Жоспар
I.Кіріспе —————————————————————3
II.Негізгі бөлім:
1.Каспий экологиясы ————————————————5
2.Каспийдің химиялық,органикалық заттармен ластануы-9
3.Каспийдің экологиялық мәселелерін шешу
жолдары —————————————————————12
III.Қорытынды —————————————————14
IV.Пайдаланған әдебиеттер тізімі ————————-15
Кіріспе
Қазіргі кезде табиғаттағы тиімді пайдалану және оны қорғау дүниежүзілік маңызы зор проблемалардың қатарына көтеріліп отыр. Каспий теңізі (ескі тарихи атаулары: Каспи, Гиркан, Хвалын, Хазар тағы басқа) –Еуразия құрлығының орталығында, мұхиттардан алыста, оқшау жатқан жер шарындағы бірден–бір тұйық су айдыны. Дүние жүзіндегі ең ірі тұйық су айдыны, үлкендігіне қарап теңіз деп атайды. Ауданы 376000 км 2 . Меридиан бағытында 1200 км–ге созылған, орташа ені 300 км. Жағалау сызығының ұзындығы 7000 км, оның Қазақстанға тиесілі ұзындығы 2340 км (солтүстік жағалауының басым бөлігі және шығыс жағалаудың солтүстік жартысы), қалғаны Ресей, Әзербайжан, Түрікменстан және Иран жерімен шектеседі. Беті мұхит деңгейінен 28 м төменде жатыр. Ең терең жері 1025 м, орташа тереңдігі 180 м. Каспий теңізі оңтүстіктен солтүстікке дейін 1030 км,батыстан шығысқа дейін 196–435 км аралықты қамтиды. Солтүстік шығыс бөлігінің климаты континенталды, ал оңтүстік батысы субтропикалық климатты құрайды. Каспийдің солтүстік жағалауы таяз, көбіне қайраңдардан тұрады. Ірі шығанақтары: Маңғыстау, Қазақ, Қарабұғазкөл, тағы басқа 50-ге тарта аралдар бар. Ірі түбектері Маңғыстау, Апшерон, Аграхан, Красноводск, Шелекен .
Каспий теңізі Еуропа және Азия континеттерінің түйіскен жерінде орналасқан. Каспий қайраңы өте ерекше табиғат туындысы әрі өсімдіктер мен жануарлардың қолайлы ортасы. Мұнда «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер мен жануарлар көптеп кездеседі. Тұйық су айдыны болғандықтан мұндағы өсімдіктердің басымы эндемиктер. Теңіздің құнды байлықтарының бірі – бекіре тұқымдас балықтар. Олардың 5 түрі тіршілік етеді. Бекіре тұқымдастарының дүниежүзілік қорының 70% осы теңіздің үлесіне тиетін мақтанышпен айтуға болады. Каспий ойпаты өзінің табиғат ескерткіштерімен, фаунасы және флорасының көптүрлілігімен ерекшеленеді. Мұнда өсімдіктердің 945, балдырлардың 64, фитопланктондардың 100-ден астам түрі тіршілік етеді. Ойпатты тегіс жағалау басым. Жағалауында теңіз суының бұрынғы жоғары тұрған кезеңін дәлелдейтін теңіз террасалары көп. Каспий теңізінің қалыптасуы ұзақ геологиялық мерзімде өтті. Осы уақыт ішінде теңіз суы бірде жағалауды басты (трансгрессия), бірде суы кейін қайтып (регрессия). Плейстоцен кезеңінде 70 миллион жыл бұрын теңіздің понтокаспий алабы оңтүстігінде орналасқан Тетис атты үлкен теңізден бөлініп қалды. Понтий кезеңінде 10 миллион жыл бұрын құрамында қазіргі аумақты алып жатқан Қара және Каспий теңіздері бар Сармат теңізі бірнеше бөлікке бөлінеді . Нәтижесінде оқшау тұйық алапты қамтыған қазіргі Каспий теңізінің нобайы пайда болды. Бұл кезде теңіздің аумағы қазіргіден кіші болған. Орта плиоценнің кейбір кезеңдерінде теңіздің аумағы одан да кіші болған. Ол тек дербент қазаншұңқырымен ғана шектелген. Каспийдің шарасы тереңдігі және түпкі бедері жөнінен 3 бөлікке бөлінеді. Құрлықтық қайраңда орналасқан солтүстік бөлігі тайыз 10 –20 м. Орта тұсындағы ойпаңда тереңдігі 788 м. Оңтүстік бөлігі терең ойпаң 1025 м. Судың беткі қабаты жаз айларында солтүстігінде –24 –26 0 С, оңтүстігінде –27 –28 0 С- қа дейін жылынады. Қыста солтүстігінің тайыз бөлігі қатады, оңтүстігінде судың температурасы 10 0 С –қа жуық болады. Каспий теңізіне 130 – дай өзен құяды. Ағын су көлемінің 80%-ін Еділ, 5%-ке жуығын Жайық өзендері берсе,Терек,Сулак,Самур өзендері 5 %-тен астам , Кура өз 6 % береді.
Каспий теңізі кәсіптік балықтарға да бай. Теңізде балықтың 76 түрі кездеседі. Каспий теңізі жыл құстарының да сүйікті мекені. Теңіз жағалауларында 3-3,5 миллион құстар қыстап қалса, ал жыл құстарының саны 10-12 миллионға жетеді.
Каспий экологиясы
Каспий теңізінде мұнай–газ өндіру және мұнай өңдеу кешендерінің дамуына байланысты Қазақстанның батыс өңірінде қалыптасқан табиғи, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жағдай. Каспий теңізі — әлемдегі шаруашылық маңызы зор ең ірі тұйық су алабы. Жыл бойына Каспий теңізінің жыл–қума-желбөгет құбылыстарының нәтижесінде 0,5-1 м–ге дейін ауытқып отырады. 1837-1990 жылдарда жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижесінде Каспий теңізінің су деңгейі мөлшерінің айтарлықтай өзгеруі 1930 және 1980-1990 жылдар аралығына сәйкес келетіні анықталған. 1929 — 1941 жылдары су деңгейі 2 м-ге төмендесе, 1977 жылы бұл көрсеткіш ең төмен абсолют мөлшеріне -29,01 м жетті. 1978–1995 жылдары су деңгейі -26,66 м болды. Су деңгейінің тұрақсыздығы–климаттың өзгеруінен теңіз суының молаюына байланысты болып отырған құбылыс. Судың тұздылығы 0-12 %0 . Каспий теңізінің морфологиялық жағдайына байланысты Солтүстік Каспий, Орталық Каспий және Оңтүстік Каспий болып бөлінеді. Теңіздің Қазақстандық бөлігі– солтүстік шығыс жағалауы Атырау және Маңғыстау облыстарының аумағында.Солтүстік Каспий теңіздің басқа бөліктерінен өзінің алып жатқан географиялық орны, теңіз түбінің құрылымы, тұздылық және температуралық режимі, су теңгермесі және тағы басқалар бойынша ерекшеленеді. Оңтүстік және Орталық Каспийге қарағанда таяз. Солтүстік Каспий бөлігінің аумағы 80 мың км2.Оған келіп құятын өзендердің жылдық су ағымының жиынтығы–жалпы Каспийге құятын барлық өзен сулары ағымының 88%-ін құрайды.Теңіздің бұл бөлігі жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлеміне бай. Мұнда жануарлардың 2 мыңға жуық түрі (оның ішінде омыртқасыздар -1069 , омыртқалылар –415, паразит жануарлар — 325) тіршілік етеді. Теңіздің фаунасын негізін эндемик жануарлар (шаянтәрізділердің 60%-і, моллюскілердің 80%-і, балықтардың 50 %-і ) құрайды. Каспий теңізінің балық қоры 2,9 миллион тонна болса, оның 40% Солтүстік Каспий бөлігінің үлесіне тиеді. Каспий теңізі – ежелден балық ауланатын маңызды су айдыны. Бекіре тәрізділердің дүниежүзілік өнімінің 90%-і осында ауланады.
Қазіргі заманның балық шаруашылығы – балық аулауды реттеу, аса бағалы балық түрлерін (бекіре, қортпа, шоқыр және пілмай) табиғи және жасанды жолмен көбейту жұмыстарына негізделген. Жыл сайын 11 балық зауыты Каспий теңізіне 75 миллион тонна балық шабақтарын жібереді. 1998 жылдан бері Атыраудағы 2 балық зауыты жылына 6 миллион бекіре балығының шабағын дайындайды. Балықтар уылдырығын тұщы суға шашады, қор жинау үшін тұщы суға шығады. Мысалы: шортан, оңғақ, қызылқанат балық, алабұға теңіздің атырауына дейін өрістесе, қаракөз, табан, көксерке тұзды суда (тұздылығы 10-11 %0), ал бекіре тәрізділер судың өте тұзды жерінде тіршілік етуге бейімделген. Каспий теңізінде 2 тропиктік жүйе қалыптасқан. Солтүстік-Шығыс Каспий аумағында құстардың 278 түрі мекендейді. Соның ішінде «Қызыл кітапқа» енгізілген өте сирек кездесетін қалбағай, қарабай, сары құтан, бұйра бірқазан, тағы басқа бар. Ал Каспий итбалығы-тек қана Каспий теңізінде тіршілік ететін сүтқоректі. 1920 жыл 1 миллионнан астам итбалықтың 120 мыңы ауланған болса, 1980 жылдың аяғында 360 — 450 мыңға дейін азайған. Итбалықтың -27 мыңы, 1990 жылы -13,8 мыңы, 1996 жылы 8 мыңы ауланған. 2000 жылы сәуір-тамыз айларында індеттен олардың 15 мыңы қырылды.
Каспий итбалығының жаппай қырылуы-Каспийдің солтүстік бөлігіндегі гидрометеорологиялық және экологиялық жағдайлардың нашарлауынан теңіз жануарлары иммунитетінің төмендеуін көрсетеді. Каспий ойпатында өсімдіктің 88 тұқымдас, 371 туысқа бірігетін 945 түрі өседі.
Соның ішінде, 357 түрі жоғары сатыдағы өсімдіктерге жатады, 6- түрі Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Ал теңіздің өзінде су өсімдіктернің 728 түрі өседі. Теңіз өсімдіктері жамылғысының құрлық өсімдіктерінен көп айырмашылығы бар. Құрлықта, негізінен, гүлді өсімдіктер, ал суда балдырлар кездеседі. Солтүстік Каспийде негізінен қамыс, теңіз шөбі, шалаң, егеушөп, арамот, мүйізжапырақ өседі. Бұл өсімдіктер балықтардың уылдырығының су түбінде бекуі үшін қажет, сондай-ақ, су құстары мен кейбір балық түрлеріне қорек болады. Солтүстік Каспий жағалауының әсем табиғатына, оның экологиялық жағдайына атмосфераның, топырақ жамылғысының, судың ластануы үлкен қауіп төндіруде.
Каспий теңізінің экологиялық жағдайы соңғы жылдары су деңгейінің көтерілуімен байланысты. Каспий теңізінің бірде көтеріліп , бірде тартылуы жердің табиғи – тарихи эволюциясына байланысты. Тарихи деректер бойынша 1820-1930 жылдар аралығында Каспий теңізінің су деңгейі көтерілген. Оның себептерін ауа райының құбылысымен және антропогендік факторлармен түсіндіруге болады. Еділ өзені теңізге құятын барлық судың 80 % -ын құрайды. Сондықтан теңіз суының толысуы Еділ өзенімен тығыз байланыста болды. Соңғы жылдары Қарабұғазкөл шығанағын бірде бөліп, бірде қосу адам баласының Каспий теңізінің экожүесіне батыл араласуы еді. Мәселен, 1940-1950 жылдардағы теңіз деңгейінің төмен түсуін антропогендік факторларға жатқызады. Осы жылдары теңізге құятын су мөлшері Еділден 12 %-ға, Жайықтан 24 % , ал Теректен 60 % -ға төмендеген. Осы факторларды ескеріп, теңіз суының азаюын тежеу мақсатымен 1980 жылдары Қарабұғазкөлді теңізден бөлу үшін ұзындығы 100 метр табиғи бөгет салынды. Бөгет салынған бұғаздың суы небәрі 3 –ақ жылдың ішінде кеуіп кетіп, айналасына теңіз тұз аралас шаң – тозаңдар тарады. Әсіресе теңіздің түбінен тұз өндірушілерге қиындық туды, тұздың сапасы төмендеп кетті. Өйткені Қарабұғазкөл елімізде тұз өндіретін бірден–бір ірі Қарабұғазсульфат комбинатымен әлемге әйгілі еді. 1978 жылдан бастап теңіз деңгейі өздігінен көтеріле бастады. Ғасырдың аяғында оның деңгейі 3 метрге жуық көтерілді. Судың көтерілуінен жүзден астам мұнай бұрғылары, ондағы мұнай қоймалары, 6 мұнай — газ кешені, жүздеген елді мекендер, коммуникациялық желілер, өнеркәсіп орындары су астында қалды. Барлық ластағыш заттар мұнай теңіз суына араласып, оның аймағы 300 мың гектарға жеті. Кейінгі жылдары теңіз суының көтерілуінің табиғи процесс екендігі дәлелденді.
Каспий теңізінің көтерілуі оның маңындағы мемлекеттерге көптеген проблемалар туғызып отыр. Оның бастысы – экологиялық жағдайлар.Біріншіден, су деңгейінің көтерілуі теңіз жағалауындағы табиғи жайылымдардың көлемін тарылтып, құстар мен жануарлардың мекенін басып қалды. Суға тосқауыл үшін соғылған бөгеттер жағалаудың фаунасы мен флорасына зор шығын келтірді. Балықтардың уыылдырық шашу аясы мен құстардың ұя салу тығыздығы кеміп, биокөптүрліліктің азайып кету проблемасын туғызып отыр.
Екіншіден, теңіз деңгейінің көтерілуі судың, ауа мен топырақтың ластануына, одан әрі экологиялық апатқа апарады. Судың мұнай өнімдерімен ластануы 1980 жылдан бастап күшейе түсті. Су құрамында пестицид және ауыр металдардың көбеюі бекіре сияқты бағалы балықтар, теңіз мысығы, құстардың жаппай ауруларға ұшырап, қырылып қалу фактілерін жиілетті. Соңғы мәліметтер бойынша бекіре балықтарын аулау 40 % — ға азайды.
Үшіншіден, су деңгейінің көтерілуі теңіз жағалауларындағы мұнай ұңғыларын, мұнай қоймаларын, мұнай өңдейтін өнеркәсіп орындарын, балық комбинаттарын, елді мекендерді су басып орасан зор шығын келтіре бастады.
Төртіншіден, мұнай игеруге шетелдік инвесторларды тарту Каспий теңізінің экологиясын одан әрі шиеленістіре түсуде. Мұнай өндірумен бірге ауаға шығатын ілеспе газдардың көтерілуі аймақтың ауа ағынында зиянды газдар үлесін көбейтіп отыр. Теңіз жағалауларының тозуы техногендік процестерді жылдамдатып, аумақтың шөлге айналуына себепші болып отыр.
Каспий мұнайлы–газды аймағы–Атырау, Батыс Қазақстан, ішінара Ақтөбе облыстарының жерінде орналасқан мұнай, газ, кен орындары шоғырланған аймақ. Ерте палеозойға дейінгі даму сатысында тектоникалық төмендеуіне байланысты қалың шөгінділердің жиылуына шалынған Шығыс Еуропа платформасының құрамдас оңтүстік – шығыс бөлігі. Геофизикалық деректер бойынша кембрийге дейінгі іргетастың тереңдігі 20 км – дан асады. Стратигиралық қимада жаппай дамыған кунгур ярусының тұзды қабаттары бүкіл қиманы екі бөлікке бөледі: жоғарғы бөлік (мезозой–кайнозойлық тұз үстіндегі терригендік шөгінділер) және төменгі бөлік (тұз астындағы палеозойлық карбонатты-терригендік шөгінділер) . Аймақтың жоғары мұнайлы – газдық әлеуеті көптеген факторларға байланысты, олардың ең бастылары: шөгінді қабаттардың орасан зор қалыңдығы және ондағы жыныстардың түзілу тегінің теңіздік болуы; шөгінді шоғырлануының жоғарғы дәрежедегі көлемдік жылдамдығы әрбір миллион жылда –15000 км 3; тұз үсті және тұз асты шөгінділеріндегі органикалық заттың молдығы; стратигиралық қимада мұнай мен газ түзуші жыныстардың жақсы дамығандығы, тағы басқа 2000 жылға дейін Каспий мұнайлы –газды аймағындағы 3 әкімшілік облыстың аумағында 120 мұнай , мұнай – газ , мұнай – газ – конденсат кендері ашылды.
Каспийдің химиялық, органикалық заттармен ластануы.
Табиғатта кездейсоқ ештеңе болмайтыны баршамызға аян: көктегі не жердегі, жақсысы не жаманы бар бүкіл құбылыстар, қыбырлаған жан-жануар, жәндіктер, қалыптасқан пайдалы қазбалар, шипалы тұздар мен бұлақтар, сылдырап аққан өзен мен тұнжырап жатқан көлдер, әр ағаш пен бұта-бұта шөптесіндер бәрі де бір-бірімен тығыз байланысты, тәуелді және бір-біріне тікелей әсер етеді; сондықтан да Иоганн Гетенің «табиғатта бәрі де тығыз ұштасып жатады, табиғи ұлы күштің әсерімен ғана дамуда, жаратылған бағыттан ауытқу болмайды, табиғи заңдылықты бұра тарту, өз пайдасына күшпен өзгерту тек адамдардың ған пендешілігінен туындайды» деген пәлсафалық тұжырымында қаншама ақиқат жатқаны баршаға аян.
Каспий теңізінің деңгейі жылма-жыл көтеріліп, қалыпты тепе-теңдікке қауіп төне түскендей. Ұзақ жылдар бойы табиғатты қорғауға, халықты экологиялық зардаптардан сақтауға жете назар аударылмай келгені мәлім. 1998 жылы ауаға ұшқан зиянды заттар мен керосиннің мөлшері 22,3 мың тоннаға өскені немесе 1980 жылғыға қарағанда 33,9 % -ға көбейгені осының айқын дәлелі бола алады. 1998 жылғы дерек бойынша облыстың ауа кеңістігіне, су айдындарына және топырақ бетіне тасталатын өндірістік заттарды жан басына шаққанда әр жан басына 404 кг улы-зиянды заттардан келді; әр тонна топыраққа 4 кг-нан қорғасын мен хром қосындылары тасталады екен. Саралап көрсетсек, аталмыш зиянды заттардың 7%-ы мұнай өңдеу, 53%-ы «Теңізшевройл» бірлестігі, 28 % -ы «Ембімұнай» және Теңізмұнайгаз» өндірістік бірлестіктерінің үлесіне тиеді, яғни өнім өндіру көлемі ұлғайған сайын бүкіл қоршаған орта, сондай-ақ, су топырақ беті және ауаның ластануы жеделдей түсуде. Зиянды заттарды залалсыздандыру жөніндегі жұмыстардың деңгейі жағынан облыс республикадағы ең соңғы орындардың бірін иеленеді. Кәсіпорындарда тозаң мен газ ұстағыш жабдықтар жетіспейді, шикізат пен қалдықтарды ұтымды пайдалану тәсілі кешенді қолданылмай келеді. Каспий теңізі жағалауында экологиялық ахуал жылдан-жылға қиындай түсуде. Қарашығанақ пен Теңіз мұнай кен орындарында зиянды заттар шамадан тыс және олар бірден ауаға, суға, және топырақ бетіне тасталуда; теңіздің деңгей жыл сайын көтеріліп, 20-30 км төңіректі су басуда не сумен батпақтануда. Мұнай кәсіпшіліктерін ауық-ауық су басып кетіп, оның төңірегі шайылып теңізге қосылып, айдынның күрт ластануына әкеп соқтыруда. Химия зауытынан қалдық суларының қосылуы салдарынан теңіздің фенолмен ластану мөлшері әдеттегіден 9 есе жоғарылағаны байқалады. Мұнай және мұнай өнімдерімен неғұрлым көбірек ластанған сайын адам организміне де, малға да зиянды заттардың көбею қаупі туып отыр.
Каспийдің шамадан тыс ластануы бекіре тектес балықтардың жаппай ауруын, улы заттар балықтардың ет белогының ыдырап бүлінуінен, азуын тудырады, бауырдың қоректенуін нашарлатады, белок қабығын бүлдіріп, уылдырық қабығын әлсіретеді. Соңғы байқау нәтижелері балықтардың бұлшық ет ыдырауына шалдығуы – 100 % , уылдырық қабығының әлсіреуі 30% екені байқатты. Оның үстіне балық орындарын жаңарту, толықтыру және балық аулау айдындарын мелиорациялау жұмыстары да тым баяу жүргізілуде. 1999 жылы басталған Каспийдің солтүстігінде орналасқан Шығыс Қашағандағы бұрғылау жұмыстарының теңіз балықтарына, итбалыққа, жан-жануарларға, құстарға, өсімдіктерге зиян келтіретіні сөзсіз. Су жинау құрылыстарын қажетті балық қорғау қондырғыларымен жабдықтау ісі де өте-мөте қанағаттанғысыз жүргізілуде. Қорыта айтқанда, облыстың жануарлар дүниесі жаппай антропогендік қысым көруде. Сөйтіп, көптеген түрлердің күрт азаюы, олардың туған – мекендеген жерлерін тастап, басқа жаққа ауып кетуі көбейіп отыр.
Атмосфераның ластануына мұнай– газ өндіретін және оны қайта өңдейтін кәсіпорындар әсер етуде. Мысалы: 1998 жылы Атырау облысы бойынша атмосфераға 135,1 мың тонна газ тәрізді заттар, 2,3 мыңтонна қатты заттар шығарылған. Бұл улы заттарды атмосфераға, негізінен, ескі технологиялық заттармен жабдықталған 3,5 мың мұнай ұңғымасы шығарады. Мұнай кәсіпшілігінің ең басты экологиялық проблемасы – ілеспе газды іске жарату. Қазір жылына 800 миллион 3 газ ауада жанады. Мұнай кен орындарында мұнай өнімдерін өңдеу кезінде мұнай мен қалдық сулардың топырақ пен грунтқа төгілуі оларды ластайды. Солтүстік Каспий аймағының мұнай өнімдері қалдықтарымен ластанған аумағы 194 мың гектар алып жатса, төгілген мұнайдың мөлшері 1 миллион тоннадан асады. Теңіз деңгейінің көтерілуіне және мұнайдың теңізге төгілуіне байланысты теңіз суының құрамында мұнай өнімдерінің қалдықтары, фенол, хлорлы органикалық пестицидтер, аммонийлі азот, ауыр металдардың мөлшері рұқсат етілген шектен бірнеше есе жоғары екені анықталған. Судағы мұнай өнімдерінің ең жоғарғы концентрациясы мамыр – шілде айларында байқалады. Теңіз жағалауының мұнай және мұнай өнімдерімен, улы газдармен ластануы планктондар мен теңіз суында тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктердің жаппай жойылуына әкеледі. Теңіз түбіндегі шөгінділердің мұнай өнімдерімен ластануы бентостық тіршілік ететін организмдер мен моллюскілерге , сондай – ақ су құстары мен балықтарға да зиянын тигізуде. Мысалы: 1990 жылмен салыстырғанда Каспий теңізінде балық аулау 3 есеге, яғни 500–600 мың тоннадан 180 мың тоннаға дейін азайды. Теңіз суын ең қауіпті ластаушы заттың бірі – ыдырымайтын ауыр металдар (мыс, мырыш, барий). Судағы мыс пен мырыштың мөлшері 20 мкг/л, ал баийдікі – 50 мкг/л. Каспий теңізі аймағының ластануы онда тіршілік ететін организмдерге ғана емес, жергілікті тұрғындардың денсаулығына да үлкен қауіп төндіруде.
Сөйтіп, Каспий теңізі мен оның жағалауы, Қазақстан үшін тек қала мұнайдолларының көзі емес, сонымен қатар экологиялық апат аймағы. Бұл мәселелерді геоақпараттық технологияларының кешенді анализінсіз және дистанциндты зондтау әдістерімен жаппай бақылаусыз шешу мүмкін емес.
Каспийдің экологиялық мәселелерін шешу жолдары.
Геоақпараттық жүйелерді аумақтық мәселелрді шешу үшін қолдану адамның өмір сүру ортасы ретінде, көптеген жаратылыстанушылармен зерттелген, территория туралы ғылым, классикалық ғылымдарға қарағанда ертерек пайда болған.Бірақ, қазіргі адамзаттық техникалық дамуы қоршаған ортамен араздыққа алып келген кезде, аумақты табиғи-техногенді кешен ретінде кешенді талдау қажеттігі өршуде.Аумақтың табиғи және антропогендік факторлар әсерімен даму заңдылықтарын білу-негізгі мәселе. Соңғы он жылдықта аумақта зерттеуді осы әдіспен жүзеге асуына көп көңіл бөлінуде.
Негізгі мәселелердің бірі- аумақты басқару. Қуатты ақпараттық технологиялар пайда болуының алдында, шешім қабылдау үрдісі уақытқа, кейде кеңістікке де біріктірілмеген берілгендерге негізделген.Аумақты зерттеу бағыттарының үш тобын көрсетуге болады. Ол – зерттеу бағыты, ол, берілген аумақтың деградация үрдісі зерттеліп, оның ортақ заңдылығы қарастырылғанда қолданылады.
Қолданбалы бағыт, оған негізделіп, нақты мәселелер шешіледі, мұнай өндіріс маңындағы мазутталған жерлер ауданын анықтау.Және де жобалық – ізденіс жұмыстар, мысалы, берілген аумақта экологиялық таза тәсілмен мұнай өндіруді негіздеу және жобалау.Сөйтіп, тек соңғы қорытынды сатыда ғана шешім қабылданады, мысалы, мұнай өндірісін қайта құру (реконструкция) туралы. Мұндай көпсатылы үрдіс кешенді және сапалы шешімге кепіл бола алмайды. Адам өмір сүру ортасы ретіндегі аумаққа қайтарымсыз апат әкелеген бұрыс шешімдер нәтижелеріне көптеген мысалдар келтіруге болады.
Қазіргі кездегі геоақпаратық технологияларды қолдану аумақты зерттеудің барлық сатыларын-ғылыми зерттеуден жобалыққа дейінгі, бір уақытта зерттеуге мүмкіндік береді. Осындай интегралданған берілгендер негізінде шешім қабылдау үрдісі тиімдірек, ал шешімдер негізделген болады.
Әсіресе Қазақстан жағдайында табиғи және минералды ресустарды игеруді бақылау негізгі мәселе болып табылады. Мұнда, біздің ойымызша, өзінде аумақтық объектілер, олардың қарым-қатынастар анализі үрдісі және космостық мониторигті біріктіретін геоақпараттық жүйе (ГАЖ) мүмкіндігі жоқ сияқты. Әрине, мониторигтің алғашқы объектісі және оның негізіндегі «Каспий» ГАЖ-сі Каспийдің Қазақстандық аумағында құрылған.
«Каспий» ГАЖ-ның негізгі мақсаты келесідей:
Аймақтың аумақтық проблемаларын шешуге қызығушылығы бар орталық және жергілікті үкімет органдарының, экологиялық бақылаудың мемлекеттік органдарының, төтенше жағдай бөлімдері мен агенттіктерінің, мұнай-газ өндіріс компанияларының, сонымен қатар, ресми және жекеменшік ұйымдар мен тұлғалардың көп мақсатты, көп қолданбалы жүйесін құру.
Каспий теңізі жағалауындағы 5 мемлекет Әзербайжан, Иран, Ресей, Түрікменстан және Қазақстан Дүниежүзілік банкпен, БҰҰ-ның Адамды қоршаған орта жөніндегі бағдарламасымен бірлесе отырып, Каспий экологиялық бағдарламасын (КЭП) жасап, оны іске асыруда. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты- экологиялық тұрақтылықты дамыту және Каспий аймағының табиғи ресурстарын тиімді басқаруды қамтамасыз ету. Каспий экологиялық бағдарламасының негізгі бағыттары: теңіз деңгейінің өзгерісі жағдайында жергілікті тұрғындардың тұрмысы мен шаруашылық жұмыстарының тұрақтылығын қамтамасыз ету; Каспий теңізі мен оның биоресурстарын ластанудан арылтып, қоршаған орта жағдайын жақсарту; теңіздің экожүйесін сауықтырып, қалнпына келтіру және оның биологиялық алуан түрлілігін сақтау; аймақта экологилық қауіпсіздікті және қоршаған ортаның қалыпты жағдайын сақтап, ондағы тұрақты тіршіліктің дамуын қамтамасыз ету.
Каспий мұнайын игеру жоғары қарқынмен жүргізіліп, ұзақ жылдарға жоспарлануда. Бұл проблема тек Қазақстан ғана емес Ресей, Әзербайжан, Түрікменстан және Иран республикаларына да тән ортақ іс. Ең бастысы Каспий теңізінің фаунасы мен флорасының әр түрлілігін сақтап қалу. Каспий проблемасы БҰҰ «Каспий теңізінің биокөптүрлігін сақтаудың белсенділін бағалау» тақырыбында өткен бірінші аймақтық семинар болды.
Мемлекет- мемлекеттермен біріге отырып, апаттарға жол бермеуге және оны тез арада шешуге мақсат қойылды. Бұл игі істер адам баласының дүниежүзілік маңызы бар Каспий сияқты су айдынын сақтап қалу шараларының бастамасы.
Қорытынды
Сонымен қорыта келе «Каспий» ГАЖ құрылымы құрылып, оның негізі қарастырылды.
- «Каспий» ГАЖ-де технологиялық тізбекке қиын математикалық модельдер қосуды, нақты картографияны және атрибутты ақпараттарды қолдану арқылы жүзеге асыру мүмкіндігі бар.
- NOAA және Terra спутниктерінің дистанционды зондттаудың берілгендер базасында космостық мониторигтің бірқатар мәселелерін шешу технологиялары құрылған.
Олардың ішінде мына мониторигтер бар:
- Солтүстік Каспий жағалауындағы су қайта көтерілу құбылысы нәтижесіндегі жағалау сызығының динамикасы;
- Қыс және көктем кезіндегі Каспийде мұз басу және қайтуы;
- Температуралық өріс пен теңіз асты рельефін карталаудағы Каспий теңізінің жылулық режимі.
Болашақта, ГАЖ технологияны экономикалық модельдеу, әлеуметтік және демографиялықпроцестерді анализдеу, күрделі аумақтық кешендерді басқаруда қолдану мәселелері шешілетініне сенімдімін.
Каспий проблемасы бүгінгі таңда күрделі аймақтық экологиялық проблемаға айналды.Каспий теңізін сақтап қалу, қоршаған ортасын қорғап, аялау әрбір Қазақстандық азаматтың борышы деп есептеймін.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.Қасымов А.Г. Каспийское море, Ленинград 1987 г.
2.Шабанова Л.В. Экологические проблемы Казахстанской части Северного Прикаспия и их пути решения, «Информационный экологический бюллетень» , 1999 г.
3.Оспанова Г.С. Экология негіздері
4.Бейсенова А.Т.Экология негіздері
- Қазақ ұлттық энциклопедиясы.
- 6. Атырау нциклопедиясы.