АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Қаржылық жағдайды талдау әдістері

Қаржылық жағдайды талдау әдістері

 

Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылык талдау) талдау деп бөлуді қажет етіп отыр. Талдаудың бұл турлерінің әрқайсысының өзінің негізгі ақпарат  көздері бар.

Әлемдік тәжірибе  көрсеткендей,  есеп  берудің екі түрі бар:   Акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай – ақ  сақтандыру ұйымдары мен үкімет органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайы және есепті кезеңдегі шаруашылық  қызметінің нәтижесімен таныстыру үшін қаржылық газеттер мен бюллетендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын қаржылық есеп беру. Сонымен қатар көбіне, есепте субьектінің шаруашылық қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдынғы кезеңдегі жағдайын болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың мәліметтерін жариялайды. Есеп берудің екінші түрі – басқару талдауы, бұл кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері  туралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығарылып, өтпей  қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп берудің ішіндегі жауапкершілік орталықтары мен пайда болу орындары бойынша шығындар сиқты жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды есеп түрлері болады. Кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу деңгейін анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім қалай жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір иесіздікті жояды. Ішкі талдау басқару есебі, ал сыртқы таңдау қаржылық есеп негізінде жүргізіледі. Бүгінгі таңдағы нарыққа өту кезеңінде кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда жаңа амалдар қажет.

Ондаған жылдар бойы барлық басқару деңгейлерінде және кәсіпорынның өзінде пайдаланып келген қаржылық жағдайды талдаудың  қалыптасқан әдісінің, шаруашылық жүргізудің әкімшілік жүйесінің жұмыс істеу жағдайында және негізінен орталықтандырылған көздерден қаржыландырылатын мемлекеттік меншік үшін, сондай –ақ уақытша тартылған қаражаттарды (тұрақты пассивтер), айналым қаражаттарын және басқаларды мөлшерлеу мақсатында қолданылғаны түсінікті. Бұл жағдайлар шаруашылық жүргізудің тиімділігіне басқарушылық шешімдерді қабылдауда кәсіпорынның дербестігін тежеп отырады және нарықтық қатынастар және кәсіпшілік қызметпен мүлдем үйлеспейді.

Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырады. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:

  1. Көлденең талдау
  2. Тікелей талдау
  3. Трендтік талдау
  4. Салыстырмалы талдау
  5. Факторлық талдау
  6. Қаржылық коэффициенттер әдісі.

Көлденең (уақытша) талдау – есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.

Тікелей (құрылымдық) талдау — әрбір есеп поэзиясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы, яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және т.б.

Тікелей және көлденең талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады.  Сондықтан да есептік бухгалтерлік үлгі құрылым секілді оның жеке көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.

Трендтік талдау – барлық көрсеткіштер 100%  деп алынатын базистік жыл  деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендік талдау әрбір есеп позициясын бірқатар өткен кезеңдермен салыстыруды және трендті, яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, ал одан кейін перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.

Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек таралған әдісі әртүрлі қаржылық коэффиценттерді пайдалану болып табылады.

Коэффициенттер  салыстырмалы шама болып табылады, оларды есептеу кезінде шамаларың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициенттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.

Шешімдер қабылдау үшін сәйкес коэффициенттерді талдаудың пайдалылығы оларды дұрыс түсіндіруге байланысты болады. Бұл – қатынастарды талдаудың ең қиын аспектісі, себебі ол осы қатынастардың қалыптасуының ішкі және сыртқы факторларын білуді талап етеді, мысалы, саладағы жалпы экономикалық жағдайлар, кәсіпорын басшылығының саясаты және басқалар. Қатынастарды үлкен байыптылықпен талдау қажет, өйткені тек бір ған фактор алымына да, бөліміне де әсер етуі мүмкін. Негізінен қатынас деңгейі өткен кезеңдегі, теориялық дәлелденген салалық қатынаспен салыстырылады. Қатынасты талдау болашаққа бейімделуі тиіс.

 

Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау- бұл фирмалардың, еншілес фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы эканомикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып табылады.

Факторлық талдау – бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас  бөліктеріне жіктегенде – тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол – кері (синтез) болуы мүмкін.

Қаржылық есепті тексеру барысында аналитикалық шаралардың жүргізілуі қойылған мақсаттарға, сондай-ақ әр түрлі ақпараттық, мерзімдік, әдістемелік, кадрлық және техникалық қамтамасыз ету факторларына  байланысты болады.

Аудитордың аналитикалық қызметінің логикасы оны, яғни талдауды екі модульдік құрылым түрінде ұйымдастыруды көздейді:

  • қаржылық есепті экспресс – талдау;
  • қаржылық жағдайды тереңдетіп (нақтылап) талдау;

Экспресс – талдаудың мақсаты шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы мен даму динамикасын көрнекті түрде және қарапайым бағалау болып табылады.

Экспресс – талдаудың үш кезеңде жүргізілуі орынды:

  1. Дайындық;
  2. Қаржылық есепке алдын ала шолу жасау;
  3. Экономикалық оқу және есеп беруді талдау;

Бірінші кезеңнің мақсаты – қаржылық есеп беруді талдаудың мақсатқа сәйкестілігі туралы шешім қабылдау және оның оқуға дайындығына көз жеткізу.

Бірінші міндет, аудиторлық есепте берілген ақпараттардың дәлдігі және олардың қолданылып жүрген нормативтік құжаттарға сәйкестігі туралы баға берілген бағасынан тұратын аудиторлық қорытындымен танысу арқылы шешіледі.

Есептің оқуға дайындығын тексеру аса күрделі емес және белгілі бір деңгейде техникалық сипатта болады. Мұнда есеп берудің формальды нышаны және мәні бойынша көзбен шолу және қарапайым есептік тексеру жүргізіледі: барлық нысандар мен қосымшалардың, деректемелер (реквизиттер) мен қойылған қолдардың барлығы анықталады; есептік нысандарды толтырудың дұрыстығы мен түсінікті болуы салыстырылып  тексеріледі; баланс валютасы мен барлық аралық жиынтықтар тексеріледі; есеп нысандары көрсеткіштерінің өзара үйлесімділігі және олардың арасындағы негізгі бақылау қатынастары тексеріледі және тағы басқа тексерулер жүргізіледі.

Екінші кезеңнің мақсаты – балансқа қосымша түсіндірме хатпен танысу.

Бұл есепті кезеңдегі жұмыс жағдайларын бағалау, қызметтегі негізгі көрсеткіштердің тенденцияларын анықтау, сондай-ақ шаруашылық субъектісінің мүліктік және қаржылық жағдайындағы сапалы өзгерістерді анықтау үшін қажет.