АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Кенесары туралы жалпы мәлімет

 

Жоспары:

 

 

 

 

  1. Кіріспе.

Ақтаңдақтар ақиқаты.

 

  1. Негізгі бөлім

 

а) Кенесарының туып өскен жері және арғы атасы Абылай туралы.

ә) Қазақ еліне Ресей және Қоқан бектерінің отаршылдық саясаты.

б) Кенесары әкесі Қасымның және Кенесарының отаршылдыққа қарсы әділетті күресі.

в) Кенесарының ерліктері, саясаткершілігі, әскери тактикасы.

г) Ханның көтеіліс салмағын Қазақстанның күнгейіне Қырғыз еліне аудару себептері.

д) Қателіктер ханнан тараған ұрпақтары жайында.

 

  1. Қортынды.

 

Тарих парағын түгендеу ұрпаққа парыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе:          Ақтаңдақтар ақиқаты.

         Қай халықтың болса да ең маңызды ескерткіші оның тарихы. Сол тарихымыздың орыс отаршылдығы және кешегі КСРО кезінде бұрмаланып келгендегі, ақтаңдақтардың болғандығы ақиқат. Сол ақиқаттардың ең үлкені-халқымыздың ұлт-азаттық жолындағы күресі еді. Өткенді білмесең-болашағың бұлыңғыр. Өткенді білу-бүгініңк сабақ, болашаққа бағдар. Өзіңнің тарихыңды тану-елдігіңнің, өскеніңнің айғағы. Біз өткені жоқ халық емес едік, бірақ та сол өткенімізді біле білмей келдік. Біз тарихы жоқ халық емес едік, бірақ та тарихымызды тани алмай келдік. Я, кешегі қызыл империя тұсында тарихымыз өрескіл бұрмаланып, өктем саясаттың құрбанына айналдық. Кенесары Қасымұлы бастаған  халық көтерілісі туралы шындықтыбілгенімізден де білмегеніміздің көп болғаны соның айғағы екені анық.

         Халқымыздың небір заманды басынан өткергенін «елім» деп еңіреген қандай қасиетті ұл-қыздары болғанын білмей тұрып, өзіміздің кім екенімізді ұғамыз деу бекершілік екендігін ұқтық.

         Тәуелсіздік-бұл халық ұшін рухани азаматтық, ешқандай байлыққа айырбастауға болмайтын өлшеусіз бақыт.

         Міне осы Тәуелсіздік үшін Кенесары күресті, бар өмірін сарп етті.  Қазақ елін біртұтас ел «Алаш» елі болса деп армандады. Тарихты әділ бағасын енді алып жатқан, арысымызды оқушыларға толық жеткізу мақсатында мен шығармашылық жұмысына Кенесарының ерлікке толы өмір жолын таңдадым.

Мақсатым: Оқушыға бізге тәуелсіздікті қалай келгенін түсіндіру, оларды Отанын сүйетін, ер жүрек, ұлт жанды етіп тәрбиелеу.

«Азаттың ащы дәмін, тәуелсіздіктің тәтті дәмін» татқан қайсар рухты Қазақ деген халықтың ұрпағы екендіктерін мақтанышпен айту. Кенесары батырдың туған жерінің азаттығы мен бостандығы үшін бар өмірін арнағнын оқушыларға жеткізіп, жастарды Отанға шын берілген азамат етіп тәрбиелеу. Жалпы далалықтардың денсаулықтарын, олардың өнегелі өмірін оқушыларға таныстырып, ұлттық сананың қалыптасуына негіз қалау.

 

Негізгі бөлім:   Кенесары туралы жалпы мәлімет.

         Кнесары 1802 жылы қазіргі Көкшетау облысының Көкшетау деген жерінде дүниеге келген. Кенесарының атасы Абылай хан ерекше даңқы шыққан адам екендігі тарихта белгілі.

         Абылай шиеленіскен халықаралық жағдайында батыраңқы қазақ жерлерін өз қоластына біріктіріп, Қазақстанды бөліп алуға тырысқан көршілер Россия, Қытай, Жоңғар мүдделерінің қарама-қайшылығын дұрыс пайдалана отырып, іс-жүзінде  елдің тәуелсіздігін сақтап қала алған дара тұлға. Міне бұл Кенесарының атасы Абылайға тарихшылардың берген бағасы. Бұрынғы кеңестік дәуірде: «Кенесары қасымұлының қозғалысы реакциялық, ол қазақ халқын кейінге қарай, патриархтың-феодалдық тәртіпті нығайтуға, орта ғасырлық хандық өкіметін қайта орнатуға, Қазақстанды Россиядан орыс халқынан бөліп әкетіуге тырысты» — деп жазылды.

         Империялық мүдде тұрғысынан қорытылып жазылған тарих, әрине ұлт-азаттық қозғалыс мәселелеріне де қырын қарағаны түсінікті. Өз өмірін өз қалауынша құру құқынан айырылған тәуелді халықтар төл тарихына да империялық күштердің көзімен қарауға тиісті. Сондықтан халық тарихындағы ұлт-азаттық көтерілістерге феодалдық  монархиялық, жеке немесе топтық қарсылықтарға «ұлттық ауытқушылық»,  халықтың өз қарапайым құқықтарының қанағаттандырудың талап еткен ұсыныстарға «қазақ ұлтшылдығы» сияқты өмірлік шындықтан алшақ, түптеп келгенде ұлттың өз азаттығына деген табиғи ұмтылысын тұншықтыру мақсатында туындаған айдарлар тағылды.

 

Бір сөзбен айтқанда отарлаушы ел, отар елдің тарихын өз қалауынша жазады.  Бірақ соған қарамастан кешегі қызыл империя тұсында осы шындықты жазғандар болды. М.Әуезов «Хан Кене» пьесасын, тарихшы е.Бекмаханов «ХІХ ғасырдың 20-40ж. Қазақстан» атты монографиясын, І.Есенберлин «Қаһар» романнын жазып сол үшін олардың қуғынға түскен баршамызға мәлім.

Бүгінге дейінгі жарық көрген еңбектерге сүйенсек, қазақ елінің Ресей империясының құрамына енгеннен бергі уақытта орталық тәуелділікке қарсы жүргізген күресін екі  кезеңге бөлеміз. Біздің айтпағымыз бірінші кезең ХVІІ ғасырдың соңы ХІХ ғасырдың ортасы аралығын қамтиды. Осы аралықтағы көтерілістердің орталық езгіге қарсы наразылықтың көрінісі болатын. Кенесарының атасы Абылай хан билігі кезінде қазақтар күшейіп, біртұтас мемілекет болды, Абылай өлген соң алаш жұрты қайтадан бөлшектене бастады. Бірақ мемілекет, ұлыс жойылған жоқ . ХІХ ғасырдың 20-жылдарында бір орталыққа бірікпей, әлсіреген қазақ елінің алауыздығын пайдаланып, Қоқан мен  Хиуа хандары Ұлы жүздің оңтүстік өңірі мен Сырдария бойын өздеріне бағындырып, бірнеше бекіністер салып, бейбіт ауылдарға тонаушылық шабуылдармен үлкен ауыртпалық әкелді. Ал Рессей, 1822 жылғы «Сібір қазақтарының жарғысы» бойынша қазақтарда хандық  билікті жойып, қазақ елін бөлшектеу саясатын жүргізді, қазақтарды бостандықтан, тәуелсіздіктен бір жола айыруды көздеді. Осы мақсатта Жайық бойы, Есіл,  Ертіс, Нұра және Ақмола жеріне бекініс қоныстар сала бастады. Қырда Қоқан, Ойда Орыс қазақ жеріне өздерінің билігін орнатуға тырысып, білгендерін істеді. Құнарлы жерлер отаршылдардың қонысына айналды. Патша өкіметі малдың жайы жайылымдық жерлерден қазақтарды қуып, құнарсыз шөлейтті аймақтарға ығыстырды, бұл оларға ауыр соққы болды патшаның қазақ жеріне бекіністер салуына Кенесарының әкесі Қаым ХІХ-ғасырдың 20-жылдарының өзінде-ақ қарсы шыққан болатын. Батыс Сібір генерал губернаторы Копцевичке жазған хатында Қасым приказдың жойылуын және орыс отрядтарына қырдан керуен талап етті. Осы талапқа жауап ретінде патша  үкіметі қырды жаңа отрядтармен толықтыруды және Ақмола бекіністерді шебімен байланысты Ақтау бекінісін салуды бастады. Кенесарының әкесі Қасым патшаәскерінің тегеуіріне төтеп бере алмай туған жері Көкшетауды тастап, балалары Есенкелді, Саржан, Бопы, Кенесары, Бопайдыерітіп Қаратауға, Шу бойына қоныстанды, Қоқан хандықтарының иеліктеріне өтіп кетті. Қоқанға бара жатып, Қасым азаттық күреске Қоқан хандығының қол астына қазақтарды қосуды және Орта Азия хандықтарынан көмек алудан үміттенетін болатын. Алайда бұл Қасымның Қоқан ханымен ынтымақтасуы табысқа жеткен жоқ. Керісінше, ол оның балалары –Саржан, Есенкелді кейін Қасымның өзінің өліміне алып келді. Бұған төзбеген Кенесары қазақ Құрымбай датқаның көмегімен Қоқан бектерінен қанды кек алды. «Діндес» ханның қолдауына сүйену әрекеті сәтсіздікке ұшырағандықтан, Қасым сұлтанның жанұясы Қоқан хандығының иелігіне мәжбүр болды. Сөйтіп Сібір генерал-губернаторлығына қарасты Ұлытау деген жерге қоныс аударды. Міне, осылай, бала кезінен бастап Кенесары әкесі Қасымның патша әскеріне қарсы күресінің куәгері ғана емес күреске қатысушысы да болды. Патша әскерінің әрекеттерінің бәрі, Қоқандықтардың жауыздығы Кенесарыға терең із қалдырды. Кейіннен өзінің әкесімен ағасының күресінің ауыр жылдары туралы ойлай отырып, Кенесары; «Менің атам-Абылай Сібірде дүнеге келіпті, ал Аякөз бен Қарқаралы округінде көшіп-қонып жүргенінде, ылғи Сібір отрядтары қажытқан көрінеді, сондықтан да өмірі тынышсыз болды. Өз әкем Қасым мен ағам Саржанды да Көкшетау округімен Есіл өзенінің бойын қоыс етіп, жүргенінде де сібір отряттары тоқтаусыз қуғындап отырып еді» — деп еске алады.

Кенесарының саяси саласының қалыптасуына үлкен рол атқарған оқиға – Кенесарының өзі және оның жанұясының отарлық езгіні өз бастарынан кешіруі екендігі даусыз нәрсе. Кенесарыға көп нәрсені бастан кешіруге тура келді. Ол патша өкіметімен Қоқан хандығының қазақ жеріне басып кіруін қайғы-қасіретім деп түсіне білді. Қарулы күреске Кенесары  жас кезінен қатысты. Алғаж ағасы Саржанның атряттарының қатарында, өзің ер жүрек батыр ретінде ғана көрсентті. Кенесары көтерілісшілердің көсемі ретінде саяси аренаға өзінің әкесі мен ағасының өлімінен кейін ғана шықты. Осы кездері атасы Абылайдан соң қазақтың  рухын көтерген, басын біріктіруге күш салған «үш жүздің Ханы болған» Кенесары еді. Көтерілістің басты мақсаты – Қоқан мен Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген қазақ өңірлерінің дербестігін сақтау, қазақ жерлерін бекіністер мен жаңа округтік билеу арқылы жан-жақты отарлауды тоқтату еді Көтерілістің қозғаушы күші – қазақ шаруалар болды. Бұл оған халықтық сипат берді бұл күреске ірі ақсүйек өкілдері және аты аңызға айналған батырларда қатысты. Мысалы: Сұлтандар-Шеген, Қанқожа Уәлиұлы, Танй Тортайұлы, Ақмола округінен – Күшік, Жадай, Жанай, Айшуақұлдары, Кіші жүзден-Ж\оламан би Тіленшіұлы және батырлар Ағыбай, Аманкелді Инагіовтің атасы-Иман Бұхарбай, Саурық, Сұраншы т.б қатынасты. Кенесарының жақын серіктерінің ішінде оның бауырлары- Наурызбай, Абылғазы және әпкесі Бопай болды. Олар көтерілістің белсенді қайраткерлеріне айналды. Кенесары Атасы Абылайды мақтан тұтатын және әр қашан оның ісін жалғастырушы және оның праволарының заңды мұрагері екендігін атап отыратын. Кенесары  Адбылай есімін атайтын және «атасы Абылайға тиісті жерлер үшін» күресетіндігін және «атасының жолымен жүргендігін» ашық және бүкпесіз жариялап отыратын. Өзінің үндеулерінде ол «Абылай тұсында Қазақтар бейбіт және еркін өмір сүргендігін» еске алып отыратын. Ал Абылай есімі Кенесарының ұранына айналды. Кенесары жас кезінен батылдығымен және ержүректігімен ерекшеленілген. Ол: «Мен ешқашан өзімнің батырлығымды тастамаймын және керемет ерлік көрсетіп барып өлемін» — деп айтқан екен.

Тарихшы Смирнов оның есейген жылдарын сипаттай келіп,  былай деп жазды: «бархат бешпетті, сұлу киінген соңында ту ұстары бар Кенесары ылғи өз тобының алдында шауып жүретін».

Кенесарыны Л.Мейерде осылай сипаттап, оны «шексіз ержүрек еді» деп атап өтеді. Кенесары 1837 жылы көктемде көтеріліске шығар алдында, птша үкіметін Ақмола және Көкшетауда, яғни өзінің туған жерінде бекініс жүйесін салуда бас тартқызуға әрекеттер жасаған болатын. Осы мақсатпен патша өкіметіне арнап, наразылық білдірген хат жолдады.

«Аталарымыз мұра еткен,-деп жазды ол осындай хаттарының бірінде – Есіл, Нұра, Ақтау, Қарқаралы, Қазылық, Жарқайын, Обаған, Тобыл, Құсмұрын, Оқият, Тоқзақ, Оралға дейінгі жер – қазіргі патша түсында бізден тартып алынып, ол жерлерге бекіністер салынды. Қазір күнсайын, біздің жерлерімізді тартып ала отырып, ол жерлнрге бекіністер салып, сонысымен халықты өте қиын жағдайға жеткізуде. Бұл тек біздің болашағымыз үшін ғана емес, сонымен бірге бүгінгі өмір сүруімізге де қауіпті».  Күткендей-ақ, хаттар жауапсыз қалды. Кенесары 1837 жылы өзінің жақын серіктерімен Орта жүзін Ақмола округіне келеді. Бұл дәрісі бар бөшкеге түскен ұшқындай әсер етті. Ішіне тынып жүрген қазақтар Кенесары Қасымұлының ту астына топ–топ болып жинала басталды. 1837 жылы Ақмола округінің Байдалы, Алексинск, Қойлыбай-Шағырай, Жанай-Қалқаман, Темеш, Тналы болыстарындағы қазақтар көтеріліске шықты.

Осыған байланысты полковник талызин өзінің хабарламасында былай деп жазды: «Август айында Ақмола округінің алты болысы Кіші жүзге орыстар билігінен азат етуге уәде берген Аблайхановтар семьясына қосылуға көшіп кетті».

Қазақтардың Ақмола округінінен жаппай көшіп, Кенесарыға қосылуы Сібір өкіметін орындарына ұлкен әсер етті.

Кенесарының әскері күн санап өсе бастады. Осы кезендерде отарлау саясатын жүргізген патша өкіметі басқарудың небір әккі айла-амалдарын қолданды. Қазақ сұлтандарымен төрелеріне кейінге мұраға қалдыратын құнарлы жерлер беру, аға сұлтан, болыс сияқты әкімшілік  қызыметтерге тағайындау алтын, күміспен ақы төлеу, алым салықтан босату, зерлі ту, мақтау қағаздар беру т.б. сяқты құйтырқы әрекеттер жасады.Ал қарсы болғандар ел бұзар қарақшы атанды. Әрине, шен мен шекпенге сатылғандарда аз бомады. 1841 жылымамыр айында Кенесарының әскері Ақтауды басып алып, қару-жарақ олжалады. Осы жылы ордасын Ақтауға тіккен Кенесары Ташкентке аттанды. Бірақ бұл Ташкент сапары нәтиже бермеді. Себебі, сарбаздар арасында басталған жұқпалы ауру нәтижесінде Ташкент жорығы ойлағандай болмады Созақ, Жаңақорған, Жүлек, Ақ мешітке орналасқан бекіністі қирату қоқандықтардың зәресін ұшырды. Қоқан бектері Кенесары мен одақтасуды көздеді. Бірақ қазақ жерін азат етуді аңсаған Кенесар ол одақтан бас тартты. Азаттық қозғалысы қанат жайып, оның көсемі Кенесарының  аты жер жарып тұрғанда Сарысудың бойында үш жүздің өкілдері бас қосып, баталасып, ежелгі дәстүр бойынша оны ақ киізге салып, көтеріп, хан сайлайды.Кенесарының атақ-беделі осы кезде аспандап тұрды уақыт өткен сайын ұлт-азаттық көтеріліс патша әскерлеріне бой бермей кең қанат жая бастады. Осы туралы Орынбор шекара комиссясінің төрағасы Генетің хаты мынадай мәл\імет береді:

«Ол, яғни Кенесары Орда басшысына айналды, күш алып табысты қимылдай бастаған сайын одақтастары көбейіп, Ордада ықпалы күшейген сайын бізге соншама қауіпті бола түсуде» деп жазды.

Ал патша жендеттерінің қазақ – ауылдарына шабуылы толастамады. 1842жылы Кенесарының Ағайындарының үйіне баса көктеп кірген есауыл Сотников басқарған қазақ отряды батырдың әйелін тұтқындап өздерімен бірге он адамды және мың ғырған малдарын айдап әкетеді кейіннен сол отряд кенсарның ауылынада шабуыл жасап, бір түйе үш мың жылқы он мың қойын тартып алады.

Кенесары өзінің елге тараған мына сөзін осы оқиғадан кейін айтқан еді: «Рақымді тек бір ғана Алладан күту керек ал орыс басшыларынан оны күтудің қажеті жоқ».

Рақымсыз патша жендеттері жоғарыда айтып кеткеніміздей, қазақтарды осындай шығындарға ұшыратып отырған.

Кенесары қолының әскери қимылдарына тоқталсақ:1837 жылғы Ақтау мен Ақмола бекінісінің аралығында кенесары Әскері старшина Симоновтың әскерін талқандайды. Сонымен қатар Ақтау қорғанындағы хорунжий Рытовтың елу бес адамнан құралған отрядын жояды.  Осы жылдардан бастап, көтерілісті біржола басу  үшін патша үкіметі неше мәрте шешуші соққы беруге бел байлайды. Бірақ бәрі сәтсіз аяқталып  отыр.

1845 жылы Патша укіметі қазақ даласын бойлай түсуді көздеп, орталыққа қарай бекіністер салыу айласына көшеді. Ырғыз өзенінің бойындағы  Жармола тоғайлы сай-салаға Орал бекінісі, Торғайда Бесқопа  сайына жақын жерде Орынбор бекінісін салды. Осыдан кейін, күзге қарай 

Кенесары сарбаздарымен оңтүстікке, Ұлы жүзге бағыт алуды ойластырады. Екі жақтың соғыс әрекеттеріне тоқталып,  талдап, мынадай қортындыға келуге болады. Патша отрядының Кенесарыға қарсы жорықтарының бәрі дерлік сәтсіз аяқталды. Патша жендеттері, бейбіт тұрмыстағы ауылдарды тонап, бейкүнә жандарды жазықсыз өлтіріп отырған. Патша әскерінің саны мен сапасы,  техникалық жарақтану жақсы болғанымен ашық айқаста Кенесарыға  соққы беріп, әскерін жойып жіберуге дәрменсіз болғандығын тарихи мәліметтерден анық аңғарылдары. Кенесары таланты қолбасшы ретінде әр түрлі соғыс тактикасын шебер қолдана білген. Сонымен қатар әскери дипломатиялық тапқырлығымен  айлакерлігінің, саяси қайраткерлік қасиеттерінің көтеріліс басында мейлінше әсер етіп, оған қатысушылардың қатарының өсіуіне зор ықпалын тигізгенін орыс  тарихшылары кезінде бәр ауыздан атап айтқан.

Бірде мынадай оқиға болады. Полковник Қоңырқұлжа Құдаймендин мен бірігіп, көтерілісшілердің соңына түскен нағашысы Әбділдә сұлтан Кенесары сарбаздарының қоршауына түседі. Патша өкіметіне өзін байлап бермек болып жүрген Әбділдәні Кенесары жазаға тартпай, арнайы үй тіктіріп, екі тәулік қонақ етіп жібереді. Осы айласы кейін көп қазақ ауылының көтерілісшілер жағына шығуына әсер етеді.

Кенесары Перовскиге жолдаған бір хатында, Абылайдың кезінде ІІ Екетарина патшайымға жіберген құжаттарындай, «Мен оған алыста, жақында болмасам да жүрегім мен жанымды  салып қызымет етуге дайынмын . Маған бір шен мен грамота алып берсеңіз», — деген өтініш жасайды. Мұны Кенесарының  І Николайдан атақ, шен сұрап, Орынбор әкіміне «жағылыуын » біріңғай феодалдық мемілекетті қалпына келтіру жолындағы тактикалық айла деп ұққан жөн.

         Кенесары  батырлығы мен тапқырлығы  жөнінде  Н.Н. Середа мынадай мінездеме береді:  «Кенесары өз жасағының ықыласына лайық билеуші бола білді»,-деп жазды.  «Ол оның жасағының рухының жоғарылығына Еуропалық әскердің қайсысының болсын қолбасшысы қызыға қарайтындай еді. Ол шабуылдары кезінде сондай жылдам, бейне бір жолындағының бәрін күйрететін дала  дауылы сияқты,  Кенесары алдында қандай кедергі болса да тоқтамайтын. Қайта қандай да бір кедергі болмасын оның еркін өрлендіре түсіп, өзінің ойлаған мақсатына жету жолында кездескен  барлық тосқауылдар, оның ьонап сауда қуатының алдында  күйремейінше оны екпіндетіп, өз ісіне өжеттендіре түсетін. Кенесары бойындағы осы қасиеттерін біздің көшпелілер жоғары санайтын және оның серіктерінің жүректері өз басшыларына шексіз, жан қиярлық сеніммен соғатын» Ал Томас Аткинсон былай дейді: «Кенесары жеке басы көзі батыр, ұландарды арасында шексіз беделді болатын, оған олар құдайға құлшынғандай құлшынатын, ал жетесіз кеткендерді де аямайды, оларды құлшынатын, ал жетесіз кеткендерді де аямайды, оларды өлім жазасы күтетін. Жау мен кескілескен шайқастарда ұран салап, айбалыстан жарқылдап соғысқа бірінші керетін. Бұл жігіттерге сенім беретін, оның көптеген бастамасының баянды болуына негіз қалайтын…»

«К Енесары қазақтардан тамаша жауынгерлер даярлайтын. Найза мен айбалтаны ғажайып игерген, шапқыншылықтарды көз ілестірмейтін Кенесары жігіттері өздерінен көп жауды күштерімен жеңісті  соғыса беретінін мен талайлардан естідім. Егер білікті офицерлер болса, қазақтар әлемдегі ең әйгілі атты әскерлерін құрар еді. Оларға тарихта даңққа бөленген Шыңғысхан жиһангерлнрінің барлық тамаша қасиеттері тән болатын.»

Е. Бекмаханов өзініңкітабында Кенесарының мықтылығы оның айлакерлігі мен атты әскерді шебер басқара білгендігіне екендігін айтады. Ол тыңшылық пен барлау жұмысын жақсы жолға қоя білді. Әскери айла, әдістемелерді қолданады: жалған, дерексіз сөз тарату, қарсылығын бағытынан жаңылдыру. Міне, осылайша дала соғысының тактикасын тамаша қолдануы, көтерілісшілердің  ерлігі, ең үкіметінің озбырлығымен, шектен шыққан жауыздығымен  аты шыққан, қазақтар мен отарлаушы әскерлердің ішіндегі ең күштісі мен тең жағдайда соғысуына жағдай туғызды.

Кенесары көтеріліс салмағын  Қазақстанның күнгейіне, Ұлы жүз жеріне қарай көшірмекке бел  байлады. Мақсаты Алатау қырғыздары мен қазақтарының күшін біріктіруді ойлайды. Кенесарыға қырғыз қалқының көмегі өте қажет еді. Бұл туралы тарихшы Сыдықовтың «История киргизии» деген еңбегінде «Қазақ ханы  Кенесары Орманға өзінің өкілін жіберіп, қазақ пен қырғыздың бірігіп, ортақ жауға қарсы күресуіне өтініш жасады»  — деп жазады. Орман мен Жантай ұсынысты қабылдамайды. Ақыры 1847 жылы Кенесары қырғыз жерін басып кіреді. Мақсаты қазақ-қырғыздың жауы Қоқанға  және оның сенімді серіктері қырғыз манаптарына қарсы күресу еді.

 Енді Кенесары қырғыздарға не үшін шапты?   Біріншіден,әскер күші қажет еді, екіншіден, материалдық мұқтаждық болды. Өйткені  әскер  ұстау үшін мал – пұл керек екендігі белгілі. Ал, 1846-47 жылдары қарғыздардың жаны тыныш, малы түгел еді.

Ханның қателігі

Біріншіден,  одақтаса бірігейік деген саясатпн емес, менің билігімді мойындап, қазақ-қырғыз  ортақ хан ретінде артымнан ересіңдер деген талаппен келді.

Екіншіден,  қалың бұқараны өзіне қарсы қойып алды.

         Кенесары қырғыздарымен шайқасының тағдыры, қырғыздың жеңісімен аяқталатыны белгілі болды. Себебі, біріншіден патша отрядының басшылары манаптармен әскери қимыл  жоспарын кеңесіп  отырған. Екіншіден, қазақ сұлтаны Рүстем мен Сыпатай би он екі мың әскерін шайқас болардан бұрын алып қашып кетеді. Осы сатқындығы үшін олар патша өкіметінен үлкен сыйлықтар  алады. Үшіншіден, Қоқан бектері өз әскерін Орман манаптың қарамағына береді. Көптің аты көп, топырақ шаша алмайсың.  Орыс, қоқан, манап қолы үшеулеп  Кенесарының қолын қоршауға алады. Осы кездері Хан Кененің оң қолы Наурызбай, жанған өрттей лапылдап:

-Кене аға, маған Ағыбай мен Құрман бас қып екі жүз жігіт беріңіз. Мен қырғыз шебін жарып өтіп, жол ашайын. Сол жерден сіздер де шығасыздар, — деп жігерін жинайды. Б9л бірден бір дұрыс жол болатын. Наурызбай жау құрсарын бұзып жарып, өте шығар да еді. Өзгелер де соны анық біліп, бір ауыздан құптайды.

-Жау шебін жарып  өтіп, аты жүйріктеріміз қашып құтыламыз, ал қалғандары қайтеді? Бәрі түгел қырылмай ма? Маған сеніп, соңымнан ерген елімді жауға тастап, өз басымды амандасам, менің кім болғаным? Жоқ, жоқ өлсек бәріміз бірге өлеміз, құтылсақ бірге құтыламыз! – дейді.

         Ақыры Кенесары сарбаздары қоршауға түсіп, Иман (Амангелді батырдың атасы), Бұғыбай, Бұхарбай, Құрман батырлар опат болды. Ал Кенесары қолға түседі. Кенесары соңғы шайқасы,  Тоқымақ қаласының шығыс жағында Кекілік сенгір тауының етегінде болыпты. Ал Наурызбай,  Ағыбай,  Жеке батыр үшеуі тізе қосып, соңына ерген азғана  жігітпен жау шебін бұзып-жарып өтіп кетеді. Кене ағасы жауға пенде болғанын естіген Наурызбай, сыңарынан айырылған аққудай алысқа ұзай алмай, маңайды теңіректеп жүреді. Қырғыз манаптары болса, Кенесарыны қайтерлерін білмей дал болады. Өлтірейін десе қорқады. Наурызбай тірі жүргенде тыныштық бермеуі Қақ, қан құстырып кек алмай қоимайды. Бәрі ойласа келе ақыры Кенесарыны босатып жіберуден өзге жол таппайды. Ол жайлы Наурызбай білмейді аяулы ағасының жау қолында қалып, қор болған күйігі шыдатпай қайғыларып, ақыры:

         «Кене ағамнан жаным артық емес, өлсем бірге өлем!» — деп басын өлімге берік байлайды да, жау жатағына жалғыз барып кіреді. Егер наурызбай жау қолына өзі барып түспесе, тарих парағы қалай жазыларын кім білсін. Сөйтіп, дәл жиырма бес жасында Наурызбай пәнимен бақұлдасады. Ал Кенесарыны Дайырбек, Қалша деген қырғыздың атқмінерлері осы маңда орналасқан ауылдарына алып келіп, айға жуық жеке үйде ұстапты.

         «Хан  болсаң қаруыңды таста, қара болсаң қамдан» дегенде  Кенесары қаруын лақтырып жіберіп, өз еркімен беріліпті деседі білетіндер. Күзет те қоймапты. Хан басымен қашып кетпейтініне көздері жетсе керек. Бір күні Дайырбек «не істеп жатыр екен» деп киіз үйдің жабығынан сығаласа ұйықтап жатқан Кенесарының үстінен бір қара қозы арылы-берілі секіріп жүр екен дейді. Хан  ұйқысынан оянғаннан кейін сұраса, ол «құрыды  ғой, оңбай қалды ғой» дегеннен басқа ештеңе айтпапты. Бұл Кенесарының батыр ғана емес аруақты да адам болғанын көрсетеді. Содан не керек, Кенесары: «Жаман қырғыз ханыңа жолықтыр» дейді. Кенесары мен жолығуға құлқы болмайды, «маған кезіктермей-ақ көзін құртыңдар» деп бұйырады. Бұл бұйрық көп ұзамай орындалады. Қырғыздар Кенесарының Басын кесіп, Батыс Сібір генерал-губернаторы Горчаковке әкеледі, одан соң батырдың басы Петербургке жіберіледі. Денесі қырғыз жерінде қалады.

 

Қортынды: Тарих парағын түгендеу ұрпаққа парыз.

         Кенесары көтерілісі жеңіліске үшырады. Алайда  ол қазақ  халқының ұлт-азаттық қозғалысында көрнекті орын алады. Бұл-үш жүз қазақтарын патшалық отарлауға қарсы жұмылдырған, он тоғызыншы ғасырдағы ең ірі көтеріліс болды. Бірақ  Исатай-Махамбет батыста, Жанқожа Сыр бойында жеке дара жүрді. Егер, осылардың бәрі бір мезгілде Кене ханың жасыл туының астынан табылғанда, Қоңырқұлжа Қдайменди, Ахмет Жантөрин, Шынғыс сұлтанда өз бауырлары Кнесарыға қарсы майдан ашпағанда,  тарих дөңгелегі басқаша айналар ма еді, қайтер еді. Әттең!

         Он жыл бойы үзіліссіз Ресей империясымен, опасыз Қоқан хандығымен соғысып өткен, ақ жолға ғұмырын арнаған, ариманы таза «алты алаштың ардағы» еді Ер Кенекем!

         «Тоғыз ұлын бір төбе, Ер Төстігім бір төбе» демекші, басқа хандарымыздан Хан – Кененің орны ерекше еді.Бұл оқиғалардың өрескіл бұрмаланып келгендігі ақиқат.

         Абылайдың кіндігіне өрбіген отыз ұлдың ішінен орыс патшалығына бас имей өткен тек Қасым әулеті ғана. Халқының тәуелсіздігі жолында олардың бәрі жау қолынан қаза тапты. Олар ең бақытты жандар еді,. Аталары Абылайдың өсиетіне адал болып келешек ұрпағының жолында шейіт болды.

«Кім  қаншама шексіз сүйсе Отанын,

Оның тартар азабы да соншама!»-деп М. Шаханов айтпақшы, бүкіл Қасым төре әулеті қалқының азабын арқалап, Отаны үшін опат болды. Сондықтан да  бұл қасиетті, бақытты ақ өлім. Ал Кенесарының атақ-даңқы тірі күндегісінен арта түспесе, әсте кемімейді, Қайта еселеп арта түседі, Тау халықтарының басшысы. Батыры Имам Шәміл орыстарға тізе бүкті, ал Кнесары бабамыз тізе бүккен жоқ, жеңілмеген қалпында кетті. Имам Шәміл көзінің тірісінде де, өлгеннен кейін де елінен зор құрмет көрген қолбасшы. «Жанымды да өзгенің емес. Құдайдың өз қолына тапсырдым» деген   Шәміл Мәдинеде қайтыс болды. Сонда жерленген. Ал, Кенесарының денесі қырғыз жеріндегі Кекілік тауында «он бір жыра» деген жерде, бас сүйегі Ресейде. Кенесары хан мәңгілікке тыныс алған сәттен бастап қазақ елінің шаңырағы құлады, алып империяның отар еліне айналды, теміріне түсті.

«Кімнен таяқ жегендей, біздің қазақ баласы.

Алдырып жүрген дұшпанға ауызының аласы»-деп Кенесары айтқандай, Кенесары  кейін қазақтар шіл боғындай тарады. Сөйтіп орыстың айтқанына көнді, айдағанына жүрді. Кенесары өлгенде Нысанбай жырау:

Кене ханның тұсында,

Қарт бурадай жарадық.

…Кене хан жазым болған соң,

Шілбоғындай тарадық.

Көрінгеннен қорғалап,

Кісі аузына қарадық! – деген екен.

         Ал, қазір заман өзгерді. Кенесарының арманы орындалды. Еліміз жеке мемілекет, іргелі ел болды. Арыстан туған Ханымызды ұрпақ санасында мәңгілікке қалатындай не іс тындырылды? Кенесарының басы Эрмитажда мазақ үшін әлі күнге дейін тұр. Ал денесі қырғыз жерінде.

Қазақта «Сүйегіңді қорлатпа» қасиетті нақыл сөз бар. Осы сөздің астарына терең үңілу керек сияқты.

«Орыс ойына келгенін қылып» кезінде ханымызды мазақ қылғаны баршамызға белгілі. Еңді оған жол беруғе болмайды.

 

Қазіргі таңдағы басты міндет:

 

         Батырдың кеменгер басын алдырып, оның  қырғыз жерінен сүйегін тауып, туған  топыраққа яғни қазақтың бар қаймақтары жатқан (хандары, батырлары,билері, т.б) түркі халықтарының бесігі қасиетті Түркістанға әкеліп жерлеу қолға алынса. Бұл тұрғыдан оң істер істеліп, жалғасын тауып жатқан сияқты.

         Қазақстан Ұлттық Ат спорты Федерациясының президенті Қайрат Сатыпалдыұлы Назарбаев деген азаматымыз осы тұрғыда біршама тірліктер тындыруда. Қазір Кенесарының сүйегін іздейтін экспедиция құрылды. Қазақ бекер айтпаған «Өлі разы болмай, тірі байымайды»-деп. Тарих даңғыл жол емес, құпия, қалтарысы мол бұралаң жол.Қарама-қайшылығы мол қиын заманда атқа қонып, алмағайып уақыттың құрбаны болған Кенесарының мәңгі есте қалдыру үшін не істеу керек?

         Бірінші: Батырға лайықты құрмет көрсетсек, ескерткіш орнатсақ, мұражай ашсақ, әр обылыс орталығында бір көшеге Хан Кене есімін берсек.

         Екінші: Кекілік сеңгірде жатқан Кенесарының сүйегін тауып, Түркістанға жерлесек. Бұл қазір ғана емес болашақ ұрпақ үшн керек. Ол-бүкіл қазақ ұлтының абыройы, мақтанышы, болатыны сөзсіз.  

 

         …Тұранның топырағын құшып жатыр,

         Алаштың хан Кенедей көкжал ері … деп кезіндеМағжан ақын жырлап өткендей. Әлі де талай еңбектер жарық көреді. «Құдайдан басқаға құл болмас үшін»  күрескен кенесары ханымыздың екінші өмірі басталады ал сөз соңында батыр ұрпақтарына келер болсақ, оған қысқаша мынадай мәлімет беруг болады. Қазақтың ханының ұрпақтарына келсек оның баласы Сыздық сұлтан орыстар Орта Азияны жаулап алған кезде Түркістан өлкесінде соларға қарсы соғысқан қазақ жігіттері мен түрікпен шабандоздарын басқарып қайрат көрсеткен қолбасшы, ержүрек адам болған.

         Қазақ халқының өз алдына ел болуы үшін күрескен ең соңғы жауынгер. Ол Орта Азияда патша үкіметіне, хандарға, қытайға қарсы халықтың жауынгерлік күресін бастаған (1860-1877ж.) Сыздық туралы қвзықты әңгімелер, жырлар ел аузында көп тараған. Сыздық 1910 жылы 71 жасында қайтыс болады.

         Кенесарының шөбересі, Мәскеу метрополитенін салудағы еңбегі үшін сонда ескерткіш тақтаға аты жазылып, мәңгілікке қалған аса ірі гидогеолог  ғалым Натай Әзімханұлы Кенесарин  өзбек бауырларға барып, жан сауғалады да туған елді зарға сағынған жүрегі 1973 жылы тоқтап, топырақ сол жақтан бұйырады.

Бұл сабақта толық меңгерту мақсатында оқушыларға жеке тапсырмалар беріледі. Мыс: Рефераттар  дайындау, конспект, хабар, жоспар жасау, таблица, схема сызу, т.б. сонымен қатар логикалық тапсырмалар беру түрліше тәсілдермен жүзеге асырылады. (Картамен жұмыс,схема, т.б.) Кенесары туралы тарихи құжаттар ел аузындағы әңгімелерден үзінділер оқылып, баспасөз материалдары, әдебиеттер пайдаланып, мұғалімнің әсерлі әңгімесі көрнекі құралдармен ұштастырылады. «Фотоальбом» және «Кенеханның ерлік жолы» деген схема карта пайдаланылады. Басты талап сабақтың пәндік және саяси идеялық дәрежесінің жоғары болыуы, танымдық қабілетін танытатын әдіс-тәсілдері үнемі қолдану. Ол ұшін баланың білуге деген құштарлық сезімін ояту,  жаңаны түсіндіру, ескіні үмыттырмау қажет. Тарих қолдану. Тарих пәнінің өз тілімен сөйлеу дағдысын қалыптастыру басты шарт және сабақ оқытудың түрлі әдістері мен тәсілдерін ұтымды ұштастыру керек. Сабақтың білімділігі, тәрбиелілігі, және дамытушылығы мұқият ескеріліп, мыналар назарды ұсталуы керек.     

         Бірінші: Білімділігі.

         Қазақ халқының арыстарының бірі хан Кенесарының орыс отаршылдарына қарсы ұлт азаттық күресінің мәнін ашып батырдың және оның жақын серіктерінің ерлігін көрсетіп орыс отаршыларының, Хиуа, Қоқан бектерінің қатыгездіктерін оқушыларға жеткізу.

         Қазақ батырларының және хан Кененің тапқырлығына, ерліктеріне, әскери шеберліктеріне тоқталып, оқушыларға осындай даңқты хан мен батырларымыздың өмір жолдарымен таныстыру.

         Екінші: Сабақтың  тәрбиелігіне назар аударғанда оларды отан сүйгіштікке, адамгершілікке, бебітшілікке, ұлтжандылққа тәрбиелеуге назар аударған жөн.

         Үшінші: дамытушылығына келер болсақ, оқушылардың алған білімдерін, оның қызыметін дамыту мақсатында өз бетінше жұмыс жасауға (реферат, баяндама, т.б.) дағдыларына дұрыс. Сабақты жоспар бойынша өтуге назар аударған жөн. Оқушының сабаққа белсене қатысуы, жалықпауы, шаршамауы, мұғалім мен оқушының  жақсы қатынас жасауы тағы басқа байланысты бұл оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырып, жақсы көрсеткішке жетуіне негіз қалайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Хан Кене Алматы, «Жалын», 1993ж.

 

  1. Кенесары және Сыздық сұлтандар. Ахмет сұлтан Кенесарылы 1889ж. Қазақ тіліне аударған – Ғалаым Ахмедов. Алматы, «Жалын», 1992ж.

 

  1. «Жұлдыз» Журналы 1991ж №3, 1994ж №10-12.

 

 

  1. Е.Бекмаханов. «Қазақ халқының Кенесары бастаған азаттық қозғалысы» тарихи монаграфия.

 

  1. Ж.Қасымбаев Кенесары хан. Алматы 1993

 

  1. «Қазақ тарихы» журналы 1993ж №1, 1994№5-6, 1995№2. 2000 №1-2.

 

  1. «Жас Алаш» газеті 1999 наурыз 10 «Кенесары-соңғы ханы алаштың».

 

  1. «Қазақ әдебиеті» газеті 5 маусым 1992 «Хан Кененің оң қолы» Е.Мырзахметов. «Наурызбай атты сүр перен» С. Мауленов.

 

  1. «Қазақ әдебиеті» газеті 12 қазан 1990 «Қазақ батырлары» К.Боранбаев.

 

  1. «Жас алаш» газеті 2 қазан 1997 «Алаш деп аттқа қонған Ер Кенекем!» А.Ақылбеков.

 

  1. «Қазақ әдебиеті» газеті 12 мамыр 2000 «Кенесары және қара қозы» Д. Рамазанов.

 

  1. І. Есенберлин. «Көшпенділер» триллогиясы.