АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Қазақ сөзінің шығу тегі тарихы

 

 

 

Жоспар

Ι Кіріспе

ΙΙ Негізгі бөлім

      1 »Қазақ» этнонимі туралы зерттеу деректері

      2 »Қазақ» сөзінің шығу тегі, тарихы

      3 »Қазақ» атауының мән мағынасы туралы

 

ΙΙΙ Қорытынды

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

Бір ұлттың ұлттық этнонимінің шығуы, оның мән-мағынасы мен сөз төркіні тұманды мәселе. Тарихта ол талай ой-пікірді туғызып, айтыстар көтеретін, сан-алуан жорамал – жоруларды жорыққа шығаратын және бірауызды шешімге келе қою қиын күрделі мәселе. Сол сияқты, »қазақ» атауының шығу тегі, оның мән-мағынасы туралы мәселелер талай заманнан бері талқыланып, сан алуан жорамал-жоруларды, дәлел-деректерді тудырады. Менің бұл тақырыпты алған себебім тарих ғылымында әлі күнге дейін, бұл мәселеге дәл, тұжырымды, тоқ етер жауаптың жоқтығы. Бұл мәселені талқылауда, қазақ халқының құрылу, қалыптасу тарихы мен уақыты »қазақ» атауының деректемелер де жарыққа шығуынан ажырата білу қажет.Өйткені бір халықтың тарихи қалыптасуы мен оның атының бір уақытта бола бермей, ол ілгерінді-кейінді болып отырады. Алайда, бір ұлттың ұлттық атының шығу тегін, мән-мағынасын анықтау, сол ұлттың арғы тегі мен алғашқы кездегі тарихын түсінуге көмегі көп, маңызды мәселенің бірі.

          »Қазақ» сөзінің пайда болуына байланысты, ғалымдар әлі бір пікірге келген жоқ. Осы сөздің мағынасын түсіндіретін бізге көптеген ертегілер, аңыздар, мифтер, ғалымдардың еңбектері жетті. Кейбір  ғалымдар, »қазақ» сөзі тайпалардың ыдырау нәтижесінде пайда болып, бұл сөз әлеуметтік мағынаға ие деп жорамал жасайды.

         Ал, басқа ғалымдардың пікірлері бойынша »қазақ» сөзі XV ғ 50-60 жылдары Керей мен Жәнібек сұлтандары басқарған тайпалардың жалпы атауы болып келеді.  “ҚазССР тарихының” бес томдығында: “қазақ ұлты – XIV- XV ғ.ғ аралығында қалыптасты”, — деп жазылған.

         “Ежелгі кезден осы күнге дейін Қазақстанның тарихы” атты кітапта, қазақ ұлтының қалыптасуы дәлірек айтылған, бұл XV ғ II жартысы. Сол кезде Қазақстан территориясында   »қазақ» деген атпен ұлт қалыптасты.

         Алайда, ұлтқа ат берген сөз, сол ұлттың қалыптасуына дейін, өмір сүргенін есепке алу керек деп санаймын.

         Сол себептен, мен өз еңбегімді »қазақ» сөзінің пайда болу кезеңіне, оның этимологиясына арнап, оған  егжей-тегжейлі талдау жасап көрдім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ежелгі Қытай мен “Ши Цзы” мен “Хань Шу” шежіресінде, фонетика жағынан “қазақ” сөзіне жақын “үйсін” (“усын” немесе  “асу”) тайпалары жөнінде халқының ежелгі ата-бабасы боп есептеледі.

         Ежелгі “Жұңго” жылнамаларында “үйсін”; “усын” яки  “асу” деген аттары “қазақ” атауының дыбыстық баламасы дейді. Жоқ Имшақ, Хи Ишутау қатарлы зерттеушілер осы пікірді қуаттайды. Осыған орай Қытай ғалымдары “үйсін” және “қазақ” терминдерін идентификациялап, соңғының (“қазақ” терминінің) пайда болуын, ежелгі үйсіндердің өмір сүру уақытына, яғни б.э.д. I ғасырға жатқызады.

         Зерттеуші Телқожа Жанұзақовтың пайымдары бойынша: “Қазақ атауы Кавказдағы түрік тайпаларының шежірелерінде кездесіп, VI ғ бастап жалпы есім және этнотермин ретінде кездескен…, кейін X-XI ғ.ғ. бұл термин басқа түрік тайпаларының арасында пайдаланған Қыпшақтар, Ноғайлардың ішінде де қазақтар болған” дейді.

         “Қазақ” атауы “Таң патшалығы тарихында” (VII-VIII ғ.ғ.) “каса”, “хаса” түрінде жазылған деген пікір өте дәлелді.Мұнда парсыларға арналған тарауда, былай жазылғн: “Парсылар шығыста тохар, қаңлылармен, ал олардан солтүстікке қарай түрік ұлысы- касалар өмір сүрді”.

         Егер де біз бұл хабарға ерсек “қазақ” атауы ерте кезде қарым-қатынас жасаған, жазу-сызу мәдениеті бар елдердің көбінің жазба деректерінде, атап айтқанда хащу, араб, парсы, византия, орыс, моңғол және түркі тіліндегі жазбаларында кездеседі. Бұл елдердің тіл өзгешелігі мен жазу-сызудағы дәстүрлеріне сай, “қазақ” атауы әр алуан формада – “аса”, “каса”, “хайсау”, “қасақ”, “көсек”, “гәсуг”,“гасаг”,“хасык”,“қасе” т.б. түрде кездеседі.

         “Иуан патшалығы тарихындағы  аудармаларға қосымша” атты кітапта: “Түріктер мейлінше күшейген кезде, олардың батыс бөлігін “қаса”, “яки” “хаса” ұлыстары қатыстырады. Батыс елдерінің ежелгі деректерінде бұл  ұлыс “қазақ” деп аталған. “Каса”, “яки” “хаса” деген атау осы қазақ атауының дыбыстық баламасы” дейді. Хащу тілінің дыбыстық жүйесінің дамуы мен өзгеруіне байланысты харцу әрпі әр дәуірді әр түрлі дыбысталып (оқылып) отырған. Сондықтан, ханцу тарихшылары ұқсас бір ұлттың атын түрлі дәуірде түрліше әріптермен таңбалап отырған. Бұл әріптер өз дәуірінде сол ұлттардың атын едәуір дұрыс бейнелеген. Бұл әріптердің ерте замандағы оқылуы мен қазіргі оқылуының арасында айтарлықтай айырма бар. Демек, VII-VIII ғасырлардағы көне жазу тілінде жазылған тарихтардағы  “каса”,  “хаса”, “aca”, “кіса”, “хса”, “касо” деген халық аттары “Қазақ”  атауының сол замандағы көне ханзу тіліндегі дыбыстық баламасы екені анық.. Жоғарыда баяндалған батыс пен шығыстың тарихшыларының деректемелерінде Х ғасырдан бұрын пайда болған “қазақ” атауы осы пікірдің дұрыстығын дәлелдейді.

         “Тарихи деректердің қиынына қарағанда, осы “Таң патшалығы тарихында” кездесетін “қаса”, “хаса”, “аса” атауларын “Таң патшалығы тарихында” кездесетін тайпа аты “аса”(“янса”) мен байланыстыра зерттеуге болады. Кейінгі хан патшалығы тарихы, батыс өңір шежіресінде”….. алаңдардың бұрынғы аты аса дейді. “Уи хандығы тарихының түсіндірмесінде” : “Аса елінің тағы бір аты- Алан” деп жазылған. “Кейінгі хан патшалығы тарихы, батыс өңір шежіресінде”: “Аса мемлекеті – өзінің атын Алан бірлестігі деп өзгертті, олардың жерлеріндегі қалалар қаңлы еліне тәуелді” деген дерек беріледі. Бұған қарағанда, “aca” мен “алан” бірге жасаған тұтас екі тайпаның аты болған, асалар үстем рынға шыққанда бұл екі тайпа аса деп аталып жүрген. Кейін келе аландар үстем болғанда “алан бірлестігі” деп аталған. Тарихшы М.Ақынжановтың айтуынша,осы алан ұлысы кіші жүз алшын тайпасының арғы тегі. Оның үстіне қазақтың кіші жүзіндегі алшын, алаша, алаш деген  тайпа аттары тіл тұрғысынан қаврағанда алан атауымен түбірлес.

         Алан (аса) тайпалары заманымыздан бұрынғы үшінші ғасырдан бастап Арал теңізі атырабы мен қазіргі Батыс Қазақстан өңірін мекен еткен. 982-жылы парсы тілінде жазылған “Хұдұд әл-ғалам” атты кітапта: “Аландар елінде қасақ (қазақ) ұлысы бар” деп көрсетілген. Әбілқасым Фердауси осы Арал теңізінің солтүстігін мекендеген халықты “қазақ” десе, Константин Порфироуни осы өңірді “Қазақия” деп атаған. Осы деректерге, әсіресе “Хұдұд әл-ғаламдығы” деректерге қарағанда, аландардың қосарлы аты болған “аса” да “қазақ” атауының хан әулеті кезіндегі дыбыстық баламасы болып шығады. Демек,  “қазақ”  атауы жазу тіліндегі деректерде, “аса”, “каса”, “хаса”, “хасақ” түрінде жазылып келген. Ежелгі замандағы “хан патшалығы тарихы” қатарлы деректерде “алан” мен  “аса” деген аттың қосарлана қолданылуы қазақтың шежірелері мен тарихи аңыздарында “қазақ” пен  “алаш” атауының қосарлана қолданылуын еске түсіреді.

         Шығыс әдебиеттерінің әйгілі классиктерінің бірі — Әбілқасым Фердауси (940-1020) өзінің Шахнама атты эпопеясында: “Қазақ”; “Қазақ хандығы” деген ел көп теңіздің (Арал теңізі) солтүстігін мекен етіп тұрған күшті және көп санды ел деп, Тұранның жауы Иранды “қорқытпақ” болған.

         Оныншы ғасырда араб авторы Мәсғудидың шығармасында “қасақ” деген халық аты атанды. Түркия профессоры З.У.Тоған тоғызыншы ғасырда араб авторы Әдһам Әл-Купидің шығармасында “қазақ” деген сөздің бар екендігін атап айтады.

         Византияның императоры Константин Порфиродни (905-959) өз жазбаларында Кубадан шығысқа қарай мекендеген елді “Қазақия” деп атаған. Ол кезде (Х ғасырда)Кубанын шығыс жағында қазақ халқының құрамындағы ең зор, саны мол тайпалардың бірі қыпшақ елі тұрғандығы тарихқа әйгілі. Егер қыпшақтар өздерін “қазақ” деп атамаған болса  Константин Порфиродни оны қалай ойлап танысын. Ал, ол кезде орыс пен украин казочествосының аты да, заты да, жоқ еді.

         Оныншы ғасырдан бастап орыс жылнамаларында да қазақтар туралы бірсыпыра деректер берілген. 965 жылы жазылған “Повесть времменных лет” жылнамасында 968 жылы орыс князы Святославтың Кубань өзенінің оңтүстігіндегі қазақтарға әскери жорық жасап, оларды жеңгендігі баяндаған 1022 жылы Тлеутаранап князы Митнов қазақтарға шабуыл жасаған. 1066 жылы Тмутархан князы Ростлов қасақтардан салық алып тұрған.

         Орыс шежіресі Никаенның мәліметінде: Кавказға кейін, Оңтүстік Ресейге шабуыл жасаған Шыңғыстың әскерлері бұдан бұрын да “қазақтарды” булап-талаған деп жазады. Оған үйлесетін дерек, “Монғолдардың” құпия шежіресінде  де кездеседі.Онда “Солтүстік жақтағы қаңлыларға, қыпшақтарға, бойжігіттерге, орыстарларға, мажарларға, асаларға, сасаларға, меркештерге, бұлғарларға жорыққа аттанып, Еділ мен Жайық өзенінен өтіп, Киев қаласына шабуыл жасау жөнінде Сүбітай батырға бұйрық берілді”, — делінген орыс шежіресі Никон “қазақтар” деп осы жолғы шабуылға  тап болған қаңлы, қыпшақ, байжігіт, аса, т.б. ұлыстарды айтып отырған.

         Мауеренахрдың билеушісі Әмір-Темірдің жылнамасында: һижрияның 737 жылы (жаңа эраның 1356 жылы) қазақтардың Мауеренахрға шабуыл жасағандығы жазылған.

         Зерттеуші П.Путкес өзінің “қазақ атауы туралы” деген мақаласында: “Грузия аймағында 1480-жылдары көшіп жүрген, түркі тектес халықтар бізге қазақ деген атпен белгілі”  дейді.

         Орыс хатшысы Каралцин: “1481 жылы Алтын Орданың ақырғы ханы Ахметке Шәйбандық Иби хан 100 мың қазақпен шабуыл жасады, сондай-ақ ноғай мырзалары мұса мен жаңбырлы 15 мың қазақпен шабуыл жасап, Ахмет хаанды өлтірді” деп жазды.

         Моңғол Халық Республикасы Ғылым Академиясының қызметкері Исләмі Қабымұлы “хасаг” деген сөздің моңғол әдебиетінде оныншы ғасырдан бастап белгілі болғанын, моңғолдардың “Батырлар жыры” мен “Бабалар шежіресінде” “хасаг” (“қазақ”) деген сөздің кездесіп отыратынын атап көрсетеді. Автордың айтуына қарағанда ерте кезде моңғолдар көшіп жүргендерді “қасақтар” деп атаған.

         Жоғарыдағы жазба деректер мен дәлелдерден “қазақ” атауының тоғызыншы, оныншы ғасырлардан бұрын-ақ төңіректің төрт бұрышына таныс, әлемге әйгілі ат болғанын көреміз. Бұл атау оныншы ғасырдан кейін тіпті де С.Келемторный  мен Т.Сұлтанов мұсылман дерегінде – 1245 жылы Египетте жарық көрген түркі-араб аноним сөздігінде “қазақ” сөзін тапты.

         Сөйтіп осы авторлар “қазақ” терминінің көлемді түрде қолданылуын XIII ғ. ортасына жатқызады. Демек, “қазақ” атауы мен XVғасырда ғана жарыққа шыққан дейтін пікір дәлелсіз, жетпей айтылған жадағай тұжырым.

         Ежелгі “усин”, “уйсін”,  немесе “аса” деген ұлыс аттары  “қазақ атауының дыбыстық баламы”  дейтін пікір де орынсыз. Өйткені,“үйсін” мен  “қазақ” атауы дыбыстық жағынан тым алшақ, оның үстіне қазіргі қазақ арасында үйсін ұлысының аты сақталып отыр. Егер үйсін мен қазақ бір сөз болса, онда қазақ атауымен қоса үйсін аты сақталмаған болар еді. “Қазақ” — -жалпы халықтың аты. “Үйсін” – қазақтың құрамындағы ұлы жүз ұлысының аты, қазіргі қазақтар бұл екі басқа түсінеді.

         Жазба мәліметтер “қазақ” атауының тарихи деретемелерде жорыққа шығуының ерте екендігін дәлелдейді. Алайда, “қазақ” атауы деректемелерде жорыққа шығысымен халық атына айналған емес, ол алғашында жеке ру тайпасының аты ретінде жарыққа шаққан, одан соң тайпалар одағының атына айналған. Мысалы, кіші жүз алшын ұлысының құрамындағы жеті ру (кердері, керейіт, табын, тама, жағалбайлы, шенеу, рамадан;) тайпалары “қарт қазақ” деп те аталып жүрген. “Қазақ атауы кейін келе кеңейтіп халық атына, ұлт атына айналған.”

  1. “Қазақ” атауының мән мағынасы туралы.

         Қазақ атауының мән-мағынасы туралы айтылған пікірлердің бірсыпырасы қазақ халқының арасында сақталған тарихи аңыздар мен шежіре деректерді сабақтаудан туған. “Қазақ” аңыздар мен шежіредер: “қазақ”, “алаш” және  “жүз” (үш жүз) деген атауларды бір-бірімен байланыстыра баяндайды. Қазақ арасында тарлған тарихи аңызда ерте заманда Қ…. қадір деген батыр қолбасшы болады, ол шеру тартып, қол бастап, талай-талай жорықтар мен соғыс шайқастарын бастап өткізеді. Бір жолғы жорықтағы шайқаста ауыр жараланған Қ…. қадір елсіз, сусыз жапан түзде жалғыз қалады. Жарақаттан қиналып, шөлден булығып, әбден болдырған қолбасшы қанша қарманса да жүруге шамасы келмей жығылады. Өлім халінде жанталасып жатқан кезде аспаннан бір ақ қаз (аққу) ұшып келіп аузына су тамызып, оны шөлден құтқарып алады да, айдын шалқар көл жағасына бастап барады. Бұл қаз, аққу терісін сыпырып тастап, ару қызға айналып,  Қ…  Қадырдың жарасын емдеп жазады.Қ…  Қадыр осы ақ  қызға үйленді, бұдан туған ұл “қазақ” атанды. Қ……: Ақарыс, Бекарыс және Жанарыс деген үш ұл туады. Ақарыстан Ұлы жүз; Бекарыстан Орта жүз; Жанарыстан Кіші жүз тайпалары тарайды, — дейді. 

         Бұл аңызда қазақ халқының негізін салған қыз бейнесі сипатталады. Бұл аңыздың шегі ананың дәуірде аққу-қазға сиынып, оны төтемдік    …… етіп табынған аналық рудың сәбилік санасынан туғандығын байқатады.

         XIX ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы Абай Құнанбайұлы өзінің “ Қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы” деген әйгілі қара сөзінде Арабтар Орта Азияға жорық жасап (VIIIғ.) келгенде көшпелі халықтарды “хибани”, “хұзағы” деп атапты. Хибани-киіз шатырда жүруші дегені екен. Хузағи дегені өз жұртында “хузағи” деген көшпелі халқы бар екен, соған ұқсатып айтқан екен…. “Сол уақыттың бір ханы көшіп келіп жатқанда бұлардың тіркелу жүйесін көрі: міне, мыналар шынымен қазақ екен депті. Сонымен бұлар өзін-ді де, бұларды өзге жұрттар да қаза атап кетіпті. Бұрын өздерін үліс дейді екен де жүре береді екен” деп жазады.

         Қазақтың XIX ғасырдағы фольклор зерттеушісі Әбубәкір Дибайұлы қазақ деген сөзді “қаз” және  “ұзақ” деген екі түрлі құстың атынан бірігіп қазақ болып қалыптасқан дейді. Ол тағы бір пайымдауында: қазақ сөзінің әсілі “еркін жүрген адам” деген ұғымнан алынса керек, оны халық аңызынан толық аңғаруға боллады деп тұжырымдайды.

         Жазушы Р.Тоқаров: қазақ атауы қаз (құс) және аң (аппақ) деген сөздерден шыққан деген. Яғни “ақ қаз” деген болжам айтады. Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің “Тарихи-Рашиди” атты еңбегінде Әбілқайыр ханға қарсы шығып, Дешті қыпшақ даласына батыс Жетісуға қоныс аударған қазақ тайпалары жайында айта келіп: “Әбілқайыр хан өлгеннен кейін өзбек ұлысында ырық-жырық туып дала мекендеушісі өзінің қауіпсіздігімен өзбасының қамына бола Керей хан мен Жәнібек ханнан пан сұрайды. Сөйтіп бұлар күшейіп алды. Алғашында әлгі қашқындар, ал кейіннен басқа да көп жұрттар қамын (өз ұлысынан) бөлініп кетіп, бірақ уақыт мал мүліксіз, қаңғып жүрген адамдар болғандықтан, оларда жұрт қазақтар деп атап кеткен. Сөйтіп оларға тағылған осы ат бекіп қалды” дейді.

         Шоқан Уалиханов “қазақ” сөзі әскери термин ретінде қолднанылып “ержүрек, батыл” деген мәнді білдіргенін баяндайды.

         Атақты ғалым В.В.Радль “қазақ” деген атауды: “тәуелсіз, еркін, ерікті адам” деп мағыналаған. Ал А.Н.Самойлович: қазақ сөзі әлеуметтік тұрғыда белгілі бір мәнге “батыл, ержүрек, еркін адам” деген мағынаға ие деп жазады. “Қазақ шежіресінің” авторы Шәкәрім Құдайбердіұлы да осы жоғарыдағы пікірлерді жақтайтын: “қазақ” дегеннің мағынасы  “өз алдына ел болып, еркін жүрген халық деген сөз” деп түсіндіреді.

         Жоғарыда баяндалғандардың басым көпшілігі өткен ғасырда, атап айтқанда, Қазан төңкерісінен бұрын тарихи әдебиетте кең етек алған пікірлер болатын. Ал кейінгі кездерде бұл айтылғандардан тыс, бірсыпыра пікірлер айтылып жүр. Бұлар қазақ деген атауды ежелгі заманда қазақ даласын мекендеп, қазақ халқының құрамына қосылған тайпалар мен халықтардың аттарына байланыстыра зерттеп, тіл, тарих, этнография, т.б. ғалымдар негізінде тұжырым жасайды.Бұл пікірлерді айтушы ғалымдар: Ә.Қайдаров; Ә.Құрысжанов; А.Абдрахманов; Ө.Қойшыбаев; А.Ақынжанов; А.Н.Бер……..; т.б.

         Ә.Қайдаров ; Ө.Қойшыбаевтар қазақ сөзін екі мүшеге бөліп қарайды да “қаз” сөзінің бастапқы төркінін қазіргі Қазақстан жерінде V-VIII ғ.ғ. өмір сүрген “аз” деп таниды. X-XI ғасырға дейін тілдерінде, сөз басындағы көмейлік “Х” дыбысы пайда болғанағ дейін, ол этноним ұяң қалпында “аз”, қатаң тұлғада “ас” формаларында қолданылғанын дәлелдейді. Осы қазақ этнонимінің дыбыстық өзгерістерінің нәимжесіндегі этнолингвистикалық даму, өзгеру күйін көрсетеді.

         VI-VIII ғасырлардағы көне түркі тілінде “қ” дыбысы сөз басында жиі қолданылған,мысалы: қаған,қара, қыш, қырқыз, құл, қон, т.б. Тіпті Орхон ескерткіштерінде (қаз құс) деген сөз де бар. Ол “аз” формасында емес,“қаз” қалпында берілген.

         А.Абдырахмановтың пікірі бойынша: “қазақ сөзінің төркіні қаз және оғ (оқ) деген екі компоненттен жасалған. “ОҒ”көне түрік тілдерінде “ру,тайпа” … алғашқы шығу тегі жағына қазақ этнонимі “қаз-Оғ(Оқ)” яғни “қаз тайпалары” деген сөздермен байланысты болған деп, тұжырым жасайды.”       

         Тарихшы М.Ақынжанов пен жазушы С.Мұқановтың пікірлері бойынша: “қазақ” деген сөз  “қас” және “сақ” деп аталатын екі сөзден құрылған. Қас “шын, нағыз” деген мағынада, сақ деген Орта Азияда  ерте заманда өмір сүрген көшпенділер болған. Демек, авторлардың пайымдауларында, қазақ сөзінің мағынасы “нағыз сақ”, “шын сақтар”.

Кейбір авторлар бұл терминнің (“қазақ”) шығу негізі өзге этнонимдерге, мәселен “косогтер”, “хазарлар” дегенде “деп есептейді.”

Алғашында саяси термин болған “қазақ”деген сөз бірте-бірте, Қазақстан территориясында тайпалардың халық болып бірігу процесіне байланысты этникалық маңыз алды. Қазан төңкерісінен бұрынғы этнографтар мен тарихшылардың кейбірі  “қазақ” деген сөзді  “еркін адам”  “қалмақ” деген деп түсіндірді.

Академик Н.И.Маррдың пайымдауынша: “қазақ”, “хазар” сөздерінің түбірі  “қас”, “қаз”,  демек “кас-пи”  (“қаспи”) “қаз-пи” (“қаз-қи”) сөздерімен байланыстырып отырады. Солтүстік Кавказды мекендейтін елдер Кавказ тауына асыап жүріп, оған өз тайпасының атын сіңірген, сондай тайпалардың бірі каспи (қаспи), көсен (қазақ).

Чех академигі Б.Грозный (1879-1952) бұл мәселені былай тұжырымдайды: “Қасахи” біздің заманымыздан бұрын Каспиий теңізінің батысында тұратын һұн тайпасы. “Қасахи” сөзінің түбірі —  “қас”, “қаз”.  Ал “қасақ” “көсег” сөздерінің  түбірі де осыдан алынған. “Кавказ” “Қаспий бәрі бір түбірден.”

Армян жазушысы – Мұса Хареншидің айтуынша “қазақтар біздің заманымыздан көп бұрын, Иран патшасы Вамифиттістің кезінде (126-197) Нұр өзенінің оңтүстіңк жағасын қоныстап отырған.”

Қазақстан академигі Әлкей Марғұланның айтуы бойынша, “қазақтар арабтар келмей тұрып, Арал, Каспий төңірегінде хазарлармен байланысты болған.Н.Я.Марр мен П.Грозный келтірген “қаз”, “хаз” сөзі екеуі бірдей Хазарлар ортасында  “қазар ұғ”,  “бершілік” деген екі ұлы ұғым қауым болған. Бір тамаша жері – берім осы күнге дейін кіші жүз ұлысының бір ұлы тайпасы.” Жұңғоның 2 ғасырдағы тарихи деректерінде:Арал және Каспий теңізінің төңірегіндегі елді “хаса”,  “каса” (қазақ) деп атаған.

Тарихшы Табирдің айтуынша, Амаудария өлкесінде де қазақ болған. Арабтың әскер басы Ахнаң Ибини-Қайыс VII ғасырда өзінің әскерімен тура қазақ өлкесіне тартады. Ол кезде Амудария мен Сырдың жағасын, Арал теңізі бойын, Жетісуды қоныстанғантайпалар: үйсін, қаңлы, абдал, қыпшақ, оғыздар еді.

Ш.Уалиханов: “Шайбаннамада” —  “қазақ” өте қадірлі сөз, мықты, күшті. Шабытты көрсетеді. Европа тілінде ондай ұғымды рацарь (ер) деп атайды. Орта Азия тарихшысы Разбехан: “Бұл кездегі қазақтар өзінің жойқын ерлігімен, алып күшімен барлық дүниеде даңқты болды; оларды қайтпайтын ержүректік мінезі араб тілі сенімді тілдерде ашық жазылған” дейді.

Енисей өзенінің бір ескерткішінде орхон әрпімен, Ұйық Тұрап бойындағы жасқа жазылған                                “қазғау оғи” деген жазуы талай ғасыр талас болып келген  “қазақ” сөзінің тасқа басылған таңбасы, айғағы болмақ.

Сібір халықтарының ескі тілінде  “қазақ” деген сөз “мықты”,“берік”, “жойқын”, “алып” деген мағынада екен. Сонда “қазғаң оғлұм” дегеннің мағынасы  “алып ұлым” “батыр балам” деген сөз болады. Бұл  “қазақ” сөзінің көп айтылып келе жатқан “ержүрек еріктілер”,  “батыр адамдар” деген мағынасына сай келеді.

Моңғол ғалымы Чтацисциннің пайымдауы бойынша: “қазақ” сөзі моңғол тілінде басұа бір мағынаға ие моңғол тілінде “қазақ”- “үлкен арба” деген мағынаны білдіреді. Оның пікірі бойынша сол тайпалар арбаларда орын ауыстырған болатын. Сөйтіп, “қазақ” сөзі шықты деп ол тұжырым жасаған.

Ағылшын ғалымы Покердің айтуы бойынша түркі тіліндегі “қаңлы” сөзі  “арба” деген мағынаны білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Қорытынды

 

I  тарау бойынша: “қазақ” деген атаудың шығу төркіні оның алғашқы мағынасы мен соңғы кездердегі мағынасы жайында соны да сүбелі пікірлер айтылып келеді. Әрине, “қазақ” атауы бірден халық немесе ұлт атына айнала салған емес, оның алғашында ру-тайпа аты, яки тайпаның одақ аты немесе әлеуметтік- саяси, әскери термин ретінде жорыққа шығып, бірте-бірте дамып, халық кейін келе халық , ұлт, ел атына айналған.

 II тарау бойынша:  “қазақ” деген терминнің мән-ағынасы жөнінде айтылып келе жатқан бұрынды-соңды болжамдар мен тұжырымдарды жүйелеп келгенде мынадай 3 салаға салды:

  1. Қазақ халқы арасына таралған тарихи аңыздың жүйесімен “қазақ” деген сөздің төркіні кәдімгі жыл құсы қаз-аққудың “қаз” деген ұғымынан шыққан, яки осыдан өзгерген немес қазға теңсу арқылы пайда болған деп есептейді.
  2. “Қазақ” деген сөздің көне түркі тіліндегі мағынасы яки қолданылу дағдысы “өз елінен бөлініп шығып, еркін жүрушілер”, “еркін адамдар”, “көтеріліс жасап, өз еркімен кеғлушілер”,  “ер жүрек ерікшілер” деген сөзді білдіреді. Демек, “қазақ”  атауының арғы тегі “ерікшілер” дегеннен шыққан.
  3. “Қазақ” атауының арғы тегі, ежелгі заманда қазақ даласын мекендеп, қазаұ халқының құрамына енген тайпалар мен халықтардың аттарын:сақ, қаспа, қазар және т.б. дегендерден қалыптасқан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. “История Казахской СССР” под ред7 Нусипбекова А и др.

Алма-Ата  “Наука” 1979 2том 253 стр.

  1. 2. “История Казахстан с древнейших времен до наших дней. Очерк”

   Под общей ред. Козыбаева Алматы “Дәуір” 1993 142 стр.

  1. Сама Цянь “Ши цзы” (Истор.записки) б.э.д. 1990 ж. 52 т.75 бет
  2. Бань Гу “Хань Шу” (Истор.записки) б.э.д. 1990ж. 85 т.27 бет
  3. Фань Жу “Хронология исторических событий Китая и зарубежных стран” Сяньган: “Чжуихуо” 2 изд.1991 г.58 стр.
  4. Чжан Си Мань, Хэ Цю Тао “Усунь – это казахи” Чжуньцин:

  “Шо вэнь юэ кань”, 1944 г. 39-44 стр.

  1. Жанузақов Т “Қазақ” терминінін эпимологиясы

“Жулдыз” журналы №1 1989 ж.

  1. Қани М. “Қазақтың көне тарихы” Алматы “Жалын” 1993ж. 22 б.
  2. “История Казахстан под ред. Козыбаева М Асылбекова М

Алдажуманова К и др. Алматы “Атамұра” 1996 ж. 1 том 505 стр.

  1. “Хадұд Әл-Ғалам” 982 ж.48 тарау
  2. З.У.Тоған “Жалпы түрік тарихына кіріспе”, 1 т. 1957 ж.

12.Ісләм Қабышұлы “Керейлер керуені” 79 бет

  1. Қани М “Қазақтың көне тарихы”

        Алматы “Жалын” 1993 ж. 17-20 бет

14.А.Құнанбаев “Абай шығармаларының бір томдық толық жинағы” Алматы 1961 ж. 491-494 бет

  1. Дулати М.Х. “Тарих-и-Рашиди” Рукопись СПб филиала института востоковедение РАИ 648 в, 46 стр.
  2. Ш.Уалиханов “Таңдамалы шығармалары” 1 том 171 бет
  3. “Жұлдыз” журналы 1983 ж. наурыз 37 бет
  4. “Орхон әбиделері” 9 басылым 116-121 б. 1983 ж.
  5. “Көне түркі жазба ескерткіштердің тілі” Алматы 1971 ж. 122 б.
  6. “Жұлдыз” журналы 1983 ж. наурыз 38 бет
  7. “Қазақ деген сөз қайдан шыққан” “Жұлдыз” журналы 1984 ж.
  8. Ежелгі тарих жайында 194 ж. №1 263 бет

23.Ә.Марғұлан “Жұлдыз” журналы 1984 ж. қаңтар №1 144 бет

  1. Ә.Марғұлан “Жұлдыз” журналы 1984 ж. қаңтар №1 145бет

25.Вахошти “Грузия географиясы” 1904 ж.32 бет