ҚАРЖЫ ҚҰҚЫҒЫ НЕГІЗДЕРІ
- 1. Қаржы құқығының негізгі ұғымдары
- Бюджет құқығы негіздері
- Салық: ұғымы, жүйесі, түрлері
- Инвестициялық қызметті құқықтық реттеу
- Қаржы құқығының негізгі ұғымдары
Қаржы құқығы мемлекетнің дамуының әрбір нақты кезеңінде оның міндеттері мен қызметтерінің үздіксіз атқарылуын қамтамасыз ету үшін мемлекетнің қаржылық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардын жиынтығы.
Мемлекетнің қаржылық қызметі түрлі әдістердің қөмегімен іске асырылады. Осындай әдістердің бірі ақшалай қаржы жинау, яғни, жеке және заңды тұлғалардың табысының, пайдасының бір бөлігі заңда көрсетілген мерзім мен мөлшерде мемлекеттің бюджетіне түседі. Бюджетке аталған түсімдердің уақытында төленуін мемлекеттің арнайы органдары бақылап отырады. Белгіленген мөлшерде, бюджеттік емес қорларға да міңдетгі жарналар жіберіледі, мысалы зейнетақы жинақтау қорларын айтуға болады. Мемлекеттік мекемелердің халыққа көрсеткен қызметтері үшін алынатын мемлекеттік баждар мен алымдар да міңдетті түрде мемлекеттік бюджетке түседі.
Ақшалай қаржыны бөлу мен пайдаланудағы негізгі әдістердің бірі қаржыландыру мен несие беру әдістері. Қаржыландыру ол жоспарлы, мақсатты, қайтарымсыз, ақысыз мемлекеттік бюджеттен берілетін ақшалай қаражат, яғни бюджет қаражатын алушыларға осы қаражатты бөлу.
Ал керісінше, несие беру банкілік қарыз түріндегі жоспарлы, мақсатты, ақылы және белгіленген мерзімде қайтарылатын, пайызбен берілетін ақшалай қаржы. Бүгінгі таңда несие берудің мемлекеттік, банктік және коммерциялық сияқты түрлері бар. Мемлекеттік несие бір мемлекеттің басқа шет мемлекеттердің және олардын жеке және заңды тұлғаларының, инвесторлардың, халықаралық қаржылық ұйымдардың ақшалай қаржыларын уақытша пайдалануы. Мемлекет бұндай жағдайда қарыз алушының рөлінде болады. Банктік несие банктің қарауына уақытша айналыстан бос ақшалай қаржыларды жинақтау қатынастарын қамтиды.
Коммерциялық несие банктік қаржыландырудан түбірінен өзгешеленеді. Коммерциялық несие кейде тауарлы деп те аталады. Оның мәні қаржыны қайтаруды кейінге қалдыруға рұқсат беріледі. Сонымен кәсіпорын несиеге алған материалдарды кейін өтеуге мүмкіншілік арқылы несие алады. Коммерциялық несие векселмен бекітіледі және вексельді банктер есепке алады да, сөйтіп коммерциялық несие біртіндеп банктік несиеге ұласады. Сонда заңнамалар нормаларына сәйкес келетін вексель иесіне берілген жазбаша кепілдік болып табылады.
Мемлекеттің қаржылық іс-әрекет және қаржылық бақылаумен айналысатын көптеген органдары бар. Оларға мемлекеттік биліктің жоғарғы өкілетті және атқару органдары — Мәжіліс пен Сенат, Үкімет, Қаржы министрлігі, Ұлттық Банк, Санақ палатасы, Қазыналық, салық комитеттері, салық полициясы, басқа да көптеген қаржылық бақылауды іске асыратын әр түрлі инспекциялар жатады.
Мемлекеттік емес кәсіпкерліктен басқа тірлікпен айналысатын субъектілердің қаржылық-шаруашылық жағдайын тексеруді мемлекеттік емес тексеру-бақылау органдары — аудиторлар жүзеге асырады.
Мемлекеттің қаржылық іс-әрекетінің барысында материалды және ұйымдастырушылық сияқты еқі түрлі қаржылық қатынастар қалыптасады.
Материалды қаржылык, қатынастар мемлекеттік ақша қорларын қалыптастыру және бөлу үрдісін, ақшалай қаржылардың қозғалысын қосымша реттейді. Бұл қатынастар нақты ақшаның төлеушілерден мемлекеттік қорға не болмаса, керісінше, мемлекеттік қордан оны алушыларға қарай бағытталуымен байланысты. Мысал ретінде мемлекеттік бюджетке түсетін салық, салық төлеушіден мемлекеттік бюджетке барса, керісінше мемлекеттік бюджеттен бөлінетін зейнеткерлерге төленетін зейнетақы, жетім балаларға төленетін көмекақылар бюджеттен азаматтардың әлеуметтік мұқтаждықтарына бағытталады.
Ұйымдастырушылық қаржылық қатынастар мемлекеттің ақша, қаржы жүйелерінің, қаржыны мемлекеттік басқару жүйесінің, қаржылық жоспарлауды ұйымдастыруды, мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастыру барысында қалыптасады. Бұл қатынастар экономикалық сипатта болмағандықтан ақша қаржыларының қозғалысын жанамаламайды. Бірақ, олар материадды қаржылық қатынастардың қалыпты қызметін қамтамасыз етеді. Егер материалды қаржылық қатынастардың негізгі нысаны ақша болса, ұйымдастырушылық қаржылық қатынастардың нысаны мемлекеттік қаржылық құрылым болып табылады.
Қаржылық бакылау. Қаржылық бақылау мемлекеттің қаржылық іс-әрекетінің ақша-қаржы ағымын, бюджеттің қазынасын қатаң сақтау мен бақылауға бағытталған маңызды бір бөлігі. Қаржылық бақылау барынша күрделі жүйе және ол төмеңдегідей бірнеше бөліктерден тұрады: 1) бақылау субьектісі; 2) бақылау объектісі; 3) бақылау заты (тақырыбы); 4) бақылаудың мақсаты; 5) бақылауды іске асырудың әдістері.
Қаржылық бақылаудың субьектісі болып қаржылық бақылауды іске асыруға құзыреті бар арнайы мемлекеттік не мемлекеттік емес органдар, лауазымды адамдар табылады. Сондықтан, тікелей тексеруші қаржылық бақылаудың субъектісі, ал тексерілуші обьектісі болады.
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың объектісіне осы бақылаудың шеңберіне ілінген тұлғалар, нақты айтсақ: 1) мемлекеттік органдар; 2) мемлекеттік заңды тұлғалар; 3) мемлекеттік емес заңды тұлғалар; 4) азаматтар жатады.
Қаржылық бақылаудың заты (тақырыбы) қаржылық қатынастардың субъектісі ретінде өзінің міндеттерін атқару тұрғысынан қарағандағы, бақылау объектісінің іс-қимылы (әрекет не әрекетсіздік).
Қаржылық бақылаудың мақсаты: біріншіден, қаржылық құқықтық қатынасқа қатысушылардың өздерінің қызметтік міндеттерін сапасыз атқаруын және олардың қаржы саласындағы құқық бұзушылық фактілерін анықтау; екіншіден, кінәлілер мен айыптыларды тауып, оларды заңнамаларда көрсетілген тәртіп бойынша жауапқа тарту; 3) қаржылық тәртіп бұзушылықты және оның салдарын жою.
- Бюджеттік құқық негіздері
Материалды мағынасында бюджет мемлекеттің ақша қоры. Осы тұрғыдан қарағанда бюджет дегеніміз мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Құқықтық санат мағынасында бюджет көмегімен орталық және жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік ақша қорының қалыптасуының және бөлінуінің қаржылық жоспары бекітілетін қаржылық-құқықтық акті.
Бюджет үрдісінде туындайтын қатынастар бюджеттік қатынастар деп аталады. Бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету жөніндегі, бюджетнің атқарылуы бойынша бюджет есебі мен есептілігін жүргізу мемлекеттік қаржы бақылауы, сондай-ақ байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының бюджет заңдарымен реттелген қызмет бюджет үрдісі деп аталады. Бюджеттер және Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры, сондай-ақ бюджеттік үрдістер мен қатынастар жиынтығы бюджет жүйесін құрайды.
Бюджет жүйесі төмендегідей қағидаларға негізделеді: 1. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік зандарының қолданылуын, соның ішінде бірыңғай бюджеттік сыныптауды, бюджет процесін жүзеге асырудың бірыңғай рәсімдерін пайдалануды қамтамасыз ету бағытталған бірлік қағидасы. 1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық түсімдер мен шығыстарды бюджеттерде және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында көрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке алуға, сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талаптар құқықтарынан шегінуге жол бермеуге негізделген толықтық қағидасы. 3. Бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджет көрсеткіштерінің орта мерзімді фискалдық саясатқа және Қазақстан Республикасы мен аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың орта мерзімді жоспарының бекітілген (түзетілген) өлшемдері мен бағыттарына сәйкес келуі көрсететін реалистік қағидасы. 4. Мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет зандары саласындағы нормативтік құқықтык актілерді, бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттерді және олардың аткарылуы туралы есептерді, мемлекеттің фискалдық саясатына қатысты басқа да ақпаратты міндетті түрде жариялау; бюджет процесінің ашықтығы, мемлекеттік қаржы бақылауын жүргізуді дәйектейтін транспаренттілік қағидасы. 5. Бюджеттік қатынастар аясында бұрын қабылданған шешімдерді мемлекеттік басқару оргаңдарының сақтауын белгілейтін дәйектілік қағидасы. 6. Бюджеттерді бюджеттік бағдарламалар паспорттарымен көзделген белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу қажеттілігін негізге алып, бюджет каражатының осы нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті оңтайлы көлемін пайдалана отырып әзірлеу және атқару немесе бюджеттік қаражаттың бекітілген көлемін пайдалана отырып ең үздік нәтижені камтамасыз етуге негізделген тиімділік және нәтижелілік қағидасы. 7.Бюджеттік процесті республиканың немесе аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуынын басым бағыттарына сәйкес жүзеге асыру басымдық қағидасы. 8. Бюджет процесіне катысушыларды Қазақстан Республикасының бюджеттік заңдарын бұзғаны үшін жауапқа тарту жауапкершілік қағидасы. 9. Түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдердің тұрақты түрде бөлініп тұруын орнықтыру және осы Кодекске сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын анықтау, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің осы Кодекске сәйкес бюджет процесін дербес жүзеге асыру құқығы, жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді, жергілікті бюджеттер каражатының бос қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берілмейтіндігі, тиісті өтемсіз төмен тұрған бюджеттерге қосымша шығыстар жүктеуге жол берілмейтіндігі бюджеттердің дербестік қағидасын көрсетеді.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі темендегідей түрлер мен деңгейлерге бөлінеді. Бюджеттердің түрлеріне: 1) түзетілген бюджет; 2) бекітілген бюджет; 3) нақтыланған бюджет; 4) мемлекеттік бюджет; 5) жергілікті бюджеттер жатады.
Түзетілген бюджет дегеніміз тиісінше Қазақстан Республикасының Парламентінде немесе мәслихатта нақтыланбай, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар енгізген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып бекітілген немесе нақтыланған бюджет.
Бекітілген бюджет — тиісті қаржы жылына арналған, Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат бекіткен бюджет.
Нақтыланған бюджет — атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат қабылдаған өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет.
Мемлекеттік бюджет — араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.
Жергілікті бюджет — облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.
Бюджеттердің деңгейлеріне: 1) республикалық бюджет; 2) облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті; 3) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті; 4) төтенше мемлекеттік бюджет кіреді.
Республикалық бюджет салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міңдеттері мен функцияларын қаржымен камтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры республикалық бюджет болып табылады.
Облыстың бюджеті — араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, облыстык бюджетті, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерін біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет;
Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті аудандағы (облыстық манызы бар қаладағы) мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті болып табылады. Тиісті қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатынын шешімімен бекітіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттердің негізіңде калыптастырылады және Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі. Төтенше мемлекеттік бюджет Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасының Парламентіне дереу хабардар етіледі. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылу уақытына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның және тиісті қаржы жылына арналған барлық деңгейлердегі жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттар шешімдерінің қолданылуы тоқтатыла тұрады. Төтенше мемлекеттік бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген мерзім ішінде қолданыста болады. Қазақстан Республикасының жекелеген жерлерінде төтенше жағдай енгізілген ретте төтенше мемлекеттік бюджет енгізілмейді. Қазакстан Республикасының бірнеше аймақтарының аумақтарында бір мезгілде төтенше жағдай енгізу төтенше жағдайдың зардабы ұлттық мүдделерге және республиканың экономикалық қауіпсіздігіне нақты қатер төндіруі мүмқін болатын ретте ғана төтенше мемлекеттік бюджет енгізуге негіз бола алады.
Еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына, экономиканың шикізат секторына тәуедділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған мақсатта Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры құрылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлтгық Банкіңдегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржылық актив түріндегі, соңдай-ақ, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қар жинақтау және тұрақтандыру қызметтерін жүзеге асырады. Жинақтау функциясы қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануын қамтамасызетеді.
Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану дүниежүзілік және ішкі тауар мен қаржы рыноктарының конъюнктурасы, мемлекеттегі және шетелдердегі экономикалык жағдай, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары ескеріле отырып, бүл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының негізгі мақсаттары мен міндеттері сақтала отырып айқындалады. Қор түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік валю-талармен жүргізіледі.
Ұлттық қорды сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.
Бюджеттің құрылымы бюджеттің түсімдері мен шығыстарынан тұрады. Кірістер, бюджет кредиттерін өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар бюджеттің түсімдері болып табылады. Шығындар, бюджет кредиттері, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу бюджеттің шығыстары болып табылады. Бюджеттің құрылымы төмендегідей бөлімдерден тұрады: 1) кірістер; 2) салықтық түсімдер; 3) салықтық емес түсімдер; 4) негізгі қапиталды сатудан түскен түсімдер; 5) ресми трансферттер түсімдері; 6) шығындар; 7) операциялық сальдо; 8) таза бюджеттік кредит беру (бюджеттік кредиттер; бюджеттік кредиттерді өтеу); 9) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо (қаржы активтерін сатып алу; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер); 10) бюджет тапшылығы (профициті); 11) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицигін пайдалану, қарыздар түсімі, қарыздарды өтеу, бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы).
Республикалық бюджеттің қаражаты, алтын валюта қоры және алмас қоры, жер, оның қойнауы, су, өсімдіқ және жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынасын құрайды. Жергілікті бюджет қаражаты және мемлекеттік занды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де қоммуналдық мүлік жергілікті қазынаны құрайды.
- Салық: ұғымы, жүйесі, түрлері
Салық дегеніміз мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетгі ақшалай телемдер.
Салықтың түрлері. Әр түрлі негіздерге байланысты салықты бірнеше топтамаларға бөлуге болады. Салықтың ауыртпалығын көтеретін субъектіге байланысты салықтар тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей салық салық төлудің субъектісі оның ауыртпалығын өзі тікелей көтереді, яғни төленген салық тікелей оның мүлкінің, еңбекақысының азаюына әкеледі. Мысалы тікелей салыққа жеке табыс салығын жатқызуға болады.
Жанама салықта салық төлуші салықты төлеудің ауыртпалығын басқа бір тұлғаға жүктейді. Жанама салықтарға қосылған құн салығы мен акциз жатады. Заң жүзінде аталған салықтардың төлеушісі тауарды сатушы, бірақ негізінде салықтың сомасы осы сатылған тауардың кұнының ішіне кіретіндіктен оны тауарды сатып алушы өтейді. Сонда салық төлеу міндеті, ауыртпалығы салық төлеуші тауар сатушыдан, тауарды сатып алушыға көшіп отыр.
Тікелей салық, нақты және жеке болып екіге бөлінеді. Мүлікке, затқа салынатын салық нақты салық деп аталады. Мысалы көлік құралдары салығы мен мүлік салығын айтуға болады. Жеке салық деп салық төлеушінің тікелей табысына, пайдасына салынатын салықтарды айтуға болады. Мысалы жеке табыс салығы.
Түрпішіндеріне байланысты салықтар заттай және ақшалай болып бөлінеді. Салықтың субъектілеріне байланысты салықтар заңды тұлғалардан және жеке тұлғалардан алынатын салықтар болып бөлінеді.
Аумақтық деңгейлерге байланысты салықтар республикалық (жалпымемлекеттік) және жергілікті болып бөлінеді.
Бюджеттік реттеудің әдісі ретінде қолданылуына байланысты салықтар бекітіпген және реттеуші болып бөлінеді. Белгілі бір бюджеттің кіріс (табыс) көзі ретінде заңнамаға сәйкес бекітілген салықты бекітілген салық дейміз. Белгілі бір бюджетке берілгеніне қарамастан, бюджетті жыл сайын бекіту барысында бюджетін теңгермелеу барысында төмен сатыдағы бюджеттерге берілетін салықтарды реттеуші салықтар дейміз.
Пайдаланылу сипатына байланысты салықтар жалпы бағыттағы және белгілі мақсаттағы болып бөлінеді. Жалпы бағыттағы салықтар бюджетке түскеннен кейін белгілі бір шараны жүзеге асыру мақсатыңда емес, басқа салықтармен араласып кетеді. Керісінше, мақсатты салықтар белгілі бір нақты шараларды іске асыру үшін пайдаланылады. Мысалы әлеуметтік салықты айтуға болады.
Салықты есептеп шығару тәсіліне байланысты еңбекақыға салынатын және еқбекақыдан тыс салынатын салық болып бөлінеді. Еңбекақыға салынатын салық, салық органы әрбір салық төлеушіге жеке-жеке төленетін салықтың мөлшері көрсетілген өкім бергеннен кейін төлену міндеттілігі қүшіне енетін салық. Еңбекақыдан тыс салынатын салықты салық төлеушінің өзі есептеп шығарып, өзі төлейді. Салық оргаңдары салықтың дұрыс есептеп шығарылуын және төленуін тексереді, бақылайық.
Қазақстан Республикасында төмендегідей салықтық түрлері қолданылады: 1. Корпорациялық табыс салығы; 2. Жеке табыс салығы; 3. Қосылған құн салығы; 4. Ақциздер; 4-1. Экспортталатын шикі мұнайға, ғаз конденсатына рента салығы; 5. Жер қойнауын пайдаланушылардын салықтары мен арнаулы төлемдері; 6. Әлеуметтік салық; 7. Жер салығы; 8. Көлік құралдары салығы; 9. Мүлік салығы.
Корпорациялық табыс салығын төлеушілерге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен мемлекеттік мекемелерді қоспағаңда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республи-касындағы қөздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар жатады. Занды тұлғалардың тапқан кірісінен оның шығыны шығарылып тасталып нәтижесінде түскен пайданың оннан отызға дейінгі пайызы корпоротивті салық ретінде мемлекет бюджетіне төленеді.
Жеке табыс салығын төлеушілер салық салынатын табысы бар жеке тұлғалар (резидент және резидент емес) болып табылады. Салық төлеушінің төлем қөзінен салық салынатын табыстарына: 1) қызметкердің табысы; 2) біржолғы төлемдерден алынған табыс; 3) жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін зейнетақы төлемдері; 4) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс; 5) стипендиялар; 6) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысы жатады. Жеке еңбек табысының көлеміне байланысты салық мөлшері 5-тен 20 пайызға дейінгі ставкалар қолданылу арқылы есептеп шығарылады.
Қосылған құн салығы. Қосылған құн салығы тауарларды (жұмыстарды, кызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды білдіреді. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, кызмет көрсетулер) үшін есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Салық салу объектілері: 1) салық салынатын айналым; 2) салық салынатын импорт қосылған құн салығын салу объектілері болып табылады.
Төлеушілер: жеке кәсіпкерлер; мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, заңды тұлғалар; қызметін Қазақстан Республикасыңда тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер; заңды тұлғаның қосылған кұн салығын дербес төлеушілер ретінде танылған құрылымдық бөлімшелері; кеден арқылы тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын тұлғалар болып табылады. Қосылған құн салығы 15 пайыздық ставка қолданылу арқылы есептеп шығарылады.
Акциздер. Қазақстан Республикасының аумағыңда өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға, оның ішінде: спирттің барлық түрлеріне; алкоголь өніміне; темекі бұйымдарына; құрамында темекі бар басқа бұйымдарға; бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына; жеңіл автомобильдерге (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа); шикі мұнай, газ конденсатына және қызметтің төмендегідей түрлеріне: ойын бизнесі; лотереяны ұйымдастыру мен өткізуге акциздер салынады,
Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығы. Өнімді бөлу туралы келісім шарттар жасасқан жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, шикі мұнайды, газ қонденсатын экспортқа өткізетін жеқе және занды тұлғалар экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығын төлеушілер болып табылады. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 304-бабы 4-тармағына сәйқес экспортталатын шикі мұнайға, газ қонденсатына рента салығының ставкалары төмендегідей мөлшерлерде белгіленеді:
Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңіндегі әрбір жекелеген келісімшарт бойынша таза табысының салық кезеңінің аяғына көзделген шегерімдер сомасының 20 пайызынан асатын бөлігі салық базасы болып табылады. Осы бөлімнің мақсаттары үшін таза табыс салық салынатын табыс және қорпорациялық табыс салығы, сондай-ақ резидент еместің тұрақты мекемесінің таза табысына салынатын салық арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Үстеме пайда салығы төмендегідей мөлшерлерде белгіленеді:
Жинақталған табыстардын жинақталған шығыстарға қатынасының алынған мәні |
Ставкасы |
1,2-ден кем |
0 пайыз |
1,2-ден 1,3-ке дейін |
10 пайыз |
1,3-тен 1,4-ке дейін |
20 пайыз |
1,4-тен 1,5-ке дейін |
30 пайыз |
1,5-тен 1,6-ға дейін |
40 пайыз |
1,6-дан 1,7-ге дейін |
50 пайыз |
1,7-ден жоғары |
60 пайыз |
Әлеуметтік салық. Өзінің аты айтып тұрғандай негізінен халықтың әлеуметтік қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын өтеуге жұмсалады. Салықты төлеушілер мыналар: 1) жеке кәсіпкерлер; 2) жеке нотариустар, адвокаттар; Қазақстан Республикасының резиденті — заңды тұлғалар; 4) резидент еместер жатады. Әлеуметтік салықты есептеп шығару үшін 7-ден 20 пайызға дейінгі аралықтағы ставкалар қолданылады. Әлеуметтік салық төлеуге кері шкала тәсілі қолданылады. Оның мәні табыс көлемі өскен сайын салықтың пайыздық ставкасы төмендейді. Мысалы табыс көлемі 15 есе еселенген жылжықтабыстан аспаса оның 20 пайызына салық салынады. Керісінше, табыс көлемі 600 есе еселенген жылдық табыстан жоғары болса оның 7 пайызына салық салынады.
Жер салығы. Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың арналған нысанасы мен тиесілілігіне қарай мынадай санаттарға: 1) ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге; 2) елді мекендер жерлеріне; 3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсатгағы жерлерге (бұдан әрі — өнеркәсіп жерлері); 4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріне, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерге (бұдан әрі — ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері); 5) орман қорынын жерлеріне; 6) су қорының жерлеріне; 7) запастағы жерлерге жатқызылуына қарай қарастырылады.
Елді мекендер жерлері салық салу мақсаты үшін мынадай екі топқа бөлінген: 1) тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлерді қоспағанда елді мекендер жерлері; 2) тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлер.
Жердің төмендегідей санаттарынан: 1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері; 2) орман қорынын жерлері; 3) су қорынын жерлері; 4) запастағы жерлерден салық алынбайды. Аталған жерлер (запастағы жерлерді қоспағаңда) тұрақты жер пайдалануға немесе бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалануға берілген жағдайларда, оларға белгіленген тәртіппен салық салынады. Жер салығының мөлшері жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметінің нәтижелеріне байланысты болмайды. Салықтық мөлшері: 1) меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығын қуәландыратын құжаттар; 2) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетгі орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердің мемлекеттік саңдық және сапалық есебінің деректері негізіңде есептеледі.
Көлік құралдары салығы. Егер заңнамада басқадай көрсетілмесе, меншік құқығыңда салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығыңда салық салу объектілері бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі – заңды тұлғалар) көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады.
Салық пен алымнан басқа мемлекеттік бюджетке төмендегідей төлемақылар төленеді: 1. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы. 2.Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы. 3.Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы. 4. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы. 5. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы. 6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы. 7. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы. 7-1. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақы. 8. Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы. 9. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы. 10. Мемлекеттік баж. 11. Кеден төлемдері.
- Инвестициялық қызметті құқықтық реттеу
Инвестициялар дегеніміз лизинг шартын жасаған кезден бастап лизинг заттарын, сондай-ақ оларға кұқықтарды қоса алғанда, занды тұлғаның жарғылық капиталына инвестор салатын мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа) немесе кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді ұлғайту. Ал инвестициялық қызмет деп жеке және заңды тұлғалардың коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуы жөніндегі не кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді құрау немесе ұлғайту жөніндегі қызметін айтамыз. Инвестициялық қызмет Конституция және басқа заңдарды қоспағанда, негізінен «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы № 373-ІІ Заңымен реттеледі. Инвестициялық қызметті іске асырушы инвестор, яғни жеке және заңды тұлғалар болып табылады.
Инвестицияларды санаттарға бөлудің түрлі негіздері бар. Дамыған елдерде инвестицияны: тұтыну, эконамикалық және бағалы қағаздар инвестициясы деп бөлу дәстүрі қалыптасқан.
Тұтыну инвестициясы дегеніміз жылжымайтын мүліктер мен ұзақ уақыт пайдаланылатын тауарларды алып-сату. Бұл жерде мынандай жылжымайтын мүліктер инвестицияның объектісі болып табылуы мүмқін: өзіндік жылжымайтын мүлік (үй, пәтер, жерден үлес, басқа да қіріс, табыс әкелетін жылжымайтын
Салық салу объектісі |
Салық ставкасы (айлық есептік көрсеткіш) |
Двигатель көлемі мынадай жеңіл автокөліктер (текше см.): |
|
1 100-ге дейін қоса алғанда |
4,0 |
1100-ден жоғары 1500-ді қоса |
6,0 |
1500-ден жоғары 2000-ді қоса |
7,0 |
2000-нан жоғары 2500-ді қоса |
12,0 |
2500-ден жоғары 3000-ды қоса |
17,0 |
3000-ден жоғары 4000-ды қоса |
22,0 |
Жеңіл автамобильдердің жеті айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын двигателінің көлемі 1500-ден жоғары — 2000 текше сантиметрді қоса, он екі айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын 2000-нан жоғары — 2500 текше сантиметрді қоса, он жеті айлык есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын 2500-ден жоғары — 3000 текше сантиметрді қоса және жиырма екі айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын двигателінің көлемі 3000-нан жоғары — 4000 текше сантиметрді қоса алған көлемде болған кезде салық сөмасы двигательдің аталған көлемінен асқан әрбір бірлік үшін 7 теңгеғе ұлғайтылады.
Егер осы тармақпен өзғеше белгіленбесе, салық төлеудің белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін пайдаланылу мерзімі алты -жылдан асқан жеңіл автокөлік құралдары бойынша мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:
ТМД елдерінде шығарылған автокөлік құралдары ушін: 6 жыл-дан -15 жылға дейін қоса алғанда — 0,3; 15 жыддан жоғары — 25 жылды қоса — 0,2; 25 жылдан жоғары — 0,1; двигатель көлемі мынадай басқа автокөлік құралдары үшін: 3000 текше сантиметрге дейін қоса алғанда — 0,5; 3000-нан жоғары — 4000 текше сантиметрді қоса — 0,7; 4000-нан жоғары — 1,0.
Пайдаланылу мерзімі жиырма жылдан асқан ТМД елдері шығаратын жеңіл автомобильдер мен мотоциклдер бойынша жеке тұлғалар үшін түзету коэффициенті 0.
Мүлік салығы. Мыналар мүлік салығын төлеушілер болып табылады: 1) Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғалар; 2) Қазақстан Республикасының аумағыңда меншік қүқығында салық салу объектісі бар жеке кәсіпкерлер. Сол сияқты занды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері және Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан салық салу объектілері бойынша салық төлеушілер болып табылады.
Мыналар мүлікке салынатын салықты төлеушілер болып табылмайды: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін қажеттілік нормативтері шегінде салық салу объектілері бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер. Салық салу объектілері бойынша бірыңғай жер салығын белгіленген қажеттілік нормативтерінен артық төлеушілер мүлікке салынатын салықты осы бөлімде белгіленген тәртіппен төлейді; 2) экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы; роялти; шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын акциз; үстеме пайда салығы; жер салығын төлейтін жер қойнауын пайдаланушылар; 3) мемлекеттік мекемелер; 4) уәкілетгі органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары; 5) діни бірлестіктер.
Пайда табу үшін, тауар өңдіру мен қызмет көрсету саласындағы нақты активтерге қаражат жұмсау экономикалық инвестиция деп атадды. Бағалы қагаздар инвестщиясы, портфельдік инвестиция, қаржылық инвестициялар бір-бірімен ұқсас. Олар бағалы қағаздармен тығыз байланысты.
Қызмет көрсететін салаларына байланысты инвестиция капитал құрайтын және зияткерлік болып бөлінеді.
Капитал құрайтын инвестициялар өндірістік, өңдірістік және қаржылық емес активтердің өсуіне бағытталады. Капиталды бұлай салудың тәсілі оның құнының жоғарылауына және пайданың тұрақты өсуіне әкеледі. Капитал құрайтын инвестиция өз кезеңінде нақты активтерге (негізгі капитал күрделі жөндеуді, қосымша жер учаскелерін және табиғатты пайдаланудың басқа да объектілерін сатып алуды қамтитын), материалды емес активтерге (патент, лицензия, ғылыми-зерттеу және конструкторлық-тәжірибелік бағдарламалар, материалды-айналмалы құралдар) және қаржылық инвестицияларга (экономикаға несие беру, шаруашылық жеке және заңды тұлғалардың ұзақ және қысқа мерзімге қаржылық салымдары) бөлінеді.
Зияткерлік инвестицияда қаржылар мамаңдар даярлауға, олардың біліктілік дәрежесін көтеруге, тәжірибе алмасуға, лицензиялар алуға, жаңалықтар ашуға, біріккен ғылыми жобалар жасауға жұмсалады. Зияткерлік инвестицияға, жоғары және орта білім алу үшін жастарға мемлекет тарапынан бөлінетін грант пен несиелерді айтуға болады.
Инвестицияға қаржыны бөлетін субъектілерге байланысты мемлекеттік (мемлекеттің бюджетінен не қарызға, несиеге берілген қаржыдан бөлінетін) және жеке инвестиция (жеке және заңды тұлғалардың қаражаттарына) болып бөлінеді. Мемлекеттік инвестицияның негізгі ерекшеліктеріне: 1) мемлекеттік инвестицияның көзі мемлекеттін бюджеттік каражаттар немесе мемлекет салған каражаттар болып табылады; 2) мемлекеттік инвестиция қайтарымдық негізде іске асырылады; 3) мемлекеттік қаражат болғандықтан инвестицияның берілуінің негізі мен тәртібін мемлекет өзі белгілейді; 4) мемлекеттік инвестицияның көлемі мемлекеттік бюджетнің бекітуіне байланысты болады; 5) инвестицияның мақсатты пайдаланылуын мемлекет өзі бақылайды; 6) мемлекеттік инвестиция мемлекеттік қазынаның мүлкімен қамтамасыз етіледі.
Жеке инвестицияның қызметі Инвестиция туралы заңмен, Азаматтық кодекспен, жер қойнауын пайдалану сияқты заңнамалармен реттеледі.
Сонымен бірге инвестицияның басқа не өзіндік мемлекетте іске асырылуына байланысты шетелдік және ұлттық инвестицияга бөлуге болады.
Халықаралық теория мен практикада шет ел инвестициясы қызметінің төмендегідей санаттары қалыптасқан: 1) жеке несие беру, меншік құқығын иеленетін ұзақ мерзімді салымдар (акциялар, облигациялар, патентпен, авторлық құқықты пайдалану); оған: а) тура инвестиция (инвестордың тікелей қарамағындағы, не меншігіндегі шет ел кәсіпорнының акциясын сатып алу, не оны несиелеу); б) портфелді инвестиция (инвестордың тікелей қарамағына жатпайтын, оның меншігіндегі емес шет ел кәсіпорнының акциясын сатып алу, не оны несиелеу); в) қысқа мерзімді салымдар (бір жылға дейінгі мерзімдегі несиелі векселдер, басқа да қаржылық тәсілдегі портфелдік инвестициялар); 2) мемлекеттік (ресми) несиелеу немесе меншік құқығын иеленетін ұзақ не қысқа мерзімді портфелді инвестициялар.
Тура инвестицияның халықаралық және ұлтаралық деген екі түрі болады. Халықаралық инвестиция деп ел нарығының жақсы жағдайымен шарттанған, жаңа өндірістік саладан сол елдің нарығына тікелей тауар шығарумен байланысты капитал салуды айтамыз. Ұлтаралық инвестиция бұл өңдіріс шығынын азайту мақсатында көрші елге тура капитал салуды айтамыз.
Қазақстан Республикасында 10 жылға дейінгі мерзімдегі инвестиция қысқа мерзімді, ал одан жоғары ұзақ мерзімді деп аталады.