АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару

КIРIСПЕ

 

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Стратегиялық бағдарламасында белгіленген мемлекеттік басқаруды қайта қарау, нарықтық экономика жағдайына бейімделген жаңа тұрпатты шенеуніктерді қалыптастыру туралы. Мемлекеттік қызмет және басқару пәнінің жаңа тұрпатты заң кадрларын даярлауда атқаратын рөлі мен алатын орны. Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызметті ұйымдастыру мәселелерінің теориясын мен тәжрибесін жаңа ғылыми тәсілдер арқылы зерделеу (функциональды, жүйелі, тарихи, нақты-социологиялық және т.б.).  

          Мемлекеттік қызмет және басқару курсының пәні және құрылымы. Осы пәннің басқа құқық салаларының арасында алатын орны (саясаттану, социология, құқық және т.б.). Мемлекеттік басқарудың Қазақстан Республикасында ғылым ретінде қалыптасуы және оның негізгі даму кезеңдері.     

 

  1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару

 

1.1. Мемлекеттік басқарудың мәні мен ерекшеліктері

 

Мемлекеттік биліктің түсініктемесі және мәні. Мемлекеттік басқару — мемлекеттік биліктің жұмыс істеп тұратын тетігі ретінде. Мемлекеттік басқарудағы жалпылық пен ерекшелік. Басқару адамдарды бірігіп қызмет етуге қалыптастыратын айрылмас белгісі ретінде. Мақсатқа бағытталған сипаттама және арнайы міндеттерді шешу басқарудың маңызды белгілерінің бірі. Мемлекеттік басқарудың нормативтік мақсаты. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Стратегиялық бағдарламасында белгіленген стратегиялық мақсат пен мемлекеттік басқарудың басымдылығы. Стратегиялық мақсат, міндеттердің және басқару қызметі мазмұнының тиісті мемлекеттік басқару салаларымен (түрлерімен) өзара байланыстары.

          Құқықтық реттеу – мемлекеттік басқарудың арнайы белгілері.   Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық мәні. Ұйымдастыру және басқару ұғымдарының өзара байланыстары. Мемлекеттік басқарудың заңды-билік сипаттамасы – мемлекеттік биліктің жұмыс істеуін қамтамасыз етіп тұратын тетігі ретінде. Мемлекеттік басқарудың тетіктері: мазмұны және құрылымы. Мемлекеттік басқару тетіктерінің құқықтық жанамасы: нормативтік құқықтық негізі; басқарудағы құқықтық қатынас; тараптардың субъективтік құқықтары мен заңды міндеттерін жүзеге асыратын актілер. Олардың жалпы сипаттамасы.

 

 

 

 

1.2. Мемлекеттік басқарудың қағидалары

 

Мемлекеттік басқару қағидаларының теориялық және тәжрибелік маңызы. Басқару қағидаларын олардың мәні, байланыс сипаты және басқару тәжрибелеріне қарай сыныптау. Қазақстан Республикасының констиутциялық қағидалары және олардың әлеуметтік қызметі (ҚР Конституциясының 2 б., 1 т.).

          Мемлекеттік басқарудың негізгі қағидалары: мемлекеттік билік пен басқарудың біртұтастығы; заңдылық; азаматтардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің мемлекет мүддесі алдында басымдылығы;  азаматтардың мемлекет ісін басқаруға қатысу теңдіктері; қоғамдық пікірді есептеу және  мемлекетті басқарудағы жариялылық; аумақтық-салалық; мемлекеттік басқаруды орталықтандыру және орталықсыздандырудағы үйлесімділік; халықаралық қауымдастық. Олардың сипаттамасы.

          Мемлекеттік басқарудың салалық қағидалары, олардың ерекшеліктері.      Мемлекеттік басқарудағы констиутциялық (негізгі) және салалық қағидалардың өзара байланыстары мен өзара әрекеттері. Мемлекеттік органдарды   ұйымдастырушылық-техникалық қағида бойынша құрастыру:  салалық; функциональдық; салалық-функциональдық. Олардың ерекшеліктері.

 

1.3. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы

 

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Стратегиялық бағдарламасында белгіленген мемлекеттік басқарудың жүйелілігі туралы. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын құрудың объективтік және субъективтік факторлары. Мемлекеттік органдарды сыныптаудың негіздері. Мемлекет аппараттарының ұйымдастырушылық құрылымдарының әлеуметтік-экономикалық, саяси, республиканың дамуынан, әкімшілік-аумақтық құрылымынан, аумаққа қызмет көрсету шеңберінен, халқының санынан және басқа да жағдайлардан тәуелділігі.  

   Мемлекеттік биліктің біртұтастығы мен түрлерінің өзгешеліктері — мемлекеттік аппараттың жүйесін құрудың негізі. Заң шығарушылық, атқарушы және сот билік тармақтары органдарының құрылымы. Мемлекеттік бақылау-қадағалау органдары.

 

1.4. Әлеуметтік жүйе мемлекеттік басқарудың объектісі ретінде

 

Әлеуметтік жүйе және оның элементтерінің құрылымы. Адам –  әлеуметтік жүйенің негізгі элементі. Мемлекеттік ісін басқарудағы азаматтардың құқықтық субъектіліктері. Азаматтардың мемлекет ісін басқаруға қатысуға заңдық кепілі. Азаматтардың бірлесуге қатысты ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары, олардың құқықтық мәртебесі. Халықты әкімшілік-аумақтық және өндіріс қағидалары арқылы бөлу —  әлеуметтік жүйені құрылымдаудың негізі.

          Қоғамдық тіршіліктің негізгі аялары (экономикалық, әлеуметтік, әкімшілік-саяси). Мемлекеттік басқарудағы салалық және функциональдық бастама. Мемлекеттік басқарудағы объект (әлеуметтік жүйе және оның құрамының элементтері) және субъктілердің (мемлекеттік аппарат) өзара байланыстары. Мемлекеттік басқару жүйесінің сыртқы ортасы.  

 

1.5. Мемлекеттік басқарудың мазмұны

 

          Мемлекеттік басқарудағы саясат пен мақсат. Қазақстан Республикасында басқару мақсатын сыныптау. Мемлекеттік басқарудың функциональдық құрылымы. Мемлекеттің функцияларының, басқару функцияларының және  мемлекеттік  органдардың функцияларының өзара байланыстары.

          Басқару функциялары: ұйымдастыру (басқарудың жүйесі мен үрдістерін), жоспарлау (болжамалар және бағдарламалар жасау), кадрлармен қамтамасыз ету, реттеу, бақылау. Олардың сипаттамасы.

          Мемлекеттік басқарудың тәсілдері: мәні және сынып. Тәсілдердің жалпы сипаттамасы: әкімшілік-құқықтық, экономикалық және идеологиялық (адамгершіліктік) әсер ету. Мемлекеттік басқарудың нысандары.

 

1.6. Мемлекеттік тұрғыда шығарылатын шешімБасқару шешімінің түсініктемесі және белгілері. Мемлекеттік тұрғыда шығарылатын шешімдердің ерекшеліктері. Басқару шешімін қабылдаудың негізі. Нормативтік құқықтық актілерді сыныптау. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын даярлау және келістіру тәртіптері. Нормативтік құқықтық актінің реквизиттері, құрылымы және мәтінін белгілі бір тәртіппен жазу.  Нормативтік құқықтық актілерді қабылдау және жариялау тәртіптері.

          Орталық атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу.

Басқару шешімін жүзеге асыру. Қабылданған шешімнің орындалуына бақылау жасау. Орындалған шешімге баға (нәтижесі) беру.

 

1.7. Әкімшілік түрде орындау тәртіптері

 

          Әкімшілік тәртіптер: түсінігі және басқару қызметіне қатыстылығы. Басқару үрдісі және оның сатылары. Жеке құқықтық актілер: түсінігі, реквизиттері және орындалуы. Бақылау және оның түрлері. Жеке құқықтық актілердің орындалуына ішкі аппараттық және сыртқы бақылау жасаудың ерекшеліктері.

Басқару қатынастары және оларды сыныптау. Мемлекеттік-басқарушылық қатынастардың субъектілері. Басқару қатынастарын құқықтық реттеу.   Басқару қатынастарының туындау, өзгеру және тоқтатылу негіздері.

 

1.8. Мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету

 

          Мемлекеттік басқаруды ақпаратпен қамтамасыз ету. Басқару  ақпараттарының бастамалары. Құқықтық ақпарат. Басқару  ақпараттарына қойылатын талаптар.  Басқару  ақпараттарын ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу. Мемлекеттік басқаруда заңдылықты және тәртіпті қамтамасыз ету.  Заңдылық және мемлекеттік билікті ұйымдастыру. Заңдылық және мемлекеттік органның құзіреті.  Заңдылық және әкімшілік тәртіптер.

          Мемлекеттік басқарудағы бақылау және қадағалау. Тәртіп — қоғамдық үрдістерді тиімді түрде мемлекеттік басқарудың объективтік қажеттілік жағдайы. Мемлекеттік тәртіптің мәні және талаптары. Мемлекеттік тәртіптің түрлері. Мемлекеттік тәртіпті бұзудың алдын алу және анықталлған кемшіліктерді жою тәсілдері. Мемлекеттік басқаруды ғылыми негізде қамтамасыз ету. Мемлекеттік басқарудың тиімділігін ғылыми негізде талдау тәсілдері.

  1. 2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет

 

2.1. Мемлекеттік қызметтің түсініктемесі және ерекшеліктері

 

          Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Стратегиялық бағдарламасына сәйкес республикада әлеуметтік-экономиканы және саяси міндеттерді шеше алатын, сондай-ақ бүгінгі күні мемлекеттің функцияларын жүзеге асыра алатын жаңа тұрпатты шенеуніктер даярлау.

          Мемлекеттік қызмет азаматтардың кәсіби қызметтерінің бір түрі.  Мемлекеттік қызметтің қоғамдық еңбекті ұйымдастырудағы атқаратын рөлі және алатын орны.  Мемлекеттік қызметтің арнайы белгілері: мемлекеттің міндеттері мен функциялары арасындағы байланыс, мемлекеттің (мемлекеттік органның) атынан әрекет жасайтын басқару  функциясын жүзеге асыру, атқарушы-жарлықшы сипаттамасы, мемлекеттік-биліктік өкілеттігі, ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда белгіленуі, әкімшілік қызметшілердің саяси бейтараптылықты ұстауы. Олардың сипаттамасы.  Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік қызметтің түсінігі.

 

2.2. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайлары

 

Мемлекеттік органдардың қызметкерлер құрамы және штаттары. Мемлекеттік лауазым. Мемлекеттік қызметшінің түсінігі. Мемлекеттік қызметшілерді саяси және әкімшілік деп бөлу, олардың біртұтастығы және бір бірінен айырмашылықтары. Лауазымды тұлға, оның қызметтік-құқықтық сипаттамасы және мәндік белгілері. Мемлекеттік қызметшілердің санаттары, олардың сипаттамасы. Мемлекеттік лауазымдарды тиісті санаттарға жатқызу тәртіптері. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайлары және олардың элементтері. Мемлекеттік қызметшілердің жалпы және арнайы құқықтық жағдайлары, олардың біртұтастығы мен бір бірінен айырмашылықтары. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық субъектіліктерінің сипаттамасы. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық субъектіліктерінің жалпы өлшемдері: жасы, еркі, әлеуметтік жағдайы.  Мемлекеттік қызметке кіруге байланысты мемлекеттік қызметшінің құқықтық субъектіліктеріне шектеу қою.

         Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру кепілдіктері олардың құқықтық жағдайларының айырылмас элементтері. Мемлекеттік қызметшілердің заңдық кепілдіктерінің сипаттамасы: мақсаттарына, мазмұны мен субъективтік құқықтары және міндеттерін қамтамасыз ету тәсілдеріне қарай.

 

2.3. Мемлекеттік қызметке кіру

 

Азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруге және мемлекет ісін басқаруға конституциялық құқықтары. Мемлекеттік қызметшілерді іріктеу және орналастырудың жалпы сипаттамасы. Азаматтардың мемлекеттік саяси қызметке кіру ерекшеліктері. Азаматтардың мемлекеттік әкімшілік қызметке кіру құқықтары. Мемлекеттік қызметке кіретін тұлғаларға қойылатын талаптар (азаматтықтары, жастары, біліктіліктері), олардың ерекшеліктері. Мемлекеттік қызметке кіруге қабылдамаудың заңды негіздері. Мемлекеттік қызмет аясындағы шектеулер мен тиым салу.  Мемлекеттік әкімшілік қызметке кіруге қойылатын сынақ.

          Мемлекеттік лауазымға орналасудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары мен тәсілдері.   Мемлекеттік лауазымға тағайындау арқылы қабылданатын тұлғалар. Лауазымға тағайындау ерекшеліктері. Мемлекеттік қызметтегі бос лауазымдарға конкурстан өту арқылы орналасу. Лауазымға тағайындау, конкурстан өту мемлекеттік-қызметтік қатынастың туындауына заңды айғақ ретінде.  Мемлекеттік қызметке кіруді ресімдеу тәртібі.

 

2.4. Мемлекеттік қызметті өткеру

 

          Мемлекеттік органдардың жұмысын ұйымдастырудың жалпы негіздері.  Мемлекеттік органдардың ішкі тәртіп (режим) жұмысының түсінігі және оның элементтері. Мемлекеттік органдардың жұмыс режимдерін құқықтық реттеу. Мемлекеттік органның жұмысын жоспарлау. Дербес жаршылық қызметі. Алқалы мемлекеттік органдардың қызметі. Мемлекеттік органдардағы лауазымдық нұсқаулар және ережелер. Мемлекеттік қызметшілердің құзіреттерінің түсінігі. Қызметтік функциялар және оларды құқықтық ресімдеу. Мемлекеттік қызметшілердің өкілеттіліктері.  Мемлекеттік лауазымдардың біліктілік сипаттамалары. Қолданылатын заңдарға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің құқықтары. Мемлекеттік қызметшілердің негізгі міндеттері.

        Жұмыс стилі және қызмет этикасы. Мемлекеттік қызметшілерді аттестациядан өткізудің мақсаты және міндеттері. Мемлекеттік қызметшілерді аттестациядан өткізу тәртібі және жағдайлары. Аттестациядан өтуге жатпайтын лауазымды тұлғалар. Аттестациядан өтуге байланысты туындаған дауларды шешу.  Аттестация және мемлекеттік қызметте жоғарылау. Мемлекеттік қызметшілерді лауазым міндеттерін мінсіз таза және айрықша маңызы бар тапсырманы орындағаны үшін марапаттау нысандары және түрлері. Мемлекеттік қызметшілердің жауаптылықтары. Мемлекеттік қызметшілердің жауаптылықтарының түсінігі, түрлері және жауаптылыққа тарту жағдайлары.

 

2.5. Мемлекеттік қызметті тоқтату

 

        Мемлекеттік қызметті тоқтату негіздерінің сыныптары. Мемлекеттік қызметті тоқтату негіздерінің жалпы сипаттамасы. Мемлекеттік-қызметтік қатынасты жақтардың еркіне байланысты емес (мемлекеттік қызметшіні әскери қызметке шақыру; соттың шешімі заңдық күшіне енген; лауазымды тұлғаның қайтыс болуы және т.б.) жағдайларына қарай тоқтату.      

Мемлекеттік қызмет жақтардың өзара келісімдерімен, мемлекеттік қызметшінің бастамасымен, мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік лауазымға тағайындаған мемлекеттік органның (жоғары лауазымды тұлғаның)  бастамасымен, сондай-ақ заң актілерінде белгіленген басқа да негіздерде тоқтатылады.

          Мемлекеттік қызметті тоқтатудың қосымша (арнайы) негіздері. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілермен мемлекеттік қызметті тоқтату негіздері. Қолданылатын заңдарға сәйкес  мемлекеттік қызметшінің отставкаға кетуінің түсінігі. Отставкаға құқығы бар  лауазымды тұлғалар. Отставкаға шығуға өтініш беру тәртібі және оны қарау мерзімдері. Отставкаға кетудің тәртібі және негізі. Мемлекеттік қызметшілерді жұмыстан босату тәртіптері. Еңбек дауларын қарау тәртіптері (заңсыз жұмыстан босатқан жағдайларда).  Заңсыз жұмыстан босатудан сот арқылы қорғау (жүгіну мерзімі; бұрынғы лауазымына қайта қою; материалдық және моральдық шығындарды өтеу).

 

2.6. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет реформасын жүргізу

 

   Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Стратегиялық бағдарламасы Қазақстанда нарықтық экономика үшін оңтайлы болатын мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымының осы заманғы, тиімді жүйесін жасау таяу жылдарда шешілуі тиіс стратегиялық міндет ретінде.        Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет және кадр саясатын қайта қараудың концептуальді негізі. Республикадағы мемлекеттік кадр саясатының басты мақсаты, қағидалары және басымдылығы.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметті және кадр саясатын қайта қарау негізгі кезеңдері және дәрежесі. Мемлекеттік қызметті және кадр саясатын қайта қарауды жүзеге асыру тетіктері (нормативтік-құқықтық; ұйымдастырушылық; қаржылық; материалдық-техникалық; идеологиялық және т.б.). Мемлекеттік қызметті қайта қарауды құқықтық тұрғыда қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызмет туралы заңдарды кодификациялау мәселелері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Конституция Республики Казахстан (1995 г.)
  2. Назарбаев Н.А. Стратегия становления и развития Казахстана как суверенного государства, Алма-Ата, 1992.
  3. Назарбаев Н.А. Казахстан – 2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев (Послание Президента страны народу Казахстана)// Казахстанская правда.1997. 11 окт.

Назарбаев Н.А. Казахстан – 2030. Процветание, благополучие и улучшение благосостояния всех казахстанцев (Послание народу Казахстан) // Казахстанская правда. 1997. 11окт.

  1. Сыздыков Л.Е. Саясаттану. Алматы 1996ж.