Кіріспе
Конституциялық реформалардың алғышарттарын қоғамдық дамудың бүкіл объективтік барысы әзірлейді. Олардың уақтылы ескерілмей қалуы да мүмкін, мұндай жағдайда қажетті конституциялық реформалар кешеуілдеп жүргізіледі немесе мүлде жүргізілмей қалады. Мұның қоғамдық қозғалыстың жүрісін тежері даусыз.
Егер конституциялық реформалар қажетті себептерсіз, алғышарттарсыз жүргізілсе, тіпті қоғамдық даму кезеңдерінен ілгерілеп кетсе, онда мұның өзі оның шын болмыстан алшақтауына, сондай — ақ қоғамға теріс ықпал жасауына әкеліп соғары сөзсіз, өйткені шешімі әлі пісіп — жетілмеген міндеттерді алға тартуы ықтимал. Конституциялық реформа жүргізудің алғышарттары мен сәттерін анықтаудағы қателіктердің екі жағдайда да ұзақ мерзімдік зардаптары болады, өйткені Конституция мен оның нормалары ұзақ бойы қолданылады, ал кей кездерде Конституцияның қате ережесін бірден түзетудің мүмкіндігі бола бермейді. Сол себепті конституциялық реформалар туралы, оны жүргізудің алғышарттары туралы мәселе барынша байыпты ғылыми тұрғыдан келуді қажетсінген еді, Назарбаевтың абыройына қарай, конституциялық реформалардың, Конституцияның өзінің негізгі идеяларының авторы ретінде оның бұл міндетті терең ғылыми негізде барынша нәтижелі орындап шыққанын айту керек.
Бұл міндеттерді шешу барысында ол конституциялық құрылыстың, елімізде жинақталған тәжірибесімен және басқа мемлекеттердің орасан мол тәжірибесімен егжей — тегжейлі танысты. Оның » Ғасырлар тоғысында » кітабында мынадай бір айғақ бар: конституциялық реформаларға әзірленген кезде жинақтаған мол білімі өз алдына, ол конституция жөніндегі референдумның алдына (тіпті демалыста жүріп) әлемнің он екі елінің конституцияларын зерделген екен.
1993 жылғы Конституция қабылданғаннан кейін де өмір бір орынында тұрып қалған жоқ. Назарбаев өмірдің өзі — ақ оның кемшіліктерін, әлеуметтік — экономикалық және саяси процестердің шын ахуалынан аулақ жатқандығын көрсеткенін жазады. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу объективтік тұрғыдан қажеттіліке айналды. Осындай жағдайда ол, егкр халық қолдайтын болса, онда конституциялық реформаларды ары қарай жүргізе беру жөнінде тоқтамаға келеді. Конституцияны өзгерту және толықтыру қажеттігін немесе жаңа Конституция қабылдау қажеттігін негіздегенде, ал Ата Заңның ұзақ мерзімнің ішінде тұрақты болуға тиіс екеніне, әрі қазіргі уақытта қанша сапалы болғанына қарамастан, Конституцияның, әсіресе, өтпелі кезеңде өзгермей тұрмасын да ескерусіз қалдыра алмады.
Президент былай дейді: «… қоғамның бір орында тұрмайтынын, жаңа сан қилы саплық деңгейлерге котерілетінін, кез келген мемлекеттік шешімдер мен құжаттардың ерте ме, кеш пе, бәрібір уақыт талабынан қалып қоятындығын ойладым. Ондай көптеген қоғам мен мемлекет өмірінде болып жатқан шын өзгерістерді бейнелеуге тиісті Конституцияның да қашып құтыла алмайтындығы даусыз. Сондықтан кез келген елдегі конституциялық процесс Конституцияның қабылдануымен тоқтап қалмайды. Әлеуметтік — экономикалық және саяси процестердің құықтық кепілдемесі қоғамдағы өзгерістер қарқынына ілесіп қана қоймай, алға озып отыруға тиісті».
Назарбаев қысқа ғана кезеңнің ішінде Республикаданарық қатынастарын дамытуда едәуір ілгері жылжығанымызды да, қоғамдағы күштердің арасалмағының және Конституцияда бейнеленбей қалғанына қарамастан, 1993 жылғы Конституцияны әзірлеу кезеңінде өзі ұсынған қадамдардың қажеттігін терең пайымдай бастаған адамдардың қоғамдық санасының өзгергенін де ескереді. Ендігі жерде қоғамда болып жатқан өзгерістердің халықты 1993 жылғы Конституцияда жол берілген бірсыпыра мәмілелерден бас тарту қажеттігіне иландыруға мүмкіндік беретіні айдан анық еді. Бұл тұста мәселені төтесінен қою қажет болды: немесе Конституцияның мәмілеге келу барысында қабылданған ескірген қағидаларын сақтап қалу керек, сөйтіп, қоғамдық дамуды тежеу арқылы Конституцияның өзінің «тұрақтылығын» қамтамасыз ету қажет немесе сеніммен алға басуды қамтамасыз ету қамымен Конституцияның өзін өзгерту керек. Әрине, жаңа конституциялық реформа қолданыстағы Конституцияның бірқатар қағидаларын қайта қарау үшін ғана емес, іргелі экономикалық, қоғамдық саяси мәні бар басқа да бір сыпыра мәселелерді конституциялық деңгейде шешу үшін қажет болғаны аян. Осы бағытта Назарбаев ықтимал жаңа конституциялық реформаға деген негізгі жаңа көзқарастарды алдын — ала әзірледі. Әлбетте, Конституцияны жиі өзгерте берудің жөнсіздігі баршаға мәлім, әйткенмен де Назарбаев пен реформалаушылар қоғамдық және мемлекеттік өмірдің бірқатар түбегейлі мәселелері хақындағы нормалары қоғамдық дамудың келешегіне сәйкес келмейтін конституцияның тұрақтылығын қамтамасыз етуден гөрі Конституцияны өзгерту халықтың түбегейлі мүддесіне барынша сай келеді деген байлам жасады.
1995 жылы Конституцияның қабылдану себептері
Жаңа конституция қабылдаудың Қазақстан халықтары Ассамблеясының екінші сессиясында жасаған баяндамасында Назарбаев ашып көрсеткен мынадай себептерін нақтылы атапкөрсеткен жөн.
Кеңестік Конституциялардағы сияқты1993 жылғы Конституцияда жерге айрықша мемлекет меншігі құқығы берілгенде, адамдардың санасына жердің мемлекет меншігінде болуға тиіс екені туралы түсініктің сіңгені сонша, бұл қағидаттан ауытқуды халықтың қабылдамай тастауы мүмкін екені ескерілгені мәлім. Әрі орасан зор алқаптарды сатып алуға кімнің шамасы келе қояжы дейсіз. Әлбеттежерге деген айрықша мемлекттік меншікті өзгеріссіз қалдыру нарық қатынастарының дамуына айтарлықтай кедергі келтіруі ықтимал балатын, бірақ сол кезде одан бірденбас тарту мүмкін емес еді. Халықтың сана — сезімінің біртіндеп өзгеруіне қарай нарық қатынастарының одан әрі дамуының барысында егер жұрттың тарапынан қолдыу тапса, онда Конституцияның тиісті қағидасын өзгерту арқылы нақты конституциялық шарттармен шектей отырып, жерге ішінара жеке меншік орнату туралы мәселе қоюға жағдай туды.
Конституциялық реформа сонымен қатар орыс тілінің мәртебесін айқындайтын қағиданы өзгерту үшін де қажетболды. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясында орыс тілінің ұлтаралық қатынастар тілі деп танылғаны мәлім. Бұл іс жүзінде мәртебесі жоғары әрі қоғамдық және мемлекеттік өмірдің барлық салаларында ресми қолданылып жүрген орыс тілінің рөлін төмендетуші еді. 1993 жылғы конституцияда дәйектелген мәртебе орыс тілін жеке адамдар арасындағы қатынастарда ғана қолданылатын тіл ретінде қарауға негіз беретін. Әрі бұл конституциялық қағида бүкіл әлемге танылған әр адамның басқалармен қатынаста тілді еркін таңдау құқығына да қайшы келетін. Ендеше Конституция бойынша, қарым — қатынас тілін мемлекет анықтайтын және ондай тіл орыс тілі ғана болып шығады.Сондықтан да, Назарбаев неше мәрте қайталап айтқандай, орыс тілінің шынайы мәнін ескере келгенде,оның конституциялық мәртебесіне өзгеріс енгізу мәселесі ашық қойылды.Орыс тілінің мәртебесін көтеру, оны қазақ тілімен қатар қызмет ететін тіл ретінде тану туралы ойды оның тіпті 1992 жылы айтқанын тағы да атап көрсету керек.
Азаматтық туралы мәселенің де өткір қойылғаны белгілі. 1993 жылғы Конституция негізінен дара азаматтық қағидасын белгілесе де, Республика аумағынан лажсыз кеткен республиканың барлық азаматтарына, сондой — ақ басқа мемлекеттерде тұратын қазақтарға ерекшелік жасалады. Егер тиісті мемлекеттердің заңдары тыйым салмаса, оларғатқос азаматтық алу құқығы берілді. Азаматтық хақында 1993 жылғы конституцияда орын алған мұндай айырмашылық азаматтардың теңдігі қағидатын бұзып келгені анық. Мұның мемлекетаралық қатынастарда кейбір күрделіліктер, сондай — ақ олардыңөздарі азаматтары болып табылатын екі мемлекеттің алдындағы міндеттемелерін орындауында да қиындықтар туғызуы мүмкін еді. Тегінде қос — азаматтық Қазақстан жағдайында жаппай сипат алса, егемендіктің түп қазығы — халықтың бірлігіне сызат түсіретіні де айқын көрінеді. Шындығына келгенде, егеменді мемлекет үшін оның түп негізі — азаматтары мәртебесінің екіұдайлығы туғызатын солқылдақтықтан асқан қауіп жоқ. Бұл мәселе Назарбаевтың назарына тыс қалып көрген емес. Ол конституциялық қағида өзгергенге дейін осы қате норманың идеясын бәсеңсіту хақында тиісті қадамдар жасап, оны өзгерту жөніндегі пікірін ашықтан — ашық мәлімдеді. Азаматтардың толық теңдігін қамтамасыз ету және Республиканың егемендігін нығайту қажеттігіне сүйеніп, әлемдік тәжірибені ескере келіп, ол ешбір бүкпесіз, ешбір ерекшеліктерсіз дара азамакттықты ғана тану қағидатын жақтап, халықтың келісімімен мұны Конституцияда бейнелеу керектігі жөнінде кесімді сөзін айтты.
Қазақ ССР — інің 1937 және 1978 жылғы Конституцияларымен салыстырғанда, Қазақстан Республикасының 1973 жылғы Конституциясы адам мен азаматтың құықтары мен бостандықтары жүйесін едәуір кеңейте түсті. Дегенмен, Жалпыға бірдей адам құқығы Декларациясының және 1966 жылғы халықаралық Пактілердің нормаларына толық сәйкестікке әлі де қол жетпеген еді. Адамның құықтары мен бостандықтарын одан әрі кеңейте берудің көкейкесті қажеттіліктеріне сүйеніп, Президент құқықтар мен бостандықтарын одан әрі кеңейте берудің көкейкесті қажеттіліктеріне сүйені, Президент құқықтар мен бостандықтардың мемлекеттен туындамайтын, олардың ажырағысыз сипатын, сондай-ақ бұлардың бастапқылығы жөніндегі мәнін қамтамасыз ету үшін құқықтар мен бостандықтардың күллі жүйесіне табиғи құқықтық тұжырымдамалық тұғыр қалау қажеттігін негіздеп берді. Ол Кеңес мемлекетінің тарихында ғана емес, сондай-ақ әлемнің басқа да көптеген елдерінің, соның ішінде жазғыштары әлемдік қоғамдастықты алдаусырату үшін өздеріндегі демократиялық негіздердің мінсіздігі мен мызғымастығы, барлық азаматтарының қолына алаусыз ұстатылғаны жайында шындыққа бергісіз аңыздар мен әфсаналарды бұрқыратқан елдердің тарихында да орын алған мемлекет органдары мен шенеуніктердің қарауларына қарай құқықтар мен бостандықтары өз ықтиярлармен кез келген шектеу мүмкіндіктеріне жол бермеуге ерекше ден қояды.
Жоғары өкілді органның құрылымын жетілдіру және оның құқықтық өкілеттігін айқындап беру де — пісіп — жетілген мәселе. Осы органның құқықтық өкілеттігін біршама өзгерткеннен кейін де оның бұрынғысынша бұлыңғырлау қалпында қалғаны жасырын емес. Сондықтан да бұл органның негізгі сипатына сай оның басты міндеті — заң шығару қызметімен шұғылдану екенін айқын анықтау талап етілді, соған қарамастан күні осы уақытқа дейін Парламент пен оның депутаттарының өкілеттіктері бұл қызметпен ғана шектеліп отырған жоқ, демек конституциялық даму барысында билікті бөлу арқылы оның белгіленген саладағы рөлін одан әрі арттыру бағытындағы құзыреті әлі де дәлдене түсуі шарт.
1993 жылғы Конституциялық жобасын әзірлеу кезеңінің өзінде-ақ Назарбаев және көптеген депутаттар мен жұртшылық Жоғарғы Кеңесте екі палата құру туралы мәселе көтерген болатын, дегенмен 1993 жылғы Конституцияда бұл мәселе шешілмей қалғаны мәлім. Бұл мәселе, сөйтіп, келесі Конституцияда шешімін табады.
Конституциялық реформаның қажеттігі Үкіметтің мәртебесі мен оның өкілеттігі туралы мәселені де күн тәртібіне қойды. Президент қызметінің тағайындалуына орай, әрі президенттік басқару нысанының орнығып, нығаюының барысында Үкімет мемлекет басшысы ретінде, сондай-ақ атқарушы билік басшысы ретінде Президенттің басшылығының аясына көшті. Дегенмен, өмір ағымы Үкіметке дербестік беру қажеттігін өктем талап етті.
Атқарушы биліктің тігінен сатыларын жасақтау проблемасы да мүлде басқа негіздегі конституциялық шешімін күткен еді. Ең алдымен, атқарушы биліктің құрылымыныдағы жергілікті атқарушы органдардың мәртебесін нақытлау керек болдв, себебі 1993 жылғы Конституцияда атқарушы биліктің жалпы жүйесіндегі жергілікті атқарушы биліктің орны дәл айқындалмаған еді. Жергілікті атқарушы органдардың түрлі буындарының басшыларын тиісінше Президент немесе жоғары тұрған атқарушы органның басшысы тағайындайтын. Дегенмен, Үкіметтің осы тағайындауларға қатысуы және олардың қызметіне басшылығы айқын шешімін таппай келді. Бұл жүйенің болбырлығы практикалық де салқының тигізбей қоймағаны анық, Үкімет тарапынан жергілікті атқарушы органдарға жасалатын басшылықты да күшейте алмағаны белгілі. Мұның өзі басында Үкімет тұратын біртұтас тіксатылы жүйенің буыны саналатын жергілікті атқарушы биліктің қызмет етуіне де кедергі келтірмей қойған жоқ. Ендігі жердегі міндет жергілікті органдарды қоса, күллі атқару жүйесін басқаратын орган ретінде Үкіметтің мәртебесін айқын дәйектеу арқылы атқарушы биліктің осы біртұтас құрылымының конституциялық негіздерін жетілдіре беруге сайды. Сот жүйесін реформалау мәселесі де өте маңызды болды.
Жаңа Конституция қабылдаудың басқа да себептері болған еді.
Прехидент Конституцияны үш таған иедясы: адам-азаматтық қоғам-мемлекет идеясына сәйкес құрудың маңызын негіздеп берді.
Осы үш таған бойынша, адам қоғам мен мемлекеттегі ең жоғары құндылық ретінде, құқықтар мен бостандықтардың кең көлемін иеленуші ретінде, әрі осы тағандардың үшеуінің де бастапқы элементі ретінде көрінеді. Үш тағанның екінші элементі — азаматтарды және олардың мемлекетке тәуелсіз бірлестіктерінің басын қосатын жеке меншікке негізделген азаматтық қоғам. Мұндағы үшінші элемент — халыққа қызмет етуге тиіс мемлекеттің өзі.
Үш таған туралы пікірді Назарбааев Қазақстан халықтары Ассамблеясының 1995 жылғы 30 маусымдағы екінші сессиясында айтты: «Жаңа Конституцияның сапалық өзгешелігі сол, ол «халық пен өкіметтің арасындағы толымды, әрі айқын, әрі шыншыл шарт ретінде ойластырылып, ұсынылып отыр конституция адам мен азаматтың, қоғамды (азаматтық) ұйымдастырудың, мемлекеттік жүйені құру мен оның қызмет етуінің әркімге түсінікті іргелі, жүйе құратын, басым элементтерін белгілейді» .
Оның үш таған туралы пікірі 1995 жылғы Конституцияға өзек болып тартылып, тұтас Конституцияның өзі және оның барлық негізгі нормалары, негізінен алғанда, адам мен азаматтық қоғамға және өзіміздің егеменді мемлекеттігімізге қарай айқын бағыт ұстауымызға жәрдемдесті. Конституцияда үш таған идеясының нақтылы бейнеленуін әңгімелегенде, Негізгі Заңымыздың бойынан үш таған эелементтеріне айқын бөлінген тараулардың (айталық, азаматтық қоғамға арналған арнайы тарау жоқ) табылмайтынын ескертеміз, алайда әлгі айтылған элементтерді түгелдей қамтыған осы идея Конституцияның ішкі қисынына толық өріліп тұр.
Президенттің жанындағы жа Конституцияның жобасы жөніндегі Сараптық-консультативтік Кеңестің мүшесі ретінде Конституция жобасының бірде-бір нұсқасының, бірде-бір бабының оның назарынан тыс қалмағанын айту — менің міндетім. Бастапқы жобаны әзірлеуге қатысқан, сондай-ақ Сараптық-консультативтік Кеңестің құрамында іс тындырған азаматтардың қызметін тіпті де төмендеткім келіп отырған жоқ, Конституциялық әр бабының дерлік астарында Назарбаевтың идеясы жатқанын айтуым керек.
1995 жылғы Конституциялық жобасы бойынша тоқтамды сөзін Қазақстан халқының өзі айтты. Жобаға үш миллионаннан астам азамат қатысқан 33 мыңдай ұжымдық талқылау өткізіліп, 30 мыңнан астам ұсыныстар мен ескертпелер түсті, Конституция жобасының 55 бабына 1100 түзету мен толықтыру енгізілді. Назарбаевтың идеясы және Қазақстан халықтары Ассамблеясы екінші сессиясының ұсынысы бойынша Конституция референдумда қабылданды. Халықтың нақ осы қадамы Републиканың бас құжатын мемлекеттік биліктің жалғыз ғана бастауы болып табылатын — халықтың өзі қабылдағанын, нақ сол бүкілхалықтық дауыс берудің өзі Конституцияны парламенттік немесе басқадай жолдармен қабылдауда орын алуы ықтимал іштей сөз байласу, топтық және жершілдік мүдде көздеу шығаратынын көрсетсе керек.
Ол «Конституция — Қазақстанның өркені мен өрлеуінің негізі» деген мақаласында халықтың жобаға білдірген, әрі бүкілхалықтық дауыс беру арқылы Конституцияда бейнеленген идеяларының ауқымы жөнінен алғанда, Конституцияның авторы Қазақстан халқының өзі екенін жазады. Мұның бәрі де рас. Дегенмен «Бірлескен автор» деген ұғымның бар екені де көпке аян. Конституцияның сондай лайықты Бірлескен авторларының бірі — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев екені де дау туғызбаса керек.
Нарық қатынастары мен демократияны ары қарай дамытудың жаңа міндеттерін ескеріп, ол 1998 жылғы қазандағы «Елдегі жағдай, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары: жаңа ғасырда қоғамды демократияландыру, экономикалық және саяси реформа» деген халыққа Жолдауында біздің қоғамымыз бен мемлекетімізді дамытудың жаңа бағдарламасын ұсынды.
Мұның өзі Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-ші бабына сәйкес жасалып отыр, оныда Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына жыл сайын «Елдегі жағдай мен Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы» Жолдау арнайтыны жазылған.
Жолдау мен оның мазмұны бүгінгі таңда экономиканы, мемлекеттік құрылысты дамытудың және қоғам мен мемлекет өмірін демократияландырудың жаңа міндеттерін терең пайымдауға негізделгенін атап көрсеткен орынды. Назарбаев демократияландыру жолындағы жаға бағытты елдегі осыған қажетті алғышарттардың пісіп-жетілуі талап ететініне баса көңіл бөледі.
Жолдаудың негізгі идеясы — еліміздегі және әлемдегі өзгерістерді Президенттің зер сала қадағалап, терең пайымдауының жемісі, әрі «Қазақстан 2030» кешенді бағдарламасының қағидалары мен Қазақстан Респубоикасы Констиуциясының демократиялық әлеуетін одан әрі дамыту мен нақтылау жолы.
Жолдауда экономиканы, қаржы жүйесін, шаруашылық жүргізу субъектілерін, тұтынушыларды қорғау,халықтың әлеуметтік қорғалуын күшейту, адамдардың әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі маңызды міндеттер өзара тығыз бірлікте қойылып отыр. Жолдауда демократияны ордан әрі дамыту проблемалары басты орындардың бірін алады.
Демократияны жетілдірудің таңдап алынған бағытына сәйкес адам құқығын қорғауды күшейту, азаматтық қоғамды дамыту, мемлекетті, оның тетіктерін жетілдіру, соның ішінде өкілді органдардың, әміресе Парламенттің және саяси партиялардың рөлін күшейту жөніндегі толып жатқан көкейкесті проблемалардың алдымыздан шығары даусыз.
Конституцияға сайлау жүйесін жетілдіру жөнінде , Президенттің өкілеттігі уақытынан бұрын тоқтатылған жағдайда биліктің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін Сенат пен Мәжілістің рөлін көтеру жөнінде, саяси партиялардың рөлін көтеріп, партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттар ретінде олардың өкілдерінің Парламентке қатысуын кеңейту жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нақтылы ұсыныстар жасады.
Оның ұсынысына сәйкес 1998 жылғы 7 қазанда «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды.
Қорытынды
1993 жылғы Конституцияның елеулі кемшіліктері болғанын айту керек, аса маңызды дерлік айқындамалары жағынан алғанда, ескі Конституцияның шырмауында қалып, кеңес мемлекетінің көнерген жорамалдарының бірталайынан арыла алмады. Назарбаев бұл кемшіліктердің қоғамдық дамуға едәуір кедергі келтіретінін түсінді. Қоғамның ілгерішіл бөлігінің көзқарастарын іске асыруға қол жеткізе алмағанын кейіннен Назарбаевтың өзі айтады. Бұл саяси кезеңнің сипатынан туындаған жағдай еді. Еліміз тәуелсіздік пен егемендік жолына енді ғана қадам басқан болатын.
Алдағы жылдары және ХХІ ғасырда демократияны кең ауқымда жан-жақты дамыту мәселелерінде ол алдағы жүз жылдағы адамзат дамуының аса маңызды бағыттарының бірі бүкіл әлемде демократияның салтанат құруы болады деп санайды. Бұл көкейдегі арман немесе игі тілек қана емес, ғылыми негізделген болжам. Бұл тұжырым түрлі ұлттық және халықаралық демократиялық институттардың сандық және сапалық көбеюіне, ішкі ұлттық, сондай-ақ алықаралық қатынастарда демократия қағидаттары мен идеяларының барған сайын белең алуына, адамдардың құқықтары мен бостандықтарының кеңеюіне, адамдардың сана-сезімінің артуына, барлық жерлерде халықтың рөлінің күшеюіне негізделеді. Қазақстан әлемдік қоғамдастыққа батыл кірігіп, ондағы өзінің тиесілі орнын алып отырған жағдайда Қазақстанның өзінде бүкіл қоғамдық және мемлекеттік өмірді демократияландыру бағытында «Қазақстан — 2030» кешенді бағдарламасын , онда белгіленген барлық экономикалық, әлеуметтік, саяси, соның ішінде демократияны жетілдіру міндеттерін ойдағыдай орындау жөнінде неғұрлым белсенді іс-қимыл жасау керек. Президенттің кезекті үшінші конституциялық реформаны жүзеге асыру жөніндегі аса маңызды бастамасы, міне осындай себептерден туындап отыр.
Жүргізілген конституциялық реформалардың мазмұнын талдаудан президенттік басқару нысаны белгілі бір аңыздағыдай диктатура орнату қаупін туғызбайды, қайта Пезиденттің өкілеттіктері әкімшілік негіздерді нығайтуға жұмсалмай, адамның жеке басының құқықтары мен бостандықтарын нығайту мен қорғауға және қоғам мен мемлекет өмірінің барлық салаларында дмократияны жан-жақты дамытуға бағытталады, сөйтіп демократияны одан әрі өрістету мүмкіндіктерін ашады деген қисынды ой туюге болады.
Олай болса Республиканың тұңғыш Президенті барлық Конституциялық реформалардың бастамашысы, оның иедяларының дем берушісі болды деп айтуға толық негіз бар. Оның Конституция жобаларын әзірлеу жөніндегі ауқымды қызметінің, Қазақстанды қоғамдық дамудың осы заманғы кезеңіне және прогресшіл, патриоттық , саяси күштердің, ғылыми жұртшылықтың, Парламент депутаттары мен бүкіл халықтың белсенділігін арттыруға сәйкес келетін Негізгі Заңмен қамтамасыз етуге кезелген табанды саяси ерік-жігері мен патриоттық ұмтылысының нәтижесінде біздің еліміз әлемдегі озық Конституциялардың біріне — адам мен азаматтың кең құқықтары мен бостандықтарының, дамып келе жатқан азаматтық қоғамның, демократияның егеменді мемлекеттің Конституциясына ие болып отыр.
ерден туындап отыр.
Қолданылған әдебиеттер
- Владимир Ким
Жасампаз жылдар. Алматы 2001 жыл
- 2. Табанов С.А, Оразова А.Ә
Күрделі заманның өтпелі кезеңдердегі қазақ қоғамы ата заңдарының (Конституцияның тарихи құқықтық сабақтастығы )
Алматы «Жеті жарғы» 136-166 бет 2005