Жоспар:
- Кіріспе.
- Негізгі бөлім.
а)Қиял турлы жалпы түсінік.
б)Қиялдың физиологиялық негіздері.
- Қорытынды.
Кіріспе.
Адам санасындағы бейнелер бұрын қабылданған заттар мен құбылыстарды ғана қамтып қоймайды. Бейнелер мазмұныны ешқашан тікелей қабылдабнбаған, мысалы, тарих тұңғиығындағы немесе ұзақ болашақтағы суреттемелер; көріп, білмеген, тіпті болуы мүмкін емес оқиғалар, көрмеген мақұлықтр – енуі мүмкін. Күнделікті өмірдегі қиял не фантазия мәні ғылымдағы осы сөздермен берілетін ұғымдардан басқашалау. Тұрмыста біз шындыққа сай келмейтін, практикалық маңыз- мағынаға ие болмағанның бәрін қиял не фантазия деп атай саламыз. Ал, шынында, қиял әрқандай шығармашылық іс-әрекеттің негізі ретінде көркем-өнер, ғылыми және техникалық ой туындыларына арқау болумен мәдени өмірдің барша салаларында көрінеді. Қиял қандай түрде көрініс бермесін, (жеке адам қиялы, не ұжымдық қиял) өздік ерекшелігін жоймайды әрі тек әзіне тән ерекше мазмұнға ие. Қиял бейнелерінің естегі суреттемелерден негізгі айырмашылығы – олардың нақты болмысқа байланысты қатынасынан туындайды. Ес бейнелері-өткен тәжірибиенің қайта жаңғыруы, сондықтанда да естің негізгі қызметі өткен тәжірибие нәтижелерін мүмкіндігінше өзгермеген формада сақтау, ал қиял процесінде қай бейне болмасын, өзгеріске түседі, осынысымен де қиял әрқандай шығармашылық ұмтылыстың міндетті шартын құрайды.
Қиялдың алдағы іс-әрекет өнімін болжстыруға мүмкіндік ашуы адамның еңбекке деген құлшынысына, мақсатқа жетудегіынта-жігеріне қосымш қуат қосады.
Кейде фантазия кері ықпал да жасауы мүмкін. Алдағы кккккүтілген жағымсыз жағдайлар немесе қауіп-қатер мен бақытсыздықтар адамды күшті күйзеліске тап қылып, оны нақты оқиғаға сай келмейтін, шектен тыс, орынсыз қимыл — әрекетке келтіреді. Мұның дәлелі – кенеттен болған өрт кезінде кей адамдар көрініп тұрған комекті шыдммен күтудің орнына көп қабат үйлердің жоғарғы қабаттарынан өзін тастап, мерт болғаны.
Қиял дүниені жалпылай және жанама танытатын, ұғымдық мазмұнды негіз еткен ойлаудан ерекшеленеді, себебі ол жарқын елестер түрінде көрініп, нақты бейнелі формада жасалады. Қиялда түзілетін нақты, дәл бейнелерде көбіне заттық болмыстан алшақ теориялық ойлар ашылып отырады. әрбір қаламгер, суреткер шығармашылық еңбегінде өз ойын басқаларға дерексізденген ұғымдармен емес, нақ бейнелермен түсіндіруге тырысады. Мұның дәлелі тымсал, ертегі мақал-мәтелдер, әрқандай көркем өнер туындысында біз көрнекі бейнемен ашылатын негізгі ой, идеяны іздестіретініміз табиғи нәрсе.
Қиялға тән және бір ерекше белгі – оның бастау деректері толық әрі дәл талдауға келмейтін, мазмұны өте күмілжі жағдайларды болжастыруда қолданылуы.
Қиял туралы жалпы түсінік.
Қиял деп бұрынғы қабылдаған елес бейнелерін өзгертіп бір-біріне қосып, өңдеп, қайтадан бейнелеуді айтады. Қиял обьективті дүниені жүйкеде сәулелендірудің айрықша бір түрі. Дүниедегі заттар мен құбылыстардың, сезімдерге келтіретін тікелей әсері арқылы пайда болатын қабылдаулар, олардан пайда болатын елестеулер бір қалыпта тұрмайды, ақыл-ой елегінен өтіп, өзгеріп, бір-біріне қосылудың нәтижесінде бейнелеудің тағы бірі – қиял пайда болып отырады. Қабылдау арқылы пайда болған елестеулер, кейін ақыл-ойдың таразынан өтеді. Адам ол елестеулерді өзгертеді, бірімен-біріне қосады, ақыл осының нәтижесінен жаңа елестеулер пайда болдырады.
Өткен тәжірибедегі кейбір оқиғаларды, құбылыстарды еске түсірер кезде олардың кейбір жақтарын, сипаттарын адам ұмытып қалуы да мүмкін. Сондықтан кейін еске түсіргенде ол құбылыстарды, уақиғаларды толықтырып, көрнекті етіп, ұмытып қалған жерлерін адам жаңалап, өзгертіп отырады. Ьысалы, біз еш уақытта Мұзды Мұхитты көргеніміз жоқ, бірақ оқыған кітаптардан, не біреуден естігеніміз, суреттерін көргеніміз арқылы оның қандай болатынын елестетіп отырамыз.
Адам әрекетінің қай түрі болмасын оған ойлаумен қатар қиял керек. Кісі әрекетке кіріспестен бұрын өз еңбегінің нәтижесінің қандай болатындығын көз алдына елестетіп отырады. Бұл жөнінде К. Маркс: «Нашар сәулетщіні еңбекқор арамен салыстыра келіп, сәулетші нашар болса да, оның арадан ілгері тұратындығын, егер ара омарта салғанда оның қандай болатынын ерте бастан «көз алдына», елестете алмай, тек соқыр сезімдері арқылы әрекет етсе, қандай нашар сәулетші болғанымен ерте бастан салатын үйі мен сарайларының қандай балатынын көз алдына елестете алады», — дейді. К. Маркс бұл жерде қиялдың адам өміріндегі маңызы туралы айтып отыр.
Қиял айналасындағы тіршіліктің әсер етуінен, оны өзгертудің жаңалаудың керектігінен пайда болады. Сондықтан да әр кез сол адамның өмір сүретін, тіршілік ететін қоғамның, шаруашылықтың, экономиканың даму дәрежесімен байланысты. Экономикасы қалыңқы мемлекеттің адамдарының да онша дамымаған ел болуы мүмкін. Қаншама қоғамның эканомикасы, мәдениеті, техникасы алға кетіп дамыған болса, опда сол қоғамда өмір сүруші адамдардың да қиялдары ілгері кетіп, жоғары деңгейден көрінеді. Мысалы, ұшақ жоқ кезде, аз уақыттың ішінде алыс жерге тез жетудің керек екендігін сезгенімен, бірақ ол жерге тез жетудің ыңғайын білмей ертедегі адамдар кілемнің, дастарқанның ұшатындығын қиялдаған.
Қиялдың басты екі функциясы бар.
Біріншісі – оның әрбір шығармашалық іске керектігі.
Екіншісі – оныңадам мұқтаждықтарымен, сезімдерімен және барлық рухани әрекеттерменбайланысты туып отырады.
Қиялдың түрлері. Қиялды іс-әрекетіне қарай екі түрге бөлуге болады. Бірі — өткенді еске түсіретін қиял, екіншісі – қайта жасау қиялы.
Адам өткенді еске түсіргенде бұрынғы қабылданған заттарды, болмыстарды сол күйінше, бір-бірінсіз еске түсіруі өте қиын. Түрлі себептермен көбінесе бұрынғы қабылданған нәрселердің кей жақтары ұмтылады. Бірақ кейіннен оларды қосып толықтырып отыратын болады. Суреттеп жазғанда, не сызғанда, адамның соларды қайтадан өңдеп, жаңартып бейнелеуін қайта жасау қиялы дейді.
Қиялды пайда болу сипаттарына қарай белсенді және енжар деп екі қиялға бөлуге болады. Егер алдымызға ешбір мақсат қоймай, жай нәрсені ойлап, кездейсоқ қиял бейнелерін тудыратын болсқ – бұл қиял енжарқиялы болады. Мұның іс-әрекетке тигізер ешқандай ықпалы болмайды. Егер әдейілеп еркімізді, жігерімізді жұмсап алдымызға мақсат қойып қиялданатын болсақ, мұндай қиял белсенді қиял болады. Мұның негізгі бір трі шығармашылық қиял. Оның бсты бөліктері өнер саласында ғылыммен техникада жан-жақты өріс аып отырады.
Қиялдың ерекше бір түрі – арман. Бұл келешекте адамның көзқарасынша жзеге асуы, орындалуы мүммкін, тікелей іс-әрекет пен байланыспаған жай тілек, қалау ғана. Адам армағанда алдына бір мақсат қойып, тілегіме жетсем екен деп ойлайды, оған тілегі орындалатындай іске асатын болып көрінеді. Арман кісіні іске жұмылдыратын түрткі деуге болады. Өйткені шындықпен аралас арман адамның алдына мақсат қойып, оған күш-қуат беріп, оны белсенді түрде әрекет етуге итермелеп отырады.
Қиялдың айрықша сипаттары. Адамның қиялы тәнінде болатын кейбір органикалық ағымдарға әсер етіп, өз қиялымен байланысып отыруы мүмкін. Қиял арқылы бұрынғы елестерді бір-біріне қосып, құрастырып, жаңа елестеулер жасау жолының бірнеше әдіс-тәсілдері бар. Адам бірнеше бейнені не болмаса олардың бөлшектерін бір-біріне қосып, оларды құрастырып жаңа елестеулер жасаса, мұны қиялдың агглютинациясы («желімдер» деген мағынаны білдіреді) дейді. Мысалы, су перісінің бейнесін жасаған уақытта, оның кеудесін адам тәрізді, ал қалған бөлігін балықтың құйрығы етіп суреттейді. Қиял бейнелерін жасауда жалпылау әдісі де жиі қолданылады.
Жалпылаудың бірнеше түрлері болуы мүмкін. Мысалы, адам бойында бар елестеулерді түрлі желілерге, схемаларғ салып түрлендіруге болады. Қиялда объектердің кейбір жақтарын, кейбір бөлімтерін арнайы күшейтіп, әсерлендіріп, айшықтап көрсетіп, оларға көңіл бөліп отырады. Мысалы, жазушы өзінің шығармасындағы кейіпкерді жағымсыз етіп көсететін болса, оған жағымсыз қылықтарды көбірек тағады. Мұндай тәсілді акцентировка дейді. Қиялдың байлығы адамның ой-өрісінің білімнің молдығымен байланысты. Егер адам көп нәрседен хабардар болса, басында қиял бейнелерін жасауға қажетті материалдар мол болса, сонд ғана оның қиялы толық, бай, әсерлі болып келеді. Адамның қиялы бірдей болып келмейді. Өйткені қиял туғызатын бейнелердің көрнекі не көмескілігіне, тәжірибе деңгейіне қарай, ол түрліше болып отыруы мүмкін.
Қиялдың физиологиялық негіздері.
Барша психикалық процесстер секілді қиялда үлкен ми сыңарлары қабығының өнімі. Қиял бейнелері оң және сол ми сыңарының жұмысына байланысты пайда болады.
Оң ми сыңары дуние көріністерін қарапайым түрге келтіріп, олардың біртұтастығы мен үйлесімділігінен, композициялық бірлестігінен хабар береді, осыдан адамға әрқилы бейнелер негізінде эстетикалықсезімдер өрістейді. Ал сол тараптағы ми сыңары келіп түскен ақпараттарды реттеп, олрды сөзбен өрнектеу қызметін атқарады, осыдан бейне мен ой ажырамас бірлікте екенін байқаймыз.
Қиялдың физиологиялық негізі – жүйке байланыстарының іске қосылуы, бұзылуы, қайта түзілуі мен жаңа жүйелерге бірігуі. Осының арқасында бұрынғы тәжірибеден өзгеше, бірақ одан мүлдем ажырап кетпеген, жаңа бейнелер келіп шығады. Қиялдың сонша күрделі болуы, алдын ала оның мазмұндық сипатын болжастырудын қиындығы, қиялдың көңіл-күймен байланыстылығы қиял жасаушы тетікткрдің тек ми қабығында ғана емес, мидыңтерең, тар бөліктерінде жайғасатынын пайымдайды.
Сонымен бірге, мида пайда болған шеткі процестердің қызметтерін өзгертумен, оларға реттеу ықпалын жасайды. Бұл тұрғыдан барша психикалық процестердің арасында қиял денедегі органикалық процестермен аса тығыз байланысқан әрі оларды әсерлі өзгерістерге келтіріп отырады. Қапелінде қиялына бірдеңе түсе кетіп, адамның өзіне-өзі шошынып, терге малынып, қызарып-бозарып, дірілдей қалатынын байқаған боларсыз. Осындай қиялдың әсерінен кей кездері адам өзін сырқатқа ұрындырады. Тіпті, дәрігерлік инстуттардың төменгі сынып студенттері оқылып жатқан дәрістердің әсерінен қиялға еніп, өздерінде болмаған аурулардың белгілерін іздеп, әлек болады. Мұндай өзін-өзі қияли сендірудің салдарынан адам қатерлі жағдайға душар болуы мүмкін. Мажар психиатры Иштван Гарди осының дәлелі ретінде мынадай болған оқиғаны келтіреді: суытқыштар зауытының жұмыскері рефрежератар машинаның қорабында қамалып қалады. Оның ойынша, суытқыш жүйе іске қосылған болады. Кн өте, таңертең оны денесінің асқынасуынуынан өлген мәйітінін тауып алып, болған жағдайдың себептерін тексергенде, рефрежератор суытқыш жүйеге қосылмағанын, ол өлім суықтан емес, сутқыш ішінде адамның тоңып өлетінін қиялдап, соны күтуден болғны анықталған.
Кейде психологиялық ауытқудан сырқатқа шалдығудың себебі маман, өрнек тұтқан адамдардың сөзін дұрыс қабылдамауданда болады. Ойланбай айтып салған дәрігердің бір ауыз сөзі шипа іздеп алдына келген адмға ауыр сырқат күмәнін туғызған жағдайлар болған. Осы күмәннің кесірінен кешегі сап-сау адамда сырқат белгілері қозып, ятрогендік дел аталатын науқас өшіршіп кеткен.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Т. Тәжібаев «Жалпы психология» Алматы, 1993 ж.
- С. Бап — баба «Жалпы психология» Алматы, 2003 ж.
- Алдамұратов Ә. «Жалпы психология» Алматы, 1993 ж.