АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Қазақстан Республикасындағы осы кезеңдегі экономика жүйесі және оның ерекшеліктері

 

 

Жоспар

 

  1. Қазақстан Республикасындағы осы кезеңдегі экономика жүйесі және оның ерекшеліктері
  2. Аралас экономика
  3. Аралас экономиканың мазмұны

 

Қазақстан республикасындағы осы кезеңдегі экономика жүйесі және оның ерекшеліктері

         Республика экономикасы аса күшті дағдарысты жағдайда болып, әрбір күн үсті- үстіне жаңа проблемаларды көлденең тартуда, ал бұл жағдайда экономиканы тұрақтандыру мәселесін баған сайын қиындатып, оның өзі іс- қимыл стртегиясында да, тактикасында даелеулі түзетулер енгізуді қажет етіп отыр. Өндіріс одан әрі құлдырап, ұлттық табыс азайып бара жатқан жағдайларда жұмыс істеуе тура клкді.

         Экономиканың қазіргідей жағдайға тап болуының себептері көп, олар жайында саясатшылар да, ғалымдар да жазып та, айтып та жүр. Солардың көбі республиканың ондаған жылдар бойғы «Социалистік» дамуы кезеңінен бері жалғасып келеді. Бірқатар факторлар республика экономикасының бурыңғы одақ экономикасымен барынша байланысты, Ресейдегі экономикалық реформаның бағыттары мен қарқындарына өте тәуелді болуына байланысты.

          Сонымен қатар үкіметте экономиканы республикамыздың жағдайларына сійкес түбегейлі реформалау жөніндегі ғылыми негізделген стратегия да, бағдарлама да жоқ болды. Осы кезге дейін шалғай, көбінесе жергілікті мәні бар шешімдер қабылданып, олар жағдайдыжақсартудың орнына көбінесе нашарлататын, оған қоса кешіктірілетін, қабылданған шешімдерді жүзеге асыру ісінде жасқаншақтық байқалатын.

          Мемлекет жаңа экономикалық құрылымдар жасау, кәсіпкерлік қызметтің барлық түрлерін кнңінен өрістету бағытында неғұрлым батыл күш-жігер жұмсауға тиіс болды, өйткені, біз көз жеткізгеніміздей, попополияндырылған экономика жағдайында бағаны ырықтандыру күткендегідей нәтижелер бермейді. Бірақ біз бұл мәселеде шабындық көрсетіп, басқалар қалай жасайды екен деп жалтақтаймыз. Негізінде заң актілері бар, олардың орындалуын, басқарудың барлық буындарын тарапынан қолдау көрсетілуін қамтамасыз етілуі қажет.кәсіпкерлікке қызмет көрсететін бүкіл жүйені, яғни рынок инфрақұрылымын жеделдете дамыту керек. Қазіргі ең басты – рыноктың ұсақ субъектілерінің қызметіне серпін беру, мұның өзі іскерлік белсенділіктің күрт артуына себеп болады. Осыған орай, барлық деңгейде кіші бизнеске үйрету орталықтарын құру, соған септігін тигізетін қорлар жасау керек. Рынокқа өту жағдайларында Үкімет алдында тұрған басты проблема- бүкіл дерлік ұлттық байлық мемлекет меншігінде болады. Дамыған елдердің тәжірибесі халықтың белгілі бір бөлігі ғана белсенді меншік иелері- кәсіпкерлікке айналатынын, ал басым көпшілігі компаниялар бірінің акцияларын иеленіп, жалданып жұмыс істетінін көрсетті. Жекешелендіру барысында мемлекеттік бөлу бізге де бәрі бірдей меншік иесі кәсіпкерге айналуына себеп болмайды, рынок қаншама қажет етсе, соншама кәсіпкерлер болады.

            Банк және қаржы –несие жүйесінде капитал банктер, инвестициялар және холдинг компаниялары, қор биржалары арқылы өтетін мемлекеттік емес секторды едәір ұлғайту, кәсіпкерлер үшін қарж ресурстарының ашық болуын қамтамасыз ету жолымен, шағын бизнестің қажеттерін ескере, кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру мен сақтандыру жүйесін мемлекеттің қатысынсыз қаржыландыру, қалыптастыру іс жүзіндемүмкін емес. Кәсіпкерлік қызметті ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесі, заңдардағы өзгерістер туралы, қолда бар тауадар, рыноктың жайы, банк несие саласы, қаржы институттары, бағалы қағаздар рыногы туралы жұртты дер кезінде хабардар ету қажет. Сондықтан, реформалардың қазіргі кезеіәндегі аса маңызды мәселе – меншік қатынастарын өзгерту.бөліп беру жүйесін, соның ішінде оның соңғы тұтқасы – директивалы баға беруді жойып, монополияға қарсы сипаттағы өзгерістерді тек меншік қатынастарын өзгертумен бір мезгілде жүзеге асыруға болатынын көрдік.

           Қазіргі бағыт кесек – кесегімен жекешелендіру “номенклатуралық”жекешелендіру үшін барлық жағдайлар жасап отыр. Мұның нәтижесінде қым- қиғаш еңбек рыногы пайда болып, онда жұмыс күшін (жалдамалы жұмысшылар) сатушылар көп болып, оны сатп алушылар (өндіріс құралдарының иелері) тым аз болды. Концепциялық көзқарастарға өзгерістер енгізу, заңдардағы қайшылықтарды жою, осы мәселелермен шұғылданатын ұйымдық құрылымдарды оңтайлы ету қажет. Монополизмге қрасы күрес жүргізудің тиімді жолдарының бірі – шағын бизнесті дамыту. Нарықтық жүйеде оның өзін- өзі бейімдеуі, көптеген шағын кәсіпорындардың тұтынушы қажеттерін барынша тез және тиімді қанағаттандыру үшін өзара күреске түсіп отырғанына негізделген, сондықтан шағын кәсіпорындар жүйесін дамыту мен көбейту қажет етіледі, шағын кәсіпкерлікке мемлекеттің қолдау көрсетуі ерекше маңызды.

           Көптеген мешеу елдердің даму процесі ауыл шаруашылығына көңіл бөлместен өнеркәсіпті өркендетудің кең ауқымды жоьаларын жасаудан басталады, оның өзі этно- әлеуметтік психологияға қайшы келіп, айтарлықтай нәтиже бермеді. Орташа дамыған индустриалды елдерден өзінде өнеркәсіпті дамыту саясаты осы замаңғы салалар мен мешеу аграрлық сектор арасында күшті сәйкессіздіктер туғызды. Өнеркәсібі дамыған елдер экономиканы жаңа технологиялар негізінде дамыту ісінде елеулі табыстарға жетті, сондықтан басқалардың бәрі осы жолмен жүруі тиіс деген пікір бар. Кейбір елдер индустриаландырумен әуестенді, ауылшаруашылығына тым аз көңіл бөледі. Оған қоса, тұрақсыздық жағдайында билік құрылымдарына негізгі қауіп қала халқы болып есептеледі, сондықтан капитал қалалардың дамытылуын қамтамасыз ететін жобаларға бөлінеді, алайда селолық аудандарды дамыту басты назарда болуы тиіс.

 

           Үкіметтің, үкіметтік емес ұйымдардың, фермерлер топтарының, село қауымдарының қатысуымен үлгі жобалар әзірлеу қажет. Ол жобаларға ауыл шаруашылығында да селолық шағын индустрианы, денсаулық сақтауды, білім беруді, бүкіл әлеуметтік инфрақұрылымдарды да дамыту мәселелерін енгізуге болар еді. Ондай жобалардың артықшылығы мынада: олар жергілікті кадрларды оқытуға, адамдарды еркін таңдауға, олардың мүдделеріне, белсене қатысуы мен жауапкершілігіне негізделген жаңа даму моделіне көшу үшін қажетті селолық қауымдар үлгісіндегі құрылымдар, фермерлердің қауымдастығы үлгісіндегі құрылымдар құруға мүмкіндік берген болар еді. Жобалардың үлгілік сипаты олардың тең мекендерде қайталап, бірінен соң бірін желісті жұмысқа жұмылдыруға мүмкіндік берер еді. Селолық аудандарды ықшам бағдарламалар көмегімен дамыту, мемлекеттік саясаттың ондай жобаларды көтермелеп, ынталандыруын қажет етеді.

           Экономиканы реформалардың нәтижелері көп жағынан алғанда, оны басқару проблемасымен байланысты. Ал енді бұл мәселедегі жағдай бұрынғыдай бетер қиындай түсті, жасалып жатқан нақты қадамдар жоқ. Осыған байланысты басқаруды реформалау концепциясы қажет. Басқару проблемаларын процеске қатысушылардың: партиялардың, кәсіподақтардың, үкіметтік емес ұйымдардың, алуан түрлі бейрәсім топтардың көптігі қиындатып отыр. Басқару ендігі жерде үкімет монополиясы болудан қалды, оның тиімділігі басқсрушы жүйенің шешімдер қабылдау процесінде жаңа қатысушыларды іріктеп қосу қабілетіне барған сайын байланысты болып келеді. Мәселелердің бірі – салалық саясаттарды біріктіретін таңдаулы механизмнің қажеттілігі. Бүгінде көптеген проблемалар көлбеу сипат алып, үкіметтің тік құрылымдары арқылы өтуде. Бұл бұндай проблемаларды бөліктер, секторлар бойынша шешу тенденциясын туғызып отыр. Жалпы саясат нәтижесінде салалық саясаттар жиынтығына айналады да, кешенді, келісілген саясат болып табылмайды және оның мемлекеттік мақсаттарды айқын бідіретін механизмі болмайды. Сонымен, өтпелі кезеіде шоғырландырылуы қажет функцияларды белгілеп, басқару органы функцияны емес, ал функция басқару органын туғызатынын естен шығармау керек. Реформаларды кадрлармен қамтамасыз ету қажет, бұрыңғы кадрларды жаңа әдістерге қайта үйрету қиын, сондықтан барлық деңгейлердегі кадрлар шындап және ұзақ уақыт бойы бейімделу керек.

          Кадрларды тынымсыз оқыту жүйесін жасау, және жиі-жиі аттестациалау керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аралас экономика

 

        Аралас экономиканың алғашқы көрінісі – экономика реттеудің мемлекеттің араласуы. Бүл ең алдымен мемлекеттің экономикалық қызметінің күшеюінен көрінеді. Бұған сұранысты ынталандыру, салықты реттеу арқылы инвестицияны ынталандыру, амортизацияны жылдамдату және т.б. шаралар кіреді. Аралас экономикаға тән белгінің бірі- мемлекетпен бизнестің өзара байланысы. Бірақ мұнда басқа да көптеген аралық буындар мен элементтер бар, ол әртүрлі өнеркәсіп, сауда, саяси таптардың мүддесін білдіріп, қоғамдық өндірісті біртұтас өзара байланыстың түрлері мен саяси  лоббизм жолымен реттеуге қатысады.

        Аралас экономиканың басты белгісі- мемлекеттік меншік. Айталық, жеке сектордың қорынан бәрі келе бермейді, бұл әсіресе темір жол транспортына, атом энергетикасында, космостық техникада игеруде ерекше білінеді.Қазіргі өндірістің бұл саласы тек үлкен көлемде ақша қаржыларын талап етіп қана қоймай, сонымен қатар қоғамның барлық күш жігерін қажет етеді. Олар өз кезегінде шаруашылықтың басқа салаларына айтарлықтай тікелей ықпал жасайды.

         Мемлекеттік меншіктің пайда болуы- тауар қатынастарында жаңа лептің, ұжымдық меншіктің түрі олардың негізі болып, басқа түрлерінің пайда болуына әсер етеді. Аралас экономиканың маңызды бір белгісі құндық және жоспарлылық тұтқалар арқылы реттеу. Оларды қолдану басқарудың мемлекеттік және басқа да органдарда жүреді, бұлар кеңістік және консультация немесе зерттеу сипатында болады. өнеркәсіп органдарын сәйкестендіретін мемлекеттік жоспарлау органдары Жапониядағы индустриялды құрылысының кеңесі сияқты стратегиялық жоспарлау принципі негізінде “тұрақтандыру саясатына , салық, ақша және сауда құралдары экономикалық белсенділікті реттеу үшін қолданылуы”.

          Жапония аталған шаралардан басқаларын да жүргізеді. Олар: “бүкіл экономика үшін ұзақ мерзімді индустриалдық құрылымды жан-жақты жасайды. Бұл құрылымдар әлем экономикасында әрекет ететін нарықтық күштермен анықталады”. Жапонияның, мысалы, индустриялдық дамуы жоғары және постиндустриалдық жағдайына көшуі анығырақ болған сайын экономикада жоспарлылық та жоғары болады. Әр түрлі мемлекеттік құрылымдарда олар түрлі көріністер табады .

           Аралас экономиканыі мәнді бір сипаты- микро-макро деңгейіндегі экономикалық процестерді ұйымдастырудың, басқарудың рөлінің артуы. Ұйымдастыру қатынастары рөлінің артуы тек қана техникалық себептерден емес, алдымен экономикалық процестердің салдарынан болады. Қарастырып отырған аралас экономиканың белгілерінің тағы бір жағы жекешеленген кәсіпорындардың трест, концернге, диверсификацияланған кәсіпорындарға, фирмаларға ауысуы. Олар микро деңгейдегі ұйымдастыру мен басқару қызметін түбірінен өзгертеді. Ірі кәсіпорындардың көлемі, олардың өндірістік тұтынуы, транспорттық және ақпарат мүмкіндіктеріне қарап өкім шығаруы- бәрі баға белгілеуге, сұранысты, ұсынысты бақылауға, нарықтық берекетсіздігін жоюға жағдай жасайды, еркін бәсеке дәуіріне тән қиындықтарды жеңуге көмектеседі.

           Аралас экономиканы қазіргі қоғамның индустриалдық даму дәуіріндегі экономикалық жүйе сипаттайды, оған белгілі бір заңдылықтар тән. Ол заңдылықтар тауарлы және ұжымдық өндірістің заңдарына тәуелді. Аралас экоомика шаруашылықты жүргізу жүйесі ретінде пайда болып, тек қана ұжымдық өндірісті дамытып қоймайды, ең алдымен тауарлы қатынастар жүйесін тереңдете түседі. Бұл шеңбердің ұлғаюы тауарлы қатынастардың жер шарындағы көптеген елдерде қамтуынан айқын білінеді. Олар тауар заңдылықтарының дамуынан, оның заңдары әрекетінің күрделенуімен, элементтерінің жаңа түрлерінен көрінеді және олар ұжымдық өндірістің тең заңдылықтары болып табылады.

 

 

                           Аралас экономиканың мазмұны

 

            Қазіргі қоғам дамуының объективтік процестерін талдау мынаны білдіреді: қазіргі экономикалық құрылыс-аралас экономиканы сипаттайды, ол бұрынғының қойнауында туған қоғамдық шаруашылықты жүргізудің жаңа түрі. Тек сыртқы көрініс түрі тауарлы ұжымдық қатынастардың бар екенін көрсетті, сөйтіп экономист ғалымдарды аралас экономика туралы айтуға мәжбүр етті, содан кейін теория жасауға кірісті. Қоғамдық шаруашылықты жүргізудің екі түрі, аралас экономиканың тарихи алғы шарттары еді. Сондықтан аралас экономикашын өмірдегі қатынастардың бер жағын емес, ең терендігішын нақты қатынастарды айқындайды. Аралас экономика өзінің бойына мемлекет пен кәсіпкерлердің арасындағы  қатынастарды емес, тіпті формациялар мен өндіріс арасындағы қатынастарды емес, ол бір қоғамдық өндіріс түрінің екіншісімен ауысу қатынастарын жинақтайды. Аралас экономикада ешкімді, ештеңені ешқандай қыстау, қинау, шындау жок. Мұнда табиғи эволюция табиғи жолмен, бірелері жаңадан, бұрынғылары қоғамдық өндіріс элементтерінің  «ескертуімен» өзгерін, жүріп отырады. Оның отпелілігі мүндағы жаңа өндіріс әдісінің пісіпжетілуінде, бірак бұл бір өндіріс әдісінің  екіншісіне өту кезеңі емес. Мұндағы процестер өте күрделі, өткен жаңа заңдылықтарды қалыптастыру бұрынғылардың модификациялануы мен жаңалануы, мәңдік қатынастарының өзгерген түрлері түралы сөз болып отыр. Бұлар жөнінде өтпелі кезенде айтуға болмайды, өйткені ол бұрынғы түрдегі процестерді өзіне қабылдамайды және адекватты материалдық –техникалық база жасалған кезге дейіндігіні қамтымайды.

              Шаруашылықты жүргізудің жаңа түрінің қалыптасуын айтқанда мынаны атап өту керек: жаңаның бәрі емес жаңаның жоғары дәрежелі,қоғамдық өндіріс түрінің біреуін басқасының ауыстыруы бұл тауарлы өндірістің заңы. Өндірістің жаңа ұжымдық түрінің ену процесі-аралас экономика. Аралас экономиканың өтпелі экономикадан айырмашылығы мынада: өтпелі экономика формациялық даму деңгейін және қайта өзгерісті ұйымдастыруды көрсетеді.

 

 

Аралас экономиканың белгілері

 

         Ірі өнеркәсіпті бір сатысынан басқасына ауыстырғын өндіргіш күштердің өсуі адамзат қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуының қатпарларында да терең өзгерістер туғызады. Бұл процестердің белгілері Ресей ғалымдарын мынадай қорытындыға итермеледі:” Мүмкін соғыстан кейінгі тарихқа тән жалпы адамзаттық құрылымның интенсивті күшеюі, өркениеттің жаңа түріне өтудің куәсі болар. Ол экономикалық тиімділікті терең түсінгені ізгілікпен қосуға бағытталған”. Мәселенің бұл қойылысында қазіргі дүниедегі өзгерісті мәнді мойындау бар.

          Екінші жағынан, болып жатқан өзгерістерді айтқанда қоғамдық өндіріс түріндегі өзгерістерді көшіруге болмайды. Олар, жай ғана модификация емес, басқа да мазмұнға, жағдайға өту. Бұл өзгерістер машиналарды енгізу, ірі өнеркәсіптің нәтижесі, содан кейінгі қоғамдық өндірістің индустриялануы капитализм шеңберінде ұжымдық өндірістің өмірге объективті келуін қамтамасыз етті. Нәтижесінде қоғамдық өндіріс машинаға сүйеніп өз бойында қарама-қарсы екі тенденцияны қосады, кәсіпорындар мен өндіріс салаларының оқшаулануы және өзара байланыстылығы. Тауарлы өндірістегі ұжымдық қатынастарды немесе ұжымдық өндірестегі тауарлы қатынастардың қоғамдық өндірістің бір түрінен екіншісіне ауысып өтпелі жағдайы нарықтық қатынас дамуының жаңа сатысы-аралас экономиканы туғызады.

            Тауарлы өндіріс- аралас экономика, өйткені мұнда ұжымдық өндіріс қалыптасады, біреуінің заңдылықтары басқасына айналады. Аралас экономика қызметінің ерекшелігі, тауарлы өндіріс заңдылықтарына негізделген ұжымдық өндірістің заңдылықтарының әрекеті сипатымен байланысты. Экономикалық қатынастар дамуының табиғи-тарихи процесі меншіктің түрлі формаларының басын қосады. Шаруашылықты жүргізудің бір тәсілі табиғи жолмен басқа тәсіліне ауысып отырады.

             Аралас экономиканы түрлі өндіріс әдістері арасындағы кедергі, ол мемлекеттік жеке кәсіпкерлік ісіне араласуынан болады деп қарамаау керек. Аралас экономиканы көп укладтылықпен теңестіруде қате көзқарас. әр түрлі укладтар түрлі дамыған өндіріс әдістерінде болды. Айталық, дамыған капитализмде феодалдық жер пайдалану, ұсақ тауарлық шаруашылықтың қалдықтары болды; бірақ осының себебінен капиталистік өндірістік қатынастардың негізіне аралас экономиканы кіргізу, тауарлы өндірістің капитализмді туғызғанымен бірдей, керісінше емес. Аралас экономиканы формациялық емес деп қарауда күмәнді. Мұндай көзқарас азиаттық өндіріспен ұштасады, оған маркстік-лениндік формация жүйесінде орын табылмағаны белгілі. Шын мәнінде бұл көзқарас қоғамдық қатынастарға үстіртін қараудан шығады. Егер бұл құбылыс капитализмде емес, социализмде емес десек, онда ол информациялық құбылыс бола алмайды. Мұндай көзқарас қоғамдық даму барысындағы процестерді көрсете алмайды.

 

Қазақстандағы аралас экономика

 

         Аралас экономика ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде өнеркәсіпті шоғырландыру процесі нәтижесінде күрделі корпорациялар; монополистік ұйымдар арқылы пайда болды. ХХ ғасырдың 30- жылдарында аралас экономика теориясында Д. М. Кейнс өз үлесін қосты. Кейнс мемлекеттік күрделі қаржылар басқармасын құру қажет деп санады. Сонымен бірге жекеменшік капиталы да керек деген пікір айтты.

         Аралас экономиканың бірнеше белгілері бар. Бірінші белгісі- мемлекеттік меншіктің экономикада белгілі үлес салмағының сақталуы. Екінші белгісі- бұл экономика құн және жоспарлық қатынастар арқылы реттеледі. Осы тұтқаларды қолдануды мемлекеттік жоспарлау орындары жүзеге асырады. Аралас экономиканың елеулі сипаты макро және микроэкономикалық дәрежеде ұйымдастыру, басқарудағы экономикалық тұтқаларды кеңінен пайдалану.

         Аралас экономикада нарықты жарнама, маркетинг, жоспарлау т.б. ұйымдастыру шаралары арқылы күрделі, орташа және ұсақ кәсіпкерлік тиімділігін, жолдарын реттеуге болады. Бірақ аралас экономикада өндірілетін өнім көлемін мемлекет жоспар арқылы белгілемейді, қайда қанша, және қандай тауар өндіріп, қызмет көрсету қажеттілігін нарық өзі анықтайды.

         Жоғарыда көрсетілген аралас экономиканың негізгі белгілері қоғамның қазіргі индустриялық даму дәрежесіне тән экономикалық жүйенің ерекше заңдылықтарына бағынышты. Бұл заңдылықтар дегеніміз жеке меншікке негізделген тауар өндірісі мен мемлекеттік меншіктегі тауар- ақша қатынастарының көрінісі. Тауар өндірісінің негізгі заңы – құн заңы. Бұл заңның басты талабы нарықта тауардың бағасын белгілегенде оны өндіруге жұмсалған еңбек шығыны еске алынады. Баға дегеніміз құнның ақшалай көрінісі. Еркін бәсеке үстемдік ететін капиталистік қоғамда жеке тауар өндірушілер өз тауарына баға тағайындағанда оған жұмсалған еңбегіне сай өзіне қажет заттар алуды көздейді. Осыған орай тауарлы ақша қатынастарына нарықтық экономика қажет болатынына тоқтау керек.

 

 

Қазақстанның нарыққа өтуі

Қазақстан республикасы ұлттық тәуелсіздік алумен қоса қабат нарықтық экономикаға, нарықтық шаруашылық механизміне көшудің қырлы меселелерін шешуге мәжбүр болып отыр. Кеңес одағымен бірге әкімшілік- әміршілдік жүйенің тұтас дәуірі аяқталды да, ХХғасыр соңындағы дамудың жалпы әлемдік деңгейіне сай келетін өркениетті шаруашылық нарық құрудың мүмкіндігі әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі ретінде қатарға қосылуы үшін бізге жаңалық болып отырған нарықтық экономиканы мемлекет, кәсіпорын, ұйымдар деңгейінде ғана емес, өмірге келген әрбір адамға дейін жақсы меңгеруі тиіс. Нарықтық экономика мәселелері мен басты принциптерін білмей тұрып, бүгінгі күнде өзіңді білімді, өз қоғамыңның шынайы экономикалық өміріне аяқ басқан адам ретінде елестету қиын.

 

 

Жеке меншік

 

Жек меншік — өндіріс құрал жабдықтарына, оның нәтижесінде жеке бір адамдардардың – меншік иесінің иелік етуі. Ол екі нысанда болады: еңбекке негізделген және өз еңбегіне негізделмеген. Еңбекке негізделген меншіктің субъектілері бір мезгілде әрі қызметкер (өзі еңбек етеді ), әрі меншік иесі болуы мүмкін, ол еңбек өніміне тек өзі иелік етеді, қанаудың қандайда болсын түрін қолданбайды. Еңбекке негізделмеген жеке меншік, басқа біреудің еңбегіне, жалдамалы еңбекке сүйенеді. Жұмыс күшінің өндіріс құрал – жабдықтарымен қосылуы, меншік табиғатын ажырата білу, нарықтық қатынасқы еніп келе жатқан біздің республика үшін өте маңызды.

        Меншіктің тағы бір түрі – аралас меншік. Мұнда жеке және қоғамдық меншіктің әр қилы ұштасуы орын алады. Мысалы, кооперативтік, акционерлік, мемлекеттік меншік.

 

 

Жекешелендіру

 

Жекешелендіру – нарықтық қатынасқа өтудің түбірлі мәселесі. Ол жеке меншік секторы мен акционерлік қоғамдардың және бірлескен кәсіпорындардың алдыңғы позицияларды алуын көрсететін қозғалысты анықтайды. Оның жүргізулі нарықтық қатынастық пәрменділігіне байланысты болады. Жекешелендіру – меншіктің барлық түріне – мемлекеттік, ұжымдық және жеке меншіктің теңдігі мен құқығына қалыпты жағдай жасайды. Адамдарға меншікті қайтарумен байланысты өндірушілерден бәсекелесуге жарамды өнім түрлерін өндіруге деген ынтасының арта түсетініне сенім білдіруге болады.

 

 

 

 

Мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің қазақстандық үлгісі

 

          Нарықтық экономикаға көшу мен меншік қатынастарын түбірімен өзгертуді талап етеді. Өйткені, шаруашылық субъектілер (иелері) нарықта өз жұмыстарына өздері жауап беретіндей, соған әрдайым мүдделі, жұмыс нәтижесінде толығымен иелік ететіндей болуы керек. Мұндай талаптар дәрежесінен көріну үшін нарықта меншік иелері бәсеке жағдайында әрекет етіп, жұмысты тиімді ұйымдастыруы шарт. Дәлірек айтқанда, қазіргі нарық көп меншіктілік жағдайда ғана өз қызметін ойдағыдай атқара алады. Меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру нарыққа көшу барысындағы аса маңызды мәселе. Біріншіден, қазіргі күрделі де, қиын жағдайда қалыпты әлеуметтік ахуалды жасауға еңбекшілерді әлеуметтік қорғауға, олардың тұрмыс жағдайын жақсартуға мемлекеттің күші жетпей, әлсіздік көрсетуде. Міне, осындай жағдайда меншіктің бірқатар бөлігін ортақ мүдделерге сай пайдалана білетіндерге беру тиімді болары даусыз. Екіншіден, өндірісті дамыту, бағаның өсуін тоқтатып, өндіріс шығындарын кеміту, тек бәсеке механизмі әрекет еткенде ғана мүмкін болады. Бәсеке – нарықтың қозғаушы күші ретінде әрекет ете бастағанға дейін, халық шаруашылығын тұрақтандырып, инфляция құбылысын реттеу үшін, қаржы-несие қатынастарын берік қолда ұстау қажет. Сондықтан, жоғары салық ставкасы мен банк процентін енгізу керек болды. Әрине, мұндай жағдайда экономика ойдағыдай, тиімді дами алмайды, оның халыққа ауыртпалық келтіретіні де белгілі. Ал нарықтың қалыпты қызмет етуі үшін монополиялық үстемдікті жою және жекешелендіру өте қажетті.

          Мемлекет иелігінен алудың мәні мынада. Орталықтандырылған мемлекеттік экономиканы көп түрлі аралас экономикаға көшіру мәселесі мемлекеттік тікелей басқарудан құтылу,көп меншікті басқару формасына өтуді қарастырады. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің формалары әр қилы. Олай дейтініміз біріншіден, мемлекет иелігінен алуды меншік иесін ауыстырмай-ақ, тек орталықтан басқаруды өзгерту жолымен жүргізуге де болады. Мысалы, аренда кезінде негізгі қорлар иесі өзгермейді, алайда оның өніміне, айналым қорларына арендатор иелік етеді, соған байланысты меншік қатынасы да өзгеше сипатқа ие болады. Ал мемлекеттік кәсіпорынды акционерлік қоғамға айналдырғанда бүкіл акциялар мемлекет пен акционеолер арасында бөлінеді. Осы екі жағдайдың екеуінде де мемлекеттік органдар тікелей әкімшілік басқару қызметінен айырылады.

             Жекешелендірудің ең қарапайым түрі өнім шығаратын кәсіпорындарды (өндірістік кешен ретінде) сату. Бұл жағдайда сатып алушы толық меншік иесі болады. Тағы бір қарапайым формасы кәсіпорын мүліктерін түгелімен бөліп беру. Бұлардың күрделі формасы мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамға және жауапкершілігі шектеулі қоғамға (серіктестікке) айналдыру.

            Жекешелендірудің субъектісі физикалық мағынада- жеке азаматтарды, заңдық мағынада – кәсіпорындар мен ұйымдар. Бірінші жағдайда мемлекет меншігі жеке меншікке ауысады. Дамыған елдерде жеке меншік негізгі өндірістік қорлардың 5-13 процентіне иелік етеді. Ал акционерлік қоғамдар меншіктің басым бөлігіне ие болып отыр. Жекешелендіру субъектісі еңбекшілер ұжымы болуы да мүмкін. Мұндай жағдайда ұжымдық (халықтық) кәсіпорын идеясы орын алады.

          Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің объектісі мемлекеттік мүлік, оның ішінде өндірістік, материалдық айналым қорлары, мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы активтері, тұрғын үй қоры т.б. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыру кезінде мемлекеттік меншіктің басым көпшілігі жаңа субъектілерге көшуі тиіс. Сонда ғана қоларды сапалы пайдалану арқасында ұдайы өндірудің экономикалық тиімділігі мен әлеуметтік әділеттілік ұштасатын болады. Мемлекеттік меншікті үлестіре салу оңай мәселе емес, ол үлкен талдауды қаже етеді. Бұл арада қиындықтар да, жоғалтулар да орын алуы әбден мүмкін. Нарыққа көшу іскерлікті де, тәуекелділікті де қажет етеді. Дамыған демократиялық қоғамдардың әлеуметтік базасы орта тап өкілдері. Міне, осылардың қатары неғұрлым көп болса, соғұрлым қоғамның саяси-әлеуметтік тұрақтылығы да баянды болып нығаяды. Мемлекет меншігіне орта таптың иелік етуі дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғанындай экономикалық жағынан тиімді болады. Міне, сондықтан да тәуелсіз мемлекетіміздің егемендігін баянды етуің, күш-қуатын арттырудың маңызды факторлары жүріп жатқан экономикалық реформаларды тереңдету болып отыр. Бүгінгі күннің өзекті проблемасы Қазақстанның нақты экономикалық және ғылыми-техникалық тәуелсіздігіне жету. Егеменді экономикалық мағынада жүзеге асыру ең алдымен ұлттық  нарықты құрумен тікелей байланысты. Міне, сондықтан да біздің қоғамымыздың даму қажеттілігі ұрғысынан экономикалық реформаның өзекті мәселесі мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру болып отыр. Қазақстанда қабылданған 1993-1995 жылдарға арналған мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасында мемлекеттік меншікті одан әрі өзгертудің жолдары айқын белгіленген. Бұл негізінен бірнеше принциптерді қамтиді. Атап айисақ жекешелендірудің мақсаты әлеуметтік әділеттілікті сақтау, жаппай жекешелендіру барысында азаматтардың мемлекет меншігіндегі өз үлестеріне құқылығын сақтау және т.б. Тағы бір мәселенің басын ашып айтсақ, мемлекет иелігінен алу бар да, жекешелендіру бар. Мемлекет иелігінен алу дегеніміз мүлікті мемлекеттің басыбайлы меншігінен алып, оның иелері қатарына меншіктің басқа да түрлерін енгізу, мәселен, мемлекеттік зауыт енді акционерлік компания болуы мүмкін. Ал жекешелендіру дегеніміз — әр адамға меншік беру деген сөз. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің бірінші кезеңі біз күткендей нәтиже бермеді.

          Сансыз кедергілерге тап болып, қолды бір сілтегендер де, әсіресе ыңғайын таппай, әрі-сәрі күйін кешкендер де жетіп жатыр. Ал енді осышақтағы бейберекетсіздік пен бақылаусыздықты , ақшаның құнсыздануын, бағаның тұрақсыздығын пайдаланған алыпсатарлардың қаптап кеткені қынжырарлық жәй. Осындай бұра тартушылық пен жасырын жекешелендірулік басым түскен бірінші кезең де аяқталды. Осы бірінші кезеңде ұжымдық меншік деген пайда болды. Ұжымдық меншік дегеніміз де иесіз меншікке айналды. “Бәрі де біздікі – бәрі де менікі” деп айтқанымызбен сол меншіктің нақты жағдайы үшін жауап беретін адам табылмай қалды, мінеки, сөтіп үлкен ағаттық жасалды. Кей жерлерде кеңшарлардыжекешелендіру барысында маңдайшадағы жазуды “ ұжымдық” деп ауыстырумен тындық. Ең тиімсіз берекесіз жұмыс істегендер де осы топтпғылар болды. Байқасақ, ұлттық бағдарламада агроөнеркәсіп кешенін жекешелендіру баптары өзінше бөлек жасалған. Себебі, агроөнеркәсіп кешенінде қалыптасқан өте күрделі мәселелерді ескеру қажет болды. Әр адам өз үлесін алсын. Ал ары қарай жеке дара тірлік ете ме, жоқ, әлде ұжымдықшапуашылық құра маөздерінің еркібілсін. Ұжымдасып отырған адамдарды ешкім күштеп тартпайды. Ал өзіне өзі сеніп, жеке шығам дегендеріне де кедергі жасамау керек. Жекешелендірудің алдында барлығымыз бірдейміз, маман да, шопан да, жұмысшы да т.б. Бұдан біраз бұрын еңбек стажына сәйкес әр адамға тұрғын үй купондарыесептелді. әр адамға 100 купон қалада  120 купон ауылда инвестициялық купондар берілді. Міне, мемлекеттік тең мүмкіндік беруі осы, мемлекет бағыт сілтейді, басқа да ұйымдық шараларын жүргізеді. Ал әрі қарайсол теі мүмкіндікті қалай жүзеге асыру бұл әркімнің міндеті. Бірінші кезеңде істелген жұмыстар мен тәжірибелер біздің кең ауқымды жекешелендіруге кірісіуімізге мүмкіндік береді. Жекешелендірудің екінші кезеңінде мемлекет меншіктің көптүрлігіне көшудің бірыңғай саясатын жүргізуді алға қойды. Сөйтіп, бағдарламаны жүзеге асыруда жекешелендірудің бірінші кезеңіне тәнболған қателерді жоюға жағдай жасап отыр. Мемлекеттен сатып алу мен жекешелендіру мәселесін іске асырғандамемлекет тарапынан бақлауды қатайту қажет екенін алғашқы кезең тәжірибелері көрсетті. әрине, бұл өте қиын мәселе, себебі бүкілхалық болып құрған, жасаған, мемлекеттік меншікте болып келген қыруар байлықтықалайша барша халыққаәділдік пен теңдік жағдайында таразыны тең ұстап бөліп беруге болады. Сондықтан да, мемлекет тарапынан нені жекешелендіру керек, нені мемлекеттен сатып алуға болады, осы мәселелерді реттейтін экономикалық және құқықтық тетік өте қажет. Осыған байланысты тағы бір мәселе мүліктерді мемлекет иелігінен алу барысында олардың бағасын дұрыс анықта. Себебі, кейбір билік пен байлықтың кілтін қолдарына ұстаған алаяқтардың алтынды бақырға балап, халық байлығын өз пайдасына айналдырып жіберуі мүмкін ғой, тіпті кей жерлерде солай болғаны белгілі. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, меншіктің бір қолға жинақталып, шоғырлануы қай кезде де келеңсіз жағдайларға әкеп соғады. Жалпы қоғам үшін оның екеуі де тиімсіз. Сондықтан, мүлікті мемлекет меншігінен алу немесе оның иесін өзгерту, қысқасы меншіктеу дегеніміз мүліктіаздаған адамдардың қолына жиіп беру емес. әңгімеқоғамның әрбір мүшесінің меншік иесі болатындай жағдай туғызуда, республикамыздың әрбір азаматына бөлінугетиістібайлықтың теңдей үлесін белгілеп, бөліп беруде. Бұл үшін әрбір адамға сыбағалы акцияларын (жекешелендіру чектерін, купондарын т.б.) үлестіруді белгілі бір тәртіппен анықтау қажет. Мемлекеттік мүлікті жекешелендірудің бүгінгі кезеңдегітиімді жолы- ірі және ортакәсіпорындарды, мекемелердіакционерлік қоғамдарғакөшіру, жерді негізінен жалгерлік әдіспен пайдалану. Бұдан басқа да әдістерді пайдалануға болады(сату, ассоциация, концернге бірігу т.б.). әрине жекеменшік иесі болу әркімді дееңбек өнімділігін арттыруға, өнімді көп шығаруға жетелесе керек. Бұған дәлелді жекешеленген шаруашылықтардың даму қарқынынан көруімізге болады. Мысалы, жекешелендірудің нәтижесіндереспубликадағы 482 кәсіпорында 59 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Агроөнеркәсіп кешенінде 553 шаруашылық республика бойынша жалпы өнім көлемінің 38,7 % мөлшерінде өнім өндірген. Міне, бұл жетістіктердің арқасында республикадағы арнаулы есепшотқа 3,3 млрд. теңге және жергілікті есепшоттарға 850 млн. теңге түсті.жекешелендірілген кәсіпорындардың жалпы саны 1993 жылы 7 мыңнан асты, оның шамамен 68% — сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыс қажетін өтеу, коммуналдық шаруашылық объектілері. Бұл процестермен бір мезгілде бірсыпыра ортажәне ірі кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар етіп қайта құру жұмысы  да жүргізілді. Жарғылық қор 23 млрд.теңге болатын 522 кәсіпорын қайта құрылды. Жекешелендірілген объектілердің 32% бұрынғысынан тәуір, тиімді істесе 29% сол деңгейде қалған, өкінішке орай  25% — өнім шығаруды кеміткен, ал  14% тоқтап қалған немесе жұмыс істейтін адамдар санын қысқартуға мәжбүр болған. Соңғыларының дені ұжымдық меншіктегілер. Жоғарыда айтып өткендей бірінші кезең құжаттарында орын алған ұжымдық меншік салдары осындай. Ондай кемшіліктер қатарына жекешелендіру барысында бастан-аяқ мемлекеттік басқарудың болмағанын, болса да, жеткілікті болмағанын және мемлекет мүлкін қарпып қалу, иеленіпкетушілік орын алғанын атауға болады. Республикалық меншікті жекешелендіру бір орталықтан жүргізілсе, коммуналдық меншікті жекешелендіруді 16 облыс, республикалық 2 қала, 215 аудан өзінше жасады. Бұның өзі де қаншама бұра тарту, бұрмалаушылықты тудырды. Жекешелендірудің басты мақсаты — өнім өндіруді және оның сапасын жақсартуды бұрынғыдан арттыра түсу, тауар молшылығын жасау, халықтың тұрмыс дәрежесін жаңа сатыға көтеру. Сондықтан қоғамдық мүлікті жекешелендіру оны талан – таражға салудың басы емес, керісінше оны тиімдіпайдаланудың, еселенген еңбекөнімділігінің негізгі тұтқасы. Міне, сондықтан да әлеуметтік әділеттік принциптерін сақтау және азаматтардың жалпыхалықтық меншікке үлесінің конституциялық құқығын іске асыру мақсатында жекешелендіру процесіне Қазақстан Республикасының халқын жалпылама тартып жаппай жекешелендіру көзделуде.

 

 

 

 

 Қазақстандағы кәсіпорындар мен банк жүйесі

 

Кәсіпорындар арасында өзара қарым-қатынастардың жаңа сипаты қалыптаса бастады. Орталықтың міндетті шешімдерінің орнына өзара тиімділікке негізделген дербес келісімдер келді. Бұл қалыпты экономикалық қатынастар. Біздің жағдайымызда олар соншалықты жай мәселе емес,  өйткені біріншіден, кәсіпорындарында көбіне таңдау мүмкіндігі жоқ, екіншіден, орталықтың билігі қажетті кепілдіктер беру үшін әлі де керек. Беймемлекеттендіру мен монополиясыздандырусаясатының әрі қарай жүзеге асуына сәйкес, кәсіпорындар арасында көп жақты қатынастарды нарықтық құрылымын қалыптастыру тұрақталып, тауарлардың өзара айырбас сапасы артады, өйткені екі жақта да таңдау мүмкіндігі көбееді. Біртіндеп кәсіпорындар мен банктер арасында қарым – қатынастар өзгереді. Егер, банктер таяуда ғана өткен кезеңде экономикада мардымсыз рөл атқарғанын еске алсақ, бұл өте күрделі мәселе. Банктер дербестікке ие болмағандықтан, несие мекемесі ретіндегі мәртебесіне сай билік жүргізе алмады. Мысалы, несиелер анық төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарға қарызға берілді. Көбінесе несие саясатында әміршілдік принципке сүйенген стиль пайдаланылды да, жоғары тұрған басшылар несиені беруге бұйрық беріп, оның қайтарымдылығын қамтамасыз етуді талап етпеді.

         Қазір Республикада жаңа банктік жүйе қалыптасуда. Оның элементі ретінде коммерциялық банктер пайда болуда. Олар дербестік, шығынын өзі өтеу, несие саясатында, тіпті банкроттыққа дейінгі жоғары қауіп жағдайында жұмыс істеуде. Банктер, кәсіпорынға несиені өз тәуекелі мен жауапкершілігіне сай беретіндіктен енді клиенттерінің экономикалық және финанс жағдайын алдын ала білуге ұмтылады. Мемлекетіміз Қазақстан территориясында банк іс-әрекетін реттейтін заңдарды қабылдап, практикалық басшылыққа алуда.

         Кәсіпорындарда мемлекеттік бюджетпен қарым – қатынастар қалыптасуда. Кәсіпорынды қаржыландыру көздері түбегейлі өзгеруде: енді қайтарымсыз бюджеттік инъекциядан арылып, қаражатты несие ретінде сатып алуға ( қайтарымды және мерзімді ) көшуде. Қазір кәсіпорын өзіне ғана сенуі керек, өйткені алған қарызды келісілген мезгілінде қайтарып, пайдаланғаны үшін процент төлеуі керек. Мұндай қарым – қатынастарда сақтандыру мекемелерінің жаңа рөлі пайда болады. Мемлекеттік сақтандыру мекемелерімен қатар банктер сияқты коммерциялық тәуекел жағдайында жұмыс істейтін жаңа сақтандыру компаниялары пайда болуда. Егер қауіп дәрежесі жоғары болса, банк, мысалы, кәсіпорынға несиені сақтандыруды ұсынуы мүмкін, сөйтіп кәсіпорын өз қауіп – қатерін сақтандыру компаниясымен бөліседі. Енді бұдан былай екі жақты бақылау қалыптасады: банк пен сақтандыру компаниясы бірлесіп кәсіпорынның төлемдік қабілетін бағалап, несиенің мақсаты мен бағытын зерттеп, содан кейін ғана шешім қабылдайды. Егер сақтандыру компаниясы бұл коммерциялық қауіпті сақтандырудан бас тартса, несиені беру не бермеу банктің өз ісі болады.

          Қысқаша айтқанда, банктер мен сақтандыру компанияларының жаңа рөлі кәсіпорындардың өз міедеттемелері бойынша жауапкершілігін арттыруға өз тжоспарларын тиянақты есептеуге және өлшеуге бағытталған. өз кезегінде кәсіпорындар да банктер мен сақтандыру компанияларыұсынатын қызметтердің сапасынаталаптарын күшейтеді.

 

 

Қазақстандағы машина жасау өнеркәсібі

 

         Бұл халықшаруашылық саласы екіге бөлінеді: металл өңдеу және машина жасау. Қазақстанда мұндай бөлшектердің белгілі бір маңызы бар. Себебі бұл саланың қалыптасуы және дамуы республиканың экономикалық дамуының келесі кезеңінде халық шаруашылығының қалыптасқан құрамына елеулі әсер етеді.

          Қазақстанда өнеркәсіптің пайда болуы орасан зор пайдалы кен қазыналары шоғырланған жерде байланыстары жоқ рудниктер, шахталар, мұнай кәсіпшіліктері және басқа кәсіпорындарын салудан басталады. Қазақстанда машина жасау өнеркәсібінің жетекші салалары болып ауылшаруашылық, ауыр және электротехникалықұрылымдар саналады, бұлардың үлесіне машина жасау өндірісінің жалпы өнімінің жартысынан көбі(56,3%) келеді, оның ішінде 1/3 астамы ауылшаруашылық машина жасау саласының өнімі.

            Ауылшаруашылық машина жасау ірі кәсіпорындары “Қазахсельмаш”, “Ақтөбесельмаш”, “Манкентживмаш”, тағы басқалар. Ауыр машина жасайтын ірі кәсіпорындар : ААМЗ (АЗТМ), №1 Қарағанды машина жасайтын ірі кәсіпорындар : Өскемен конденсатор, Кентау трансформатор, Шымкент “Электроаппарат”, Семей кабель шығаратын, Алматы шағынвольтты заводтары.

             Қазақстан егемендік алуына байланысты шығарылатын машиналар және құрал – жабдықтардың техникалық деңгейін, сапасын арттыру негізінде иеншік машина жасау өнеркәсібін құру міндеті тұр. Бұл міндетті шешу жаңа материалдар және озат технологиялық, конструкциялық шешімдерді қолдану арқылы жүру керек, сонымен қатар шығарылатын өнімдердің металл жұмсалуын төмендету қажет.

әлемдік экономикада табыс табу бойынша бірінші орынға автокорпарация ие, екінші орында – мұнай корпарациялары. Республикада автомобиль жасайтын мелекеттік бағдарлама жасалды, оны орындау үшін 3-4 млрд. доллар және ондаған миллиард теңге қажет. Мамандардың есебі бойынша, жұмсалған шығын 3-4 жылдың ішінде ақталады.

 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                         

Қазақстанның отын-энергетикалық кешені

(ОЭК)

          Қазақстан өзінің меншікті табиғи қорларымен өзін-өзі отын-энергетикалық заттармен толық қамтамасыз ете отырып, сонымен қатар республикадан тыс жерлерге отындарды және электр энергиясын тасымалдауға мүмкіншілігі бар. Республикада отын энергетикалық қорларды шығару оны пайдаланудан 15,6% -ке артық, қазып алынатын көмірдің 42%-і республикадан тыс жерлерге тасымалданады, бұл оны ішкі пайдаланудан 1,5 есе көп. Мұндай шығару оны пайдаланудан 1,4 есе мол. Республика көмір, мұнай, газ, су ресурстары, жаңғыш тақта тас, ыстық су сияқты отын-энергетикалық қорларға ие. Отындар қазып алатын техника-экономикалық жағдайы тиімді жағынан сипатталады. Екібастұз бассейні көмірінің экономикалық жоғарғы дәрежеде тиімділігі барлығымызға мәлім. Сондай-ақ қазаұстанның мұнай және газ кен орындарының тау-геологиялық және экономикалық көрсенткіштері бірегей.

           Мұнай, газ және көмірдің жалпы қоры 13,0 млрд. т. Мұнай эквиваленті шамасында немесе бір адам басына шаққанда – 722 т. мұнай эквивалентіне тең. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан дүние жүзіндегі мемлекеттердің алғашқы ондығына енеді.

            ОЭК-тің дамуы барлық халық шаруашылық мәселелерін шешудің негізі, сондықтан Қазақстан энергетикалық бағдарламасында келесі ұйымдастыру-экономикалық шаралар көзделуі керек:

  • материалдық және қаржы қорлардымол жұмсау арқылы ОЭК және онымен байланысты салалардың материалдық-техникалық негізін нығайту;
  • отын өндірушілерді Қазақстанның негізі отын-энергетикалық базасына жақын орналастыру арқылы респудликаның өндіргіш күшін орналастыруды жетілдіру;
  • мұнай, газ, көмір шығару Қазақстанның батыс және солтүстік-шығыс аймақтарында өсуіне байланысты осы энергетикалық қорларды тасымалдаудың әр түрлі әдістерін жете зерттеу;
  • ОЭК салаларында өндірісті реттеуде нарықтық буындарды жете зерттеу.

        Салааралық байланыстардың тарамдануы, ОЭК кәсіпорындары құрылыстарының мерзімінің ұзақтығы Қазақстанның отын – энергетикалық қуатының құрылымын жетілдірудің күрделі мәселе екендігін дәлелдейді.

        Экономиканы құрамдылық, техникалық және ұмымдастыру – шаруашылық жағынан қайта құруға байланысты, республика алдында тұрған стратегиялық мәселелерді шешудің қажеттілігін еске ала отырып, салыстырмалы шектелген және қамбат отын қорларын пайдаланудан мол және арзан отын қорын пайдалануға көшуге алдын ала жағдай жасау қажет. Қазақстанның жоғарғы деңгейде қалыптасқан қор және энергия сыйымды халық шаруашылық құрылымы отын – энергетикалық ішкі заттарды тиімді пайдалануды қажет етеді.

         Қазіргі кезде отын – энергетикалық қорлардың басым бөлшегі тікелей отын және энергия (34,1%) ретінде пайдаланылады, ал оларды прогрессивті бағытта пайдалану өте төмен. Тұтынылған отын – энергетикалық қорлардың тек қана 0,3% химиялық және мұнай химиялық өнімдерді өндіруге жұмсалады. Бірталай шығын отындарды өңдеу, сақтау және тасымалдау кезінде кетеді. Газ өндіруде шығынның көлемі 32%-ке жуық, мұнай өндіруде 29% — тен астам, көмір өндіруде – 13%.

          Жақын шет елдермен шаруашылық байланыстардың бұзылу жағдайында нарыққа көшу кезеңінде автономиялық энергетика жүйесін құру қажет. Сондықтан республиканың отын – энергетикалық шикізаттарын дайын өнім өндіруге дейін өңдеу қажет. Жақын келешекте Қазақстанда электр тогын өндіру өзінің дәстүрлі энергия көздерін пайдалануға сүйенеді. Олар көмір, су қоры, осылармен қатар атом энергетикасы да дамиды. Алыс келешекте, энергетикалық дамуды болжау бойынша, күн және жел энергиясын пайдалануға да сүйенеді. Көмір өнеркәсібінде тасымалданатын Кузнецк көмірін Қазақстанда шығарылатын көмірге ауыстырған экономикалық жағынан тиімді. Мамандардың ұсынысы бойынша Шығыс – Қазақстан облысындағы “ Юбелейный “ көмір кен орны Кузнецк көмірін ауыстыра алады. Мұнай өңдеу өнеркәсібінде Павладар және Шымкент мұнай өңдейтін заводтарды өз шикізаттарымызбен жаьдықтандыру ең басты мәселе. Осымен қатар Республикада мұнай өнімдерін өндіруді молайту қажет.

           Қазақстанның ОЭК ерекшелігі – оның өз ішіндегіге қарағанда көрші республикалардың ОЭК тығыз байланыстығы. Бұған себеп болған мынадай жағдайлар:

  • өзінің жеткілікті шикі мұнай шығаратын мүмкіншілігі және мұнай өңдейтін заводтардың қуаттылығы бола тұрып, республика мұнай өнімдерін шеттен тасиды;
  • Батыс Қазақстанда шығарылатын шикі мұнай іске қосылған құбырлар арқылы Ресейдің Еділ бойына тасылмаданады.

1991 ж. басынан экономиканың энергетикалық саласын энергетика және электрлендіру министрлігі және Мемлекеттік геология жер қойнауын сақтау комитеті басқарған. 1992 ж. басында Қазақстанның мұнай және газ өнеркәсіп Министрлігінің негізінде энергетика және отын қоры министрлігі құрылды. Энергетика саласының кәсіпорындары және мекемелері ҚР Министрлер кабинетінің Мемлекеттік комитеті арқылы басқарылды. Экономиканың осы саласының кәсіпорындары және мекемелері энергетика және отын қоры министрлігі жағындағы он холдинг тобы болып қайта құрылды. 1993 ж. аяғында ҚР Президентінің қаулысы бойынша энергетика және отын қоры Министрлігі мұнай және газ өнеркәсіп Министрлігі, энергетика және көмір өнеркәсіп министрлігі болып екіге бөлінді.  

 

Мұнай және газ өнеркәсібі

 

      Отын-энергетика кенінің бұл саласы екі тармаққа бөлінеді: мұнай және газ шығару, мұнай және газ өңдеу. Қазақстанда әсіресе мұнай және газ шығару саласы дамыған.

       Қазақстан жерінде бірінші мұнай фонтаны 1889 жылы Қарашұңғыл барлау алқабы атты, кейін Доссор және Мақат екі мұнай кәсіпорындары іске қосылды. Осы үш мұнай кен орындары республиканың батысында Атырау облысында орналасқан.

       Қазіргі уақытта Қазақстан мұнайы өңделместен, негізінен республикадан тыс аймақтарға (Ресей, Азербайджан,Түркменстан) тасымалданады, ал Қазақстанға сырттан толып жатқан мұнай өнімдері тасып әкелінеді. Мұндай жағдай мұнайды тасымалдаудың және өңдеудің ұтымды жолдарын таңдауды дәлелдеу проблемаларын туғызады.                                                                                                                                                                                                    Республикада мұнай қорының молдығы және мұнай шығарудың техника-экономикалық қолайлылығы оны шығару көлемін шұғыл көбейтуге мүмкіншілік береді. Бірақ та онда екі проблема дәлелдеп шешу қажет: біріншісі, егер де Маңғышлаққа шикі өнім өндіретін бағыт берілсе, онда мұнайды өңдейтін бағыттарға қарай қуатты мұнай құбырын салуды бастау қажет;  екіншісі, шикі мұнайды шығарылған жерде өңдеуге бағыт алатын болсақ, Маңғышлақ мұнайын өңдеу нобайын өзгерту қажет. Мұнайды шығарылған жерде өңдеу, шикі мұнайды шетке шығарудан және мұнай өнімдерін шеттен әкелуден экономикалық жағынан ұтымды.

       Қазақстан мұнай өнеркісібінің екінші жолмен дамуы орасан зор инвестицияны және шетел капиталын тартуды қажет етеді. Осы себебтен Атырау және Маңғыстау еркін экономикалық аймақтары ашылды, ал көмірсутектер шикізаттар шығаратын және өңдейтін Қарашығанақ мұнай компаниясы, Тенгизшевройл сияқты ірі ортақ кәсіпорындары құрылды.

      Космостан суретке түсіріп алу және жер бетіндегі зерттеулердің нәтижесі бойынша, Каспий теңізінің солтүстік жағалауында мұнайдың қоры 3 – 3,5 млрд т., газдың қоры 2 – 2,5 трлн. куб. м. тең. Қазіргі уақытта республикада келесі өте ірі мұнай – газ кен орындары жұмыс істейді: Теңіз, Қарашығанақ, Өзен және т.б.

       Қарашығанақта кен орнын игеруге қатынасатындар “BRITISH GAZ” ағылшын, “AGIP” Италия компаниялары, “Газпром” Ресей акционерлік қоғамы, Қазақстан жағынан “Қазақгаз”мемлекеттік холдинг компаниясы. Инвестицияның көлемі 320 млн. АҚШ доллары. Алматыда 2.09.1995. ж. келісім бойынша шикізат сатқан пайдада Қазақстаның үлесі 85% болады. “Қазақгаз” кен орнын игеруге тапсырма бере отырып, “BRITISH GAS”, “AGIP” және “Газпром” орындаушылармен олардың шығындарын ақтау үшін шикізатты сатқаннан кейін жыл сайын 70 – 80 млн. АҚШ долл. аударып отырады. Қазіргі кезде осы кен орнында “Маңғыстаумұнайгаз”, “Жарқын” акционерлік қоғамдар және “ORIX ENERGY” американ компаниясы бірігіп “Арман” деген ортақ кәсіпорын ашты. Бұлардың әрекет өрісі теңізді барлау және мұнай, газ шығару. Қажет инвестицияның көлемі 110 млн. АҚШ долл. тең.

        Мамандардың пікірі бойынша, Каспий аймағы келешек ғасырда дүние жүзінде өте ірі мұнай және газ өндіретін аймаққа айналуы мүмкін. Осыған байланысты мұнай құбырларының ішкі және экспорттық жүйелерін дамытып, олардың мұнай ағызу қуаттылығын арттыру мақсаты туып отыр. Қазақстанда мұнай өнімдерін, өндірісін өсіру Атырау МӨЗ қайта құру және кеңітумен және 9 – шы бесжылдықта Павлодар, Шымкент МӨЗ салуымен байланысты. Соңғы екі МӨЗ Тюмен мұнайын өңдеуге бағытталған. Осыларды шикізатпен қамтамасыз ету үшін ұзындығы 2 мың км. Омбы – Павлодар – Шымкент мұнай құбыры салынды. Кейбір мамандар мұнай өңдейтін кәсіпорындардарын республикада шоғырланған мұнай шығаратын аудандарға ( Маңғышлақ, Бозашы ) орналастыру идеясын ұсынады. Олар өздерінің ойларын келесі пысықтаулармен дәлелдейді: біріншісі, мұнай шығарудың көлемінің өсуіне байланысты парафины көп Маңғышлақ мұнайын құбырмен тасымалдау шығындарды өсіреді, сондықтан мұнайды оның шығарылатын жерінде өңдеген жөн ; екіншіден, мұнай шығарылатын жерлерде мұнай  өңдейтін кәсіпорындарын салу аудандарының жан – жақты дамуына әсер етеді. Ал мұнай өңдейтін заводтардың жолай қалдықтарын ( мұнай газы ) пайдалану салааралық мұнай – газ – химия технологиялық кешен құруға сенімді шикізат базасын туғызады.

       Маңызды отын – энергетикалық байлық болып газ саналады. Бірақ та республикада газ өнеркәсібі әзңрше кеңінен дами алған жоқ. Қазіргі кезде республикада табиғи газдың болжау қорын барлау өте шамалы. Тек қана Батыс Қазақстанда табиғи газдың болжау қоры 5 трлн. куб. м. деп есептеледі. Қазақстанда жанар – шақпа тас Батыс Қазақстанда Чернозатан, Тоғай, Новошинов, Шығыс Қазақстанда Кендірлік кен орындарында ашылған. Кендірлік кен орнында жанар – шақпа тастың өндірістік қоры 175 млн. т. есептелінеді.