АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Қазақстан Республикасының Орталық банкі және оның тұрақты ақша-несие аясатын жүргізудегі рөл

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:Қазақстан Республикасының  Орталық      банкі   және   оның тұрақты ақша-несие саясатын жүргізудегі рөлі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тексерген:

Орындаған:

 

 

 

 

 

Несие жүйесінің негізгі буыны-банктер.Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді.Банктер мемлекет пен кәсіпорындардардың,акционерлік қоғамдар мен ЖШС-дің ,мектептер мен ауруханалардың,институттар мен бала бақшалардың және халықтың уақытша бос ақшасын шоғырландырып,оларды іс жузіндегі капиталға айналдырады.Сонымен қатар банктер төлем,есептеу,несие беру,сақтандыру және тағы да басқа көптеген сан алуан операциялар жүргізеді.

  Банк деген ұғым не,ол қалай пайда болды деген сұраққа жауап іздестірейік.Банк деген ұғым италиян сөзі  bank-орындық,айырбас орындығы-айырбас орны деген мағына береді.Тарихта банктың ең жай қызметі,мысалы,тұқым сатып алуға несие алған жағдай б.э.д.VIII-Vғғ Вавилонда кездескен.Сол сияқты ақшаны несиеге алып ертедегі Египетте,Грецияда,Римде зәулім ғимараттар салған. 

   Капитализмнің алғашқы даму сатысында комерциялық банктер банкнота шығаруды капитал шығарудың бір көзі ретінде кеңінен қолданды.Дегенмен несие жүйесінің даму барысында ақша шығару сенімді ірі банктерге шоғырланды.Бұл банкноталардың төлем айналымында кең қолдануын қамтамасыз етті.Сөйтіп тарихи орталық банктердің пайда болуы коммерциялық банктердің банкнота шығаруының бір жерге шоғырлануынан пайда болды.Алғашқыда ол эмиссиялық банк,кейіннен орталық банк деп аталды.Мұндай атақ оның несие жүйесіндегі басқаруына сай беріледі.ХIХ-ХХғғ көптеген мемлекеттерде банкноталарды шығару бір эмиссиялықбанкте шоғырланып,ол мемлекеттің неси жүйесінің түйіні ретінде экономиканы реттеудің орталық қызметін атқарады.

  Тарихи Орталық банктер капиталды меншіктеу жөнінен үш түрге бөлінеді:

  • мемлекеттік орталық банктер,яғни олардың капиталы түгелінен мемлекет меншігінде (мысалы,Англия,ГФР,Франция,Канада,Ресей)
  • акционерлік қоғамдар(мысалы,АҚШ,Италия)
  • аралас акционерлік қоғам,капиталының бір бөлігі мемлекет меншігінде(Жапония,Бельгия)

Кейбір орталық банктер бірден мемлекеттік(Германия,Ресей),кейбіреулері акционерлік қоғам болып ұйымдасып кейін ұлттық банк болып қайта құрылды(Ұлыбритания,Франция). Капитал мемлекет иелігіндн ме,жоқ па оған қарамастан тарихи банкпен мемлекет арасындағы тығыз байланыс қалыптасқан,ол әсіресе нарықтық жағдайда күшеюде. Үкімет өзінің экономикалық саясатын несие-банк жүйесі арқылы жүргізетін болғандықтан орталық банкпен байланысын нығайтуға аса мүдделі.Дегенмен мемлекет оны шексіз басқарады деуге болмайды.Орталық бантың атқарушы биліктен тәуелсіздік дәрежелері де әр елде әр турлі.

   Орталық банктың үкіметтен белгілі бір тәуелсіздігі-оның ақша-несиелік және валюталық тұрақтылықты сақтаудағы іс-әрекеттерінің тиімділігіне қажетті жағдай.

  Дегенмен орталық банктың үкіметтен тәуелсіз қызмет істеуі мүмкін емес.Үкіметтің экономикалық саясатының негізгі элементтері- ақша-несиелік және қаржы саясатын мүлтіксіз орындау орталық банк жуйесінің қызметінің түйіні.Сондықтан үкіметтің макроэкономикалықбағыты орталық банктің ұзақ мерзімдегі саясатын анықтайды.Сайып келгенде кез-келген орталық банкте әрі банктің,әрі мемлекеттік органның белгілері тоғысқан.

  Кез-келген орталық банктің міндеті-ұлттық ақша өлшемінің төлем қабілеттілігі мен валюталық курсының тұрлаулығын қамтамасыз ету,банк жүйесінің өтімділігі мен тұрақтылығын,төлем жүйесінің тиімділігі мен сенімділігін қамтамасыз ету.Осы міндеттерді атқару үшін орталық банк мынвдвй қызметтер атқарады:банкноттарды монополиялы түрде эмиссиялау,ақша-несиелік қатынастарды реттеу,сыртқы экономикалық қатынастарды жүргізу,үкімет банкісінің қызметі.Осы аталған қызметтер орталық банктің балансында көрініс табады.

  Орталық банктің ең алғашқы қызметі-ежелден қалыптасқан мемлекеттің өкілі ретінде заңды түрде-банкнота шығару. Ол-елде төлем міндеттемелерін өтейтін,халық қабылдаған жалпы ұлттық төлем құралы.Кейбір мемлекеттерде орталық банк монополиялы түрде монета шығарады.

  Орталық банктің бнакнота мен монета шығару қызметі тарихи біраз өзгерістерге душар болда.Мысалы,ақшаның алтын стандарты кезінде орталық банктің банкноталары коммерциялық вексельдермен және алтынмен қамтамасыз етілсе,қазіргі кезде несие ақшаларын айналысқа шығару көбінесе үкімет облигацияларымен қамтамасыз етіледі.сондықтан,банкноталарды шығарудың тауар айналымымен тікелей байланысы айтарлықтай азайды,ал оны алтынмен қамтамасыз ету мүлдем жойылды.

   Экономиканы ақша және несие айналымына әсер ету жолы мен реттеу-үкіметтің экономикалық саясатының құрамдас элементі.Оның негізгі мақсаты экономикалық өсудің тұрақтылығына,инфляция мен жұмыссыздықтың төменгі деңгейіне және төлем балансының  тепе-теңдігіне қол жеткізу болып табылады. Дегенмен орталық банк ұдайы өндірісиің заңдылықтарынан туындайтын шаруашылық механизміндегі дағдарыс тағы басқа үйлесімсіздікті жоя алмайды. Орталық банктің әр түрлі мақсатқа бағытталған іәрекеттеріне қарама-қарсылықтар тән.Оның несиені арзанднту мен өндірісті ынталандыру әрекеті,әдетте,шаруашылықтың бір қалыптылығын бұзып,инфляцияны күшейтеді.Ақша массасын қатаң реттеу саясаты ойдағыдай нәтижеге жеткізбейді,себебі инфляция тек ақша қатынастарымен тежеуге мүмкіндік бермейтін көп факторлы процесс.Валюта дағдарысы және валюта курсының төмендеуі кезінде орталық банк елдің төмен балансын процентті жоғарылату мен елге капитал тарту жолымен жақсартуға ұмтылады.Бірақ несиені қымбаттату өндірісті өрістетуге кері әсер етеді.

  Орталық банктің сыртқы экономикалық қызметі-олорталық банктің мемлекеттің валюталық саясатын жүргізетін және валюталық бақылау органы болуы.Ол-ұлттық валютаның айырбастау курсын анықтау және оны реттеу;елдің ресми алтын валюта резервін басқару жөнінде операциялар жүргізу;халықаралық есеп айырысу;төлем балансын реттеу;елдегі одан тыс жерлердегі валюталық құндылықтардын қозғалысын қадағалау;болжамдарды жасауға қатысу және төлем балансын құрастыруды ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу. Орталық банк дүниежүзілік қарыз капиталы нарығы мен алтын нарығына қатысу үшін халықаралық келісімдерді дайындауға,сонымен бірге,халықаралық және аймақтық валюта-несие ұйымдарына өз елінің өкілі болып қатысады.

   Орталық банктің банктерінің қызметі- олорталық банктің кәсіпорындарға және халыққа тура қызмет көрсетпеуі,яғни орталық банктің негізгі клиенті коммерциялық банктер болуы.Бұл оның коммерциялық банктерден айырмашылығы.Орталық банк коммерциялық банктердің кассалық қорларын жинақтау және сақтау қызметін атқарады.Бұл корлар банктік міндетті резерв қорлары деп аталады. Орталық банк банктердің депозиттері бойынша міндеттемелерінің ең аз міндетті резервтеріне арақатынасын ,яғни міндетті резервтердің нормасын бекітеді.

  Орталық банктың ақша-несие саясты деп оның айналымдағы ақша массасын,несие көлемін, проценттік мөлшер деңгейі мен ақша айналымындағы және қарыз капиталы нарығындағы басқа көрсеткіштерді өзгертуге бағытталған іс-шаралардың жиынтығын айтады.Ол саясаттың мақсаты-ақша айналымы мен несие жағдайына әсер ету арқылы шаруашылық конъюктурасын реттеу.Ақша-несие саясаты иә несиеге және ақша эмиссиясына жағдай жасауға,иә оларды іркуге және оларды шектеуге(несиелік рестрикция)бағытталады.Өндірістің дағдарысы және жұмыссыздықтың күшеюі жағдайында орталық банк несие беруді кеңейту және проценттерін азайту арқылы өндірістің жандануына себепші болады.Керісінше,экономикалық өрлеу кезінде кездесетін алыпсатушылық,бағаның өсуі,үйлемсіздікті болдырмау мақсатында орталық банк несиеге шек қою,проценттік төлемді жоғарылату,төлем құралдарын шығаруды тежеу т.с.с шаралар жүргізеді.

  Ел экономикасының жағдайы ақша-несие жүйесіне тығыз байланысты.Несие институттарының санына,несие ресурстары мен жүргізілетін операцияларының көлеміне қарай кез-келген мемлекеттік ақша-несие жүйесінің негізі коммерциялық банктер болып саналады.Оған дәлел,елімізде ақша массасының 75%-тен90%-ке дейінгісі банктік депозиттер(клиенттердің банкке салған қаражаты),ал тек 25-10%-і орталық банктің банкноталары.Сондықтан мемлекеттің ақша-несие саясаты тек орталық банк арқылы коммерциялық банктердің операцияларының масштабы мен олардың түрлеріне ықпал жасауымен ғана табысты бола алады.

 Орталық банк ақша-несие саясатына ықпал ету үшін ең алдымен коммерциялық банктердің депозиттерін ұлғайту немесе азайту мүмкіншілігін пайдаланады.Бірақ одан орталық банк банктерінің депозиттік эмиссиясы мен несие операцияларының көлемін тікелей өзгертеді деген ұғым тумайды. Орталық банк міндетті резервтер жүйесі арқылы банктік несие мен депозиттер динамикасына әсер етеді.Ол банктердің резервтік позициясын реттеумен несие мен депозиттерді қысқарту немесе ұзарту реакциясын тудыруы мүмкін.

  Орталық банктің ақша-несие саясатының әдістері сан алуан,олардың ең көп тарағандары төмендегідей:

  • коммерциялық банктерге берілетін несиелерге проценттік төлем мөлшерін өзгерту(ресми есеп мөлшерін,қайтадан қаржыландыру мөлшерін, ломбардтың мөлшерін)
  • банктердің міндетті қорларының мөлшерін өзгерту;
  • ашық нарықтағы операциялар,яғни вексельдерді,мемлекеттік облигацияларды және басқа бағалы қағаздарды сатып алып-сату операциялары;
  • валюта курсыеың саясаты,немесе курстық саясат.

Бұл айтыоған ақша-несиелік реттеу барлық коммерциялық банктердің операцияларына және толық қарыз капиталының нарығына әсер еткендіктен  жалпы реттеу әдісі деп аталады.Ал іріктеп тексеру әдәсі кейбір несие түрлерін немесе кейбір шаруашылық салаларын реттеуге қолданылуы мүмкін.Іріктеп тексеру әдісіне мыналар жатады:

  • кейбір банктерге банктік несиенің мөлшерін немесе қарызды тікелей шектеу(несиенің шегіне жету деп аталатын)
  • несиенің белгілі бір түрінің берілуіне тәртіп белгілеу,атап айтқанда,маржа мөлшерін белгілеу,(яғни берілуге тиіс сома мен берілген несие арасындағыайырма),депозиттер мөлшері мен несие мөлшері арасындағы айырма(маржа-французша өзгешелік,шама шегі деген сөз)

 Реттеудің дәстүрлі әдісіне орталық банктің проценттік мөлшерін өзгерту жатады.Проценттің ресми мөлшерін өсіру коммерциялық банктердің өз резеритерін толтыру үшін несие алу мүмкіншілігін азайтады,ол өз кезегінде коммерциялық банктердің алған қарызын қысқартады,демек ол ақша массасы мен нарықтық процент мөлшерін өсіреді.Сөйтіп орталық банк процент мөлшерін өсіріп,несиені шектеу саясатын,яғни несиелік рестрикция жүргізеді.

  Процент мөлшерін жоғарылату елге қысқа мерзімді шетел капиталын тартуға әкеп соқтырады.Сонымен қатар,ол төлем балансы мен валюта курсының деңгейіне де әсер етеді.Қорытындысында төлем балансы активиеніп және шетел валютасының курсы төмендеп,ал ұлттық валюта курсы жоғарылайды. Орталық банктің процент мөлшерін төмендету әдәсі,несиені кеңейту саясаты-несиелік экспансия деп аталады.

 Ақша-несие саясаты келесі маңызды әдәсінің бірі-валюта курсының саясаты,немесе курстық саясат.Ұлттық валюта курсының тұрақтылығын сақтаудың баға және ақша айналасының  тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін маңызы өте зор.Ұлттық валюта курсының төмендеуі ішкі нарықтағы алдымен шетел,содан соң отандық тауарлар бағасын көтереді,яғни ұлттық ақша өлшемінің сатып алу мүмкіндігін азайтады.Ұлттық валюта курсының үнемі төмендеуі жағдайында ішкі нарықтағы тауарлар бағасы өндіріс шығындарына емес ,ұлттық валютаның құлдырауына бейімделеді . Курстың төмендеуі инфляцияны тудыратын негізгі факторлардың біріне айналады.

  Орталық банктің валюта курсын валюталық интервенциямен (яғни шетел валютасын ұлттық валютаға сатып алу-сату)реттеу ақша айналысына тікелей әсер етеді.Шетел валютасын сатып алу ұлттық валюталы ақша массасын өсіреді,ал сату ақша массасын қысқартады.

  Валюта курсын реттеу мақсатында ресми процент мөлшерін дәл осындай өзгерту қарызкапиталы нарығы мен ақша айналымына үйлесімді әсер етеді.

  Орталық банк өз қызметін банктік пассив және актив операциялары арқылы атқарады.Пассив операциясы деп банктердің өзіне ақша қаражатын тартып,банктік ресурстар құру операцияларын,ал актив операциялары деп осы қаражатты орналастыру операцияларын айтады.

  Есеп-несие операциялары-есептеу операциясы және мемлекет пен банктерге қысқа мерзімді қарыз беру операциялары болып екі түрге бөлінеді.Есептеу операциясы-ол орталық банктің мемлекет пен банктерден вексельдерді сатып алуы. Орталық банктің коммерциялық банктерден вексельдерді сатып алуын вексельдерді қайта есептеу деп атайды,себебі коммерциялық банктердің өз клиенттерінен астып алған вексельдерін орталық банкке сатқанда,олар екінші рет сатып алынып,есептелінеді.

  Қазыналық вексельдерді есептеуді елімізде уақытшакассалық жетіспеушілікті(яғни мемлекеттік бюджеттің шығындары мен оған түсетін ағымдағы табыстарының арасындағы уақытша ауытқуы) жабу үшін мемлекеттік қысқа мерзімді несиелеу құралы ретінде қолданады.

  Кассалық ауытқуды жоюдың келесі келесі әдісі үкіметке бір жылға дейінгі мерзімге  тікелей банктік қарыз беру болуымүмкін.Коммерциялық банктерге қысқа мерзімді қарыз жай және аударылған вексельдермен,бағалы қағаздармен  және басқа активтермен қамтамасыз етілген жағдайда беріледі.

 Қазақстан Республикасында,басқа дамыған елдерде де орталық банк экономиканы реттеуде үлкен рөл атқарады.