АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Қазақстандағы ірі физикалық – географиялық аудандар

 

Мазмұны

 

      Кіріспе…………………………………………………………………………………………………..3

І – тарау. Қазақстандағы ірі физикалық – географиялық аудандар

1.1 Шығыс Еуропа жазығы…………………………………………………………………………..4

1.2 Тұран жазығы…………………………………………………………………………………………7

1.3 Солтүстік Қазақ жазығы………………………………………………………………………..10

1.4 Сарыарқа………………………………………………………………………………………………13

ІІ – тарау.

2.1 Орал……………………………………………………………………………………………………..15

2.2 Алтай……………………………………………………………………………………………………17

2.3 Сауыр – Тарбағатай……………………………………………………………………………….20

2.4 Жоңғар Алатауы……………………………………………………………………………………22

2.5 Тянь – Шань………………………………………………………………………………………….25

 

      Қорытынды…………………………………………………………………………………………28

      Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………………………………29

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

         Қазақстанның кең байтақ жерінің табиғаты әр түрлі. Бірін-бірі қайталамайтын табиғат кешендерінен тұрады. Сонымен бірге Қазақстан аумағы 2 дүние бөлігіне жатады, яғни Еуропа мен Азияны біріктіріп жатыр. Осыған сәйкес қайталанбайтын көркем табиғатымен, жазира даласымен, кең массивті құмдарымен, төмен жатқан ойпаттарымен, күрделі геологиялық құрылымымен, көне геологиялық тарихымен, мол табиғат байлығымен, өзара ерекшелігімен кең байтақ елімізді физикалық-географиялық тұрғыдан алғаш рет 1913 жылы академик Л.С.Берк аудандастырды. Осы уақытқа дейін республика жері физикалық-географиялық тұрғыдан әлі толық реттеле қойған жоқ. Соңғы кездері Қазақстан табиғаты 9 ірі физикалық-географиялық аймақтарға бөлінді:

  1. Шығыс Еуропа жазығы.
  2. Тұран жазығы.
  3. Солтүстік Қазақ немесе Батыс Сібір жазығы.
  4. Сарыарқа.
  5. Орал.
  6. Алтай.
  7. Сауыр-Тарбағатай.
  8. Жоңғар Алатауы.
  9. Тянь-Шань.

         Қазақстан территориясындағы зоналық немесе биіктік белдеулер жүйелерді қарастыру жеткіліксіз. Физикалық-географиялық аймақтың биоклиматтық ерекшеліктерімен бірге түзілу жолдары арқылы қалыптасу тарихын да танып білу керек. Геологиялық, геоморфологиялық түзілу жолдары мен геогендік, антропогендік дәуірлердегі даму тарихы бойынша Қазақстан территориясындағы физикалық-географиялық аудандастырудың өзіндік ерекшелігі бар. Физикалық-географиялық аудандастыру дегеніміз — әр өңірдің өзіндік табиғат жағдайының ерекшеліктерін ескере отырып, жер бетін жеке аймақтарға және олардың бөліктеріне бөлу.

І тарау. Қазақстандағы ірі физикалық – географиялық аудандар 

 

1.1. Шығыс Еуропа жазығы

         Географиялық орны. Шығыс Еуропа жазығы — Жер шарындағы аса ірі жазықтардың бірі. Қазақстанға Шығыс Еуропа жазығының оңтүстік-шығыс бөлігі енеді. Жазықтың Қазақстандық бөлігі Мұғалжар және Үстіртпен, оңтүстігінде Маңғыстаумен шектеседі. Республика аумағындағы Жалпы Сырт қыраты, Каспий маңы ойпаты және Орал алды (Жем) үстірті осы аймақтың құрамына енеді.

         Геологиялық құрылысы мен жер бедері. Бұл аймақ геологиялық дамуы мен тектоникалық құрылымы жөнінен ежелгі Шығыс Еуропа платформасының оңтүстік-шығыс бөлігі болып табылады. Платформа фундаменті архей мен протерозойда қалыптасып, кристалды қатты жыныстарынан қалыптасқан.        Оның бетін кейінгі эралардың (палеозой, мезозой, кайнозой) шөгінді жыныстары жапқан. Шығыс Еуропа платформасының Қазақстандық бөлігі ұзақ уақыт су астында жатып, біртіндеп көтерілу нәтижесінде қазіргі қалпына келген. Каспий маңындағы бөлігі майысуға көп ұшыраған. Сондықтан мұнда әр түрлі жастағы шөгінді жыныстардың өте қалың қабаты таралған. Ұзақ геологиялық даму кезеңінде әрбір табиғи ауданның өзіне тән жер бедері, топырағы және өсімдік жамылғысы қалыптасқан. Жем үстірті жоғарғы бор дәуірінде, Жалпы Сырт палеогендік теңіздің тартылуынан кейін шегінуінен, ал Каспий маңы ойпаты антропогенде, соңғы мұз басу кезеңінен кейін ғана қазіргі жер бедері қалыптасқан. Бұл аймақтың географиялық орнының, жер бедерінің ерекшеліктері, ауа массаларының алмасуы жағдайының ұқсастықтары жалпы солтүстіктен оңтүстікке қарай ылғалдың азая беруі құрғақ континентті климаттың қалыптасуына себепші болған.

         Жалпы Сырт — оңтүстік Орал мен Еділ өзенінің аралығында орналасқан  кең жазық қыраты. Қыраттың жер бедерін жайық өзеніне оң жақтан келіп құятын Деркөл, Шаған, Ертек, Ростошь және т.б. өзендердің арналарымен тілімделген. Қыраттың қазақстандық бөлігі негізінен бірімен бірі жалғасып жатқан жалдардан тұрады. Ол солтүстіктен (100-150 м) оңтүстікке қарай (60-70 м) еңіс тартып, аласара береді.

         Жем орал алды үстірті Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар тауларының аралығын қамтиды. Оның солтүстік шығыс бөлігі 400-450 м-ге дейін көтерілген. Жем, Қайнар, Сағыз, Ойыл, Елек, Ор, Сарықобда, Үлкенқобда, Бұлтырты, Өлеңті өзендері басын осы жерден алады. Үстірт оңтүстік батысқа қарай аласарады.

         Каспий маңы ойпаты Жалпы Сырт қыраты, Орал алды үстірті мен Каспий теңізінің аралығында орналасқан. Ойпаттың солтүстігі жағы теңіз деңгейінен жоғары. Ойпат — жекелеген жоңдармен өзен бойларында қақ, сорлар, құнды аудандары бар кең жазық дала. Ол палеогеннің аяғында басталған Каспий трансгрессияларының құм аралас сазды шөгінділерінен түзілген. Ойпаттың оңтүстік беті теңіз деңгейінен төмен жатқан жазық. Бірақ мұнда тұз күмбездері ұшырасады, солтүстік бөлігіне қарағанда тұзды сорлар, қақтар көбірек. Ойпат арқылы жайық өзені мен оған құятын шағын салалар ағып өтеді. Олардың біразы жазда тартылып, бөлек-бөлек көлшіктер мен қара суларға айналады. Сонымен бірге ойпатта Шалқар, Балықты, Аралсор, Бесоба сияқты көлдер де бар.

         Пайдалы қазбалары. Каспий маңы ойпатының негізгі байлығы — мұнай мен газ. Олар жер қабаттарындағы тұзды күмбездердің көтерілуіне байланысты пайда болған жарықшақтарға жиналған. Пермь, триас, юра, бор және полеоген қабаттарында сақталған. Қазір бұл ауданда теңіз, қарашығанақ, жаңа жол сияқты мұнай мен газ кен орындары жұмыс істейді. Пайдалы қазбалардан ас тұзы, бор, құрылыс материалдары өндіріледі.

         Климаты. Шығыс Еуропа жазығының климаты, жоғарыда айтылғандай, құрғақ, континентті. Оған бұл ауданның мұхиттар мен теңіздерден алыс жатуы себеп болады. Қысы суық, қаңтардың орташа температурасы солтүстігінде —15 градус, оңтүстігінде —8 градус. Сібір мен Арктикадан суық ауа енген кезде температура -40 градусқа дейін төмендейді. Көктемде, күзде үсік жүріп тұрады.        Жазы ыстық, қапырық, шілденің орташа температурасы +22 — +24 градус. Аңызақ желдер жиі соғады. Жауын-шашынның орташа мөлшері солтүстікте 350 мм, оңтүстікте 140 мм.

         Өзендері мен көлдері. Қазақстан аумағындағы Шығыс Еуропа жазығының ірі өзендері — Жайық, Ойыл, Жем.

         Көлдердің ең үлкені — Каспий теңізі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2   Тұран жазығы

         Географиялық орны. Тұран — Қазақстанның оңтүстігін батысынан шығысына дейін созылып жатқан кең жазық. Оған Маңғыстау, Үстірт, Торғай үстірті, Арал маңы, Сырдария бойы, Қызылқұм, Бетпақдала, Мойынқұм, Балқаш-Алакөл аймағы түгел кіреді. Жер бедері мен оның пайда болу тарихы жағынан біркелкі емес.

         Жер бедері мен геологиялық құрылысы. Аймақтың негізгі тұғырын палеозойда қалыптасқан эпигерциндік платформалық құрылым — Тұран тақтасы құрайды. Оның жер бедері мен топырақ жамылғысы палеогендік карбонатты терриген жыныстары мен неоген-антропоген дәуірлерінің құмды, малта тасты моласса үгінділерінен түзілген.

         Маңғыстаудың аласа таулы өлкесі мезозой дәуірінде пермь-триас құмтастары мен әктастарының, тағы басқа жыныстарының қосындыларынан түзілген. Ең биік тауы — биіктігі 350-450 м, ұзындығы 130 км болатын Қаратау, оның ең биік нүктесі — бесшоқы 556 м. Қаратау беткейлері шатқалдармен, жыралармен тілімделген толқынды қырат түрінде көрінеді. Тау жотасы ғана тік, жалаңаш, жартасты. Қаратаумен қатарласа оның солтүстігі мен оңтүстігінде солтүстік және оңтүстік ақтау созылып жатады. Олар жоғары бор дәуірінің әктасынан тұрады. Ақтау деп аталуы да осыдан. Биіктігі ЗООм шамасында.

         Ақтаудан оңтүстікке қарай қыратты жартылай шөлді дала басталады. Ол түгелдей ұлутасты-оолитті әктастардан, Каспий жағасына таяу беті саз балшықтарынан түзілген. Олардың астында пермь-триас және одан да ежелгі дәуірлердің қатпарлығы жатыр. Олардан төмен теңіз деңгейінен аласа бірнеше тұйық қазан шұңқырлар ұшырасады. Олардың ең үлкені — Қарақия ойысы теңіз деңгейінен 132 м төмен орналасқан. Маңғыстау түбегіндегі — суларының көбі өте ащы, тіпті тұзды болып келеді. Маңғыстаудан Арал теңізіне дейін Үстірт қыратты жазығы алып жатыр. Оның биіктігі 200-300 м. Ауданы 170 мың км. Ұзындығы 600 км, ені 300-400 км. Үстірттің Қазақстанға батыс бөлігі ғана кіреді. Үстірттің жер бедері тегіс, ұлутасты-оолиттік әктасы мен тұзды мергель және саз араласқан ашық түсті әктастан түзілген. Әр жерінде көлді ойысты қазаншұңқырлар кездеседі. Олар құрғап, айналасы құм басқан. Мұнда да өзендер жоқ.

         Торғай үстірті Сарыарқа мен Мұғалжар аралығына орналасқан. Орташа биіктігі 200-300 м. Оның орталық бөлігінде солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан кең ойыс бар. Оны Торғай аңғары деп атайды. Бұл кайнозойда Батыс Сібір теңізін Торғай теңізімен жалғастырып тұрған бұғаз болған.     Ойыстың батыс және шығыс беттері едәуір тілімделген жазық, Үстірт негізінен, теңіз шөгінділері мен континенттік жыныстардан тұрады. Олардың қалыңдығы 5000 м-ге жетеді. Қазіргі жер бедері саздақты және құмды жыныстардан құралған.

         Арал теңізінің маңында ірі құмды аймақтар бар. Арал теңізі мен Шалқартеңіз көлі аралығында жатқан Арал маңы Қарақұмы биіктігі 100 м, бұйратты төбелі жазық болып табылады. Бұл құм жасы жағынан басқа құмдарға қарағанда салыстырмалы түрде ежелгі. Ішінара жел әрекетінен өзгерген. Арал теңізінің солтүстігінде орналасқан үлкен және кіші борсық құмдары жер бедері жағынан Арал маңы Қарақұмына ұқсайды. Олар неогеннің құм шөгінділерінен құралған. Сырдария аңғары мен Арал теңізіне қарай көлбеу жатқан жазықты Сырдария аллювийлі жазығы деп атайды. Ол құмтасты және сазды, кей жерлерінде құмды шөгінділерінен тұрады.

         Ал Сарысу өзені мен Балқаш көлінің аралығындағы үстіртті шөл Бетпақдала деп аталады. Орташа биіктігі 300 м. Көтеріңкі келген оңтүстік және шығыс бөліктерінде биіктігі 700 м, ең биік жері — Желтау жотасы 974 м-ге жетеді. Жер бедеріне қарай оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс болып екіге бөлінеді. Оңтүстік-батыс бөлігінің беті тілімделген жазықтық. Ол құмтас, саз және құм араласқан теңіз бен континенттік полеоген шөгінділерінен құралған.          Солтүстік-шығыс бөлігі қыратты келеді. Кей жерлерде мүжіліп аласарған, тау қалдықтары кездеседі. Бұл жер палеозой тақтатасынан, құмтас мен магма жыныстарынан, сұрғылт және қызыл граниттен тұрады. Бетпақдаланың бұл бөлігінің Сарыарқаға ұқсастықтары бар.

         Пайдалы қазбалар. Тұран жазығында пайдалы қазбалардан мұнай мен газ, құрылыс материалдары, ас тұзы, сода мол өндіріледі.

         Климаты. Климаты жағынан Тұран жазығы құрғақ континетті өлкеге жатады. Жазы ыстық, қысы суық. Қаңтардың орташа температурасы солтүстікте -18 градус, оңтүстікте -5 градус. Қыста бұл аймаққа арктикалық ауа массасы мен Сібірдің суық ауасы жиі кіреді. Бұл кезде ауа температурасы -30-40 градусқа жетеді, шілденің орташа температурасы солтүстікте +22 градус, оңтүстікте +29 градус. Аңызақ желдер жиі соғады. Көктем мен күз ылғалдырақ келеді. Жалпы жауын-шашын мөлшері аздау, жылдық мөлшері 80-100 мм. Климаттың қуаңшылығы Тұран жазығының шөл, шөлейтті табиғатымен тығыз байланысты.

         Өзендері мен көлдері. Тұран жазығында өзен жүйесі нашар дамыған. Сырдария өзені басында Қазақстаннан тысқары жерден алады да, жолшыбай суын Орта Азия республикаларынан шексіз мақта плантацияларына тартып алынып, Арал теңізіне мардымсыз су барады. Сырдария кейінгі жылдары теңізге жетпей қалып жүр.

         Шу мен Талас өзендерінің жағдайы да осыған ұқсас. Олар да Қазақстан жеріне талмаусырап жетіп, Мойынқұм мен Бетпақдаланың қажетін өтей алмай отыр. Торғай үстіртінің өзендері Торғай, Ырғыз, Жыланшық жазда қарасуларға, ұсақ көлдерге бөлініп тартылып қалады. Бұл өлкеде Обаған, Шалқар, Шалқартеңіз, Ақкөл, Қопа сияқты көлдер бар. Бірақ олардың көбі тұзды. Жетісу өзендері — Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Тентек қана түщы. Бірақ о лардың жылдық ағыны жылдан-жылға кемуде.

 

 

 

 

 

 

1.3. Солтүстік Қазақ жазығы

         Географиялық орны. Бұл жазық Қазақстан жерінде Орал тауларынан Алтайға дейін ені 200-250 км жіңішке алапты алып жатыр. Ол оңтүстіктен солтүстікке қарай еңіс. Оңтүстігінде Сарыарқамен шектеседі. Жер бедері мен геологиялық құрылысы. Жазықтың оңтүстігіндегі биіктігі 200 м, солтүстігінде 100 м. Солтүстік Қазақ жазығының Қазақстандық бөлігі палеозойдың қатпарлы-жақпарлы тұғырының үстінде жатқан палеогеннің теңіз және неогеннің континенттік шөгінділерінен тұрады. Кайнозой эрасында теңіз тартылып, қазіргі жер бедері қалыптасқан. Жер беті біркелкі тегіс. Өзендері сирек. Сондықтан да көп тілімделмеген. Ондаған тұйық қазаншұңқырлар ғана ұшырасады. Олардың көбін тұзды көлдер алып жатыр. Кей жерлерде биіктігі 10-15м-ге дейін көтерілетін биік жалдар кездеседі. Ішкі ерекшеліктеріне сәйкес Солтүстік Қазақ жазығының қазақстандық бөлігі төрт ауданға бөлінеді. Олар -Есілдің жазық орманды даласы, Тобыл -Обағанның жазық даласы, Есіл -Ертіс даласы және Ертіс -Құлынды жазығы.

         Есілдің жазық орманды даласы Есіл өзенінің екі жағын жағалай, Солтүстік Қазақстан облысының жерінде орналасқан. Бұл көлді жазық сазды жыныстардан түзілген, бетін континенттік, әсіресе өзен шөгінділері, палеогеннің жыныстары басқан. Жазықтықтың ең биік беті 130-140 м-ге жетеді. Онда көл көп, батпақты, тұзды қазаншұңқырлар да баршылық. Жер бетін шалғын, қара топырақты даланың өсімдіктері басқан. Ормандары негізінен қайың мен теректен тұрады.

         Тобыл —Обағанның жазық даласы батысында Орал Сырты үстіртімен, оңтүстігінде Торғай қыратымен, шығысында Есілдің сол жақ жағалауымен, солтүстігінде орманды даламен шектеседі. Бұл да көлді жазық. Жер бетінің биіктігі оңтүстігінде 250 м. Солтүстікке қарай аласарады. Жазық саздардан түзілген. Оның аумағында Үй, Есіл, Тоғызақ, Әйет, Тобыл,Обаған өзендері ағып өтеді. Түщы көлдер аз. Оның ең үлкені -Құсмұрын көлі. Ал тұзды көлдер көп. Жері қара топырақты шалғынды.

         Есіл —Ертіс даласы Есіл —Қамысты орманды даласы мен Сарыарқаның, Павлодар облысының көлді жазығының ортасында жатыр. 100-120 м биіктегі беткейлер неоген саз балшықтарынан түзіліп, оның бетін палеоген дәуірінің құмдары мен балшықтары басқан. Батыс бөлігінде көл көп. Олардың көбі тұщы. Ең үлкені -Шағалалы теңіз көлі. Оған Шағалалы өзені құяды. Тұзды көлдері де бар. Көкшетаудың солтүстік жағалауында жазық даланың бетінде ұзындығы 24 км, ені 0,5 -1 км-ге, биіктігі 15 м-ге жететін үлкен жалды қырқа жатыр.

         Ертіс — Құлынды жазығы Павлодар облысының күңгірт қара қоңыр топырақты ауданын қамтиды. Ертіс өзенінің жағалауы бірнеше террасадан тұрады тұрады. Бірінші және екінші террас өзен деңгейінен 4 -6-дан 15 -18 м-ге дейін биік келеді, жайылмасы өзеннің екі жақ бетінде 20 -25 км-ге дейін созылады. Үшінші террасаның биіктігі 28 -32 м, негізінен сол жақ жағалауға орналасқан. Ол қатпарлы, ұсақ шоқылы өлкемен жалғасады. Бұл беткей ұсақ қиыршық, құмтасты болып келеді. Ал Ертістің оң жақ беткейі төртінші террасаны құрайды. Ол құмайт топырақты аллювилік жазық, желдің әрекетімен қалыптасқан. Онда қалың қарағай өседі. Ертістің сол жағасы мен аймақтың солтүстік-батыс бөлігінде көлдер мен көлтабандар бар. Олардың ең үлкені —Жалаулы, Шүрексор көлдері. Жағаның екінші, үшінші террасаларының қалыптасуы кезінде Ертіс осы көлге құйып, шығысқа қарай қайта ағып шыққан.      Қазір бұл көлге Шідерті мен Өлеңті өзендері, Сілеті теңіз көліне Сілеті өзені құяды.

         Пайдалы қазбалары. Солтүстік Қазақ жазығында пайдалы қазба байлықтары аз емес. Соколов-Сарыбай, Қашар кен орындарында темір рудасы өндіріледі. Рудный қаласында байыту комбинаты жұмыс істейді. Әйет, Лисаков кен орындарында никель мен көмірдің мол қоры табылған. Хромит, боксит, кобальт кендері барланған. Құрылыс материалдарының да қоры мол.    

         Климаты. Бұл өлкенің климаты континенттігімен көзге түседі. Орта Азияның ыстық ауасы еркін енеді. Жауын-шашынның 60%-ына жуығы жаз айларында жауады. Шілденің орташа температурасы +18 , +20градус. Қаңтарда -17 -19 градус. арасында -30 -35 градустық аязды күндер жиі болып тұрады. Қар қалың түседі, орташа қалыңдығы 30 —50см-ге жетеді.

         Өзендері мен көлдері. Солтүстік Қазақ жазығының негізгі өзені -Ертіс. Ертістің төменгі ағысындағы басты салалары, сол жағынан -Тобыл, Есіл, Вагай, Қоңды, оң жағынан -Омь, Тарта, Демьянка келіп құяды.

         Шағын өзендерден Үй, Тоғызақ, Әйет, Обаған, Шағалалы, Сілеті, Өлеңті, Шідерті және т.б. жатады. Олардың көпшілігі қар суымен қоректенеді де, жазда құрғап қалады. Көктемде тасиды. Кейбірі Ертіске және оның салаларына құяды.          Бұл өлкеде Құсмұрын, Шағалалы теңіз, Сілеті теңіз, Қызылқақ, Теке және т.б. ұсақ көлдер көп. Олардың сулары ащы келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.4. Сарыарқа

 

         Географиялық орны. Бұл өлке Орталық Қазақстанның көпшілік жерін алып жатыр. Ол батыста Торғай үстіртімен, шығыста Сауыр-Тарбағатай тау жүйесімен, солтүстігінде Солтүстік Қазақстан жазығымен, оңтүстік-батысында Тұран ойпатымен шектеседі. Батыстан шығысқа дейінгі ұзындығы 1200 км, ені шығыс бөлігінде  400 км, батыс бөлінде 900 км шамасында.

         Жер бедері және геологиялық құрылысы. Сарыарқа өлкесі негізінен мүжілген және тегістелген қыраттардан, ұсақ шоқылы аласа таулардан тұрады. Араларында үлкенді-кішілі ойыстар, қазаншұңқырлар кездеседі. Олар геологиялық құрылысы мен жер бедерінің сипатына қарай іштей жіктеледі.       Оның шығыс бөлігі батысына қарағанда биігірек. Ол палеозойдың магмалық және шөгінді жыныстарынан құралған аласа таулы аймақ болып келеді. Бұл өлкенің жер бедерінің қалыптасуында жыныстардың жату бағыты мен үгілу процесі басты рөл атқарған. Сондықтан аласа таулар мүжілген. Кей жерлерде тау қалдықтары дөңді-жалды жазыққа жалғасқан.

         Бұл бөліктегі ең биік тауы — Қызыларай. Оның биік нүктесі — Ақсоран 1565 м. Одан солтүстікке қарай Қарқаралы 1403 м, Кент 1460 м таулары, одан әрірек Баянауыл 950 м, шығысында Шыңғыстау 1300 м таулары жатыр. Бұл таулар жүйесі негізінен граниттерден тұрады. Солтүстік беткейлерінде қарағайлы орман өседі, оңтүстік беткейлері жалаңаш, құзды келеді. Тау етектерінде үгінді қорым тастар кездеседі.

         Пайдалы қазбалары. Сарыарқа пайдалы қазбаларға бай өлке. Қарағанды мен Екібастұз көмір өндірудің ірі ошақтары. Жезқазған, Қарсақпай, Атасу, Саяқ, Қоңырат кен орындары мыс, темір, марганец кендеріне бай. Жәйремде сирек металл өндіріледі. Осыларды қорытып, байыту мақсатында Қарағанды,  Жезқазған, Балқаш және Теміртау қалаларында ірі металлургиялық комбинаттар жұмыс істейді.

         Климаты. Мұхиттан алыс жатқандықтан Сарыарқаның климаты құрғақ, континентті болып келеді. Қысы суық, қаңтардың орташа температурасы -14 -18градус, суық күндері -40градусқа дейін төмендейді. Жазы құрғақ, ыстық, шілденің орташа температурасы +20 +24градус, кейде +35градусқа дейін көтеріледі. Жылдық ылғал мөлшері 200-300мм. Ұсақ шоқылы тауларда ылғал молырақ түседі, шамамен 370мм.

         Өзендері мен көлдері. Басты өзендері -Есіл, Нұра, Сарысу, Сілеті, Шідерті, Тоқырауын және т.б. Олардың көбі көктемгі қар суымен қоректенеді, көктемде тасиды. Жаз айларында құрғап, үзіліп-үзіліп қара суға айналады. Есілде ғана тұрақты су ағыны бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ тарау

2.1 Орал

         Географиялық орны. Қазақстанға Орал тауының оңтүстік бөлігі — Мұғалжар тауы ғана кіреді. Тау Жаманқаланың тұсынан басталып, солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла орналасқан, ұзындығы —450 км, ені 30 км, орташа биіктігі 450 – 500 м. Ең биік нүктелері — Үлкен Боқтыбай (657 м) Айрық (633 м). Тау Орал тауының жалғасы болып табылады. Ол экзогенді процесстер әсерімен мүжіліп, аласарған таулардың қатарына жатады.

         Жер бедері мен геологиялық құрылысы. Мұғалжардың пайда болу жолы да, жер бедерінің құрылымы да Орал тауына ұқсас. Одан айырмашылығы шығыс беткейлері көлбеу, батыс беткейлері жарқабақты келеді. Тау батыс, шығыс болып екі жотаға бөлінеді. Оларды Біршоғыр ойысы бөліп жатыр.

         Мұғалжар — герцин қатпарлануында пайда болған палеозойлық таулы өлке. Олар, негізінен, магмалық, метаморфтанған және ішінара палеозой мен мезозойдың әр кезеңінде нығыздалған шөгінді жыныстардан тұрады. Мұндағы тау қатпарларының тегістелуі Сарыарқаға ұқсас. Оның жер бедерінің қалыптасуына да жыныстардың жас шағының құрамы мен эрозиялық, денудациялық процесстер әсер еткен.

         Пайдалы қазбалары. Мұғалжар тауының қойнауы никель, кобалть, хромит, мыс, қара және сирек металлға бай. Кемпірсай өңірінде Хромиттау, Никельтау кен орындары ашылған. Біршоғыр бойында көмір кені бар. Осы маңдағы бор дәуірінің аяғында пайда болған мергельді, әктас, цемент өндірісіне пайдаланылады. Оңтүстік Мұғалжар құмынан шыны жасалады.

         Климаты. Климаты құрғақ, континентті, өзімен іргелес жазықтарға ұқсайды. Дегенмен аласа болғанымен тау жүйесі ауа қозғалысын бөгеп, өз маңын 1-2 градусқа болса да салқындатып тұрады. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300 мм. Жазы ыстық, кейде +38 градусқа дейін көтеріледі.     Қысы боранды, аязды, кейде -40 градусқа дейін төмендейді. Мұғалжар тауынан соғатын суық жел бар, кейде ол дауылға ұласады.

         Су қоры. Мұғалжар өңірінің климатының құрғақтығына ондағы жер беті суларының тапшылығы әсер етеді. Таудан бірқатар өзендер: Жем, Ырғыз, Ор, Тобыл, Талды ағып шығады. Бірақ олардың көбі су қорын қар суынан жинайды да, жазда тез тартылып қалады. Керісінше, онда жер асты суының мол қоры табылған. Қазір ауыз су есебінде де, шаруашылық үшін де жер асты суы пайдаланылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2   Алтай

         Географиялық орны. Алтай Зайсан ойпатынан басталып, Байкал көліне дейінгі аралықты алып жатқан Алтай-Саян таулары деп аталатын аса үлкен тау жүйесінің бір бөлігі. Қазақстанға оның оңтүстік-батыс шеті ғана кіреді. Оның оңтүстігі Қара Ертіс өзені мен Зайсан көлі, батысы Қалба жотасы. Сарыарқадан Шар өзенінің аңғарымен бөлінеді.

         Мұзтау — Алтай тау жүйесінің Ресей жеріндегі ең биік шыңы 4506 м. Қатын жотасының шығыс жағын ала, Қазақстан мен Алтай өлкесінің әкімшілік шекарасы маңында жатыр. Ұшар басында Үлкен, Кіші Берел, Меңсу т.б. мұздықтары бар, бұлардан Қатын су өзені бастау болады.

         Жер бедері мен геологиялық құрылымы. Жер бедерінің ерекшеліктеріне қарай Қазақстандық Алтай үш ауданға бөлінеді. Олар — Кенді Алтай, Оңтүстік Алтай және Қалба жотасы.

         Оңтүстік Алтай солтүстігінде Бұқтырма өзені мен оңтүстігінде Зайсан, Қара Ертіс аралығында жатыр. Ертіс аңғары оны батыс жағынан Қалба жотасынан бөліп тұрады. Шығысында ол Үкөк қыратымен шектеседі. Осы жерден батысқа және оңтүстік батысқа қарай екі тау жотасы тарайды. Оларды Күрішім мен Қарақоба өзендері бөліп жатады. Тарбағатай (2739 м), Сарымсақты (3373 м), Нарын (2386 м) жоталары солтүстік тау бөлігіне кірсе, Оңтүстік Алтай жотасы (3483 м), Сарытау (3300 м), Күршім (2644 м) жоталары оңтүстік бөлікті құрайды, Асу жотасы мен Сарытаудың аралығында 1449 м биіктікке. Марқакөл қазаншұңқыры орналасқан. Бұл ауданның биік бөлігі шығыс жағында; батысқа қарай біртіндеп аласары, тау қыратына айналады. Тау шыңдары аралығында көлемі шағын, онша терең емес көлтабандар, батпақты көлдер мен шағын тақырлар кездеседі. Олардың өзі 2300-2500 м биіктік шамасында жатыр.

         Ауданның батыс шекарасы Холзун тау тізбегінен өтеді. Оның жер бедері адырлы келеді. Жоғарғы жағы толқынды кең қыраттардан тұрады. Одан жоғарыда жалаңаш шыңдар орналасқан. Таудың оңтүстік беткейлері тік және күшті тілімденген. Тау етектері біршама жазықтау.

         Кенді Алтай — Оңтүстік Алтайдың солтүстік шығыс бетінде Үлбі (2300 м), Иванов (2775 м), Үбе (2100 м) тау жоталарынан тұрады. Олар Қатынтау жотасы мен Үкөк тау қыратынан тарайды. Олардың жер бедері әр түрлі. Оның жеке бөліктерінің жер бедері әбден тілімделген биік таулы болып келеді. Көп жерлерін қылқан жапырақты орман жапқан таулардың беткейлері — көлбеу, төбелері доғалды-дөңесті, кей жерлерінде тегістелген үстірттер ұшырасады.

         Қалба жотасы. Ертіс өзенінің сол жағында жатыр. Оның ең биік нүктесі -Сарышоқы (1558 м). Қалба жотасы батыс жағында Шар аңғары арқылы Сарыарқамен шектеседі. Тау төбелері жұмырлы, беткейлері әбден тілімденген, кей жерлері жазық келеді.

         Пайдалы қазбалары. Алтай пайдалы қазбаларға бай өлке. Әсіресе, Кенді Алтайда қорғасын, мырыш, қалайы, вольфрам, күмістің, сынаптың мол қоры бар. Нарын мен Күршім жоталарында алтын мен сирек металл, Қалба тауында    қалайы мен  вольфрам  өндіріледі. Осы  өңірден  өндірілген қазбаларды байыту үшін Өскеменде, Риддерде, Зырянда металлургиялық зауыттар салынған. Кен рудаларын өндіру мен қорыту ісінің таза технологиялық негізді орындалмауы табиғаты әдемі өлкенің экологиясын бұзуға себепші болып отыр. Сондықтан да табиғи ортаның тазалығын сақтау, зауыттардан шығатын түтіндер мен зиянды қалдықтарды азайту — бүгінгі күннің басты экологиялық міндеті саналады.                  

         Климаты, өзендері. Алтайдың қазақстандық бөлігінің климаты қоңыржай континентті. Айналасындағы жазықтармен салыстырғанда жаздың өзінде тау іші салқындау, қыста керісінше жылы. Оған инверсия әсер етеді. Тұйық қазан шұңқырларда жазда ыстық, қыста аса суық -40 градусқа дейін болады.    Жоғарылаған сайын температура төмендейді. Шілдеде аласа тау беткейлерінде +19 +22 градус болса, 1000 м биіктікте +16 +14 градус, 2500 — 2700 м биіктікте +7 +6 градустан аспайды. Өскеменде қыс айларының орташа температурасы -15 градус. Жылдық жауын-шашын мөлшері тау бөктерінде 300-400 мм, тау ішінде 1000-1500 мм-ге дейін көбейеді. Тауда қыста қар көп жауады. Кейде оның қалыңдығы 1-3 метрге дейін жетеді. Ал тұйық қазаншұңқырларда қар жұқа болады. Сел тасқындары, қар көшкіндері жиі байқалады.

         Өзендері мен көлдері, мұздықтары. Алтайда өзен де, көл де көп. Олар басын таудағы қар суынан, мұздықтардан алады. Ең үлкені — Ертіс. Ертістің Зайсан көліне дейінгі бөлігі Қара Ертіс болып басталып, Қалба мен Нарын жоталарының арасымен ағады. Оған Кендірлік Күрішім, Бұқтырма, Үлбі, Үбі т.б. өзендер құяды.

         Алтай көлге де бай. Язовое, Черновое, Тұранғыкөл, Марқакөл т.б. көлдердің ауданы 1 шш-нан асады. Көлдердің ең үлкені — Зайсан ауданы 5510 шш, Марқакөл ауданы 455 шш.

         Қазақстандық Алтайдың тауларында 328 мұздық бар. Олардың жалпы ауданы 89,6 шш.мұздықтар негізінен 2600 м-ден жоғары тау биіктіктерінде жатады. Олар Қатын, Холзун, Иванов, Оңтүстік Алтай, Сарымсақты тау жоталарында көбірек сақталған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3    Сауыр-Тарбағатай

         Географиялық орны. Зайсан ойпатының оңтүстік шекарасы Сауыр мен Тарбағатай тау жүйесіне тіреледі. Бұл жер мен Қытай-Қазақстан шекарасы өтеді.

         Зайсан көліне жақын жатқан Сауыр таулары Қытайдан, Улюнгур көлінің батыс жағынан басталып, терең тілімделген үлкен қазаншұңқырды жағалай шығыстан батысқа қарай созылады. Қазаншұңқырдың оңтүстік беті — Қоңыр тауы Қытай жерінде. Қазаншұңқыр кезінде тектоникалық қозғалыстардан пайда болған. Ол Зайсан көлінің оңтүстік шығысында орналасқан Шілікті қазаншұңқырымен жалғасады. Сауыр жотасының солтүстік етегі Зайсан көлі мен Қара Ертіспен бітеді, оңтүстік беті Шілікті даласына тіреледі. Сауыр сияқты Тарбағатайдың да Қазақстанға батыс бөлігі ғана кіреді. Шығыс бөлігінің оңтүстік беткейі Сауырмен жалғасқан жерінен Хабарасуға дейін Қытай жеріне қарайды. Таудың жалпы ұзындығы 300 км, ені 30-50 км, Батысында ол Шыңғыстаумен жалғасады. Тарбағатай бірнеше аласа таулар түрінде Сауырмен іргелес созылып жатыр. Олардың арасын Қандысу, Жоғарғы Еміл өзендері бөліп жатады.

         Жер бедері мен геологиялық құрылымы, пайдалы қазбалары. Сауыр жотасы аталған тау жүйесінің биік бөлігі. Оның ең биік нүктесі — Мұзтау (3816 м). Жотаның Қазақстан жеріндегі ұзындығы 60-65 км. Батысқа қарай ол аласарып, Маңырақ жотасына ұласады. Зайсанның ойпатты даласында Сауыр мен Маңырақ биік көрініп, алыстан көзге түседі. Сауырдың солтүстік беткейі өзінің құрылымы жағынан Алтайды еске түсіреді. Оңтүстік беткейі құз жартасты, Орта Азия тауларына ұқсайды. Мұндағы мәңгі қар жататын белдеу 3300 м биіктікте. Мұзтауда мұздықтар бар.

         Құрылымы жағынан Тарбағатай әр түрлі биіктікке көтерілген. Ірі үйінді -массивті сияқты. Бұл үйінділер үшбұрыштанып, құзды шыңдарға айналады. Тау басы жадағай. Оның әр жерінен асулары арқылы жол өтеді, тау беткейі де тілімденген. Тарбағатай онша биік емес. Оның орташа биіктігі теңіз бетінен 2000-2100 м ғана. Ең биік нүктесі — Тастау (2992 м). Онда мұздықтар жоқ. Сауыр-Тарбағатай негізінен жоғары палеозой жыныстарынан түзілген. Сауырда атпа жыныстар кең тараған. Олар порфир және порфириттер түрінде кездеседі.      Тарбағатайда порфириттер шөгінді жыныстармен кезектесіп отырады. Ал оның оңтүстік беткейінде әктас көп ұшырасады. Сауырдағы жоқ граниттер Тарбағатайдың су айрығында салыстырмалы түрде жиі кездеседі.

         Сауыр-Тарбағатай — қатпарланған таулы өлке. Оның негізгі құрылымы жоғары палеозойда герцин қатпарлануы кезінде қалыптасқан. Ол Альпі тау көтерілу кезінде жаңғырып қайта көтерілген. Бұл ауданның қазіргі жер бедерінің қалыптасуына ерте замандардағы мұз басу, ағын сулардың эрозиялық әрекеті және кейінгі тектоникалық процесстер әсер еткен. Бұл жерде жер сілкіну әлі де болып тұрады. 1990 ж. Зайсандағы жер сілкіну шаруашылыққа бірсыпыра зиян әкелді. Сауыр тауында Кендірлік көмір кені ашылған. Жанғыш тақтатастың мол қоры табылған. Мұнай қабаттарына барлай жасалды.

         Климаты мен өзендері. Сауыр-Тарбағатай өңірі климаты жағынан Оңтүстік Алтайға ұқсайды. Климаты континентті. Алтайға қарағанда жауын-шашыны аздау. Табиғи ерекшеліктері мен климаты жағынан ол Оңтүстік Сібір мен Орта Азия тауларының аралығындағы өтпелі аймақ тәрізді. Қаңтардағы ауаның орташа температурасы -20 градус, шілдеде +22 градус. Кейде өзгеріп тұрады. Жауын-шашын мөлшері 350-500 мм. Тау іші ылғалды, жазыққа қарай қуаңдау.

         Таудан басталатын өзендер көп. Жарма, Қайындысу, Көкпекті сияқты өзендер кезінде Зайсан көліне құйған. Қазір көлге жетпейді. Сол сияқты Қарабұлақ, Жетіарал, Қарабұға, Базар өзендері тау арасында ғана ағып, қырға шыққан соң тартылып қалады. Тарбағатайдың оңтүстік беткейінде ағатын Үржар, Қатынсу, Емел өзендері Алакөлге құяды. Аягөз өзені Балқаш көліне жетеді.

 

        

 

2.4    Жоңғар Алатауы

 

         Географиялық орны. Жоңғар Алатауы — Жоңғар тау жүйесінің солтүстік және солтүстік-батыс жалғасы. Ол солтүстік-шығысында Алакөл қазаншұңқыры мен оңтүстік-батысында Іле өзені аңғары аралығында созыла орналасқан. Ұзындығы 450 км, ені 100-200 км. Жоңғар Алатауын батыста Көксу, шығыста Боротала өзендері бөліп жатады. Осьғ екі бөлік Солтүстік және Оңтүстік Жоңғар Алатауы болып, екі үлкен тау жотасын құрайды.

         Жер бедері, геологиялық құрылысы. Жоңғар тау жүйесінің біраз бөлігі Қытай жерінде, Орқашар және Жайыр деген биік жоталарды құрайды. Қазақстан шекарасына таянған жерде Орқашар Барлық тауымен жалғасады.          Жайыр Майлы атты аласа жотаға ауысады. Осы жоталардың арасында кезінде тектоникалық қозғалыстардан пайда болған үлкен аңғар бар. Ол кей жерлерде батпақты, қамысты, кей жерде құрғақ дала болып келеді. Аңғар бойында үйінді тастар көп. Жергілікті халық оны қорым дейді. Осы аңғар арқылы Ебінұр көлінің қазаншұңқыры Алакөл қазаншұңқырымен шектеседі. Осы алқап Жоңғар қақпасы деп аталады. Ерте замандардан бастап осы қақпа арқылы Шығыс Еуропа мен Азияны, Қазақстанды жалғастырған Жібек Жолы өткен, Онымен Шыңғысхан жаулаушылары, Жоңғар шапқыншылары жүрген.    Жоңғар Алатауының Қазақстандық бөлігі осы қақпаның батысынан басталады да, батысқа қарай Боротала өзеніне дейін Қытай-Қазақстан шекарасы бойымен созылады. Осы жерде Жоңғар Алатауы осимметриялық құрылымдағы алып таулы жотаға айналады.

         Көксу өзенінің екі жағын алып жатқан Жоңғар Алатауының солтүстік, оңтүстік жоталарының да өзара ерекшеліктері бар. Солтүстік жотаның ең биік нүктесі Бесбақан (биіктігі 4622 м), оңтүстік жотаның биік нүктесі Мұзтау (4370).

         Солтүстік Жоңғар жотасы сатылап, солтүстік-шығысқа қарай аласарып, кең жазыққа айналады. Оның алғашқы сатысы — Тастау, Ақан жайлау, Қотыртас, Мыңшұңқыр жоталары. Бұлардың аралығында тау аралық қысқа аңғарлар мен қазаншұңқырлар орналасқан. Оның ең ірісі — Ой жайлау қазаншұңқыры. Екінші саты Ой жайлаудан солтүстікке қараған Күнгей, Ешкіөлмес, Суықтау, Қарашоқы, Желдіқарағай тау жүйелері. Үшінші саты Шыбынды, Қарасарық, Қырықкөл тау алды алқаптары, олардың солтүстік шығысына Текелі мен Сайқан таулары, Баянжүрек, Қойтас, Малаясары жоталары да кіреді. Оңтүстік Жоңғар жотасының жер бедері де сатылы келеді, бірақ солтүстік жотаға қарағанда күшті тілімделген. Оның батысы мен оңтүстік батысында Итшоқы, Қотырқайың, Алтынемел, Суаттау тау алды жоталары орналасқан. Бұлар Іле өзені аңғарына жақындап келеді. Солтүстік беткейдің жер бедері жазық, көлбеу келеді. Тау қыраттарының тегіс. Тау қыраттарын бөліп жататын алаптар тік беткейлі, тілімделген, оңтүстік беткейлер құламалы. Солтүстіккке қарағанда тау төбелері жазық емес, көтеріңкі.

         Жоңғар Алатауының құрылымы кембрийге дейінгі жыныстар мен палеозой жыныстардан тұрады. Оның жоталары кембрийге дейінгі граниттер мен кристалды    тақтатастардан    түзілген.    Каледон    қатпарлығында    алғаш

көтерілген Жоңғар Алатауының солтүстік және солтүстік-батыс бөліктерінде селур мен девон құмтастары мен сазды тақтатастардан тұратын негізгі жыныстармен бірге палеозой шөгінділері де мол. Таудың оңтүстік және оңтүстік-батыс бөліктерінде жоғарғы палеозойдың жыныстары көп. Олар карбон мен пермьнің құмтастары мен тақтатастарынан, әктас пен конгломераттардан түзілген. Тау ралық аңғарлар мен қазаншұңқырда, тау етектерінде палеоген мен неоген шөгінділері кездеседі. Жоңғар Алатауы каледон мен герциндегі тау түзілу кезінде қатпарлы тауға айналса, мезозой мен төменгі кайнозойда сыртқы күштің әсерінен мүжіліп, аласарып тегістелсе, кейінгі Альпі қатпарлығының күшті болуына байланысты қатпарлы-жақпарлы биік таулы өлкеге айналған. Жер бедерінің қалыптасуына ертедегі және осы күнгі мұз басулар да ықпал жасаған. Мұз басудың ізі әр жерде-ақ байқалады.      Ағысы қатты болғандықтан өзендердің табан эрозиялық әрекеті де күшті, сондықтан өзен аңғарлары шатқалды, құзды болып келеді.

         Климаты, өзендері мен мұздықтары. Жоңғар Алатауы мұхиттардан алыс орналасқан. Оның климатына Арктиканың суық ауасы мен Тұранның ыстық ауасы әсер етеді. Тау етегінде неғұрлым құрғақ, континентті климат болып келеді. Биік тау беткейлерінде климат қоңыржай: қысы суық, жазы қоңыр салқын, ауаның орташа температурасы қаңтарда -10-11 градус, шілдеде +18+20 градус. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 600-800 мм. Оңтүстік шығыста 400 мм, қыста қар көп түседі. Тау бастарында мұздықтар қалыптасқан.

         Жоңғар Алатауы су қоры мол. Оның өзендері сол аймақтағы көлдерге құяды. Солтүстігінде Ырғайды өзені Жалаңашкөлге, Жаманты өзені Алакөлге, Тентек өзені Сасық көлге құяды. Тау өзендерінің көбі Балқашқа бағытталған.

         Оңтүстік жағының су қоры аздау. Қытаймен шекарадан Хоргос өзені ағып, Ілеге қосылады. Оның батыс жағынан Өсек өзені құяды. Бороходзир өзені Ілеге жетпей тартылып қалады. Жоңғар Алатауының солтүстік және оңтүстік жоталары арасынан Қаратау өзені ағып шығады. Ол Көксумен, Быжымен бірге Балқашқа құяды. Жоңғар Алатауының үлкен өзендері бастау алатын тау шыңдарында мұздықтар орналасқан. Мұздықтардың көбі солтүстік жотада орналасқан. Онда жалпы ауданы 996 шаршы шақырымға жететін 700 мұздық бар. Ең үлкен мұздықтар Лепсі өзенінің басында. Жоңғар Алатауының мұздықтары Ырғайты, Тентек, Лепсі, Басқан, Сарқант, Ақсу, Биен сияқты жеті топқа бөлінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

2.5  Тянь-Шань

 

         Географиялық орны. Тянь-Шань Азиядағы ең ірі тау жүйесінің бірі. Таудың шығыс бөлігі Қытай жерінде. Тянь-Шань сөзі қытай тілінде «Тәңір шыңы, Аспан тау» деген мағынаны білдіреді. Қазақстанға Тянь-Шаньның солтүстік және батыс бөлігі, Орталық Тянь-Шаньның кейбір жоталары кіреді. Солтүстік Тянь-Шаньдағы Іле Алатауы, Қырғыз Алатауының батыс бөлігі, Шу, Іле таулары, Батыс Тянь-Шаньнан Піскем, Өгем жоталарының оңтүстік-батысы, Қаратау, Орталық Тянь-Шаньдағы Талас Алатауының оңтүстік-батыс бөлігі Қазақстанның оңтүстік-батысы мен оңтүстігіндегі таулар сілемін құрайды.

         Жер бедері мен геологиялық құрылымы, пайдалы қазбалары. Тянь-Шаньның ең биік нүктесі Хантәңірі шыңы (6995 м). Орталық Тянь-Шаньның үлкен жотасы Теріскей Алатаудың оңтүстігінде орналасқан. Сол жерден Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы өтеді. Теріскей Алатаудың Қазақстандық оңтүстік-батыс беткейі Сантас асуымен, Текес тау аралық жазығымен өтеді де, Күнгей Алатаумен жалғасады. Бұл жерден Шілік-Кебін таулары басталады. Ол Іле Алатауымен шектеседі.

         Батыс Тянь-Шаньның Қазақстандық бөлігі қырғыз жотасынан басталады. Қырғыз жотасының батыс бөлігінің солтүстік беткейі, Талас Алатауының батыс тармағы, Ташкент маңы Алатауының Манас тауынан басталған солтүстік-шығыс беткейі Қазақстан аумағына кіреді.

         Қырғыз жотасы да көлемі мен биіктігі жағынан үлкен тау жүйесі. Оның ең биік нүктесі — П.П.Семенов шыңы, биіктігі 4566 м. Таудың Қазақстандық бөлігі одан аласа — 4500 м шамасында. Тау батысқа қарай аласара береді. Оның солтүстік беткейі құламалы, мүжілген тау сілемдерін елестетеді. Жотаның беті карбон дәуірінің құмтастары, әктастар мен граниттерден тұрады. Оның беті күшті тілімделген, тегіс емес. Қазақстандық бетінде Альпілік жер бедері қалыптасқан. Батыс Тянь-Шаньның батыстағы жалғасы Қаратау жотасы. Ол Талас Алатауының батыс жағынан басталып, Боралдай, Сайрам жоталары арқылы Ташкент маңы Алатауымен шектеседі. Солтүстік батысқа қарай созылып жатқан таудың ұзындығы 400 км, орташа биіктігі 1800 м. Ең биік нүктесі — Мыңжылқы, 2176 м. Тау солтүстік батысқа қарай аласарып, Сарысу, Шу өзендерінің атырабында бітеді. Геологиялық құрылысы мен жер бедері жағынан Шу, Іле тауларымен ұқсас, аласарып, мүжіле бастаған. Қаратаудың солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс жоталарын тау аралық ойыс бөліп тұрады. Оңтүстік-батыс жотасы протерозойдың метаморфтанған жыныстарынан құралса, солтүстік-шығыс жотасы төменгі полеозой құмтастары мен тақтатастарынан тұрады. Екі жотаның арасындағы ойыс қызыл құмдардан түзілген. Сонымен қатар, мезозой мен кайнозойдың әктасы, құмтастар, сазды шөгінділері кең тараған. Ондағы жер бедері құрғақшылық жағдайда қалыптасқан. Тұрақты беткі ағыны жоқ, жотаның беткейлері үлкенді-кішілі шатқалдармен тілімделген.

         Климаты, өзендері мен мұздықтары. Тянь-Шань тау жүйесінің климаты құрғақ, құбылмалы болып келеді. Оған Арктикалық ауа массалары мен Сібірден келетін  аңтициклон  әсер етеді.  Тау жоталарының биіктігі,  жер бедерінің әрқилылығы жылу мен ылғалдың алмасуы оның ауа-райының құбылмалы ерекшелігін анықтайды. Сондықтан күз бен көктемде салқын соғып, үсік жүруі жиі кездеседі. Жаз айларында аптапты ыстық ауаны құрғатып, климатты континентті етіп қалыптастырады. Қысы ұзақ. Қазаннан сәуірге, кейде мамырға дейін созылады. Күнгей және Теріскей Алатауларында қар кейде тамызда да жауады. Іле Алатауында тамыз — күздің айы. Батыс Тянь-Шаньның климаты бұдан гөрі өзгешелеу. Оңтүстік Қазақстанның ауа-райы осыған әсер етеді. Таулардағы қар белдеуі бұл жерде жоғарырақ жатады.        Тауларда ылғал мол болады. Тау беткейлерінде шілде айының орташа температурасы +20+25 градус болса, мұздықтардың етегінде -5 градусқа дейін төмендейді. Жылдық жауын-шашын мөлшері 600-800 мм.

         Тянь-Шань тау жүйелерінде тау аралық жазықтарды суландыратын өзендер көп. Іле Алатауының солтүстік беткейінде Үлкен және Кіші Алматы, Талғар, Есік, Түрген, Шілік, Қаскелең, Күрті таудың шығыс беткейінде шырын өзендері ағады. Олардың көбі Ілеге құйып, сол арқылы Балқаш көлінің су қорын молайтады.

         Тянь-Шаньның батыс бөлігінде мұздықтар көп емес. Мұздықтар негізінен Талас Алатауындағы Манас тауында Арысқа құятын Ақсу өзенінің басында, Піскем, Майдантал, Ойқайық өзендері алқабында.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

         Территорияның, физикалық аймақтың қалыптастыруының тарихи барысы табиғи зоналарға және аудандарға бөлу мәселесінің дамуымен тығыз байланысты. 1917 жылға дейін Қазақстан территориясын аудандастыру және табиғи зоналарға бөлу мәселелерінің қалыптасу барысына жүйелі тарихи географиялық талдау терең жасалмаған еді. Құрлықты таулар мен су көздерін бөліп тұратын аймақтарды бөлу туралы пікірлер сол антикалық дәуірлерде алғаш пайда болған. Содан ары қарай дами түсті. Азияны аудандастырудың кейбір нұсқауларын Геродоттың еңбектерінен табуға болады. Ол Азияна сипаттаған кезде материкті бірнеше бөлікке бөлді.

         Жаңа дәуірде жер шарын аудандастыруға ондаған жылдар бойы топографиялық белгілер пайдаланды және шекаралар, жағалық белдеулер, өзендер, суайрықтар т.б. шөптер арқылы жүргізілді.

         1803 жылы Сырдария өзенінің төменгі ағысына сапар шегіп зерттеу жүргізген Г. Ян аудандастыруға арналған еңбектері сол кездер үшін ілгері басқан зор қадам болды. Оның құндылығы қазақтың жазық жерлерін геоморфологиялық жағынан аудандастыруға алғаш рет әрекет жасалды.

  1. Оралдың оңтүстік-батысы, оған Орал маңындағы қыраттар жатады.
  2. Ойпат дала, яғни Есіл ойпаты.
  3. Таулы қыратты өлке, оған Қазақстанның таулы аймағы жатады.
  4. Құмайт дала, оған Арал, Каспий бассейндерінің құмды шөлі.

         XIX ғасырдың II жартысында аса көрнекті ғалымдардың, мысалы; С.Тянь-Шаньскийдің, Ш.Уалихановтың, М.Мушкетовтың ашқан жаңалықтары маңызды рөл атқарды.

         Қазақстанда физикалық, географиялық аудандастыру мэселесі мен А.А.Григорив, Н.Рыбин, Л.Соболь т.б. көрнекті ғалымдар айналысты. Соңғы кездері Қазақстанның жеке аймақтарында ірі масштабты физикалық-географиялық аудандастыру жүргізіле бастады.