Жоспар
Кіріспе
Қолөнердің, сауданың, ауыл шаруашылығының дамуы
а) Қыш-құмыра кәсіпшілігі
ә) Шыны жасау
б) Ұсталық кәсіп
в) Мыс кәсіпшілігі
г) Зергерлік кәсіп
ғ) Сүйек өңдеу мен ою кәсібінің дамуы
д) Тас өңдеу
е) Сауда және ақша айналымы
ж) Егіншілік
Қорытынды
Қолданылған әдебиет тізімі
Кіріспе
Қалалар санының артуы, олардың аумағының кеңеюі, қала халқының өсуі қолөнер мен сауданың одан әрі дамуына игі әсерін тигізді. Көбейе түскен қала халқын ауыл шаруашылық өнімімен жабдықтау ауыл шаруашылығы өнімдерін барған сайын артық өндіруді талап етті.
Қолөнер өнімін тұтынушылар құрамы өзгереді, егер бұрын, VII-VIII ғасырларда олар бай көпестер мен диқандар болса, енді қатардағы тұрғындар да өнімді негізгі тұтынушыларға айналады. Қала мен ауылдағы тоқыма ендірісінің жай-күйі туралы ешнәрсе белгілі емес деуге болады. Әл-Макдисидің Испиджабтан құлдармен бірге «ақ маталар» сыртқа шығарылатыны туралы ескертпесі ғана бар. Алайда, тоқыма өндірісінің дамығаны даусыз, мұны ұршықбастардың көп табылуы дәлелдейді.
ҚОЛӨНЕРДІҢ, САУДАНЫҢ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУЫ
Қыш-құмыра кәсіпшілігі Құйрықтөбедегі XI ғасырдағы қыш-құмырашылар махалласындағы пештер мен шеберханаларды қазу жұмыстары бойынша белгілі. Шеберхана екі бөліктен: ендірістік және тұрғын жайдан тұрады. Өндірістік бөлім де екі белмеге белінген. Көлемі 24 шаршы метр болатын біреуі саз балшық және басқа да өндіріс керек-жарағын сақтауға арналған үш бөліктен тұрады. Бөлменін оңтүстік жағы бос, еденінде керамикамен толтырылған қоқыс төгетін шұнқырлар бар. Қыш-құмыра пеші көлемі 22,5 шаршы метр болатын жабық орында орналасқан. Оның оттығы алмұрт бітімдес болып келеді, күйдіру қуысы сақталмаған. Оттық қабырғамен екіге бөлінген, қабырға күйдіру қуысының табанына тірек етілген. Шеберхананың адамдар тұратын жағы бүйірдегі дәлізбен қосылған үш бөлмеден тұрады. Шеберхананың бір өзі қолөнерді ұйымдастырудың сипаты және оның мамандандырылуы туралы қандай да болсын қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді. Ал мұның өзі өте маңызды нәрсе, өйткені ол қолөнердің даму дәрежесі мен онда болатын сапалық езгерістерді анықтайды. Әзірше Орта Азияның Мерв қаласындағы қыш-құмырашылар махаллаларын қазу жұмыстарына ғана жүгінуге болады, олар XI—XII ғасырлардың өзінде-ақ кемінде 10 адам жұмыс істеген шағын қолөнер шеберханаларының пайда болғаны туралы тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Афрасиаб қаласының жұртындағы X-XIII ғасырлардағы деп аныкталған қыш-құмырашылардың махаллалары мен жекелеген шеберханаларды қазу жұмыстарынын материалдарына сүйене отырып, зерттеушілер сол кездің өзінде-ақ шеберханалар бір салаға мамандандырылған, ал қыш-құмырашылар цехтық ұйымдарға біріктірілген деп санайды.
Қазақстан материалдары мамандандырылу туралы жанама материалдар негізінде ғана айтуға мүмкіндік береді. Мысалы, қыш-құмырашылар махаллалары шұңқырларының ақаулы керамикалармен, ендіріс қалдықтарымен, сынған керамикамен толтырылғаны, белгілі бір ыдыстар жиынтығы бар екені аңғарылды. Бір жағдайда оларда ас пісіретін, басқа бір жағдайда ас ішетін керамика ыдыстар ғана болды. Егер шұңкырлар түрлі шеберлердікі болса, сол кездің езінде-ақ олар маманданған болып шығады. Тараздан табылған, тек үшкіл нәрселер ғана күйдірілген шағын пеш те соны дәледейді.
ІХ-Х ғасырлардағы керамика жапсырма және қалыпта жасалған топтарының өзгеруімен сипатталады; жапсырып жасалған ыдыстың үлесі 35-40 проценттен 15-20 процентке дейін азаяды. Жапсырып жасалған керамика үлгілері — қазандар, дастарқандар мен қақдақтар болып келеді, шағын ыдыстардың бірлі-жарым даналары ғана кездеседі. Қазандардың ернеулері сәл жалпақтау, кесіндісінен қарағанда үш бұрыш бітімдес жасалған. Құлақтары тұзактәрізді, бұрама түрінде, жапсырмалы, шығыңқы түрде болып келеді. Қазандардың түрі мен олардың бөлшектері өзгермейді.
Қакпақтар әдетте сфералық түрде, көлемі әр түрлі болып келеді, ортасыңда мүйізді, құс екені аңғарылатын зооморфтық мүсіншелер түрінде тұтқа орнатылған. Қақпақтардың сыртқы беті түгелдей өрнектермен безендірілген. Өрнектің салыну әдісі мейлінше әр түрлі: ойылып, қалыптап, жапсырып, саусакпен басып жасалған. Өрнектің элементтері де мейлінше алуан түрлі: бір нүктеде түйісетін жолақтар, қиылысқан жолактар және иректеп салынған, тарамдалған сызыктар, шырмауык тәріздес өрнектер немесе бір-бірімен бұрыштары түйісетін секторлар таралатын түрдегі әр түрлі гүлдер сияқты етіліп композициялық тұрғыдан байланыстырылмаған жекелеген стильдер, сызылған шеңберлерді және жүйесіз орналастырылған шұнқырларды ұштастыру, геометриялық етіп белінген өрнектері бар дөнгстеу етіп салынған гүл шоғы тұріндегі өсімдік тәрізді өрнек болып келеді. Дастаркандар геометриялық тұлғалар, сызыктар, өсімдік шырмауықтары, бұтактар мен бүрлер түрінде қалыппен басып безендірілген.
Қалыпта жасалған ыдыстар арасында көзелер мен саптыаяқтар, құмыра тәрізді ыдыстар мен тегенелер көбірек. Ас ішетін көзелердің бетін әдетте қызыл ангобпен бояп, жылтыратып тегістеген. Бүйірі дөңгелек, ұзын тар мойыны шүмек тәрізді болып келеді. Кезелердін сырты сына тәрізді таңбалармен, «шабақты доңғалактар», шеңберлер мен түрлі сызықтар түсіріліп безендірілген. Бұрынғысынша, қызылмен бояп жылтыратылған, шүмегі бар әдемі көзелер, теріге бедерлі ернек салғандай етіп сәнделген оюлы көзелер дайындалған. Мұндай керамика Талас аңғарында көп кездеседі, сірә, оны өндіретін орталық сонда болуы мүмкін.
Кеспектер ұршықша шеңберінде жасалған. Әдетте ернеуі кесіндісінен қарағанда үтір сияқты немесе сәл қайырылып, жоғарғы жағы жалпактау етіп жасалады. Жасыл және сары ангоб алқызыл және қызыл ангобпен алмастырылып отырады. Бүйірі дөңгелек және тұтқасы ілмешек тәрізді саптыаяқтар таралған. Құмыралар өзеннің ірі топырағы араластырылған саз балшықтан жасалған. Ернеуі сыртына қарай қайырылған. Құмыралардың ілмешек тәрізді етіп жапсырылған екі тұтқасы болады, олардың бүйірге қосылған жері саусақпен басып сәнделген.
Кұйма керамика түбі дөңгелек тостағандар болып келеді. Мөлдір етіп жылтыратылып, ақ түсті сырмен боялған. Қоңыр, жасыл және қызыл түспен әшекей салынған. Ақ қызғылт немесе қара түске құйма жалатылған керамика басқа жақтан әкелінген ыдыстан, атап айтқанда, эпиграфиялық өрнектері бар тостағандар мен табақшалардан күрт ерекшеленеді.
XI—XIII ғасырлардағы керамиканың бәрі құмырашының ұршықшасында жасалған деуге болады. Қолдан жапсырылған бұйымдар ендіру азайған, олар негізінен балаларға арналған ыдыстар, шырағдандар болып келеді. Ыдыстардың жаңатүрлері: тостағандар, тегенелер, табақтар таралады, жапсырма дастарқандар мен қақпактар жасау қысқарады. Ою-өрнекте елеулі өзгерістер байқалады. Егер бұрын ою, жапсыру кең қолданылса, енді сурепер ықшам, біртектес, нақты сюжетке құрылған болып келеді. Қалыппен басып орнектеу кеңінен пайдаланылады. Жылтыратылған құйма керамика кең таралады. XI—XII ғасырларда жылтыр жағылмаған ыдыстың дені бұрынғысынша құмыра болып табылады. Оның бітімі де бір ізге түседі. Енді олар негізінен көлемі жағынан сараланады. Тегенелер, құмыралар саны көбейеді. Қазандар да қыш-құмыра ұршықшасында дайындала бастайды. ХІ-ХШ ғасырдың басындағы ыдыстардың мерзімін аныктайтын белгілер — кеспектер ернеуінің сыртына қарай қайырылған кесіндісінін үшбұрыш түрінде жасалуы, қалыпты пайдаланудың кеңінен таралуы болып табылады, қалып арқылы, ІХ-Х ғасырларда болғанындай, қызыл ангоб жалатылған құмыралар ғана емес, сонымен қатар кеспектердің, құмыралардың, тостағандардың бүйірлері, ернеулері безендірілген; қызғылт және сұр ангоб пайда болады; қазандар құлағының түрі өзгереді. Құмыралар, бұрынғысы сияқты, ас ішетін және су таситын болып бөлінеді. Иіліп келген тұтқасы мойыны мен иінін байланыстырады. Кеспек құмыраларға қызғылт-сары бояу жағылады, ернеуінің бітімі өзгеріп, олар кебіне үшбұрышталып шығарылады. Ернеуі сыртына қарай жайпақтала қайырылған кеспек-құмыралар көбейеді, кейде осы жайпақ ернеуге қалыппен басылып өрнек сағынады. Құмыралардың көпшілігі өте қарапайым: айқыштап ойып салынған бірнеше жолақпен немесе бірқалыпты толқынды сызықпен безендірілген. Құмыралардың түрі де, ернектелуі де базарда сату үшін өндірілетін бұйымдардың белгіленген қалыпқа түсірілгендігін атап өткен жөн. Онтүстік-Батыс Жетісуда минералдық сырмен боялған құмыралар сирек кездеседі.
Саптыаяқтардың пішіні неғұрлым бір сипатта бола түседі. Әдетте бұл ыдыстардың бүйірлері кең, түбі орнықты, тұтқалары ілмешек тәрізді, кесіндісінен қарағанда жалпақ болып келеді. Қазандардың, бітімі сфера тәрізді жайпақ, түбі дөңгелек және ернеуі сәл қайырылған болады. Құлақтары жапсырылып, ілмешек тәрізді немесе деңес доға етіліп жасалған. Арқа бітімдес жапсырмалармен сәнделіп, олардың, түйіскен жерлеріне шығыңқы ілмек жапсырылып жасалған қазандар пайда болады. Тостағандардың түбі дөңгелек бітімді келеді. Сыртқы және ішкі жағына сары бояу жағылады. Құйма ыдыстың ең көп таралған түрі — түбі дөңгелек тостағандар мен табақтар. Шырақтар, кұтылар, кеспектерге де жылтыр жалатылған.
Құю үлгілері мен әшекей салу мәнері әр түрлі. Ақ, алқызыл немесе сары бояудың үстінен мелдір қабықша жалатылған керамика кездеседі. Қабықша астындағы сурет қоңыр, жасыл және сары бояулармен салынған. Әдетте, бояулы құймалардың бедерленген ою-өрнекпен ұштасқан түрлері де ұшырасады. «Қалақшалап» салынған сурет, көп шұғылалы жұлдыз, стильді гүл немесе ірі нүктелер, желбіреген жапырақтар түрінде өрнектеу кең таралған. Ыдыс ернеулеріне қиғаш немесе Г тәрізді бояу қатарлап жағылады. Кейде бос ыдыстың беті стильдендірілген гүл шоқтарымен және қауырсын сияқты ірі жапырақтармен өрнектеледі. Жетісу ыдысында антропоморфтық және зооморфтық бейнелер сирек кездеседі. Жалтырап тұратын жасыл бояу жағылған, кейде сарғыш сәуле шашып тұратын керамика таралған.
Қазақстанның жылтыратылған құйма керамикасына Орта Азия қалал-арының ыдыстары кешенінде ұқсастары ұшырасады. Шалғай аумақтардағы жылтыратылған керамиканын ұқсас болып келуі экономикалык және мәдени тығыз байланыстар, жетекші мәдениет орталықтарының өлшемдеріне бағдар алған қала тұрғындары талғамдарының бір болғанын дәлелдейді. Қазақстан ыдысы Шаш пен Ферғана керамикасына мейлінше жақын. Жалпы алғанда, Қазақстан қалаларындағы IX ғасырдың екінші жартысы — XIII ғасырдың басындағы керамиканың ерекшелігі осында VI—VIII ғасырларда болған түрлерден өтуі болып табылады; бай безендірілген қақпақтар мен дастарқандардың көпшілігі солярлық белгілермен безендірілген көзелермен, алып жүруге ыңғайлы және тұрақты ошақтармен бірге алғанда біртүтас керамикалық кешен болып табылады. Бұл керамика мұнда, сірә, Орта Азия қалаларының қалыптанып шыққан көп ыдысын алмастырған болса керек.
Алдындағы кезеңнің қыш-құмыра енімімен салыстырғанда Орта Азияның қала орталықтарынан алынған құйма ыдыстың пайда болуы мен кен таралуы сияқты маңызды жаңалықты атап өту керек. Сонымен бірге, Қазақстан мен Орта Азияның қалалары арасында жалпы сән-салтанаттың дамуындағы бағытты бейнелейтін жылтыратылған керамикамен қатар қалыппен ойып, сызып және жапсырып өрнектелген керамика (сандалдар, алып жүретін ошактар, қақпактар, дастарқандар) таралады. Қыш-құмыралар қайталанбас бірегей өнер туындысы саналады және керамика өндірісі дамуынын ерекшеліктері туралы, жергілікті халықтың талғамдары, талаптілектері мен қажеттері туралы түсінік береді. Ойып және сызып өрнектелген ас пісіретін және ас ішетін ыдыстар (құмыралар, көзелер, құты тәрізді ыдыстар) тобы ерекшеленеді, олар қалалардағы отырықшыланған көшпелілермен байланыстырылады. Жалпы алғанда, сол кездің керамикасындағы жаңалыктар едәуір: оларға керамиканың жана түрлері мен топтарының пайда болуы, қолдан жапсырып жасалған ыдыстың өндірістен ығыстырып шығарылуы, едәуір дәрежеде қолөнердің ұйымдастыруы барысында бұйымдардың бір ізге түсірілуі жатады.
Шыны жасау. Қазақстан қалаларынан көп табылған шыны бұйымдары X ғасырға жатады. Сол кезден XIII ғасырдың басына дейін шыны бұйымдарының түрлері, үлгілері және жиынтығы өзгермейтіні байқалды. Қазақстанның түрлі қалаларынан табылған шынының жақын ұксастығы аңғарылады.
Шыны ыдыстардың дені үрлеу әдісімен, енді біразы қалыпка құю арқылы жасалған. Қалып ретінде пайдаланылған ыдыстың қабырғалары мен түптерінде «ара ұясы», шеңберлес сызықтар, розеткалар түріндегі ою-өрнектер болады. Үрлеп жасалған ыдыс сыртынан жапсырылған қайырмалармен, шыны тіндерімен жөне жолақтарымен өрнектеледі, кейде түрлі-түсті жапсырмалары бар өрнектермен безендіріледі. Шынылардың көп кездесуі орта ғасырлардагы қалаларда шыны өндірісінің жоғары деңгейге жеткенін және халықтың мейлінше алуан түрлі топтары пайдаланғанын дәлелдейді.
Бұйымдарды топтау ыдыстардың бірнеше негізгі түрлерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Шыныдан жасалған бұйымдардың ең көп кездесетін түрлері мөлдіреген жасыл не көгілдір шынының бірнеше үлгісіндегі графиндер болып табылады. Графиндер көбінесе қою-жасыл, қызғылт не қою-көкшіл түсті сыртынан жапсырылған тіндермен әсемделген. Зерттеліп отырған аймақтың графиндері мен Орта Азия қалаларынан табылған шыны бұйымдар арасында тікелей ұқсастыктар байқалады.
Таралу дәрежесі жағынан графиндерден кейінгі орынды — құмыралар алады. Кеселердің бүйірі аласа және аузы кен болып келеді. Кейбіреулерінде бүйірі біртіндеп сыртына қарай кеңейе берсе, екіншілерінде қусырыңқы келеді, үшінші біреулердің сыртқы қалыбы күрделі кескінде болып келеді. Кейбір кеселер шаршылай орналастырылған ромбылар мен сопакшалар түріндегі өрнектермен безендірілген. Тостағандар мен саптыаяқтардын тұрқы цилиндр немесе шар тәрізді, тік, жұқа болып келеді. Тостағандардан айырмашылығы — саптыаяқтар бүйірінің ортасында ілмек тәрізді тұтқасы болады. Бүйірлері ромбылар, сопақшалар, алтыбүрыштар (кәрездік өрнек) түріндегі өрнектермен безендірілген. Қалыпқа салып үрлегенде түбінде шырмауық немесе шеңбер түрінде өрнек салынған. Рюмка бітімдес ыдыстардың негізі цилиндр тәрізді, аяқтары бар сыйымдылығында жұмсақ абристі болып келеді. Кішкене құтылардың ернеуі кенейіп, түбі ішіне қарай қайырылған дөңгелек бүйіріне бірте-бірте ұласатын мойыны болады.
Қалың көгілдір шыныдан жасалған және аламбиктері — бу шығатын түтікті қақпақшалар түріндегі алхимиялық ыдыстары бар сфералык үшкіл сынықтар сияқты сирек кездесетін шыны бұйымдар ұшырасады. Аламбиктер — орта ғасырлардағы қалалардың шыны бұйымдары кешендерінде кездесетін дағдылы олжалар. Шыны жасаушылар ыдыс-аяқтан басқа шағын дөңгелектер түрінле терезе әйнектерін жасай білген. Тараздан олардын ақ, көмескі, жасыл және алқызыл түстілері табылды.
Ұсталық кәсіп темір буйымдар жасаумен байланысты, олар, табылған олжалардың көрсетіп отырғанындай, кең таралған кәсіп болған. Қала ұсталары әдетте жеке махаллаларға орналасқан.
Темірдің кең өндірілген жерлерде өнделгені анықталды. Металл да сонда балқытылған. Ұста дүкендеріне темір қорытпалар әзірленген құйма және темір сынықтары түрінде әкелінген. Қорытпаның екі түрі болған. Біріншісі — «арнаулы крица» деп аталады, ол құрамы әр түрлі, металдың қоспа кесектері көп араласқан, күл-қоқыстары мол болып келеді. Бұл әлі де шикі материал38. Мұндай қорытпаларды қосымша өңдеу — күл-қоқыстан тазарту, темірді шыңдауға келетіндей етіп қыздыру қажет. Мұндай қайта өнделген қорытпа темірдің тығыз кесегі болып табылады, одан жартылай дайын өнімдер, тілімдер, сым шыбықтар, кесінділер — болашақ бұйымдардың бейімделген нұсқалары жасалған. Алматы қаласының жұртындағы ұста дүкенінен нақ, сондай қорытпалар табылды. Олар тік бұрышты, көлемі 10—15×5—7 см сом темірлер болып табылады. Кейбір қорытпаларда металдың сапасын анықтау үшін жасалған кесік іздері бар. Талғар ұста дүкенінен жартылай дайын өнімдер — тілімдер мен кесінді тәрізді тағалар табылды. Темір және шойын бұйымдардың сынығы, енделетін материал ретінде пайдаланылған қорытпалармен бірге Алматы ұста дүкенінен шойын қазанның сынықтары табылды.
Нашар сақталуы себепті ұста дукендерінің құрылысын көзге елестету қиын. Алматы ұста дүкенінде темір балқытатын көрік шикі кірпіштен қаланған, ол цилиндр тәрізді, түбінің диаметрі 2 метрге жуық. Оның іші күлге, көмірге және төбесінен құлап түскен күйген кірпіштің кесектеріне толы. Көріктің жанында ыдыстар — су таситын төрт кезе тұрды. Оларда су немесе бұйымдарды шындауға арналған ерітінділер сақталған. Осы жерде қабырғасы қалың керамикалык астауша табылды.
Талғар мен Алматы ұста дүкендерінен ұста құралдары жинап алынды. Олардың арасында қашау, кішкене төс және астауша, қалақша бар. Шеберханалардан табылған бұйымдарға қарағанда, тар шеңберде мамандану әлі болмаған. Мәселен, Александровское қала жұртының (Шу аңғары) ұста дүкендері дайын бұйымдарының жиынтығы мынадай: балталар, жер жыртатын соқа ұштары, кетпендер, жонғылар, шоттар, қайшылар, шегелер, тұтқалар, қашаулар және жауынгерлік дулыға.
Талғар мен Алматы ұста дүкендерінің құрамындағы затгар да алуан түрлі. Бұлар — жер жыртатын соқалардың соғып және құйып жасалған ұштары, кетпендер, балталар, шот балғалар. Темірден ағаш ұстасының кішкене балталары — шоттар да жасалған.
Қала жұрттарын қазғанда, әдетте, бір жүзді пышақтар көп табылды. Темірден қару-жарақ — қылыш, семсер, жебелердің ұштары, сауыттар және сауыт шығыршықтары, дулығалар соғылды.
Тұрмыстық құрал-саймандардан қайшылар, шегелер, жонғылар, шынжырлар, қармақтар, деңес құлакты қазандар жасалған.
Мыс кәсіпшілігі. Мыс бұйымдарын жасау барлық қалаларда таралған, оның үстіне полиметалл мен мыс қала орталықтарына жақын Қаратауда, Қырғыз, Іле және Талас Алатауларында өндірілген.
Орталық Қазақстан аймағы бұрынғысынша кең өндірудің, мыс пен қола балқытудың аса ірі орталықтарының бірі болып қала берді. Осында, Жезқазған теңірегінде орта ғасырлардағы Милықұдық қонысы зерттелді. Қонысқа кең осы кезге дейін пайдаланылып келе жатқан Кресто, Петрэ, Покро кеніштерінен екелінген. Кең ашық және штольнялар мен шахталар салып, үңгіп қазу әдістерімен өндірілген. Қазып алынған кен бірнеше рет байытылып, қонысқа әкелінген де, онда арнаулы пештерде балқытылған. Олардың қалдықтары, сондай-ақ күл-қоқыстар, металл кесектері, астаушалар, мыс шихтасы салынған көзелер табылды. Мыс қана емес, сонымен бірге қорғасын, қалайы, күміс және темір балқытылған. Ер-тұрманды сәндеуге арналған мыс қаптырмалар, жез тоғалар, шойын қазандардың сынықтары сияқты бұйымдар табылды.
Зерттеушілердің пайымдауынша, мыс кәсіпшілігі маңызы және шеберлер саны жағынан екінші орындағы мамандық болған. Соның алдындағы кезеңмен салыстырғанда, мыс бұйымдар көбірек мәлім. Мыс шеберлері ыдыс-аяқ, шырағдандар, әсемдік заттар жасаған. Олар екінің бірінде зергерлер де болып, қымбат тұратын металлдармен жұмыс істеген. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан қалаларының жұртын қазған кезде мыс пен қола бұйымдар табылды. Көптеген заттар Қазақстан мұражайларына кездейсоқ олжалар ретінде келіп түсті.
IX—XII ғасырлардағы металл бұйымдар негізінен, қола шырағдандар мен оларга арналған тұғырлар болып келеді. Шырағдандарға арналған тұғырлар зор көркемдік талғаммен жасалған. Олар үш аяқты жарты шеңбер түпшелерге бекитін, биіктігі 25—35 сантиметрге дейін жететін дөңгелек немесе көп қырлы салалардан тұрады. Үстіңгі жағында жайпақ табақшасы бар, оған шырақ қойылады. Тұғырлар бедерлі өсімдік және әріп өрнегімен әшекейленген. Х-ХII ғасырлардағы Отырардың моншаларын қазған кезде табылған тұғырлар өнердің шынайы туындылары болып табылады. Металдан жасалған көркемдік бұйымдар қатарында құмыралар өте на-зар аударарлық. Құйрықтөбе қала жұртының XI ғасырдағы қабатынан табылған екі қола құмыра мыс өндеушілердін жергілікті өніміне жатқызылды. Бұл үлгідегі құмыралар Таяу Шығыстын Эрмитаж бен Меторополитен Музейінің мұражайлық жинағынан мәлім көркемдігі жоғары бұйымдары-на ұқсайды. Олардың жасалу мерзімі — X ғасыр.
Жетісудан (Тараз маңы) бүйірі алмұрт бітімдес құмыра табылды, оның жоғарғы жағы қасқырдың басы түрінде орындалған. Қасқырдың көзі қызыл мыстан салынған. Тұмсығының ұшына екі пальметтаның бейнесі және ішінде төрт нүктесі бар, жүрек тәрізді өсімдік оратылып ойып жасалған. Жануардың құлақтары да жүрек тәрізді ширатылып безендірілген. Бүйірінде медальон түріндегі әшекей бар, оған әрқайсысында жиырма шұңқырдың ұшы еңгізілген (сірә, шұңқырлар түрлі-түсті шыны көз салуға арналған ұя болар). Құмыра XI—XII ғасырларда жасалған.
Зергерлік кәсіп. Қоладан, күміс пен алтыннан білезіктер, шолпылар, сырғалар, қапсырмалар жасалған.
Талас аңғарының таулы белігінде, орта ғасырлардағы Шелже аймағын-да күміс пен алтын кеніші болға. Бұл жерден күміс көп көлемде қазып алынып, оның Қазақстан, Орта Азия және Орта Шығыс қалаларына тасылғанын Х ғасырдағы автор әл-Макдиси хабарлайды. Бұл арадан көптеген кен орындары табылды, кен кәсібінің құралдары жиналып, балқыту орындары, күл-қоқыстар, астаушалар, балқыту пештерінің орындары ашылды. Шымкент көмбесінен және Шу аңғарынан табылған, X—XI ғасырларға жататын ширатпалы бұратылған күміс білезіктер назар аудартады. Жеті-су-Сырдария аймағына тән мұндай білезіктер неғұрлым кейінгі кезде де жасалынған. Отырардан XIII ғасырдың басына жататын әшекейлердің қызықты жиынтығы табылды. Бұл — ұштарында сегіз қырлы басы бар қола білезік, күрделі нақышталған, қола шарлар тізілген шаш ұстағыш, айшықты шыны мен көгілдір ұнтақтан қатырып жасалған моншақтар. Отырардан арабша әріптер танбаланған, XI ғасырдағы белдіктің құйма тоғасы табылды. Жақсылық қала жұртын қазған кезде XI ғасырдың қабатынан қалқаны бар қола балдақ табылды, онда руналық жазу жазылған. Әшекейлердін бір бөлігі қалыпта құйылған, олардың екеуі Таразда X—XII ғасырдың қаб-атынан, біреуі Құйрықтөбе қаласының орнынан табылды.
Әшекейлердің ең көп тобы — шыны мен түрлі-түсті тастардан — ақық-тан, жұзақтан, хрустальдан, көктастан, яшмадан, інжу-маржандардан жасалған моншақтар. Олар Отырарды, Құйрықтөбені, Қызылөзенді, Талғарды, Сүмбе мен Антоновканы қазған кезде табылды.
Сүйекті өңдеу мен сүйек ою кәсібінің дамығанын жабайы жануарлар мен үй жануарларының кесіп алынған мүйіздерінің бейімделген нұсқаларының табылуы дәлелдейді. Садақтарға арналған сүйек каптамалар табылды; Құйрықтөбеде қоқыс төгілетін бір шұңқырдан кесілген сүйектер, қалақшалар ұшырасты. Талғардан сүйек түйреуіштер, шахмат тастары табылды.
Тас өндеу, негізінен, орта ғасырлардағы қалалардың жұрттарында ең көп таралған олжалардың бірі — диірмендер жасауға келіп саяды. Олардың ертедегі орта ғасырларда жасалған түрі бүкіл кейінгі ғасырлар бойында сақ-талып қалды.
Сауда және ақша айналымы. IX—XII ғасырларда Батыс пен Шығысты байланыстыратын Жібек жолы бұрынғысынша белсенді жұмыс істей береді. Бірак енді одан көптеген тармақтар бөлініп шығады.
Жібек жолының Қазақстандағы бөлігі Газгирдтен басталып, Испиджа-бқа, Таразға, одан Құланға, сонан соң Невакетке, Баласағұнға, Бедел және Аксу асулары арқылы Шығыс Түркістанға барады. Тараздан Бешташ және Кугарт асулары арқылы Ферғана аңғарына, ал Адахкес және Дех-Нуджи-кет қалалары арқылы кимектерге баратын еді.
Бұл жерден сауда жолдары Енисей хакастарына бет алып, ол жаққа әрбір үш жылда бір керуен жібек апарып тұрды.
Испиджабтан керуендер Усбаникет, Кедер, Сығанақ арқылы Жанкент-ке жетті. Усбаникеттен, Кедер мен Сығанақтан Қаратаудың теріскей беткейіндегі қалалар — Балаж бен Созаққа жол шығып, одан әрі Бетпақдала арқылы Дешті Қыпшаққа барады. Жанкенттен кимектерге шығатын жол басталып, ол Сарысудан Ұлытау етегіне және Есілдің жағалауымен Ертіс аңғарына өтетін.
X ғасырда Іле анғары арқылы керуен жолы өтетін болды. Мұнда жол Шу аңғарынан Қордай асуы, Қастек және Сынтас арқылы келетін. Тал-хизде керуен жолы тармақталып бөлінеді. Оңтүстік Іле жолы Есік, Шелек қалалары арқылы Кегенге, одан әрі Шығыс Түркістанға өткен. Екінші тармағы Шелектен Сүмбе қаласына, одан әрі Алмалыққа барған. Солтүстік Іле жолы Жақсылық қаласына, Таңбалы-тас шаткалына беттеп, Іле арқылы өткен де, содан соң Екі-Оғыз және Қаялық қалалары арқылы Алакөлдің жағасымен Алмалыққа, Тарбағатай арқылы Ертіс аңғарларындағы кимектерге барған. Солтүстік және оңтүстік жолдар Шелектен Борохудзирге апаратын жолмен қосылып, Іле арқылы өткелден өтіп, одан әрі Көктал, Өсек және Хоргос алқабы арқылы Алмалыққа шыққан.
Қазақстанның оңтүстігінде Испиджаб, Кедер, Отырар және Жанкент, Оңтүстік-Батыста Тараз бен Баласағүн, Солтүстік-Шығыс Жетісуда Талғар мен Қаялық ең ірі сауда орталықтары болды.
Испиджабта жабық базар және мата базары болған. Испиджабтың басқа сауда орындары арасында тималар аталады. Бұлар карбас-маталармен сауда жасалатын арнаулы орындары бар үлкен керуен-сарайлар болған. Әл-Макдиси айтатын рабадтар керуен-сарайлар осылар. Олардың кейбіреулерінде нахшибтіктер мен самарқандықтар тұрған. Сонымен бірге Испид-жаб көпестері Бағдадқа дейін товар апарып, онда Мервтен, Балхыдан, Бұхара мен Хорезмнен барған көпестермен бірге Харб ибн Абдаллах әл-Балхи рабадында тұрған.
Отырар алқабы жөнінде деректемелерде «Фараб — бай өңір, оның басты қаласы Кедер деп аталады… — бұл көпестер жиналатын жер» делінген. Кедер деп саналатын Құйрықтөбе қаласы жұртының бір махалласынан сауда дүңгіршегінін орны аршылды.
Алғаш рет дүңгіршектер Соғды мен Пенджикенттен қазып алынды.
Қазір Оңтүстік Қазақстан қаласында да дүңгіршектер болғаны белгілі. Мы-салы, олардың бірі мынадай. Ол үйдің тұтас қабырғасына жапсарласып жатыр. Оның көлемі 8,5 шаршы метр. Көше жағынан дүңгіршек ені 1,45 м ойық арқылы қосылған. Солтүстік-батыс бұрышында қамба, оңтүстік-батысында сәкі бар.
Дүңгіршектердің едендерінде жерошактар болған. Осында жерге көмілген кеспектері бар кішкене қамбалар дүңгіршектермен байланысты. Құйрыктөбе дүңгіршектерінде кеспектердің болуы әл-Макдисидің шығармасындағы Кедердің «шарап дүңгіршектері» туралы хабарлайтын жолдарын еске түсіруге мәжбүр етеді. Нақ солар қазып алынған болуы мүмкін. Сырдарияның төменгі ағысында Жанкент белгілі сауда орталығына айналады, онда хорезмдік көпестер тұрған.
Бұрынығысынша Тараз транзиттік ірі сауда орталығы болып қала берді, ол жөнінде деректемелерде «мұсылмандардың түріктерімен сауда жасайтын орны» және «көпестер қаласы» деп жазылады. Тараз көпестерінін Исфаганда өз тобы болған, ал соңғысының тұрғындары Шелжеде, Талас алқабында сауда жасаған. Жетісудан Тараз арқылы Таластың жоғарғы ағысын-да өндірілген күміс тасылған. Күміс өндіретін орталықтар Шелже, Текабкет пен Көл қалалары болған. Осында ашылған балқыту пештерінін күл-қоқыстары деректемелердің хабарларын растайды.
Іле аңғарында Талғар мен Қаялық сауда орталықтары болды.
Қалалар мен өлке арасындағы сауда кен дамиды. Қалаларға сипаттама бергенде орта ғасырлардағы авторлардың ең алдымен базарларын сипаттап, сол жерлердің товарларына тән бағалар туралы хабарлайтыны кездейсоқ емес. Қалаға өлкеден ауыл шаруашылығы өнімі, негізінен астық, жеміс, ет әкелінген. Егінші халық қала қолөнершілерінен қажетті бұйымдар — керамика, шыны, зергерлік бұйымдар, әшекей заттар алып тұрды.
Қала өмірінде даламен сауданын манызы зор, ол қалалардың езінше бір ауылдық өңірі болды. Сауда қала мен даланың екеуіне де пайда келтірді, бұл жөнінен салжұқ құжаттарының бірінде айтылады: «Олардың (көшпелілердің) пайда келтіретін товарлары мен заттары отырықшы адамдардың байлығын, игілігі мен пайдасын арттырудың бір көзі болып табылады. Шонжарлар мен жай халық осы игіліктер мен артықшылыктардан өз үлесін алады».
Жәрмеңке сипатында болған сауда көшпелі дүниемен шектес Сауран, Жанкент, Дех-Нуджикет қалаларында мейлінше қызу жүргізілген. Испиджабқа мал шаруашылыгы өнімімен бірге мал Дех-Нуджикет арқылы келіп отырған. Сауран оғыздармен сауда орталығы болды. Ибн Хаукаль оғыздар Сауранға сауда жасау үшін келген деп атап өтеді. Оғыздар Балаж және Берукет қалаларында да сауда жасаған. Жанкент арқылы оғыздар Хорезммен сауда жүргізген, ал Хорезм Қазақстан даласы, Еділ бойы, Хазария мен славяндар дүниесі арасында аралық рөл атқарған.
Жазиралар мен қалалардың халқы жылқы, мал, жүн, иленбеген тері, киіз, текемет, сүт өнімдерін, құлдар алып отырды. Кейбір қалалар тікелей көшпелілерден алынатын, не әкелінген шикізаттан жасалатын товарларды сыртқа шығаруға маманданды. Мысалы, әл-Макдиси былай дейді: «Шаштан жоғары сортты шегірен ерлер, жебе салатын қорамсақтар мен шатырлар (әкетіледі). Тері түріктерден әкелініп, иленеді… Ферғана мен Испиджабтан — ақ маталармен, қарумен, семсермен және темірмен бірге түріктерден шыққан құлдар. Тараздан — ешкі терілері. Шелжеден — күміс. Түркістаннан, сол сиякты Хутталдан бұл жерлерге жылқы мен қашырлар әкелінеді». Түріктердің жылқылары ерекше бағаланған. Кимектер сату үшін жылқы өсірген. Түрік қойлары да жоғары бағаланған. Истахри «Хора-санға қой халадждардан әкелінеді, ал Мауараннахрға ет оғыздар мен қарлұқтардан… өздеріне керегінен көп мөлшерде жеткізіледі» деп хабарлайды.
Көшпелілер экспортының маңызды бөліктері арасында мускус пен аң терілерін атау керек. Көшпелілер саудасының маңызды тағы бір бөлігі құлдар екені айтылады. Дала тайпалары қалаға металл жеткізіп отырған. Оны өндіретін орталықтардың бірі Орталық Қазақстан болған. Әл-Идриси кимектердің темір, күміс және алтын өндіргенін айтады. Көшпелілер өз товарларына қалалық орталыктардан киім-кешек, маталар, астық, қала қолөнерінің бұйымдарын, сәндік заттар айырбастап алған.
IX—XIII ғасырдың басындағы кезеңге товар-ақша қатынастарының өсуі тән, ол товар айырбасын ығыстырып шығарды. Қазақстанның ірі қалаларында теңге сарайлары болған. Испиджабта теңгелер соғылған, бұл іс бірсыпыра үзіліспен XI ғасырдың бірінші жартысына дейін созылған.
Отырардатеңгелер соғу жалғастырылды. 1967 жылы Самарканд көмбесі-нен Барабтың 222-223 жылдардағы саманилік теңгелері табылды. Отырар және Құйрықтөбе қалаларының жұртын қазған кезде де нақ сондай теңгелер табылған. Бұл қалада қарахандар мен хорезмшахтар кезінде теңге сарайы одан әрі жұмыс істеді. Фарабтан 1164/65— 1173/74 жылдарда Қар-ахан мемлекеті кезінде соғылған теңгелер табылды, зерттеушілердін пікірінше, теңге соғу 1210/11 жылдарға дейін жалғасқаны мүмкін. 1210 және 1217—1218 жылдарда Отырарда соғылған Мұхаммед ибн Текештің теңгесі мәлім. Яссыда хорезмшах соқтырған теңге табылды».
XI ғасырдын 20-жылдарының аяғында Мауараннахрда дирхемнің сапасы күрт нашарлады. Оның құрамындағы күміс 20 процентке дейін құлдырады. XI ғасырдың аяғына қарай «күміс дағдарысы» бүкіл мұсылман Шығысын, соның ішінде зерттеліп отырған аймақтың қалаларын да қамтыды. Сондықтан XI—XII ғасырларда теңге бағамы алтынмен бейнеленіп, ол құннын бұрынғыдан көбірек өлшеміне айналды. Оның айналыс құралы ретіндегі релі арта түсті.
Жалпы IX—XIII ғасырдың басындағы сауданы сипаттай келгенде, бұл уақыт үшін халықаралық сауданың дамуы ғана емес, сонымен қатар қала мен даланы камтитын өлке арасындағы жергілікті сауданың да дамуы тән екенін атап өткен жөн.
Егіншілік. Қала халқының көбеюі ауыл шаруашылығының товарлылығын арттыруды, жерді пайдаланудың барған сайын интенсивтендірілуін талап етті, өйткені Оңтүстік Қазақстанның бірқатар алқаптарында, сондай-ақ Оңтүстік-Батыс Жетісу қалаларының ұзын дуалдары шегінде суармалы және өңдеуге қолайлы жер келемі шектеулі болатын. Мәселен, мамандар-дың есептеуінше, Шу аңғарында өнделетін жердің жалпы келемі 700 шаршы метр, XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдың басында өнделген жерге тең болған, яғни «артық» жер болмаған, мұның әрбір егіншілік учаскесінен зор товарлы қайтарымды талап еткені даусыз. Сондықтан қолдан суару жүйесі дамытылып, жетілдіріледі.
Отырар алқабында X—XIII ғасырдың басында суландыру жүйелері жаңа элементтермен толықтырылады, су құрылыстары салынады, басты және аралық қашыртқылар пайда болады, белгіш арнадан су бөлетін ұзын және тар, тармақталған арықтар қазылады. Тармақталған суландыру жуйесін бөлу егіс алқабын едоуір кенейтуге, суармалы жердің пайдалы қайтарымын арттыруға мүмкіндік берді.
Х-ХШ ғасырларда Іле өзенінің төменгі ағысында ирригация дамиды.
Бұрынғысы сияқты, қала және ауыл тұрғындары өз учаскелерінде бау-бақша дақылдарын өсірді, жүзім шаруашылығымен және үй жанында мал өсірумен айналысты. Қалалардың жұртын қазған кезде Төменгі Барсхан-да, Қызылөзен қаласының жұртында шарап ашытатын орындардың қалдықтары табылды, Степнинскоенің Ақтөбесінде екі шарап ашытатын орын қазып аршылды. Қала тұрғындарының үйлерінде ұралар болып, оларда астық, кептірілген жеміс қорлары сақталған.
Қала және ауыл тұрғындары сондай-ақ үй жануарларын — жылқы, сиыр, қой, ешкі ұстаған. Қазып аршылған бірқатар тұрғын жайларда қашалар мен арнайы мал ұстайтын қоралар анықталды. Бұл жөнінен Талғар елді мекені мейлінше ерекше. Сонымен археологиялық материал Қазақстан тұрғын-дарында ауыл шаруашылығы манызды рөл атқарғанын көрсетеді.
- СӘУЛЕТ ӨНЕРІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС. СӘҢДІК-ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР
Іргелі сәулет өнері соның алдындағы орта ғасырлардағы сәулет өнерінің дәстүрлерінде дамыды. Түрлері мен құрылымы жетілдірілді. Нақ сол кезден бастап сәулет-құрылыс дәстүрлері мен жаңа идеологиянын (исламнын) қуатты ұштасуы негізінде сәулет өнері типологиясының негізі қалыптасып, ол содан кейінгі мыңжылдықта тура XX ғасырдың басына дейін дамып келді. Құрылыс өнерінің одан кейінгі ілгері басуы, түрінің жаңаруы және бұл орайда жасалған тәсілдердің жиынтығы жергілікті сәулетөнері бағыттарының даму ерекшелеріне байланысты шоғырланған сарыны бар Қазақ-стан мен Орта Азия үшін бірыңғай стиль болды. Уақыт өте келе шоғырла-нған ерекшелік барған сайын айқын көрінетін және нақты сипат ала берді, мұның өзі Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда XI—XII ғасырларда дербес Солтүстік Түркістан дәстүрін бөліп көрсетуге мумкіндік туғызады.
Қоғамдык және діни үйлердің сәулеті ислам ережелеріне және «мұсылман Шығысы» елдері сәулет өнерінін жалпы бағытына сәйкес дамиды. Діни кешендер ерекше дамыды. Олардың сәулеттік ұйытқысы жинақы немесе аландардың шетіне орналасқан іргелі құрылыстардан тұрған.
Араб-парсы деректемелері X ғасырдың кезінде-ақ Онтүстік Қазақстан мен Жетісудың мешіттері бар қалаларын атайды. Кейбір құрылыстар осы кезге дейін сақталған. Мысалы, бір кезде соборлы мешіт болған Боран мұнарасы. Ол X ғасырдың аяғында немесе XI ғасырдың басында, Жетісу халқы жаппай мұсылмандандырылған кезеңде салынған. Бұл — Орта Азиядағы іргелі мұнаралы сәулет өнерінін сақталып қалған барлық ескерткіштерінің ең ертедегісі.
Мұнара жанында жүргізілген қазба жұмыстары ғимараттың жерасты бөлігінің құрылымын анықтап берді, ол тастан және күйдірілген кірпіштен қаланған алан түріндегі іргетастан тұрған. Осы іргетасқа мұнараның жер бетіндегі бөлігі, төменгі жағында екі баспалдағы бар сегіз қырлы жартылай жерасты қабат пен сүйірлене жасалған цилиндр тұрқы тұрғызылған, 22 м болатын ол қазіргі кезге дейін сақталған. Есік жақтауы бес метрдей биікте орналасқан, оған жанастыра қойылған баспалдақпен немесе сақталмаған мешіт құрылысының төбесінен кірген, жоғарыға оралма баспалдақпен көтерілген. Ғимарат күйдірілген кірпіштерді, оюлап-мүсінделген кірпішпен қатарластыра қаланып тұрғызылған. Оның декоры кезектесіп отыратын өрнекті және тегіс беддеулеп қаланған, мұның езі Орта Азия мұнаралары-ның көпшілігіне тән болатын.
Мұнара төңірегіне шоғырланған кесенелердің орындары қазылды. Олар-дың жартылай жерасты бөлігі сақталған, бірақ құлаған үйіндісі мен декорынын сипаты ғимаратты қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Боран кесенелерінің біріншісі тебесі шатырлы-күмбезді етіп жабылған мұнаралы құрылыс болған. Кесененің ішкі көрінісі әшекеймен және ішінара қызғылт-қызыл түске боялған ганчты ойып безендірілген.
Боран кесенесінің басқа екеуі өзгеше үлгіде: бүкіл тебесі биік барабанда шатырлап-сүйірлеп жабылған порталды-цилиндр тәрізді сағана үлгісінде. Порталдар екі жағынан үш ширектік бағандармен қорғалған, бағандар сәнді жақтаулармен, мүсіндеп қаланып, оюлы ганч пен оюлы кішкене кірпіштерге ұштастырылған ширатпалармен безендіріліпті. Кесенелердің мерзімі — XI—XII ғғ.
Талас аңғарының діни құрылыстары арасында Жамбыл қаласының ба-тыс жағында 18 шақырым жердегі Бабаджа-қатын және Айша-бибі кесенелері ерекше назар аударуға лайық. Бабаджа-қатын кесенесі — күйдірілген кірпіштен шаршылап салынған порталдары бар әсем күмбезді ғимарат. Төрт жағында қабырғалардың ішкі және сыртқы беттерінде сүйірлеу арқалы қуыстар бар. Ішке шығыс жақтағы есіктен кіреді. Ол бұрыштарында сүйір қуыстары бар арка тәрізді. Кесене көп қырлы аласа барабанға қойылған шатырлы күмбезбен жабылған. Күмбез сыртынан күйдірілген текшелермен қапталған. Кесене X—XI ғасырларда салынған деп саналады. Қасында тұрған Айша-бибі кесенесі ішінара сақталған. Күмбезі құлап түсіп, қабырғалары тұр. Құрылыс шаршылып жоспарланған. Қабырғалардың бұрыштары терт ширектік бағандармен безендірілген. Қабырғаларға терен арқалы жақтау-куыстар салынған. Батыс жақтаудың ішкі жағынан михраб ұласып жатқан қуысы жартылай арка және бұрыш деңестері түрінде жартылай күмбездеп толтырылған. Жақтаушаның үстіңгі қырлары мен бағ-андары оюланған балшық блоктардан жасалған. Кесененің сыртқы қабы-рғалары түгелдей оюлы терракот текшелермен қапталған. Кесененің ішінде куйдірілген кірпіштен сатыланып қаланған шағын құлпытас сақталыпты. Кесене XI—XII ғасырларда салынған деп саналады.
Орта ғасырлардағы іргелі құрылыстар туралы сәулеттік археология қосы-мша мәліметтер береді. Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудағы қазба жұмыстары барысында мешіггер мен моншалар аршылды. Кедер деп сана-латын Құйрықтөбе қаласының жұртынан ең ертедегі мешіттің орны қазы-лды. Ол шахристанның орталығында орналасқан. Мешіттің қабырғалары күйдірілген және шикі кірпіштен араластырып қаланған. Мешіттін көлемі 36,5×20,5 метрге тен. Мешіт оңтүстік-батыстан солтүстік-шығыс бағытында созылып жатыр. Мешіт ішінен еден әр жерден ғана аңғарылды. Мешіттің солтүстік-батыс жартысы жақсырақ сақталған, онда еденнен күйдірілген кірпіштен қаланған 16 бағанның табаны аршылды. Барлығы 50 негіз: қысқа қатарында 5, ұзынында 10 негіз болды. Бағандардың арасы 3 метрден 3,2 метрге дейін ауытқиды. Мешітке жүргізілген қазба жұмыстары кезінде X-XII ғасырдын басындағы керамика кешені табылды. Соборлы мешіттің са-лынған уақыты X ғасыр деп бағдар алғанда, кейінгі, «жоғарғы» мешіттің мерзімін XI—XII ғасырлар деп санауға болады.
Талас анғарындағы Өрнек қаласының жұртын қазған кезде сондай мешіт табылды. Өрнек Тараз бен Құланның арасында орналасқан қарлұқтардың Көлшөп қаласы деп саналады. Мешіттің көлемі — 40×20 м. Мешітке онтүстік жағынан кіреді, ол ұзындығы 3,5 м және ені 3 м дәліз түрінде жасалған. Мешіттік еденінен бағандардын тас негізі табылды. Олардын екеуі тас блоктар түрінде, біреуінің қабырғасында жапырақтар бейнеленген, екіншісінін қабырғасына антропоморфтық бет ойып жасалған. Үшінші негіз екі саты-лы блок түрінде орнатылған. Қалған бағандардың табандарына жалпақтас-тар төселген. Барлығы 55 баған болған, олардың арасы 3—3,5 метр.
Құйрықтөбе мен Өрнек мешіттері дінгекті немесе бағанды құрылыста-рдың үлгісіне жатады. Мұндай мешіттердің көлемі бағандар арасындағы төбенің стандартты шаршылары санымен анықталды, олардың аралығы 3,5 метрден 4,6 метрге дейін болды. Оларға Сурхандария облысындағы Саполтепеден табылган мешіттіи өте ұқсастығы байқалады. Көлемі жағынан ол біршама үлкемірек: 50×25 м. Онын мерзімі XII ғасырдың басы деп санала-ды. Осы үлгідегі кейініректегі құрылыстардан Құйрықтөбедегі мешітке Хиуа мен Хазараспадағы XVIII ғасырда салынған Жұма мешіт, Үргеніштегі XX ғасырдың басында салынған мешіттер жақындайды.
Аталған кезеңде Оңтүстік Қазақстан қалаларында моншалар пайда бол-ды. Олар Орта Азияда сәл бұрын салына бастаған. Үлкен қалаларда моншалар ондап саналған. Шығыс қаласында монша қоғамдық құрылыстар қатарында көрнекті орын алды. Қазба жұмыстары кезінде Отырардың рабадынан XI—XII ғасырлардағы екі монша аршылды. Нашар сақталғанына қарамастан, солтүстік рабад аумағындағы моншаның жоспарлануы жал-пы белгілері жағынан анықталды. Монша балшық қабаты төселіп, тегістелген алаңға салынған. Оның көлемі солтүстіктен оңтүстік бағыты бойынша 11,5 м, ал шығыстан батыс бағыты бойынша 16,5 м, әлем елдеріне қаратып багларланған. Жоспарланған негізі крест сиякты етіп алынған. Ортадағы жай жанасатын тұсынан басқа төрт бөлмемен қосылған. Моншаның ішінде шешінетін, тынығатын кең бөлмелер, шомылатын залдар, пештін оттығынын үстіне орналастырылған шабынатын бөлмелер болған. Нақ әлгі төрт бөлме сол міндеттерді атқарған. Моншаның шығыс жағына оттық және су кұятын бешкелері бар бөлме орналасқан. Осы жерден моншаны сумен жабдықтаған құдыктың орны қазып алынды, оның қабырғалары күйген кірпішпен қапталған. Сарқынды су моншадан құбыр жолы арқылы үйдің сыртындағы су сіңіргіш шұңқырға ағызылған. Моншаны қыздыру үшін еденнің астындағы жылу өткізгіш каналдар жүйесі қолданылған. Монша-ның жоспарлануы Орта Азиянын, Кавказдын, Таяу және Орта Шығыстың моншаларымен ұқсас.
Моншаның онтустік жақ жанында тағы бір құрылыс орналасқан, сірә, оны кір жуатын орын деп санауға болар. Ол тікбұрышты, екі белмелі, көлемді 4×14,5 м. Бір бөлмесінде тандыр пеш орналасқан, қатарынан екі кеспек, бөлме ортасына тагор қойылған. Екінші бөлмеде, солтүстік жақ-тағы бұрышында су сақтайтын орын болған. Онтүстік және батыс қабырғаларға көлемі 40x40x5 см болатын күйдірілген кірпіш төселген биік сәкілер орнатылған. Құрылысқа жапсарлас көлемі 6 шаршы метр қойма орналасқан, одан екі кеспек табылды.
Отырардың екінші моншасы оңтүстік рабад аумағында, кіре берістен 200 м жерде, бөген жағасына орналасқан және ішінара қазып тазартылды. Оттық және ыстық суға арналған бөшкелер жұйесі аршылды. Қыздыратын ыдыс тікбұрышты етіп жоспарланған бөшке болып табылады, оның қабы-рғалары мен түбі күйдірілген кірпіштен қаланып, су еткізбейтін бірнеше қабат алебастр-сырмен сыланған. Оның ортасына темір қазан орнатылған, оның аузы бөшкенің түбімен деңгейлес, ал түбі мен бүйірлері оттыққа түсірілген. Монша XI—XII ғасырларда салынған деп саналады.
Таразда екі монша қазылды. Көлемі 13,4×12,4 м болатын біріншісінің әр түрлі мақсатта пайдаланылатын жеті белмесі болған. Монша ыстық өткізетін каналдар жүйесімен жылытылған. Ішкі көрінісінің қалдықтары: сәкілер, орындықтар, астаулар, науалар, кертпелер, полихромдық әшекейлер — Тараз моншасының іші бай безендірілгенін дәлелдейді. Ол XI ғасырда салынған деп саналады. Екінші моншаның орны бірінішісіне жақын жерден ашыдды. Оның жоспарлануы анықталған жоқ — шағын жері ғана тазартылды. Монша біріншісі сияқты ыстық өткізетін каналдар жүйесімен жылытылған.
Шығыс қалаларында моншаның қоғамдық құрылыстар қатарында көрнекті орын алғаны мәлім. Қала тұрғындары өмірінде ол бірінші кезектегі рөлдердің бірін атқарды. Монша мешіттен кейінгі адам ең көп баратын орын болды. Белгілі шығыстанушы И. А. Орбели «Монша және XII ғасы-рдың сайқымазағы» деген мақаласында моншаны былай сипаттайды: «… бүкіл Шығыстағы сияқты, Кавказда да монша — қала бастығы да, цехтык ұйымдар да, өзі үшін және өз достары үшін монша салған жеке бай кісілер де ерекше қамқорлыққа лайық. Өйткені монша жуыну үшін ғана емес, сонымен қатар күш-қуатты толыстыру, бұзылған көңіл күйің көтеру үшін, демалу үшін, достармен кездесіп, достық әңгіме-дүкен құру үшін, сатып алу мен сату туралы, сауда мәмілесі туралы кездесіп, әңгімелесу үшін және шахматтан немесе нардтан шеберлік көрсету үшін қызмет етеді». Мон-шалар өзінше бір емдеу орындары да болған. ІХ-Х ғасырлардағы дәрігер Закария ар-Рази моншаның ағзаға ықпалын суреттей келіп, моншаларды жақсы кескіндемелермен безендіруді ұсынды, ол уайымнан арылтып, қаумалаған қалың ойдан сергітеді, ейткені жуыну хайуандық, рухани және табиғи залалды қуаттарды әлсіретеді деген. Моншалар, зерттеушілердің топшылауынша, Орта Азияға Жерорта теңізі аудандарынан келіп, сірә, ерте дегенде VIII ғасырда пайда болса керек. Моншалардың басқа ортадан, атап айтқанда, ертедегі шығыстан шыққаны туралы да ойлар айтылады.
Сәндік-қолданбалы өнер орта ғасырлар кезінде көбінесе ыдысты өрнектеу ісінде, металда, әсіресе, құрылыста көрінді. Үйлердің сәулетін безендіру құрылыс материалдарымен және оның құрылымымен етене байланысты болған. Ол көбінесе құрылыс тұрғызылған материалдың өзімен орындалды. Сары топырақты балшық пен ганч сондай құрылыс материалы болған. Шеберлер тегіс қабырғаны кебінесе кірпішті «қырынан» қалау арқылы жандандырып, белгілі бір суреттер жасаған. Бейнелі қалау осылайша туып, ол кейіннен күйдірілген кірпішке көшірілді. Кірпіштерді тігінен, жалпағынан орналастыру немесе жалпы қатардан жылжытып қалау арқылы суретшілср алуан түрлі ернекті және жарық әсемдігіне қол жеткізген.
Соиымен бірге кірпішті «қырынан» қалау жер сілкінісіне қарсы тәсіл де болған. XI ғасырдан бастап оюлы және жылтыратылған кірпіштер кенінен енгізілді, ол ХІ-ХІІ ғасырлар шебінде кеңінен қолданылған сәулеттік терракотаның бастайқы үлгісі болатын.
Соулеттік декордың басқа ешбір саласы ганчқа ойып, әшекейлеу сияқты халықтық колөнерге мейлінше жакын болған емес. Орындалуы көп еңбекті қажет етпейтін ол фактурасының ақ тусі мен әшекейлеп ойылуы жөнінен әсер қалдыратын. Әр түрлі тұрғыдан орындалған ойып-өрнектеу күн сәулесі түскенде жарық пен көлеңкенің көркем құбылуын туғызған. Бірақ ганч жаңбыр мен желден тез бұзылған, сондықтан сыртқы жақты қаптауға декордың жаңа түрі — оюлы терракота қолданыла бастады. Құрғатылған балшыққа ою-ернек салып, оны кейіннен күйдіретін ежелгі заманнан белгілі оймыштау тәсілдері сәндік-қолданбалы өнердің осы түрінің дамуына негіз болды.
Қолданбалы өнерде керамикаға, терракотаға, оймыштау мен әшекейлеуге жануарлардын әсем бейнелерін салу жалғастырыла берді. Суйір аркалармен коршалып, артқы аяқтарымен тұрған жануарлардың схемалық бейнесі бар оюлы ганч тақтайшалар, аузына бұтақша тістеп, оң жаққа қарай адымдап бара жатқан арыстан бедерлеп басылған терракоталық тақталар ерекше әсер қалдырады, олар Х-ХІІ ғасырлардағы Қызылөзен үйлерінен табылды.
Жетісудыц христиан (сириялық, несториандық) қауымдарының ең көп таралған ескерткіштері ХII-ХІV ғасырлардағы қабір үстіне орнатылған қайрақтар болып табылады, олардын кейбіреулері — каллиграфияның және тас қашау өнерініц үлгілері. Олардан Таяу Шығыстың христиандық дәстүрі және сириялық христиандар, түріктер, ортаазиялық иран тілдес тайпалар мен халықтар мәдениеттерінің өзара байланыстары айқын көрінеді.
Орта ғасырлардағы Қазақстан халқының материалдық мәдениетінін, көркем шығармашылығының ескерткіштерін қарастырған кезде қазақ халқы ата-бабаларыдың қолданбалы өнерде, құрылыс пен сәулет өнерінде айқын көрінетін материалдық және рухани мәдениетінің құрамлас бөліктерін байқауға болады.
Қорытынды
Археологиялық зерттеулер мен материалдар қалалар санының көбейгенін айқын көрсетеді. Егер осының алдындағы кезенде Оңтүстік Қазақстанда 30 қаланың орны бар деп саналса, бүгінде олардың саны 37-ге жетіп отыр. Егер осының алдындағы кезеңнің жазбаша деректемелерінде 6 қала ғана аталса, қазір олар — 33. Мұның өзі бұл аудан туралы тарихи және географиялық әдебиетте мағлұматтын мол екенін ғана емес, сонымен қатар Шығыстың экономикалық және мәдени байланыстар жүйесіне кеңінен араласқан қалалар маңызының артқанын да білдіреді.
Деректемелерде тау етегіндегі белдеулерде жаңадан Жумишлагу және Манкент қалалары аталады, сол кезде Арыстың орта ағысында орталығы Осбаникет болған Кенже округі құрылған. Фараб округінде орта ғасырлардағы авторлар Отырардан басқа, жаңа астана Кедерді, Весидж және Бұрық қалаларын атайды. Шауғарда Ясы және Шағылжан, Қарнақ, Қарашық және Шур (Сури) қалалары пайда болады. Сауран қаласы, Сырдарияның төменгі ағысында Сығанақ, Жанкент, Жент, Аснас, Баршыкент белгілі болады. Қаратаудың теріскей беткейінде — Балаж бен Берукет, Сырдарияның орта ағысында Сүткент қалалары орналасты. Сырдарияның төменгі ағысы мен Қаратаудың теріскей беткейлерінде қалалардың қалыптасу үрдісі мейлінше шапшандай түседі.
Қалалардың аумағы ұлғаяды. Отырар рабадының көлемі 170 гектарға дейін жетті, ал бұрын ол 5—7 гектардан аспаған еді. Әрине, бұл цифрларды кен көлемде қазу жұмыстары жүргізілгенге дейін түпкілікті деп санауға болмайды, бірақ рабадтардын аталған шекараларынын нак IX-XII ғасырларда қалыптасқаны даусыз. Егер бұрын қалалар жұрты көпшілігінің жоғарғы қабаттары VI—VIII ғасырларға жататындарын қоспағанда жалпы көлемі белгісіз болып келсе, қазір барлық дерлік ескерткіштердің көлемі туралы нақты деректер бар, олар Оңтүстік Қазакстандағы қала мәдениеті ескерткіштерінін типологиясын жасауға мүмкіндік береді.
Бірінші топка көлемі 30 гектардан асатын қала жұрттары кіреді. Бұлар — Сайрам, Отырартөбе, Шортөбе (Қараспан), Құйрыктөбе, Сунақ-Ата, Сауран, Жанкент, Жанқала, Құмкент. Бірінші топтағы қала жұрттарын салыстыру мынадай көрініс береді: Сайрам қаласының жұрты Испиджабқа сәйкес келеді, Шортөбе (Қараспан-1) — Осбаникет, Отырартөбе — Отырар, Құйрыктөбе — Кедер, Шойтөбе — Шауғар, Жанқала — Жанкент, Сунак—Ата — Сығанақ, Сүткент — Сүткент деп саналады. Жазбаша деректемелердін мағлұматтарына қарағанда, бұл қалалардын бәрі, Сауран мен Сүткенгген басқалары округтердің астаналары, ал Испиджаб бүкіл Оңтүстік Қазақстаннын басты қаласы болған; Жанкент — ғұздардың астанасы, ал Жент пен Сығанақ ХІІ-ХІІІ ғасырдың басында қыпшақтар иеліктерінің орталықтары болды. Бірінші топтағы қала жұрттары аймақтар, жеке иеліктер орталықтарының немесе жай ірі қалалардың орындары болып табылады.
Қолданылған әдебиет тізімі
- Горячева В. Д. Городские центры и монументальная архитектура сре-дневековой Киргизии. Аптореф. дис. канд. ист. наук. — Фрунзе. 1976, 10— 14-б.
- Кожемяко П. Н. Раннесредневековые города м поселения Чуйской долины. Фрунзе, 1959. 131-184-б.
- Бернштам А. Н. Древний Отрар. Изв. АН КазССР, 1951, № 107, сер. археол., вып. 3, 100-103-б.
- Винник Д. Ф. К исторической топографии средневековых поселений Иссык-Кульской котловины. // Древняя и раннесредневековая культура Киргизстана. Фрунзе, 1967, 101-110-б.
- Толстов С. П. По древним дельтам Окса и Яксарта. М., 1962, 267—282-б.
- Маргулан А. X. Остатки оседлых поселений в Центральном Казахстане./ /Археологические памятники Казахстана. А., 1978, 3—37-б.
- История народов Узбекистана: с древнейших времен до начала XV в. Ташкент, 1950, т. 1. 245-б.
- Большаков О. Г. Город в конце VIII — начале XIII вв. // Средневековый город Средней Азии. М., 1973, 299-300-б.
- Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінгі дейін. (4 томдық) Археол. Институты, Алматы, Атамұра, 1996ж. 454-485б.б.
- Қазақстан жерінің тарихы. (Мұқанов Мұрат, Ата-мұра, 1994жыл) 95-145б.б.