АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Қазақстандағы Ұлттық банк жүйесінің дамуы

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

 

Орта – Азиялық Университеті

 

 

 

                                                                         РЕФЕРАТ

 

Тақырыбы: «Қазақстандағы Ұлттық банк жүйесінің дамуы»

 

 

 

 

 

 

                                                       Орындаған: 2 – курс 05 – 02 

                                                               студенті Токимбаева Б.

                                                  Тексерген: профессор Тәнісәлі Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                        Алматы 2006

 

Жоспар:

 

      Кіріспе ……………………………………………………………………….  3  – 4

  1. Ұлттық банк, оның мақсаты мен міндеттері…………………. 5 – 7
  2. Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары……..  8 – 10
  3. 3. ҚР Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары……. 11 – 12

    а) Ақша айналысын басқару…………………………………………  12 – 13 

    б) Ақша – несие саясатының құралдары………………………   13 – 15

  1. ҚР Ұлттық банкі «Банктердің банкі»………………………….. 16 — 19
  2. Халық банкінің жүйесі………………………………………………… 20 — 23
  3. АТФ банкінің жүйесі …………………………………………….. ..  24 — 26

    Қорытынды…………………………………………………………………… 27 – 28

     Қолданылған әдебиеттер ……………………………………………… 29

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

 

     Несие жүйесінің негізгі буыны – банктер. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мектептер мен ауруханалардың, институттар мен бала бақшалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс – жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. көптеген сан алуан операциялар жүргізеді.

     Капиталистік банктердің алғашқы ізашарлары Флоренция мен Венецияда 1587 жылы айырбас ісінің негізінде, яғни әртүрлі елдер мен қалалардың ақшасын айырбастауда пайда болды. Банктердің негізгі операциялары ақшаны сақтауға қабылдау мен ақша есеп айырысуды жүргізу болған. Ақшасыз есеп айырысуды жүргізудің мәні – екі клиенттің қатысуымен банкирдің кітабына бір шоттан екінші шотқа белгілі бір соманы аударып жазу. Кейінірек ол осындай негізде Амстрдамда (1609 жыл) және Гамбургте (1618 жыл) ұйымдастырылды.

     Карл Маркс банктердің пайда болуы туралы былай деген: «Кәсіпкерліктің ерекше саласы пайда болды, себебі ол ерекше сала ретінде барлық таптардың ақша механизмін қамтамасыз етеді, ол шоғырланып, ірі масштабта жүргізіледі…»

     Банк ісі – қарыз капиталын жинақтаумен және оны бөлумен шұғылданатын кәсіпкерліктің ерекше түрі. Қазіргі кезде банктер көптеген операциялар жүргізеді. Олар ақша айналымы мен несие қатынастарын ұйымдастырумен ғана қоймай, сонымен қатар банктер арқылы халық шаруашылығын қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу – сату, ал кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер және мүлікті басқару операциялары жүргізіледі.

     Осы айтылған жағдайларды қорыта келе банктің атқаратын қызметтерін негізінен төмендегідей топтастыруға болады.

  1. Уақытша бос ақша қаражатын тарту, жинақтау және оны

қарыз капиталына айналдыру.

  1. Кәсіпорындарға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру,

бағалы қағаздармен операция жүргізу.

  1. Ақша айналымын реттеу. Банк — әр түрлі шаруашылық

субъектілерінің төлем айналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік туғызады.

  1. Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиенттің тек

жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қоймай, сонымен қатар депозиттік чектерде вексельдерді шығарумен де несиелейді.

  1. Экономикалық және қаржылық кеңес беру.

     Эмиссиялық банк – ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға (шығаруға) құқы бар, әдетте, ұлттық банк. Әр мемлекеттерде ұлттық банк әртүрлі аталады.  Мысалы:  бұрынғы КСРО – да ол мемлекеттік деп, ал қазір Қазақстанда – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі деп аталады. Мемлекеттің Ұлттық банкінің негізгі мақсаты айналысқа ақша бірлігін шығару, банктерге ерекше тауар ақша белгісін сату және банк жүйесінің несие – есеп, эмиссиялық жұмысын басқару. Ол – елдің екі деңгейлі банк жүйесінің – жоғары деңгейіндегі банк.

     Мемлекеттегі басқа банктердің барлығының да ақша белгілерін шығаруға құқы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар коммерциялық, инвестициялық, инновациялық, ипотекалық және т.с.с банктер. Коммерциялық банктер клиенттерге көрсететін қызмет түрлерін үнемі ұлғайтып тұратын әмбебап үлгідегі банктер. Ал басқа банктер бір – екі қызмет түріне маманданған банктер.

      Инвестициялық және инновациялық банктердің екі түрі де ұзақ уақытқа ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар облигация, акция және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейін ұзақ мерзімге қарызға береді. Инвестициялық банктер кәсіпкерлерге қарыз берсе, ал инновациялық банктер технологиялық хаңалықтарды өңдеуді және оны игеруді несиелейді.

     Ипотекалық банктер – жерді және жылжымайтын мүліктерді кепілдікке алып, ұзақ мерзімге несие береді. Олар ипотекалық облигация, акция және басқа бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинақтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         1.Ұлттық банкі, оның мақсаты мен міндеттері, қызметтің бағыттары, меншікті қаражаттары мен пайдасы

 

  Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы

әрі реттеуші бас органның ролін атқара отырып , ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.                              

      Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық  орталығы, сондай – ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие «банктердің банкі», «соңғы сатыдағы несие беруші» ролін атқарады, ақша – несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша – несие саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.

     Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

     Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар – ақша тепе – теңдік саясатын жүргізеді.

     Орталық банк тарапынан ақша – несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикадағы қолма – қол және қолма – қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алады, яғни ақша массасы негізінен банктердің несие – депозиттік қызметіне байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы реттейді.

     «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.

     Жоғарыда айтылғандай, КСРО – ның мемлекеттік банкінің Республикалық кесесі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі болып қайта құрылған. Ол жай клиенттерге қызмет көрсететін

мемлекеттік банктен орталық эмиссиялық банкке өзгертілді және «банктердің банкі» болды.

     Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банкінің мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде жүреді. Барлық банктер қолма – қолсыз есеп айырысулары Ұлттық банктердің мекемелері арқылы жүргізіледе, ал қажет жағдайда Ұлттық банкіден несие алады. Осының нәтижесінде қолма – қол және қолма – қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады.

     Ұлттық банк – ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің құралу көздеріне – банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.

     Заңның 9 – бабына сәйкес, Ұлттық банк жарғылық қорын  10 млрд. теңге көлемінде мына қаражаттар есебінен құрайды: республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттар, мемлекеттен алынған негізгі  қорлар және Ұлттық банк тапқан пайдадан аударымдар.

     Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында Орталық банкінің жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі құқықтық формалары бар:

  • оның капиталының қалыптасуы 100 % мемлекеттің қаражаты есебінен болатын унитарлық банк;
  • акцияларының бөлігі мемлекетке тиесілі (немесе мемлекеттің қатысуынсыз) акционерлік қоғам;
  • бірлестік типтес ұйым (мемлекеттің қатысуымен немесе қатысуынсыз);
  • Орталық банкінің қызметін бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі;

     АҚШ – та банктердің капиталына мемлекет қатыспайды, олардың капиталы Федералы резервтік жүйенің (ФРЖ) мүше банктердің жарна пұл төлемдерінен тұрады.

     Негізгі ұлттық банк унитарлық орган болып табылады. Мемлекет – жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор

ғимараттардан, құрылғылардан, көлік және басқа да құндылықтардан тұрады, ал айналым қаражаты – банкіге тиеселі ақша қаражаттарынан тұрады. Ұлттық банк резервтік және басқа қорлар құрады. Резервтік қор жарғылық көлемінде құрылып, ол өзіндік табыс есебінен толтырылады және осы қорға байланысты нормаларға сәйкес жүргізілетін операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады.

     Ұлттық банкінің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылға жатқызылатын табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Ондай шығындарға: активтер амортизациясы, оның ішіндегі банкноттар мен монеталардың құндарының бір бөлігі жатады.

     Пайданың жарғылық, резервтік және басқа қорларды құрғаннан қалған бөлігі республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның мекемелері барлық салықтар мен төлемдерден босатылады.

     Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеті – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

     Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісіне мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:

  • Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүние жүзілік экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру;
  • ақша–несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу;
  • банктік және басқа несиелік мекемелердің қызметін реттейтін ережелерді жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде банк несие берушілердің, салымшылардың мүдделерін қорғау.

Ұлттық банк жұмысының негізгі бағыттыры:

  • елдегі несиелік ресурстарды және ақша айналысын

басқару;

  • өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді        инкассациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
  • халық шаруашылығындағы несиелік, есеп айырысу және кассалық операцияларды жүзеге асыру бойынша ережелерді, әдістемелік инструкциялық нормативтік актілерді шығару(барлық банктерге міндетті), есеп жүргізу және банктердің есеп беруін ұйымдастыру;
  • банк ісін бақылау және қадағалау;
  • елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау;
  • ғылыми – зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу;
  • валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртібін жасау, біркелкі валюталық саясатын жүргізу және т.б.

     Ұлттық банктің несиелік ресурстары мыналардың есебінен құралады:

  • меншікті қаражаттары;
  • басқа банктермен тартылғын және келісім – шарт

негізінде Ұлттық банкіге орналастырылған ақшалай қаражаттар;

  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден тартылған қаражаттар;
  • мемлекеттік арнайы қорлардан және бюджеттің уақытша бос қаржаттарынан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары

 

     Ұлттық банкінің басқару құрылымы мен ұйымдастырудың басқа да мәселелері «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңы және «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы»Ережесі негізінде анықталады.

     Ұлттық банкі өзінің қызметтерін орындауы үшін басқарма, директорат, бас аумақтық және облыстық басқармалармен қатар, басқа да жергілікті құрылымдық бөлімшелері бар. Ұлттық банкінің 1996 жылғы құрылымы 6 – сызбада көрсетілген.

     Ұлттық банкінің ең жоғарғы басқару органы Ұлттық банк төрағасымен басқарма болып табылады. Басқарма 9 адамнан тұрады. Оның құрамына – Ұлттық банк  төрағасы, оның 4 орынбасары, Парламент пен Президенттің бір – бір өкілі және Қазақстан Министрлер Кабинетінің екі өкілі кіреді. Басқарма мүшелері ҚР Президентімен бекітіледі. Басқарма мынадай сұрақтар шешеді:

  • мемлекеттік ақша – несиелік саясатын жасайды;
  • Ұлттық банкі шығарған, банктер ісіне қатысты нормативтік

актілерді бекітеді;

  • Парламент бекіткен тұжырым негізінде банкноттар мен

монеталардың номиналдық құнын және әшекейлік пішінін бекітеді;

  • Ұлттық банкінің банктермен және Қазақстан

Республикасының бюджетімен операциялар бойынша пайыздық мөлшерлемесін бекітеді;

  • Қазақстан Республикасының валюталық айырбас бағамын

анықтау тәртібін белгілейді;

  • Ұлттық банкінің жұмысы туралы есеп береді, жылдық

жиынтық балансты қарастырады;

  • Ұлттық банк туралы Ережені, Ұлттық банк құрылымын

бекітеді және Ұлттық банк департаменттерінің директорларын тағайындайды;

  • банктер және олардың филиалдары үшін экономикалық

нормативтерін бекітеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Басқарма шешімдерін басқарма қаулылары формасында жүзеге           асырады.

 

Басқарма

  Директорлар   кеңесі

 

 

     Төраға

   Төрағаның орынбасарлары

 

 

 

Ұлттық банкінің орталық аппараты

 

 

 

Департаменттер, дербес басқармалар       және бөлімдер

 

 

 

 

 

 

 

Облыстық    басқармалар

 

 

Ұлттықбанкініңтәуелсізбөлімшелері

Мемлекеттіксақтауорыны

Банкноттықфабрика

Бағалықағаздардыңфабрикасы

Приборлықбақылаудыңмемлекеттікинспекциясы

ҚазақстандықбанкаралықесепайырысуОрталығы

БанкаралықжәнеқаржылықтелекоммуникацияОрталығы

Банктіксервистікбюротб

 

 

 

   Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкінің құрылымы.

 

 

 

 

 

 

 

     Басқарма мәжілісі қажет кездерде немесе айына бір рет өткізіледі.

     Кезектен тыс мәжілістер Ұлттық банк төрағасының немесе басқарманың үш мүшесінің талабымен өткізіледі.

     Ұлттық банк төрағасы ҚР Президентінің ұсынуымен алты жылға сайланады.

     Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк атынан және сенім хатсыз мемлекеттік органдармен, банктермен, несиелік,халықаралық және басқа ұйымдармен қатынастарда жұмыс істейді.

     Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк қызметі бойынша шұғыл және атқарушы – бұйырушы шешімдер қабылдауға, Ұлттық банк атынан келісім – шарттар жасауға өкілетті. Бірақ, бұған басқармаға берілген өкілеттіктер кірмейді.

     Ұлттық банк төрағасы басқарманы, директорлар кеңесінің қызметін басқарады және Ұлттық банкіге жүктелген жұмыстар үшін жауап береді. Ол басқарма мүшелеріне және директорлар кеңесі мүшелеріне жеке өкілеттіктер бере алады. Ұлттық банк төрағасы уақытша жоқ кезде, оның қызметін орынбасарларының бірі атқарады.

     Ұлттық банкінің жедел басқару органы – Директорлар кеңесі, ол Ұлттық банк төрағасымен басқарылады.

     Ұлттық банк өзінің негізгі қызметтерін жергілікті жерлерде өзінің облыстық басқармалары, Алматы бас филиалы арқылы жүзеге асырады. Олар филиалының құқықтарын пайдаланады және Ұлттық банк атынан қызмет етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары

 

Ұлттық банк «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Туралы» заңға сәйкес мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды:

—    айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша – несие саясатын жүргізеді, Қазақстан Республикасы аумағындағы банкноталар мен монеталарды айналысқа шығарушы жалғыз эмитент болып табылады;

—   кепіл беруші Үкімет болып табылатын Қазақстан

Республикасының ішкі және сыртқы қарызына қызмет көрсетуге қатысады;

—   Қазақстан Республикасы аумағында, одан тыс жерлерде банк филиалдарын өкілдіктерін ашуға келісімін және банк операцияларын жүргізуге лицензия береді;

—   банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы жобасының оның тіркелуіне дейін өзі белгіленген тәртіппен міндетті сараптауын жүргізеді;

—   ол банктерге несие беруге, банктердің қарыз капиталы нарығындағы ашық позициясына бақылау жасауға құқылы. Банктерге соңғы сатыдағы несие беруші болады, қайта қаржыландыру саясатын жүргізеді;

—   банктердің жұмысына және шетелдік валютаны сатып алу, сату және айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргізеді әрі пруденциалдық нормативтер белгілейді;

—   Қазақстан Республикасында ресми мөлшерлемелерде өзгерту арқылы банктік пайыз мөлшерлемелерінің деңгейін реттеуді жүргізеді;

—   Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық жүзеге асырады және валюталық операциялардың барлық түрін жүргізуге құқылы;

—   банк ісі, есеп, есеп айырысу, валюталық операциялар жүргізу бойынша банктерге, валютаны сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүзеге асыратын мекемелерге және олардың клиенттеріне орындауға міндетті нормативтік актілер шығарады, сонымен қатар, олардың орындалуын бақылайды;

—   Ұлттық банкіге жүктелген функцияларды жүзеге асыруға көмектесетін ұйымдарды құруға және оларды басқаруға қатысуға қақылы;

—   қолма – қол банкноттар мен монеталарды есепке алу, сақтандыру, тасу және инкассациялау ережелерін бекітеді, банкноттар мен монеталарды тасуды, сақтандыруды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар мен монеталардың мемлекеттік резервтік қорларын құрады;

—   Қазақстан Республикасы банктерінің жиынтық балансын құрады және тұрақты түрде жариялайды;

—   Қазақстан Республикасындағы банктер жүйесіне кадрларды дайындауға қатысады;

     Сирек жағдайларда мемлекеттік бюджеттің қаражаттары арқылы қаржыландыратын несиелік – есеп айырысу және ұйымдардың кассалық қызмет көрсетуімен байланысты операциялар жүргізеді.

     Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болатын басқа да қызметтер атқарады.

 

                   3.1. Ақша айналысын басқару

 

     Ұлттық банк – заңды төлем құралын, яғни банкноталарды шығаруға эмиссиондық құқы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банкінің эмиссиялауында шығарылады және банктерге сатып, қолма – қолсыз эквивалент алу формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі – теңге болып табылады.

     Қазақстан Республикасында шығарылатын  банкноталар мен монеталардың номиналдық құрылымы, айшықталған пішіні болуы керек. Банкноталар мен монеталардың көрсетілген сипаттамалары баспасөзде жариялануы тиіс.

     Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шет ел мемлекеттерінің ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін белгілейді.

     Эмиссия – бұл мемлекетпен банкноталардың, монеталардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма – қолсыз ақша түрінде болуы мүмкін.

     Қолма – қол ақша түріндегі эмиссия – айналысқа банкноталар мен монеталардың қосымша шығарылуын сипаттайды.

     Қазақстандағы теңгенің көп мөлшерде эмиссиялануының негізгі себептерінің бірі – кәсіпорындар арасындағы дәстүрлі қолма – қолсыз есеп айырысулардың біртіндеп қолма – қол есеп айырысуларға ауысуы, бұны әрине, жағымсыз құбылыс деп есептеуге болады.

     Депозиттік банктердің эмиссиясын реттеу Ұлттық банкінің ақша базасы сияқты, ақша агрегатын және ақша мультипликациясын бақылау арқылы жүреді.

     Ақша базасы – бұл Ұлттық банк шығаратын ақшалар. Оған айналымдағы қолма – қол ақшалар, міндетті және артық резервтер жатады. Міндетті резервтер – бекітілген нормативтерге сәйкес Ұлттық банкідегі арнайы шотта несие корреспонденттік шотында сақталуына міндетті банк депозиттерінің бөлігі.

     Артық резервтер дегеніміз – банктердің Ұлттық банкідегі корреспонденттік шоттардағы қалған қалдықтары. Айналымдағы қолма – қол ақшаның мөлшері банктердің корреспонденттік шоттардағы қаражаттарының болуына байланысты болғандықтан, Ұлттық банк ақша базасының мөлшерін екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банкідегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттарының  көлемін, яғни банктердің өнімділігін реттеу арқылы реттейді.

     Экономикадағы ақша айналысының жылдамдығы Ұлттық банк арқылы тікелей реттелмейді, бірақ оның мөлшері инфляция деңгейіне әсер етеді және ақша – несие саясаты үшін үлкен мәні бар. Экономикадағы ақшалардың айналыс жылдамдығының азаюы ұзақ мерзімді депазиттердің және ұзақ мерзімді инвестициялық несие салымдарының өсуін көрсетеді, бұл тек қана, жалпы экономиканың тұрақтығы және ұлттық валютаға деген сенім болғанда ғана мүмкін. Керісінше, ақша айналысының жоғары жылдамдығы ұлттық валютаға деген сенімнің көрсеткіші болып, ақша массасындағы қолма – қол ақша үлесінің өсуіменен, ұзақ мерзімді жинақтардың төменгі үлес салмағымен, шаруашылық субъекттерінің ұлттық валютасын сенімді активтерге аударумен бірге жүреді.

     Ақша айналысының жылдамы экономикалық монетаризация деңгейіне байланысты болады. Ол ақша массасының жалпы ішкі өнімге қатынасымен анықталады. Айналыс жылдамдығы төмен болған сайын, монетаризация деңгейі жоғарылайды.

     Монетаризация деңгейі 1984 жылы Францияда — 68,5 %, Германияда – 64,5 %, Ұлыбританияда – 89,1 %, АҚШ – та – 77,5 % болды. Қазақстанда 1995 жылы монетаризация деңгейі 12 % жуық болды, бұл әрине жеткіліксіз.

 

3.2. Ақша – несие саясатының құралдары.

 

     Айналымдағы ақша массасын, несие көлемін, проценттік мөлшер деңгейі мен ақша айналымындағы және қарыз капиталы нарығындағы басқа көрсеткіштерді өзгертуге бағытталған іс – шараларының жиынтығын айтады.

     Пайыздық саясат ақша – несие саясатының құралдарының бірі болып табылады. Ұлттық банк ақша нарығының сұраныс пен несие бойынша ұсыныстың инфляция деңгейінің жалпы жағдайларына және инфляциялық күтімдеріне байланысты анықталатын ортақ қайта қаржыландыру мөлшерлемесін бекітеді. Ұлттық банк өзінің пайыздық саясатын мемлекеттің ақша – несие саясатын іске асыру мақсатында нарықтың пайыздық мөлшерлемесіне әсер ету үшін қолданады. Қайта қаржыландыру мөлшерлемесін анықтау кезінде ұлттық банк пайыздық мөлшерлемесін оң және нақты түрде ұстап тұру мүдделігін ескереді.

     Теңгені айналысқа енгізгеннен кейін пайыздық саясаттың негізгі мақсаты – теңгені несиеге деген сұранысын азайтатын, ал оның артынан ақша массасының өсу қарқынын азайтатын, сәйкесінше инфляцияны төмендетуді қамтамасыз ететін теңгеге дейін көтеру. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер пайыздар үшін төлемдер шығындарды құрайтындардың бірі. Қазақстандағы жоғары қарқында инфляцияға қарсы күресте пайдалануға мүмкіндік беретін келесі бір факторға – шетел валютасына деген шектен тыс сұранысты азайту шаралары жатады.

     Қаржы операцияларының барлық түрлері бойынша пайыздық мөлшерлемесінің деңгейі бойынша ұлттық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша индекативті анықталады. Сауданың түрлері бойынша төленетін пайыздық мөлшерлемелер өзара кейбір негізгі себептермен ерекшеленеді. Олардың арасынан мыналарды бөліп көрсетуге болады: қарыз мерзімінің әр түрлілігі, пайызды төлемеуі мен байланысты тәуекелдің деңгейі және пайыздық мөлшерлемесінің өзгеру мүмкіндігімен байланысты тәуекелдің деңгейі.

     Резервтік талаптар. Банктерге берілетін несиенің көлемін реттеу үшін, банкінің өз міндеттемелері бойынша төлей алмау тәуекелін төмендету және банктердің акционерлері мен салымшыларының мүдделерін қорғау мақсатында ұлттық банк резервтік талаптар механизмдер қолданады.

     Банктердің міндетті резерв нормативінің көбеюі, 1994 жылдың бірінші жартысында ақша мультипликаторының тез өсуімен түсіндіріледі. Егер 1994 жылы 1 қаңтарда ақша массасының көлемі ақша базасынан 1,61 еседент асса, 1994 жылдың 1 көкегінде  бұл мөлшер 2,21, ал 1 шілдеде – 3,1 есеге жетті. Ақша – несие саясатының осы құралын пайдалану арқылы және банктер қарыз алушылардың несие қабілеттілігін бағалауына қатаң көзқарас орнату нәтижесінде 1994 жылдың 1 қазанында ақша мультипликаторының мөлшері 1,66 деңгейге азайтылды. 1995 – 1996 жылдар арасында ақша мультипликаторы 1,8 – 1,9 деңгейге дейін сақталынды.

     Ұлттық банк орташа айлық қалдыққа байланысты пайызды банктің корреспонденттік шоты бойынша төлейді. Резервтер бойынша пайызды төлеу резервтік талаптардың жоғары болу жағдайында несиелер және тартылған депозиттер бойынша банктердің пайыздық мөлшерлемесі арасындағы айырманы азайту қажеттілігінен туындайды. Ақша – несие қатынастарын мұндай бақылау және реттеу механизмі ашық нарықтағы операцияларға және есеп мөлшерлемерінің өзгерісіне қарағанда сирек пайдаланылады.

     Ашық нарықтағы операциялар. Бұны Орталық банкпен қағаздарды екінші нарықта ақша  массасының көлемін реттеу мақсатында бағалы қағаздарды сату – сатып алу операциялары ретінде түсінуге болады. Бұл айналыстағы, коммерциялық банкілердің өтімділігіндегі және несиелік салымдардағы ақша массасын реттеудің ең икемді әдісі. Мұның мғынасы мынадай, Орталық банкінің ақша эмиссиясын тоқтату және банктердің несиелік экспансиясын шектеу мақсатында, нарықта бағалы қағаздарды сатып, бұл қағаздарды сатып алған банктердің резервтік шоттарынан белгілі бір соманы есептен шығару. 1995 жылдың ортасынан бастап, Ұлттық банк өзінің жеке меншік бағалы қағаздар портфелін құрастыруы бойынша жұмыс жүргізе бастады.

     Есеп – несие операциялары – есептеу операциясы және мемлекет пен банктерге қысқа мерзімді қарыз беру операциялары болып екі түрге бөлінеді. Есептеу операциясы ол орталық банктің мемлекет пен банктерден вексельдерді сатып алуы. Ұлттық банктің коммерциялық банктерден вексельдерді сатып алуын вексельдерді қайта есептеу деп атайды, себебі коммерциялық банктердің өз клиентерінен сатып алған вексельдерін орталық банкке сатқанда, олар екінші рет сатып алынып, екінші рет есептелінеді.

     Қазыналық вексельдерді есептеуді көптеген өркендеген мемлекеттерде уақытша кассалық жетіспеушілікті жабу үшін мемлекеттік қысқа мерзімді несиелеу құралы ретінде қолданады.

     Ұлттық банк әр түрлі мақсатпен бағалы қағаздарға ақша жұмсауы мүмкін:

     Біріншіден, көптеген өркендеген мемлекеттерде бюджеттің кемшілігін жабу мақстында орталық банктің мемлекеттік облигацияларды сатып алуы үкіметті несиелеудің ең басты және жалғыз формасы болып табылады.

     Екіншіден, Ұлттық банктер мемлекеттік облигацияларды банк жүйесін, ақша массасын және ақша – несие саясатын жүргізу барысында мемлекеттік облигациялардың курсын реттеу мақсатында сатып алады. Коммерциялық банктердің ресурстарын ұлғайту үшін Ұлттық банктер, яғни банктерден мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алумен қатар оларды белгілі бір мерзімнен кейін алдын ала бекітілген бағамен сату жөнінде өзіне міндеттеме алады.

     Валюта нарығындағы операциялар арқылы өтімділікті қамтамасыз ету саясаты. Ұлттық банкінің валюталық нарықтағы интервенциясы жалпы ақша – несие саясатының шегінде жүзеге асты. Ұлттық банкінің шетел валютасын сату, егер ақша базасының өсімі басқа факторлардың әсерінен шетел активтерінен басқа болатын жағдайда, 1995 жылы жағдайлар көбінесе ақша массасының өсімін стерилизациялау және теңгенің айырбастау бағамын реттеу мәселелерін бір уақытта шешті. Бірақ кейбір айларда таза шетел активтерінің өсімі Үкіметке берілген таза несиелер өсіміне қосарланды, сонда ақша базасының өсімінің төмендеуі, Ұлттық банкінің екінші деңгейлі банктеріне беретін несиелерінің азаюы және Ұлттық банктің ноталарын эмисиялау есебінен жүзеге асты. Осы кезеңдерде валюта бағамының саясаты ақша массасын реттеу саясатымен қарама – қайшылықта болды. Теңгенің айырбастау бағамын реттеуге Ұлттық банкінің қатысу дәрежесі төмендеуі бұл қарама – қайшылықтарды жоюға мүмкіндік беріп, бір уақытта, ақша массасына валюталық интервенцияларының әсер ету тиімділігін төмендетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. 4. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі –

«Банктердің банкі»

 

     Республиканың Ұлттық банкінің ең басты мақсаты – экономиканы төлем құралдарымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдің барлық  несие жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін қалпына келтіру, банк қызметін реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы – несие құралдарымен бәсекелеспейді және өз қызметінде пайданы табу мақсатын көздемейді. Коммерциялық және басқа да несиелік мекемелер өз клиенттеріне – шаруашылық субъектілері мен халыққа не жасаса,Ұлттық банкіде соны жасады. Оның клиенттері – коммерциялық банктер және басқа да несиелік мекемелер болды. Осыдан келіп, Ұлттық банкіні «банктердің банкі» деп атайды. Коммерциялық банктер және жинақ мекемелері халықтан салымдарды өабылдап, оларға қарыздар береді,  сол сияқты Ұлттық банкіде банктерден және жинақ мекемелерінен салымдарды қабылдап, оларғақарыздар береді.

     Ұлттық (Орталық) банк «банктердің банкі» қызметін атқару үшін:

  • коммерциялық банктердің резервтерін сақтайды;
  • коммерциялық банктерге қысқа мерзімді қажеттіліктеріне байланысты қысқа мерзімді қарыздар береді;
  • жалпы ұлттық ауқымда қолма – қолсыз есеп айырысуларды жүзеге асырады;
  • банктердің қызметіне қадағалау және бақылау жүргізеді.

Ұлттық  (Орталық) банкінің маңызды қызметі – банктердің, жинақ және т.б. несиелік мекемелердің резервтер деп аталатын салымдарын сақтау болып табылады. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банк туралы» және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңдарына сәйкес барлық мекемелер өз резервтерін Ұлттық банкіде сақтаулары тиіс, өйткені жоғарыда айтылғандай, олардың ақша айналысын реттеуде, коммерциялық банктердің несиелік қызметін реттеу және өтімділікті қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызы бар.

     Ұлттық  (Орталық) банк – коммерциялық банктерді және басқа да қаржылық – несиелік мекемелерді несиелеу қызметін атқарады. Шетелде орталық банктерді «соңғы сатыдағы несие беруші» деп атайды. Олар – коммерциялық банктерден есеп мөлшерлемесін ала отырып, уақытша жетіспеген өтімді құралдарының орнын толтыру үшін несиелер береді. Әрине бұл несиелер, сауда вексельдерімен, мемлекеттік бағалы қағаздарымен немесе банктердің банктердің меншікті қарыздық міндеттемелерімен қамтамасыз етілуі тиіс.

     Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, жалпы банктік жүйені қолдау мақсатында аукциондық негізде, ломбардтық несиелерді және РЕПО операциялары арқылы несие береді.

     Аукциондық несиелерді енгізу (1993 жылдың аяғында), кезінде көп қолданатын директивті несиелерден айрықша несие ретінде, нақты (нарықтық) пайыз мөлшерлемесін белгілеуге мүмкіндік береді. Астаналық және аймақтық банктер үшін аукциондар бөлек салалардың қажеттіліктеріне қарай жабық аукциондар іске асырылды. Аукциондарға Ұлттық банкінің белгілеген экономикалық нормативтері және бұрын берілген орталықтандырылған несиелер бойынша шарттарды орындаған банктер ғана жіберіледі. Банктерге берілетін аукциондық несиелер – жұмыс істеп тұрған банкаралық ақшалық нарықтың пайда болуының алдында қолданылатын ақша – несие саясатының уақытша құралы болып табылады.

     Банктерге ломбардтық несие беру, тек ақша массасына бақылау міндетінен туындайтын Ұлттық банкінің лимитімен шектеледі. Ломбардтық несиелер банктік қызметті жүзеге асыруға лицензия алған, өз  активтерінің құрылымында мемлекеттік бағалы қағаздары және олардың кепілдігі бар барлық банктердің резиденттерін тарта алады.

     Ломбардтық несие бойынша мөлшерлемелер қайта қаржыландыру мөлшерлемесінен жоғары белгіленеді, әдетте, банкаралық нарық мөлшерлемесінен төмен болмайды.

     РЕПО операциясы – екі бөлімнен тұратын қаржылық операциясы: бірінші бөлімде (РЕПО ашу) Ұлттық банк бастапқы дилерге (тек арнайы лицензиясы бар банктер бастапқыдилер бола алады) бағалы қағаздарды сатады, сонымен бір уақытта Ұлттық банкіге келісімнің екінші бөліміндегі (РЕПО жабу) қатысушыларға ол бағалы қағаздарды сатып алу міндеттемесін жүктеп, ал бастапқы дилерге оларды РЕПО келісімі белгіленген мерзімді Ұлттық банкіге ақша қаражаттарына айырбастау үшін қайтаруды жүктейді. Кері РЕПО операциясының РЕПО операциясынан айырмашылығы – дилер РЕПО – ны жабу кезінде оларды қайта сатып алады.

     Бұл операция банктерге қысқа мерзімді несиелеу немесе банктердің артық өтімді қаражаттарын алу (егер ақша массасын реттеу мәселесі қажет болған жағдайда) үшін қолданылады.

     Ұлттық (Орталық) банк банкаралық қолма – қолсыз есеп айырысуларды жүргізеді.

     Ұлттық банк банкаралық есеп айырысу сияқты жалпы халықтық шаруашылықтың есеп айырысу жүйесінің негізгі ұйымдастырушысы болып табылады. Осыған байланысты ол келесі қызметтерді атқарады:

  • қолма – қолсыз және қолма – қол ақша айналымының

     ауқымын бақылау;

  • бүкіл банктік жүйесі үшін бірыңғай методологиялық

     негіздегі елдің бірыңғай есеп айырысу орталығы;

  • есеп айырысу, есеп жүргізу және есеп беру ережесін

орнату және үйлестіру;

      Елімізде қолма – қолсыз есеп айырысудың екі ішкі жүйесі бар. Біріншісі – коммерциялық банктер арасында тікелей есеп айырысу, екіншісі – Ұлттық банкідегі банктердің корреспонденттік шоттары арқылы жасалатын орталықтандырылған есеп айырысулар.

     Тұрақты байланыстары бар клиенттердің операциясы бір қалыпты корреспонденттермен тікелей есеп айырысу үшін  LORO – NOSTRO орталықтандырылмаған корреспонденттік шоттары бойынша – коммерциялық банктер өзара есеп айырысуларды жүзеге асыра алады.

     Ұлттық банк пен өзінің құрамдас бөлімшелері есеп айырбастау кассалық орталығы (ЕКО) клирингтік (қарама – қарсы талаптардың өзара есептелінуі) режимде ашылған бюджеттің кассалық орындалуын бюджеттік банкіге беру және төлем жүйесінің нормасына дейін орталықтандырылған банкаралық есеп мөлшері міндетті қорлар нормативіне сәйкес келу керек. АҚШ – та федералды резервтік жүйесі банкаралық есеп айырысуларды міндетті резервтер сомасын реттеу арқылы жүзеге асырады. Оларда коммерциялық банктер корреспонденттік шоттарды ашпайды.

     1988 жылы банктік жүйені қайта ұйымдастыру алдында банктік мекемелер арасында бір банктің – КСРО Мемлекеттік банктің филиаларалық айналымдар (ФАА) жүйесі арқылы жасалынатын ақша қаражаттары, КСРО Мемлекеттік банкінің бір мекемесінен екінші мекесіне клиенттерінің есеп айырысу құжаттары негізінде аударылды. Жасалған аудару операциялары тармақты есептеу орталықтарымен тексерілетін болған. Олар бір тармақты мемлекеттік банктік мекемелері арасында жүргізілген есеп айырысуларды, әр түрлі тармақтардың мекемелердің ағысындағы есеп айырысуларды КСРО Мемлекеттік банкінің бас есептеу (БЕО) орталығы реттейді.

     КСРО Мемлекеттік банк халық шаруашылығындағы есеп айырысулардың жетекшісі – КСРО Мемлекеттік банкінің барлық мекемелерін қатаң ұстанатын бірыңғай әдістемесі әрекет етті.

     1988 жылдан кейін арнайы банктер пайда болған кезде ФАА арқылы есеп айырысу тәртібі негізінен сақталды. Банктің бір мекемесінің екінші мекемесіне қаражаттар ведомствалық бағыныштылыққа байланыссыз орындалды. ФАА бақылау банкілік мекеменің белгілі бір арнайы банкіге бағыныштылығына байланыссыз жүргізілді. Сәйкесінше есеп айырысулары бір орталықтан орталықтандырылған реттеуі жойылды. Филиал аралық есеп айырысуларды КСРО Мемлекеттік банкімен бірдей негізде жинақ банктері басқарды.

     Клиенттермен жасалатын операцияларын өзіндік баланстарында бейнелейтін арнайы банктердің ФАА жүйесіне автоматты қосылуы басқа банктің балансында ескерілетін қаражаттарға кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етті. Осында нақты ақша қаражаттардың қозғалысы бейнеленбейтін формалды бұхгалтерлі жазу жасалады. Мысалы, коммерциялық банкіде «несиелік ресурстарды реттеу қорына арнайы банктердің аударған қаражаттары» 816 шоттың дебетінде ФАА шотының кредетінде, орталық банкте ФАА шотының дебетінде «банктік жүйенің несиелік ресурстарын реттеу қоры» 815 шоттың кредетінде көрсетіледі.

     ФАА шоттар жүйесінің көмегіменг банктер арасындағы есеп айырысулардың формалдығы, оларға депозиттердің экспансиясын кедергісіз өндіруге, инфляцияның тереңдеуіне мүмкіндік туғызады.

     Республикамызда банктік реформаның жүзеге асырылуы барысында есеп айырысудың бұл тәртібі өзгертілді.

     Төлем құжаттарының барлық түрлерін өңдеуді, төлемдерді өтеуді, Республиканың бүкіл аумағында есеп айырысуды іске асыруды қамтамасыз ететін ұлттық банктінің облыстық басқармаларының әрекетін кешенді «КУБАЖ» автоматтандыру жүйесін 1995 жылы ендіру аяқталды.

     Ірі және ұсақ сомалардағы төлемдер үшін пайдаланылатын гросс – есеп айырысу жүйесі 1995 жылдың 15 мамырында Алматыда енгізілді. Бұл банк аралық клиенттік жүйенің қатысушылары: барлық банктер және олардың Алматы – Талдықорған , Жамбыл облыстарындағы филиалдары, Алматылық клиринктік палатасы болып табылады.

    Қтысушының кез келген уақытта корреспонденттік шоттың жағдайы туралы ақпаратты, күнделікті шыққан барлық төлемдерді қарап алу үшін, басқа коммерциялық банкілерден оның атына келген төлемдерді қарау үшін сұрауы да мүмкін. Жүйенің қатысушыларына өздерінің төлемдерінің кезектілігін реттеуге мүмкіндік береді. Есеп айыру арқылы өтпеген төлемдер қатысушыға қабыл алмаған, қамсыздандырылмаған төлемде құны түрінде қайтарылады.

     Төлем жүйесінің реформасы шегінде екінші деңгейлі банктер операциондық күнді және біртұтас корреспонденттік шотты өңдеумен айналысады. Біртұтас корреспондентік шотқа өту екі кезеңде жүреді. Бірінші кезеңде біртұтас корреспонденттік шотқа өту облыс деңгейінді, ал екінші кезеңе – республика деңгейінде өту қарастырылған.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. 5. Халық банкінің жүйесі.

 

Халық жинақтаушы банкі және халық.

 

     Халық банкі 1 қарағанда, өзге банктерден гөрі халыққа жақынырақ  болып көрінеді.Бұл ең алдымен, елдегі өзге де қырыққа жуық банкпен салыстырғанда. Халықтық банк тарихының терендігіне, яғни қалыптасып қалғанына байланысты. Әрі жұртшылықты қажетті банк қызметімен қамтамасыз етуде Халық банкі алдыңғы қатарда келе жатыр десек қателеспейміз. Бұған әрине, осы банкке көптеген функциялар берілгендігі де әсер етеді. Мысалы, қазіргі күні бюджеттік ұйымдар мен мекемелердің басым көпшілігінде, қызметкерлер өз жалақыларын Халықтық банк арқылы алады. Халықтық банк зейнеткерлерге де қызмет көрсетеді. Халықтық банктің бөлімшелері арқылы коммуналдық  төлем төлесеңіз де, аз-маз ақша үнемдей аласыз.Өйткені , өзге банктердің қызмет көрсеткенде алатын ақысы сәл-пәл қымбаттау.Халықтық банк басшылығы банкті жарнамалаған кезде, «халықтық» деген сөзге мән беріп, осы сөз арқылы халықты өз қатарына таратуға болады.

     Халықтық банктің ең ұтқан жері деп, осы қалыптасқан тарихы мен мекемелердің  ішіне етеш ене алғанын айтуға болар.Тағы бірескеретін жайт,халықтық банктің өзге банктермен салыстырғандағы артықшылығытөлем карточкелерін көптеп енгізуі.бұл карточкелерді студенттер, жалақы алатын жандар пайдалана алады.Әр елде халықтық банк  банкоматтарының саны да көп.

 

Зейнетақы жүйесі.

 

     Халықтық банктің зейнетақы қоры елдегі зейнетақы қорларының ішіндегі ең ірісі. Бұл қордың салымшыларының көп болуына «халықтық» деген аттың әсер еткені анық. Бұған қоса , бұрыннан қалыптасып қалған жүйесі де белгілі бір дәрежеде себін тигізгенболуы керек.

 

 

 

Менеджмент.

 

     Банктің Басқарма Төрағалығынаелдің экс-бас банкирі Григорий Марченко келгеннен кейін , банкті жарнамалау ісі артты десек, те болады.Банкирлер арасында өзінің батыл болжамдармен, «қызықты» мәлімделерімен ерекшеленіп келген Григорий Марченко халықтық банктің жұрт сеніміне кіруіне оң әсер еткен болар. Себебі Марченко жұртты сендіру үшін бұған дегенде біраз шаралар атқарған. Бір жылдары Марченко халықтық өз ақшасын теңгеде сақтайтынына бәс ретінде сауалын да алып тастаған. Ол тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне қаржы салудың тиімді екендігін дәлелдеу мақсатында осы жүйенің алғашқы тұтынушысы ретінде жеті жасар баласын тіркеткен. Себебі тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің негізін қалау оның өзінің бастамасы еді. Ол кезде Марченко Ұлттық банк төрағасы қызметін атқаратын. Басшылары осындай ашық саясатты ұстайтын болғандықтан ба, әйтеуір банктегі үлкелі кішілі қаржыгерлер де торды ырысып, бергі жаққа шығатын болды. Баспа сөз қызметі де ресми тілдегі жұмысын жандандыра түскен.

 

Халықтық банк және мемлкеттік тіл.

 

     Халықтық банк республикадағы негізгі халықтық тілде сөйлемейді. Банк қызметін пайдаланғыңыз келсе, орыс тілінде тіл қатуға мәжбүр боласыз. Банктің сайты орыс тілінде.

 

Банк капиталы және  депозиттері.

 

     Банк баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, 2005 жылдың 1 – мамырында, халықтық банктің активтері 470,2 млрд. теңге, меншікті капиталы 36,0 млрд.  теңгеге теңескен. Осы жылы қаңтар – сәуір айларында таза пайда мөлшері 1,6 млрд теңгені құраған. Бірақ халықтық банкттің 2005 жылдың алғашқы тоқсанындағы пайдасы былтырғы жылдың дәл осындай көрсеткіштермен салыстырғанда төмендеген. Яғни, 1,843 млрд. теңгеден  1,469 млрд. теңгеге түскен. Тұтынушылар депозитінің көлемі 283,3 млрд. теңгеге, оның ішінде халық салымдары 12,7 млрд. теңгеге жеткен. «Народный – стандартный», «Народный — накопительный», «Народный – пенсионный», «Народный с выплатами», «Народный – детский», «Halyk – универсальный», «Halyk – три валюты» деген таза ресми тілдегі депозиттері бар. «Казкоммерцбанк» пен «ТұранӘлемБанк» — тің депозиттерімен салыстырғанда аса ерекшеленіп тұрған ештеңесі жоқ.

 

Несие.

 

     Халықтық банк несиелік көлемі 312,7 млрд. теңге. Оның ішінде орта және шағын бизнеске берілген несиесі 55 млрд. теңгеге теңескен. Г.Марченко халықтық банк Басқармасының төрағасы болғалы банктің орта және шағын бизнесті несиелеуге ынтазары артты. Кәсіпкерлерді былай қойғанда, бұл банктің жанға бір – айға шақтап несие беретін бағдарламалары бар. Егер аса көп емес мөлшерде тез арада ақша қажет болып қалса, оны осы халық банкінен аласыз, ерекшелігі сол, өзге банктерде мұндай жүйе жоқ. Бұл бағдарлама «айлықтан айлыққа дейін» деген үндеумен жұртты тартады. Бір кісіні қағаз бастылыққа салып жіберумен ерекшеленеді.

Ипотека.

 

     Халық банкінің несие беруде ұстанатын саясаты халыққа аса жақын бола бермейді. Мысалы, ипотека жүйесі арқылы үй арқылы алғысы келсе, халық банкінің сізге ұсынар бағдарламалары «Казкоммерцбанк», «ТуранӘлемБанкі» немесе «АТФ» банктен көш кейін. Мысалы жоғарыдағы банктер несиені теңгемен береді. Әрине долларға шағып беруге мүмкіндігі де бар. Ал халық банкінің ипотекалық жүйесі бұлардан өзгерек. Ұлттық валюта жүйесінде тек Алматы мен Астана, Маңғыстау мен Атырау, тұрғындарына 3 жылдық мерзімге қаржы бере алады. Себебі осы екі қала мен екі облыста табысы жоғары халық өмір сүретіні белгілі. Ал елдің өзге аймақтарының тұрғындары халық банкінен несиені тек доллар күйінде ғана алады. Пайыздық үстемесі өте жоғары. Мысалы Казкоммерцбанккі немесе ТұранӘлемБанкіне несиеге үй алғыңыз келсе, ең аз дегенде 10 пайыздық жарна төлеуіңіз қажет. Казкоммерцбанк несиенің жылдық пайыздық үстемесі алғашқы жарнаңыздың мөлшеріне байланысты 12 пайызда – 5,8 пайызға дейін төмендей береді. Тіпті ,алғашқы   жарнасыз қаржы бере алады. Бірақ, пайыздық үстемесі әрине көптеу болады. Ал халықтық банкте алғашқы жарнасыз қаржы беру деген түсінік 12 пайызды құрайды. ТұранӘлемБанктің ипотекалық несие берудің бірнеше бағдарламалары бар.

     Қалталыдан қарапайым жанға дейінгі аралықта кісінің табысына ойластырып, несие беру жүйесін жеңілдете алады. Жылдық пайыздық үстемесі артып кетсе, 12,9 пайызды құрайды, ал халықтық банкте олай емес. Жылдық пайыздық үстеменің құны бүкіл соманың  14 – 14,5 пайызына тең.  Егер несие алу үшін төлейтін жалақы жарнаңыздың құны 50 пайыздан асып кеткен жағдайда, жылдық пайыздық үстемесін 13,3 пайызға түсіре алады. Ал Казкоммерцбанк болса, мұндай жағдайда пайыздық үстемені 5,8 пайызға дейін түсірер еді. Халық банкінде «Ипотека – Lights» деген бағдарлама бар. Ал Марченко келегенне кейін пайда болған бағдарлама. Бұл бағдарлама бойынша несие алу жеңілдеу. Алғашқы жарнаңыздың құны бүкіл соманың 50 пайызынан асып 15 жылға ойластырып, несие алғыңыз келсе, онды жылдың пайыздық үстеме 7 пайызға тең болады. Бұл жүйеге қол жеткізу үшін алғашқы жарнаңыздың құны 30 пайыздан кем болмауы тиіс. Егер алғашқы жарнаңыз бүкіл соманың 15 пайызын құраса, онда 7 жылдық мерзімге ғана ақша береді. Бұл мерзімге несие алуға көп адамның мүмкіндігі бола бермейтіні белгілі. Ол үшін айына 600  — 1 000 долларға дейінгі соманы банкке төлеп тұру керек. Сондықтан бұл бағдарламаны да халықтық банктің халыққа жасап отырған жағдайы деп ойламау керек. Тағы бір қызығы ипотека жүйесі мен пәтер алар кезде банккіге алғашқы жарна ретінде төлейтін ақшаңызды депозит түрінде түсіруіңіз керек. Яғни, банк ипотека жүйесімен депозитті бірлестіріп екі же биге шығып отыр. Бір жағынан депозит тұтынушысының санын көбейтеді, екіншісінен тұтынушыларды тарту арқылы ипотекалық жүйенсінде жаңартады.

 

 

Халық банкінің авто несиесі.

 

     Авто көлік сатып алуыңызға жетпей, халық банкінің көмегімен жүгенген жан несиені теңге күйінде алса, оны екі жылдан кейін қайтарып беруге міндеттенеді. Ал, ақшаны доллар күйінде алса, қарызын қайтарып беру мерзімін 5 жылға дейінгі аралықта соза алады. Бірақ, бұл үшін банкке кепілдік қою қажет. Ал, өзінің алатын авто көлікті кепілдікке қойсаңыз, онда несиенің құны үш жылдың ішінде қайтарып беруіңізге болады. Егер машина сатып алу үшін халық банкіне бара қалсаңыз, әрі кепілдікке үйіңізді немесе тағы да өзге құнды объектіні қойсаңыз, алғашқы жарна төлесеңізде болады. Ал егер, алайын деп отырған көлігіңізді кепілдікке қойсаңыз, онда соның 20 пайызы көлемінде банкке алғашқы жарна төлеуіңіз керек.

     Жалпы несие алу үшін халық банкіне барған кез – келген жан өзінің табысы жайлы соңғы алты айдағы ақпаратты қоса алып барған жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. АТФ банкінің жүйесі

 

     Активтері:2005 жылдың 1 маусымындағы деректерге жүргенсек ,банктің активтері 1 млрд.830млн.АҚШ долларын құрап ,жеке капиталы 200 млн. АҚШ долларына теңескен.

Пайдасы: банктің таза пайдасы 9 млн. АҚШ долларына тең.

Депозиттері:»АТФ престиж», «АТФ капитал», «АТФ классик», «АТФ комфорт», «АТФ Преспектива», «АТФ молодежный» деп аталатын ресми тілдегі депозиттері бар. Бірақ банктің ерекшелігі сол, олар жеке тұлғаларға ғана емес, заңды тұлғаларға арнап та депозит шығарған. Бұған қоса, АТФ банкте депозит ашқан кез-келген адам сыйлықтарға ие болады. Мысалы : 500 АҚШ доллары көлемінде салым салсаңыз, онда банк сізге VISA-Electron карточкасын береді. Бұл карточканы 1 жыл бойы пайдаланғаныңыз үшін комиссиялық төлемдер төлейсіз. Ал егер де1000 АҚШ доллары көлемінде депозит ашсаңыз, онда VISA –Classic карточкасын ашсаңыз, 500АҚШ долларына сай салымсалсаңыз, VISA-Gold карточкасын сыйға тартатын банк сонымен қатар, 1 жыл бойы карточканы тегін пайдалануыңызға мүмкіндік береді.Депозит құнының 50%шақталған сомада несие алуыңызға болады. Әрі ASI ASSIST сақтандыру компаниясының бір жылдың тегін сақтандыру полисіне ие боласыз. Он жылдығына орай АТФ банк «АТФ Юбилейная» деген депозит түрін шығарды. Осы депозитті наурыздың 15 мен тамыздың 1 дейінгі аралықта ашқан кез – келген жай пайыздық үстемелерін былай қойғанда, депозит құнының 3 пайыздық соммасында қаржы алады.

     Енді жеке тұлғаларға арналған депозиттер түріне тоқталсақ:

      «АТФ – Классик» — депозитін ашу үшін ең аз деген де 70 000 теңге немесе 500 АҚШ долларын құю қажет. Мерзімі 1 айдан 10 жылға дейін. Бірақ мұндағы бір кілтипан, депозит мерзімін 1 жылдан асырсаңыз ғана, 3 ай сайын пайыздық үстемесін ала аласыз, мерзімі бітпейінше депозиттен ақша лауға болмайды.

     «АТФ – Капитал» депозитіне ең кем дегенде 15 000 теңге немесе 100 АҚШ доллары салуыңыз керек. Мерзімі 3 айдан 10 жылға дейін, пайыздық үстемесі алғашқы жарнаңыздың құнына байланысты. Мерзімінен бұрын депозиттен ақша алуға тиым салынған. 2 депозиттің мерзімін 10 жылға созылуында мынандай гәп бар. Егер осы мерзім аралығында 55 000 АҚШ долларына сай қаржы салсаңыз, онда бүкіл сомманың 10 пайызын алуыңызға мүмкіндігіңіз бар.

     «АТФ —  Комфорт» депозитіне 70 000 теңге немесе 500 АҚШ долларын құю қажет, мерзімі 12 – 37 ай аралығы. Депозитіңізді көбейтіп тұрсаңызда болады. Ара — тұра депозиттен ақша алуыңыздың да мүмкіндігі бар.

     «АТФ – Перспектива» депозитінің ерекшелігі сіз үшін бұл депозитті өзге адамның ашуына болады. Мерзімі 3, 5, 10 жылға дейінгі аралықта шақталған. Ең аз деген де 75 000 теңге немесе 500 АҚШ долларын құюыңыз керек. Егер депозитіңізді толықтырғыңыз келсе, құятын қаржыңыз 15 000 теңгеден кем болмауы тиіс.

     «АТФ – Престиж» депозитіне кем дегенде 8 000 000 теңге немесе 55 000 АҚШ долларын құюыңыз керек. Мерзімі 12,5 айдан 10 жылға дейін. Депозитті толықтыруға немесе шетінен ақша алуға болмайды.

     «АТФ – Молодежный» депозитіне 5 000 теңге немесе 20 АҚШ долларынан бастап салуға болады. Мерзімі 12,5 айдан 5 жылға дейін. Депозит 16 – 35 аралығындағы адамдарға арналған. Депозитті толықтыруға немесе ақша алып тұруға болады.

 

АТФ банктің заңды тұлғаларға арналған депозиттері

 

     Салынатын ақшаға шек қойылмайды. Ең аз дегенде 100 000 теңге немесе 1 000 АҚШ долларын құюға болады. Сақтау мерзімі 15 күннен 60 айға дейінгі аралықта. Егер 7,5 – 500 000 000 теңге аралығында ақша салсаңыз, банк 2жылға 8,5% 3жылға 9% ,4 жылға 9,5%, 5 жылға 10% үстеме қаржы қояды.

 

Несие жүйесі.

 

     Банк өзінің тұрақты тұтынушыларына несие беретін кезде біраз жеңілдіктер жасайды. Бірақ қарапайым халық оның қызығын көре бермейді. Мысалы, ипотекалық несие беру жүйесі өзге банктермен салыстырғанда тиімсіз. Несиенің қайтарылу мерзімі 10 жылдан аспайды. Теңге бойынша бір жылға ғана береді. Ал қалған банктерде теңге бойынша 3 жылдық мерзімге несие беретін жүйе қалыптасқан. Пайыздық үстемесі 13 – 17 пайыз аралығында. Алғашқы жарнаңыздың құны 15 пайыздан кем болмауы тиіс. Бұған қоса алатын үйіңізді, жылжымайтын дүние мүлкіңізді, банктегі есеп шотыңызды немесе депозитіңіздің бірін кепілдікке қоюға міндеттісіз.

 

Авто несие.

 

     АТФ банк авто несиелеу жүйесіне келгенде табысыңыз жайлы ақпараттың қажеті жоқ деп жұртшылықты бірден баурап алуға тырысады. Пайыздық үстемесінің 12 пайыздан аспайтыны да банк тұтынушыларының жағымды әсер етуі мүмкін. Өйткені, «Казкоммерцбанк»-те пайыздық үстеме 18 пайыз, «ТұранӘлемБанк» — те 15,6 пайызға тең. Бұлармен салыстырғанда АТФ банктің авто несиесі жұртқа тиімді болып көрінуі мүмкін. Бірақ бұл жердегі қарапайым адамды аяқтан шалар тұсы алғашқы жарнаңыздың сомасы, алатын авто көлігіңіздің 50 пайыздық құнынан кем болмауы тиіс, әр несие алатын жанның кепілдікке қоятын дүниесі болуы шарт. Сондықтан АТФ банкпен несие келісім – шарттың түзетін жан өзі несиеге алатын көлікті банк құрамындағы «АТФ полис» компаниясында сақтандыруға міндетті.

 

Банк

 

     «Созвездие авто» ,«Hyundai Center Kazakhstan»,«M – Auto»,«Autocentrum», «ABS – Invest» «Алма моторс», Арыстан – Авто» секілді авто салондар арқылы несиелеу жүйесін қалыптастырған. Бұл жүйемен несие алғысы келген адам алғашқы жарна ретінде көлік құнының 15 пайызын төлеп несие алу мүмкіндігіне ие. Бірақ бұл автосалондарда көліктің қара баздардағы нарықтағы бағамен салыстырғанда әлде қайда қымбат екендігін ескерсек, мұның да халыққа жеңіл түспейтіннін андауға болады. 

 

 

АТФ банк және мемлекеттік тіл.

 

     АТФ банктегі мемлекеттік тілдің жайы өзге банктермен салыстырғанда, көңіл көнішітерліктей. Банкке хабарласа ласаңыз, сізге ресми және мемлекеттік тілде жауап қатады. Өзге банкте мұндай үрдістің де жоқ екендігін ескеріп, тәуба етесіз. Банк жарнамасының да қазақша болуына қазіргі күні көңіл бөліп отыр. Қазақ тіліндегі хабарлары да айқыш ұйқыш емес. Бірақ банк қызметін пайдалағыңыз келсе орыс тілінің көмегіне жүгенуге тура келеді. Банктің көрсететін қызметі туралы ақпарат алғыңыз келіп сайтына кіре қалсаңыз ол сайт сізді ресми және халықаралық тілде қарсы алады. Бұл олқылықтың орнын толықтыру үшін менеджмент жұмыс істеп жатыр дейді, банктің баспасыз қызметі. Ал банктің менеджментті банктің басшысы Тимур Исатаев банктегі атқарылып жатқан шаруаларды бұқараға  ашық етіп көрсетуге келгенде «ТұранӘлемБанкінің» басшыларынан кем емес. Екі – үш ай сайын бұқаралық ақпарат құралдарының алдына шығып есеп беріп тұрады. «Казкоммерцбанк» менеджерлері секілді тығылып іс атқаруға мүдделі емес секілді. Банктің Тимур Исатаевтан кейінгі басшылары да ашық  жүйені қалайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

 

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан

Республикасының орталық банкі ретінде  басқа елдердің орталық банктерімен және халықаралық қаржы ұйымдарымен қатынаста Қазақстан Республикасының мүддесін көздейді. Ұлттық банк – бұл эмиссиялық, резервтік, кассалық және есеп айырысу орталығы, норма шығару және бақылау жасау құқығына ие, «банктредің банкі» ролін атқарады, сондай – ақ ақша – несиелік және валюта саясатын анықтайды.

  1. Ұлттық банк – оның жоғары үкімет органы тұлғасындағы

мемлекеттік біртұтас органы, бір ғана қол қоюшы  және жарғылық қор иесі. Ол тек қана Қазақстан Республикасының Президенті есеп береді.

  1. ҚР Ұлттық банкінің басты міндеті ұлттық валюта – теңгенің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
  2. ҚР Ұлттық банктің негізгі қызметтері мыналар:

айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен мемлекеттің ақша – несие саясатын жүргізу, ақша эмиссиялау, банктерге, ұйымдарға несие беру, және республикада қолма – қолсыз есеп айырысуды іске асыру, инвестициялық қызмет, екінші деңгейдегі банктер қызметін бақылау және қадағалау, валюталық реттеу банктер және валюталық резервін сақтау және т.б.

  1. ҚР Ұлттық банкінің ақша – несие саясатының мақсаты

ұлттық валютаның тұрақтылығын: оның сатып алу қабілетін және алдыңғы қатардағы шетел валюталарына қатысты бағамын қамтамасыз ету болып табылады. Оның негізгі құралдары: пайыз саясаты, ең төменгі резервтер нормасы, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу және Үкіметке берілетін несие, валюталық нарықтағы интервенция.

  1. Эмиссия – мемлекеттік банкнота, монета, бағалы

қағаздарды шығаруы. Ол қолма – қол түрінде де, қолма – қолсыз да болуы мүмкін.Бірінші формасы айналысқа  нақты ақша шығаруды білдірсе, ал екінші депозитті – қарыздық операциялар процесінде іске асырылады.  

  1. ҚР Ұлттық банкінің есеп немесе пайыз саясаты есептікпайызды өзгерту жолымен қарыздық капиталдар нарығын реттеуге негізделген. ҚР Ұлттық банкіден банктердің қарыз алуын ынталандыратын болса, ал есептік мөлшерлемені ұлғайта отырып, банк жүйесіндегі несиенің қысқаруын қолдап, соның негізінде жалпы республика бойынша ақша айналысын реттейді.
  2. Міндетті резерв нормасының мағынасы міндетті резерв

соммасы мен несиелік операциялар көлемі арасында тығыз өзара байланыстың болуын, яғни оны ҚР Ұлттық банкі айналыстағы ақша массасын өзгерту үшін қолданылатынын түсіндіреді.

  1. Айналыстағы ақша массасын реттеудің біршама ыңғайлы

әдісі – ашық нарықтағы операциялар. Мағынасы ҚР Ұлттық банкі ақша эмиссиясын тоқтатып, несиелік экспансияға шек қою мақсатында нарықта бағалы қағаздарды сатады. Керісінше, ақша шығаруды және несие беруді ынталандыруға тырысады, ол кері операцияны жүзеге асырады, яғни қағаздарды сатып алады.

  1. ҚР Ұлттық банкі «банктердің банкі» қызметін атқарады,

яғни коммерциялық банктер резервтерін сақтайды, оларға қарыздар береді, қолма – қолсыз есеп айырысуларды жалпы ұлттық ауқымды жүзеге асырады, банктердің қызметін қадағалау және бақылау жүргізеді.

  1. ҚР Ұлттық банкі бас банкир, қаржылай кеңесші және

Үкіметтің, басқа да мемлекеттік органдардың агенті болып қызмет етеді.

  1. ҚР Ұлттық банкі Қазақстанда және шетелде шетел

валютасындағы кез келген операциялар – валюта резервін құруға және басқаруға тікелей қатысады.

  1. Ұлттық банктің қызметінің біріне – екінші деңгейдегі

банктер қызметіне бақылау және қадағалау жүргізу, сондай – ақ оны реттеу жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                      Қолданылған әдебиеттер:

 

  1. Сейтқасымов Ғ. С. «Ақша, несие, банктер»

     Алматы «Экономика» 2001 ж.

  1. Шеденов Ө. Қ.

     Байжомартов «Жалпы экономикалық теория»

     Алматы – Ақтөбе 2002 ж.

  1. Газет, «Дала мен қала» № 32 (57)

     «Экономика» бөлімі

     13 тамыз, жұма, 2004 ж.

  1. Канарейкин С. Н. «Экономикс: теория и практика»

     АО «Дорваль»,  АО «Лига» Санкт – Петербург 1993 ж.

  1. Шеденов О.Қ., Байжомаров Ү.О.

     Жүнісов Б.А., Комягин Б.И.

     «Жалпы экономиялық теория»

     Алматы – Ақтөбе 2002 ж.

  1. Ж.О. Ихдаханов

Ә.О. Орманбеков

«Экономиканы мемлекеттік реттудің өзекті мәселелері» Алматы «Экономика» 2002 ж.

  1. Әубәкіров Я. «Экономика теория негіздері»

          Алматы «Санат» 1998 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Несие жүйесінің негізгі буыны – банктер. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мектептер мен ауруханалардың, институттар мен бала бақшалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс – жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. көптеген сан алуан операциялар жүргізеді.

Карл Маркс банктердің пайда болуы туралы былай деген: «Кәсіпкерліктің ерекше саласы пайда болды, себебі ол ерекше сала ретінде барлық таптардың ақша механизмін қамтамасыз етеді, ол шоғырланып, ірі масштабта жүргізіледі…» Банктің атқаратын қызметтері:

1.Уақытша бос ақша қаражатын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру.

2.Кәсіпорындарға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу.

3.Ақша айналымын реттеу. Банк — әр түрлі шаруашылық субъектілерінің төлем айналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік туғызады.

4.Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиенттің тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қоймай, сонымен қатар депозиттік чектерде вексельдерді шығарумен де несиелейді.

5.Экономикалық және қаржылық кеңес беру.

Мемлекеттегі басқа банктердің барлығының да ақша белгілерін шығаруға құқы жоқ банктер. Олар коммерциялық, инвестициялық, инновациялық, ипотекалық және т.с.с банктер. Коммерциялық банктер клиенттерге көрсететін қызмет түрлерін үнемі ұлғайтып тұратын әмбебап үлгідегі банктер. Ал басқа банктер бір – екі қызмет түріне маманданған банктер.

    Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның ролін

атқара отырып , ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады.     Ұлттық банк – ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Орталық банкінің жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі құқықтық формалары бар:

  • оның капиталының қалыптасуы 100 % мемлекеттің қаражаты есебінен болатын унитарлық банк;
  • акцияларының бөлігі мемлекетке тиесілі (немесе мемлекеттің қатысуынсыз) акционерлік қоғам;
  • бірлестік типтес ұйым (мемлекеттің қатысуымен немесе қатысуынсыз);
  • Орталық банкінің қызметін бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі;

     Ұлттық банкінің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылға жатқызылатын табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Ондай шығындарға: активтер амортизациясы, оның ішіндегі банкноттар мен монеталардың құндарының бір бөлігі жатады.

     Пайданың жарғылық, резервтік және басқа қорларды құрғаннан қалған бөлігі республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның мекемелері барлық салықтар мен төлемдерден босатылады.

     Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеті – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.     Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісіне мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:

  • Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүние жүзілік экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру;
  • ақша–несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу;
  • банктік және басқа несиелік мекемелердің қызметін реттейтін ережелерді жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде банк несие берушілердің, салымшылардың мүдделерін қорғау.

Ұлттық банк жұмысының негізгі бағыттыры:

  • елдегі несиелік ресурстарды және ақша айналысын басқару;
  • өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді   инкассациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
  • халық шаруашылығындағы несиелік, есеп айырысу және кассалық операцияларды жүзеге асыру бойынша ережелерді, әдістемелік инструкциялық нормативтік актілерді шығару(барлық банктерге міндетті), есеп жүргізу және банктердің есеп беруін ұйымдастыру;
  • банк ісін бақылау және қадағалау;
  • елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау;
  • ғылыми – зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу;
  • валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртібін жасау, біркелкі валюталық саясатын жүргізу және т.б.

     Ұлттық банктің несиелік ресурстары мыналардың есебінен құралады:

  • меншікті қаражаттары;
  • басқа банктермен тартылғын және келісім – шарт

негізінде Ұлттық банкіге орналастырылған ақшалай қаражаттар;

  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден тартылған

қаражаттар;

  • мемлекеттік арнайы қорлардан және бюджеттің уақытша бос қаржаттарынан.

Республиканың Ұлттық банкінің ең басты мақсаты – экономиканы төлем құралдарымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдің барлық  несие жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін қалпына келтіру, банк қызметін реттеу болып табылады.

        Ұлттық  (Орталық) банкінің маңызды қызметі – банктердің, жинақ және т.б. несиелік мекемелердің резервтер деп аталатын салымдарын сақтау болып табылады. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банк туралы» және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңдарына сәйкес барлық мекемелер өз резервтерін Ұлттық банкіде сақтаулары тиіс, өйткені жоғарыда айтылғандай, олардың ақша айналысын реттеуде, коммерциялық банктердің несиелік қызметін реттеу және өтімділікті қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызы бар.     Ұлттық банк банкаралық есеп айырысу сияқты жалпы халықтық шаруашылықтың есеп айырысу жүйесінің негізгі ұйымдастырушысы болып табылады. Ұлттық банк – заңды төлем құралын, яғни банкноталарды шығаруға эмиссиондық құқы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банкінің эмиссиялауында шығарылады және банктерге сатып, қолма – қолсыз эквивалент алу формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі – теңге болып табылады.

     Қазақстан Республикасында шығарылатын  банкноталар мен монеталардың номиналдық құрылымы, айшықталған пішіні болуы керек. Банкноталар мен монеталардың көрсетілген сипаттамалары баспасөзде жариялануы тиіс.

     Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шет ел мемлекеттерінің ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін белгілейді. Ақша базасы – бұл Ұлттық банк шығаратын ақшалар. Оған айналымдағы қолма – қол ақшалар, міндетті және артық резервтер жатады. Теңгені айналысқа енгізгеннен кейін пайыздық саясаттың негізгі мақсаты – теңгені несиеге деген сұранысын азайтатын, ал оның артынан ақша массасының өсу қарқынын азайтатын, сәйкесінше инфляцияны төмендетуді қамтамасыз ететін теңгеге дейін көтеру.     Ашық нарықтағы операциялар. Бұны Орталық банкпен қағаздарды екінші нарықта ақша  массасының көлемін реттеу мақсатында бағалы қағаздарды сату – сатып алу операциялары ретінде түсінуге болады.     Есеп – несие операциялары – есептеу операциясы және мемлекет пен банктерге қысқа мерзімді қарыз беру операциялары болып екі түрге бөлінеді. Есептеу операциясы ол орталық банктің мемлекет пен банктерден вексельдерді сатып алуы.