ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ СТАТИСТИКА АКАДЕМИЯСЫ
ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің жалпы мінездемесі, құқықтық негіздері, құрылу ерекшеліктері
ТЕКСЕРГЕН: Мырзаханова Д.Ж.
ОРЫНДАҒАН: Ермұратқызы М
АЛМАТЫ
2006 ЖЫЛ
Банктің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның осы заманғы ұғымын қарастырып көрелік. Банк істерінен хабары жоқ адам оны тек ақшаны сақтаудың орны деп жаңсақ әрі үстірт ойлап қалуы мүмкін. Банк қызметтері әр түрлі. Сондықтан да адамдардың банк туралы түсініктері де әр қилы.
Кейбіреулері оны мекеме, енді біреулері оны ұйым, үшінші біреулер оны экономикалық басқарудың органы деп санаса, ал тағы біреулері оған делдалдық ұйым ретінде қарайды және т.б. Банктің мұндай анықтамаларын оқулықтар мен ғылыми әдебиеттерден, кезеңдік баспасөзден, тіпті заң, ереже, нұсқау секілді ресми құжаттардан да кездестіруге болады.
Негізінде, банктің мазмұнын түсіну үшін, алдымен оның халық шаруашылығының басқа бөлімшелерінен елеулі оқшаулану-шылығын көрсететін қандай қасиеттері бар деген сауалға жауап беру керек.
Жоғарыда келтірілген пікірлердің бәрін және банк жүйесінің атқаратын қызметтерін жан-жақты талдау негізінде, осы заманның белгілі экономисі, Ресей Академигі О.И.Лаврушин банк жөнінде былай деп жазыпты: «Банк ақшалай, несиелік және қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз, есеп айырысу операцияларының жиынтығын бір орталыққа шоғырландырған ақша шаруашы-лығының даму сатысы. Банк, басқа материалдық өндірістің өнімдерінен өзгеше өнім шығкаратын айрықша кәсіпорын. Ол тек тауар емес, ерекше тауар-ақша және есеп айрысудың құралдарын шығарады».
Қорытындылай келіп, О.И.Лаврушин: «Сонымен, банк-ақша, несие институты, барлық қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылатын төлем айналымының реттеушісі»-
дейді (1)
Сонымен 70 жыл бойы КСРО-ның банк жүйесінде, оның ішінде Қазақстанда қатаң түрде орталықтандыру мен шоғырландыру, әкімшілік әдістері кеңірек орын алды. Сол уақыттардан қалыптасып келген ақша-несие қатынастары жаңадан туындай бастаған нарықтық қатынастарға сәйкес келмеді. Сөйтіп, утопиялық, идеологиялық тұжырым негізінде монобанктік жүйе қалыптасып, мұнда мемлекеттік банк барлық несиелік жүйені өзіне бағындырып және бәсекелестік элементтерін өзіреттеп отырады.
1989 жылдан бастап елімізде алғашқы коммерциялық банктер, кооперативтік және жеке банктер қатары жұмыс істеді.
(1) «Банк ісі», М. «Қаржы және Статистика», 1998 жыл, 15 және 17 беттер
Сол жылы алғаш құрылған коммерциялық банктер Интерин-вестбанк, Крамдсбанк және т.б. болатын.
1990 жылы Қазақстан Республикасы өз егемендігін жариялағаннан бастап нарықтық қатынастардың талаптарына сай келетін меншікті банк жүйесін құруға бетбұрыс жасады.
1990 жылы желтоқсан айында қабылданған «ҚазКРО-ға банктер және банктік қызмет туралы» алғашқы Заң Қазақстандағы банктік реформаны жүргізудің бастапқы кезеңдерін қамтиды.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы жұмыс жасап отырған банктік жүйенің қалыптасуын үш кезеңге бөлуге болады.
І кезең. 1988-1991 жж. мемлекеттік салалық мамандандырылған банктер қызметінің бір бөлігін республикалардағы сол банктердің тиісті бөлімшелеріне беру арқылы қайта түрлендіру; алғашқы коммерциялық банктер қатарын құру; КСРО Мемлекеттік банкіне орталық банктің жекеленген қызметтерін беруге байланысты бастапқы қадамдар жасау кезеңі.
ІІ кезең. 1992-1993 жж.-рнубль аймағында бола отырып, ҚР Ұлттық банкінің орталық банктің бірқатар қызметтерін орындауға біртіндеп кірісу, коммерциялық банктердің экстенсивті түрде қалыптасуы және дамуы, ұлттық нормативтік базаның қалыптасуының бастапқы кезеңі.
ІІІ кезең. 1993 жылдың қараша айынан осы уақытқа дейінгі, яғни айналысқа Ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Ұлттық банкінің ақша-несие аясының қызмет етуіне толық жауапкершілік алу, бюджет және банктермен қарым-қатынас орнатудың классикалық принциптерін енгізу, банктердің қызметін реттеу жүйесін нығайту кезеңін білдіреді.
1995 жылғы банктік реформалауға дейінгі жұмыс жасаған банктік жүйенің басты кемшіліктер де болды, осыған байланысты келесі реформаны қажет етті.
Бұл реформалар Ұлттық банктің 1996-1998 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының банк жүйесін реформалау бағдарлама-сына сәйкес жүргізілді.Ұлттық банктің 1995 жылғы реформалау нәтижесінде қолданған шаралары қаржылық және экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізді.
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған «ҚР Ұлттық банкі» және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «Қазақстан Респуб-ликасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республика заңдарын басшылыққа алады.
Үлкейтілген ауқымда банктер-эмиссиялық және коммерциялық банктер болып бөлінеді. Ақшаны айналымға шығарып және оны қайтарып алуға дара құқығы бар, елдің Орталық (Ұлттық) банкі эмиссиялық дәрежелі болып табылады. Басқа банктердің барлығы, Қазақстан жағдайында, екінші деңгейлі банктер болып есептеледі, негізінде олардың бәрі де коммерциялық банктер.
Ол кезегінде, екінші дәрежелі банктер мамандандырылған және әмбебап банктер болып бөлінеді.
Қазақстанда жұмыс істеп жүрген банктердің, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінен басқасының бәрі, екінші дәрежелі банктер болып есептеледі. Олардың қызметтерінің заңды негізі, Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылы 31 тамызда шыққан № 2443, заңдық күші бар «Қазақстан Респуб-ликасындағы банктер және банк қызметтері туралы», жарлығы. Қазақстан Республикасында бұл банктер ашық және жабық акцио-нерлік қоғам болып қалыптасты.
Коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.
Аталмыш заңға сәйкес, Қазақстандағы екінші дәрежелі банктер Заңды тұлға болып табылады. Олардың бәрі, меншіктігіне қарамастан, коммерциялық жұмыспен шұғылданады. Сөйтіп, олардың басты мақсаты-пайда табу.
Екінші дәрежелі банктерге, заңды түрде, басқа Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаржыларын жұмылдырып, оларды өз атынан, өз қаражатына, қайтарымдық, мерзімділік және төлемдік жағдайларда орналастыру және де клиенттердің тапсыруы мен есеп айырысу, тағы басқа да операцияларды жүргізуге құқық берілген.
Сөйтіп, басқа елдердегідей, Қазақстанда да екінші дәрежелі банктер, бір жағынан, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың, уақытша бос қаржыларын жұмылдырып, оларға пайда табуға мүмкіншілік жасайды, екінші жағынан, жұмылдырылған қаржыны басқа шаруашылық жүргізуші субъектілермен жеке тұлғаларға қосымша қаржыға қажеттігін жабуға береді. Сонымен қатар, банктер өз мүдделерін де ұмытпайды. Уақытша пайдалануға берілген қаржы үшін тиісті өсім алады. Объективтік процесс ретінде, банктердің мұндай операциялардың экономикалық негізі болып, қарызға беретін құнды қалыптастыруға және пайдалануға әсер ететін, ақшалай қаржылардың қозғалысы болып табылады.
Екінші дәрежелі банктер, Қазақстан Республикасының аумағында және оның сыртында, өздерінің бөлімшелерін, еншілес банктерін ашуға құқықты. Бұл банктердің қызметтері Қазақстан Республикасының конституциясымен, басқа да заңдармен және де олардың негізінде, оларды орындау мақсатында, өзінің құдіретіне берілген мәселелер жөнінде шығаратын нормативтік, құқықтық актілермен реттелінеді.
Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі банктері Қазақстан Республикасы банктің берген лицензиясы негізінде қызмет етеді.
Лицензияның өзіндік стандартты формасы бар және онда коммерциялық банктердің айналасын қызмет түрі жазылады. Қазақстанда берілетінлицензияның дамыған шет елдерден айырмашылығы әмбебаптығы болып табылады.
Қазақстан республикасындағы банк қызметінде мемлекеттік органдар банктердің мамандануын белгілемейді, мысалға, инвестициялық-ипотекалық қызметтерді жүзеге асырады және т.б. Қазақстандық банктер бағалы қағаздар нарығында да тікелей қатысуға толық құқылы.
Банктік операцияларды жүзеге асыруға алатын лицезиядан басқа Қазақстан Респуьликасы Ұлттық банктен валюталық операцияларды жүзеге асыруға бас лицензия алады. Бас валюталық лицензия оларға өз қызметін жүзеге асыруы үшін қажетті саналатын банктер қатарымен корреспонденттік қатынастар орнатуға, сондай-ақ дамыған шет елдерде өз филиалдары мен өкілеттігін ашуға құқық береді.
Сонымен қатар, Қазақстандық коммерциялық банктерге бағалы металдармен операциялардыжүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі лицензия береді.
1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақстан Республикасында банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады:
- Банк ашуға Ұлттық банктен рұқсат алу;
- Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;
- Банк операцияларын жүргізуге Ұлттық банктен лицензия алу.
Аталған заңға сәйкес банкті заңды және жеке тұлға ашуға құқылы.
Бірінші кезеңде, банк ашуға Ұлттық банкке банк ашу үшін рұқсат алуға өтініш береді және оған қоса төмендегідей құжаттарды тапсырады:
- Рұқсат алу үшін беретін өтініш;
- Құрылтайшылық шарт;
- Банктің жарғысы;
- Банк жарғысын қабылдау және банк органын сайлау туралы хаттама;
- Құрылтайшылар туралы мәліметтер;
- Құрылтайшылардың соңғы екі есептік жылдағы бухгалтерлік балансы;
- Құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиторлық қорытынды;
- Егер бір немесе одан да көп құрылтайшылар Қазақстан Республикасының резиденті болмаса, ондай жағдайда ол мемлекеттегі тиісті мемлекеттік немесе қадағалау органынан жазбаша келісімі;
- Егер банк операцияларының жекеленген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банк ретінде қайта құрылса, онда оның жарғысы, құрылтайшылық шарты, соңғы есептік мерзімге жасалған бухгалтерлік балансы, ұйымның қаржылық жағдайы туралы аудиторлық қорытынды;
- Банктің жетекшілік қызметіне тағайцындалатын тұлғалар туралы мәліметтер, оның ішінде банк төрағасы мен бас бухгалтердің банк жүйесінде кемінде-үш жыл, ал олардың орынбасарларының кемінде екі жыл, банк филиалының бірінші жетекшісі мен бас бухгалтердің кемінде-бір жылдық еңбек тәжірибесі болуы және т.с.с;
- Жаңадан құрылатын банктің толық ұйымдастырылу құрылымы;
- Жаңадан құрылатын банктің ішкі аудит қызметі туралы ережесі;
- Жаңадан құрылатын банктің несиелік комитеті туралы ережесі;
- Жаңадан құрылатын банктің бизнес-жоспары, оның ішінде банк қызметінің стратегиясы, бағыттары мен ауқымы, қаржылық үш жылға арналған пайда және зиян туралы есебі, маркетинг жоспары, еңбек ресурстарын қалыптастыру жоспары;
- Тапсырылған бизнес-жоспарына сәйкес дайындық шаралары туралы құрылтайшылардың есебі;
- Нотариалды түрде куәландырылған, құрылтайшылардың атынан өтініш беруге құзіретінің барлығын растайтын құжаты;
- Басқа банктің жарғылық капиталына қатысуы туралы мәліметтері.
Банк ашу үшін рұқсат алуға берілген өтінш үш ай әрі кеткенде алты ай мерзім ішінде Ұлттық банкте қаралады.
Ұлттық банк банк ашуға рұқсат алуға берілген өтініштердің есебін жүргізеді.
Екінші кезеңде, жаңадан құрылатын банк Ұлттық банк рұқсат берген күннен бастап, бір ай ішінде Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынады. Оған Ұлттық банктің банк ашуға берген рұқсатын және Ұлттық банктің келісімімен расталған құрылтайшылық құжаттарын тапсырады.
Үшінші кезең, банктік операцияларды жүзеге асыру үшін Ұлттық банктен лицензия алады. Лицензия алу үшін мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, бір жылға дейін мыналарды орындауға тиіс:
- Ұйымдастырушылық-техникалық шараларды орындау, оның ішінде Ұлттық банктің нормативтік талаптарына сәйкес бөлімдерді және құрал-жабдықтарды дайындау, тиісті біліктілігі бар қызметкерді қабылдау;
- Жарияланған жарғылық капиталды төлеу.
Лицензия алуға берген өтінішпен бірге жоғарыда аталған талаптарды орындағандығын растайтын құжатты беруге тиіс. Өтінішті берген уақыттан бастап, бір ай ішінде Ұлттық банк қарайды. Лицезияның мерзімі шектелмейді және онда банктің жүргізетін барлық операциялар тізімі көрсетіледі.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы» Заңның 30 бабына сәйкес банк қызметтерінің қатарына төмендегі операциялар кіреді:
- Заңды және жеке тұлғалардың депозиттер қабылдау;
- Банктерге және кейбір банктік операцияларды жүргізуге құқықты ұйымдарға корреспондентттік шот ашып, оларды жүргізу;
- Кассалық операциялар жүргізу: банкноттар мен монеттерді қабылдау, қайта санау, айырбастау ауыстыру, сұрыптау, буу-түю және сақтау;
- Ақша ауыстыру: Заңды және жеке тұлғалардың талаптарымен ақша аудару;
- Есептеу операцияларды: Заңды және жеке тұлғалардың қарыз міндеттемелерін және вексельдерін есептеу;
- Заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде банктер-корреспонденттердің талаптарымен олардың банктегі шоттары арқылы есеп айырысу;
- Клирингілік есеп айырысу операциялар: жинау, салыстыру, сұ-рыптау , төлемдерді қуаттау, өзара талаптарды есепке алу және клирингіге қатысушылардың таза жайғасымен анықтау;
- Сенімгерлік операциялар: сенімгердің талабымен ақшаға билік жасау;
- Сейфтік операциялар: клиенттердің құнды қағаздар мен қозға-латын мүліктерді кепілзатқа алып, қысқа мерзімді несие беру;
- Банкноттар мен монеттердің, басқа да құнды кассіге жинау және салып жіберу;
- Басқа елдердің валюталдарына ақша айырбастау бекеттерін ұйымдастыру. Банктер аталған операцияларды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің рұқсат қағазы (лицензия) негізінде жүргізеді. Жоғарыда аталған операциялардан басқа, екінші дәрежелі банктер, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің арнаулы рұқсат қағазы бойынша төмендегі операцияларды жүргізе алады:
- депозиттік сертификаттар шығару;
- кепілдеме операциялары: кепілгерлік беру, үшінші тұлғалардың атынан, ақшалай нысанда орындалатын кепілдіктер мен міндеттемелер беру;
- мүліктерді жалджауға беру. Бұл жағдайда жалдауға берген мүлкіне меншіктік құқы, шарттар көрсетілген мерзім біткенше сақталады.
- өзінің меншікті құнді қағазын шығару (акциядан басқа);
- Факторингтік операциялар: тауарды сатып алушыдан, төлнбей қалу қаупін өзіне қабылдап, төлем талаптарын сатып алу;
- Форфейтінгілік операциялар: тауарды сатып алушыдан қарыздық міндеттемелерін (вексель) сатып алу.
Осы аталған операциялар «Қазақстандағы банктер және банк қызметтері туралы» деген түсінік «банкілік қызметтер» деген ұғыммен араласып кеткен және кейбіреулері «банкілік операциясы» деген дәстүрлі түсінікке сәйкес келмейді.
Әдетте, банк операциясын жүргізгенде, ақшалай қаражаттың қозғалысы туады. Мысалы, несие операциясының нәтижесінде, несиегердің несиеге алған сомасы оның есеп шотына түседі. Бұл жағдайда несие алумен қатар есеп айырысу операциясы да жүргізіледі-сатып алушы, несиенің жәрдемімен өзінің тауар жөнелтушісі мен жөнелтілген тауар үшін (болмаса орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет үшін) есеп айырысу.Ақшалай қаражат бір субъектілерден екінші субъектіге ауысады. Кассада қолма-қол ақшамен операция жүргізгенде нақты ақша, банкінің кассасынан шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасына ауысады және керісінше, шаруашылықтың кассасынан банктің кассасына түседі. Ақша аудару операциясында да ақшалай қаражаттың қозғалысы туып, ол аударушыдан аларманға ауысады т.б.
Мұндай ақшалай қаражаттың қозғалысы, мысалы, сейфтік операцияларды жүргізгенде, болмаса, банктің аппаратының күшімен банкноттарды, монеттерді кассаға жинағанда, ақшалай қаражаттың көлемі азаймайды да, көбеймейді де, түпкілікті де немесе уақытша да оларға меншіктік өзгермейді. Осының негізінде банктің операциялары, олардың қызметтерінен өзгеше деп түсіну керек және оларды бөлек қарау керек.
Жалпы коммерциялық банктерді мынандай белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
Меншік сипатына қарай:
- Мемлекеттік;
- Акционерлік;
- Жеке;
- Аралас.
Операциялардың түрлеріне қарай:
- әмбебап, яғни экономиканыі барлық салаларына бірдей және кең көлемде банктік қызмет көрсететін банктер;
- маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;
Аумақтық белгісіне қарай:
- халықаралық;
- ұлттық;
- аймақтық
Салалық белгісіне қарай:
- өнеркәсіптік банктер;
- сауда банктері;
- ауылшаруашылық банктері;
- құрылыс банктері;
- басқа да.
Филиалдар санына қарай:
- Филиалсыз;
- Көп филиалды.
Банктің операцияларын жүргізгенде, немесе, банк қызметтерін көр-сеткенде туатын банктер арасындағы, немесе банк пен оның клиенттерінің арасындағы қарым-қатынастың бәрі, екі жақтық шарттасу негізінде реттелінеді.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және қызметтері туралы» Заңнің 41-бабына сәйкес банктің қаржы жөніндегі орнықтылығын сақтау, депозиторлардың мүддесін қорғау және де елдің ақша-несие жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банк банктердің қызметін мынандай жолдармен реттейді:
- Екінші дәрежелі банктерге пруденциялық (экономикалық) нормативтер басқа да міндетті түрде орындалуға тиісті мөлшерліктер мен шектемелер, оның ішінде резервтік талаптарды, күмәнді және үмітсіз қарыздарға қарсы қоятын, мәжбүрлі шығындарды бекітуі;
- Екінші дәрежелі банктер үшін, міндетті түрде орындалуға тиісті нормативтік, құқықтық актілер шығару;
- Екінші дәрежелі банктердің жұмысын инспекциялау және оның нәтижесінде, банктің қаржы жағдайын сауықтандыруға бағытталған ұсыныстар енгізу, немесе ықпалын тигізетін шаралар қолдану, ең ақыры, лицензиясын алып қоюға дейін.
Қазақстан Республикасындағы банктер, бастапқыда мәлімдеуші
акцияны шығарып сатуға құқысыз, яғни жабық акционерлік қоғам формасында құрылады.(2)
Ашық типтегі банктердің өтуі үшін, Ұлттық банкпен банктік операцияларды жүзеге асыруға рұқсат қағазын алғаннан кейін бір жыл бойына Ұлттық банк тарапынан бекітілген пруденциялдық нормативтерді және басқада жоғарыда көрсетілген міндеттерді орндаған жағдайда ғана сатуға болады.
Нарықтың экономика жағдайында екінші дәрежелі банктердің барлық операцияларын үш негізгі топқа бөлуге болады:
- Пассивтік операциялар (қаржы жұмылдыру);
- Активтік операциялар (қаржыны орналастыру);
- Активтік-пассивтік операциялар (делдалдық және басқа да қызметтер
Пассивтік операциялар. Бұл операциялардың басқы мақсаты, банктің ресурстарын қалыптастыру және оны ұлғайту. Сондықтан,
бұл операциялардың банктің өзінің, несиелік мекеме ретінде жұмыс
жасауы үшін төтенше маңызы бар. Пассивтік операциялардың қатарына мыналар жатады:
(2) «ҚР банктер және банк қызметі туралы» ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы 31.08.1995 жыл, 12 бап
- Заңды және жеке тұлғалардың есеп немесе ағым шоттарына қаржы жұмылдыру;
- Басқа банктерден қарыз алу
- Заңды және жеке тұлғалардың қаржыларын, мерзімді салымға жұмылдыру;
- Құнды қағаздарды шығарып, оларды орналастыру;
- Орталық (Ұлттық) банктен орталықтандырылған несие алу т.б.
Банктің меншікті капиталы бастапқыда сатылған акциялардан түскен ақшадан немесе акционердің кіріс жарнасынан құралады. Олар банктік қызметтерді атқаруды қамтамасыз етуге арналған. Сондықтан оны, кейде акционерлік капитал деп те атайды. Жаңадан ашылатын банктер үшін, ұлттық банктің басқармасының 1997 жыл 5 желтоқсандағы №412 қаулысы бойынша, меншікті капталдың төменгі шегі 300,0 тмиллион теңге. Оның банкті есепке алыну тұсында кем дегенде 50% төленуі керек. Бұл талапты орындамаған күнде, ұлттық банк есепке отыруға өзінің тұжырымын бермейді.
Қазақстан Республикасының заңдарының бір ерекшелігі-банктің құрылтайшылары мен акционерлері ағын акцияның құнын түгелмен ақшалай төлеулері керек деген талап (аталмыш Заңның 16 бабының 2 тармағы). Басқа елдерде банктің меншікті капиталы тек ақшалай емес, басқа да материалдық және материалдық емес активтер мен үшінші тұлғаның құнды қағаздарымен де төленуі мүмкін. Мысалы, кезінде Ресейлік банктердің меншікті капиталының 70%-ке дейінгісі материалдық активтер болды. Бірақ мұны қолайлы жағдай деп айтуға болмайды. Өйткені, банктің меншікті капиталын, несие берудің көзі ретінде пайдалану мүмкіншілігі азаяды. Сондықтан Ресейдің Орталық банкісінің 1994 жылы 11-желтоқсанда орнатқан тәртібі бойынша, банктің меншікті капиталының 10,0%-ке дейінгі бөлігі материалдық емес активпен құрылуы мүмкін.
Банктің меншікті капиталының әрі қарай көбеюі банктің таза пайдасынан аударым жасаумен немесе жаңадан акция шығарып, оны орналастыруменіске асырылады. Бангктің меншікті капиталын көбейтудің тағы бір көзі, оның өткен жылы бөлінбей қалған пайдасы
Банктің ресурстарының құрамында меншікті капиталдың үлесі онша көп емес-10-12%-тің шегінде, 88-90%-ті жұмылдырылған қаржылар. Мұның өзі, банктің пассивтік операциясының қандай маңызы бар екенін тағы да дәлелдейді. Жұмылдырылған резервтің ішінде елеулі орын алатындар депозиттік ресурстар. Олар мерзімді және талап етілмелі депозиттер болып бөлінеді. Депозиттің бұл екі түрінің өзара айырмашылықтары бар. Оның бастысы: мерзімді депозит белгіленген мерзімге салынады. Сол мерзім өткенге дейін оның иесіне банктен ол депозитті алу өте тиімсіз. Онда ол көп табыс жоғалтады. Сондықтан банк, бұл қаржыны мерзімі өткенге дейін ешбір қауіпсіз активтік операцияларға пайдалана алады.
Ал, талап етілмелі депозитте олай істеуге болмайды. Өйткені, оның иесі кез келген уақытта қаржысын түгелімен немесе жартылай талап ету мүмкін. Сондықтан банк, қаржысын сұрап келген депозиттердің талабын орындау үшін, талап етілмелі депозиттің сомасын көбінесе бос ұстауға тырысады.
Олар құру әдістерімен де бірінен-бірі ерекшеленеді. Егер мерзімді депозит банкіге табыс табу үшін, арнаулы шарт жасалып салынатын болса, талап етілмелі депозит, банктегі есеп немесе ағымдағы және басқа да арнаулы шоттарына бос ақша жиналғанда құрылады. Бұл шот иесінің әдейі істейтін ісі емес, шаруашылық жүргізуші субъектілердің бос ақшаларын банкіде сақтау керек деген талаптьан туатын іс.
Активтік операциялар. Бұл операциялардың көмегімен банктер өз қарамағындағы ресурстарды пайда табу үшін және де өздерінің өтемпаздығын қолдануды қамтамасыз ету үшін орна-ластырады.
Бұған жататындар:
- Шаруашылық жүргізуші субъектілерге әр түрлі қажеттерін қанағаттандыру үшін, қысқа, орта, ұзақ мерзімді несие беру;
- Халыққа тұтынулық несие беру
- Құнды қағаздар сатып алуға несие беру;
- Лизингілік операцияларға несие беру;
- Факторингілік операцияларға несие беру;
- Басқа банктерге несие беру
Көрсетілген активтік операциялардың ішіндегі ең бастысы қайтарымдық, мерзімдік және ақылық негізінде несиелеу операциясын жүргізу болып табылады. Кейбір банктердің несиелеуден табатын табысы, барлық табыстың 80%-інен асып кетеді. Соңғы жылдары несиенің дәстүрлі түрлерімен қатар көптеген жаңа түрлері пайда борлды. Олар пәтер үй сатып алуға беретін несие, сақтандыру қағазын кепілзатқа алып беретін несие, фермерлерге жер телімін жақсартуға беретін несие, оқуға және сынақ мерзімін өткізуге беретін несиелер. Сонымен қатар заңды тұлғаларға кәсіпкерлік ұйымдастыруға, басқа фирмалардың активін сатып алуға кредит беретін болды.
Банктің активтік операциялары экономикалық мазмұнына қарай төмендегідей болып бөлінеді:
- Несиелеу операциясы
- Есеп айырысу операциялары
- Кассалық операциялары
- Инвестициялық, қорлық операциялар
- Кепілді операциялар
Несиелеу перациялары—қарызгерге қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық негізінде қаржы беру операциялары. Вексельді сатып алу немесе вексельдерді кепілзатқа қабылдаумен байланысты несиелеу операциялары да есеп операциясының қатарына кіреді;
Есеп айырысу операциялары—қаржыны клиенттің есеп шотына есептеу немесе оны шоттан шығару, оның ішінде клиенттің контрагенттерінің алдындағы міндеттемелерін өтеумен байланысты операциялар;
Бос қаржыны депозитке жұмылдырумен қатар несиелеу және есеп айырысу операциялары банктің өте маңызды операциялары болып табылады.
Кассалық операциялар- қолма-қол ақша беру немесе оларды қабылдаумен байланысты операциялар. Кеңейтіп айтқанда, бұл қолма-қол ақшаның қозғалысымен, қаржыларды қалыптастыру, орналастыру және пайдаланумен байланысты операциялар деуге болады.
Инвестициялық, қорлық операциялар-банктің күрделі қаржы-сын құнды қағаздарға салу және басқа құрамдармен бірігіп шаруашылық жүргізу үшін жарнаға салумен байланысты операциялар. Бұл жерде ескеретін нәрсе «Қазақстандағы банктер және банк қызметтері туралы» Заңның 8-бабына сәйкес, Қазақстандағы банктерге пайда табу үшін, басқа шаруашылық-тардың негізгі капиталына жарна салуға болмайды.
Кепілді операциялар-кепілдеме беру, белгіленген жағдай болғанда, клиенттің үшінші тұлғаға бережағын өтеу операциялары.
Сонымен қатар, банктің активтік операциялары: қауіпкерлік дәрежесіне қарай-қауіпті және қауіпті-бейтарап операциялары; орналастыру түріне қарай-бірінші және екінші; пайдалық дәрежесіне қарай: пайда келтіруші және пайда келтірмеуші операциялар болып та бөлінеді.
Активтік-Пассивтік операциялар:
- Банкіге комиссиялық сыйақы әкелетін комиссиялық операциялар;
- Белгілі ақыға, клиенттің тапсырмасымен орындалатын делдалдық операциялар;
- Ішкі және халықаралық есеп айырысумен байланысты есеп айырысу қызметтері;
- Сенімгерлік қызметтері;
- Бухгалтерлік және консультациялық қызметтер.
Осы операцияларды банктің көрсететін қызметтері деп атайды.
Коммерциялық банк қызметінің принциптері:
- Нарықты қолда бар ресурстар шегінде жұмыс істеу. Коммерциялық банктер өзінің ресурстары мен несие салымдарының арасын сандық арақатынаспен қамтамасыз етіп қана қоймай, банк активтерінің сипатын жұмылдырылған ресурстардың өзіндік ерекшелігіне сәйкестендіруге ұмытылу керек.
- Банктердің өз қызмет нәтижесі үшін экономикалық тұрғыдан жауап беруін ұйғаратын толық экономикалық дербестік.
- Банктердің клиентпен арадағы өзара байланысты нарықтық қатынастың негізінде құрылады.
- Коммерциялық банктің жұмысы тек жанама экономикалық әдістермен реттеледі.
Коммерциялық банктердің функциялары:
- Несиедегі делдалдық
- Шаруашылықтарды қорлануға ынталандыру
- Жекеленген дербес субъектілердің арасындағы төлемдерде делдал болу
- Құнды қағаздармен жүзеге асырылатын операцияларда делдал болу
Банктің басқару аппараттарының құрылымы, оның негізгі бөлімшелерінің міндеттері:
Банк операцияларын жоспарлауды және дамытуды басқару мына бөлімдерді қамтиды:
- Банктің коммерциялық қызметін ұйымдастыру және банктің өтімділігін басқару;
- Клиенттің несиені өтеу қабілетін зерделеу және экономикалық талдау;
- Банктің коммерциялық қызметінің негіздерін және жоспарын әзірлеу;
- Маркетинг және клиентурамен байланыс.
Депозиттік операцияларды басқару депозиттік операция бөлі-мінен және қор бөлімінен тұрады
Несие операцияларын басқару мынандай бөлімдерде берілген:
- Клиенттерді қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелермен несиелеу;
- Халықты несиелеу;
- Несиелеумен байланысты дәстүрлі емес банк операциялары.
Делдалдық және өзге операцияларды басқару мына бөлімдерді қамтиды:
- Кепілдікті операциялар және сенімхаттар бойынша операциялар;
- Кассалық операциялар;
- Банктік қызмет көрсету;
- Құнды қағаздармен операциялар жүргізу.
Халықаралық банк операцияларын ұйымдастыруды басқару несие және валюта операцияларының бөлімінен, сондай-ақ халықаралық есеп айырысу бөлімінен тұрады.
Есептік-операциялық басқару мына бөлімдерді қамтиды:
- Операциялық;
- Кассалық операция;
- Есеп айырысу.
Банк қызметінің бөлімшелеріне мына бөлімдер кіреді:
- әкімшілік-шаруашылық;
- заңдық;
- кадр;
- ЭВМ-ді енгізу және пайдалану;
- Тексеру бөлімі.
Алайда, операцияларды және оларды ұйымдастырудың құқықтық формаларын басқарудың орындалғанына қарамастан әрбір банк өзінің өзіндік ерекшелігі бар өкілдерді өндіреді әрі өздеріне міндетті басқарудың нақты блоктар жиынына ие болады. Бұлар:
- Банк кеңесі
- Басқарма
- Басқарудың жалпы мәселелері бойынша банк бөлімшесі
- Коммерциялық қызмет мәселелері бойынша банктің бөлімшесі
Барлығын қорытындылау үшін, яғни банк дегеніміз-бұл ақшалай қаражатты тарату және оларды өз атынан мерзімінде қайтару, төлету шартымен орналастыру үшін құрылатын ұйым деп түсінуге болады.
Қазақстан Республикасының екінші дәрежелі банктерінің эконо-микалық рөлі-ақшалай капитал жинақталып жатқан экономика сала-сына оны алып, пайдаланып жатқан экономика саласына беруді қам-тамасыз ету болып табылады
Қолданылған әдебиеттер:
- «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк мекемелері» Алматы, Юрист, 2003 жыл (негізгі заң актілері)
- М.Н.Хамитов «Банк ісі» лекциялар курсы, Алматы, Экономика, 2003 жыл
- С.Б.Мақш «Коммерциялық банктер операциялары» Алматы, Қазақ университеті, 2002 жыл
- С.Б.Мақш «Коммерциялық банктер операциялары» Алматы, ИздатМаркет, 2004 жыл
- М.С.Саниев «Ақша, несие, банктер» Алматы, Алматы экономика және статистика институты, 2001 жыл
- Ғ.С.Сейітқасымов «Ақша, несие, банктер» Алматы, Экономика, 2005 жыл
- «Банк ісі» оқылым, М., «Қаржы және Статистика», 1998 жыл
- В.Крылова «Экономикалық теория», Алматы, Аркаим, 2003ж