АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖАҒДАЙЫ

 

 

 

жоспар

 

 

 

 

Жұмыссыздықтың мӘні, түрлері, себептері

 

Қазақстан Республикасының жұмыссыздық жағдайы, мӘселелері

 

Жұмыссыздық мӘселесін  шешудің жолдары

 

 

Қорытынды

 

Пайдаланған Әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмыссыздықтың мӘні, түрлері, себептері

 

 

Жалпы жұмыссыздық термині бірінші рет 1911 жылы Ұлыбритания энциклопедиясында 1915 жылы АҚШ-тың Минтруд әдебиетінде қолданған. Қазіргі кезде жұмыссыздық дүние жүзінің барлық елдерінде әр түрлі формада, көлмде, ұзақтықта қатысуда.

Елдегі ңбекке жарамды халықтың қоғамдың өндірісте тұрақты қатысуы. Ол әр бір елдің сақтандыруды қамсыздандыруы ең негізгі факторларының бірі болып табылады.

Әміршіл-әкімшіл экономикадан рыноктік бағдарға ауысуы көптеген жұмысшылардың жұмысынан айырылуына әкеп соғады. Рыноктік қатынастардың дамуы кәсіпкершіліктің қауыпі өндірстік сферадан еңбек, жұмысбастылықтан туындайды. Яғни рынокке ауысудан жұмыссыздықтың, мәні – объективтік процесс, ал басқа жағынан – қоғам, ол жұмыссыздық табиғи деңгейін сақтандырудың ұйғарымды шегін талап етеді. Оның осы қоғамдық шектен шығуы өткір проблема тұғызады.

Жалпы жұмыссыздықты түсіндіруді бүгінгі кезде “қарабайыр” деп атауға болады: бұған еңбектегі баға мен еңбекке ұсыныстың өзара қарым-қатынасы деп айтуға болады. Жалақының төмендеуі еңбекке деген сұранысқа жағдай жасайды және де осыдан жұмысбастылық; жалақы өсімі еңбекке деген ұсынысты өбейтеді, бірақ сұраныс өсімін тоқтатады. Жұмыссыздықтың себептерін талдауды көптеген экономикалық мектептер береді. Ең алғаш жұмыссыздықты түсіндіру туралы ағылшын экономисті Т. Мальтустың “Халықтың өсу тәжірибесі” еңбегінде көрсетілген. Мальтустың айтуы бойынша жұмыссыздық демографиялық себептерге әкеліп соғады, соның нәтижесінде халықтың өсуі қарқыны өндірістің өсу қарқынынан асып түседі.

Ал Марксистік әдебиетте Мальтустың теориясын “тұрпайы” және дәрменсіздік деп қарап тұрақты дәстүр қалыптасқан. Мұнда айтылады: “жұмыссыздықтың түп негізін өзінен іздеу емес, оны дәл экономикалық шаруашылық жүйеден іздеу керек” дейді.

Жалпы К.Маркс жұмыссыздықты өзінің “Капитал” еңбегінде зерттеп қарастырған. Ол айтып кеткен, техникалық өрлеумен өндіріс жабдықтарының көлемі мен бағасы өседі, жан басына шаққанда 1 жұмысшыға. Бұл жағдай Марксті сенгіздіреді, экономикалық өркендеу капиталды жинақтау қарқынынан еңбекке деген сұранысқа әкеп соғады, осыдан келіп жұмыссыздық себептері көрінеді. Бұл трактовка байланыссыз болып есептеледі, егер жұмысшы күшіне сұраныс өссе, онда жұмыссыздық жойылады, немесе ең болмаса қысқарады, капитал жинақтаудан одан әрмен жоғары қарқынмен (нақтаудан одан әрмен) болады.

Бұл жұмыссыздықтың түсіндіруін толық деп санауға болмайды. Маркс және де басқа себептеріне болжам жасады.

Рыноктік шаруашылықтың дамуы, оны өркендеген рыноктік шаруашылықтың серігі жасайды.

Экономикалық циклдің дамуынан жұмыссыздықты тұжырыдау Маркстен кейін экономикалық теорияда тұрақты дәстүр болып қалыптасты. Егер, экономика циклдік дамыса, өсу мен кему шаруашылық дамуымен келіссе, бұдан жұмысшы күшін босату және өндірісті тоқтату деп тұжырымдайды, жұмыссыздық армиясы көбейеді.

 

Қазақстан Республикасының жұмыссыздық жағдайы, мӘселелері

 

         Қазақстан Республикасының жұмыссыздық мәселесі төңірегінде айтылар әңгіме көп. Жұмыссыздықты қоғамға жабысқан бітеу жара десек те, қоғам жұтқан у десек те жарасады. Жаймен, біртіндеп әсер етіп бұл ұдың күшін қалай қайтаруға болады?

        Жұмыссыздық нарықты экономиканың айырылмас серігі деуге болады.                        Белгілі экономистер пікірлері бойынша жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейден аспауы нарықты экономикаға тән табиғы құбылыс деп бейнеледі. Мысалы, кейбір экономистер: Дж. Кейнс 3-4%, М. Фридмен 5-6% жұмыссыздықты табиғы мөлшер деңгейі деп белгілеген. Ал осы деңгейден жұмыссыздық аса бастаса онда амалсыз, еріксіз жұмыссыздық пайда бола бастайды.

        Санақ бойынша, жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің жалпы санындағы жұмыссыздардың үлесін көрсетеді.

        Жалпы жұмыссыздық деңгейі – жұмыс күшінен пайыздық есептердегі жұмыссыздар үлесі (экономикалық белсенді халық) деңгейі жұмыспен қамтылу мәселелері бойынша халықты ішінара тексеру негізінде есептеледі, тексеруді ХЕҰ әдіснамасын пайдалану арқылы Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі Агенттігі жүргізеді. Аптасына ең кемі 1 сағат жұмыс істесе де, ол адам жұмыспен қамтылған болып саналады.

        Ресми (тіркелген) жұмыссыздық деңгейі – экономикалық белсенді халықтан пайыздарға шыққандағы мемлекеттік жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздар үлесі.

       Жұмыссыздықтың орташа ұзақтығы адамның қанша жұмыссыз жүрген уақытын көрсетеді. Жұмыспен қамтылған адам деп – жұмысы барлары, ал жұмыссыздар деп – жұмысы жоқ немесе соны іздеп жүрген адамдар деген мағынада қарастырып, жұмыссыздықтың бірнеше мәніне тоқталып өттім. Енді мен сол адамдардың санақ бойынша зерттелген, немесе зерттеу құрамына кіретіндер қарастырып, және сол санақ бойынша біраз мысалдар мен еліміздің тәжирібелерін қарастырайын. Халықтың бір бөлігі санақ бойынша жұмысшы күші құрамына кірмейді (оқушылар, зейнеткерлер және т.б.) адамдар. Мұндай көзқарас әділетті саналуда, себебі көптеген жұмысшылар жұмыс табудан әбден күдер үзеп, еш жерде тіркелмей де, сөйтіп жұмыссыздар армия есебіне кірмей қалады. Мұндайлардың саны 200 жылы 18,1 пайызға жеткен. Қызметінен төмендегендер мен толық жұмыс күнімен естімейтіндер де ресми түрде есептелмейді.

        2003 жылы олардың саны 18,3 пайызды құрады. Бірақ ресми сынақтың шынында кімдердің жұмыстан айырылғаны мен кімдердің жұмыс істегісі келмейтінін анықтау қиын деген пікір екендігі дұрыс.

       Жалпы 2002 жылдың қаңтарында ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халықтың 3,7 пайызы болды (2001 жылдың 1-қаңтарында3,9 пайыз). Қазақстан Республкасы статистика жөнінде агенттігінің сараптамалық бағалауы бойынша 2001 жылыдың аяғында жұмыссыздықтың жалпы көлемі жыл басындағы 13,5 пайыз орнына 12,8 пайызға деген төмендеді.

       Жұмыссыздықтың деңгейін анықтаудың негізгі факторы ретінде (Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесіне сәйкес) жұмыссыздардың нақты санын білу тетігін жетілдіру үшін елде үй шаруашылықтарына ішінара тексеру жүргізу қажет, лны 2002 жылдан бастап әр тоқсан сайын Статистика жөніндегі агенттік жүргізеді.

       2002 жылы 1 қаңтарға жұмыспен қамту аралықтарына өтінішпен барған азаматтар саны 368,2 мың адам болды, ал 2001 жылы 1 қаңтарда ондайлардың саны 362,4 мың болған. Ауылды жерде жұмыс іздеуші адамдар саны 115,4 мыңға жетті, яғни 2000 жылғыдан 5 пайыз өсті. Жұмыссыздық деңгейі Павлодар облысында 6,3 пайыз, Қызылорда 6 пайыз, Маңғыстауда 5,8 пайыз және Атырау облысында 4,9 пайыз болды.

       Жасалған талдау көрсеткендей, жоғарыдағы аймақтарда жұмыспен қамту органдарына өтінішпен барушылар санының біраз өсудің себептерінің бірі – жұмыссыз ретінде тіркеуге деген ұмтылыстың ұлғаюы. Бұған өз кезегінде жұмыспен қамту бағдарламасына мезгілінде қаражат бөлінуі себеп болды. Мәселен, Павлодар облысында қаржы бөлу белгіленген мөлшердің 87 пайызындай, Қызылорда да – 72 пайыздай, Маңғыстауда – 85пайыздай және Атырау облысында 79 пайызындай болды. Сондай-ақ жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі органдардың құрылымы мен статусын күшейту де өз әсерін тигізеді.

       Жұмыссыздықпен күрес бағдарламасының орындалуы үшін 2001 жылға 19530,4 миллион теңге (жалпы ішкі өнімнің 0,85 пайызы) қаржы бөлу жоспарлағанда, нақты бөлінгені 16650,3 миллион теңге (жалпы ішкі өнімнің 0,7 пайызы) яғни жоспар 85,3 пайыз ғана орындалды.

       2002 жылдың 1 қаңтарына Республика бойынша тұтас алғанда есепте 231,4 мың жұмыссыз адам болды, оның 22,2 мыңы ғана материалдық көмек алды, 7,8 мыңы қоғамдық жұмысқа қатысты, 2,2 мыңы кәсіптік оқытуда біліктілігін көтеруде және қайтадан даярлауда болды.

        Сондай-ақ жұмыспен қамту бағдарламасын қаржыландырудың 80 пайызынан жоғары көрсеткіші Шығыс Қазақстан (87%), Батыс Қазақстан (81%), Қарағанды (86%) облыстарында және Астана қаласында (81%) орын алды.

         Алайда, жұмысқа орналастыру жөніндегі органдарға өтініш жасап барған жұмыссыздар деңгейі орта есеппен 3,3 пайыз көлемінде ғана болуы бұл мәселеде халықтың оған сенімінің төмен екенін көрсетеді.

          Жұмыссыздықтың табиғы деңгейі: бұл баға мен жалақыны төмендететін факторлар тепе-теңдік жағдайда болған кездегі деңгей. Жоғары инфляция деңгейіне тап болған қазіргі экономикадағы жұмыссыздықтың жоғары жәрежесін анықтайды және патенциалды өнім шығаруға қатысты болады. Егер жұмыспен қамту жоғары болап, өнім көп шығарылса, онда инфляциялық өркен пайда болады.

          Жұмыссыздықтың табиғы дәрежесі нольден жоғары болады, өйткені ол қандай бір түрде өмір сүреді (фрикциондық және құрылымдық). Жұмыссыздықтың табиғы түрі қажет, ол инфляцияны тежейді.

          Жұмыссыздыққа экономикалық саясат та әсер етеді. Жұмыссыздар 26 апта бойы мемлекеттенсақтандыру ретінде бұрынғы жалақыларының 50%-ін алады, салық төлемейді , сөйтіп, жалпы бұрынғы жалақысының 60-70%-ін алады. Әрине, мұндай жағдайда жұмысшылар жаңа жұмыс таңдауға талғампаз болады және асықпайды, төмен ақылы қызметтерден қашады. Жұмыссыздықтың табиғы деңгейі құрылымдық жұмыссыздардың көөбеюымен жоғарлады (автомобиль құрылысы, болат қорыту өнеркәсібіндегі дағдарыс, мұнай дағдарысы, электр өнеркәсібіндегі өзгерістер). Сөйтіп еңбекке деген сұраныс пен ұсыныс сайма-сай келегенге дейін біраз уақыт қажет болды. Жұмыссыздықтың табтғы беңгейінің төмендеуі құрылымдық дағдарыстың бәсемдеуіне қажап-тозуға, қартаюға байланысты. Жұмыссыздықтың зардабын бәсеңдететін фактордың бірі ғылыми-техникалық процесс. Ғылыми-техникалық процесс жаңа қосымша жұмыс үшін керек қылатын жаңа өндіріс түрлерімен шаруашылық салаларын тудырады, ол материалдық өндіріс саласында еңбек етуге қабілеті бар тұрғындарды жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру, қабілеті бар тұрғындарды жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру, негізінде өндірістік емес салалардың дамуы арқылы жүзеге асырылады, оның ұлғаюы, тұрғындардың әр түрлі қызмет түрлеріне деген шығынының тез өсуімен және халық шаруашылығының орташа көрсеткішіне қарағанда жоғары еңбек ауқымдылығымен (көп еңбекші керек қылушылық) сипатталады.

          Жұмыссыздықты жасына және де басқа көрсеткіштеріне қарай бөлуге болады. Оны келесі кестеден байқауға болады:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмыссыздықтың мӘселесін шешудің жолдары

Жұмыссыздықтың проблемасын шешудің бірден-бір жолы бұл еңбек биржалары туралы көптеген мемлекеттердің практикасының нәтижелерін көруімізкерек. Еңбек биржалары бойынша тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету олай болуының өзінен жұмыссыздықпен күресудің негізгі құралы екенін көре аламыз. Бұл еңбек биржалары ең алғашқы кездерде дамыған мемлекеттерде жұмыссыздарға көмек беру мақсатындағы адамгершілік институттары ретінде пайда болады. Уақыт өте келе және еңбек қатынастарының дамуына байланысты оның атқаратын қызметі мен нақты өзгеруі. Еңбек биржасы – бұл еңбекті талдау барысында жұмыскерлер мен кәсіпкерлер арасында делдалдық қызметін атқаратын келісімдер жайын, тұрақты мерзімді қызмет жасайтын мәселе.

Тәуелсіздік алғашымызға он жылдан асып уақыт өте келе, біздің жас мемлекетіміз жұмыссыздық проблемасымен күресуде, бірақ осыған қарамастан жұмыссыздар саны таңдаусыз өсуде. Ташкентте еңбекпен қамту биржалары ешқашан жабылмай жұмыс істеуде, әр таңертең сайын базардың алдында жиналған дұмыссыздар бұл еңбек биржасының мың жылдан жоғары тарихы бар: бұл биржадан жұмыс іздеушілер мен жұмыс ұсынушылар көзбе-көз кездеседі. Олар келісімге келіп өз жұмыстарын атқарып, ал жұмысты ұсынушылар өздеріне керекті еңбек күшін тауып келіседі. Міне, бұл биржаның жұмыс жасау принципі осы ғана. Бұл биржа туралы әгімелегенде Сейфуллин көшесінің бойында тұрғандар арасынан сіз не бір аз жұмысына, яғни мамандығына нағыз шын көңілмен беріліп, аз мамандығын кәсіпқойлық деңгейде меңгергендерді кездестіруге болады. Ал бірақ осы адамдардың кейбіреулері күні бойы жұмыс істегендегі табысын спиртке, яғни бір бутылка ішімдікке жұмсағанын көргенде не айтарыңызды білмейсіз. Өкінішке орай Совет өкіметі кезінде Ташкенттегідей еңбек биржасы жұмыс істемеді.

Бірақ, болашақта жұмыссыздар санын азайту үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сай жұмыс істеуі керек. Ал, бірақ әзірге ондайдың болуы мүмкін емес. Себебі жемқорлықпен күрес жүргізіп жатқанымыз да сол проблемаларды шешудің негізгі екендігінде. Сонымен бірге жұмыссыз адамдар тек материалдық жақтарымен ғана емес психологиясының да өзгеруі әбден мүмкін. Егер біз жанұядағы бір адамның жұмыс істеуі, ал басқаларының жұмыссыз отыруы “Еңбексіз елге сыймас” деген ғылымымыздың осындай ойлы сөздеріне тура келеді. Сол себепті жанұяда бірін-бірі түсінбеушілік туындайды. Бұл жұмыссыздық тек Қазақстан ғана емес әлемнің барлық еледерінде болып жатқан құбылыс. Халқы жағынан алдыңқы орындағы Қытай мен Индияда жұмыссыз адамдардың пайызы 27%, бірақ бұдан ад жоғары екені мәлім. Әлемде ең көп жұмыссыздар Оңтүстік Азия елдері мен Сахарада орналасқан біршама елдерді айтуға болады. Көптеген кедей мемлкеттер адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету өте төмен, бірақ арзан еңбек күшінің болғанымен экономикалық-әлеуметтік жағдайымыз төмен.

Осы кезде айта кететін жай бөлімде айтып өткен биржа қызметтерін жалдау арқылы толық түсінуге болады. Ол еңбек нарығындағы ұсыныс пен сұранысты реттейді; жұмыссыздарды есепке алу мен бас жұмыс орындарын тіркеу; жұмысын ауыстыратын немесе жұмыс іздеген, жұмысқа тұруға тілек білдірген адамдарға ақпарат беру, жұмыс істеп жүрген адамдарды оқыту мен қайта дайындауды ұйымдастыру; жастар арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу: адамдарды жұмысқа тарту үшін делдалдық қызмет атқару. Осындай кезде жұмыссыздыққа байланысты жәрдем ақы тағайындау. Мемлекет кәсіпорындар мен ұйымдардың мүдделерін есепке ала отырып, биржалар арқылы еңбек нарығына әсер етеді. Еңбек биржасы ретінде және олардың берген жолдама кәсіпкерлер үшін міндетті болмайды. Ол тек қана ұсынымдылық сипатта болады. Себебі олардың жұмысшыларды еркін түрде қабылдауға мүмкіншілігі бар, немесе өздерінің кадр тағайындау бөлімі арқылы тағайындайды және оны толық жалдауға тырысады.

Ал қазіргі кездегі биржада еңбекке деген сұраныс пен ұсыныс туралы толық мағлұмат болуы тиіс. Осы бағытта өнеркәсібі дамыған Батыс елдерінің тәжирібесіндегі жағдайларды қолдануға болады. Бұл консультацияның көмегімен бір айдың ішінде барлық мамандық таптарындағы жұмыссыздық 40%-ке кемиді. Сондай-ақ, жұмыссыздарды қаржыландырудың жаңа бағдарламасы енгізілген. Вашингтон штатында феодалдық өкімет тиісті білім, жұмыс тәжирібесі бар және өз ісінің маманы болғысы келген 400 жұмыссыз адамға алдын-ала мүмкіндік беріп, бірнеше айға дейін жәрдем ақы береді.

Жұмыссыздықты сонымен бірге жоюдің тағы бір жолы экономиканың неформалды секторын дамыту, оның негізгі қала экономикасы, ал қызмет көрсетудің ерекше саласы. Бұл салаға және адамның еңбек етуі, дәстүрлі қалыптасқан өнеркәсіп және бұл салаға мемлекеттік саясаттың ешқандай араласуынсыз жұмыс істей алады. Дамушы елдерде және қалаларда формалды емес сектрде 50% жұмысшы қала жұмыскерлер күші қалыптасқан. Мемлекет бұл саланың дамуына ешқандай шек қоймай, қайта шағын кәсіпорындарға несие бөліп, қалалардың инфраструктурасын жақсартуға барынша көмектескені дұрыс. Көптеген экономистердің айтуы бойынша, дамыған формалды емес сектр қаладағы жұмыссыздар санының азаюына себебін тигізеді дейді.

Сол сияқты қазіргі кезде біздің мемлекетімізде де жұмыссыздықпен күрес жүргізуде. Президенттің 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспарында шағын кәсіпкерлікті дамыту, халықты толық сауатты ету жолдарын айқын көреміз. Яғни бұл мақсаттардың орындалуы келешектегі болашақ Қазақстандықтардың жұмыспен қамтамасыз етіледі деп күтіледі.

Бағаның төмендеуін қоздыру, Бұл да жұмыссыздықты азайтуға себепші бола алады. Ол үшін алдын-ала шетел валютасына ақша айырбастаудыға ұлттық валютаның курсын көтеріп, ұсыныс пен сұраныс тепе-теңдігін қамтамасыз ету, субалдия көлемін капитал көп қорланатын өнеркәсіпке аз бөлу, ең төмен жалақыны заң арқылы тоқтату, сыртқы саудадағы барьерді азайтып, шектеуді ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасына тоқтату.

Бұл жерде айтылған кейбір мәселелерде Қазақстанда қоданылып жатыр. Мысалға: соңғы жылдарда Президент жарлығы бойынша ең төменгі жалақы мөлшерін көтеру, және ол 2001 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап қайта қарауға алынып ең төменгі жалақы мөлшері мен зейнетақыны көтеру туралы шешім қабылдады. Осында айтып кеткеніміздей жұмыссыздыққа байланысты берілетін жәрдемақы өзгерістерінің, оның тәртібінің жұмыссыздық мөлшеріне әсерін білу көп ізденісті талап ететін мәселе болып қала береді. Зерттеушілер жұмысшылардың қалай жұмыссыз қалуын және оның қаншаға созылғанын анықтауды алмастыру коэффицентінің роліне назар аударады. Алмастыру коэффиценті дегеніміз – жұмыссыз кездегі салықтан кейінгі табыстың жұмыспен қамтамасыз етілетін кездегі табысқа қатысты.

Жұмыспен қамтылудың тұрақтылығы. Жұмыстан босатылған адамдар жұмыссыз қалудан онша азап шекпейтіндіктен, фирма жұмысшыны көп ұстамай жиі шығарады. Жұмыссыздың жәрдем ақысы жұмыссыздан қорқуға итермелейді; оның мөлшері жұмыссыздықтың тоқырауы мөлшеріне қосылады дегенге күмән бар. Және адамдар экономика жұртшылықты жұмысқа орналастырғанша жұмыс іздеуге кеткен уақытты қажетсінеді. Соңғы жылдары жұмыссыздар үшін жұмыс істету проблема емес, себебі олар үшін жәрдемақы төленеді деп жүр.

Бұл дұрыс емес, өйткені шындығында жұмыссыздардың барлығы жәрдемақы ала бермейді. Шындығында, жалпы жұмыссыздардың үлкен екі бөлігінен төмендеуі ғана сақтандырылған жұмыссыздық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

     Нарықтық экономикада әрқашан да жұмыссыздық проблемасы бірге жүреді. Себебі нарықтық экономика ұсыныс пен сұранысқа байланысты реттелетін болғандықтан жұмыссыздық пен нарық айырылмас деп айта аламыз. Қазақстан мемлекеті тәуелсіздігін алғаннан бірге жылдарда жыл өткен сайын жұмыссыздық саны өсе түсуде. Бірақ оны экономистер өтпелі экономиканың жазылмаған заңы деп түсіндіріп отыр. Сол себепті бұрынғы КСРО елдері, ал қазіргі жаңа тәуелсіз мемлекеттер елдерінің барлығында жұмыссыздар саны өсу үстінде. Сол себепті әр мемлекет өздерінің шамалары келегенше жұмыссыздыққа қарсы саясаттар қолданылады. 90-шы жылдардың басында, яғни бірінші жартысында жұмыссыздарды ешкім тіркемеді және  олар қанша, олардың әлеуметтік-экономикаға әкелетін зияандары бар ма, бар болса қандай, міне осы сияқты сан алуан сауалдарға жауап іздеуге әркім-ақ құмар еді. Бірақ оған жақсы беретін ешкім жоқтай көрінді. Бірақ бұл мәселені сонау Самуэльсон, К.Маркс, Кейнстердің теориясынан табуға болар еді. Бұлардың еңбегі арқылы біз жұмыссыздықтың экономикалық және теориялық жақтарымен толық танысуға мүмкіндік береді. Олар туралы бұл еңбекте толық айтуға мүмкін емес және барлығын толық қамта алмағандықтан ең негізгі теорияларынан жазып отырмыз.

Біз тәуелсідігімізді кейін өз бетімізше жұмысшыларға жалақы мен төлемақыларды төлей бастадық. Бірақ бұл төлем ақылар әр түрлі мамандар үшін әр түрлі көлемде болады. Олар белгіленген категориясымен сол категорияға сәйкес коэффицент белгіленеді, бұл коэффиценттер тек мемлекеттік мекемелер үшін орындалады. Ал жеке меншік кәсіпорындар мен компаниялар үшін ол ал – қандай әсер етпейді. Бұл жерде айта кететін мәселе елдің экономикалық жағдайы өскен сайын категориялар бойынша коэффиценттер де өсуі мүмкін, ал жеке меншік кәсіпорындар мемлекет тағайындаған коэффиценттен жоғары қоя алады.

Францияда жұмыссыздар саны олардың шағын және орта кәсіпорындарының дамуымен қатар азая бастады, яғни егер шағын және орташа кәсіпорындар көбейді деген сөз жұмыс орындары көптен ашылуы дегенді көрсетеді. Президентіміздің шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту оларға қолдау беру дегеніміз жұмыссыздықпен күресу деп айтуға болады. Егер болашақта Қазақстан дамыған елдердің қатарына қосылу үшін техника мен ғылымды ағартуына байланысты, келешек жас ұрпаққа талмастай қажет жігер бола алар еді. Бұл тек ғана деп қарастыруға болмайды. Әр жетістікке тек сол жетістік туралы қиялдау арқылы жетеді.

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

  1. Әкімбеков, “Экономикалық теория”, 282-289 беттер.

 

  1. Винокурова А., “Безработица в Республике Казахстан”, Казахстанская правда, 2001, 27 декабря.

 

  1. Добрынин А.И., “Экономикалық теория”, Санкт-Петербург, 2000.

 

  1. Жандабеков Р., “Жұмыссыздықты жетелейтін жері — қылмыс”, Заң және заман, 2001, №5

 

  1. Кәрібайұлы Ж., “Жастарға жанашырлық жетіспейді” (Жастар арасындағы жұмыссыздық), Егемен Қазақстан, 2003 14 қараша.

 

  1. Қилысбаева М., “Жұмыссыздарға кім жатады?”, Халық кеңесі, 2000.

 

  1. Оразәліқызы Г., “Жұмыссыздық қазақты жұтып қоймай ма?”, Жалын, 1999, №6 54-57 беттер.

 

  1. Төлеген Б., “Жұмыссыздық күрделі мәселе”, Алматы ақшамы, 2002, 3-4 беттер.

 

  1. Тоқтыбеков Ә., “Жұмыла көтерген жүк ауыр”, Түркістан, 2000, 2-4 беттер.
  2. Шеденов, Жүнісов, “Жалпы экономикалық теория”, Алматы, 2002, 76-79 беттер.
  3. “Қазіргі таңның басты мәселесі”, Саясат, 2004, №8