Қарым – қатынас психологиясы.
Адам қоғамнан тыс өмр сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасыды, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.
Кез келген адам дүниеге келсімен екәншә біп адаммен қарым- қатынасқс түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен «тілдесуі» қажетін қанағаттандырмау – біртіндеп оның қасаң сезімді, мейрімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына сезімінің азаюына әкліп соқтыратыны байқалып жүр. Сөйтіп, басқалармен қарым-қатынасқа түсу – қай жастағыларға болмасын, оған киім-кешек, баспана, ұйқы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен аралысып, дұрыс қарм-қатынас жасай білу де қажет. Мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау – жазаның ең ауыр түрі екндігі белгілі. Өзгелеромен қарым-қатынас жасау – бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат алмасу деген сөз. Адам қарым –қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәілмет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарға меңгереді. әрине қарым-қатынас ақпарт алумен ғана шектелмейді, оның шеңбері аса кең, бұл кең көп қырлы ұғым. Спектакель көрсекте, лекция тыңдасақта , телефонмен хабарлассақ та, дос- жарандармен сөйлессек те – осының бәрі – қарым- қатынастың сан алуан қырлары. Өмірдегі сан алуан тіршілікте адамдар бі-бірімен тікелей, жүзбе жүз не жанама не біреу арқылы қарым-қатынасқа түседі.
Осындай қарым-қатынастың мән –мағынасы, олардың түрлі көріністері жеке адамдармен топтық ұйымдардың тіршілігінен жақсы байқалып тұр.
Қарым-қатынас «топ», «ұжым» деген ұғымдармен тікелей байланысты.
Адам баласы жалғыз жүріп, көздеген мақсат-мұратына жете алмайды, сондықтан ол ылғи да басқалармен бірлесіп тіршілік етуі тиіс дедік. Мұндайда адам ылғи топпен бірге өмір сүретіні белгілі. Мәселен, мұның бірі – нақты (реалды) топтар. Бұл –ортақ мақсат көздеп, бір кеңістікте, белгілі уақыт ішінде, бір бірімен қоян қолтық араласып, іс әрекетке түсетіндер. Топтар үлкен (макро), шағын (микро), ресми, бейресми, формалы, формалсыз, ұйымдасқан, ұйымдаспаған, жасанды, табиғи, референттік болып бірнеше бөлінеді.
Біршама тұрақты, құрамы жағынан саны онша көп емес, бір – бірімен тікелей қарым қатынас жасап отыратын ортақ мақсатқа ұмытылған адамдардың бірлестігі «шағын топ деп» аталады. Осындай топтың барлық мүшесі күш жігері бір мақсатқа бағытталады.
Отбасы, өндірістік бригада, ұшақ пен ғарыш корабілнің экипажы, поляр станциясында қыстаушылар, мектептегі сынып сияқты бірлестіктер шағын топ деп аталады. Мысалы, кейбір оқушы мектепте жүргізілетін әртүлі іс шаралардың бәріне де қатысады. Ол футбол командасының, не пән үйрмесінің мүшесі, не жетекшісі т.б. Бірақ осылардың біреуіне ерекше ден қояды. Шағын торптағылардың өзара қарым –қатынасына шек қойылмайды.
Формалы топ мүшелерінің арасында белгілі құжаттардың талабына сәйкес әр түрлі сипаттағы іскерлік қатынастар орнайды.
Формасыз топ – бұл ұнату, көзқарас бірдейлігін тану сияқты психологиялық себептер бірлігі негізінде туады. Мұндай топ ресми құжаттарды тиісті нұсқауларды қажет етпейді. Мәселен, бірлесіп балық аулау, аңшылықпен айналысу, отау тігу, дос- жарандық қатынаста болу – осындай топтың мысалдары.
Әртүрлі деңгейдегі топтардың ішінде референттік топтың мәні ерекше. Бұл -әр адамның жекелеген топтардың ішінен біреуіне ғана ерекще тәнті болып, соны ғана қастерлеп, қадір тұтып, жүрек қалауымен таңдап алған тобы. Мұндай топқа енген адамдар ондағы талап тілектерді, белгілі принциптерді қолдап қана қоймай, оны қызғыштай қорғайды, тіпті соның жолында жанын пида етуге дайын.
Мәселен, сенің көңіл – күйің бүгін нашарлап тұр делік, оның да белгілі себебі болатыны түсінкті. Сөйтседе, басқалар сенімен әңгімелескісі, бір нәрсені сұрап білгісі келеді екен. Сен ондайда өзіңді қалай ұстауың керек. Әрине, қолайсыздықты сезетінің анық. Сені әңгімеге тартып, үсті-үстіне сауал қойып отырғандар көбінде көңіл – күйіңді түсіне қоймайды. Өйткені оларда эмпатиялық қасиет жөнді қалыптаспаған. Сондықтанда эмпатиялық қасиетті өздеріңде үнемі дамытып отыруларың қажет.
Біздің қай қайсымыз болсын, тіршілікте кейбір адамдардың үйірсек келетінін байқап жүрміз. Бұл басқалармен тез тіл табысып кететін жандар. Ал өзара пікірлесіп, адамды жөзіне тартпақ түгіл оның қитығына түсетіндер де кездеседі. Мәселен, табиғатынан тұйқ адамдар әңгімені өзіне аударғысы келмейді, артық сөзге бармайды, тек әңгімелесушінің сөзін жай, ықылассыз тыңдап отырады.
Даму психологиясы.
ХІХ – аяғы мен ХХ ғасырдың басаында қарқынды дамыған бүкіләлемдік психология ғылымының сан – салаларынан жарық көрген шетелдік ғылымдардың зерттеулерін сын көзімен қарап, оларға талдау жасап, ХХ ғасыр психологиясының дамуына орасан зор үлес қосты. Адамның жан дүниесін сыр сипатын терең зерттеген.
А.С. Выготский адам психикасының мәдени тарихи дамуын және бала психикасының жақын арадағы даму аймағы» деп аталатын тұжырымдардың айрықша атап көрсетуді қажет етеді.
Мәдени тарихи теория туралы Выготский ішіндегі жүйе, ең алдымен адамның әлеуметтік өміріндегі тіршілік бейнесі қоғамның даму дәрежесіне, екіншіден ондай даму деңгейі: сол әлеуметтік өрістің заттарды ұстап тұтыну деңгейінде тәуелді.Үшіншіден, адамның жарық дүниеге келуі мен өмірінің соңғы кезеңіне дейін ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде қалдыратын өмір тәжірбиесіне, іс-әрекеті мен мінез құлық бейнесіне, бір сөзбен айтқанда бүкіл жан дүниесінің өзгеріп өрістеуіне, қалыптасуына ықпал етіп отыратын тарихи фактор ретінде қарстырылады.
А.С. Выготскийдің психологиялық ғылымында ерекше орын алатын теориясы бала дамуының жақын арадағы аймағы деп аталады. Бұл теорияның түпкі мәні баланы тәрбилеп оқыту, оған білім беріп, дүние танымын қалыптастыру үнемі оның табиғи дамуының деңгейінің оздырып отыруды талап етеді. Мұндай талап біріншіден, баланың психикасын оның жан дүниесінің дамуын, ақыл ой деңгейін өрістетіп, оны жетілдіруге шама шарқы жетіп оқып білім алуға, оны өздігінен ойлантып толғантуға әрбір затпен құбылыстың мазмұнын мағынасын пайымдап білуге жетектеп отырады. Егер баланың табиғи дамуында оның психикасы күрделеніп, сана сезімі жетілетін болса, ол оқу тәрбие жұмыстары арқылы оның дүниетаным мен білімінің шеңбері кеңейеді. Оның дамып жетілкі , сыртқы ортадан түйсініп, қабылдағанын көріпбілгендерін ой елегінен өткізіп санасының өрістеуіне әсер етуін сыртқы факторлардың ішкі факторларға айналуына белгіленеді. Осы жайт Выготскийдің адамның мәдени тарихи даму жайындағы теорисының мәнінен туындайды.
Выготскийдің «жоғарғы психикалық қызыметінің даму тарихы» детін еңбегінде осы пікірін одан әрі жалғастыра түсіп, баланың жоғарғы психикалық қызыметі әлеуметтік орта ересектермен қарым-қатынас жасау туындап отырады осы жағдайда ғана сана – сезімі өсіп отырады. Выготскийдің бұл тұжыры «жақын арадағы даму аймағы» жайындағы қағидасын негіздеуге тірек болады.
А.С.Выгодский тарихи даму кезеңдерінде адам психикасының өзгеріске түсіп отыратындығын әсіресе оның ойлау мен сөйлесуінің өрістеу сатыларын жан-жақты іздестіреді. Осы тұжырымның мәні 1934 жылы жарияланған «Ойлау мен сөйлеу» еңбегінде жан-жақты қамтылған.
И.М.Сегеневтің «Бас миының рефлекісі» деген еңбегі Ресеидегі психология ғылымының дамуы үшін жаратылыстық ғылыми негіз болды, сүйтіп материалистік психологиялық ой пікірдің дамуына үлкен үлес қосты. Сонымен қатар, Қазан төңкерісіне дейінгі Ресеиде Г.И. Челпановтың кеңестік кезеңде В.М. Бехтеревтің, И.П. Павловтың зертеулері, И.Е. Введенский мен А.А. Ухтомскийдің ревлекіске байланысты ашқан жаңалықтары психологияның табиғи ғылыми негізін адам әрі өрістетуге жол ашты.
Психикалық даму процесін басқарудың педагогикалық шартары.
Даму процесінде күш пен үш түрлі факторлар болады.
1.Биологиялық фактор. Бұл ата-анадан ауысқан туа біткен және өмір сүруде қабылданған дененің барлық мүшелерінің,оның барлық жүйесі құрылысының ерекшелігін білдіретін бала организмнің өмірі. Олардың жұмыс істеуі тірі организмнің ортамен өзара қарым-қатынасының натижесі болып табылатын белсенділікті, өсіп келе жатқан адамның денсаулығын қалыпты өмір тұрмысын қамтамасыз етеді.
- Әлеуметтік фактор.Бұл бала өмір сүретін орта, ең алдымен адамдардың ортасы.
Бұл — баламен қарым-қатынас жасайтын адамдар. Олаардың сипаттары, мінез құлық және ақыл-ой бейнелері, олардың мүдделері мен пікірлері,олардің еңбекке,басқа адамдарға қатынасы олардың істері мен сөздері,олардың сезімдері мен талаптары,дағдылары мен ұмтылыстары бала өсіп,дамитын рухани ортаны құрайды.
- Баланың белсенділігі – осының даму процесіндегі әрекет ететін үшінші
күш болып саналады. Оқитын пән қандайда жаңа,бағалы болмасын (машина, аспап, өнер пәні ) мұғалімнің шеберлігі қаншама жоғары болмасын, егер мұғалім баланың өзінің белсенділігін туғыза алмаса, оған ұсынылатын іс пен еңбнекте баланың әрекетке қатнасуы әрекет күткен нәтиже берммейді және баланың дамуына әсер етпейді.
Баланың организм ретінде дамуы және оның жеке бас ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Баланың даму процесі стихиялы, яғни, ауыр төмен болу мүмкін. Егер бала әлсіз, іштен туған дене мүшелерінің кемістігі болса, мысалы есту немесе көру мұндай жағдайларды педагог оның іс әрекетін арнайы ұйымдастыру керек. Психикалық дамуды басқару қажет. Ол үшін баланың күнделікті өмірін ұйымдастырып, оның белсенділігіне басшылық жасап отру қажет. Демек:
- Баланың іс әрекетінің мазмұны ретінде (оқу, ойын, бақылау, әңгімелесу және т.б.) таңдаған материал жұмыс үстінде әрекет ету шеберлену, білу тәсілдерін және одан арғы қызыметіне қажетті жағымды эмоцияларды тудыруға әрі адамдар үшін бағалы мінез – құлықтың белгілерін қалыптастыратын болсын.
- Өздері таңдап алған іс әрекетіне балаларды үйрету қажет және қол жеткен жетістіктерін көңіл қоя бақылап отыру қажет. Педагог үшін баланың өзінің іс әрекет процесі мен қолы жеткен нәтижелеріне қатын.асы өте маңызды.
- Баланы белсенді іс-әрекетке оятатын, оның мүддесін бағдарлылығын, оның іс — әрекет себепттерін қалыптастыратын құралдарды да білу қажет.
- Әр оқушының қолы жетке нәтижелер мен даму дәрежесіне үнемі «қарайлай» отырып, оған талаптары үнемі, «қарайлай» отырып, оған талапты үнемі өсіріп отыру қажет.
- Балаларды зерттеп біліп, олардың әрқайсысы мен жеке тіл табу керек, ол үшін тәрбиеленушінің белсенділігіне жетекшілік етуде ойлы да дәлеоледә өзгертіп қана койммай, оған барлық әсер етудің мөлшерін үйлестіру керек. Өзінің әрбір тәрбиеленушінің ерекшеліктерін біле отырып, мұғалім оның белсенділігіне басшылықты ғылымның: педагоиканың, психологияның және физиологияның жалпы заңдарын ақыл мен негіздеп қолдана алады. Оқушының психикалық дамуын ойдағыдай басқару үшін, мұғалім өз тәрбиленушісінің әрқайсысын жақсы білу қажет, бұл жерде оның тек оның жақсы жағын ғана емес, нашар жағын да, потенциальды мүмкіндіктері, оның қоршаған ересек адамдар мен және өз құрдастарымен қарым-қатынастарын да жақсы білу керек.
Балалар психикасынң дамуының мәселесі.
Даму дегеніміз өзгерілуінің бір түрі. Бірақ өзгерудің бір түрі даму болып есептеліенбейді. Психика дегеніміз тіршілікті қамтамасыз етуге арналған қөажеттің бір түрі. Психика дамуы үшін жаңамен қатар көне, ескіден қалған қалдқтар болуы шарт.
Психикалық дамудың көрсеткіштеріне іс-әрекет мазмұны, іс-әрекеттің қорытындысы, іс-әрекетердің орын тәсілдері және тағы басқалар жатады. Давыдовтың айтуынша, оқыту есеюге әсер ету үшін жас балалар мына сияқты ой ептілігінде болу керек: біріншіден үйсіз сөйлеп тапсырмаларды орындай білуі; екіншіден, тапсырман.ы оқушы өзі қалай орындағанын тиісті оқу- құралындағы жауаппен салыстырып тексеруі.
Л. Н. Толостойдың бөбек пен жеткіншек балалардың есеюіне аранлған болатын . Азия мен Африканың кейбір елднрінде баланың бір жас кезеңінен екінші бір жас кезеңіне өтерде той жасап, оны жеткіншек дәрежеге көтеретін болған. Осындай ғұрыптың бір жақсы жері бала осы мейрамды алдын –ала күтіп, жұрттың алдында өзінің ептілігін көрсету үшін әдйі даярланады. Әрбір елде есеюді, әр жас кезеңінде қандай ат беруді өзінше түсінген, Себебі, әр елждщің қоғамдық және мәдени дпмулары әр түрлі дәрежеде болады.
Есеюді әлеут жасына және ер баланың өзқіне тән хроникалық жасынан білугет болады, әлеует жас дегеніміз — әр елде есеюді қоғамдық жағдайдың ерекшеліктерін бөлуі. Біздің қазақ елінде қазақ қыздарын 13-14 жасынан үйлендіретін болған.
Қазіргі кезеде есеюдің бұл түрі өзгеріліп, балалық кеэ 18 жасқа дейін созылды. Әлеут жасы мен хроникалық жастың арасында айырмашылықтар бар. Себебі, әлет жас деп отырғаны кәдімгі әркімнің туғаннан кейінгі жасы емес, заманның талабына қарай есеюдің әр түрлі болып келеді, хроникалық жасы өз жасы.
Адам психикасының дамуындағы нәтижелі, тиімді кезең, синтизивтік кезең деп аталады. Психикалық дамудың синзитивтік кезеңі туралы алғаш сөз қозғанаған Италяның педагогы Мария Монтессори болған. Синтизивтік кзез, бұл тек бала жасында ған емес, адамның барлық өмірінде түрліше болып кездеседі: жас кезеңде адам түрлі нәрселерге әсерлеткіш, мән бергіш келеді. Ал қартайған кезді алсақ мұндай жағдай өзгеше. Мысалы, қарт әйел көшеде келе жатқанда жан жағына қарамағанымен, көзіне түскен затттарды не адамдарды аңғарып жарымайды. Себебі ол бір нәрсені здеп асығып бара жатады. Бұл мысал әуелгі кездегі жастардың өмірі үлкендерге қарағанда өзінше синтизивтік кез екені дәлел бола алады. Синзитивтік кез көбіне мінді меңгеруге және ақылға байланысты келеді.
Мектепке дейінгілердің психикалық дамуы.
Неміс психоллгы К. Гросс кішкентай балалардың ойынын зерттеп 1989 ж өзінің осы жөніндегі пікірін жариялады. Оның айтуынша, бала өзінің күшін, ақыл –ойын дамытып дағдылану үшін ойнайды. Осы пікірін дәлелдеуде Гросс мынадай деректер келтіреді: әсіресе төменгі даму сатысында тұрған жануарлардың өзгерілмейтін соқыр сезімі көп болғандықтан,олардың балапандары ойнамайды, тек инстинктері өз жануарлардың балапандары ғана ойнайды.Ойнайтын себебі олардың туа берілген инстинктері аз болғандықтан,осыған байланысты ептілікті,(ойын т.б) арқылы толтырғысы келеді дейді. Сонымен баланың неліктен ойнайтын себебі әлі күнге дейін көпшілік ғалымдар арасында талқыланбаған мәселелердің бірі. Көрнекті орыс ғалымның бірі Г. В. Плеханов бала ойын кезінде үлкендердің еңбек әрекетін қайталайды. Баланың психикалық дамуына да, мектепке бару үшін бірнеше мына сияқты талаптар қойылады:
- Мектепке кірген баланың оқуға деген ықыласы болуы шарт. Кейде бала оқуға барам дегенімен оны онша қызықтырмайды. Ықылас дегеніміз оқу процесіне қызығу.
- Оқу ойынға қарағанда өзінше жаңа әрекет болғандықтан, бала оған төзе білуі қажет, мектепке кіргеннен кейін белсенді түрде тапсырмаларды орындап, мұғалімнің сөзіне 45 минут шыдап, құлағын салып отыру керек.
- Сабақ үстінде мұғалімнің не өзге балалрдың сөзіне зейінді болып соны қабылдау алуы шарт.
- Оқу материалының ұғымын, оны саналы түрде есіне қалдырып, қиын мәселелерді шешуге бала ойлана бастауы тиіс. Мектепке кірерде балаладың ойлауға қабілеті әр түрлі: Біреуінікі күшті дамыған, екіншісі нашар дәрежеде кездеседі.
Жеткіншек жастағылардың психикалық дамуы.
Жеткіншек кезеңде психикалық даму ерекшелігі жас бала мен ересектерге қарағанда әлде қайда өзгеше болады: бұл кезеңге тән тағы бір ерекшелік жеткіншек барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкен адамдардың қамқорлығымен оқып кеңесімен орындағысы келеді. Жеткіншектің ересектен айырмашылығы тек үлкен адамдармен қатынастың өзгеше келетіндігінде емес, сонымен қатар биологиялық дамуы кеңінен өріс алатындығында.
Қажеттіліктер сферасының дамуы.
Адам мінезіндегі әр қасиет болып оның өзгелермен қарым- қатынас жасауды қажет етуі болып саналады. Бұл қажеттілік оның көріну дәрежесіне, адамның темпераментіне және қарым қатынас тәжірбиесіне орай мінездің әрбір адамға тән коммунативтік белгілерін қалыптастырады. Мұндай белгілерге көпшілдікті, тұйықтықты және мылжыңдықты жатқызуға болады. Көпшілдік дегніміз басқа адамдармен қарым- қатынасқа мейлінше құштар болу.
Басқалармен сөйлескендк адам өз ойын, сезімін, тілнгін, бллып жатқан оқиғаға қатысын білдіру, сөйтіп тыңдаушының көзқарасына ықпал жасау мақсатын қояды. Көпшілдікті көп сөйлеуші деп ұғынуға болмайды. Көпшілік деп рухани өмірі бай және басқаларға айтары бар адамдар айтуға болады. Тұйықтық көпшілік қарама қайшы болып табылады. Тұйық адам басқалармен бөоісуге болатын ойы мен сезімін ой ішінде «бүгіп» қалады. Тұйықтықтың себебі көп жағдаайлрады адамдарға сенбеуден немемсе басқаалармен сырласқысы келмегендіктен емес, жоқтығынан және оны қажетсінбегендіктен болады. Мұндай тұықтықтың тамырымен айналадағының бәріне сенбей, күдіктене қараймен үш қосылса сорпасы қосылмайды. Мылжыңдық тұйықтыққа қарама қайшы. Мылжыңдық дегеніміз тежеусіз сөйлей беру.
Мінез бұл адамның әлеуметтік мінез құлқының ерекшелігі. Ол әлеуметтік топтағы жеке адамның өмір қалпын сәулнедіре және жүктелегн іске, адамдарға қарым қатынасымен көрініп отырады. Жек адамға не адамдар тобына тән өзіндік қарым қатынастар, мінез құлық пен қимыл қозғалыстардың тәсілдері кісінің танымы іс әректінде, тәрбие мен өзін өзі тәрбиелеу процесі қалыптасады.
Пайдаланылған әдебиеттер.
- Гиппенрейтер Ю. Б. Введение в общую психологию. Курс лекциий. – М., 1988.
- Зинченко В.П. Проблемы психологии развитияю
- Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии: В 2т-Т. I –М., 1989
- Леонтьев А. Н. Избранные психологические произведения : В 2т. – Т. П. – М., 1983.
- Ладыгина – котс Н. И. Развтитие психики в процесс эволюции организомов. – М., 1958.
- Выготский Л. С. Собрание сочинений: В 6 т. – Т. 2. М., 1982. ( Мышление и речь: 2-361. Мышление и его разитие в детском возрасте: 395-415 ) .
- Зак А. З. Развитие теоретические мышления у младших школьников. –М., 1984.
- Ильясов И.И. Исследование развития познавательной деятельности. – М., 1971.
Ес дегеніміз сыртқы дүние заттарымен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс.
Ес – күрделі психикалық процестердің бірі. Ес есте қалдру, қайта жаңғырту, тану, ұмыту секілді процестерден тұрады. Бір нәрсені есте сақтау – оны байланыстыру деген сөз. Ес процесінің негізі болып табылатын байланыстарды психологияда ассоцация деп атайды.
Ес процестерінсіз адам баласы мәдениеттің қандай саласы болмасын, қалағанынша меңгеере де, жан –жақты жетіледе алмас еді. Егер біздің есімізде ертеректе қабылданған нәрселер сақталмасас, бізге өмірді әр кез қайта жасап отыруға тура келер еді, не болмаса өмірдегі заттардың барлығыда әр уақытта белгісіз, не жаңа нәрсе болып көрінер еді. Баланың жек басын қалыптастыруда оның есін тәрбиелеу айрықша орын алады. Мектептегі оқу тәрбие процесінің негізігі мақсатттарының бірі – баланың есін үздіксіз дамытап отыру. әр жастағы оқушылардың есінің қалайша дамып отыратындығы психологиялық зерттеулерде жақсы көрсетілген, олардың біразы заңдылықтар ретінде дәлелденген. Осы заңдарға сүйеніп, баланың оқу материалдарын ұмытпай, есте сақтауына қолайлы жағдайлар жасау — әрбір мұғалімнің міндеті.
Ойда қалдыратын не қайта жаңғыртылған нәрсенің сипатына қарай ес төртке бөлінеді. Олар: қозғалыс, образдық, сөз – логикалық , эмоциялық .
- Қозғалыс ес деп ойын, еңбек әрекетіне байланысты туып отыратын қимыл қозғалыстарды еске қалдру мен қайта жаңғыртып отыруды айтады. Естің осы түрлері қозғалыс дағдыларын қалыптастырудың негізі болып табылады.
- Заттамен құбылыстардың қасиеттерінің нақтылы бейнесін ойда қалдыруда, қайта жаңғыртуда көрініп отыруды образдық ес деп атайды.
- Адам ойының түрлі формаларын еске қалдыра алу қабілеті сөз- логикалық ес деп аталады. Сөз жүйесін есте сақтау – ойлау жұмысына байланысты. Етің осы түрі философтар мен математиктерде жиі кездеседі.
- Сезімдерді еске қалдырып отыруды эмоциялық ес дейді. Мәселен, жас кезімізде тұрған жерге келсек, сол кезде бізге ерекше әсер қалдырған нәрселердің бәрі есімізге оп-оңай түседі.
Соңғы кезде ғылыми зерттеулер адамда естің басқа ттүрлеріде болатындығын көрсетіп отыр. Мәселен, адамның материалды қанша мерзімге сақтай алатындығына байланысты ес қысқа және ұзақ уақыттық болып екгіге бөлінеді.
Ес өте күрделі процесс, оның өзі бірнеше жеке процестерден тұрады. Бұлардың негізігілері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту.Ол ранайы есте қалдыыру және еріксіз есте қалдыру болып екіге бөлінеді. Еріксіз есте қалдыруда адам алдына арнаулы мақсат қоймайды, есте қалдырудың арнаулы тәсілдерін пайдаланбайды. Ал арнайы есте қалдыру арнаулы тәсілдерді қажет етеді.
Ес дәрежесі бірдей екі адамды табу қиын. Біреу өлеңді жылдам жаттаса, екінші біреу – санды жақс жаттайды, үшінші біреу – ұмытшақ , төртінші кісі көргенін есінде ұстағыш келеді. Адамдар сондай-ақ есінің дәлдігі жөнінін бір-бірінен ажыратылады. Естің дәлдігі – ешбір жаңылмайң ойдың тәртібін бұзбай, мағналы түрде айта білу қабілеті. Мәселен, орыс композиторы Балакиревтің есі дәл осындай болған.
Есі дәл дамдар материалды игеріп алудың жылдамдығы жөнінде де алдына қара салмайды. Жұрт бұларды зейінді, зерек адам дейді. Ал басқа біреулер, керсінше, қайта-қайта оқыса да есіне түсіре алмай, әуре боады. Адамдар еске қалдырудың ұзақ –қысқаллығымен де ажратылады.Мұны кейде есітң беріктігі деп атайды. Мәселен, бір нәрсені жаттап алса, оны ұзақ уақыт бойына ұмытпайтын болады. Екінші біреу оны тез ұмытады.
Естің жақсы сапаларының бірі – даярлғы. Естің қорынан кез келген уақытта қажет нәрсені тауып ала білуді естің даярылығы дейді. Сондай-ақ көп нәрсені миына тоқи аолатын, есінің өрісі кең адамдар да болады. Біреулер көзбен көргенді, енді біреулер құлағмен естігенді жақсы қалдырады. Жоғарыда аталған ерекшеліктер балалар арасында да жиі кездеседі. Оларды төмендегіше жіктеуге болады:
- Есте қалдыруды шапшаң, қайта жаңғыртуды жақсы, еске қалдырғаннан көпке дейін, ұмытпайтын оқушылар.
- Естеу баяу қалдырғанымен, ұмытпайтын оқушылар.
- Есінде қалдыруды тез болмағанымен, тез ұмытатын оқушылар.
- Есіне қиналып түсіретін және тез ұмытып қалатын оқушылар.
Бала есінің сапасы төмен болуы көптеген себептерге байланысты. Есте қалдыруы нашар балалар сабақтан көп қалады, үй тапсырмаларын жүйелі орындап отырмайды, кітапты қалай оқудң тәсілдерін білмейді. Есте қалдырудың нашарлыға баланың сабақты дұрс тыңдамауында, зейінсіз отырғандығында боады. Мұндай балалар үнемі мұғалімнің бақлауында болуы тиіс. Енді бір балалар ауру сырқаулы болғадықтан тез шарашайды, сабақты кірбің көңілімен тыыңдайды. Мұғалім осындай балалармен жеке жұмыс жүргізуі мүмкін. Мәселен, оларға қосымша сабақ ұйымдастыру, ол оқушылардың арнаулы режиммен жүріп тұруын қадағалаау т.б. балалардың ес қабілетін арттыруға себепші болады.
Баланың есі туғанан былай қарай дами бастайды. Мәселен, төрт бес айлық бала стақандағы ыстық суды біліп, оған жоламайды, өйиткені оған қолын күйдіріп алған. Жарты жастағы бала өзінің шешесін бірере жеті көрмесе де тани алады. Бұл – балада тану процесінің өте ерте көретіндігін байқатады. Бірітіндеп баланың есінде қалатын заттарының көлемі арта түседі. Бір жасар бала көрген нәрсесін бір екі апта есінде сақтайды, үш жасар бала көргенін бір жылға дейін ұмытпайды. Бала есінің дамуына жүру, айналасындағылармен қарым-қатынас жасауға талпыну, ойын әрекеті елеулі орын алады. Үш төрт жасарбаланың есте қалдыруындағы негізгі ерекшелік – жаттайтын материалдың сыртқты түрлеріне көңіл бөлетіндігінде, есінің нақтылығы, бейнелі келетіндігі. Төрт жасқа дейін балада еріксіз ес күшті дамиды. Мәселен, бала өлеңді, қара сөзді, тақпақты қалай болса солай, тез жаттап алғанымен, оның мазмұнына түсінбейді. Бес жастан былай қарай балада естің жоғары түрлері кездеседі.
Мектепке тусу балалардың логикалық есін дамытуда үлкен роль атқарады. Оқушылардың есін тәрбиелеу де мұғалім олардың жас және дара ерекшеліктерін қатты ескере отырып, жұмыс жүргізеді. Төменгі сынып оқушылары оқу тәсілін өз бетімен таңдап ала алмайтндықтан мұғалім үйге тапсырма бергенде, материалды қалай оқу керектігін балалрға ұдайы үйрету керек. Бұл жөнінде оқулықтардың бәрінде мәтінді қалай оқу, тапсырманы қалай орндау керектігі айтылған. Бірақ баланың назары кейде бұған жөнді түсе қоймайды. Мұғалім мұны қатты ескерген жөн.
Төменгі сынып оқушылары (әсіресе,бірінші,екінші кластағылар ) материалды, көбінесе,сөзбе-сөз жаттап алады. Олар материаллды есіне қалдрғанша оқи береді. « Оқулықтағыдай білсем болғаны ғой» дейді. Бұлайша есте қалдыруға материалдың қысқалғы әрі жинақтылығ себеп болады. Балалардың сөздік қорының аздығы да өз сөзімен айтуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан, мұғалім бір жағынан, баланың сөздік қорын дамыта отрып, екінші жағынан, материалды өз бетінше айта білуге үйретуі қажет. Баланың оқыған нәрсесінің мәнін түсіне алуы – оның материалды өз сөзімен айта білуі болып табылады. Осылайша, есте қалдыру үшін оқитын материалды бірнеше мағыналы бөліктерге бөлу, оның жоспарын жасау қажет екндігі өткен парагрфта айтылыды. Төменгі сынып оқушылары бұл жағынан өте шорқақ екенінде, психологиялық зерттеулер көрсетіп отыр. Өйткені бала мәтінге талдау жасау білмейді, мәтінді жеке бөліктерге бөлгенмен, оның негізіг жерін, айыра алмайды. Оқушылар шығарманың жеке бөліктеріне ат беріп, басты жерлерін табудың орнына, мәтінді түгелдей жаттап қояды. Бұл әдіс оған оңай болып көрінеді. Егер мәтін ұсақ бөліктерге бөлінетін болса, оқушылар жеке фактілер мен сөйлемдерді оларға тақырыпша етеді де, мәітн үлкен бөліктереге бөлінсе, бұлардың тақырыпшасы шамадан тыс, шығарманың мазмұнын көрсетпейтін жағдайда болады.
Шығарманың мәніне қарай бөліктерге бөлуге төменгі сынып оқушыларының көпшілігінің қабілеті жетеді. Бірақ мұнда оқылатын мәітннің сипаты және балалардың жас ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Шығарманың ең негізгі идеясын табу, оған өз бетінше тақырыпша беру, үшінші сынып оқушыларында жап-жақсы дамитындығы байқалады. Бұл әдісті балалрға мұғалім ғана үйрете алады. Оқушыларды жаңа шығарманы өткен шығармамен ббайланыстыра білуге машықтандыру, оқу материалдарын неғұрлым ұзақ мерзімге есте қалдыруға бағыт беру- мағыналы есті дамытудың басты әдістерінің бірі. Мұғалім сондай -ақ, балалардың есте қалдыру, қайта жаңғырту мүмкіндіктерін өздері қадағалай алуына үнемі жолбасшылық көрсетіп отыруы тиіс.
Бала есінің дамуы- мұғалімнің жұмыс әдісіне, әсіресе психологиялық дайындығына байланысты. Алдымен мұғалім есте қалдырумен қайта жаңғыртудың заңдылықтарын жақсы білуге тиіс. Сонда ғана ол балаларды осындай әдіске үйрете алады. Мұғалім оқушылардың есін тәрбиелеуде олардың жас және дара ерекшеліктерін қатты ескереді. Мұндай бағдарламалық материалдардың ішінен аса қажетті дегендерін іріктейді, жаңа сабақтың мазмұнын әр кез оқушының бұрыннан білетіндерімен байланыстырады, баланы алаңдатынн факторларды болдырмау жағын қарастырады, оқушылардың шамасы келмейтін тапсырмаларды бермейді. Сабақты баланың есінде жақсы қалдыру үшін, мұғалім бала білуге тиісті нәрсені үнемі көзіне көрсетіп, дұрыс қабылдай алуына қатты зер салу қажет. Бұл үшін қолымен ұстатқызып, суретін салдырып отырғызғаны дұрыс. «Алғашқы образдардың есте берік және барлық жағынан сақталып қалуының ерекше мәні бар, — дейді К. Д. Ушинский, — өйткені балалардың есінде оқыту арқылы жеткізілетін алғашқы образдар неғұрлым берік орн алатын болса, соғұрлым келешектегі образдар баланың есінде оп- оңай және берік сақталғандығын көреміз». Баланың есін тәрбиелеп, дамыту ісінің оның бүкіл ақл-ой, адамгершілік тәрбиесімен қосақтастыра жүрген жөн. Оқушылардың оқу мен еңбекке байланысты борышы мен жауапкершілігін, әдіетімен ерік жігерінің жақсы сапаларын тәрбиелеу олардың есін жетілдіріп отыруға көп көмегін тигізеді.
Классификациялаған негізгі адамның есте ақтау қабілетінің бірнеше түрлері бар:
- Қысқа мерзімді есте сақтау;
- Оперативті есте сақтау;
- Ұзақ мерзімді есте сақтау;
- Генетикалық есте сақтау;
- Көру арқылы есте сақтау;
- Есту арқылы есте сақтау:
- Қимыл қозғалыс арқылы есте сақтау;
- Эмоциялық есте сақтау;
Мысалы, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімде есте сақтау қабілеті бірігіп жұмыс атқарып отырады. Американдық оқымысты Р. Аткинсоном және Р. Шифрином схемалық түрде былай көрсеттті.
Пайдаланылған әдебиеттер.
- Аткинсон Р. Человеческая память и процесс обучения. – М., 1980.
- Вейн А.М., Каменцкая Б. И. Память человека. – М,. 1973.
- Зинц Р. Обучение и память.- Минск, 1984.
- Лурия А. Р. Внимание и память. –М., 1985.
- Роговин М.С. Проблемы терии памяти. –М.,1977.
- Смирноа А.А. Проблемы психологии памяти. – М., 1966.
- Норман Д. А. Память и научение. – М,. 1966.
- Ляудис В.Я. Память в процессе развития. – М,. 1976
- Громова Е.А. Эмоциаональная память и ее механизмы. – М., 1980.
- Истомина З. М. Развитие памяти. – М., 1978.
- Ипполитов Ф. В. Память школьника. –М,. 1978.