Кәсіпкерлік капитал
1.1. Кәсіпкерліктің қалыптасуы.
Капитал (ағылшынша-бас мүлік, бас сома, латынша-ең басты)-экономикалық ғылымның ең маңызды категорияларының бірі, нарықтық шаруашылықтың қажетті элементі.
Тауар өндірісі пайда болып қалыптасқаннан бері, капитал мынадай тарихи формалар алған: сауда капиталы (көпес капиталы түрінде),-тарихи капиталдың ең көне еркін формасы, өсімқорлық, осыдан кейін-өнеркәсіптік.
Капиталдың формалары толығырақ А.Смит пен Д.Рикардоның еңбектерінде зерттелген.
Капиталдың формаларымен экономикалық мектептердің қосарласып дамуы бұл категорияны тұңғыш зерттеушілердің-меркантилистер және физиократтар оған сыңаржақты қарауының себебі болды.
Капитал категориясына ең толық, жан-жақты зерттеуді өзінің «Капитал» (1867 ж.) деп аталған еңбегінде К.Маркс жүргізген. Капиталдың қызмет етуінің нақты формаларын зерттеумен қатар, ол оның мәнән, мазмұнын айқындап көрсетеді. К.Маркс капиталды зат деп қоймай, ол оны қозғалыс деп тұжырымдады. «Капитал» экономикалық ғылымның тарихында капиталды капиталистер мен жалдамалы жұмысшылар арасындағы ерекше белгілі тарихи қоғамдық қатынастар деп көрсетті. Осымен қатар Маркс капиталдың заттық түрі болады деп көрсетті-станок, машина, шикізат, т.б. түрінде.
Экономикалық теорияның классиктері капиталдың алғашқы қорлануын, капитализмнің қалыптасуының бастапқы кезеңі деп тұжырымдады.
Капиталдың алғашқы қорлануы өзіндік еңбекке негізделген индивидуалдық жеке меншікті жою процесі, жұмысшыларды өз еңбегінің шарттарына меншіктен шеттету процесі, жұмысшыларды өз еңбегінің шарттарына меншіктен шеттету процесі. Ол бір жақтан, тікелей өндірушілердің тек қана жұмыскерге-идеалдық жұмыскерге, екіншіден, қоғамдық құрал-жабдықтар мен өмір сүруге қажет құралдардың капиталға алмасуы болып табылады.
Бұл жағдай Екропада 16-18 ғасырларда орын алды. Сол замандағы кәсіпкерліктің барлық нысанының жандана дамуы, белгілі экономикалық және әлеуметтік шарттарды, жағдайларды талап етті. Міне, капиталдың алғашқы қорлануы кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық базасының қалыптасу шарттарын өмірге әкелді. Бұл пайда бола бастаған буржуазия табының барлық кәсіпкерлік қабілеттеріне жол ашты.
Біріншіден, еңбек «бостандық алып», жалдама жұмыскерлер табы қалыптаса бастады. Ал еңбек шарттары мен өмір сүруге қажет игіліктерден шеттелген, тек өздерінің жұмыс күшін сатып қана күнін көретін адамдардың көбеюі-бұл капиталистік өндірістің дамуының өте маңызды шарты болады.
Капиталдың алғашқы қорлануының экономикалық негізін шаруалар мен қолөнершілердің жаппай экспроприациялануы құрайды. Тауарлық-ақша қатынастарының дамуы, ұсақ өндірушілердің іріктеліп жіктеле беруін күшейте түсті, ұсақ қолөнершілер мен шаруалар ыдырай бастады. 16-18 ғасырларда батыс Еуропада мемлекет бірнеше заң қабылдау арқылы жұмысшы табының қалыптасуына елеулі ықпал етті. Бұл заңдар тарихқа «экспроприацияланғандарға қарсы қанды заңдар» атымен кірді. Өйткені бұл заңдар экспроприацияланған өндірушілерді жалданып жұмыс істеуге зорлықпен көндіруді көздеді және оларды капиталистік еңбек тәртібіне бағындырды.
Екіншіден, елдің ішкі жағында экономикалық бостандыққа ие болған жерлер пайда болды және шетелдерден территорияларды басып алып, оларды отарға айналдыру кең өріс алды. Бұған Англияның тарихи классикалық мысал бола алады-бұнда лендлордтар шаруалардың жерін тартып алып, «қоршап тастау» әдісін жүргізді, осымен қатар отарлардан жерді тікелей тартып алу кең өріс алды.
Үшіншіден, капиталдың барлық нысандары-сауда, өсімқорлық, өнеркәсіптік-екпінді дамыды. Осымен бірге ақша түрінде, өндірістік құрал-жабдықтар түрінде қорлану жүріп отырды.
Өнеркәсіптік буржуазияның қалыптасуының алғашқы қадамдары, мүліктік жіктелумен байланысты, қолөнершілер ортасында дами бастаған. Бөлініп, кәсіпкер бейнесін алған, аса бай цех шеберлері және саудагерлер-сатып алушылар, ыдыраған ұсақ өндірушілердің жалдама еңбегін пайдалануды кеңейтті. Бірақ бүкіл әлемдік нарықтың дамуы, капиталды қорландыру қарқынын жоғарылатуды талап етті. Осы міндетті жүзеге асыру үшін мемлекеттің үкімет аппараты кең пайдаланылды.
Капиталдың алғашқы қорлануын тездету, отарлық сқғыстар мен басып алған отарлар халқын шексіз тонау, мемлекет қарызы мен салық жинаудың өсуі өз үлесін қосты.
Бюджет тапшылығын жою үшін мемлекет ақша капиталының иелері арасында ірі сомаға заём орналыстыратын болды. Бұл мемлекетке қарыз беруші бейнесін алған буржуазияға, үкіметтің міндеттемелеріне сәйкес төленетін, елеулі көлемдегі проценттерді иелеуіне мүмкіндік берді. Мемлекет несиенің дамуы құнды қағаздардың, биржалық ойындардың дамуын жандандырды.
Капиталдың алғашқы қорлануының маңызды құралы болып протекционизм жүйесі қызмет етті. Сыртқы сауда саясаты импорттық баж салығының жоғары болуын талап етті. Бұл басқа елдерден келетін тауарларға шек қоюға және өнеркәсіп тауарларын осы елден сыртқа шығарғаны үшін сыйлық төлеуге жол ашты. Бірнеше елдерде өнеркәсіп шикізаттарын сыртқа шығаруға тікелей тыйым салынды; жаңа өндіріс ашқан кәсіпкерлерге алғашқы капитал тікелей қазынадан ірі ақшалық субсидия нысанында құйыла бастады.
Капиталдың алғашқы қорлануын дайындап дүниеге әкелген өндіргіш күштердің дамуы, тауар-ақша қатынастарының өсуі және шамамен кең дамыған ұллтық нарықтардың қалыптасуы болды.
Әр елдердегі капиталдың алғашқы қорлануының негізгі заңдылықтарының баршасына тән ортақ белгілерінің болуы, оның осы елдердің әрқайсысына тән нақты нысандарының болуын жоққа шығармайды.
Бүгінгі біздің елдің басындағы өтпелі кезеңді кейбіреулер капиталдың алғашқы қорлану процесімен теңдестіреді. Бірақ бұл процестер бір-бірімен толық үйлеспейді. Бүгінгі Қазақстан директивтік баға белгіленуіне және ресурстардың орталықтан бөлінуіне негізделген әміршіл-әкімшіл жүйеден, реттеудің нарықтық әдістеріне көшу кезеңінде отыр. Міне, осы жағдай, капиталдың алғашқы қорлану процесінен, дәстүрлі ұғым бойынша, негізгі айырмашылықты белгілейді.
Бұларға ортақ қасиет, ол жеке меншік түрінле жаңа материалдық негізде кәсіпкерлер табының қалыптасуы. Бұның ішкі және сыртқы қайнар көздері бар.
Ішкіге алдымен жкешелендіру жатады. Ол мемлекеттік меншікті келесі әдістер арқылы бөлуге мүмкіндік береді:
- өнеркәсіптің ауыр (бұның ішінде әскери-өнеркәсіп кешені) және жеңіл салаларындағы қаражаттарды екіншінің пайдасына сәйкес қайта бөлу;
- капиталды қызметтер мен сауда сферасында шоғырландыру;
- жерді және табиғи ресурстарды отын-қуат кешендерінің және басқа да қуат сақтаушылардың «өз еркімен» өзіне қаратып алуы;
- таңдаулы (элитикалық) кәсіпорындарға және оның иелеріне бартерлік айырбас жүргізулері үшін олар өндірген өнімнің бір бөлігіне жарлық ету беру;
- сыртқы сауданы ырықтандыру (либерализация) нәтижесінде түскен пайданы шетелдермен сауда жасайтын фирмалардың алуы;
- «челнок» импортынан түскен табысты алу;
- мемлекеттің кейбір мекемелерге елімізге шеттен келген спирт, арақ, темекі өнімдері үшін тағайындалған салықтық жеңілдіктерді беруі;
- коррупция, рэкет, көлеңке экономика және т.б..
Сыртқы қайнар көздеріне шетелдерден келіп жатқан несиелер жатады.
Капиталдың алашқы қорлануының маңызы мынада: осы процесс барысында кәсіпкерлер үшін барлық өндіріс факторларына еркін жол ашылады. Бұлар тауар формасын алады және өздерінің кәсәпкерлік қабілеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
1.2. Капиталдар нарығы және оның мазмұны
Капиталистік экономикалық қатынастардың дамуы капитал категориясын әрі қарай зерттеуді талап етті: жаңа концепциялар мен ой-пікір, тұжырымдардың пайда болуын тіледі.
Жақтаушылары басым көпшілік капиталға берілетін екі негізгі анықтаманы қолдайды: брінші-капитал деген құрал-жабдықтар жиынтығы («заттық» концепция), екінші-капитал деген ақша сомасы («монетарлық»). Екі жақ та капитал шаруашылықта пайда табу үшін қолданылады дейді.
Осымен қатар «кпиталдар нарығы» деген түсінік бар. Нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың арақатынастарының объектісіне байланысты, осы түсінікке анықтаманың екі варианты болуы ықтимал.
Бірінші вариант. Өндіріс факторлары нарығында капитал деп олардың құндық өлшеміндегі физикалық кпитал түсініледі: станоктар, машиналар, ғимараттар, т.б. Бұл жағдайда капиталдар нарығы өндіріс факторлары нарығының бір бөлшегі болып табылады. Бұның схемасы мынадай (1.1-сурет):
1.1-сурет.
Капиталдар нарығының негізгі субъектілеріне бизнес сферасы және хаусхолд сферасы жатады.
Факторлар нарығындағы капиталға сұраныс-бұл өздерінің инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін фирмалардың физикалық капиталға сұранысы. Көрініс жағынан бұл фирманың инвестициялық жобаларына жұмсайтын қаржы құралдары болып табылады.
Өндіріс факторлары нарығында ақшалай салым түрінде капиталы бар үй шаруашылықтары бизнеске материалдарына сұраныс түрінде қолдануға өз капиталын береді. Бұл үшін олар салынған қаражаттарға процент түрінде табыс алады.
Физикалық капиталдың фирма меншігіне айналуына, немесе, оның уақытша пайдалануға берілуне байланысты, төлемдер екі түрге бөлінеді: капитал қызметтерінің толассыздығы (пайдалану бағасы) үшін төлем және капиталдың активтер (сатып алу-сату бағасы) үшін төлем болып бөлінеді.
Капитал қызметтерін пайдалану құны капиталдың ренталық (прокаттық) бағалануы болып табылады.
Екінші вариант. Қаржы нарығында капитал деп ақша капиталы түсініледі. Сондықтан капиалдар нарығы қарыз капиталдарының нарығының құрамды бөлігі болып табылады (1.2-сурет).
Қарыз капиталдары нарығы |
Ақша нарығы |
Капиталдар нарығы |
Қаржы нарығы |
Ипотека нарығы |
1.2-сурет.
Қарыз капиталының нарығы деп ақша кпиталы объектісінің қызметін атқаратын және осы капиталға сұраныс пен ұсыныс қалыптастыратын, өзара қатынастардың жиынтығы аталады. Қарыз капиталдарының нарығы ақша нарығына және капиталдар нарығына бөлінеді. Ақша нарығы мерзімі бір жылға дейінгі банк операцияларын жүргізумен байланысты болады. Капиталдар нарығы банктің орта мерзімді және ұзақ мерзімді операцияларына қызмет етеді. Осы нарық өз кезегімен ипотекалық нарыққа (кепілдік қарыз куәлігімен операциялар жүргізу) және қаржылық (құнды қағаздармен операциялар жүргізу) нарыққа бөлінеді. Қаржы нарығының субъектілеріне банктер және олардың клиентері (ипотека нарығындағыдай), қор биржалары жатады, операциялардың объектілеріне-жеке кәсіпкерлердің және мемлекет институттарының құнды қағаздары жатады.
Ақша нарығы мен капиталдар нарығы қарыз капиталының туындысы, екіншілік нарықтар болып табылады. Осылардың әрқайсысының өз инструменттері, яғни айналыста болатын нақты қаржы бағалылықтары болады. Осыардың бір-бірінен айырмашылықтары бар және олар төмендегі жағдайлармен байланысты болады:
- статусымен (акция немесе аблигация);
- меншіктің типімен (жеке немесе мемлекеттік);
- іс-әрекет ету мерзімімен;
- өтімділік дәрежесімен;
- қауіп-қатер сипатымен (банкроттық немесе нарықтық) және қауіп-қатер дәрежесімен (қатерлі, аз қатерлі, қатерсіз).
Мысалы; АҚШ-тың капиталдар нарығының инструментариіне жататындар:
- АҚШ федералдық өкіметінің ұзақ мерзімді саясатын қаржыландыруға тағайындалған казначейлік облигациялар;
- Қаржы жүйесі арқылы әлеуметтік бағдарламалардың типтерін қаржыландыру үшін үкіметтің ерекше рұқсатымен эмитентілген (шығарылған) мемлекеттік мекемелердің құнды қағаздары;
- Жергілікті үкімет органдары шығаратын муниципалдық облигациялар;
- Жекеменшіктік фирмалар эмитентеген корпорациялардың акциялары мен облигациялары.
Капиталдар нарығын инвестициялық қорлар нарығы деп жиі атайды. Инвестиция (капиталдық салым) деп құрал-жабдықтардың және материалдық қойманың (запас) көбеюіне экономикадағы капиталдар өсуіне жасалған шығындар аталады.
Капиталдың жеткізушілері-үй шаруашылықтары, оны тұтынушылар-бизнестің фирмалары.
Жеткізушілер мен тұтынушылардың бір-біріне әрекеті көп. Бұлардың байланыстары қаржы жүйесі, коммерциялық банктер, инвестициялық қорлар, брокерлік кеңселер, т.б. арқылы жүріп отырады. Олар үй шаруашылықтарының шамалы жинақтарын қаржы құралдардың көп сомаларына айналдырады және оны капиталды тұтынушылар араында орналастырумен айналысады. Капиталды беру нысаны әр түрлі болуы мүмкін: тікелей жаңадан шығарылған акцияларды жазылғандар арасында тарату түрінде немесе заёмдық қарыз, корпорациялардың облигациясын сатып алу түрінде және фирмаларға тікелей қарыз беру арқылы. Бұл процесте берілген қаржылар үшін төленетін процент өте маңызды роль атқарады.