясы құлап, орнына Одоакр корольдігі құрылды. 488 жылы Солтүстік Италияға остготтар басып кіріп, өз дорольдігін (493-544) құрды. 544 жылы Италияның көпшілік бөлігін Византия империясы басып алды .754-56 жылы франктер Апеннин түбегіне жорық жасап, елдің ортанғы бөлігін бөліп алып және ол жерді Рим папасына тарту етті. Бұл қасиетті Папа мемлекетінің құрылуының бастамасы болды. 774 жылы елді толығымен Ұлы Карл жаулап алды. Франктер империясының ыдырау нәтижесінде 781 жылы Италия корольдігі құрылды. Герман королі Оттон 1-нің басқыншылық жорықтары (951 және 961-62) нәтижесінде корольдік 962 жылы Қасиетті Рим империясына қосылды. Ақсүйектер арасындағы өзара қырқысулар, арабтармен венгрлердің шапқыншылықтары халықты күрт нашарлатып жіберді. Италияның басқа Еуропа елдерінен басты ерекшелігі мұнда қалалар өте көп болды және қолөнер мен сауда – саттық үнемі қызу жүріп жатты. 10 ғасырдан бастап қалалардың сеньорлармен ( герцог, граф, епископ) күресі нәтижесінде коммуналар құрыла бастады. Коммунадағы билік қала шонжарларының, бай көпестердің қолында болды. Бірте- бірте елдің аса ірі портты қалалары Батыс пен Шығыс арасындағы басты сауда орталықтарына айналды. 1154-76 жылы герман императоры Фридрих Барбаросса Италия қалаларын бағындыру үшін елге 5 рет жорық жасады. Дегенмен Констанц бітімі бойынша (1183) Италия қалалары өз тәуелсіздігін сақтап қалды.
Гуманизм және қайта өрлеу дәуіріндегі итальян мемлекетінің экономикасымен мәдениетінің жетістігі, ХҮІІ ғасырдағы терең саяси экономикалық құлдыраумен ұласып, ХҮІІІ ғасырға дейін жалғасты. Итальяның көпе – көрнеу саяси шашыраңқылығы билеушілерінің арасындағы бәсекелестікпен, папалық және Папа мемлекетінің реакциялық саясатымен еуропалық державалар – Испания, Франция, Габсбургте империясының озбырлығымен тереңдей түсті. Осман империясымен Жерорта теңізіндегі қарақшылыққа қатысты жәйттер Итальяның Еуропамен Таяу Шығыс арасындағы дәнекерлік рөлінің, кемуіне нәтижесінде Венециан және Генуез республикаларының, Солтүстік және Орталық Италиядағы саудагерлер мен қаржыгерлер мемлекеттерінің құлдырауына әсер етті. Ревалюцияға қарсылық Испания мен австриялық Габсбургтердің озбырлығымен астасып, жаңарған феодалдануға жағдай жасайды, ол, әсіресе оңтүстікпен аралдағы мануфактуралар мен кәсіпкерліктің құлдырауына себепкер болған құдіретті байлар мен ірі жер иелерінің ірілеуімен сабақтасты. Партикулярлық бейне мен гегемондыққа талпынуды ашық сипаттайтын феодалдық – абсолюттік жүйе нығая түсті. Генуя, Венеция, Лукка республикаларында билік сауда – қаржы олигархиясының қолында болады.
Италиядағы ағартушылықтың алғашқы қадамдары өзіндік мазмұнға қарай, Қайта өрлеу мәдениетінің дәстүрлеріне тән гуманистік келбеттермен ерекшеленді. Өздерінің реформаторлық идеяларымен ағартушылық абсолютизмге жол бастаған атақты ойшылдар Ч.Беккариа, П.Верри, Д.Караччололар болатын. Олар тіке құлдырауға кетіп бара жатқан шаруалардың қайыршылануына, надандыққа, әділ сот жүйесінің ақауларына, шенеуліктердің басбұзарлығына, шіркеудің озбырлығына басты назар аударды.Мемлекеттік институттар мен заң шығару құрылымдарының қайта жабдықталуын жақтады.
Осы жолдағы итальян мемлекеттеріне қозғау салған жәйт Австрия империясындағы, оның ішінде Ломбардиядағы Мария Терезия мен оның орнын басқан ІІ Иосиф тұсында дүниеге келген ағартушылық абсолютизм рухының серпілі болатын. Мәселе феодалдық артықшылықтардың біршама жексүрін түрін жоюға, әкімшілік, сот және салық жүйесін реттеуге, бюджет түсімі мен жергілікті жерлердегі ауқаттылардың есебенен, орталықтанған билік мүмкіндіктерін кеңейтуге шақыратын әлеуметтік және әкімшілік реформалар сериясын жүргізу төңірегін шарпыған болдатын. Осы мақсатта Ломбардияда, империяның өзгеде аумақтарына мүліктік сынақ жүргізіле шіркеулік және дворяндық меншіктерге ортақ салық бірлігі енгізіледі. Сатып алушылардың қолынан кедендік салықтарды, жол салықтарды жинау және өзгеде төлем қызметтерін жургізу тартылып алына мемлекеттік органдардың қарамағына беріледі.
ХҮІІІ ғасырлардың ІІ – жартысында біршама нәтижелі реформалар Тоскандағы Мария Терезаның кіші ұлы, атақты герцог Петр Леопольд тұсында дүниеге келді. Мұнда салық реформаларымен жылжымайтын мүліктерді сату – саып алудағы шектеулерден басқа, цех жүйесі, инкивизация, «өлі қолдар» құқығы (ұрпағы жоқ қайтыс болғандардың шіркеулік мүлігін тартып алу) таратылады. 1786 жылы Еуропада өз уақытына сай өте ілгерлі болып саналған қылмыстық заң қабылдынып, қорлаумен өлім жазасын жойды.
Орта ғасырларда Италия Германия сияқты бырыраңқы ел болатын.
Италияда Еуропаның басқа елдерінен бұрын ескі, римдік қалалар қайта жанданып, жаңа қалалар пайда бола бастады. Италия қалаларының гүлденуіне крест жорығы серпі берді. Көптеген қалалар крест тағушылармен тиімді қарым – қатынасынан жақсы пайда түсірді.
Х – ХІ ғасырларда көптеген қалалардың саудагерлері мен қолөнершілері мырзалармен – графтар, епископтар мен күреске түсті. Солтүстік және Оңтүстік Италияның Милан, Пиза, Болонья сияқты бай қалалары коммуна құқығын алуға қолдары жетті. Жапсарлас жатқан мекендермен қоса кең – байтақ аумақтар коммунаның қол астына өтті. Коммуна қала – мемлекетке немесе қалалық республикаға айналды.
Қалалдықтар тәуелсіздікке қолдары жеткеннен кейін өз аумақтарында феодалдарға қарсы күрес басталды. Олар замоктарды қиратты, қатал бақылауда ұстау үшін феодалдарды кушпен қалаларға жер аударды. Флоренцияда («гүлденген » деген сөз) феодалдар коммунаның істеріне қатынасу құқығына айырылып, қалалықтарға қарсы бас көтергені үшін қатал айыпталды.
Феодалдарды әлсірете түсу үшін қалалар шаруаларды жеке басының тәуелділігінен босатты. Олар феодалдардың шаруаларды соттауына, шаруалардан кейбір адамдарды талап етуіне тыйым салды. Бырақ мырзалардың өктемдігінен босанған шаруалар қалаларға тәуелділікке түсті. Олардың бір бөлігі қалаларға кетіп, шеберлерге көмекшілікке жалданды, кейбіреулері кедейленді, сөйтіп, жерінен айырылып, өзінің бұрынғы жерін жалға алушыға айналды.
Италияда папаларға қарсы императорлардың көп жылдарға созылған күресі кезінде бір – біріне жау саяси топтар — Италия мен гибеллиндер қалыптасты. «Гвельфтер» деген ат Штауфендерге жау Вельфтер ұрпағының фамилиясынан, ал «Гибеллиндер» Штауфендер әулетінің замогы – Вайблинген атауынан пайда болған.
Гвильфтер негізінен императорларға қарсы, папаларды жақтаушылар, олардың тірегі қалалардағы саудагерлермен қолөнершілер еді. Гибеллиндер – императорды жақтаушылар – негізінен дворяндарға сүйенді. Бірақ кейіннен қала ішіндегі бібімен – бірі жауласқан топтарды гвильфтер мен гибеллиндер деп атайтын болды. Кейде бақталас қалалар жауласқан қарсы топтарға қосылып отырды. Мәселен, Милан мен Флоренция бұрыннан гвельфтер жағында болса, олармен бақталас саудагерлер гибелиндер жақтады.
Өзара жау топтар император мен папа тағына өз кандидаттарын ұсынды. Көбіне екі императормен екі папа таласты. Екі жақтанда қызу сөздер айтылып, әрқайсысы өз императорымен папасын қолдауға шақырып, халыққа үндеу жолдады. Дін қызметшілері қалаларда, қыстақтарда жүргізген уағыздарында қарсыластарын аяусыз қаралады. Батыстағы ақсүйек қауым мен дін өкілдері арасындағы ұзаққа созылған тартыста замандастары кімді жақтарын білмей қыйналды. Ақсүйектер ғана емес, кейде қатардағы адамдардың өздеріде кімді жақтау керегін білмей, қарсыластардың дәлелдерін ақылға салып отырды. Мүмкін бұл жерде Еуропа елдеріндегі көзқарастар мен пікірлер қайшылығы кінәлі болар.
1848 – 1849 жылдары ревалюция басылғаннан кейін Италияда реакциялық қуғын – сүргін етек алды. 50 – жылдары қажымас талмас күрескер Д.Мадзини жігерлі әрекетін қайта бастады. Лондонда ол «Итальяндық ұлттық комитет» құрды, ол кейін «Іс — әрекет партиясы» деп аталды. Бірақ астыртын әрекетпен жаңа көтерілістер ұйымдастыруда мадзинишілер сәтсіздіктен көз ашпады. Сол сәтсіздіктерден кейін мадзинишілердің бір тобы өз көзқарастарынан бас тартты. 1855 – 1856 жылдардағы Венециядағы революцияның көсемі Даниелэ Манин демократияға үндеу арнап, Италияны біріктіре алатын жалғыз мемлекет Пьемон төңірегіне топтасу қозғалысына шақырды. Басқа демократтар соның ішінде Д.Гарибальди да бұл бетбұрысты қолдады. Бұлар үшін болашақ Италия республика бола ма, әлде монарх билеген мемлекет бола ма, бәрібір еді, Италияның бірігуі ең басты міндет деп есептеді. Осы қайраткерлер елді Пьемонт аясында біріктіру үшін құрылған «Итальяндық ұлттық қоғамның »қатарына қосылды.
ХІХ ғасырдың ортасында Италияны біріктіру сияқты тарихи міндетті тек Сардиния корольдігі орындай алатын еді. 50 – жылдары Пьемонтта буржуазиялық құрылыс нығайды. Бұл көбінесе Пьемонттың самарқау либералдарының көрнекті қайраткері әм көсемі, реформатор премьер – министр граф Кавурдің арқасында мүмкін болды. Ол осы мемлекеттің экономикасын қайта құрды. Ол Англия, Франция, Бельгия мен тиімді сауда бітімдерін жасасты. Нәтижесіндн он шақты жылда Пьемонт дамыған қуатты елге айналды.
Италияны біріктіру нәтижесінде Кавур жаңа көзқарас білдірді. Ол Италия өз — өзінен біріге алмайды, Англиямен Францияның көмегі қажет деген пікірде болды. Сондықтанда Пьемонт 1853 – 1855 жылдардағы Қырым соғысына Англия мен Франция жағында қатысуға мәжбүр болған еді. Алдағы міндет осы державалар көмегімен Италияны езуші австриялықтарды қуу, азаттыққа жол ашу болды.
1858 жылы шілдеде Пьемонт пен Франция үкіметтері өзара құпия бітімге келісті. Екі елдің біріккен әскері Австрияға соғыс ашып австриялықтар елден толық қуылғанға дейін шайқасуға тиіс еді. Құпия келісім бойынша Ломбардия мен Венецияны Сардинияға қосқаны есесіне Францияға Савойя мен Ницца аймақтарын беруге уәде берді.
Соғыс 1859 жылы сәуірде басталды. Жаз айларында біріккен итальян – француз әскерлері Мадженто және Сольферино түбегіндегі екі шайқаста австриялықтарға күйрете соққы берді. Соғысқа Д.Гарибальди бастаған еркін италияндықтар жасағыда қатысып ерлікпен шайқасты. Италияда ұлттық өрлеу басталды. Орталық Италияда бүкілхалықаралық ревалюция басталып герцогтармен князьдер құлатылды.Бұл жағдай Луи Наполеонды алаңдатты. Кенеттен ол одақтастарына ескертпей, Австриямен өзара бітім жасасты. Оның шарты бойынша Ломбардия Пьемонтқа беріліп, Венеция Австрияның езгісінде қала берді. Ал Савойя мен Ниццаны Франция өзіне қосып алды.
Бұл опасыздыққа жауап ретінде бүкіл итальян халқы көтерілді. Италиядағы Кішігірім мемлекеттерде халық сайлаған Ұлттық жиналыстар Сардинияға қосылуға шешім қабылдады.
1861 жылы сәуірде ресми түрде біртұтас Италия мемлекетінің құрылғандығы жарияланды. 1862 жылы Римді азат етуге ұмтылған оның жасағына қарсы Италияның үкіметі әскер жіберді. Сөйтіп 1871 жылдың қаңтарынан мәңгілік қала Рим Италияның астанасы болып жарияланды.
Италиялық Қайта өрлеу дәуірінің ең ұлы қайраткерлерінің бірі – флоренциялық Леонардо да Винчи (1452 — 1519). Оның әкесі ауқатты қала қала тұрғыны болса анасы қарапайым шаруа қызы. Ол өнермен ғылымды қатар ұстаған бірегей тұлға.Оның «Мона Лиза»немесе «Джоконда» деп аталатын әлемге әйгілі суреті бар.
Қайта өрлеу дәуірінің ұлы қайраткері Микеланджело Буонаророти (1475 — 1564) Мүсінші, суретші, сәулетші.
Осы дәуірдің суретшісі Рафаэль Санти (1483 — 1520).Осы аталған қайраткерлер салған суреттер,жасаған мүсіндер, бейнелеген өрнектер әлі күнге дейін сақтаулы.
Қолданған әдебиеттер.
1.Жаңа заман тарихы оқулық.
2.Дипломатия жаршысы.
3.Новейшая история 1-том.
4.Энциклопедия.