Жоспар
- Кепілді қолдану туралы нұсқаулық
- Кепіл туралы келісім-шарт
- Кепілдің несиелік түрлері: 1) тұтыну несиесі
2) ипотекалық несие
3) ломбардтық несие
- Кепілдік саясаты
- Қорытынды
Кепілді қолдану туралы нұсқаулық
- Жалпы ережелер
- Осы Нұсқаулық алдын-ала тергеу және анықтау органдары бұлтартпау-шарасы ретінде пайдаланатын кепілді қолданудың рәсімін нақтылайды.
- Осы Нұсқаулықта қолданылатын негізгі ұғымдар:
Кепіл — күдіктінің, айыпталушының анықтау, тергеу органдарына немесе сотқа олардың шақыруы бойынша келуі жөніндегі міндеттерін орындауын қамтамасыз ету үшін күдіктінің, айыпталушының өзі не басқа жеке немесе заңды тұлға соттың депозитіне, сондай-ақ қылмыстық процесті жүргізуші орган қабылдайтын жылжымайтын мүлік пен басқа да бағалы заттар түрінде салатын ақшадан тұратын бұлтартпау шарасы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 148-бабының 1-бөлігі, 322-бабының 1-бөлігі (бұдан әрі — ҚІЖК)). Бағалы заттар мен жылжымайтын мүлік прокурордың немесе соттың рұқсатымен кепіл ретінде алынуы мүмкін.
Кепіл беруші — күдіктінің, айыпталушының анықтау, тергеу органдарына немесе сотқа олардың шақыруы бойынша келу міндеттерін орындауын қамтамасыз ету үшін күдікті, айыпталушы не басқа да кез келген әрекетке қабілетті жеке немесе заңды тұлға салған кепіл. Бір немесе бірнеше адам кепіл беруші бола алады. Егер заңды тұлғаның бірнеше құрылтайшысы болса, онда әрбір құрылтайшыдан кепіл беру үшін жазбаша түрде келісім алынуы тиіс.
Депозит — келу жөніндегі міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету үшін ақша сомалары түсетін арнайы банктік есеп-шот.
Ақша — сатып алу және сату кезінде құн өлшемі болып табылатын металл және қағаз белгілер.
Құндылықтар — бұл бағалы заттар, құнды қағаздар, автокөлік құралдары мен өзге де мүлік, антиквариат және мәдени және өзге де құндылықтарды білдіретін басқа да заттар.
Бағалы заттарға бағалы металдар мен асыл тастар, сондай-ақ олардан жасалған бұйымдар жатады.
Бағалы металдар — алтын, күміс, платина және кез-келген түрдегі және күйдегі платина тобының металдары.
Асыл тастар — табиғи алмастар, зүбаржаттар, лағылдар, сапфирлер және кез келген түрдегі және жағдайдағы басқа да асыл тастар.
Құнды қағаздарға акциялар, облигациялар және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі мен басқа заңнамалық актілерде белгіленген басқа да құнды қағаздардың түрлері жатады.
Жылжымайтын мүлік (жылжымайтын дүние, жылжымайтын зат) — жер учаскелері, сондай-ақ жермен тығыз байланысты ғимараттар, құрылыстар және өзге де мүлік, яғни көшіргенде оның мақсатына тең емес зиян келтірілмеуі мүмкін емес объектілер.
- Кепілді қолдану
- Бұлтартпау шарасы ретіндегі кепіл тек Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 139-бабында көзделген процессуалдық негіздер болған кезде ғана қолданылады. Бұл ретте мынадай талаптарды сақтау қажет: қылмыстық іс қозғау туралы қаулы, осы бұлтартпау шарасын таңдау туралы тергеушінің, анықтаушының прокурор санкциялаған қаулысы не болмаса соттың шешімі; кепілді және кепіл туралы шарт қабылдау туралы хаттама жасау.
- Кепіл күдіктіні ұстағаннан кейін қамауға алудың, үйде қамап ұстаудың немесе өзге де бұлтартпау шарасының орнына дербес қолданылуы мүмкін. Кепіл аса ауыр қылмыс жасаған айыпталушы адамдарға қатысты қолданылмайды.
- Қылмыстық процесті жүргізуші орган бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулы шығарады.
Қаулыда мыналар көрсетіледі: оның толтырылған жері мен уақыты; қаулы шығарған адамның тегі мен лауазымы; күдікті немесе айыпталушы адамның қылмыс жасау жағдайлары; осы адамның тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы мен туған жері; азаматтығы; күдіктінің, айыпталушының жеке басын куәландыратын құжат; қылмыстық істі қозғау күні мен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы; ұсталған және айып тағылған күн; тағылған айыптың көлемі; кепіл түрінде бұлтартпау шарасын таңдау үшін негіз болатын мән-жайлар; кепіл ретінде салынатын ақшалай сома не болмаса оның құнын және соттың депозитіне ақша салуды растайтын құжатқа сілтеме жасай отырып, мүлік тізбесі; күдіктінің, айыпталушының анықтау, тергеу органдарына немесе сотқа олардың шақыруы бойынша келу жөніндегі міндеттерін, сондай-ақ өзінің болатын жерін өзгерткен жағдайда хабарлау туралы түсіндіру; Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің қаулы шығаруға негіз болған баптары. Қаулыға оны толтырған адам, күдікті, айыпталушы және қатысқан жағдайда — олардың қорғаушысы тегі мен ордер номерін көрсетіп, қол қояды.
Кепіл тек прокурордың санкциясымен немесе соттың шешімі бойынша қолданылады. Қылмыстық қудалау органы шығарған кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулы, қылмыстық іс бойынша өндірістің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыратын прокурор оны санкциялағаннан кейін күшіне енеді. Прокурор ҚІЖК-нің 148-бабының 3-бөлігінде көрсетілген көлемнен төмен болмайтын басқа кепіл мөлшерін тағайындай отырып, тергеуші (анықтаушы) белгілеген кепіл сомасын өзгертуге, сондай-ақ қаулыны санкциялаудан бас тартуға құқылы. Кепілді таңдаған лауазымды адам бас тартқан жағдайда, оны кепіл берушіге қайтару және кепілге алынған мүліктен барлық шектеулерді алу жөнінде шаралар қабылданады.
Кепілді қолдану туралы қаулы қылмыстық істі жүргізіп жатқан органның кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын есепке алу журналына тіркеледі.
- Ақша, бағалы заттар, жылжымалы және жылжымайтын мүлік кепіл заты болып табылады.
Алдын ала тергеу барысында бағалы заттарды немесе жылжымайтын мүлікті кепіл ретінде салу туралы шешім тек прокурордың немесе соттың рұқсатымен қабылдануы мүмкін.
Бағалы заттардың бағалылығы, түпнұсқасы және құны анықталса, бұл туралы кепіл беруші тиісті құжаттар ұсынса, олар кепіл заты болуы мүмкін.
Түріне қарай құнды қағаздарға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген әртүрлі талаптар қойылады. Міндетті деректемелерінің болмауы немесе белгіленген нысанға сәйкес келмеуі құнды қағаздың жарамсыздығына әкеп соғады. Құнды қағаздың құны бұлтартпау шарасын таңдаған кезде айқындалады.
Кепіл ретіндегі мүлік егер осы мүлікпен мәміле жасасуға тыйым салынбаған болса және оны кепіл заты ретінде ұсынған адам осы мүлік оның меншік құқығында екендігін растайтын дәлелдемелерді (құжаттарды) ұсынған жағдайда ғана ресімделеді. Егер мүлік бірлескен меншікте болса, онда кепілді салуға мүліктің ортақ иелерінің жазбаша келісімін алу керек немесе кепіл берушінің пайдасына өз үлесі-нен жазбаша түрде бас тарту керек.
Меншіктің ортақ иесінің кәмелетке толмаған балалары болған жағдайда пәтер немесе үй кепіл ретінде ұсыныла алмайды.
Жылжымайтын мүлікпен айналысу тәртібін реттейтін қолданыстағы заңнамаға қарама-қайшы келмесе, кепіл ретінде өзге жылжымайтын мүлік ұсынылуы мүмкін.
- Егер кепіл ретінде ақша немесе бағалы заттар берілсе, сот депозитіне кепіл салуды куәландыратын түбіршек растау құжаты болып табылады.
- Кепіл мөлшері шағын ауырлықтағы қылмыс жасағандығын айыпталуы кезінде, айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен; орта ауырлықтағы байқаусызда жасалған қылмысқа айыпталуы кезінде — айлық есептік көрсеткіштің үш жүз еселенген мөлшерінен; орташа ауырлықтағы қасақана қылмыс жасағандығына айыпталуы кезінде — айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшерінен; ауыр қылмыс жасағандығына айыпталуы кезінде — айлық есептік көрсеткіштің мың еселенген мөлшерінен кем болмайды.
Кепіл сомасын айыптаудың ауырлығын, күдіктінің, айыпталушының жеке басын, қызметін, тұрақты тұрғылықты жерінің бар-жоғын, кепіл берушінің отбасылық және мүліктік жағдайын, қылмыстық жауапкершілік пен жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды және басқаларды есепке ала отырып, осы бұлтартпау шарасын таңдайтын адам анықтайды.
- Енгізілетін кепілдің бағалылығын дәлелдеу кепіл берушіге жүктеледі. Кепілдік мүліктің құнын айқындайтын құжаттарды қолданыстағы заңнамаға сәйкес бағалау қызметімен айналысуға құқық беретін лицензиясы бар заңды тұлғалар сияқты жеке адамдар да бере алады.
- Қылмыстық процеске қатысушылар бұлтартпау шарасы ретінде кепіл қолдану туралы қолдаухатпен өтініш жасауға құқылы. Қолдаухатта кепілді бұлтартпау шарасы ретінде қолданудың пайдасына дәлелдемелерді көрсетуге болады. Қолдаухаттың мазмұны мен нысаны еркін түрде болады. Егер қолдаухатпен күдікті, айыпталушы өзі өтініш жасамаса, онда оның кепілді таңдауға жазбаша келісімі қажет. Келісім қолдаухатта қол қою түрінде болады не болмаса оның өтініші түрінде көрсетіледі.
- Кепіл берушіге, егер оның өзі сезікті, айыпталушы болмаса, оған қатысты осы бұлтартпау шарасы қолданылатын адамның айыбының мәні түсіндіріледі. Кепіл берушіге күдікті, айыпталушы шақыруы бойынша келуден жалтарған жағдайда кепіл мемлекеттің кірісіне айналатындығы туралы ескертілгендігі атап өтілген хаттама жасалады.
- Бұлтартпау шарасын таңдаған адам кепілді қабылдағаны туралы хаттама (4-қосымша) толтырады, онда хаттаманың толтырылған жері мен күні; хаттаманы толтырған адамның тегі мен лауазымы; күдіктінің немесе айыпталушы адамның жасаған қылмысы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы); осы адамның тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы; ҚІЖК-нің 132-бабындағы тәртіппен ұстаудың күні және уақыты; күдіктінің, айыпталушының анықтау, тергеу органдарына немесе сотқа олардың шақыруы бойынша келу міндеттерін, сондай-ақ өзінің орын ауыстырған жағдайын хабарлау туралы түсіндіру; кепіл берушіге күдікті, айыпталушы шақыру бойынша келуден бас тартқан жағдайда кепіл мемлекет кірісіне айналатындығын ескерту туралы; кепіл берушінің тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы мен жылы; кепіл ретінде берілетін ақшалай сома мөлшері не болмаса оның құны мен соттың депозитіне ақша енгізілгенін растайтын құжаттары бар мүлік тізбесі көрсетіледі. Егер кепіл беруші заңды тұлға болса, хаттамада оның толық деректемелері мен өкілдері көрсетіледі. Хаттаманы кепіл түрінде бұлтартпау шарасын таңдаған лауазымды адам толтырады және осы адам күдікті, айыпталушы, оның қорғаушылары, сондай-ақ кепіл беруші (егер ол басқа адам болса) қол қояды. Кепілді қабылдау туралы хаттама екі данада толтырылады. Бірінші данасы қылмыстық іс материалдарына тігіледі, екінші данасы қолхат арқылы кепіл берушіге беріледі. Егер кепіл беруші бірнеше адам болса, онда лауазымды тұлға растаған хаттаманың көшірмесі олардың әрқайсысына беріледі.
Хаттамадан басқа қылмыстық іске соттың депозитіне кепіл енгізу туралы құжат, кепіл ретінде алынған жылжымайтын мүлікке, автокөлік құралдарына және басқа да мүлікке құқық беретін нотариалды расталған құжаттар, олардың құнын растайтын құжаттар, сондай-ақ кепілді соттың сақтауына өткізуді растайтын құжаттар тігіледі.
Бұлтартпау шарасы ретінде кепілді таңдаған орган кепіл берушінің еңбекке қабілетті екеніне көз жеткізу керек.
- Кепіл аумақтылығы бойынша соттың депозитіне енгізіледі. Кепіл енгізілген кезде сот тиісті құжат (кассалық кіріс ордері, төлем тапсырмасы) береді. Егер кепіл ретінде бағалы заттар енгізілсе, онда оларды сақтау нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 658 болып тіркелген, «Соттардың, прокуратура, алдын ала тергеу, анықтау, сот сараптамасы органдарының қылмыстық, азаматтық істер жөніндегі және әкімшілік құқық бұзушылық істері туралы құжаттарды, заттай дәлелдемелерді алу, есепке алу, сақтау, беру және жою тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 12 қарашадағы № 121, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 1998 жыл-ғы 1 желтоқсандағы № 1043, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 1998 жылғы 8 желтоқсандағы № 73, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 598, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылғы 2 желтоқсандағы № 429, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 1998 жылғы 28 желтоқсандағы № 111 бірлескен бұйрығымен бекітілген нұсқаулыққа сәйкес заттай дәлелдемелерді сақтау сияқты жүзеге асырылады.
Аталған бұлтартпау шарасын таңдаған лауазымды адам кепіл ретінде жылжымайтын мүлікті немесе автокөлік құралын қабылдаған жағдайда, олармен жасалған мәмілелер жасауды болдырмау мақсатында бұл туралы жоғарыда атал-ған кепіл заттары тіркелген органдарға дереу хабарлайды.
- Алдын ала тергеу жүргізу міндетті болып табылатын қылмыстық істі қозғаған анықтау органы қандай да бір бұлтартпау шарасын таңдауға құқығы жоқ (ҚІЖК-нің 200-бабы).
- Алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтау кезінде анықтау органының бастығы бұлтартпау шарасы ретінде кепілді таңдау немесе басқаға өзгерту туралы анықтаушы шығарған қаулыны бекітеді. Анықтау жүргізудің мерзімін 10 тәуліктен астам мерзімге ұзарту кезінде күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қылмыстық іс қозғаумен бір мезгілде таңдалса, оның күші жойылуы не болмаса Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 288-бабының 2-бөлігінде белгіленген тәртіппен алдын ала тергеу өндірісі тағайындалуы тиіс.
- Егер адам қылмыс жасағаны үшін күдікті ретінде ұсталса, онда бұлтартпау шарасы ретінде кепілді таңдау туралы қаулы қылмыстық істің материалдарын және кепілді енгізу мүмкіндігін растайтын құжаттарды қоса отырып (кепіл берушіде кепіл заттардың барлығын растайтын құжаттар), ұстау мерзімі аяқталғанға дейін 6 сағаттан кешіктірмей кепілді таңдау туралы қаулыны санкциялау туралы мәселені қарайтын прокурорға берілуі тиіс.
- Кепіл қамауға алудың немесе үйде қамап ұстаудың орнына прокурордың немесе соттың (ҚІЖК-нің 150-бабының 9-бөлігі), сондай-ақ прокурор санкциялаған қаулы бойынша тергеуші мен анықтау органының шешімімен қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда күдікті, айыпталушы келісілген сома іс жүзінде соттың депозиттік шотына енгізілгенге дейін қамауда немесе үйде қамау-да ұстауда қалады. Осыдан кейін прокурордың, соттың қаулысы атқарылуға беріледі.
- Ұсталған адамға (қамаудағы адамға) шоттан ақша қаражатын алу қажет болған жағдайда сенімхат ресімделеді.
- Қылмыстық қудалау органы қамауға алу немесе үйде қамап ұстау бұлтарт-пау шараларын кепілге ауыстырудан бас тартқан жағдайда күдікті, айыпталушы, олардың қорғаушысы немесе заңды өкілдері, сондай-ақ кепіл беруші ретінде іске қатысуға рұқсат берілмеген адам ҚІЖК-нің 110-бабында белгіленген тәртіппен шағымдана алады.
- Енгізілген кепіл бойынша міндеттемелер мерзімі кепіл түрінде бұлтартпау шарасы таңдалған сәттен бастап ол жойылғанша немесе өзгергенге дейін, істі алдын ала тергеудің және сотта қараудың барлық уақытына созылады.
Егер күдікті, айыпталушы немесе айыпталушы болып табылмайтын кепіл беруші салынған ақшаны, мүлікті немесе бағалы заттарды қайтаруды талап етсе, қылмыстық процесті жүргізуші орган бұдан бас тартуға құқығы жоқ. Мұндай жағдайда кепіл — бұлтартпау шарасы неғұрлым қатаңырақ түрге өзгертілуі немесе басқа кепіл берушіге ресімделуі тиіс, бұл туралы күдіктіге, айыпталушыға түсіндіріледі.
- Егер кепіл беруші бірнеше адам болса және олардың біреуі қабылданған міндеттемеден бас тартса, онда бұлтартпау шарасын таңдау кезінде белгіленген сома міндеттемелерді орындауды қамтамасыз еткен жағдайда ғана азайтылуы мүмкін. Кепіл мөлшері жеткіліксіз болған жағдайда, жетпеген соманы басқа кепіл берушілер толықтыра алады не болмаса бұлтартпау шарасы неғұрлым қатаң түрге өзгертіледі. Бұл шешімдердің барлығы сотқа дейінгі өндірісте ҚІЖК-нің 154-бабына сәйкес қылмыстық процесті жүргізуші органның дәлелді қаулысы түрінде ресімделеді.
- Күдікті, айыпталушы қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша келуден жалтарған жағдайда, бұлтартпау шарасы неғұрлым қатаң түрге өзгертіледі. Күдікті, айыпталушы шақыру бойынша келмеген әрбір жағдайда қылмыстық процесті жүргізуші орган мұның себептерін анықтауға және күдіктіні, айыпталушыны шақыру туралы тиісті хабарламаны растайтын құжаттарды (шақыру қағазын алғаны туралы қолхаттар, баянаттар және тағы басқалар) істің материалдарына қосуы керек.
Кепілді неғұрлым қатаң бұлтартпау шарасына өзгерту үшін шақыру бойынша келмеу жүйелі, яғни екі және одан да көп болуы тиіс. Әрбір келмеген жағдай туралы қылмыстық процесті жүргізуші орган бір тәулік мерзім ішінде кепіл берушіге хабарлауы және оған кепілдің мемлекет кірісіне берілу мүмкіндігі туралы түсіндіруі тиіс.
Дәлелді себептер болған жағдайда (келу мүмкіндігінен айыратын ауруы, жақын туыстарының қайтыс болуы, дүлей зілзала, жаппай тәртіпсіздіктер, шақыру қағазын алмауы, белгіленген мерзімде келу мүмкіндігінен объективті түрде айыратын өзге де жағдайлар) күдіктінің, айыпталушының келмеуі бұлтартпау шарасын өзгерту үшін негіз ретінде қабылдануы мүмкін емес.
Егер күдікті, айыпталушы өзінің тұрғылықты жерін хабарламай жасырынған және ол осындай себептермен келуден жалтарғаны туралы жеткілікті негіздер болған жағдайда, бұлтартпау шарасын неғұрлым қатаң түрге өзгерту және оған іздестіру жариялау туралы мәселе қаралуы тиіс.
Кепілді неғұрлым қатаң бұлтартпау шарасына өзгерту туралы (үйде қамап ұстау, қамауға алу) қылмыстық процесті жүргізуші орган дәлелді қаулы шығарады, оны қылмыстық істің материалдарымен және күдіктінің, айыпталушының шақыру бойынша келуден жалтарғанын растайтын құжаттармен бірге осы бұлтартпау шарасын санкциялаған прокурорға дереу жібереді, ал сотталушыға қатысты шешімді сот қабылдайды.
Прокурор осы шешімнің заңдылығы мен негізділігін тексере отырып, сотқа кепілді мемлекет кірісіне жіберу туралы ұсыныс жасайды, бұл туралы кепіл берушіге хабарлайды. Егер бұлтарпау шарасын өзгерту туралы қабылданған шешім негізсіз және заңды бұза отырып қабылданса, прокурор өзінің қаулысымен оның күшін жояды. Мұндай жағдайларда кепіл өзгеріссіз қалады.
Егер кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын өзгерту туралы шешімді сот өзінің өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша қабылдаса, онда кепілді мемлекет кірісіне беру туралы мәселені олар дербес қарайды, бұл туралы қаулы шығарады.
- Міндеттемелерді орындау кезінде кепіл ретінде енгізілген сома есебінен азаматтық талапты өтеу айыпталушының өзі кепіл беруші болып табылса ғана мүмкін болады.
- Күдікті, айыпталушы өзінің міндеттерін сақтаған жағдайда, сот істі тоқтату туралы үкім немесе қаулы шығарған кезде кепілді кепіл берушіге қайтару туралы мәселені шешеді (ҚІЖК-нің 148-бабының 7-бөлігі).
- Алдын ала тергеу сатысында қылмыстық іс тоқтатылған жағдайда, кепіл ретіндегі бұлтартпау шарасының күші прокурор санкциялаған тиісті қаулымен жойылады. Бұл ретте осы шешімді қабылдаған лауазымды адам прокурор санкциялаған қаулыны қоса отырып, кепілді қайтару туралы сотқа жазбаша түрде хабарлама жібереді. Егер салынған мүлікке шектеулер болса, қылмыстық істі тоқтатқан орган оларды алу жөнінде қажетті шаралар қабылдайды.
Сот осы қаулыға сәйкес салынған мүлікті, сақтауға тапсырылған бағалы заттарды немесе депозитке салынған ақшаны береді. Кепілді кепіл берушіге қайтару туралы құжатты сот істің материалдарына тігу үшін анықтау немесе алдын алу тергеу органына жібереді.
Кепіл туралы келісім-шарт жасасу. Қазіргі несиелеудің басты ерекшелігі бойынша банк қарыз алушының несиелік қабілетін тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасасу үшін несиелеу субъектісімен қатынасқа түседі. Несиелеуге байланысты барлық сұрақтарда банк пен қарыз алушы келісім-шарт негізінде шешеді.
Несиелік келісім-шарт екі жақтың өзара міндеттемелерін және жауапкершіліктерін анықтайды. Онда мыналар көрсетіледі:
- несиелеу мақсаты және объектісі;
- несиенің мөлшері;
- ссуданы беру мерзімі және қайтару шарттары;
- несиені қамтамасыз ету формасы;
- несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі;
- несиенің қозғалысын және клиенттің қаржылық жағдайын бақылау үшін қарыз алушының беретін құжаттарының тізімі;
- несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі;
Несиелік клісім-шарттың мазмұнын келісуші жақтардың өздері
анықтайды.
Несиелік қатынастарды ұйымдастыру тәжірибесінде кепіл туралы келісім-шарттың орыны ерекше. Кепіл туралы кепіл затына байланысты ажыратылады.
Кепіл затына: заттар, бағалы қағаздар, басқа да мүліктер және мүліктік құқықтар жатады.
Материалдық-заттық мазмұнына қарай кепіл заттары мынадай топтарға бөлінеді:
- Клиент мүліктерінің кепілі:
- Тауарлы – материалдық құндылықтар кепілі:
а) шикізаттар, материалдар, жартылай өнімдер кепілі;
ә) тауарлар және дайын өнімдер кепілі;
б) валюталық бағалылар (нақты валюталар), алтыннан жасалған бұйымдар кепілі;
в) басқа да тауарлы-материалдық құндылықтар кепілі;
- Бағалы да тауарлы-материалдық құндылықтар кепілі;
- Сол банктегі депозиттер кепілі;
- Жылжымайтын мүлік кепілі (ипотека)
- Мүліктік құқықтар кепілі.
- Жалгерлік құқық кепілі;
- Авторлық құқық кепілі;
- Жерге құқық кепілі.
Кепіл туралы келісім-шартта мынадай мәселелер қарастырылады:
- Келісім-шарт жасасушы тараптар туралы мәліметтер;
- Келісім-шарт заты;
- Кепіл берушінің құқықтары мен міндеттері;
- Кепіл ұстаушының құқықтары мен міндеттері;
- Талап ету құқықтары;
- Кепілге қойған мүлікті қайта рәсімдеу, басқа мүлік есебінен;
- Кепілге қойған мүліктің бұзылуына байланысты тәуекел жағдайлары мен кепіл затын ауыстыру;
- Тараптардың жауапкершіліктері;
- Ерекше шарттар;
- Дауларды шешу;
- Басқа шарттар;
- Кепіл туралы келісім-шарт жасасушылардың заңды мекен-жайы мен өзге де мәліметтері.
Кредиторлардың талабын қанағаттандыру үшін кепілдік келісім-шарттың рәсімделуін реттеуші ретінде Қазақстан Республикасының №254-1 30 маусым 1998 жылы шыққан «Кепілдік мүліктің қозғалысын тіркеу туралы» заңы негізгі құжат болып табылады.
Осы заңға сәйкес кредитор (кепілдік ұстаушы), егер де қарызданушы өз міндеттемесін орындай алмаса, кепілдікке қойылған мүліктен берілген несиенің құнын ұстап қалуға құқылы.
Кепілдікке қойылған мүлікке деген талап білдірушілердің талабын қанағаттандыру үшін олардың кезектілігін белгілеп, кепілдіктегі мүлік қозғалысын тіркейді. Кепілдік заңы бойынша кез келген міндеттемені орындаудың мүмкіндігін қамтамасыз етеді (банкі несиені бергенде, құрал-жабдықты, қаражатты уақытша пайдалануға алғанда, салып-сатуда, жалғада, жүкті тасымалдағанда т.б.). Кепілдік бұйымы (нәрсесі) кәсіпорынның мүліктік айналысынан алынбауы мүмкін «ғимарат, қондырғы, өндіріс құралдары, бағалы қағаздар, ақша қаражаттары, мүліктік құқықтары т.б.), бірақ оларды Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес өндіріп алуға (төлетуге) болады.
Кепілдік міндеттеменің қамтамасыз етілуі тоқтатылса, кепілдік тоқтатылады: кепілге салынған мүлік жойылған жағдайда, кепілге салынған мүлікке меншік иесі ретінде иеленген жағдайда, кепілге салынған мүлік мәжбүрлік жолмен сатылғанжағдайда және т.б. Кепілдіктің түрлері болып мүлікті салу және ипотека саналады.
Кепілге салу кезінде кепілдікке (закладкаға) салынған мүлік кепілге берушіден кепілге ұстаушының иелігіне өтеді. Кепілге ұстаушының келісімімен кепілге салынған зат кепілге берушіде айрықша сақталынып, мөр қойылып, сол жерде қалдырылуы мүмкін.
Ипотека жағдайында кепілге салынған мүліктер кепілге берушінің немесе үшінші тұлғаның иелігі мен пайдалануында болуы мүмкін.
Ипотекалық несиелік келісім-шарт бойынша негізгі қарыздың сомасын кепілдік ұстаушыға төлеуді немесе ипотекалық келісім-шарт бойынша қарастырылған басқа міндеттемелерді толық не ішінара бөлігін орындауды қамтамасыз етеді.
Егер де келісім – шартта басқаша шаралар қаралмаса, онда ипотека тек сол кезеңдегі талапты толық көлемде қанағаттандырады, демек, зиянды қалпына келтіруін; негізгі міндеттемесін бұлжытпай орындауын және басқа да заң актілерімен немесе негізгі міндеттемелерімен қарастырылған жағдайларын. Кепілдікке заттық нысандарға ие объектілерінен басқа да құқықтарды (кен орындарын пайдалану және кен шығару, кәсіпорынға, құрылысқа, ғимаратқа, қондырғыларға және т.б. жалгерлік құқық) және бағалы қағаздарды (акциялар, облигациялар, вексельдер және т.б.) қабылдауы мүмкін. Ипотекалық келісім-шарт тараптардың негізгі ниеттерін қуаттайтын құжат болып табылады және ол қағаз нысанында жазылып, оған кепілдік беруші де, кепілдікті алушы да, сондай-ақ қарызданушы да қол қояды, егер де ол кепілдік беруші қарызданушы болмаса (яғни, тұрақты тапсырма ретінде болуы мүмкін). Ипотекалық келісім шарт мемлекеттік тіркеуден өтеді, сол тіркеуден өткен кезден бастап оның ипотекалық құқығы пайда болады. Ипотекалық келісім-шартта кепілдік берушінің де, кепілдік алушының да мекен-жайы, негізгі міндеттемесінің мәні, олардың деңгейі және орындау мерзімі т.б. мәліметтері көрсетіледі. Кепілдік ұстаушының құқығы ипотекалық куәлік берілумен қуатталады, ал ол негізгі міндеттеменің орындалуын талап етуге, кепілдікке қойған мүлікті алуына құқысының бар екендігін көрсетеді. Ипотекалық куәлік бір ғана данада жасалады, ал ол тек кепілдік ұстаушының қолында болады.
Ипотекалық куәлік басқа бір тұлғаның пайдасына жазылып берілуі мүмкін. Жазып беру бұл ипотекалық құқықтың басқа тұлғаға берілгендігін көрсетеді. Бұндай жазып беру операциясын банктер жасамайды. Жазып берілген құқықта берілгентұлғаның толық аты-жөні болуы тиіс, ал егер де ол бланкалық тұрғыда (толтырылмаған, қол қойылмаған нысанда) болса, онда ол ипотекалық куәліктің беру жазбасы болып саналмайды. Егер беру жазбасы бірінші беріліп отырса, онда ипотекалық куәлігінде көрсетілген кепілдік ұстаушысы қол қояды, ал егер де ол бірінші болмаса, онда осының алдындағы жазып берген тұлға қол қояды. Егер де беру жазбасы арқылы құқығын жүзеге асыратын болса, онда онымен бірге, сол берілген тұлғаға негізгі міндеттемесі де, ипотекалық куәлігі бойынша құқығы да өтеді.
- Тұтыну несиесі – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
- Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несие.
- Ломбардтық несие – тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепілге алып, берілетін несие.
Банктен тұтыну несиесін алуға қажетті құжаттар тізімі мынадай:
- Қарыз алушының анкетасы.
- Жеке куәлігі (көшірмесі).
- СТТН (көшірмесі).
- Соңғы 12 айға бөлініп көрсетілген жалақы және басқа табыстары туралы жұмыстан берілетін анықтама.
- Жұмыс стажы туралы жұмыс орнынан анықтама.
- Отбасы құрамы туралы анықтама (№3 форма)
- Некеге тұрғандығын растайтын құжаттар (неке туралы куәлік, жұбайыңыздың жеке куәлігі).
- Кепілге қоятын мүліктің құжаттары.
Келесі бір дамып отырған несиеге ипотекалық несиені жатқызуға болады. Казкоммерцбанкте ипотекалық несие беру шарттары мынадай:
Несие мөлшері: жылжымайтын мүліктің бағалау құнының 85℅-на
дейін.
Бастапқы жарна: жылжымайтын мүліктің бағалау құнынан 15℅-ға
дейін.
Несие үшін төлемі: айына: 1,3℅ (АҚШ долл.), 1,7℅ (теңгемен).
Несие валютасы: АҚШ долл. Немесе теңгемен (егер 1 жылдан аспаса).
Несие мерзімі: 10 жылға дейін.
Қамтамасыз ету түрі: пайдаланатын немесе сатып алатын тұрғын үй.
Қазақстанда ипотеклық несиенің дамуын қолдау мақсатында соңғы жылдары «Қазақстан Ипотекалық компаниясы» ЖАҚ бірқатар жұмыстар жасап жатыр.
Дисконттық (есептік және кепілдік) саясаты. Бұл несиені реттеудің тарихи ескі әдісі. Коммерциялық банктер өзінің вексельдерін орталық банкіде қайта есепке алғызады, немесе олардан өздерінің қарыздық міндеттемесін беріп, құнды қағаздарын кепілдікке қойып, несие алады.
Бұл саясаттың негізгі мағынасы, қайта қаржыландырудың мөлшерлемесін не жоғарлатып, не төмендетіп ақша нарқындағы, капитал нарқындағы ахуалға әсер ету. Іс жүзінде бұл саясат былай іске асырылады:
- егер Ұлттық банк, екінші дәрежелі банктердің несиелік әлеуетін төмендеткісі келсе, ол есеп мөлшерлемесін жоғарлатады. Сонда, басқа жағдайлары бірдей болғанда, қайта қаржыландыру қымбаттайды. Бірақ, мұндай жағдайда,екінші дәрежелі банктер, біріне бірі банкаралық несие беріп, Ұлттық банктің мақсатын іске асырмай тастаулары мүмкін. Сондықтан қайта қаржыландырудың мөлшерлемесін ақша нарқындағы жағдаятты ескеріп жоғарлату керек. Екінші жағынан Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін жоғарлатқаны, екінші дәрежелі банктердің бәрін бірдей елеңдетпейді. Орталықталған несие қарызы жоқ банктер клиентін жоғалтпас үшін және жаңадан клиенттер тарту үшін, өзінің несие ресурстарына мөлшерлемені жоғалатпауы мүмкін. Осындай саясатты қаржы жағынан тұрақты, ірі банктер де қолдана алады.
- Егер, Ұлттық банк екінші дәрежелі банктердің қайта қаржыландыру ресурстарына шығуын оңайлатқысы келсе, ол вексельдерін қайта есептеп, есеп мөлшерлемесін төмендету керек. Сонда, екінші дәрежелі банктердің несие әлуеті жоғарылайды, олар өзінің несие ресурстарына, депозиттарына проценттік мөлшерлемені төмендетуге мүмкіншілік алады. Ұлттық банктің есеп мөлшерлемесін өзгерткені, құнды қағаздардың нарқына жанама әсерін тигізеді. Қайта қаржыландырудың мөлшерлемесін жоғарлауымен байланысты несие мен депозиттерге проценттік мөлшерлеме жоғарыласа, құнды қағаздарға сұраным азаяды, ұсыным көбейеді. Сөйтіп, олардың нарықтық бағасының төмендеуіне апарып соғады.
Қарыз беруші банк қарыз алушыдан негізгі қарыздан да, оған төленетін пайызын да өндіріп алуға және олардан кепілдік мүліктерін талап етуге құқығы бар. Тауарлы-материалдық құндылықтарды, өнімдерді және басқа да кепілдік салуға болатын мүліктерін ұсынған жағдайда банк несие береді.
Қарыз алушының мүлкіне банк олардың арасында жасалған келісі-шарт бұзылған жағдайда ғана иелік ете алады. Сондай-ақ, кепілге алу міндеттемесі қарыз алушы төлеуге қабілетсіз және банкротқа ұшыраған кезде, кепілге салынған мүлікті өткізуден түскен түсімді несиені өтеуге жатқызылады. Кепілге салу жөніндегі келісім тұрғын үйді кепілге салуды қоспағанда, нотариалдық куәліксіз жазбаша түрде жасалады. Қарыз алушыға тиеселі тауарлы-материалдық құндылықтарды немесе шығарылуына қарай дайын өнімді кепілге салу кепілге салудың бір түрі болып табылады. Кепілге салуға ақшалай бағаланатын мүліктер, соның ішінде бағалы қағаздар да ұсынылуы мүмкін. Кепілге салынған құндылықтар әдетте қарыз алушының иелігінде қалады, қарыз алушы кепілге салынған тауарлы-материалдық құндылықтарды басқа құндылықтарға ауыстырған жағдайда сатуға немесе өз өндірісінде қайта өңдеуге құқылы. Кепілге салынған бағалы қағаздар несие келісіміне қол қойылғаннан кейін, банкке сақталуға беріледі және несие толық өтеліп, ол бойынша пайыз төленгеннен кейін қарыз алушыға қайтарылады. Борышкер кепілге салумен қамтамасыз етілген міндеттемесін орындамаған жағдайда «кепілге салынған» мүліктің құнынан банктің талабын қанағаттандыру соттың шешімі бойынша жүзеге асырылады. Банк мүлікті кепілге салуға қабылдаған кезде, әсіресе, кепілге салынған мүлікті сақтау кезінле оның толық сақталуын талап етуге құқылы. Кепілге салынған мүлік жойылған (опат болған( жағдайда, егер ол сақтандырылған болса, банк талабын сақтандыру өтемінен қанағаттандырудың айрықша құқығын пайдалана алады. Банк шартта белгіленген тәртіпке сай, қарыз алушының кепілге салған мүлігінің құнынан несиенің сомасын өндіріп алуға құқылы.
Кепілшінің шотынан даусыз түрде қаржыны есептен шығару төлем-талап тапсырмасы ұсынылған кезден бастап жүзеге асырылады. Қарыз алушының өтелмеген несиесі үшін жауапкершілігін сақтандыру «Сақтандыру жөніндегі» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Бірақ қарыз алушыға берілген несиені сақтандыру компаниясымен несиелік тәуекелділігімен өз еркімен сақтандыру жөніндегі шарт жасасу жоымен, өз бетінше сақтандыра алады. Бұл жағдайда банк несиелік шартта қарыз алушының несиені өтемегені үшін жауапкершілігін өз еркімен сақтандыру шарты бойынша банк төлеген сақтандыру төлемінің сомасын банкке қарыз алушының қайтаруын қарастыруы мүмкін.
Қарыз алушыға несие жасалынған шартына сай беріледі. Бұл келісімде несиенің мақсаты, мөлшері және мерзімі, құжаттар тізімі және олардың банкке ұсынылу мерзімділігі, несиенің мақсатты пайдалануын және қамсыздандырылуын тексеру нысандары, несие бойынша қарыздарды өтеудің барысында кепілге салынған мүліктерді өткізудің рәсімдеу тәртібі, қамсыздандыруды тексеру үшін банкке ұсынылатын ақпараттардың мазмұны ашылады.
Банк қарыз алушыға несиелік қызмет көрсету үшін онымен бір жылға немесе одан ұзақ мерзімге шарт жасайды және әрбір несие берудің жағдайын әрбір клиент бойынша жеке дара анықтайды.
Қысқа мерзімді несие, әдетте, 12 айдан аспайтын мерзімге несиеленетін материалдық құндылықтардың айналымдылығына және шыққан шығынның өзін-өзі ақтауына негізделіп беріледі. Жеклеген жағдайларда өндіріс циклының ерекшелігіне байланысты несиелер неғұрлым ұзағырақ мерзімге де, бірақ екі жылдан аспайтын мерзімге де берілуі мүмкін.
Несие, әдетте, қарыз алушының есеп айырысу шотында қаражаттың бар болуына қарамастан, қолма-қолсыз тәртіпте беріледі немесе оның есеп айырысу шотына аударылады.
Банк несиелік келісім шартты жасамастан бұрын, қарыз алушының (немесе қарызданушының) несиені өтеу қабілеттілігін, қарызданушының репутацциясын, қаржылық және экономикалық жағдайын, баланс өтімділігін, айналым қарадатының пайдалану тиімділігін басқа да жағдайларын жан-жақты талдап зерттейді.
Тұрақты түрде несиеленетін қарызданушылардың банкке қойған кепіліне бухгалтерлік баланстың мәліметтері бойынша бақылау жасалынады. Олардың әрбір тоқсан сайын запсатары мен шығындарының өзгерісі, дебиторлық және кредиторлық қарызы талданады, ал керек болған жағдайда, қойма мәліметтері және бухгалтерлік есептегі натуралдық көрінісі зерттеледі.
Қарыз алушылар негізгі несиеден басқа несиені пайдаланғаны үшін пайыздар, айыппұлдар төлеуге міндетті.
Қорытынды
Қазіргі таңда ірі банктер кірістілігі және сенімділігі мен айтарлықтай жоғарғы рейтингті иеленген. Бұл банктер қатарынада «Тұран Әлем» банкі, «казкоммерцбанкі» , «Халық банкі» жатады. Болашақта Казкоммерцбанк Т23,8 млрд көтеруге, Халық банкі стратегиялық инвесторларды іздестіруде, ал Альянс банкі 2007 жылға дейін 100 млн доллар көтеруге ұмтылған т.б. банктер өзінің капиталын көбейтуге ұмтылады.
Бәсекелес орта банк қызметінің талдамалық ортасы болып табылады. банк осы бәсекелестік ортада жеңіп шығып, капиталын көтеру үшін және өз қаржылық нәтижесін ұлғайту үшін әртүрлі әдістер іздестіруде. Кейбір жағдайда көптеген банктер акциялық жағдайларға байланысты, инвестрларға тартымсыз бағалы қағаз. Бұндай жағдайда банктің проблемалық жағдайларын құрылтайшылық қаржылар және стратегиялық инвестицияның қаржылары арқылы көбейтеміз және де банкте өз жағдайын қалыптастыру үшін менеджерлік басқару және аналитикалық бөлімде өте жүйелі қызмет құралуы. Әрбір банкте кірісті көбейту және шығынды азайту мәселесі басты поблемасы.
Қорыта келгенде қазіргі таңда Қазақстан банктерінің қызметі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері бойынша алдыңғы қатарда. Бұл бір жағынан банктердің қызметінің жақсы жүріп жатқанын және де кірістілігінің жоғарғы көлемде екенін көрсетеді.
Бұған себеп Қазақстан банктері жылдан жылға дамып өз қызметін кеңейтіп жатыр. Бұл меліметтерді статистикалық көрсеткіштерде байқадыңыздар.
Қазіргі банктер сенімділігі жоғары және тұрақтылығы мен кірістілігі де айтарлықтай дәрежеде.
Болашақта Қазақстан банктері өз қызметін кеңейтіп елдің сенімділігін арттырып және жоғарғы көлемдік кірістілігіне ие болатынына сенеміз.
Қолданылған әдебиеттер:
- Ақша, несие, банктер. М.С. Саниев А. 2001
- Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп
В.К Радостовец
Т.Ғ Ғабдуллин
В.В Радостовец
О.И Шмидт А. 2002
- Ақша айналысы және несие А. 2004
Мақыш Серік Биханұлы
4.Ақша, несие, банктер. Валюта қатынастары
Баян Кошенова А. 2000
- Интернет