АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. . Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару

Жоспар

 

КIРIСПЕ

  1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару

1.1. Мемлекеттік басқарудың мәні мен ерекшеліктері

1.2. Мемлекеттік басқарудың қағидалары

1.3. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы

1.4. Әлеуметтік жүйе мемлекеттік басқарудың объектісі ретінде

  1. Мемлекетті басқару

2.1 Мемлекеттік басқарудың мазмұны

2.2 Құқықтық мемлекет

2.3  Мемлекеттік тұрғыда шығарылатын шешім

2.4 Әкімшілік түрде орындау тәртіптері

2.5  Мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету

  1. 3. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет
3.1. Мемлекеттік қызметтің түсініктемесі және ерекшеліктері

3.2. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайлары

3.3. Мемлекеттік қызметке кіру

3.4. Мемлекеттік қызметті өткеру

3.5. Мемлекеттік қызметті тоқтату

3.6. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет реформасын жүргізу

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КIРIСПЕ

 

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Стратегиялық бағдарламасында белгіленген мемлекеттік басқаруды қайта қарау, нарықтық экономика жағдайына бейімделген жаңа тұрпатты шенеуніктерді қалыптастыру туралы. Мемлекеттік қызмет және басқару пәнінің жаңа тұрпатты заң кадрларын даярлауда атқаратын рөлі мен алатын орны. Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызметті ұйымдастыру мәселелерінің теориясын мен тәжрибесін жаңа ғылыми тәсілдер арқылы зерделеу (функциональды, жүйелі, тарихи, нақты-социологиялық және т.б.).  

          Мемлекеттік қызмет және басқару курсының пәні және құрылымы. Осы пәннің басқа құқық салаларының арасында алатын орны (саясаттану, социология, құқық және т.б.). Мемлекеттік басқарудың Қазақстан Республикасында ғылым ретінде қалыптасуы және оның негізгі даму кезеңдері.          

 

 

 

  1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару

 

1.1. Мемлекеттік басқарудың мәні мен ерекшеліктері

 

Мемлекеттік биліктің түсініктемесі және мәні. Мемлекеттік басқару — мемлекеттік биліктің жұмыс істеп тұратын тетігі ретінде. Мемлекеттік басқарудағы жалпылық пен ерекшелік. Басқару адамдарды бірігіп қызмет етуге қалыптастыратын айрылмас белгісі ретінде. Мақсатқа бағытталған сипаттама және арнайы міндеттерді шешу басқарудың маңызды белгілерінің бірі. Мемлекеттік басқарудың нормативтік мақсаты. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Стратегиялық бағдарламасында белгіленген стратегиялық мақсат пен мемлекеттік басқарудың басымдылығы. Стратегиялық мақсат, міндеттердің және басқару қызметі мазмұнының тиісті мемлекеттік басқару салаларымен (түрлерімен) өзара байланыстары.

          Құқықтық реттеу – мемлекеттік басқарудың арнайы белгілері.   Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық мәні. Ұйымдастыру және басқару ұғымдарының өзара байланыстары. Мемлекеттік басқарудың заңды-билік сипаттамасы – мемлекеттік биліктің жұмыс істеуін қамтамасыз етіп тұратын тетігі ретінде. Мемлекеттік басқарудың тетіктері: мазмұны және құрылымы. Мемлекеттік басқару тетіктерінің құқықтық жанамасы: нормативтік құқықтық негізі; басқарудағы құқықтық қатынас; тараптардың субъективтік құқықтары мен заңды міндеттерін жүзеге асыратын актілер. Олардың жалпы сипаттамасы.

 

 

1.2. Мемлекеттік басқарудың қағидалары

 

Мемлекеттік басқару қағидаларының теориялық және тәжрибелік маңызы. Басқару қағидаларын олардың мәні, байланыс сипаты және басқару тәжрибелеріне қарай сыныптау. Қазақстан Республикасының констиутциялық қағидалары және олардың әлеуметтік қызметі (ҚР Конституциясының 2 б., 1 т.).

          Мемлекеттік басқарудың негізгі қағидалары: мемлекеттік билік пен басқарудың біртұтастығы; заңдылық; азаматтардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің мемлекет мүддесі алдында басымдылығы;  азаматтардың мемлекет ісін басқаруға қатысу теңдіктері; қоғамдық пікірді есептеу және  мемлекетті басқарудағы жариялылық; аумақтық-салалық; мемлекеттік басқаруды орталықтандыру және орталықсыздандырудағы үйлесімділік; халықаралық қауымдастық. Олардың сипаттамасы.

          Мемлекеттік басқарудың салалық қағидалары, олардың ерекшеліктері.      Мемлекеттік басқарудағы констиутциялық (негізгі) және салалық қағидалардың өзара байланыстары мен өзара әрекеттері. Мемлекеттік органдарды   ұйымдастырушылық-техникалық қағида бойынша құрастыру:  салалық; функциональдық; салалық-функциональдық. Олардың ерекшеліктері.

 

1.3. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Стратегиялық бағдарламасында белгіленген мемлекеттік басқарудың жүйелілігі туралы. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын құрудың объективтік және субъективтік факторлары. Мемлекеттік органдарды сыныптаудың негіздері. Мемлекет аппараттарының ұйымдастырушылық құрылымдарының әлеуметтік-экономикалық, саяси, республиканың дамуынан, әкімшілік-аумақтық құрылымынан, аумаққа қызмет көрсету шеңберінен, халқының санынан және басқа да жағдайлардан тәуелділігі.  

   Мемлекеттік биліктің біртұтастығы мен түрлерінің өзгешеліктері — мемлекеттік аппараттың жүйесін құрудың негізі. Заң шығарушылық, атқарушы және сот билік тармақтары органдарының құрылымы. Мемлекеттік бақылау-қадағалау органдары.

 

1.4. Әлеуметтік жүйе мемлекеттік басқарудың объектісі ретінде

 

Әлеуметтік жүйе және оның элементтерінің құрылымы. Адам –  әлеуметтік жүйенің негізгі элементі. Мемлекеттік ісін басқарудағы азаматтардың құқықтық субъектіліктері. Азаматтардың мемлекет ісін басқаруға қатысуға заңдық кепілі. Азаматтардың бірлесуге қатысты ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары, олардың құқықтық мәртебесі. Халықты әкімшілік-аумақтық және өндіріс қағидалары арқылы бөлу —  әлеуметтік жүйені құрылымдаудың негізі.

          Қоғамдық тіршіліктің негізгі аялары (экономикалық, әлеуметтік, әкімшілік-саяси). Мемлекеттік басқарудағы салалық және функциональдық бастама. Мемлекеттік басқарудағы объект (әлеуметтік жүйе және оның құрамының элементтері) және субъктілердің (мемлекеттік аппарат) өзара байланыстары. Мемлекеттік басқару жүйесінің сыртқы ортасы.  

 

 

  1. Мемлекетті басқару

2.1 Мемлекеттік басқарудың мазмұны

 

          Мемлекеттік басқарудағы саясат пен мақсат. Қазақстан Республикасында басқару мақсатын сыныптау. Мемлекеттік басқарудың функциональдық құрылымы. Мемлекеттің функцияларының, басқару функцияларының және  мемлекеттік  органдардың функцияларының өзара байланыстары.

          Басқару функциялары: ұйымдастыру (басқарудың жүйесі мен үрдістерін), жоспарлау (болжамалар және бағдарламалар жасау), кадрлармен қамтамасыз ету, реттеу, бақылау. Олардың сипаттамасы.

          Мемлекеттік басқарудың тәсілдері: мәні және сынып. Тәсілдердің жалпы сипаттамасы: әкімшілік-құқықтық, экономикалық және идеологиялық (адамгершіліктік) әсер ету.

 

2.1 Құқықтық мемлекет

 

Азаматтық қоғамның орнығуының басты шарттарының бірі-мемлекеттің құқықтық сипат алып, әлеуметтік мазмұнға ие болуы.  

ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ- құқықтық үстемдігімен, заңның жоғары құдіретімен, барлық азаматтардың құқығы мен бостандығын мойындап құрметтеумен, оған мемлекет тарапынан кепілдік берумен сипатталады.

Құқықтық мемлекеттің негізгі принциптері мыналар:

  1. Қоғамда құқықтың үстемдігі, оның мемлекеттен де биіктігі. Құқық-қоғам өмірінің түп негізі, анықтаушысы. Ол мемлекет конституциясында бекітіледі де, басқа барлық заңдар мен нормалардың, жарлықтардың өзегіне айналады.
  2. Мемлекет, оның органдары, лауазымды қызметтегі адамдар, түрлі ұйымдар және барлық азаматтар тегістей заңға бас иеді, заңға бағынады. Заң алдында барлығы да жауапты, барлығы да бірдей. Заңды сыйламайтын ел-берекесіз ел. Сүлеймен пайғамбар аитыпты деген мынадай сөз бар: «Заңға бағынбайтын елде бастық көп болады». Әрине, құқықтық мемлекеттегі кез келген заң-өмір шындығымен қабысып жатқан, іске асыру, орындау тетіктері анық нақтыланған әділ де ізгілікті, көпшілік қауымның көңілінен шығып, қолдау табатындай, оның өмір-тіршілігін, түпкілікті мүддесін бейнелейтіндей сапалы болуға тиіс. Әйтпесе заңнан әрі бедел кетеді, әрі орындалмай қағаз бетінде қалады, содан келіп берекесіздікке жол ашылады.
  3. Құқықтық мемлекет жағдайында адамның құқығы мен ар-ожданы құрметтеледі, мемлекет тарапынан қорғалып, кепілдік беріледі. 1948 жылы 10 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған бүкіл дүниежүзілік мәні бар «Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы» деп аталатын құжатта былай деп жазылған: «Барлық адамдар жаратылысында азат, бойындағы қасиеттері мен құқықтары тең болып туады. Олардың басында-ақыл, бойында-ар болғандықтан бір-біріне туысқандық ықыласы болуға тиіс» (1-бап). Одан әрі: «Әрбір адам өмір сүруге, еркін болуға және жеке басына ешкімнің қол сұқпауына құқылы»,-деп (3-бап) атап көрсетілген.

 

Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет орнықтыруды басты мақсат ретінде алдына қоя отырып, өзінің Ата заңының «Адам және азамат» деп аталатын екінші бөлімін Адам құқығы мен бостандығын құрметтеу және қорғау мәселелеріне, оның азамат есебіндегі міндеттерін саралауға арнаған. Онда былай деп көрсетілген: «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумасынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» (12-бап, 2-тармақ).

  1. Мемлекет пен жеке адамның өзара жауапкершілігі танылады. Мемлекет әрбір адамның құқықтары мен бостандықтарын конституцияға сәйкес қорғауды мойнына алып, кепілдік береді. Согымен бірге әрбір Адам азамат есебінде мемлекет алдында жауапты. Мәселен, еліміздің Ата заңында былай деп көрсетілген: «Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті» (34-бап). Сондай-ақ «Қазақстан Республикасын қорғау-оның азаматының қасиетті парызы және міндеті». (36-бап). «Ұлтаралық татулықты бұзатын кез келген әрекет конституциялық емес деп танылады» (39-бап, 2-тармақ).
  2. Біртұтас мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінеді де, олардың іс-қимылының ұйымдасуы, қызмет атқаруы өзара тежемелік және тепе-теңдік жүйесіне негізделеді. Қазақстанды мысалға ала отырып бұл принциптің мән-мағынасын жоғарыда көрсеткен болатынмын.

 

Азаматтық қоғамның және құқықтық мемлекеттің мәндерін ашу барысында олардың өзара өте тығыз байланыста екеніне көз жеткіземіз. Шынында да, азаматтық қоғам тек құқықтық мемлекет жағдаыйында толық толық мағанасына ие болып, өмір сүріп, қызмет атқара алады. Сондай ақ азаматтық қоғам жағдайында ғана мемлекет құқықтық мәнге ие болады құқықтық үстемдігін тұтас қоғам мойындап, заңның билік мәртебесін орнықтыруға болады. 

Егемендік жолына түскен Қазақыстан мемлекеті бүгінде жаңа Конституцияны негізге ала отырып, айтарлықтай терең саяси реформалар жүргізу барысында азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет орнықтыру жолында игілікті қадамдар жасап, едәуір нәтижелерге қол жеткізгенін ауыз толтыра айтамыз. Алайда, осы арада танымдық үлкен мәні бар тағы бір сұрақ ойға оралады. Біздің еліміздің бұрын соңды тарихында азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің бой көрсеткен кездері болған ба еді?

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде»,-деп аталатын еңбегінде азаматтық қоғамды былай деп сипаттап, анықтама береді: «Жаңғыру-дамыған азаматтық қоғамның қалыптасуын көздейді. Ал бұл ең алдымен адамдардың ерікті түрдегі бірлестіктердің жиынтығын: отбасын, қоғамдық ұйымдарды, діни, мәдени, шаруашылық бірлестіктерін, кәсіптік одақтарын және тағы басқаларын өз бойына жинақтайды. Олардың ортақ сипаттамасы-бұ шын мәніндегі ерікті, мемлекеттік емес және саяси емес ұйымдар болып табылады. Бұл ұйымдардың бүкіл жеке өмірі, белгілі бір әдет-ғұрыптары, дағдылары мен құқықтары. Бұл өмірдің сырт көздің араласуын қажет етпейтін саласы».

Азаматтық қоғамның басты қозғаушы күші, субьектісі өзіне тән сұранымдары мен мүдделері бар Адам болып табылады. Демек, Адам мұнда шешуші басты тұлға. Оның мақсат-мүддесі мен талап-сұранымдарының қанағаттандырылу деңгейі азаматтық қоғамның өлшемі (критерий) болып табылады. Адам арқылы ғана түрлі қоғамдық қатынастар азаматтық қоғамға келіп тоғысады.

Тарихи тұрғыдан алғанда азаматтық қоғам – мемлекеттен әлдеқайда бұрын пайда болады. Ол алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдардың түрлі қарапайым бірлестіктері түрінде қалыптасады. Белгілі кезеңде азаматтық қоғамөз мүдделерін қорғау қажеттігіне байланысты мемлекетті дүниеге әкеледі, оған әл-ауқат беріп қанаттандырады, билік тұтқасын ұстатады, оның құқықтық нормалар орнықтырып, заңдар қабылдап, өзіне қызмет істеуіне мүмкіндік туғызады. Алайда уақыт озған сайынмемлекет күшейе түседі, оның ықпалы мен пәрмені ұлғаяды, бірте-бірте азаматтық қоғамның аумағын бүріп, тынысын тарылта түседі. Сөйтіп өзі тудырған өзі дүниеге әкелген мемлекет енді азаматтық қоғамды қысымға алады, ығыстыра бастайды. әрине, азаматтық қоғам да мемлекетке қарсы айбын көрсетеді, түрлі қоғамдық қозғалыстар, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қысым жасайды. Қысқасы азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы қатынас қаишылыққа толы диалектикалық байланыспен сипатталады.

Демократиялық қоғамда азаматтық қоғам мен мемлекет бірін-бірі қуаттайды,бірін-бірі қажет етеді, үнемі келісімде болады. Ал тоталитарлық қоғамда мемлекет азаматтық қоғамды жұтып қояды. өмірдің барлық саласы қатаң мемлекет бақылауында, азаматтық қоғам нышандары жанышталып қойылған. Мәселен, Кеңес өкіметі билеген жылдары біз тоталитарлық саяси жүйе шеңберінде өмір сүрдік, азаматтық қоғамға онда орын болған жоқ. Азаматтық қоғам деген ұғым қазір бізге мүлде жаңа түсінік секілді көрініп жатқан себебі де сол. Қазір дербес тәуелсіз даму жағдайында Қазақстанда азаматтық қоғам қалыптасып келеді. Оны орнықтыру болашақ үлкен мақсатымыз. Бұл жөнінде конституциямызда да айқын көрсетілген.

Сонымен азаматтық қоғамның өмір сүруінің негізгі шарттары мыналар:

  1. оның мүшелерінің нақты меншік иесі болуы, ол меншікті өз қалауынша пайдалануы. Басқаша аитқанда меншік азаматтық қоғамдағы әрбір адамның бостандығының түп негізі.
  2. қоғамда көп түрлі әлеуметтік құрылымның және соған сәйкес сан түрлі мүдделерінің бой көрсетуі.
  3. Адамдардың әлеуметтік зерделік даму дәрежесінің жоғарылығы. Мысалы, быз кешегі бодандық дәуір діңкелетіп кеткен құлдық психологиясынан арылмай толықанда азаматтық қоғам құрамыз деуіміз бекершілік екенін түсінуіміз қажет.

Енді азаматтық қоғамның құрылымы қандай деген мәселеге келейік

  1. Экономика саласында оған мемлекеттік емес кәсіпорындар мен шаруашылық бірлестіктері жатады (кооперативтер, акционерлік қоғамдар, корпорациялар, ассоциациялар, жеке меншік кәсіпорындар, ұжымдық шаруашылықтар және т.б. )
  2. Әлеуметтік салада отбасы, мешіт, қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар, тәуелсіз басылымдар, өзін-өзі басқару органдары, шығармашылық, кәсіптік, т. б. одақтар кіреді. Аталған құрылымдарға ықпал жасау азаматтық қоғам мемлекет арасындағы қайшылықтың мәні болып табылады.

Азаматтық қоғамның негізгі функциялары:

  1. Азаматтардың мүдделері мен игілік-қазыналарының қорғалуын қамтамасыз ету, олардың жеке және қоғамдық өміріне мемлекеттің орынсыз араласып, өз өктемдігін тықпалай беруін шектеу.
  2. Қоғамдағы мүсәпірлер мен кембағалдардың күнкөрісіне азды-көпті жасауы.
  3. Түрлі партиялар мен қозғалыстар ұиымдар арқылы мемлект саясатына араласып, ықпал жасау, өз өкілдерін мемлекеттік басқару органдарына сайлац.

Азаматтық қоғамның қалыптасу арналары:

  1. Саяси биліктің демократиялық механизмдерін қалыптастыру мемлекеттік құрылымдар мен одан тысқары қоғамдық-саяси ұйымдар арасында тепе-теңдік пен үйлесімдік табу
  2. Нарықтық қатынастардың орнығуына, меншіктің көптүрлілігінің қалыптасуына, нарық механизмінің еркін қызмет қызмет атқаруына жағдай туғызу
  3. Мемлекеттік және шаруашылық органдарының жаппай заңға бой ұсынуын қамтамасыз ету
  4. Қоғамда дамыған әлеуметтік құрылымды қалыптастыру
  5. Жеке кісілердің жоғары білім және мәдени деңгейінің, олардың Жан-дүние бостандығының болуына қол жеткізу

 

2.2  Мемлекеттік тұрғыда шығарылатын шешім

 

Басқару шешімінің түсініктемесі және белгілері. Мемлекеттік тұрғыда шығарылатын шешімдердің ерекшеліктері. Басқару шешімін қабылдаудың негізі. Нормативтік құқықтық актілерді сыныптау. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын даярлау және келістіру тәртіптері. Нормативтік құқықтық актінің реквизиттері, құрылымы және мәтінін белгілі бір тәртіппен жазу.  Нормативтік құқықтық актілерді қабылдау және жариялау тәртіптері.

          Орталық атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу.

Басқару шешімін жүзеге асыру. Қабылданған шешімнің орындалуына бақылау жасау. Орындалған шешімге баға (нәтижесі) беру.

 

2.3 Әкімшілік түрде орындау тәртіптері

 

          Әкімшілік тәртіптер: түсінігі және басқару қызметіне қатыстылығы. Басқару үрдісі және оның сатылары. Жеке құқықтық актілер: түсінігі, реквизиттері және орындалуы. Бақылау және оның түрлері. Жеке құқықтық актілердің орындалуына ішкі аппараттық және сыртқы бақылау жасаудың ерекшеліктері.

Басқару қатынастары және оларды сыныптау. Мемлекеттік-басқарушылық қатынастардың субъектілері. Басқару қатынастарын құқықтық реттеу.   Басқару қатынастарының туындау, өзгеру және тоқтатылу негіздері.

 

2.4  Мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету

 

          Мемлекеттік басқаруды ақпаратпен қамтамасыз ету. Басқару  ақпараттарының бастамалары. Құқықтық ақпарат. Басқару  ақпараттарына қойылатын талаптар.  Басқару  ақпараттарын ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу. Мемлекеттік басқаруда заңдылықты және тәртіпті қамтамасыз ету.  Заңдылық және мемлекеттік билікті ұйымдастыру. Заңдылық және мемлекеттік органның құзіреті.  Заңдылық және әкімшілік тәртіптер.

          Мемлекеттік басқарудағы бақылау және қадағалау. Тәртіп — қоғамдық үрдістерді тиімді түрде мемлекеттік басқарудың объективтік қажеттілік жағдайы. Мемлекеттік тәртіптің мәні және талаптары. Мемлекеттік тәртіптің түрлері. Мемлекеттік тәртіпті бұзудың алдын алу және анықталлған кемшіліктерді жою тәсілдері. Мемлекеттік басқаруды ғылыми негізде қамтамасыз ету. Мемлекеттік басқарудың тиімділігін ғылыми негізде талдау тәсілдері.

 

  1. 3. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет

 

3.1. Мемлекеттік қызметтің түсініктемесі және ерекшеліктері

 

          Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Стратегиялық бағдарламасына сәйкес республикада әлеуметтік-экономиканы және саяси міндеттерді шеше алатын, сондай-ақ бүгінгі күні мемлекеттің функцияларын жүзеге асыра алатын жаңа тұрпатты шенеуніктер даярлау.

          Мемлекеттік қызмет азаматтардың кәсіби қызметтерінің бір түрі.  Мемлекеттік қызметтің қоғамдық еңбекті ұйымдастырудағы атқаратын рөлі және алатын орны.  Мемлекеттік қызметтің арнайы белгілері: мемлекеттің міндеттері мен функциялары арасындағы байланыс, мемлекеттің (мемлекеттік органның) атынан әрекет жасайтын басқару  функциясын жүзеге асыру, атқарушы-жарлықшы сипаттамасы, мемлекеттік-биліктік өкілеттігі, ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда белгіленуі, әкімшілік қызметшілердің саяси бейтараптылықты ұстауы. Олардың сипаттамасы.  Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік қызметтің түсінігі.

 

3.2. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайлары

 

Мемлекеттік органдардың қызметкерлер құрамы және штаттары. Мемлекеттік лауазым. Мемлекеттік қызметшінің түсінігі. Мемлекеттік қызметшілерді саяси және әкімшілік деп бөлу, олардың біртұтастығы және бір бірінен айырмашылықтары. Лауазымды тұлға, оның қызметтік-құқықтық сипаттамасы және мәндік белгілері. Мемлекеттік қызметшілердің санаттары, олардың сипаттамасы. Мемлекеттік лауазымдарды тиісті санаттарға жатқызу тәртіптері. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайлары және олардың элементтері. Мемлекеттік қызметшілердің жалпы және арнайы құқықтық жағдайлары, олардың біртұтастығы мен бір бірінен айырмашылықтары. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық субъектіліктерінің сипаттамасы. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық субъектіліктерінің жалпы өлшемдері: жасы, еркі, әлеуметтік жағдайы.  Мемлекеттік қызметке кіруге байланысты мемлекеттік қызметшінің құқықтық субъектіліктеріне шектеу қою.

         Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру кепілдіктері олардың құқықтық жағдайларының айырылмас элементтері. Мемлекеттік қызметшілердің заңдық кепілдіктерінің сипаттамасы: мақсаттарына, мазмұны мен субъективтік құқықтары және міндеттерін қамтамасыз ету тәсілдеріне қарай.

 

3.3. Мемлекеттік қызметке кіру

 

Азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруге және мемлекет ісін басқаруға конституциялық құқықтары. Мемлекеттік қызметшілерді іріктеу және орналастырудың жалпы сипаттамасы. Азаматтардың мемлекеттік саяси қызметке кіру ерекшеліктері. Азаматтардың мемлекеттік әкімшілік қызметке кіру құқықтары. Мемлекеттік қызметке кіретін тұлғаларға қойылатын талаптар (азаматтықтары, жастары, біліктіліктері), олардың ерекшеліктері. Мемлекеттік қызметке кіруге қабылдамаудың заңды негіздері. Мемлекеттік қызмет аясындағы шектеулер мен тиым салу.  Мемлекеттік әкімшілік қызметке кіруге қойылатын сынақ.

          Мемлекеттік лауазымға орналасудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары мен тәсілдері.   Мемлекеттік лауазымға тағайындау арқылы қабылданатын тұлғалар. Лауазымға тағайындау ерекшеліктері. Мемлекеттік қызметтегі бос лауазымдарға конкурстан өту арқылы орналасу. Лауазымға тағайындау, конкурстан өту мемлекеттік-қызметтік қатынастың туындауына заңды айғақ ретінде.  Мемлекеттік қызметке кіруді ресімдеу тәртібі.

 

3.4. Мемлекеттік қызметті өткеру

 

          Мемлекеттік органдардың жұмысын ұйымдастырудың жалпы негіздері.  Мемлекеттік органдардың ішкі тәртіп (режим) жұмысының түсінігі және оның элементтері. Мемлекеттік органдардың жұмыс режимдерін құқықтық реттеу. Мемлекеттік органның жұмысын жоспарлау. Дербес жаршылық қызметі. Алқалы мемлекеттік органдардың қызметі. Мемлекеттік органдардағы лауазымдық нұсқаулар және ережелер. Мемлекеттік қызметшілердің құзіреттерінің түсінігі. Қызметтік функциялар және оларды құқықтық ресімдеу. Мемлекеттік қызметшілердің өкілеттіліктері.  Мемлекеттік лауазымдардың біліктілік сипаттамалары. Қолданылатын заңдарға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің құқықтары. Мемлекеттік қызметшілердің негізгі міндеттері.

        Жұмыс стилі және қызмет этикасы. Мемлекеттік қызметшілерді аттестациядан өткізудің мақсаты және міндеттері. Мемлекеттік қызметшілерді аттестациядан өткізу тәртібі және жағдайлары. Аттестациядан өтуге жатпайтын лауазымды тұлғалар. Аттестациядан өтуге байланысты туындаған дауларды шешу.  Аттестация және мемлекеттік қызметте жоғарылау. Мемлекеттік қызметшілерді лауазым міндеттерін мінсіз таза және айрықша маңызы бар тапсырманы орындағаны үшін марапаттау нысандары және түрлері. Мемлекеттік қызметшілердің жауаптылықтары. Мемлекеттік қызметшілердің жауаптылықтарының түсінігі, түрлері және жауаптылыққа тарту жағдайлары.

 

3.5. Мемлекеттік қызметті тоқтату

 

        Мемлекеттік қызметті тоқтату негіздерінің сыныптары. Мемлекеттік қызметті тоқтату негіздерінің жалпы сипаттамасы. Мемлекеттік-қызметтік қатынасты жақтардың еркіне байланысты емес (мемлекеттік қызметшіні әскери қызметке шақыру; соттың шешімі заңдық күшіне енген; лауазымды тұлғаның қайтыс болуы және т.б.) жағдайларына қарай тоқтату.      

Мемлекеттік қызмет жақтардың өзара келісімдерімен, мемлекеттік қызметшінің бастамасымен, мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік лауазымға тағайындаған мемлекеттік органның (жоғары лауазымды тұлғаның)  бастамасымен, сондай-ақ заң актілерінде белгіленген басқа да негіздерде тоқтатылады.

          Мемлекеттік қызметті тоқтатудың қосымша (арнайы) негіздері. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілермен мемлекеттік қызметті тоқтату негіздері. Қолданылатын заңдарға сәйкес  мемлекеттік қызметшінің отставкаға кетуінің түсінігі. Отставкаға құқығы бар  лауазымды тұлғалар. Отставкаға шығуға өтініш беру тәртібі және оны қарау мерзімдері. Отставкаға кетудің тәртібі және негізі. Мемлекеттік қызметшілерді жұмыстан босату тәртіптері. Еңбек дауларын қарау тәртіптері (заңсыз жұмыстан босатқан жағдайларда).  Заңсыз жұмыстан босатудан сот арқылы қорғау (жүгіну мерзімі; бұрынғы лауазымына қайта қою; материалдық және моральдық шығындарды өтеу).

 

3.6. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет реформасын жүргізу

 

   Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Стратегиялық бағдарламасы Қазақстанда нарықтық экономика үшін оңтайлы болатын мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымының осы заманғы, тиімді жүйесін жасау таяу жылдарда шешілуі тиіс стратегиялық міндет ретінде.        Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет және кадр саясатын қайта қараудың концептуальді негізі. Республикадағы мемлекеттік кадр саясатының басты мақсаты, қағидалары және басымдылығы.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметті және кадр саясатын қайта қарау негізгі кезеңдері және дәрежесі. Мемлекеттік қызметті және кадр саясатын қайта қарауды жүзеге асыру тетіктері (нормативтік-құқықтық; ұйымдастырушылық; қаржылық; материалдық-техникалық; идеологиялық және т.б.). Мемлекеттік қызметті қайта қарауды құқықтық тұрғыда қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызмет туралы заңдарды кодификациялау мәселелері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Конституция Республики Казахстан (1995 г.)
  2. Назарбаев Н.А. Стратегия становления и развития Казахстана как суверенного государства, Алма-Ата, 1992.
  3. Назарбаев Н.А. Казахстан – 2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев (Послание Президента страны народу Казахстана)// Казахстанская правда.1997. 11 окт.

Назарбаев Н.А. Казахстан – 2030. Процветание, благополучие и улучшение благосостояния всех казахстанцев (Послание народу Казахстан) // Казахстанская правда. 1997. 11окт.

  1. Сыздыков Л.Е. Саясаттану. Алматы 1996ж.