Жоспары
КIРIСПЕ
1 Банк жүйесі туралы ұғым
1.1 Банктік қызметті ұйымдастыру мен құрылу типтері
1.2 Қазақстандық банктік жүйенің даму тарихы
2 ҚР Ұлттық банкінің міндеттері мен қызметінің бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму мәселелерін қарастыру себебі, бұл халқымыздың өсіп өркендеуіне, экономикасының дамуына тигізетін пайдасы зор. Біз осы саланың келешек мамандары ретінде банк жүйесінің қазіргі кездегі даму прблемалары мен тенденциялары арқылы оның тиімділігін көрсетуді мақсат еттік.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты банк жүйесінің қалыптасу және даму мәсәлесін ғылымитеориялық негіздеу және банктердің халықаралық стандарттарға сай болуын тұжырымдау. Отандық экономиканы реформалаудың қазіргі уақытындағы сатысында тиімді, нәтижелі және перспективалы бағыттардың бірі банк жүйесінің дамуы болып табылады.
Бұл саланың маңыздылығы әлемдік және отандық экономиканың тәжірибесі көрсетіп отырғандай, нарықтық экономикаға өту жағдайында банк жүйесіне көмек көрсету тұрақтандырылған экономикалық өсуге жетуге елеулі нәтижелер береді. Банк жүйесінің дамуы елдегі қаржы нарығының өркендеуіне және Ұлттық бнактің өз саясатын тұрақты қалыпта жүзеге асыруына мүмкіндік береді.
Соңғы бірнеше жылда, әсіресе 2000 жылдан бастап банк жүйесінің динамикалық дамуы жүруде. Қазақстан банк секторының жанадануы және конденсациялық процестер жалғасуда.
Дегенмен, банк жүйесін мемлекеттік қолдау әлі де жеткіліксіз дәрежеде болып отыр. Бұл саланың өзіндік проблемалары шешілмей қалуда. Мұндай кемшіліктерді жою үшін банк жүйесінде жаңа бағдарламалар, реформалар жүзеге асуы тиіс.
1 Банк жүйесі туралы ұғым
1.1 Банктік қызметті ұйымдастыру мен құрылу типтері
Банк – өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін-өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қаражатын тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме. /1,3б/
К.Маркс банктер туралы былай деген: «Кәсіпкерліктің ерекше саласы, себебі ол ерекше сала ретінде барлық таптардың ақша механизмін қамтамасыз етеді, ол шоғырланып ірі масштабта жүргізіледі…»
Банк ісі – қарыз капиталын жинақтаумен және оны бөлумен шұғылданатын кәсіпкерліктің ерекше түрі. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мектептер мен ауруханалардың, оқу орындары мен бала-бақшалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс жүзіндегі капиталға айналдырады. /2, 135 б./
«Банк» деген ұғым италиан сөзі «bank» – орындық, «айырбас орындығы – айырбас орны» дегенді білдіреді. Тарихта банктің ең жай қызметі, мысалы тұқым сатып алуға ақшаны несиеге алған жағдай жаңа эраға дейінгі VIII-V ғ.ғ Вавилонда кездескен. Сол сияқты ақшаны несиеге алып ертедегі Египетте, Грецияда, Римде зәулім ғимараттар салған. Ал феодализмге өту кезінде тауар ақша айналысы және несие қатынастарының ауқымы тарылып, тек XIII-XIVғ.ғ сауданың кең өрістеуіне байланысты төлем делдалы ретінде банк ісі қарқыны өрістей бастады. Орта ғасырда банк ісінің орталығы Италия, Германия, Нидерланды болып саналса, ал ерте капитализм жағдайында Англия болған.
Капиталистік банктердің алғашқы ізашарлары Флоренция мен Венецияда 1587ж айырбас ісінің негізінде, яғни әртүрлі елдер мен қалалардың ақшасын айырбастауда пайда болды. Банктердің негізгі операциялары ақшаны сақтауға қабылдау мен ақшасыз есеп айырысуды жүргізу болған. Ақшасыз есеп айырысуды жүргізудің мәні – екі клиенттің қатысуымен банкирдің кітабына бір шоттан екінші шотқа белгілі бір соманы аударып жазу. Кейінірек ол осындай негізде Амстердамда (1609ж) және Гамбургте (1618ж) ұйымдастырылды. Бұл банк ісінің анайы түрі еді. Бұл кезде банктер саудаға және есеп айырысуға қызмет еткенмен, олардың өндіріспен, өндірістік капиталдың қайталама айналымымен байланысы аз болды, несие ақшаларын шығару қызметі де дамыған жоқ. Ал капиталистік банктер, керісінше ұдайы өндірістің, өнеркәсіп және сауда капиталдарының қажеттілігінен пайда болды. Натуралды шаруашылықтың ыдырауы, сауда мен тауар айналысының дамуы есеп айырысу мен несиенің маңызын арттырды. Жалдамалы еңбекке көшу халықтың табасының көп бөлігін ақша түрінде төлеуге мәжбүр етті. Тұрақты ақша айналысы пайда болып, оны ұйымдастыру мен техникалық жағынан қамтамасыз етуді банктер өздеріне алды. Осылай дами келе банктер тұтас несие беруші ретінде капиталистік кәсіпкерліктің дербес саласына айналды. /2, 135б./
ҚР банк жүйесінің құрылымы
ҚР банк жүйесінің құрылымын «ҚР банктер және банк қызметі туралы» республика Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы Заң күші бар Жарлығында «Қазақстанда екі деңгейлі банк жүйесі бар. Ұлттық банк – мемлекеттің Орталық банкі, ол банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейіндегі банк. Басқа банктердің барлығы банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейіндегі банктер» делінген жолдардан көруге болады.
Біріншіден, Ұлттық банктің құрылымын қарастырсақ, оны « ҚР Ұлттық банкі туралы» Заңы және « ҚР Ұлттық банкі туралы» ережесі негізінде көруге болады.
Ұлттық банкі өзінің қызметтерін орындауы үшін басқарма, директорат, бас аумақтық және облыстық басқармалармен қатар, басқа да жергілікті құрылымдық бөлімшелер бар. /3, 238 б./
Басқарма Диркеторлар кеңесі |
|
Төраға Төрағаның орынбасарлары |
Ұлттық банктің орталық аппараты |
Департаменттер, дербес басқармалар және бөлімдер |
Ұлттық банктің тәуелсіз бөлімшелері Мемлекеттік сақтау орны Банкноттық фабрика Бағалы қағаздар фабрикасы Приборлық бақылаудың мемлекеттік инспекциясы Қазақстанның банкаралық есеп айырысу орталығы Банкаралық және қаржылық телекоммуникациялар орталығы Банктік сервистік бюро және т.б. |
Облыстық (аумақтық) басқармалар |
Сурет 1 – Ұлттық банктің басқару құрылымы
Ұлттық банктің ең жоғарғы басқару органы Ұлттық банк төрағасымен басқарылатын басқарма болып табылады. Басқарма 9 адамнан тұрады. Оның құрамына – Ұлттық банк төрағасы, оның 4 орынбасары, Парламент пен Президенттің бір-бір өкілі және Қазақстан Министрлер кабинетінің екі өкілі кіреді. Басқарма мүшелері ҚР Президентімен бекітіледі. Ұлттық банк төрағасы ҚР Президентінің ұсынуымен алты жылға сайланады. /3, 237б./
Ал, коммерциялық банктердің құрылымы осы саладағы Заңдарға сәйкес, коммерциялық банктерді филиалсыз банктерге, бөлімшелері бар банктерге және банктік топтарға бөлуге болады. Қазақстанда банктік ұйымдардың барлық түрлері бар.
Банк филиалы – бұл бас банктің берген құқықтары шегінде банктік операцияларды жүзеге асыратын банктік мекеме. Банк филиалы заңды тұлға болып саналмайды, дербес балансы болмайды және өзінің бас банкі берген қаражаттар мен өкілеттіктер шегінде қызмет етеді.
Банк өкілдігі – депозит тартудан басқа белгілі-бір банктік операцияларды орындайтын және өз атынан, банктің тапсырмасымен жұмыс жасайтын заңды тұлға болып саналмайтын құрылымдық бөлімше.
Еншілес банк – жарғылық қорының 50%-дан астамы бас банкке тиесілі заңды тұлға болып табылатын банктік мекеме.
Коммерциялық банктердің көп бөлігі акционерлік типте құрылғандықтан, банктің ұйымдық құрылымы әрқайсысы белгілі бір міндеттер мен талаптарды атқаратын қызмет тараулары мен бөлімшелерден тұрады. Жалпы кез-келген банктің ұйымдық құрылымы банктік операциялардың атқаратын міндетін ескеріп қалыптасады. /2, 191 б./
Банктің актив операцияларын жүзеге асыратын негізгі буыны – несие басқармасы.
Акционерлер жиналысы |
Банктің басқармасы |
|
Тексеру комитеті |
Несие комитеті
|
С
Сурет 2 – Коммерциялық банктің ұйымдық құрылымы
Банктің басқармасы қызмкт салаларына қарай бірнеше бөлімшелерден тұрады.
Банктердің нарықтық экономикада құрылымдық үлгісін дұрыс жүргізуі– банктің тұрақты іс-әрекет етуінің бірі. /3, 287 б./
Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Қазіргі Қазақстанның нарықтық банк жүйесінде әртүрлі меншік формасындағы банктер қызмет істеуде. Солардың әрқайсысына сипаттама берелік.
Мемлекеттік банк – үкімет қаулысымен құрылған екінші деңгейлі банк, оның жарғылық қорының иеленушісі үкімет.
Инвестициялық банк – негізінен тікелей және портфельдік инвестиция тартумен шұғылданатын банк.
Шетелдің қатысуымен құрылған банк – акциясының 50 пайыздан астамы ҚР резиденті емес иеленушілердің қарамағында, меншігінде және/немесе басқаруында болатын екінші деңгейдегі банк.
Мемлекетаралық банк – халықаралық келісім негізінде құрылған банк, оның жарғылық қорының иеленушісі Қазақстан үкіметі және келісімге қол қойған мемлекттердің үкіметі.
Банктік емес несие-қаржы мекемелері – Ұлттық банктің лицензиясы негізінде кейбір банктік операция жүргізуге құқығы бар банктік емес заңды тұлға.
Коммерциялық банктер – кәсіпорындар мен халыққа жан-жақты қызмет көрсететін банктер.
Банктік заңдарда, банктердің жарғылық қоры қандай көздерден құрылғанына байланысты оларды мемлекеттік, жеке меншік, акционерлік, аралас және шетелдік банктер деп жіктейді.
Банктерді ұйымдастырудың акционерлік формасының ерекшеліктері мен артықшылықтары «Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы» Заңға сәйкес, біріншіден, акционерлік қоғам – бұл құрылтайшылардың меншік құқығын, Ұлттық банк берген лицензия шегінде шығарылатын акциялармен куәландырылатын заңды тұлға. Акционерлердің банк меншігіндегі үлесі мен табысы сатып алынған акциялардың санымен тікелей байланысты.
Банкті басқаруда акционердің жауапкершілігі тек басқарманы сайлау мен жылдық жиналыстарда банк саясатына қатысты сұрақтар бойынша дауыс берумен шектеледі.
Банкті ұйымдастырудың акционерлік емес формасы (үлестік жарна формасы) қатысушылардың меншік құқын куәландыратын қандай да бір формалды куәлікті қажет етпейді.
Екіншіден, акционер өз акцияларын басқа тұлғаға бере алады. Бұл жерде банктің қызмет етуі жекелеген акционерлердің қоғамнан шығуына, біліксіздігіне, банкротқа ұшырауына байланыссыз. Ал үлестік жарна формасында қатысушы өз үлесін басқа қатысушылардың келісімінсіз бере алмайды. /3, 203б./
Үшіншіден, акционерлік банкте оны басқару бойынша қызметтер нақты үлестірілген. Акционерлер басқарманы таңдайды, соңғысы – таңдағаны, ал ол басқару аппаратын, басқару аппараты өз кезегінде мамандар мен қызметкерлердің міндеттерін анықтайды.
Жеке банкте қатысушылар өздері тікелей банкті басқаруға қатысады да әкімшілік қызметкерлері болады және басқарудың тиімділігі олардың жеке бастарының жұмыс сапасына байланысты.
Банкті ұйымдастырудың акционерлік формасының кемшіліктеріне мыналар жатады: акционерлік банті құру қиындығы, өзгермелі жағдайларға бейімделу мен икемділік дәрежесінің төмен болуы. /4, 19 б./
Осы жоғарыда аталған кемшіліктерге қарамастан банкті ұйымдастырудың акционерлік формасы нарық жағдайында тиімді, қолайлы болып келеді және нарықтық экономикасы дамыған барлық елдерде банктер акционерлік компания немесе корпорация нысанында ұйымдастырылуы да кездейсоқтық емес.
Банкті ұйымдастыру қиын процедураны білдіреді және ол елдің арнайы заңдарымен реттеліп отырады. Ұлттық банк ҚР аумағында банктерді құруға рұқсат береді және банктермен, олардың филиалдарын тіркеуге алу кітабын жүргізеді.
Рұқсат Ұлттық банк белгілеген мөлшердегі төлем негізінде беріледі.
Рұқсат берген кезде Ұлттық банк атқарылатын банктік операциялардың шеңберін анықтайды. Банктің заңдар мен заң актілерінде банктерждің ашылуы мен тоқтатылуы реттелір отырады.
ҚР банктерін тіркейтін кітапта тіркелгеннен бастап, банк заңды тұлға мәртебесін алады.
1.2 Қазақстандық банктік жүйенің даму тарихы
Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің тарихы Ресей тарихымен тығыз байланысты. Патшалық Ресейдің банк жүйесіне: Мемлекеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекемелер кірді. /2,169 б./
Ресейдің мемлекеттік банкі (өз қызметін 1860 жылы бастады) барлық несие жүйесінің орталық банкі болып табылады. Ол айналымға қағаз ақша шығарудың монополиялық құқығына ие болды.
Акционерлік коммерциялық банктер (47 банк 743 филиалымен) қарыз каипталы нарығында басымдық жағдайға ие болып, 1914 жылы шоғырланудың жоғары дәрежесіне жетті.
Орта және ұсақ буржуазиялық қызмет көрсету үшін мынадай ұсақ несиелік мекемелер қызмет атқарды: өзара несие беру қоғамы (11081), қалалық қоғамдық банктер (343).
Ипотекалық несие жүйесі – мемлекеттік дворяндардың жер банкі мен мемлекеттік жер банкі, 10 акционерлік жер банктері, 36 қалалық несиелік банктер мен ипотекалық несиенің басқа да банктерінен құрылды.
Несиелік мекемелердің ішінен, әсіресе, деревнялардағы дәулетті адамдарға қызмет көрсететін несиелік кооперация кеңінен танылды. Ол қарыз-жинақ кассалары мен несиелік серіктестіктерден тұрды.
1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін банк ісін ұйымдастыруды мемлекет монополиялы түрде өз қолына алып, нәтижесінде жеке коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелері Мемлекеттік банкпен біріктірілді. 1922 жылы Тұтыну кооперациясының банктері және Өнеркәсіп банкі құрылды.
1924 жылы акционерлік қоғам үлгісіндегі сыртқы сауда банкі құрылып, оның акционерлері мемлекет, кооперативтік және қоғамдық ұйымдар болды.сөйтіп, 1925 жылы КСРО-да Мемлекеттік банк, Өнеркәсіп банкі, Сауда банкі және ауылшаруашылық банкі болды.сондай-ақ Орталық коммуналды банкі (Ценкомбанк), Кооперативтік банк және акционерлік, салалық, аймақтық банктер құрылды. Банктер қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несие түрлері бойынша да ажыратылды. 1928 жылы Өнеркәсіп банкі мен Электробанкі бірыңғай өнеркәсіп пен электр шаруашылығын ұзақ мерзімді несиелеу Банкіне біріктірілді. Жалпы 1927-1929 жылдары банктердің өзіне тән ерекшк қызметі –банктік несие беру жойылып, несие мемлекеттік жоспарлы қаржыландырудың түріне айналды. /3, 164 б./
КСРО-да 1930-1932 жылдары жүргізілген несиелік реформаның нәтижесінде жаңа қағидаларда салалық банктер ұйымдастырылды. Капитал жұмсалымдарды қаржыландыру және несиелендіруге байланысты 4 арнайы банктер құрылды:
1.Промбанк, 1959 ж КСРО Құрылыс банкі болып қайта ұйымдастырылды.
- Ауылшаруашылық банкі, 1959 ж оның қызметтері КСРО Мембанкі мен Құрылысбанк арасында үлестірілді.
- Всекомбанк, 1939 ж Всекомбанк өз жұмысын тоқтатты, ал активтері мен пассивтері 1959 ж таратылған КСРО Сауда банкіне берілді.
- Ценкомбанк, 1959 ж таратылды да оның қызметтері КСРО Құрылыс банк мен Мембанк арасында үлестірілді. /3, 165 б./
КСРО-да банктік реформа 1987-1988 жылдары жүргізілді. Нәтижесінде, КСРО Мембанкі мен КСРО Құрылыс банкін құру негізінде: Өнеркәсіп құрылыс банкі, Агроөнеркәсіп банкі және Тұрғын үй-әлеумеетік банкі; КСРО Мембанкінің құрамына кіретін жинақ кассалары негізінде: Сыртқы экономбанк, Жианқ банкі, құрылды. КСРО Мембанкі кәсіпорындар мен ұйымдарға кассалық және несиелік- есеп айырысу қызмет көрсетуін тоқтатты. Ол елдің Орталық банкі деп жарияланды.
Банк жүйесін бірсыпыра реттеген 1990 жылдың аяқ шенінде одақтық екі заң – «Мемлекеттік банк туралы» Заң және «Банктер және банк қызметі туралы» Заң бекітілді. Осы заңдарға сай бұрынғы маманданған банктер акцияландыру кезінде коммерциялық банктерге айнала бастады. /8, 181 б./
1930 ж дейінгі банк жүйесі |
1930-1987 жылдар |
1988-1990 жылдар |
1991 жылдан бастап |
Ресей Мембанкі және көптеген несие-банк мекемелері |
1. КСРО Мембанкі (оның ішінде КСРО Мемлекеттік еңбек жинақ кассалар жүйесі). 2. КСРО Мемлекеттік Құрылыс банкі 3.КСРО Сыртқы сауда банкі |
1. Банк жүйесін қайта ұйымдастыру: КСРО Мембанкі және маманданған банктер: КСРО Өнеркәсіп құрылыс, КСРО Анроөнеркәсіп, КСРО Тұрғын үй- әлеуметтік, КСРО Жинақ және КСРО Сыртқы эконом банктері 2.Жаңадан кооперативтік банктердің құрыла бастауы |
1. Егемен Қазақстаанда өзінің банк жүйесінің құрылуы. Екі деңгейлі банк жүйесі – Ұлттық банк және коммерциялық банктер. |
Сурет 3 – Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері
1990 жылғы «Банктер және банк қызметі туралы» Заңға сәйкес республикада екі деңгейлі банк жүйесі құрылды. Осыдан бастап Қазақстан банк жүйесйнің жаңа даму сатысына көшті.
2 ҚР Ұлттық банкінің міндеттері мен қызметінің бағыттары
Ұлттық банк – заңды тұлға, дербев балансы бар, өзіне тікелей бағынатын төменгі бөлімшелермен бірге тіке бағыныстағы бітұтас орталықтандырылған құрылым,іс-әрекетін толық шаруашылық есеп негізінде жүргізеді. Әртүрлі салық жинаудан, баж салығын және кеден салығын төлеуден босатылады. Ол республиканың кез-келген жерінде және одан тыс жерлерде басқармасын және басқа да бөлімшелерін ашуға құқы бар. /2, 182 б./
Қазақстан Ұлттық банкі ҚР заңдарының негізінде өзінің қызметіне қарай Ұлттық банк берген лицензия негізінде кейбір банктік операция түрлерін жүргізетін барлық банктердің, банктік емес қаржы мекемелерінің міндетті түрде орындауы үшін нормативтік актілер шығарады. Ол нормативтік актілер «Қазақстан Ұлттық банкінің хабаршысы» атты ресми басылымда жарияланады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеті – ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық банкіне мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:
- Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүниежүзілік экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру;
- Ақша-несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу;
- Банктік және басқа несиелік мекемелердің қызметін реттейтін ережеледі жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде банк несие берушілердің, салымшылардың мүдделерін қорғау.
Ұлттық банк жұмысының негізгі бағыттары:
- елдегі несиелік ресурстарды және ақша айналыстарын басқару;
- өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- халықшаруашылығындағы несиелік, есеп айырысу және кассалық операцияларды жүзеге асыру бойынша ережелерді, әдістемелік инструкциялық нормативтік актілерді шығару, есеп жүргізу және банктердің есеп беруін ұйымдастыру;
- банк ісін лицензиялау, ақша-несиелік реттеудің формаларын талдау;
- банк ісін бақылау және қадағалау;
- елдегі банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау;
- ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу;
- валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртібін жасау, біркелкі валюталық саясат жүргізу. /3,235 б./
Ұлттық банктің міндеті оның атқаратын қызметтері арқылы орындалады:
Біріншіден, Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізу, яғни Ұлттық банк айналымдағы ақша массасының көлемін реттеумен және ресми проценттік мөлшердің деңгейін өзгертумен шұғылданады. Егер ақша-несиелік ркттеу әдісімен инфляция деңгейін тежеу мүмкіндігі болмаған жағдайда Ұлттық банктің несие салымдарын шектеуге және банк операциялары бойынша проценттік мөлшерді өзгертуге құқы бар. Сондай-ақ алты айға дейінгі мерзімге шығарылған бірінші кластық жай және айналмалы вексельдерді, чектерді сатып алып және қайта сатады.
Екіншіден, Қазақстан Республикасында қолданылатын банкнота және монетаны эмиссиялау. Ол үшін Ұлттық банк номиналдарының құрылымын және теңге пішінін (дизайн), олардың қажет мөлшерін анықтап, дайындығын қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ қолданылған ақша белгілерін айналымнан шығарып, оларды жаңасымен айырбастап, тозығы жеткендерін жоюмен шұғылданады.
Үшіншіден, банктердің банкі қызметін атқару. Ол үшін Ұлттық банк республикадағы қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастырып, бірінші класты бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз етілген несиені алты ай мерзімге береді. Ұлттық банк – екінші деңгейдегі банктер үшін соңғы сатыдағы несие беруші. Несиені ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де, сондай-ақ қамтамасыз етілген, иә болмаса қамтамасыз етілмеген несиені Ұлттық банктің басқармасы белгілеген тәртіппен береді.
Төртіншіден, үкіметтің және мемлекеттік органдардың банкі және агенті қызметін атқару үшін кепілшісі үкімет болған республиканың ішкі және сыртқы қарызын өтеуге қатысады, Қаржы министрлігінің шоттары бойынша дебеттік қалдықты (сальдо) болдырмау үшін қажетті іс-шараларды қабылдайды. Қаржы министрлігімен келісілген шарт негізінде мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырып, олардың депозитролық ісін жүзеге асырады.
Бесіншіден, банктердің ісін бақылау және қадағалау қызметі. Барлық банктер, банктік емес қаржы мекемелері және олардың клиенттері міндетті түрде орындауы үшін банк ісі, есептеу, есептесу, валюта операцияларын жүргізу мәселелері бойынша норматвтік актілер шығарып, олардың орындалуын қадағалайды.
Алтыншыдан, валюталық реттеу және валюталық бақылау қызметі. Оны атқару үшін Ұлттық банк шетел валютасының және шетел валютасындағы бағалы қағаздардың айналым аясын және тәртібін белгілеп, шетел валютасымен жүргізілетін операцияларға қажетті кезде, оның ішінде проценттік мөлшер деңгейіне шектеу қояды.
Ұлттық валютаны шетел валютасымен салыстырып, курсын реттейді. Шетелден алғна банктік несиенің есебін жүргізеді.
Жетіншіден, елдің алтын валюта қорларын басқару қызметі. Оны атқару үшін Ұлттық банк мемлекеттің алтын валюта қорларын қалыптастырып, олармен операция жүргізеді. /2, 183-185 б./
Қазіргі таңда Ұлттық банк жоғарыда көрсетілген қызметтер мен міндеттерден басқа, әр ай сайын қаржы нарығының жағдайын қадағалап, мәліметтер беріп отырады. Жалпы қаржы нарығындағы инфляция деңгейі, халықаралық резевтері және ақша агрегаттары, валюталық нарық, бағалы қағаздар нарығы, депозиттік нарық, несие нарығы, сақтандыру нарығы, банктік сектор көрсеткіштері бойынша жұмыс жасау және осы нарықтардың дамуын, тұрақтылығын іске асыру.
Ұлттық банк қаржылық және жалпы экономикалық мәселелер бойынша Үкіметтің және басқа да мемлекеттік органның кеңесшісі болып табылады. өйткені болашақта ақша, қаржы, несие және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштер туралы жаппай дәл және жедел көпшілік ақпараттарды иеленетін ірі экономикалық, ғылыми және ақпараттық орталық бола бастайды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жұмыста келтірілген мәліметтерді ескере келе 10 жыл ішіндегі банк жүйесінің дамуы мен проблемаларын тұжырымдауға болады.
Банк жүйесінің дамуын төмендегі ретпен қорытындылап шығуға болады.
Біріншіден, 1990 жылдар басындағы өзгерістер. Алғашқы заң актілерінің қабылдануы Қазақстан Республикасының жеке банк жүйесінің қалыптасуы. Осы жылдар ішіндегі ең елеулі оқиғалар: Ұлттық валютамыздың енгізілуі, Орталық банктің Ұлттық банк болып құрылып, өз саясатын экономикамызды тұрақтандырып, өсуін қамтамасыз етуде іске асыруы. Екі деңгейлі банк жүйесініңм алғашқы қадамдары.
Екіншіден, 1995-1998 жылдар аралығындағы банктік реформалар. Ең маңыздылары «Банктер және банктік қызмет туралы» және «қазақстан республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңдардың қабылдануы. Осы реформалар негізінде инвестициялық, несиелік, қаржылық банк қызметтерінің дамуы. Ел экономикасын несиелеу және инвестиция тарту мәселелерінің шешімдерін таба бастауы. Банктік талаптың өсуі және банктердің реттелуі.
Соңғы кездегі ең елеулі оқиға 1999 жылдың сәуірінде Қазақстан үкіметінің теңгенің еркін өзгермелі курсын енгізуі болды. Осыдан кейін доллар бағамы валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың қалай қалыптасатынына байланысты анықталады, ал Ұлттық банк бүгінгі күнге дейін өзінің алтын валюталық резервін айырбас бағамын белгілі бір деңгейде ұстап отыру үшін жұмсапкелді. Ендігі жерде олай болмайды.
Үшіншіден, соңғы кездегі ел экономикасының тұрақтылығы қамтамасыз етіліп, экономикалық өсу нәтижесінде банктік жүйенің дамуы және ондағы банктердің рөлін атап көрсетуге болады.
Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Банктер халықшаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады.
Соңғы кездегі банктік сектордың дамуын сандық көрсеткіштер арқылы көрсететін болсақ: Ұлттық қордың активтері –1,7млрд. долларға, екінші деңгейлі банктер мен сақтандыру компанияларының активтері – 6,0 млрд. долларға, зейнетақы жинақ қорының – 1,5 млрд.долларға жетуі және банктердің несие беру көлемінің өсуі, оның ішінде: Ұлттық банктің экономикадағы несиелері –577 мдрд.теңгеге, үлесі – 17,8% өсуі, ұлттық валютадағы несие берудің –33% жетуі, шағын кәсіпкерлікке несиенің 14,7%-дан 24,2%-ға өсуі.
Ақша-несие және банктік статистика бойынша: ақша массасы –906,2 млрд.теңге, қолма-қол ақша айналымы – 202,8 млрд.теңге, депозиттер – 703,3 млрд.теңге, экономика өсуіне арналған несиелер –703,3 млрд.теңгені құрады.
Бұл көрсеткіштердің барлығы банк жүйесінің дамуын, банктік қызметтің өскендігін, халықтың банкке деген сенімінің артуын көрсетеді. Банктер экономиканы дамытудың негізгі факторларының бірі болып қалады.
Банк жүйесіндегі кемшіліктерді қарастырсақ, алғашқы жылдардағы банктердің қызмет істеу аясының тар болуы. Ұлттық банктің инфляция деңгейін қалыпты жағдайда ұстап тұра алмауы, банктердің тұрақсыздығын көрсетуге болады.
Қазіргі таңдағы ең басты проблемалар:
1) қор нарығы, нақты экономикаға капиталды тарту механизмі өз принциптері деңгейінде жұмысістемей отыр.
2) Зейнетақы қорлары мен сақтандыру компанияларының активтері әлі негізгі инвестициялық ресурстарға жетпеуі, бұл тәжірибе әлем елдерінде кең қолданылуда және экономикалық өсудің негізгі факторы болып саналады.
3) Құрылыс жинақ жүйесін және ипотекалық несие механизмін жетілдіру.
Бұл аталған проблемалардың шешу бағыттарын Ұлттық банк және Үкіметтің 2002-2004 жж.арналған бағдарламасынан көруге болады:
1)ұлттық сақтандыру нарығын халықаралық принциптер мен стандарттар негізінде дамыту;
2)құрылыс жинақ жүйесінің құықтық базасын кеңейту;
3)инвестициялардың көлемін көбейту, инфрақұрылымды инвестициялық инструменттер негізінде көтеру. /10, 7-8 б./
Осы проблемаларды шешуде банктердің рөлі үлкен болмақ.
Қорыта келгенде, банктік жүйенің дамуы, оның проблемалары, даму перспективалары экономикадағы ең маңызды факторлардың бірі болып қалады.
Қолданылған әдебиеттер
- ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы Заң.- Алматы: Дәнекер, 2002.-72 б.
- Көшенова Б.А. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары.- Алматы: Экономика, 2000.-328 б.
- Сейітқасымов Ғ.С. Ақша,несие, банктер.- Алматы: Экономика, 2001.-466 б.
- Лаврушин О.И. Банковское дело.- Москва: Финансы и статистика, 1999.-73 с.
- Ұлттық банктің 2000 жылға арналған жылдық есебі.- Алматы, 2000.-84б.
- Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциясы.-Алматы: Қазақ университеті, 2002.-229 б.
- Основные направления ДКП Национального Банка на 2003-2005 годы // Банки Казахстана. – Алматы.–№1.–2003. –С.9-14
- Нурсеит И.А. Привлечение сбережений в финансовую систему страны //Банки Казахстана.– Алматы.–№12.–2002.–С.27-43
- Тулепбаев К.М. Проблемы достоверности статистических данных накопительных пенсионных фондов // Банки Казахстана.– Алматы.–№9.–2002.-С.51-56
- Марченко Г.А. Пути развития банковской системы Казахстана // Банки Казахстана.– Алматы.– №10.–2002.–С.2-6
- Нурсеит И.А. Обеспечение устоичивости и ликвидности банковской системы Казахстана // Банки Казахстана.– Алматы.–№7.–2003.–С.15-22
- Павлов А.С. О текущей ситуаций и путях обеспечения долгосрочного экономического роста // Банки Казахстана.– Алматы.–№10.–2002.–С.6-9
- Основные социально-экономические показатели // Банки Казахстана.–Алматы.– № 9.–2003.–С.45
- Иванов Е. Банковская система нуждается в защите // Банковское обозрение.- Москва.–Апрель.–2003.–С.5