АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі

ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

 

ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТАНЫМ МЕТОДОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

Ғылым тарихы мен философиясы пәні бойынша кандидаттық емтихан тапсыруға арналған

 

 

 
 
РЕФЕРАТ

 

Тақырыбы:

«Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Сатыбалдиева А.Е.

Тексерген: филос.ғ.д.,профессор Алтаев Ж.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы-2007ж

Мазмұны:

 

Кіріспе

 

ҚР-дағы білім беру жүйесі

 

1.1 Қазақстандағы жастар мәселесін әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қарастыру.

1.2 Білім беру деңгейін көтеру үшін қабылданған мемлекеттік бағдарламалар мен шаралар.

1.3 Білім беру саласындағы әлеуметтік-экономикалық кемшіліктерді жою мен шара қолдану.

1.4 Білімді жастардың болашағы – жоғарыға өрлететін жол.

 

Қорытынды

 

Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазақстан Республикасын әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикалы мемлекет ретінде таныды. Тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде еліміз әлемдік қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткізді.

Осы орайда, қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің, адам ресурстарының рөлі мен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнің болмысына барабар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіліктеріне сай болуды талап ете отырып әсерін тигізеді.

Жедел өзгеріп отыратын әлем мен ақпарат легінің ұлғаюы жағдайында іргелі пәндік білім міндетті, бірақ ол білім берудің жеткілікті нысанасы болып табылмайды. Қазақстандық білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық базасы, құрылымы мен мазмұны жағдайында дамуын жалғастыруда. Білім беру мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр және оқитындарды қоғам өміріне құзіретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қарастыра отырып даярлауға бағдарланбаған. Өңірлік деңгейде білім беруді басқарудың біріздендірілген жүйесінің болуы, білім беру бөлімдерінде мамандардың штат санының жетіспеушілігі білім беруді басқарудың тиімділігіне кері әсер етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚР-дағы білім беру жүйесі

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Көптеген дамыған елдер мектепке дейінгі білім беруге тең қол жеткізу үшін мүмкіндіктер жасайды. Ал, Қазақстанда 2000 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі ұйымдардың саны 12 бірлікке (1%), ал олардағы балалардың контингенті 25 421 балаға (18,7%) өсті, бұл мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту сұранысының өсуі мен осы сұраныстарды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы теңсіздікті айғақтайды (1 кесте). Нәтижесінде мектепке дейінгі ұйымдардағы 100 орынға 105-тен 130-ға дейін баладан келді. Тұтастай алғанда, республика бойынша 22 мыңға жуық бала мектепке дейінгі ұйымға орналасу үшін кезекте тұр, бес-алты жастағы 127 мың бала мектеп алды бағдарламамен қамтылуға тиіс.

1 кесте. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

Жылдар

Желі

Контингент

2000

1144

135287

2001

1167

146375

2002

1162

153965

2003

1156

160708

 

Мектепке дейінгі тәрбие жүйесінде 16,3 мың педагог қызметкер еңбек етуде, олардың 38,7%-ының жоғары білімі, 52,8%-ының арнаулы орта педакогикалық білімі, 6,4%-ының аяқталмаған жоғарғы педагогикалық білімі бар. Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің 40%-ының ғана жоғары және бірінші санаттары бар, ал 31,2%-ының санаты жоқ.

1999 жылы Қазақстанда балалардың міндетті мектепалды дайындығы еңгізілді, бұл балаларды мектепалды дайындық бағдарламасын қамтуға әсер етеді (1 диаграмма).

 

 

 

1 диаграмма. Балалардың мектепалды дайындықпен және мектепке дейінгі оқытумен қамту көрсеткіштері

Жалпы орта білім беру. Жалпы білім беретін мектептегі реформалардың шетелдік тәжірибесі оқытудың мерзімін 12-13 жылға дейін ұзартуды, жоғарғы сатыдағы оқушылардың оқудағы жетістіктері мен кәсіби оқытуды сыртқы бағалау жүйесін еңгізуді көздейді.

Қазақстанның жалпы орта білімі жалпы білім беретін мектептер санының көбеюімен әрі демографиялық және көші-қон процестеріне орай жекелеген өңірлерде шағын жинақталған мектептердің өсуіне ықпал еткен оқушылар контингенттінің азаюымен сипатталды (2 кесте).

2 кесте.Жалпы орта білім беру

Оқу жылы

Мектептер саны

Оқитындар контингенті

2000/2001

8109

3043,3

2001/2002

8171

3019,5

2002/2003

8164

3095,6

2003/2004

8260

3026,2

 

Бастауыш және орта кәсіптік білім беру. Дамыған елдердегі кәсіптік білім беру жағдайына жасалған талдау кадрларды даярлау процессіне қатысу үшін жұмыс берушілерді көтермелеу тетіктерінің, сондай-ақ кәсіптік білім берудің сапасын реттеудің институтционалдық негізінің бар екенін және кәсіптік бағдарламалардың аса ұтқырлығы мен кірігуін айғақтайды. Қазақстан Республикасының бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйесі 722 оқу орнынан, оның ішінде жалпы оқушылар контингенті 341,3 мың адам 307 кәсіптік мектеп пен 415 колледжден тұрады.

Кәсіптік бастауыш білім беретін оқу орындарында оқитындардың контингенті 2000 жылдан бастап 2004 жылға дейін 10,3 мың адамға ұлғайды.

4 кесте. Бастауыш пен орта кәсіптік білім беру

Оқу жылы

КМ (КЛ) саны

Оқитындардың контингенті

Мембюджет қаражаты есебінен оқитындардың саны

2000/2001

306

88,3

75,4

2001/2002

312

88,1

72,1

2002/2003

312

89,6

82,3

2003/2004

307

98,7

91,3

 

Жоғарғы оқу орнындарының 41 мың адамды құрайтын профессор-оқытушы құрамының 2520-сы ғылым докторы және 11610-ы ғылым кандидаты. 10000 тұрғынға шаққандағы студенттердің саны 2000-2001 оқу жылындағы 257 адамнан 2003-2004 оқу жылында 439 адамға артқан (5 кесте).

5 кесте. Жоғарғы оқу орнында білім беру

Оқу жылы

Жоғарғы оқу орындар саны

Оқитындардың контингенті

Мемлекеттік тапсырыс

2000/2001

181

440715

21970

2001/2002

182

514738

25265

2002/2003

173

590982

25465

2003/2004

180

655661

26465

 

2000 жылы қабылданған «Білім» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында жоғарғы білім беру мамандықтарының жіктеуіші жетілдірілген. Оқу процесінің технологиялы болуын қамтамасыз еткен бастауыш курстардың біріздендірілген білім беру бағдарламалары мен қоса жоғарғы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары әзірленді. Жоғарғы білімге даярлық мамандықтары мен бағыттарының пәндері 7000 үлгі оқу бағдарламаларымен қамтамасыз етілді.

Педагок кадрларды даярлау, кайта даярлау және біліктілігін арттыру.

 Педагог мамандықтары бойынша базалық даярлықты оқитындар контингенті 167 мың адамнан астам және жылына 22 мыңнан астам мұғалім шығаратын 34 жоғарғы оқу орны 19 педагогикалық мамандық бойынша жүргізді. Педагогтерді даярлауға арналған мектепттік білім беру тапсырысы: 2001 жылғы 5655 грант пен кредиттен 2004 жылы 6075-ке дейін өсті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Қазақстандағы жастар мәселесін әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қарастыру.

 

Жақында ғана еліміз алғашқы мүше жасын атап өтті. Бірнеше жылдар бойы аңсаған егемендікке қолымыз жетіп, бүгінгі ұрпаққа оның қиындығы мен қуанышын көру бұйырған. Сонымен қатар мемлекетіміздің жеке отау болып, іргетасын қалап, алаулаған жалауын көтеру мен бірге, сол туды құлатпай, бүкіл әлемге паш етіп, дамыған елдер алдында бас имей, ғасырлар бойы әрбір шаршы метр жерін шоқпарымен қорғаған ата-бабалар аруағына кір келтірмей, елімізді алға апарар ұрпақ өсіріп, тәрбиелеу міндеті қоса жүктеліп отыр.

Атам қазақ «ел болам десең, бесігіңді түзе» деген екен. Ендеше сол келешегіміз, егемендігіміздің болашақ қорғаны, халқымыздың көш бастар серкелі – жастарымыздың бүгінгі күніне бір үңіліп көрейікші. Бұл жағдай сұрасаң, мен оны айтсам, сен де жылайсың, мен де жылаймын дегендей. «Ауруын жасырған өледі» демекші, ащы да болса шындыққа бойлап, ой салып сараптап көрелік, біздің елде білім беру дәрежесі төмен десек те қателеспейміз. Оған бізде бірнеше себептер бар соның бірі қаржыландыру мәселесі. Әрине, қаражат мәселесін министірлік ұсынысымен Үкімет шешуі тиіс. Менің жеке ойым, сол министрлікте тиісті бағдарлама жасалынып есептеп, талдау жасап отырған мамандар жоқ сияқты. Себебі, қарапайым есеппен, Үкімет басшысына, Мәжіліске мәселе қойып шықса, сол жердегі жауапты басшылар мен депутатардың барлығының отбасы, балалары бар, ешқайсысы қарсы болмас деп ойлаймын.

 Сонымен қатар, нарықтық жағдайда кез келген өндірістік, әлеуметтік қарым-қатынастардың шешуін табатын алуан алуан әдістер мен амалдар бар. Тек жауаптық қызметте отырған белсенділердің жауапкершілік пен шешім қабылдау батылдығы керек. Мысалы, заманның ауыр кезеңінде кейбір облыстар қысқарып жатқанда, қазіргі Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағанбетов Атырау облысын екі-үш жыл ішінде, өткен Одақтың бірінші хатшылары мен өзіне деген әкімдерін халық ісін істемеген қыруар шаруаларын шешіп еліне деген махаббаттың нарықтық істер мен дәлелдеп жергілікті тұрғындар кеңесіне кенелді. Ал министр болғанда, айлап-жылдап, күндіз-түні отырып жазған қол жазбаларын баспаға бере алмай қаражатсыз қиналып жүрген жүздеген ақын, жазушыларға қолұшын беріп бүкіл қазақ еліне керекті, заманымыздың әдеби мұра болатын кітаптарын шығарып берді. Бұл не көрсетеді? Демек, елім-халқым деген басшылар болса тап біздің Қазақстанның байлығы, мүмкіндігі азынаулақ, 15 миллионнан сәл асқан халқына дамыған басқадай мемлекеттер сияқты толықтай жағдай жасап, еңбек етіп, білім алуына мүмкіндік туғызуға болады.

Өкінішке орай, кейбір шенеуніктер ел жағдайын өзінің отырған жайлы орнымен және бала шағасының қарыны тоқтығымен өлшейтін сияқты. Осыдан  келіп, Президент айтқандай, тегіс жерден күрделі мәселе тудырып, қарапайым халықтың жанын қинап, басын ауыртар адам естімеген, естісе сенбейтін жағдайлар туады.

Бұл мәселенің шешуін басқа деңгейде, жергілікті жағдайда қарастырып көрелік. Алматы қаласына жан-жақтан тіпті басқа мемлекеттерден келіп еңбек етіп отбасыларын асырап, жағдайларын жөңдеп жүрген адамдар көп,  ол баршаға аян. Ауылдан келген студенттер де Сейфуллин, Рысқұлов даңғылдарына шығып біреудің ауласын тазалап , үйін жөндеп, үй-мүлкін көшіріп немесе күзетшілік, даяшылық, тағы сол сияқты жұмыстарды өз беттерімен тауып, күнделікті тамағына, азын-аулақ киім-кешегіне қаражат тауып, жоғарғы оқу орындағы оқуларын жалғастырып келеді. Олай болса, қалада жұмыс күшіне сұраныс жеткілікті, яғни, оны сол жоғарғы оқу орнының әкімшілігі жергілікті мемлекеттік атқару органдары мен бірлесе отырып сол жастардың көмегімен белгілі бір жүйеге келтіріп, ретке салуға болатын сияқты. Ондай жүйеде салған, біріншіден, студентердің жұмыс іздеуге кетер уақытын үнемдеп, екінші жағынан олардың еңбегін алдамай, ақысының дұрыс төленуіне бақылау жасау үшін керек. Нарықта осы жобаны іске асыру үшін төмендегідей жүйенің жобасын қарастыруға болады.

Қалалық әкімшілік жанындағы Орта және шағын кәсіпкершілікті қолдайтын департамент жанында қала бойынша күндіз-түні істейтін диспетчерлік орын құрылып, ол қала ішіндегі уақытша және тұрақты тапсырыстар қабылдап, олармен істелетін жұмыс көлемін уақытын, оның керекті құрал-саймандарымен жабдықталуын, материалдармен қамтамасыз етілуін және төлейтін еңбекақысымен келісіп, жоғарғы оқу орындарында құрылған өздерінің филиалдары арқылы, студенттерден құрылған еңбек күштері мен атқарып отырса болар еді.

Бұл жобаны, тапсырыс берушілер үшін де артықшылығы бар. Өйткені, баршаға аян өз отбасының хал-жағдайын, мүмкіндігін сырт адамдардың білмегенін қалайсың, себебі көптеген үй тонау, отбасына шапқыншылық жасау мүмкіндігі көп мезгілде өзінің бұрын білмейтін, сырттан келген адамдарды жұмысқа алу өте қауіпті. Ал әлгіндей жүйе болса, кез келген қала тұрғыны өз үйінде отырып орталық диспетчерге телефон соғып, тапсырыс берер еді.

Тағы бір артықшылығы, бүкіл дүниеде үрей туғызып отырған бізден бетін аулақ қылсын, әр түрлі бағыттардағы ұйымдар мүшелерінің қарапайым жұмысшы ретінде қалаға еніп, лаң салу мүмкіндігін азайтады. Осы тұрғыда сол жоғарғы оқу орындарында да өздерінің студенттеріне жағдай жасауына бірнеше мүмкіндіктер бар.

  1. Әсіресе, ұлттық және мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында білім алу үшін төленіп отырған қаражат қалай пайдаланылып отыр, бұл осы уақытқа дейін шешуін таппаған және өте мұқият тексеріспен талдау жасауды керек етіп отырған мәселе.
  2. Сол оқу орындарының көптеген алаңдар мен бөлмелерін, шеберханалары мен жатаханалары оқу бағдарламасына үш қайнаса сорпасы қосылмайын жеке тұлғаларға, іскерлерге жалға беріліп отыр. Ал одан соң жерде еңбек етіп отырған мұғалімдер мен студенттер нендей пайда көріп келеді, егер жылма жыл оқу бөлмелерін сол мұғалімдер өз есебімен, өз күштерімен жөндеуден өткізіп, тіпті керекті оқу құралдарын да айлығына сатып алып отырса.

 Сол себепті осындай жоғарғы оқу орындарын басқару және қаржыландыру жүйелері қайта құрылып ашық айқын бір тәртіпке келтіріп тез арада шешім табуы керек ететін үлкен бір мәселе. Сонымен қатар министрлік арқылы әрбір оқу орындарын сол жердегі оқытушылар мен студенттерге сабақтан тыс уақыттарында, қосымша халық тұтынатын әр түрлі құрал-саймандар, күнделікті үй тапсырмасына керекті жабдықтар жасап қарапайым тұтынушылардан тапсырыс алып, пайда табуын ұйымдастыру керек.

Ол үшін сол жоғарғы оқу орындарындағы барлық мүмкіндіктер  соларға жасалынып қолдау берілуі тиіс және сырттан ешбір адамға, заңды тұлғаларға жалға беруді немесе сатуды қатаң түрде қысқартқан дұрыс. Жалпы, қандайда болмасын оқу орындары болашақта өздерінің қаражатын тек қана студенттер есебінен ғана емес сондай кәсіптікпен және әр түрлі ғылыми жаңалықтар жасап еліміз жылма-жыл бірнеше миллиардтаған қаржы бөліп отырған инновациялық жобаларға қатынасып, сол жерде дәріс алып жүрген студенттердің, мұғалімдердің толықтай жағдайын жасауға бет бұрыс алуы керек.

Егерде осындай талап қойылып оның атқарылуы қатаң бақылауға алынса онда студенттерде іскерлікке, жауапкершілікке үйреніп киыннан жол табар көш бастаушысына айналар еді. Ендеше, еліміздің болашағына жауапты бүгінгі студенттер жағдай тек қана олардың мәселесі емес ол бүкіл халықтық болып қала берді, үлкен саяси мәні бар үлкен де, күрделі мәселе.

 

 

 

 

 

  • Білім беру деңгейін көтеру үшін қабылданған мемлекеттік бағдарламарлар мен шаралар

 

Нұрсылтан Әбішұлы халыққа арнаған биылғы үндеуінде әлемдік білім кеңестігінің көш басында жүрген академиялық институттар мен ғылыми орталықтырды Қзақстанғы тарту үшін алғы шарттар жасау қажеттілігіне айрықша тоқталды. Бұл талап еліміздегі білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлкеттік бағдарламасы мен үндес. Осыдан – ақ Президент саясатының білім беру жүйесін ілгерілетудегі бірізділігін аңғару қиын емес. Өйткені ол былтырғы жолдауында да осы мәселеге айрықша көңіл бөлген еді. Жаңа сапаға жетелеген талап үдесінен шығу үшін Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіндегі кең ауқымды ізденіс жұмыстарын жүргізіп келеді.

Айталық білім берудегі сапа деңгейін айтарлықтай көтеру үшін Канада, Оңтүстік Корея, Австрия, сол сияқты Ресейдің бірнеше ЖОО және ғылыми орталықтары мен әріптестік байланыстар орнатылды. Сонымен бірге ұжымымыздың Еуразия – Тынық мұхит университеттерінің ассоцациясына қабылдануы жаңа сапаға көтерілгендігіміздің айқын айғағы. Біз үшін 2005 жылдың  16 қыркүйегінде Болон университетінде (Италия) «Университеттердің Ұлы Хартиясына» қосылуымыз білім беру сапасын Еуропалық стандарттарға сәйкестендіруге бағытталған, нәтижелі қадам болып отыр.

Нақты дәлел ретінде айтар болсақ, ұжымның ғылыми әлеуетінің жаңа сапалық деңгейге көтерілуінің көрсеткіші 7 профессор-оқытушымыз ҚР жоғарғы оқу орынының үздік оқытушысы мемлекеттік грантының иегері атанды. Облыс ғалымдарының ғылыми әулетің өндіріспен ұштастыруда технопарк қызметінің орны ерекше. Ғылыми жобаларды жинақтап, оларды қаржыландыру, осы технопарктің негізгі қызметтерінің бірі болып табылады. Бұл бағытта университет ғылымдарының 6 жобасы ұлттық инновациялық орталықтың коталоігіне ендіріліп, өңдіріске енгізілуге әзір, бұған қосымша түрлі қаржы көздерін пайдалану арқылы талантты жастардың элитарлық жоғарғы білім алуына мүмкіндіктер жолдары қарастырылды.

«Петро Қазақстан Құм көл Ресорсиз» компаниясы мен облыс әкімшілігі арасында жасалған екі жақты келісім шарт негізінде коорпоративтік «Демеу» қоры бөлінген қаржы көмегімен қоршаған ортаны қорғау және өндіріс шығындарын азайтуға бағытталған ғылыми ізденіс жұмыстарын жүйелі жүргізуге және бірнеше білімді жастарымыздың алыс-жақын шет елдерде білім алуына мүмкіндіктер туды.

Болашақ орта класс өкілдерін қоғам қажетіне сай тәрбиелеу ісіне түрлі деңгейде білім беретін барлық мекемелер де жауапты екені белгілі, осыған сәйкес университет ұжымы бірқатар ауқымды шаралар атқаруды жедел қолға алды. Соның ішінде қысқартылған бағдарлама негізінде облыс көлемінде балық және күріш кластерлерін дамыту қажетті мамандар даярлаудың икемді жүйесі қалыптасып келеді.

Бұл жағымды жаңа әдіс арқылы студент  жастарды университет қабырғасында шағын және орта бизнеспен айналысуға бейімді оқыту республикамыздың дүние жүзілік сауда ұйымына қабылданары алдында біздің экономикалық мүлдемізге сай келетіні анық.

Биылғы Жолдаудың ерекшелігі – Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын әлемдік экономикада интеграциялық процестердің ағымына ұштастыруда болып отыр.

Қазақстанның Орталық Азияда ұлтаралық келісім ұйытқысы ретінде танылып, кейбір ғаламдық мәселелерді шешу барысында саясат сахынасында салмағы артқаны әлемге әйгіленді.

Елбасы Жолдауы отаншылық рухқа толы оптимизімге шақыратын терең толғаныс. Жолдау – мемлекет басшысының өз халқына кемел келешек пен жақын болашаққа бастайтын саяси-экономикалық бағдарламасы.

Қазіргі кездегі білім беру саласындағы қатынастарды реттейтін құқықтық нормативтік база 1991 жылдың 28 маусымындағы Қазақ КСР-інің «Қазақ КСР-індегі мемлкеттік жастар саясаты» туралы заңының Қазақастан Республикасының Президенттінің 1999 жылының 28 тамызындағы «ҚР-ның мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы туралы» үкімінен, осы үкімге сәйкес шығарылған республикалық және аймақтық бағдарламалар дан т.б. құқықтық актілерден тұрады.

1991 жылы қабылданған Қазақ КСР-і заңының кейбір нормаларының қазіргі уақытта заман талаптарына сай келмей модерндендіру процесін талап етуде екені айрықша көзге түсуде. Соңдықтан да Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министірлігі жаңа «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңның жобасын әзірлеу үстінде.

Ендігі кезекте ҚР президентінің үкімімен бекітілген мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасына көз жүгіртсек, бұл тұжырымдаманың көптеген халықаралық құқықтық нормалары мен қатар, ішкі нормативтік құқықтық актілердің «Қазақстан — 2030» стратегиялық бағдарламасының басшылыққа алынып әзрленгенін көреміз. Сондай – ақ бұл тұжырымдама да мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты мен басымдылықтары, негізгі принциптерінен бағыттары сияқты қоғамды толықтыратын мәселелер толық қанды баяндалған.

Осы тұжырымдаманың төртінші бөлімінде жастардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың кезеңдік сипаттағы іс қимылдарының негізгі бағыттарының бірі ретінде қарастырылған.

Ал жастардың әлеуметтік-экономикалық, саяси, жеке құқықтарын қамтамасыз ету мехенизімі жайлы толыққанды айтылмағаны өкінішті-ақ. Жастардың құқықтары мен бостандықтарын тұжырымдамаға сәйкес ювеналдық әділет жүйесін қалыптастыру, құқықтық мәдениетті көтеру және т.б. арқылы қамтамасыз ететіні туралы мәселе толық шешімін таппай отырған сыңайлы.

Жастар ретінде ҚР-да жаңа заңның жобасы бойынша 14-пен 29 жас аралығындағы азаматтар танылатынын ескерсек кәмелетке толмағандардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін барынша тиімді қорғау мақсатында дамыған елдерде қолданылып жүрген ювеналдық әділет жүйесін, оның ішінде мамандандырылған соттар жасөспірімдерге арналған жазасын өтеу орындарын т.б. қалыптастыру қажеттілігі тұжырымдаманың аталған бөлімшесінде баяндалған. Ювеналдық әділет жүйесін қалыптастыру 1991 жылы қабылданған заңда да көзделген.

Ол заңның қабылданғанына он жылдың жүзі болыпты. Тәуелсіздігіміздің он жылдық мерей тойына ювеналдық сотты ең болмағанда сыйлық ретінде құру керек еді, бірақ ол да болмады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Білім беру саласындағы әлеуметтік-экономикалық кемшіліктерді жою мен шара қолдану.

 

Нарықтық экономика заңдылықтары елімізде терең тамырланған кезінде қазақстандық жастар алдында сапалы білім алу мәселесі өткір тұр. ҚР жас азаматтарының кәсіби оқу процесін 2000 жылғы деректерге қарағанда 722 оқу орны жүзеге асырылып отыр.

Жоғарғы оқу орны 1995-2000 жыл арасындағы салыстырмалы өзгеріс саны 51-ге көбейді. Ал тек мемлекеттік ЖОО-да дәріс алатындар саны  99535 адамды құрайды. Статистика мәліметтері жоғарғы білімді адамдардың анағұрлым көбейгендігін көрсетеді. 1999-2000 оқу жылының өзінде ақ ҚР жоғарғы білім инфрақұрылымы 55445 маманды даярлап, олардың саны алдыңғы оқу жылымен салыстарғанды 3675 адамға өскенін байқатты, бірақта, «саны да сапасы жоқ» деп айтпақшы, жылдан жылға жоғарғы білімге ие адамдар санының өсуі сол адамдардың жоғарғы білім ұяларында алған білім сапасына күмән тудырады.

Жастардың алдындағы аса маңызды сын таңдау еді. Сондықтан да мемлекетіміздің жастары келешегін ойлап, қандай мамандыққа артықшылығын беретінін «Қазақстан жастары 2000: жағдай, тенденсиялары , болашағы» атты ҚР-ның Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі мен Статистика жөніндегі Қазақстан Республикасы агенттігінің мемлкеттік баяндамасында айтылған. Әлеуметтік сауалнама нәтижесінен көруге болады.

Жастардың заңгер мамандығын 20,2%, экономистер мамандығы 14,2%, банк қызметкерлері 9,6%, шетел салық инспекторлығын 4,5% иеленгісі келетіндігі мәлімденді. Бұл мамандықтарды таңдау жастардың кедонистік және шығармашылық альтуристік бағыттарындағы материалдық жағдайды жақсарту қамтамасыз етілген өмір сүру, қоғамға пайдалы болу, өзін өзі тұрақты жетілдіру мүмкіндігінің болуы, т.с.с. факторлары әсер етеді (2 диаграмма).

Сонымен жоғарыда аталған көптеген шешілмеген мәселелер жас азамттардың білім алуға конституциялық құқығының толық қамтамасыз етілуіне тежеу жасап тосқауыл қойып отыр. Ал тіпті жетім балалар денсаулығы, мүмкіндігі шектеулі балалар, тұрмыс деңгейі төмен отбасылар, деңгейі төмен отбасылар балаларының білім алуға құқығын жүзеге асыруы күрделі мәселеге айналғандығына біршама адамдардың көзі жеткені сөзсіз.

Бұл жайттар қанша уақытқа дейін жалғаспақ бұндай мәселелерді шешуге, олардың алдын алу шаралары неге өзінің оң нәтижелерін бермеуде? Осы сияқты риторикалық сұрақтар әлі біраз уақыт бойы өз өзектілігін сақтап қалатын секілді.

2 диаграмма. Жастардың мамандық таңдау деңгейі (сұраққа жауап бергендердің саны % көлемінде)

1 – заңгер                                         2 – экономист

3 – банк қызметкері                        4 – аудармашы

5 – ЭВМ операторы                        6 – салық инспекторы

7 – дәрігер                                        8 – инжинер

9 – мұғалім                                       10 – психолог

 

Білім беру салаларындағы бағдарламалаларда білім беруді ақпараттандыру және қаржыландыру мәселелеріне де көп көңіл бөлінуде, сол айтылған мәселелерге тоқталатын болсақ, мысалы, орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлектеттік бағдарламасына сәйкес жалпы білім беретін мектептердің 100% компьютерлендірілуі аяқталды. Орталық комуникациялық торап құрылып оған білім және ғылым министрлігінің орталық ақпараттарының торабы және облыстық білім беру департаменттерінің телекомуникациялық тораптары қосылған. Жалпы орта білім беретін ұйымдарға арналған электрондық оқулықтар баслымдары мектеп пәндерінің 225%-ін қамтиды.

Қашықтан оқыту спутниктік арнасына республиканың алты облысының 717 мектебі қосылған.

Сонымен қатар, ақпараттық және комуникациялық технологияларды дамыту және оларды білім беру саласында қолдану қажеттіліктен әлде қайда артта қалуда.

Қазақстанда әр компьютерге жалпы білім беретін мектептердегі 54 оқушыдан келеді, бұл ЮНЕСКО-ның деректері бойынша ТМД елдерінің арасындағы ең жоғарғы көрсеткіштерінің бірі. Сонымен қатар 2002 жылы экономикалық ынтымақтастық және даму ұйым елдері бойынша бұл көрсеткіш 13-ке теңеледі, Литвияда, Венгрияда және Чех Республикасында бұл тиісінше 5, 9 және 15 құрады.

2004 жылдың басында Ұлыбританияның орта мектептерінде бір компьютерге 5 оқушыдан келген, АҚШ-та төрт.

Қазіргі таңда интернет желісіне қосылуға Қазақстан мемлекетінің 24%-ғана қол жеткізген. Финляндияда 1999 жылы 90%-дан мектеп, 2000 жылы Эстония мемлекеттерінің 100%, Австраля, Канада, Исландия мектептерінің 80%, Венгрияда 58%, экономикалық-ынтымақтастықтың және даму ұйымы елдері бойынша мектептердің орташа есеппен 52% интернет желісіне шығу мүмкіндігіне қол жеткізген.

Кәсіптік мектептер мен колледждерде бір компютерге тиісінше 30-35 оқушыдан келеді. Интернет желісінде кәсіптік мектептердің 39% және колледждердің 51% қосылған.

Жоғарғы білім беру деңгейінде ақпараттық жүйемен келісілген интерфейсі жоқ оқу процесін басқаратын жеке оқшау жүйе жұмыс істейді.

Жекеленген жоғарғы оқу орындары оқудың технологиясын еңгізгенде кейбірінде талдау жасалған технология экспериментік режимде іске асырылуда.

3 диаграмма. Интернет жүйесіне қол жеткізген мектептер саны, облыстар бөлінісінде

           1 – Ақмола;                                              2 – Ақтөбе;

         3 – Алматы;                                             4 – Атырау;

         5 – Шығыс Қазақстан                           6 – Жамбыл;

          7 – Батыс Қазақстан;                           8 – Қарағанды ;

          9 – Қызылорда;                                    10 – Қостанай;                                        

          11 –Маңғыстау;                                    12 – Павлодар;

           13 – Солтүстік Қазақстан;                  14 – Оңтүстік Қазақстан;

           15 – Алматы қаласы;                            16 – Астана қаласы.

Білім  беруді қаржыландыру. Еліміздегі экономикалық жағдайдың тұрақтылығы білім беруге арналған мемлекеттік бюджет шығыстарын едәуір арттыруға мүмкіндік береді ( 6 кесте).

Білім беруге арналған мемлекеттің шығыстары абсолютті артып қана қоймай, оның өсуінің едәуір қарқынына қарамастан ІЖӨ-ге пайыздық қатынасы да өседі.

Оқу жетістіктерін тәуелсіз сыртқы бағалау жүйесі: ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰТБ), мемлекет аралық бақылау (МАБ) енгізілді.

Дегенмен білім берудің барлық деңгейлерінің сапасын бақылаудың және бағалаудың қолданыстағы тетігі білім берудің қазіргі нақты жай-күйін толыққанды көрсете алмайды және басқару үшін кері байланыстың обьективті құралы бола алмайды.

Білім беру ұйымдары қызметінің сапасын бағалау көрсеткіштері мен өлшемдері жетілмеген, оьективті мониторинг жоқ.  

6 кесте. Білім беруді қаржыландыру

 

2000

2001

2002

2003

2004

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

2975

3322

3880

4553

5742

Жалпы орта білім

60007

67224

81744

98906

124979

Кәсіптік бастауыш білім беру

2693

3018

3910

5299

6540

Кәсіптік орта білім беру

2662

2528

2989

3595

5001

Жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейін білім беру

8120

9344

11783

12763

15506

Басқада бағдарламалар

4959

17640

14671

24505

33547

Жиынтығы

81416

103076

118977

149521

191315

ІЖӨ-ге %

3,1

3,1

3,2

3,4

3,8

 

Білім беру сапасын басқару компаненттері бытыраңқы жұмыс істейді. Оқитындардың жетістіктерін сыртқы бағалаудың мазмұны, мақсаты және міндеттері қазіргі заманғы білім сапасына деген талаптарға сай емес. Оқитындардың білім деңгейін салыстырмалы зерттеулер жөніндегі  халықаралық бағдарламаға Қазақстан қатыспайды.

Білім және ғылым министрлігінің қолданыстағы статистикалық жүйесі қазіргі заман талабына мағыналық та, технологиялық аспектілері жағынан да сәйкес келмейді. Мазмұны әрі оралымды емес, халықаралық стандарттарға сай келетін, кешенділігі мен толықтығы жағынан қажетті бірізді статистикалық ақпараттық ағын әзірленбеген. Білім беру көрсеткіштерінің жүйесі әр түрлі негіздемелерден жиналған деректер жиынымен алмастырылады, олар пысықталғаннан кейін әкімшілік есептілік терминдерінде түсіндіріледі.

Жаңа жүз жылдықтың басында елдегі экономикалық ахуалдың жақсаруы, сондай-ақ « Білім » бағдарламасын іске асыру жөнінде қабылданған шаралар, тұтас алғанда, білім беру жүйесінің нарықтық экономиканың және ашық азаматтық қоғамның қажеттіліктеріне сәйкессіздігін жою үшін жеткіліксіз.

Келеңсіз құбылыстарды болдырмау, түбегейлі ұйымдық, құрылымдық өзгерістер, білім берудің мазмұнын жаңарту және балаларды оқыту мен тәрбиелеу сапасын жетілдіру, республиканы дамытудың қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлары мен дамуы жоғарғы елдердің озық тәжірбиесіне сәйкес маманадарды даярлау жөніндегі шаралар қолдануды қажет етеді.

Білім берудегі қаржыландыру көздері мен қажетті ресурстары (7 кесте), Қазақстандық білім берудің жаңа моделіне көшуге жағдай жасау үшін экономикалық негізді нығайту қажет. Бағдарламаны іске асыруға қажетті қосымша шығыстардың жалпы соммасы 2004 жылдың базалық бағасында 330 812,0 млн. теңгені құрайды.

7 кесте. Мектептік қаржыландыру көздері

 

2005

2006

2007

2008

2009

2010

Барлығы

Республикалық бюджет

23379,8

34036,9

32150,8

26216,8

29484,4

30501,1

175769,8

Жергілікті бюджет

18022,4

19477,3

21705,1

31552,5

32115,6

32169,3

155042,2

Мемлекеттік бюджет

41402,2

53514,2

53855,9

57769,3

61600,0

62670,4

330812,0

 

Бағдарламаны 2006-2010 жылдары қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлаған кезде нақтыланатын болады.

 

 

  • Білімді жастардың болашағы – жоғарғы өрлететін жол

 

Кез келген жас өркен жоғарыға өркендеу үшін оның фундаментальді тірегі болу керек, біздің заманымызда сол фундамент бастауы білім алу болып келед. Білімді жас елін көркейтеді, туын желбіретеді, деңгейі мен даңқын көтереді. Ал нақты көрсеткіштерге сүйенетін болсақ бізде білім беру мәселесі мен білім алу мәселесі ақсандауда болып келеді.

Біздің жастардың жоғарғы оқу орнын бітіріп , белгілі маман иесі болғаны қандай дәрежеде екенін талдап өтелік.

ҚР жас азаматтарының қазіргі транзиттік кезеңде еңбек нарығында өз білімі мен тәжірбиесін жүзеге асырып, орнықты позицияны иеленуі, яғни өзіне лайықты жұмысқа орналасу мәселесі қоғамды алаңдатуда. Бұл мәселе тек жастарды ғана емес, сонымен қатар еліміздің экономикалық белсенді азаматтарын да толғандыруда.

Сонымен статистикалық мәліметтерге талдау жасап көрелік. Ақы төленетін жұмыс орындарында істейтін жастардың статистикалық көрсеткіштерінің салыстырмалы өсімі, халықшаруашылығындағы үлесінің төмендеу тенденсиясының өрбіп келе жатқаны өкінішті-ақ. 1995 жылы ақы төленетін жұмыс орындарында істейтін жастардың саны 1148953 адамды немесе жалпы жұмысшылардың санына шаққанда 23,7 пайыз болса, бар болғаны үш жылдың ішінде жас жұмысшылардың саны 450160-қа кеміп, 1998 жылы 698793-ті немесе жалпы жұмысшылар санына шаққанда 24,32 пайызды құрады.

Еңбек нарығындағы қатар бәсекелестік жағдайында жастарды жұмыссыздық мәселесі ұдайы алаңдатуда. ҚР-да ресми тіркелген жұмыссыздар саны 1999 жылдың аяғында 251381 адамды немесе халықтың эканомикалық белсенді бөлігінің 3,9 пайызын құраса, оның ішінде жастар 72679 адамды немесе 28,9 пайызды құрады. Жастар арасындағы жұмыссыздық көрсеткіштері жөнінен Қызылорда алда болып отыр (4187 жұмыссыз жастар немесе облыс бойынша ресми жұмыссыздардың 42,3 пайызы), Атырау (4387 адам және сәйкесінше 33,1 пайыз), Маңғыстау (6681 адам немесе 36,8 пайыз), Жамбыл (3154 адам немесе 32,5 пайыз), Шығыс Қазақстан (11130 адам немесе 31,1 пайыз), Оңтүстік Қазақстан (5606 адам немесе 2909 пайыз) және Қарағанды (5726 адам немесе 29,6 пайыз). Негізінен жұмыссыздар қатарын кәсіби жұмыс тәжірибесін шамалы жастар толықтыруда. Мысалы, жұмыс тәжірибесі 1 жылдан 5 жылға дейінгі жұмысыз жастар 22,3 пайызды құраса,5-10 жыл арасындағылар 22,6пайыз, 10жылдан жоғарғылар 10,4 пайызды құрайды. Жұмыспен қамту қызметінің  көмегімен 200 жылдың 1 жарты жылдығында  өтініш берілген жастар арасында 17,7 мыңы жұмысқа орналастырылып, жас орналасу деңгейі26,2 пайызды көрсетіп отыр.

Жұмыссыз жастарды әлеуметтік қолдаудың тағы бір белсенді нысаны кәсіби дайындық, қайта даярлау мен жұмыссыздардың біліктілігін арттыру болып табылады.

2000 жылдың 1 жарты жылдығында ауылды жерлерде жас жұмыссыздардың саны 21,1 мың болып, барлық жұмыссыз жас азаматтардың 31,2 пайызын құрады.  

Осыған ұқсас әр түрлі мәселелер, әсіресе, жұмыс орындарының жоқтығы, жұмыссыз жастардың санының өсуі, ақы төленетін жұмыс орындарында қызмет ететін жас зиялылар санының төмендеуі сияқты, және т.б. теріс тенденциялар өрбу үстінде. Бұл мәселелердің толық шешім таппай отырғаны қоғамды толғандырып қана қоймай, бірқатар жастардың арасында білімге деген құштарлығының оянуына емес, керсінше, өшуіне себепкер болып отырғандай. Ендігі кезекте мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы негізінде бірқатар республикалық бағдарламалар қабылдануы тиіс.

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Сонымен жоғарыда айтылғанды қорыта келетін болсақ, ҚР білім беру көрсеткіштерінің деңгейі төмен деңгейде десек те болады. Өйткені бізді білім беру саласындағы құрал жабдықтар жетіспеуі, қаржы қаражаттың өз орнына дұрыс жеткізілмеуі, сонымен қатар дамыған елдердегідей компьютер желісінің бізде аз қолдануы бізді осындай қиыншылықтар мен ақсаңдауға алып келіп отыр, дегенмен де бұл проблемелерды жою үшін біздің елде бірнеше қатарлы бағдарламалар мен шаралар қолдануда.

Біз келешекте сол алдыға қойған мақсаттарға жетіп, қиыншылықтар мен кемшіліктерді жоямыз деген сенімдеміз.

Бірақ оған ең басты мемлекет қолдауы мен біздер жастардың білімге деген көңіл бөлушілігімізді арттыруымыз қажет. Сол кезде ғана біз болашақты Қазақстан мемлекетін жоғарыға көтере аламыз. Тек қана мемлекет тарапынан көмек көрсетіп отыру, аз болып келеді, өйткені егер мемлекет барлық мүмкіншілікті жасап ал, жастардың өздері білім алмайтын, оқымайтын болса, ең қиыны сонда болады деп ойлаймын, қандай қиын қыстау кезеңі болмасын әр жас өркен өз алдына мақсат қойып мұратына жету қажет, әйтпесе ол осы өмірін бос өткізеді.

Мемлекет деңгейін көтеретін біз болашақ жастармыз сондықтан да, жастарды білім алуға ынталандыру шаралары мен бағдарламаларын кеңінен қолданып, мүмкіндіктері жоқ отбасыларына көмек көрсетіп, ауылдық жерлердегі мектептерді компьютерлер мен қамтамасыз ету қажет, ал бұған мемлекет және жергілікті органдар қолдауы мен көмегі қажет болып келеді.

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

  1. «Жастар болашағы маңызды мәселелердің бірі»; Ембергенов Қ.С. Қазақстан заман; 8 наурыз, 2002 жыл, 3 бет.
  2. «Жастар құқығын қорғау»; Егеменді Қазақстан; 10 қаңтар, 2005 жыл, 7 бет.
  3. «Білім беру деңгейінің көрсеткіштері»; Ембергенов Қ.С. Қазақстан заман; 22 ақпан, 2002 жыл, 6 бет.
  4. «Білімді жастардың болашағы – жоғарыға өрлететін жол»; Орталық Қазақстан; 6 қаңтар, 1998 жыл, 2 бет.
  5. «Жастар біздің болашағымыз»; Егеменді Қазақстан; 14 қыркүйек, 2005 жыл, 5 бет.
  6. «Молодеж в современном мире»; Деловая неделя; 20 марта, 2006 год, 9 стр.
  7. Энциклопедия социальной работы. Т. 1-3. – м., 1993г.
  8. Гершунский Б.С. Философия образования для ХХІ века. – М., 1998г
  9. Кларин М.В. Инновации в мировой педогогике. – Рига, 1995г
  10. Оброзование в мире на пороге ХХІ века. – М., 1991.
  11. Гусинский Б.С. Образование личности. – М., 1994 г
  12. Иванов С.П. Современное образование и психологическая культура педагога. – Псков, 1999 г
  13. «Жастар бостандығы мен құқығы»; Заң газеті; 25 наурыз, 2005 жыл, 3 бет