Мазмұны:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) Конституция және Сот билігі;
б) Қылмыстық кодекс;
в) Сот жүйесі;
г) Сот төрелігінің принциптері.
ІІІ. Құқықтық мемлекет
ІV. Қорытынды
Кіріспе
Заңды қорғау дегеніміз бұзылған құқықты орнына келтіруге, заң бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет органының мәжбүрлеу қызметі. Заңды қорғау үшін мемлекетімізде заңды қорғау органдары құрылған. Оларға Сот, Прокуратура, Ішкі Істер Органдары, Ұлттық Қауыпсіздік Комитеті жатады.
Сот билігі Қазақстан Республикасы атынан жүзеге асырылады. Оның алдына қойылған мақсат – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз ету. Сот істерді соттасушы жақтардың тікелей қатысуымен жүргізеді. Сотта іс қазақ тілінде немесе қатысушыларға түсінікті басқа тілде жүргізіледі. Сот ісі жүргізілетін тілді білмейтін адам ана тілінде сөйлеуге хақы бар. Мұндай адамның сөзін сот аудармамен қамтамасыз етеді. Сотта іс ашық жүргізіледі. Тек мемлекеттің құпиясын, отбасының сырын сақтау керек болса, іс соттың жабық мәжілісінде қаралады.
Сот билігі биліктің дербес тармағы болып табылады, оны республика атынан сот қана жүзеге асыра алады. Ол азаматтардың, олардың бірлестіктерінің құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ету үшін құрылады.
Сонымен, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, сот азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Егер Конституцияда, заңдар мен халықаралық шарттарда өзге де бір ескерту айтылмаған болса, республикада тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар республика азаматтарына белгіленген міндеттерді атқарады.
Конституцияда әрбір адамның құқықтары мен бостандықтары сот арқылы қорғалады деп тура көрсетілген. Бұл жерде Қазақстан азаматтығына байланысты еместігі айқын аңғарылады. Кейбір жағдайда Конституция Қазақстан Республикасының азаматы емес адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне байланысты мәселелерді қараудың басқаша тәртіптерін белгілейді. Мысалы, шетелдік діни бірлестіктердің қызметі Республиканың тиісті мемлекеттік органдарымен келісім бойынша жүзеге асырылады. Демек, мұндай жағдайда мәселе сот арқылы емес, әкімшілік жолымен шешіледі. Шетелдік азаматтардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғаудың сот арқылы емес, өзгеше әдістері де болуы мүмкін.
Мемлекеттік органдардың құқықтары мен заңды мүдделерін азаматтар, шетелдік азаматтар, басқа мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер бұзуы мүмкін, ондай жағдайда оларды соттар қорғайды. Мәселен, мемлекеттік органдардың жұмысына қоғамдық бірлестіктердің араласуына Конституция тыйым салады. Осындай араласу болған жағдайда мемлекеттік органдар өз құқықтары мен мүдделерін сот арқылы қорғауға хақылы.
Конституция сотқа өз нормаларының, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ету міндетін жүктейді. Сот ең алдымен Конституцияның орындалуын қамтамасыз етуге тиіс. Бұл міндетті сот әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырады. Маңызды тәсілдердің бірі – нақты қылмыстық, азаматтық және басқа істерді қараған кезде Конституция нормаларын тікелей қолдану болып табылады. Сот төрелігін жүзеге асырғанда, қолданылып жүрген құқық нормаларының мәніне баға береді.
Конституциялық бұл ереже соттарды іске қатысушы адамдардың сұрануы бойынша олардың өз ана тілінде мәлімдемелер жасау, түсініктер мен куәліктер беру, сотта сөз сөйлеуін қамтамасыз етуге міндеттейді.
Сот билігі Конституция, заңдар, өзге де нормативтік құқықтық актілер, халықаралық шарттар негізінде туындайтын істер мен даулардың барлығына тарайды. Бұл Конституциялық ереженің мәнісі – сотқа арыз айту үшін қандай нормативтік құқықтық актілер заңдық негіз бола алады дегенді білдіреді. Бірінші орында Конституция тұрады, оның құқықтық нормалары біреудің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа арыз айтуына негіз бола алады. Сөйтіп Конституциядан туындайтын тиянақты нұсқау – оның нормаларында тікелей ықпал ететін күш болады, сондықтан соттар нақты істерді қарағанда сол нормаларды тікелей қолдана алады.
Конституция судьяларға ешкімнің қол сұға алмайтынына кепілдік береді. Судьяны қамауға алуға, оны әкімшілік орындарына алып баруға, оған сот тәртібімен істелетін әкімшілік шараларды қолдануға болмайды. Президенттің келісімінсіз судьяны қылмыстық жауапкершілікке тартуға болмайды. Жоғарғы соттың төрағасы, Жоғарғы соттың судьялары Парламент Сенатының келісімінсіз қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Судьялар қылмыс үстінде ұсталса немесе ауыр қылмыс жасаған болса, Президент пен Сенаттың келісімінсіз-ақ қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Судья жөніндегі қылмыстық істі тек қана Республиканың Бас прокуроры қозғай алады.
Cудья лауазымына алғаш рет ұсынылған адам ант береді. Жоғарғы соттың судьялары, облыстық соттар мен соларға теңестірілген соттардың төрағалары антты Жоғарғы соттың пленумында береді. Қалған судьялар судьялардың тиісті конференцияларында береді. Судьялар антты қолдарын Қазақстан Республикасының Конституциясына қойып тұрып, мынадай мазмұнда береді: «Өзімнің міндеттерімді адал орындауға, сот төрелігін тек қана Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына бағына отырып жүзеге асыруға, ешқайда бұра тартпай, судьяның борышы қалай бұйырса, дәл сондай әділ болуға ант беремін».
Конституцияда сот төрелігінің принциптері белгіленген, судья заңды қолданғанда сол принциптерді басшылыққа алуға тиіс.
- Адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша оның қылмыс жасаған кінәсі жоқ деп есептелінеді. Жауапқа тартылған адам белгіленген тәртіп бойынша қылмысы дәлелденбей тұрып қылмыскер болып есептелінбейді. Демократиялық мемлекеттердің қылмыс туралы заңында танылғанындай, жорамалдау кінәлылықты көрсете алмайды. Мұны кінәсіздік жорамалы дейді. Сотқа жауапқа тартылған адам сот үкіміне дейін қылмыскер болып саналмайды.
- Құқықты бір рет бұзған адам сол үшін екінші ретжазаға тартылмайды. Бұл принцип құқықты бұзған қылықтардың барлығына бірдей қолданылады. Егер адам қылмыс жасаған болса, сот оған бір ғана жаза қолданады. Сол сияқты әкімшілік құқықты бір рет бұзғаны үшін әкімшілік шара бір рет қолданылады. Бұл принциптің де өзіндік «тарихи тамыры» бар. Шын қылмысы үшін де, күмәнді қылмысы үшін де таяудағы өткен кезеңдерде адамдар бірнеше рет жазаланған, тіпті өмір бойы қудаланып жүретін болған.
- Сотта әркім өзінің сөзін тыңдатуға хақылы. Бұл – демократиялық сот төрелігінің жалпы жұрт таныған принципі. Сот жазалаушы орган емес, ақиқатты анықтауға және мәселені әділдікпен шешуге тиісті орган. Ал мұның өзі сот процесіне қатынасушы әрбір адамның толық пікірін айтуға мүмкіндігі болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
- Конституция белгілі бір жағдайларға заңның кері күші болмайды деп белгілейді. Оған жататындар: а) жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін; ә) азаматтарға жаңа міндеттер артатын; б) азаматтардың жағдайын нашарлататын заңдар. Бұл принциптің мәні мынадай. Егер кісі құқықты бұзғаннан кейін заң сол құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті жоятын немесе жұмсартатын болса, онда жаңа заң қолданылады. Егерде заң бұрынғы заңға қарағанда жауапкершілікті күшейте түсетін болса, онда бұл заң қабылданғанға дейін құқық бұзған кісіге жаңа заң қолданылмайды.
- Айып тағылған адам өзінің кінәсыз екендігін дәлелдеуі міндетті емес. Бұл принцип кінәсыздық жорамалынан туындайды. Егер кісі қылмыстық жаупкершілікке тартылып жатса, оның кінәлы екендігін тиісті орган дәлелдеуге тиіс. Бірақ бұдан кісі өз тағдырына немқұрайды қарасын деген мағына тумайды. Ол өзінің кінәсыздығын дәлелдеуге міндетті емес, бірақ барлық заңды тәсілдерді пайдалана отырып, өзінің кіәсыздығын дәлелдеуге хақылы.
- Адам өзіне- өзі қарсы куәлік беруге міндетті емес деген принцип үлкен адамгершіліктен туындайды. Орта ғасырлар заманында, тіпті кеңес дәуірінің өзінде сотталушының өзі берген куәлік дәлелдің «падишасы» деп саналатын. Ал мұндай «дәлелді» айтқызу үшін неше түрлі тәсіл қолданып, тіпті адамды аяусыз азапқа салуға дейін барған. Қазір кісі өзінің кінәсын өз еркімен мойындауы мүмкін, бірақ өзіне қарсы куәлік беруге міндетті емес. Кісіні жазалау үшін бір ғана оның мойындауы жеткіліксіз дейтін конституциялық ереже бұл принциптің кепілдігі болып табылады. Кісі өзінің жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына қарсы куәлік беруге міндетті емес дейтін конституциялық ережеде де үлкен адамгершілік мән бар. Ата- анаға, ерлі- зайыптылардың біреуі екіншісіне, басқа да туыстарға қарсы куәлік беруді қошеметтеген заман біздің есімізде. Мұндай қылықтар тіпті ерлікке де саналған. Конституцияда діни адамдардың өздеріне келіп ағынан жарыла арыздасу сөзін айтқан пенделеріне қарсы куәлік бермеуі көзделген.
- Сот төрелігінің маңызды бір принципі – кісінің айыптылығы жөнінде қандай да күмәнданушылық туса, соның бәрін де сотты болған адамның пайдасына қарай бейімдеу. Бұл принцип айып тағылған кісінің кінәлы екендігіне жеткілікті айғақ болмаса да, оны сотқа тартып, жазалауға бейім тұратын тергеушінің теріс пиғылына қарсы бағытталған.
- Заңсыз тәсілмен алынған айғақтарға заңның күш бермеуі конституциялық принцип болып табылады. Заңсыз тәсілмен айғақ алудың басты жолдары Конституцияда көрсетілген. Оның 17-бабында былай деп жазылған: 1) адамның қадір- қасиетіне қол сұғылмайды. Адамның адамшылық қасиетін қорлау жолымен алынған айғақтар заңсыз деп есептеледі. Ешкімді азаптауға, оған зорлық- зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір- қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды. Айғақтарды жинастырып, кісіге тағу кезінде адам мен азаматтың кепілдіктері мен құқықтары, сондай-ақ сол айғақтарды жинаудың, оларды кісіге тағудың процесс жүргізу заңдарында белгіленген тәртібі бұзылған болса, ондай айғақтар заңды бұзу арқылы алынған деп танылуға тиіс.
- Конституцияда қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға болмайды. Мұның мәнісі – егер адамның істеген қылығы заңды қылмыс деп саналмайтын болса, ол қылықты сыртқы ұқсастығына қарай заң бойынша қылмысты жауапкершілікке жататын қылықтардың қатарына жатқызуға болмайды деген сөз. Қысқасын айтқанда: егер заңда көрсетілмеген болса, онда қылмыстың болмағаны.
ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ
Азаматтық қоғамның орнығуының басты шарттарының бірі-мемлекеттің құқықтық сипат алып, әлеуметтік мазмұнға ие болуы.
ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ- құқықтық үстемдігімен, заңның жоғары құдіретімен, барлық азаматтардың құқығы мен бостандығын мойындап құрметтеумен, оған мемлекет тарапынан кепілдік берумен сипатталады.
Құқықтық мемлекеттің негізгі принциптері мыналар:
- Қоғамда құқықтың үстемдігі, оның мемлекеттен де биіктігі. Құқық-қоғам өмірінің түп негізі, анықтаушысы. Ол мемлекет конституциясында бекітіледі де, басқа барлық заңдар мен нормалардың, жарлықтардың өзегіне айналады.
- Мемлекет, оның органдары, лауазымды қызметтегі адамдар, түрлі ұйымдар және барлық азаматтар тегістей заңға бас иеді, заңға бағынады. Заң алдында барлығы да жауапты, барлығы да бірдей. Заңды сыйламайтын ел-берекесіз ел. Сүлеймен пайғамбар аитыпты деген мынадай сөз бар: «Заңға бағынбайтын елде бастық көп болады». Әрине, құқықтық мемлекеттегі кез келген заң-өмір шындығымен қабысып жатқан, іске асыру, орындау тетіктері анық нақтыланған әділ де ізгілікті, көпшілік қауымның көңілінен шығып, қолдау табатындай, оның өмір-тіршілігін, түпкілікті мүддесін бейнелейтіндей сапалы болуға тиіс. Әйтпесе заңнан әрі бедел кетеді, әрі орындалмай қағаз бетінде қалады, содан келіп берекесіздікке жол ашылады.
- Құқықтық мемлекет жағдайында адамның құқығы мен ар-ожданы құрметтеледі, мемлекет тарапынан қорғалып, кепілдік беріледі. 1948 жылы 10 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған бүкіл дүниежүзілік мәні бар «Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы» деп аталатын құжатта былай деп жазылған: «Барлық адамдар жаратылысында азат, бойындағы қасиеттері мен құқықтары тең болып туады. Олардың басында-ақыл, бойында-ар болғандықтан бір-біріне туысқандық ықыласы болуға тиіс» (1-бап). Одан әрі: «Әрбір адам өмір сүруге, еркін болуға және жеке басына ешкімнің қол сұқпауына құқылы»,-деп (3-бап) атап көрсетілген.
Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет орнықтыруды басты мақсат ретінде алдына қоя отырып, өзінің Ата заңының «Адам және азамат» деп аталатын екінші бөлімін Адам құқығы мен бостандығын құрметтеу және қорғау мәселелеріне, оның азамат есебіндегі міндеттерін саралауға арнаған. Онда былай деп көрсетілген: «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумасынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» (12-бап, 2-тармақ).
- Мемлекет пен жеке адамның өзара жауапкершілігі танылады. Мемлекет әрбір адамның құқықтары мен бостандықтарын конституцияға сәйкес қорғауды мойнына алып, кепілдік береді. Согымен бірге әрбір Адам азамат есебінде мемлекет алдында жауапты. Мәселен, еліміздің Ата заңында былай деп көрсетілген: «Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті» (34-бап). Сондай-ақ «Қазақстан Республикасын қорғау-оның азаматының қасиетті парызы және міндеті». (36-бап). «Ұлтаралық татулықты бұзатын кез келген әрекет конституциялық емес деп танылады» (39-бап, 2-тармақ).
- Біртұтас мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінеді де, олардың іс-қимылының ұйымдасуы, қызмет атқаруы өзара тежемелік және тепе-теңдік жүйесіне негізделеді. Қазақстанды мысалға ала отырып бұл принциптің мән-мағынасын жоғарыда көрсеткен болатынмын.
Азаматтық қоғамның басты қозғаушы күші, субьектісі өзіне тән сұранымдары мен мүдделері бар Адам болып табылады. Демек, Адам мұнда шешуші басты тұлға. Оның мақсат-мүддесі мен талап-сұранымдарының қанағаттандырылу деңгейі азаматтық қоғамның өлшемі (критерий) болып табылады. Адам арқылы ғана түрлі қоғамдық қатынастар азаматтық қоғамға келіп тоғысады.
Тарихи тұрғыдан алғанда азаматтық қоғам – мемлекеттен әлдеқайда бұрын пайда болады. Ол алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдардың түрлі қарапайым бірлестіктері түрінде қалыптасады. Белгілі кезеңде азаматтық қоғамөз мүдделерін қорғау қажеттігіне байланысты мемлекетті дүниеге әкеледі, оған әл-ауқат беріп қанаттандырады, билік тұтқасын ұстатады, оның құқықтық нормалар орнықтырып, заңдар қабылдап, өзіне қызмет істеуіне мүмкіндік туғызады. Алайда уақыт озған сайынмемлекет күшейе түседі, оның ықпалы мен пәрмені ұлғаяды, бірте-бірте азаматтық қоғамның аумағын бүріп, тынысын тарылта түседі. Сөйтіп өзі тудырған өзі дүниеге әкелген мемлекет енді азаматтық қоғамды қысымға алады, ығыстыра бастайды. әрине, азаматтық қоғам да мемлекетке қарсы айбын көрсетеді, түрлі қоғамдық қозғалыстар, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қысым жасайды. Қысқасы азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы қатынас қаишылыққа толы диалектикалық байланыспен сипатталады.
Демократиялық қоғамда азаматтық қоғам мен мемлекет бірін-бірі қуаттайды,бірін-бірі қажет етеді, үнемі келісімде болады. Ал тоталитарлық қоғамда мемлекет азаматтық қоғамды жұтып қояды. өмірдің барлық саласы қатаң мемлекет бақылауында, азаматтық қоғам нышандары жанышталып қойылған. Мәселен, Кеңес өкіметі билеген жылдары біз тоталитарлық саяси жүйе шеңберінде өмір сүрдік, азаматтық қоғамға онда орын болған жоқ. Азаматтық қоғам деген ұғым қазір бізге мүлде жаңа түсінік секілді көрініп жатқан себебі де сол. Қазір дербес тәуелсіз даму жағдайында Қазақстанда азаматтық қоғам қалыптасып келеді. Оны орнықтыру болашақ үлкен мақсатымыз. Бұл жөнінде конституциямызда да айқын көрсетілген.
Сонымен азаматтық қоғамның өмір сүруінің негізгі шарттары мыналар:
- оның мүшелерінің нақты меншік иесі болуы, ол меншікті өз қалауынша пайдалануы. Басқаша аитқанда меншік азаматтық қоғамдағы әрбір адамның бостандығының түп негізі.
- қоғамда көп түрлі әлеуметтік құрылымның және соған сәйкес сан түрлі мүдделерінің бой көрсетуі.
- Адамдардың әлеуметтік зерделік даму дәрежесінің жоғарылығы. Мысалы, быз кешегі бодандық дәуір діңкелетіп кеткен құлдық психологиясынан арылмай толықанда азаматтық қоғам құрамыз деуіміз бекершілік екенін түсінуіміз қажет.
Енді азаматтық қоғамның құрылымы қандай деген мәселеге келейік
- Экономика саласында оған мемлекеттік емес кәсіпорындар мен шаруашылық бірлестіктері жатады (кооперативтер, акционерлік қоғамдар, корпорациялар, ассоциациялар, жеке меншік кәсіпорындар, ұжымдық шаруашылықтар және т.б. )
- Әлеуметтік салада отбасы, мешіт, қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар, тәуелсіз басылымдар, өзін-өзі басқару органдары, шығармашылық, кәсіптік, т. б. одақтар кіреді. Аталған құрылымдарға ықпал жасау азаматтық қоғам мемлекет арасындағы қайшылықтың мәні болып табылады.
Азаматтық қоғамның негізгі функциялары:
- Азаматтардың мүдделері мен игілік-қазыналарының қорғалуын қамтамасыз ету, олардың жеке және қоғамдық өміріне мемлекеттің орынсыз араласып, өз өктемдігін тықпалай беруін шектеу.
- Қоғамдағы мүсәпірлер мен кембағалдардың күнкөрісіне азды-көпті жасауы.
- Түрлі партиялар мен қозғалыстар ұиымдар арқылы мемлект саясатына араласып, ықпал жасау, өз өкілдерін мемлекеттік басқару органдарына сайлац.
Азаматтық қоғамның қалыптасу арналары:
- Саяси биліктің демократиялық механизмдерін қалыптастыру мемлекеттік құрылымдар мен одан тысқары қоғамдық-саяси ұйымдар арасында тепе-теңдік пен үйлесімдік табу
- Нарықтық қатынастардың орнығуына, меншіктің көптүрлілігінің қалыптасуына, нарық механизмінің еркін қызмет қызмет атқаруына жағдай туғызу
- Мемлекеттік және шаруашылық органдарының жаппай заңға бой ұсынуын қамтамасыз ету
- Қоғамда дамыған әлеуметтік құрылымды қалыптастыру
- Жеке кісілердің жоғары білім және мәдени деңгейінің, олардың Жан-дүние бостандығының болуына қол жеткізу
Марксизм-ленинизм классиктері зерттеп қоғам дамуының барысын әлемдік дәрежеде анықтап кеткен кезеңдердің реттілігі бүгінде бұзылды, капитализмнен кейінгі келесі даму сатысы коммунизмге жету мүмкін ьолмай, тек қиял ғана болып қалды. Осы уақытқа дейін, капитализмнен кейін социалистік қоғам, одан соң кемелденген социализм, одан әрі «коммунизмге» жетеміз деп Кеңнстер Одағының Коммунистік партиясы өзінің жалған идеологиясымен халықтың санасын сан-саққа «жүгірткені» баршамызға белгілі.
XYII-XYIII ғасырларда капиталистік сатыға өткен батыс өркениетінен құраған Ұлыбритания, Франция, Германия т.б. елдер 3 ғасырдан астам уақыт коммунизм құрамыз демей-ақ капиталистік құрылыстың өзінде-ақ өмір сүре отырып адамға қажетті игіліктердің бәрін жасады. Олардың құқықтық мемлекетінің арқасында, «социалистік» қоғам құрмай-ақ молшылыққа кенеліп отырған жайы бар.
Бүгінде мемлекеттің сан-алуан түрлерінің өмірге келгені белгілі. Жалпы мемлекеттер, басқару формасы мен саяси өкіметтің негізгі институтуттарының құрылысына қарай да әртүрлі болады. Қазіргі өркениетті елдердің көбі азаматтық қоғам арқылы құқықтық мемлекет дәрежесіне жеткен жайлары бар.
Сонымен азаматтық қоғам дегеніміз-мемлекеттің қызметінен тыс, топтардың, ұжымдардың, экономикалық, мәдени, рухани-адамгершілік, ұлттық, дінибелгілері бойынша біріккен құрылымдардың жиынтығы. Ол-қоғам мүшелері арасында экономикалық, мәдени, құқықтық және саяси қатынастары дамыған қоғам, олар мемлекеттен тәуелсіз, бірақ олармен бірігіп өмір сүретін әлеуметтік, экономикалық саяси мәдени және моральдық мәртебесі жоғары мемлекет. Азаматтық қоғам термині ең алғаш реет 1594 жылы Англияда қолданылған көрінеді. Ол латынның civis, азамат (гражданин) деген сөзінен civitas қоғам-обшество деген ұғыммен ұласады. Ал шын мәнінде ол XYII ғасырда Шотландияда және XIX ғасырда Германияда жүзеге асты.
Гегельдің айтуы бойынша: азаматтық қоғам бұл әлеуметтік және экономикалық қажеттіліктен туындаған, жеке адамдардың өз мүдделерін белгілі бір мөлшерде жүзеге асыратын қоғамның бір бөлігі делінсе, қазіргі ғылымда азаматтық қоғам дербес әлеуметтік-экономикалық өмір ретінде көрсетіледі. Ол экономикалық ұйымдардың, өндіріс орындарының, кооперативтердің, қайырымдылық ұйымдардың мәдени, діни бірлестіктерінің мүдделері бойынша біріккен клубтардың жергілікті өзін-өзі басқаратын органдардың т.б.сол сияқтылардың жиынтығы ретінде көрінеді. Олардың басты белгісі ол ұйымдардың мүшелерінің еркіндігі мен тәуелсіздігі ұйымдар құрамына ерікті түрде кіре алатындығы болып табылады.
Азаматтық қоғамның экономикалық негізін жекеменшік иелерінің дербестігі мен меншік түрінің түрлі формасының әртүрлігі құрайды. Азаматтық қоғам, мемлекет пен жеке тұлғалар арсында дәнекерші ролін атқарады. Ол жеке тұлғаны мемлекеттен қорғайды, Адам құқығының сақталуын қамтамасыз етеді, мемлекеттің қызметіне бақылау қояды. Сондай-ақ азаматтық қоғам құқықтық мемлекеттің тұрақтылығы мен беріктігінің кепілі де бола алады. Адамзат қоғамының дамуында белгілі бір кезеңді ғана қамтитын бұл қоғам белгілі бір уақыттан соң ғылыми-техникалық қоғамға ауысады.
Ал құқықтық мемлекетке келсек, ол өз негізін осы азаматтық қоғамда қалыптастырады да сол ортдан өсіп жетіледі. Құқықтық мемлекеттік қалыптастырудағы басты принцип товрлы өндісте жекеменшіктілік пен нарықтық қатынастардың болуы. Алғаш реет құқықтық мемлекет термині (немісше rechfstaat) XIX ғасырда неміс заңгерлері К.Т.Велькер мен фон Р.Молянның еңбектерінде берілді. Кейінірек ХХ ғасырдың соңғы ширегінде әлемнің көптеген елдерінде жаңа, ерекше белгілері бар мемлекеттер қалыптаса бастады. Осы ерекше белгілер құқықтық мемлекеттің сипатын құрады. Құқықтық мемлекет деген атаудағы «құқық» деген сөздің алғашқы болып тұруында да өзіндік мән бар. Ол қоғамның саяси-әлеуметтік өмірінде, оның барлық аясында құқық жоғары орында тұру керек дегенге меңзейді. Бұл заңның үстемдігі әрбір құқықты мемлекеттің бұлжымайтын принципі болуы тиіс. Яғни, құқық әрбір елдің негізгі заңы-конституциясында бекітіліп, басқа да заңдары мен жарлықтарына нұсқа болуы қажет. Ал, Ата заңның баптарындағы нұсқаулардың мүлтіксіз орындалуын құқықты мемлекеттің бүкіл сот жүйесі қадағалайтын болады. Заң үстемдігі болмаған жеоде құқықтық мемлекет те болмайды. Тіпті ежелгі дүние адамдары да еркіндікті аңсағанда заңның үстемдігі арқылы ғана бостандыққа жетуге болады деп топшылаған екен. Сол заманның атақты философы Цицерон «Бұл заңның құлы болғанда ғана еркін бола аламыз »-деп дәл айтқан көрінеді. Құқықтық-мемлекеттің адамға берген сыйлығы емес, олай деп түсіну мүлде қате. Құқық адамның табиғатымен бірге туған. Бұ туралы Американың тәуелсіздігі декларациясына енген өзінің тамаша сөзінде Томас Джефферсон құқықтық мемлекеттегі демократиялық үкіметтің ірге тасын қалайтын негізгі қағиданы атап көрсеткен еді. Онда демократиялық үкімет Джефферсон аитқандайбостандықтың басты түрлерін халыққа сыйлай салмайды, үкімет әр Адам туғаннан бастап ие болуға тиісті бостандықты қорғау үшін ғана құрылады деген. Ал мемлекет құқықты тек іске асыруға жағдай жасаушы ғана. 1948 жылғы халықаралық дәрежеде қабылданған «Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясында: «Барлық адамдар жаратылысында азат, бойындағы қасиеттері мен құқықтары тең болып туады. Олардың басында ақыл, бойында ар болғандықтан олар бір-біріне туысқандық рухта ықылас білдіруге тиіс ». (1-бап)-деп жарияланған. Осы тұжырымды айкындай келіп Декларацияның 3-бабы: «Әрбір Адам өмір сүруге, еркін болуғажәне жеке басына ешкімнің қол сұқпауына құқылы»,-деп бүкіл әлем халқынан қолдау тапқан.
Барлық адамзатмойындап отырған осы ас маңызды халықаралық құжаттың аталған қағидалары Қазақстанның Ата заңында да толығымен өз бейнесін тапқан. Оның 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзін Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орныұтырады: оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен ьостандықтары»-деп жазылған.
Міне Ата заңымызда көрсетілгендей тәуелсіздігі қолына енді ғана тиген, Қазақстан Республикасы да батыс өркениетіндегі мемлекеттер сияқты құқықтық, демократиялық мемлекет құруға талпынуда.
Бұл жерде еркіндік, бостандық деген ұғымдарда шексіз деп түсінбеу керек. әрбір Адам қоғамда өмір сүрген соң белгілі жағдайда сол қоғамдық ортаға тәуелді болады. Оның де белгілі шегі, өлшемі бар, қоғам өмірінде бостандық өлшемі құқылық формада көрінеді. Ал ол өлшем жұрттың бәріне бірдей болуы тиіс. Ал құқықтық мемлекет адамдардың сол бостандығы мен теңдігін кісінің туа біткен қасиеттері деп жариялайды. Мұндай мемлекет барлық құқылық жүйенің өзегі болып, есептелетін Адам құқын өктемдікпен жәбірлеушіліктен қорғап отырады. Сондықтанда оның заңдары мен жарлықтары адамның құқығына сай келетін, оның ешбір бұзылмайтынпринциптеріне бағынатын болуы керек. Сонымен Адам құқығының, оның ары мен адамгершілігінің, абаройының, мүддесінің мызғымастығы және оларды қорғап, кепілдігін қамтамасыз ету құқықты мемлекеттің негізгі басты принципі болады. Құқықты мемлекеттің тағы бір ерекшелігі-ол оның билік жүргізуді бұйрықтар, жеке актілер арқылы емес, заң арқылы іске асыратындығы. Ол заңдар әділ болып, әділетті шаралармен заң арқылы іске асырылып отырылуы керек. Осы мақсатта үкіметбилігін бөліп жүргізу принципі әрекет етеді. Ол прицип боцынша өкімет билігінің үш тармағы мемлекеттің заң шығару, атқару, сот билігін жүргізу органдары құрылуы тиіс.
Ал енді өкіметтің осы үш тармағында басымдылыққа жету үшін таласты болдырмау үшін олардың бәріне құқықты мемлекетте жоғары мәртебе беріледі. Огдаи мәртебе заң шығарушы өкіметке тиесілі. Барлық құқықты мемлекеттерде заңдардың Конституциялығын қадағалап отыратын Конституциялық соттар құрылады.
Сөйтіп құқықтық мемлекет болуы үшін:
- Халықтың саяси тәуелсіздігі, мемлекеттің егемендігі
- оның паида болатын негізі яғни, алғышарты болып табылатын азаматтық қоғам, атына саи Жан-жақты жетілген болуы керек
- Барлық азаматтардың құқықтық теңдігі, мемлекет заңдарынан Адам құқығының жоғары тұруы қажет
Мемлекеттер басқару түрі , өзіндік құрылысымен ғана емес саяси тәртібі жағынан да ерекшеленеді. Ол «Қоғамның саяси жүйесі» деген тақырыпта қарастырылады.
Азаматтық қоғамның пайда болуы жөнінде ғалымдар арсында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері оны буржуазиялық қоғамның жүйесі Дей келіп , нарықтық қатынастармен байланыстырады. Екіншілері ондай қоғам белгілі бір шамада қашан болмасын болған дейді. Азаматтық қоғам идеясы өте ертеде паида болған
Аристотель еңбектерінің өзінде біз азаматтық қоғамдағы меншіктің ролі туралы пікірлерін кездестіреміз. Ол кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адамгершіліктің де иесі болады деп жазды.
Кейінірек бұл мәселеге елеулі үлес қосқандар: Т.Гоббс, Ш.Монтескье , Ж.Ж.Руссо , және т.б. Дегенмен азаматтық қоғам тұғырнамасын жасауда ерекше еңбек еткен немістің атақты философшысы-Гегель. Оның ойынша азаматтық қоғам меншіктен тәуелсіз нарықтық экономиканы, әлеуметтік топтарды, таптарды корпорацияларды институттарды қамтиды.
Азаматтық қоғам материалдық, мәдени жоғары дамыған шақта құқықтық мемлекетке айналады. Құқықтық мемлекет деп демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқығы жан-жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылысты айтады . заң үстемдігінің мызғымастығы елдің Конституциясында бекітіліп, басқа заңдармен ережелік актілерге таралады. Заңдар халықтың еркін білдіреді және оны барлық адамдар, мемлекеттік органдар мен мекемелер орындауға мндетті. Мұнда мемлекет пен азаматтар екі жақты өзара жауаптылықта болады. Билік шын мәнінде бөлінеді, олардың міндеттері мен қызметтеріне шеек қойылады, өзара бақылау қамтамасыз етіледі.
Мұнда бір таптың, парнтияның топтың, идеологияның үстемдігіне жол берімейді. Адам құқығы биік дәрежеде саталады. Барлық азаматтар шын мәнінде мемлекеттік және қоғамдық істерге қатыса алады. Атқарушы биліктің барлық жұмысыашық атқарылады, оның жұмысы жұртшылықтың бақылауында болады. Пікір алуындағы кең өріс алады. Бұл мемлекетте адамның адамгершілік қасиеттері, борыш сезімі, жауапкершілігібиік дамида.
Құқықтық мемлекет жоғары өкіметтің қаулы-қарарларымен кіргізілмейді. Ол үшін мемлекет жан-жақты дамып, пісіп жетілуі керек.
Қорытынды
Сот билігі биліктің дербес тармағы болып табылады, оны республика атынан сот қана жүзеге асыра алады. Ол азаматтардың, олардың бірлестіктерінің құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ету үшін құрылады.
Сонымен, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, сот азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Егер Конституцияда, заңдар мен халықаралық шарттарда өзге де бір ескерту айтылмаған болса, республикада тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар республика азаматтарына белгіленген міндеттерді атқарады.
Қазақстанда сот қызметін атқаратын Конституциялық сот, Жоғарғы сот, Жоғарғы төрелік сот және жергілікті соттар құрылған.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
- Сапарғалиев Ғ.С. «Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері»;
- Сапарғалиев Ғ.С. «Қазақстан мемлекеттігі мен ұлттық құқығының қалыптасу мәселелері»;
- Төлеуғалиев Ғ.И. «Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы»;
- Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. «Егемен Қазақстанның құқығы».