Картоп тұқым шаруашылығы
- Картоп дақылының өсіп-даму, көбею ерекшеліктері.
- Клондық сұрыптау әдісімен картоптың элита тұқымын өндіру.
- Вируссыз картоп тұқымын өсіру жолдары.
Картоп тұқымшаруашылығы жүйесі
Қазақстанда картоп тұқым жүйесі үш буыннан тұрады.
Біріншісі, ғылыми мекемелердің биотехнология лабораторияларында, картоптың ең жоғары өсу нүктесі меристема бөлігі арқылы вирус, бактерия саңырауқұлақ ауруларынан таза, супер-супер элита тұқымын алу.
Екіншісі, элита өсіретін шаруашылықтар картоптың аудандастырылған сорттарын көбейтіп, сол облыстың барлық картоп өндіретін шаруашылықтарына сатып отырады.
Үшіншісі, сол картоп өндіретін шаруашылықтың өзіне керекті тұқым өндіретін танаптары. Өндірістегі картоп тұқымының дер кезінде ауысып отыруын қадағалау үшін, ғылыми мекемелер жобалаған және ауьш шаруашылығы министрлігі бекіткен тұқым жүйесін іске асырып отыру
Ғылыми негізделген мөлшер бойынша, жан басына 90 кг-нан шаққанда, Казақстанда бір жыдда 2300 мың тонна шамасында картоп өндіру керек.
Орта есеппен жылына 200 мың га жерге картоп егілгенде, оған 800 мың тонна картоп тұқымы қажет.
Қазақстандағы картоп тұқымы жүйесінде, тұқымын уақытында ауыстыру үшін 980 мың меристема өсімдігі, 14 мың тонна элита картобы керек.
Осы жүйе бойынша азықтық картоп егілген танапқа, жыл сайын картоп тұқымының 4-репродукциясы егіліп отырады. Себебі, көп жылдық мәліметтер көрсеткендей, Қазақстанда аудандастырылған картоп сорттарының 5-6 репродукциялары тұқымдық сапасын жоғалтып, өнімді өте аз береді. Вирус ауруларын асқыңцырмас үшін кейбір мемлекеттер (Голландия, Германия) азықтық картоп өсетін танапқа тұқымдық картоптың 2-ші репродукциясын пайдаланады. Ол үшін картоп өнімі өте жоғары және тұқым өндіру деңгейі сапалы болуы керек:
Ауа-райы қолайлы, вирус аурулары көп тарамаған аудандарда картоп тұқымын 4-5 жылда бір ауыстыруға болады. Қазақстанда калыптасқан тұқым өсіру жүйесі бойынша, картоп тұқымын 3-4 жылда бір ауыстыру тиімді.
Қазақстанда картоп тұқымын өсіретін облыстар 3 топқа бөлінеді:
1-топқа тұқымдық жүйе толық ғылыми жолға қойылған. Биотехнологиялық лабораториялары бар, ауа-райы картоп өсімдігіне қолайлы облыстар: Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Казаақстан, Қарағанды, Қостанай, Батыс Казақстан.
2-топ картоп тұқымын таулы жерде өсіретін Алматы облысы.
3-бұл топқа азықтық картопты өздері егу үшін тұқымды басқа облыстардан тасымалдайтын облыстар: Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Атырау, Қызылорда Маңғыстау.
Тұқымдық картоп өсіру мәселесі толық жүйеге қойылған облыстарда тұқым өндіру мынандай сатылардан тұрады:
- Ғылыми-зерттеу мекемелерінің лабораторияларында картопты биотехнологиялық әдіспен вирус, бактеря және саңырауқұлақ ауруларынан сауықгыру супер-суперэлита өсіру.
- Элита өсіру және сапасын бақылау.
- Азықтық картоп өндіретін шаруашылықтардың тұқымдық танаптары.
СОРТТАРЫ
Картоптан жыл сайын бірқалыпты мол өнім алу үшін, сол аймақ табиғатына бейімделген, яғни аудандастырылған сорттарды егу қажет. Сорттарды аудандастыру мәселесімен Мемлекеттік сортсынау инспекциясы шұғылданады. Осы инспекцияның 3-4 жыл сынағынан өткен сорттар аудандастырылады немесе сол инспекция ұйғарымымен өндірістен алынып тасталады.
Картоп сорттары еккен күннен бастап, пісіп жетілгенге дейінгі мерзіміне және шаруашылықта алатын орнына байланысты әртүрлі топтарға бөлінеді.
Пісіп-жетілу мерзіміне байланысты:
- Ерте пісіп-жетілу мерзімі — 60 күнге дейін;
- Орташа ерте пісетін — 60-80 күнде;
- Орташа пісетін — 80-100 күнде;
- Орташа кеш пісетін — 100-120 күнде;
- Кеш пісетін сорттарға — 120 күннен ары карай пісетін сорттар жатады.
Шаруашылықта алатын орнына байланысты:
асханалық — іші караймайтын дөмді;
техникалық — құрамында крахмал мөлшері 20-25% -дан кем болмауы керек.
Крахмал, спирт және тағы басқа өндіру үшін қажет;
асханалық — техникалық — дәмді, іші қараймайтьш әрі крахмалы жоғары сорттар. Мұндай сорттар өндірісте де және тағам ретінде де қолданылады;
мал азықтық — құрамында белок және құрғақ заттардың мөлшері жоғары болуы шарт;
универсалдық (әмбебап) — сорттың ерекшелігі дәмді, іші қараймайтын, крахмалы, ақуызы жөне өнімі жоғары болады. Мұндай сорттарды тағамға, өндіріске және мал азығына да пайдалана беруге болады.
Қазақстанда 26 сорт аудандастырылған, оның 7-і жергілікті сорттар (1-кесте).
Қазақтың картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты және басқа ғылыми мекемелері мамандарымен бірігіп шығарған сорттары:
Алатау, Тамаша, Шортандинский, Кокчетавский ранний.
Қостанай ауылшаруашылық зерттеу институты шығарған сорттар:
Ақжар, Курант-1.
Қарағанды облыстық тәжірибе станциясы шығарған: Рекорд.
Голландиялық сорттар:
Агрия, Никита, Романо, Фреско, Эскорд жөне Ярла.
Қалғандары Россиядан әкелінген сорттар.
Өндірілетін қай сорт болмасын, сол өскен өлкесіндегі кең тараған вирус, бактерия және саңырауқұлақ қоздырғыштарына төзімді болуы шарт. Батпақты, ылғалы мол жерлерде өсетін сорттар саңырауқұлақ (фитофтора, ризоктониоз) және бактерия тарататын ауру қоздырғыштарына төзімді болуы, ол үшін бастапқы кезде тез өсіп жетіліп кететін сорттар егу керек. Ал жеңіл топырақты, ауа-райы құрғақ келетін жерде өсетін сорттар вирус ауруларына төзімді болуы керек.
Зиянды аурулар түрлеріне байланысты оларға қарсы күресте сорттың маңызы зор. Мысалы картоптың рак ауруына және нематод зиянкесіне тек соларға төзімді сорттарды егу арқылы күресуге болады. Вирус ауруларына, фитофтора және қарасирақ сияқты ауруларға қарсы төзімді сорттар егумен қатар, фитопатологиялық және агротехникалық шараларды қоса қолданып күресу қажет.
Жиын-терін кезінде картоп түйнегі көп жарақаттанады. Картоптың сақталуы, оның жарақатқа төзімділігіне байланысты. Картоп сортының жарақатқа төзімділігі оның қабығының калыңдығына, жарақаттың тез жазылу қасиеті мен агротехникалық шаралардың дер кезінде және дұрыс жүргізілуіне байланысты.
Қазақстанда аудандастырылған картоп сорттары
Сорт |
Пісу мерзімі, шыққан жері |
Пайдалану бағыты |
Төзімділігі |
Крахмал мөлшері |
Өнімі |
Түйнек саны |
Түсі |
||
Фитофто-раға |
Вирус ауруына |
|
|
||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
Алатау |
о.е. (Қ) |
асханалык |
төзімді |
орташа |
орташа |
орташа |
аздау |
сарғыш |
ақ |
Акжар |
о.к. (Қ) |
асханалық |
тезімді |
орташа |
жоғары |
жоғары |
көп |
ақ |
ақ |
Агрия |
о.е. (Г) |
асханалык |
төзімсіз |
төзімсіз |
жоғары |
жоғары |
орташа |
ақ |
ақ |
Весна |
е.п. (Р) |
асханалык |
төзімсіз |
орташа |
төмен |
жоғары |
аз |
қызыл |
қызғылт |
Гатчинский |
о.п. (Р) |
асханалық |
төзімсіз |
төзімсіз |
орташа |
жоғары |
көп |
ақ |
қызғылт-көк |
Кокчетавский ранний |
е.п. (К) |
асханалық |
төзімді |
орташа |
жоғары |
жоғары |
орташа |
ақ |
қызғъшт -көк |
Курант |
о.к. (Қ) |
асханалық |
тезімда |
орташа |
жоғары |
жоғары |
орташа |
ақ |
қызғылт -көк |
Лорх |
о.к. (Р) |
универсалдық |
орташа |
орташа |
жоғары |
жоғары |
орташа |
ақ |
ақ |
Мурманский |
е.п. (Р) |
асханалык |
орташа |
орташа |
төмен |
жоғары |
орташа |
ақ |
ақ |
Невский |
о.е. (Р) |
асханалық |
төзімді |
орташа |
төмендеу |
жоғары |
орташа |
ак, көзі кызғылт |
ақ |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
Никита |
е.п. (Г) |
техникалық |
төзімді |
төзімді |
жоғары |
орташа |
орташа |
сарғыш |
ақ |
Огонек |
о.п. (Б) |
асханалық |
төзімсіз |
орташа |
жоғары |
жоғары |
орташа |
ақ |
|
Полет |
е.п. (Р) |
асханалық |
орташа |
орташа |
жоғары |
жоғары |
орташа |
ақ |
ақ |
Посвит |
е.п. (Р) |
асханалык, |
орташа |
орташа |
жоғары |
жоғары |
орташа |
ақ |
ақ |
Приекульский ранний |
е.п. (Р) |
асханалык, |
төзімсіз |
төзімсіз |
төмен |
орташа |
орташа |
ақ |
ак |
Рекорд |
о.е. (Қ) |
асханалық |
орташа |
орташа |
орташа |
жоғары |
орташа |
ақ |
ақ |
Романо |
о.е. (Г) |
асханалық |
орташа |
орташа |
орташа |
жоғары |
орташа |
қызыл |
ақ |
Санте |
о.е. (Г) |
асханалық |
орташа |
орташа |
орташа |
жоғары |
орташа |
ақ |
ақ |
Столовый-19 |
о.п. (Р) |
асханалық |
орташа |
орташа |
орташа |
жоғары |
орташа |
сары |
ақ |
Тамаша |
е.п. (К) |
асханалық |
орташа |
орташа |
орташа |
жоғары |
Көп |
ақ |
ақ |
Тулунский |
о.с. (Р) |
асханалық |
төзімсіз |
орташа |
орташа |
орташа |
аздау |
ақ |
ақ |
Шортандинский |
о.с. (К) |
асханалық |
орташа |
орташа |
жоғары |
жоғары |
орташа |
ақ |
ақ |
Ульяновский |
е.п. (Р) |
универсалдық |
орташа |
орташа |
орташа |
жоғары |
орташа |
ақ |
ақ |
Эскорд |
о.е. (Г) |
асханалық |
төзімді |
орташа |
орташа |
жоғары |
жоғары |
ақ |
ақ |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
Фреско |
е.п. (Г) |
асханалық |
төзімді |
орташа |
орташа |
жоғары |
жоғары |
ақ |
ақ |
Ярла |
е.п. (Г) |
асханалық |
төзімді |
орташа |
орташа |
жоғары |
жоғары |
ақ |
ақ |
Шартты белгілер: е.п. – ерте пісетін; о.е. – орташадан ерте; о.п. – орташа пісетін; о.к. – орташадан кеш;
к.п. – кеш пісетін сорттар.
Қ – Қазақстан сорттары; Р – Россия сорттары; Г – Голландтық сорттар; Б – Белорус сор
Картоп дақылының элитасын өсірудің негізі – клондық сұрыптау.
Клон — вегетативтік жолмен көбейетін өсімдіктердің генетикалық біркелкі ұрпағы.
Клондық сұрыптау – вегетативтік жолмен көбейетін өсімдіктерді жекелей сұрыптау.
Картоп тұқым шаруашылығында негізінде 6 сатылы клондық сұрыптау нұсқасы пайдаланылады.
Сұрыптау питомнигі |
1-ші жыл |
1-ші жылғы клондарды сынау питомнигі
|
2-ші жыл |
2-ші жылғы клондарды сынау питомнигі |
3-ші жыл |
Супер — суперэлита
|
4-ші жыл |
Суперэлита
|
5-ші жыл |
Элита
|
6-шы жыл
|
Сұрыптау питомнигі. Бұл питомникте жекелей клондық сұрыптау әдісімен ең жақсы картоп түптері (куст) таңдалып алынады.
Сұрыптау питомнигі ең жақсы жерде орналастырылады, ал картоп алдыңғы қатарлы агротехникалық шаралар қолданылып өсіріледі. Отырғызуға салмағы 50-80 граммдық түйнектер пайдаланылады.
Вегетация кезінде егістік 3 рет тазаланады:
- Картоптың биіктігі 15-20 см-ге жеткен кезде ауру түптер оталады.
- Картоп гүлдеген кезде вирустық және басқа аурулармен залалданған өсімдіктер оталады.
- Өнім жинауға 2-3 жұма қалғанда, бірақ өсімдіктердің жасыл кезінде отау жұмыстары өткізіледі.
Сұрыптау жұмыстары қауашақтану кезінде немесе гүлдеу басталған кезінде өткізіледі.
Ұялы – түпті жаппай сұрыптау кезінде морфологиялық белгілері сол сортқа тән, барлық сабақтары сау, жақсы дамыған өсімдіктер түптері түрлі түсті ленталармен белгіленеді. Егістіктерді вирустық инфекциялармен залалданудан сақтау үшін белгіленген түптердің жер бетіндегі вегетативті мүшелері орылып алынып тасталады немесе химиялық препараттармен жойылады.
Ең ақырғы сұрыптау өнім жиналған кезде өткізіледі. Сұрыпталып алынған түптердің түйнектері, жас балаусасы жойылғаннан 2 жұмадан кейін жиналады.
Әр түптің түйнектері бөлек-бөлек жиналып бағаланады.
Ең соңында түйнектері осы сортқа тән, аурулармен залалданбаған, салмағы орташа немесе орташадан жоғары болған түптер таңдалып алынады.
Әр түптің түйнектері бөлек ыдысқа жиналады.
Клондық сұрыптау екі рет өткізіледі: алдымен түптер сұрыптау питомнигінде, содан кейін клондарды сынау питомниктерінде.
Клондарды сынау питомниктері. Бөлек-бөлек ыдыстарға салынған түйнектер отырғызуға бір ай қалғанда мұқият тексеріледі. Егер бір ыдыста бір түйнек ауру болып шықса сол ыдыстағы бүкіл түйнектер егістікке егуге жіберілмейді.
Бір өсімдіктің түйнектері қолмен немесе клондық картоп отырғызғышпен клондар сынау питомнигіне бөлек бір қатарға отырғызылады. Осылай отырғызылған бір қатардағы өсімдіктер – «клон» — деп аталады.
Өскіндер жер бетіне өніп шыққаннан кейін әрбір қатардағы өсімдіктер тексеріледі, егер ауру өсімдіктер табылса ол туралы журналға жазылады да өсімдік жойылып жіберіледі.
Бір де бір ауру өсімдігі жоқ клондардың (қатарлар) ғана өнімі жиналады және олар біркелкі, аурулардан сау, жақсы дамыған болулары керек.
Егістікке вируссыз түйіндер отырғызылып, арасынан ауру өсімдіктер шықса, олардың 10-30%-ына көзден таса вирустық ауруларға сараптама жүргізіледі. Бұл шара аурулары көзден таса өсімдіктерден арылуға мүмкіншілік береді.
Өнім жинаған кезде ең алдымен сұрыпталып алынған клондар жиналады, олар біркелкі, бір типті, өнімділігі орташа немесе орташадан жоғары болуы тиіс.
Соңғы сұрыптаудан өткен клондардың түйнектері біріктіріледі де супер-суперэлита питомнигіне отырғызылады.
Жаңа, құнды сорттарды жедел көбейту үшін 4 сатылы жүйе пайдаланылады.
- Меристема өсімдігін өсіру
- Супер-суперэлита
- Суперэлита
- Элита.
Картоп тұқым шаруашылығында ең бір күрделі мәселе вирустық инфекцияны жою. Клондық сұрыптау, агротехникалық шаралар толық нәтиже бермейді.
Қазіргі кезеңде ең нәтижелі шара төбебүршікті апикалдық (вируссыз) меристемадан алынған клеткалардан вируссыз өсімдік өсіру болып отыр.
Сонымен қатар, вируссыз түйнектерді сұрыптауда өсімдік шырынын сараптау әдісін қолдану, ал вирустық аурулардан сауықтыруда антивирустық сыворотканы пайдалану жақсы нәтиже береді.
Картопты биотехнологиялық өдіспен әртүрлі аурулардан сауықтыру
Картопты вирус, бактерия және саңырауқұлақ ауруларынан тазартудың негізгі жолдары:
- Термотерапия — картоп түйнегін жоғары жылулықта қыздыру.
- Картоптың жоғары меристема бөлігіндегі клеткаларды бөліп алып, жасанды қоректік заттарда вирустың көбеюін тежейтін химиялық заттарды қосып өндіру.
Бұл әдістің негізінде картоп түйнегінің өсетін төбесіндегі бөлінгіш клеткалардың меристемалық аймағындағы клеткалар вирус қоздырғыш инфекциядан таза және клеткалар жасанды ортада өсірілгенде, сол ортаның құрамындағы вирус қоздырғыш инфекцияның дамуын тоқтатын (ингибирование) қосындылар, алынған өскіндердің вирустан арылуына мүмкіншілік береді деген пікір.
- Осы екі әдісті қосып орындау, яғни термотерапиядан өткен түйнектің жоғары меристема клеткаларын жасанды ортада өсіру.
Меристема өсімдіктерін танапқа отырғызу
Супер-суперэлита өсіру
Тұқымдық картоп өсетін танаптағы негізгі жұмыстар өткен жылғы меристема өсімдігінен алынған түйнектерді көбейту бағытында істеледі.
Супер-супер элита өсетін танаптағы барлык, өсімдіктерді, жаз бойы 3 дүркін тексерістен өткізеді. Егер вирус ауруымен немесе бактерия және саңыраукұлақ ауруларымен зақымдалған картоп түптері кездессе оларды казып алып танаптан шығарып тастайды.
Өсімдіктердің жаппай гүлдеу кезеңінде оларға серологиялық сараптама жасап, вирустың бар-жоғын анықтайды.
Жалпы барлық тексерістің нәтижесінде бұл супер-супер элита шығатын танаптан 25-30%-ға дейін картоп түптері шығын болуы мүмкін. Аурудан таза картопты ертерек қазып алып бөлек сақтайды.
Суперэлита және элита өсіру
Супер-суперэлита өскен танаптан шыққан өнімді суперэлита өсетін танапка отырғызады. Суперэлитадан келесі төртінші жылы элита өсіреді.
Қазақстанның көптеген ғылыми-зерттеу мекемелері, элитаны төмендегідей 4 жылдық нұскамен өсіреді:
- Меристема өсімдігін өсіру
- Супер-суперэлита
- Суперэлита
- Элита.
Тұқымдық картопты егерден 2-3 апта бұрын мұқият сұрыптайды. Шіріген, үсіген, зақымдалған жөне формасы келіспейтін түйнектер алынып тасталады. Суперэлита картобын отырғызар алдында, оларға сараптама жасалып акт жазылады. Егетін түйнекгерді 10-15 күн қыздырып, химиялық заттармен дезинфекциялап, көлеміне қарай жіктеліп барып егіледі.
Тұқымдық картоптың жиілігі гектарына 60-70% кем болмау керек. Жаздай суперэлита және элита танаптарға 3 қайтара сортофитосұрыптау жасайды ерекше күтіп баптайды.
Тұқымдық картоп өндірудің агротехникалық
ерекшеліктері
Көптеген жоғарғы өнімді картоп сорттары, өндіріске келгенде өз бойындағы өнімділік қасиеттерін толық көрсете алмайды. Оның себебі, әр сорттың өзі ерекшеліктеріне байланысты қажетті агротехникалық шаралар іс жүзінде толық қолданылмайды.
Мысалы, Қазақстанның көптеген аудандарында, картоптың үсікке шалдығатын күндері көп болады. Соған байланысты, картоп түйнегі қыркүйектің алғашқы күндерінде пісіп үлгеретіндей, агротехникалық шаралар қолданылуы қажет.
Солардың ішіндегі ең көп қолданылатын шара, түйнекті өндіріп барып өндіру. Бұл шара картоп егерден 25-30 тәулік бұрын, жарық пен жылу арқылы әсер етіп, түйнектің тыныштық сақтау кезеңін бұзуға негізделген.
Ғылыми тәжірибелер көрсеткендей, картопты жарықта өндірген жақсы нәтиже береді. Себебі, жарықта өнген өркендер, өте баяу өседі, кейін топыраққа түскенде уақыттан ұтады және мұндай түйнектерді картоп отырғызғышпен еккенде көп зақымдалмайды. Үлкен шаруашылықтарда, бұл шара іс жүзінде көп қолданылмайды, себебі жылы қоймаларды және көптеген қол жұмыстарын талап етеді.
Қазіргі кезде, бұл жұмысты жеңілдету үшін полиэтилен пленкасын қолданады. Картоп түйнектерін қазылған шұңқырға, 2-3 қабат қылып орналастырып, пленкамен жауып қойғанда, жылулық күндіз 30-40°С-қа дейін көтеріледі және пленканың астында ауа ылғалдылығы сақталады. Ондағы түйнектер түнгі суықта -10°-қа дейін зақымдалмайды. Түйнектерге 25-30 тәуліктен кейін, қысқа және жасыл өркендер пайда болады. Мұндай түйнектерді еккенде 10-15 тәуліктей картоп ерте піседі.
Үлкен топтарды бұлай өндіру қиындыққа соғады, мұндай жағдайда картопты жылы ауамен жылыту өз нәтижесін береді. Ол үшін, жылу калориферлері мен /ВПТ-400 немесе ТГ-100/ картопты 35-40°-қа дейін жылыған ауамен, 3-4 сағат бойы үрлейді. Қалған уақытта қоршаған орта жылулығы 18-20º-тай болса болады. Мұндай түйнектердің шығымдылығы 98%-ке дейін артық, пісуі 10-12 тәулікке дейін ерте жүреді.
Картоп ерте көктеп, көктемгі ылғалды дер кезінде пайдалануы арқасында, оның өнімі 10-15%-ке дейін артады.
1980-1985 ж.ж теңіз деңгейінен 1900 м биіктікте, 1-Май тәжірибе шаруашылығының Үшқоңыр бөлімшесінде жүргізілген тәжірибелердің нетижесінде, тұқымдық картопты микроэлементтер мен өсіргіш заттарды қосып өңдегенде, жақсы көрсеткіштер байқалды. Ол үшін картопты, құрамында 0,002% аминды тұзы, 005 % мыс купоросы, 0005% марганец қышқылды калий және 1% бор қышқылы бар ерітіндіге батырып алып, 2-3 сағат жауып қояды. Содан соң түйнектерді кептіріп барып еккенде, картоп өнімі 12-14% жоғарылап, саңырауқұлақ және бактерия тарататын аурулармен 1,5-2 еседей кем ауыратыны мәлім болды. Осы химиялық заттармен тұқымдық картопты жоғарыдай етіп өңдегенде, оның өнімі түйнектерді жарықта өндіріп барып еккенмен бірдей болды. Ал есесіне пісіп-жетілу жағынан, өндірген картопқа қарағанда 7-10 тәулік кем болды.
Қандай да болмасын картоп сортының тұқымдық қасиетін толық көрсету үшін, аналық түйнектің өсу кезеңіндегі қоректік заттармен қамтамасыз етілуіне көп байланысты.
Минералды тыңайтқыштардың, элита картобы өніміне және тұқымдық қасиетіне тигізетін әсерін зерттеген тәжірибеде, әсерлі затын, әр гектарына өндіргенде, элита өнімі 50 ц артып, вирус аурулары 24 % кеміген.
Картоптың тұқымдық қасиеті, оның құрамындағы вирустар мөлшеріне байланысты екені білінді. Вирустарды тарататын жәндіктер екенін және олардың қыркүйек айы ортасында шегіне жетіп көбейетінін ескерсек, картоп сабағын дер кезінде отаудың маңызы артады.
Әр мезгілде /15 сәуір, 5 мамыр/ егілген картоп сабағын, жаппай гүлдегеннен кейін 15 тәуліктен соң отап тастап, 12-14 тәулік өткенде қазып алып тәжірибе жасалған.
Келесі жылы серологиялық анализ арқылы осы түйнектерден шыққан картоп түптерін тексергенде ондағы вирустардың мөлшері, картоптың егу мезгіліне емес, оның сабағы мерзіміне байланысты болғаны мәлім болды. Сабағын қазып алардан 14 күн бұрын отап тастаған картопта, сабағы қурағанша жатқан картопқа қарағанда Х,S,М- вирустары 9% аз сақталынған.
Сабағы ерте оталған картоп түйнектері, қыста сақталу мерзімінде әртүрлі ауруларға сирек ұшырайды, шығыны аз болады. Себебі, сабағын уақытылы отаған картоп қабығы қалыңдайды. Жасалған тәжірибелердің нәтижесін қорытындылай келе, картоптың тұқымдық қасиетін төмендетпей, көптеген жылдар өндіру үшін түйнектерді егер алдындағы дайындық шараларын, жаз бойы ауру түптерді сұрыптау және сабағын дер кезінде отау сияқты агротехникалық шараларды бұлжытпай орындап отыру қажет екені айтылады.
Картоп тұқымын жедел көбейту тәсілдері
Картоп тұқымын жедел көбейту, жаңа өнімді сорттарды шаруашылыққа тез енгізу үшін қажет. Көп жылдық мәліметерге қарағанда Қазақстандағы картоптың көбею коэффициенті 1/3 артпайды. Сондықтан көптеген картоптың жаңа сорттары, өндіріске еніп үлгермей, өзінің тұқымдық қасиеттерін жоғалтып алады.
Осы қиындықты, картоптың биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жеңуге болады.
Картоп жедел көбейтудің тәсілдері түйнектің әр көзінің жаңа өсімдік бере алатын қасиетіне негізделген.
Картопты, оның өркенінің немесе өсімдігінің жеке бөлікшелері арқылы көбейтуге болады. Сондай-ақ жаз бойы екі өнім алу арқылы немесе өсімдіктің түйнектерін көбейтетін шараларды қолдану арқылы да көбейтуге болады.
Картопты түйнектерін кесу арқылы көбейту
Ол үшін, түйнектерді 8-10 тәулік бойы, 18-20°С жылулықта өндіріп алып, 3-4 бөліп кеседі. Әр бөлікшеде 1-2-ден көз болуы шарт. Кесетін пышақты марганцовкамен немесе 3-5% лизол ерітіндісімен дезинфекциялап отырады.
Түйнекті егетін күні кесіп, жылы топыраққа (8-10°С) отырғызады.
Осы әдіспен көбейтілген түйнектер арқылы, картоп тұқымы шығымын арттыруға болады.
Картопты сабағы арқылы көбейту
Картоп өсімдігінің бойы 20-25 см-ге жеткенде, оның сабақтарының ұшын кесіп, ылғалды топыраққа 3-4 см тереңдікке отырғызады. Егілген сабақтар 6-7 тәулік өткенде тамырланып өсе бастайды.
Оларды отырғызардан бұрын гетероауксин (50мм 1л суға) ерітіндісінде ұстаса, тамырлануы тездейді. Ұштары кесілген аналық өсімдіктен 10-15 тәулік өткен соң, жанама сабақтар шығады, оларды да кесіп отырғызуға болады. Жалпы, 1 аналық картоп өсімдігін, 4-5 рет шырпығанда, 200 данаға дейін қосымша сабақтар алуға болады. Осылардың әрқайсысынан 4-5 түйнектен есептегенде, картоптың көбею коэффициенті 1:800-ге дейін көтеріледі.
Түйнекті өркендерін өсіру арқылы көбейту
Картоп түйнектерін ара қашықтығын 3-5 см, қатар аралығын 20 см етіп орналастырып, 4-6 см тереңдікке отырғызады. Топырақтың ылғалдылығын, су сыйымдылығының 70-80%-нен төмен түсірмей суарып тұру қажет. Түйнектің өркендері 15-20 тәулік өткенде 6-10 см-ге жетіп, тамыршаларын жаяды. Осыларды тамыршаларымен бөліп алып, ылғалды топыраққа отырғызады. Осылайша аналық түйнектен 4-5 рет өркен өсіріп, 20 шақты картоп өсімдігін алғанда, көбейту коэффициентін 1:50, 1:90-ға дейін көтеруге болады.
Картопты өркендерін бөлу арқылы көбейту
У. Хаммон (Германия) тәсілі. Ол үшін картопты қатар аралығын әдеттегіден қашықтау орналастырып, биік өскен сабақтарын, жерге жатқызып көміп тастайды. Осылай еткенде өсімдіктің ұйқыдағы қарын көздері оянып, жаңа сабақтар береді.
Солар арқылы егілген түйнектердің қатар аралықтарынан жаңа өсімдіктер пайда болады.
Бұл тәсіл арқылы түйнектерді қыстай көбейтіп шығуға да болады.
Ол үшін, картоптың ылғалды және қараңғы жерде өскен ұзын өркендерін, әр буынын бір бөлікше қылып кесіп, ылғалданған сорғыш қағаз үстіне орналастырып, бетін жауып қояды.
Әр бунақша, 6-7 тәуліктен соң тамыр жаяды. Оларды жарық және жылы жерге ара қашықтығын 4-5 см, қатар аралығын 10 см етіп отырғызып, көшет өсіру арқылы көбейтеді. Бұл тәсілмен, картоптың көбею коэффициентін 1:1000-ға дейін жеткізуге болады.