Қаладағы көлікпен байланысты экстремальдық жағдайлар.
Адамның өзі жасаған өмір суру ортасының бірден бір бөлігі – көлік жүйесі.Кез-келген адам өзінің жасына немесе мамандығына қарамастан әр күнді осы көліктің түрлерімен күнделікті пайдаланып жатады.Көлік адамның,тіпті қоғам өмірінің боліп тастауға келмейтін белсенді бөлігі.
Бүгінгі заманғы көлік жүйесі қоғамдық (теміржол, автокөлік, теңіз,өзен, әуе көлігі және труба арқылы) және жекеменшік болып екіге бөлінеді.Жоғарыда айтылғанның бәрі көлік жүргізушілер үшін ғана емес,айнала қоршаған орта үшін де аса қауіпті аймақ болып есептеледі.
Теміржол көлігі.Қазіргі замандағы теміржол жүйесі аса қауіпті аймақ ретінде белгілі.Жүк таситын пойыздар 90 км/сағ., ал жолаушы пойызы- 140 км/сағ. Жылдамдығымен жүре алады.Жолаушылар таситын пойыздың жалпы салмағы 1000 т. асса,жүк пойыздарының салмағы одан бірнеше есе ауыр болып келеді,сондықтан пойыз құрамасы бірден тоқтамай алмайды.Пойыздың тежеу жолы бірнеше жүз метрге созылады.
Теміржолдарда ірі-ірі апаттар, мыңдаған шағын оқиғалар болып тұрады,темір жол ұйымдары үлкен зиян шегіп жатады, тіпті адам өлімдері де болып тұрады.
Пойыздармен тасымалданатын жүктердің 3000-нан астам түрлері қауіп туғызатын химиялық заттар екен.Олардың ішінде 0орша5ан орта5а6 табиғатқа,адамдарға ,үлкен залалын тигізетін газ,химиялық заттар, жанғыш заттар сияқты жарылысқа әкелетін, уландыратын, ауру тарататын зардабы бар жүктер өте жиі кездеседі.
Тыйым салынады:
- Вагонның төбесінде, баспалдағында , вагондардың арасындағы алаңдарға жолаушылардың журуіне болмайды;
- Жүріп келе жатқан пойызға мінгізуге (түсүруге)болмайды
- Жүріп келе жатқан пойыздың вагондарының терезесінен, есіктерінен шығып немесе бас шығарып қарауға болмайды
- Вагондарда жеңіл жанғыш, жарылғыш заттарды алып журуге болмайды
- Платформадан темір жолға секіруге болмайды
- Вагонда, тамбурда,арнайы орындардан басқа жерде темекі шегуге болмайды
- Пойыз өтіп келе жатқанда, платформаның шетіне 2м жақын тұруға болмайды.
Пойыздың құрамасының үстіне шығу,әсіресе, электрленген темір жолдардағы пойыздарға, контакты сымдарға 2 метрге жақындау адам өміріне аса қауыпты.
Әуе көлігі.
әуе көлігіндегі қаупсіздік келесі жолдармен қамтамасыз етеді:
- Жолаушылардың өздерін және қол жүктерін тексеріп отыру
- әуе кемелерін арнайы тексеру
- әуе кәсіпорындарындағы өткізу тәртібі мен объектінің ішкі тәртібін ұйымдастыру және қатал қадағалау
- авиациялық техникалардың күзетін қамтамасыз ету
- әуе кемелерін басып алуды қамтамасыз ету үшін қажетті күш пен заттарды дайындау
- әуе жай мен азаматтық авиация объектлілерін қоршау
Осы аталған іс-шаралардың кейбіреуін қарастырайық.
Көпшілікке арналған қала көлігі.
Жол-көлік оқиғасы – көлік құралдарының соғысып қалуынан туындайтын жағдай.Бұл жағдай материалдық зиян ,жаралану немесе адам өліміне әкеліп соғуы мүмкін.Жол-көлік оқиғасы жүргізушінің кінәсінен, жаяу адамның жол тәртібін сақтамауынан,Көліктің техникалық жағдайының төмендігінен пайда болады.
Жол-көлік оқиғасының көп тараған түрлері мыналар:
- жүргіншіні басып кету-47%; көліктердің соғысуы -22%; аударылып қалу -14 % ; тағы басқа түрлері -17%-ды құрайды.
Автомобиль жүргізушінің кінәсінен болған жолкөлік оқиғысының себептері:
- автокөліктің көшенің, жолдың оң жақ бетіне шығып кету
- ара қашықтықты және тоқтайтын жерді дұрыс анықтамау
- қозғалыс қатарындағы маневр жасау тәртібін бұзу, көше қиылыстарынан дұрыс өтпеу
- кенеттен бұрылу
- ойламаған жерден тежеуш беру
- қарсы келе жатқан көліктердің жарығымен көрмей қалу
- ақауы бар машинамен жолға шығу
- денсаулықтың болмауы,шаршағандық және мас күйде көлік жургізу.
Жаяу журушінің кінәсінен болатын жол апатының негізгі себептері:
- жаяу журушінің жолды белгіленбеген жерден кесіп өтуі
- жаяу журушінің жолды өтіп бара жатқан көлікке жақын кесіп өтуі
- жолаушының көліктен машиналар өтетін жағынан шығуы
- балардың ойнап жүріп, жолдың көлік жүретін жағына кенеттен шығып кетуі
- жолаушылардың қозғалып келе жатқан көліктен шығуы.
Жол шартын бузу арқылы болатын жол оқиғаладың негізгі себептері:
- жолдың көлік журетін бөлігінің қараңғылығы
- жолдан үлкен шұңқырлардың зияны,жөндеу жұмыстарының кесірі
Көліктің техникалық ақауынан болатын жол- көлік оқиғасының негізгі себептері:
- тежеуіштің ақаулығы
- рөлдің ақауының зияны
- дөңгелектің жақсы бекітілмеуі;
Жол-көлік оқиғасындағы жүргізушінің міндеттері:
- қоршау қою,қызыл жарықпен белгі қою
- жарақат алғандарға бірінші медициналық көмекті көрсету
- жол полициясының,жедел жәрдемнің,өрт сөндірушілердің келуін ұйымдастыру
- жарақат алғандарды емханаға жеткізуге қам жасау
- өрт болған жағдайда,оны өшірүді ұйымдастыру
- егер жол-көлік оқиғасына ұшыраған көлік жолдың жүретін болігін жауып қаласа,жол апатының схемасын сызып,жолды босату.
Егер автобус немесе басқа көліктерге суға бату қаупті туса,жолаущылары көлікті тез тастап шығуы керек.
Бұндай жағдайдағы жүргізушінің міндеті:
- апатты шығу тересін ашуды ұйымдастыру
- жолаушылардың арасында абыржу болмауына шара қолдану
- жолаушылардың жағаға шығуын қамтамасыз ету
- көліктің батқан жерін белгілеу
Автокөлік апатында жарақаттанғандарға алғашқы медициналық көмек көрсетудің маңызы зор.Жарақаттанған адамдардың 50% дәл уақытынды қажетті медициналық көмек алған болса,онда тірі қалған болар еді деген есеп бар.Өтіп жатқан көліктердің жүргізушілері және басқа жолаушылар да жарақаттанған азаматтарға көмектесуге міндетті.
Ал, негізгі құтқару жұмыстарын дайындығы және қажетті техникасы, құралдары бар арнайы бөлімдер істеуі керек.
Жол-көлік оқиғаларынан сақтанудың ең оңай әдісі –көшелерде қаупсіздік ережесін сақтау.Мысалы,көшеде:
- автобустың артынан өту керек
- жолға жүгіріп немесе секіріп шығуға болмайды
- балаларды көшеден өткенде өркіне жібермеу керек
- кіммен болмасын қазал жарыққа көшеден өтпеу керек
- көшеден өту үшін жер асты жолмен өту керек
- көшеден өтерде алдымен сол жағына қарап, ортасына келгенде қң жағыңды бақылауға алған дұрыс
- аялдамада келе жатқан көлікке арқаңмен тұрмау керек
- тұрған көліктен келе жатқан транспортты көре алмайтын жағдайда көшеге жүгіріп шығуға болмайды
- егер тротуар жоқ болса,онда келе жатқан көлікке қарсы жүрү қажет
- әке –шешесіз келе жатқан юалаға,ең дұрысы көшеден өткелі тұрған кісілермен бірге өткен абзал.
Қыс кезінде жол апаты жиі болып тұрады.Жол –көлік оқиғасының 60 пайызы қыс мезгілінде болады екен.
Апта ішіндегі ең қаупты күндер – жұма,сенбі,ал тәулік ішінде – сағат 16.00-дан 20.00 –ға дейінгі уақыт.
Жол-көлік оқиғасының куәгерінің немесе қатысушысының күәгерінің немесе қатысушысының міндеті:
- жарақатталған адамдарды көмексіз тастап кетуге болмайды
- жүргізушінің апат болған жерден қашып кетуі немесе күәгер болудан қашқақтауы (немесе ақпарат беруден қашуы)қылмысты істің қатарына жатқызылып,екі жылға дейін бас бостанығынан айырылуы мүмкін.
- Жол апаты туралы жол полициясына хабарлауы керек
- Апаттағы іздлерді сақтауы қажет
- Егер сіз күәгер болған апатта көлік жүргізушіні қашып кететін болса,онда көліктің нөмірін,түсін,маркасын жүргізушінің бет-бейнесін есте сақтап қалуға тырысу керек.
Автобус.
Автобус жүйесі республикамызда ең дамыған көлік жүйесінің бірі.Жолдың сапасына,жүргізушінің қателігіне, тәжірибесінің жоқтығына байланысты жол бойында апттар болып жатады.
Жалпы көлікте,оның ішінде автобустарда,осындай жағдайға арналған құрал –жабдықтар,аптечка,өрт сөндергіш сияқты қажетті заттар міндетті түрде болуы қажет.
Автобуста болатын экстремалдық жағдайдың тәртібі:
- Мұндай жағдайда үрей,абыржудың туындауына жол бермеуге тырысу керек
- Жолаушыларды қосалқы терезелерден, люктерден шығарып алуға шара жасау қажет;Автобустың қосалқы апаттық терезесін тығыздаған резина жіптісуырып алып, әйнекті итеріп түсіріп жіберу керек.
- Медициналық көмек көрсету
- Жол полициясына хабар беру
- Автобус құлағанда немесе қатты тежеуіш бергенде ұшып кетпеуге қам жасап, ұстауға әрекет ету
- Және т.б.
Троллейбус (трамвай).Электр құатынан сақтану.
Тоқпен жүретін көліктер ең экологиялық таза көлік болып саналады.
Дегенмен,ондай көліктерді пайдаланғанда өте ұқыпты болуы керек, себебі тоқ кернеуі троллейбус пен трамвайда 600-1200 В дейін жетеді.Әр трамвай (троллейбус) рейске шығар алдында тоқтың басқа жаққа кетуі тексеріледі.
Егер электротоғы троллейбустың(трамвайдың ) корпусына кеткендей болса, жүргізуші тоқты басқа жаққа ажырату керек.Электр сымдарынан тоқ қабылдағышты ажыратқаннан соң ғана жолаушыларды салоннан шығаруға болады.Содан соң техникалық көмекті шақыру керек.
Өрт кезінде трамвай жүргізушісі жолаушылар арасында абыржу,үрей туғызбауға тырысып, ұйымдасқан түрде салоннан шығуға көмектеседі.
Троллейбустың (трамвайдың) салонындағы өртті көмірқышқылды өрт сөндіргішімен немесе құммен сөндіреді.Егер өз күшімен сөндіруге болмайтын болса, онда өрт сөндіргіштерді шақыруға тура келеді.