Ахметова Айнұр.
РЕФЕРАТ
КОРЕЯ
Алматы экономика және статистика
колледжі.
АЭСК
2007
Сұрақтары:
1.Географиялық жағдайы , орналасқан
жері , валюта.
2.Табиғаты.
3.Халқы.
- Тарихы.
- Мелекеттік құрылысы.
- Климаты, өсімдігі, жануары.
- Шаруашылығы:
а) Өнеркәсіп
б) Шаруашылық
- Көрікті орындары, туризм.
Мазмұны.
Географиялық жағдайы.
Азияның шығыс бөлігіндегі Корей түбегіне және оның төңерегіндегіне 3300 шағын аралдарға орналасқан ел. Солтүстігінде Қытаймен және Сов. Одағымен шектеседі. Шығысысы Жапон теңізіне, батысы Сары теңізге ұласады. 220,8 мың км жерді алып жатыр. Халқы 46,2 млн. (1971).
Жапон отаршыларының езгісінен азат етілген (1945) К. жері уақытша 2 әскери аймаққа бөлінді: солт. Ендіктің 38- ының Солт. жағына Совет армиясы оң. Бөлігінде американ әскерлері орналасты. Халықтар. келісімнің шшімдеріне және корей халқының қарсылығына қарамастан, 1948 ж. августа оңт. Қ-да Корей республикасы аталған қуыршақ режим орнады. 1948 ж сент. Айында Корей Халық Демократиялық Республикасы (ҚХДР) құрылды. 1950. — 53 жж соғыстан кейін солт. К. мен Оңт. К. жерлері арасына демаокр. шеп белгіленеді, ол солт. ендіктің 38 маңынан өтеді.
Халқы. К. бір ұлтты ел; халқының 99%- і корейлер. Діні негізінен буддизм,оның ішіде синкретизмдік Чхондоге, Сичхонге секталарының ықпалы басым.
Республика халқының 1961- 70 ж. арасындағы орташа жылдық өсүі 2,6 пайыз болады. Халық ш – нда 6 млн. адам (олардың 30 пайызы өнеркәсінте, 40 пайызы а. шы — нда) еңбек етеді. Халықты 48,7 пайызы ерлер, 51,3 пайызы әйелдер.
Террмториясынан оңт. – бат. Бөлігі тығыз қоныстанылған Қала халқының үлесі 45 пайыз (1963);
Ірі қалалары – Пхеньян (қала маңы тқрғындарын қоса есептегенде 1 млн. адам, 1969), Чхонджин (210 мың), Хамхын (200 мың) Кэсон (139, 9 мың), Синыйджу (128 мың), Вонсан (122 мың).
Табиғаты. К- негізінен таулы ел. Елдің солт. жағына Корей таулары (Кымгасан, Хамген, Пуджоллен сияқты бірнеше таулармен жоталардан турад; ең биік жері Байтоушань вулканы (2744м) және Кяма (Кэма) таулы үстірті жайласқан . Шығысын Шығыс Корей таулары(Тхэбэк),Кенсан т.б жоталар) алып жатыр. Корей түбегінің бат. Жағалау ойпатты, жазық келеді . Геол құрылымы жөнінен К. жері Қытай- Корей платформасының құрамына кіреді. Жер қабаты негізінен докембрийлік граниттен, гнейстен және метаморфтық тақта тастардан түзілген. Қойнауы темір рудасына (100-ге тарта кен орындары ашылған , ірілері Муссан бассейінде шоғырланған ), полиметалға (қорғасын мырыш рудараларының маңызды кен орындары Комдок Хвапхен, Мунчхон,мыс рудасы Капсан,Сандон, Хучхап өңірлерінде) баи. Вольфрам (Самдон) , молибден (Кымгансан), хром (Йончхон), тас және қоңыр көмір кендері бар.
Кореи түбегінің теңіздік климаты елдің солтүстігінде континенттік және муссондық оңт. субтропиктік
Климатқа ауысады. Январдың орташа температурасы солтүстік жағында -21 С (тауда кеиде-30 С,-40 С баиқалады), оңтүстігінде 4 С. Ең жылы айының ( август кеиде июль немесе июнь ) орташа температурасы 22-26 С. Жауын шашынның Жылдық орташа мөлшері 700- 1500 мм . Солт. бөлігіндегі тауда қар жамылғысы пайда болады. Қ- да өзен торының жиелігі өте.
Мемлекеттік құрылысы. Қазіргі конститутциясы 1972 ж 28 Желтоқсанда қабылданған. Жоғары өкімет және бірден – бір заң шығарушы органы – халық 4 жылға сайлайтын бір палаталы Жоғарғы халық жиналысы (ЖХЖ ), ал сессиялар арасында ол сайлайтын ЖХЖ- ның Тұрақты советі.17 жасқа толған барлық азаматтарға сайлау правасы беріледі. Мемлекет өкіметтің жоғары басқарушы органы – КХДР президенті басқаратын орталық халық комитеті (ОХК).
Мемлекет өкіметтің жоғары әкімшілік атқарушы органы — Әкімшілік совеиін ЖХЖ сайлайтын примьер басқарады. Мелекет өкіметтің жергілікті органдары – халық жиналыстары. Олрды халық правициялар мен орталыққа бағынатын қалаларда 4 жылға ал правинцияларға бағынытын уездермен қалалар, аудандарда екі жылға сайлайды. Сот жуйесі орталық сот правициялық, орталыққа бағынатын қалық және арнаулы соттардан (әскери трибуналдар) құралады. Орталық сотты Жоғары халық жиналысының Тұрақты советі жргілікті соттарды — жергілікті халық жиналыстарын сайлайды.Әскери трибунал соттарын Орталық сот тағайындайды пракурутура органдары жуйесі Орталық прракурутура басқарады председателін ЖХЖ ал басқа прокурорларды Орталық прокуратура тағайындайды.
Тарихы. ҚХДР 1948 ж құрылды. Республика құрыла салысымен Корей халқы Жапон империялизмінің көп жылғы үстемдігі салдарынан артта қалған халық ш- н өркендетүге кірісті. 1949 ж . Халық ш-н қалпына келтіріп , онан әрі өркендетүді екі жылдық жоспарын қабылдады. Бұл жоспарда орындауда экономикалық және мәдени ынтымақ туралы келісімге сәйкес(1949ж. наурызда қол қойылған) Совет Оағы КХДР – ге едәуір көмек көрсетті. 1949 жылдың өзінде – ақ өнеркәсіптің Жалпы өнімі 1946 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам, ауыл шаруашылығының өндірісінің көлемі 50 пайызы ұлғайды. Ұлттық мәдениет жедел өсіп, ұлттық интелегенция қалыптаса бастады. 1949 ж маусым Корея Еңбек партиясы (КЕП) (Солт. және Оңт. К. Еңбек партияларының біріккен пленумының шешімі бойынш біріккен болатын) құрылып, елдегі саяси және экономикалық құрылысқа басшылық етті. Бір тұтас демократиялық отан майданы (БДОМ,1949 ж маусым да құрылған ) 1949 – 1950 жж Солт. Корея. өкіметі ұсынысты қабылданады. 1950 ж. 25 маусымда Оңт. корея әскері КХДР – ге қарсы соғыс ашты. АҚШ мұны пайдаланып , интервенция ұйымдастырды. СССР мен КХР- дың басқа да соц. Елдердің көменгімен КХДР басқыншыларға тойтарыс берді. Соғыс үш жылға (1950-53) созылды.Ақыры шапқыншылар 1953 ж. 27 маусымда келісімге қол қоюға мәжбүр болады. Халық шаруашылығы қалпына келтірүдің және дамытудың 3 жылдық жоспарына (1954 — 56) сәйкес соғыста бүлінген өнеркәс. орындары қалпына келтіріп, іске қосылады да,
өнеркәс. және а. ш. өндірілісі соғысқа деиінгі дәрежеге жетті . Бұл тұста КХДР — ге СОВ. Одағы мен басқа соц. елдер жәрдем жасады. 1958 ж. шаруалар шаруашылықтары түгел коперацияланды, халық ш. Барлық саласында соц.өндірістік қатынастар қалыптасты.
КЕП- нің 1956 ж сәүірде болып өткен 3 – сьезі елде социализмнің материалдық тех .базасын жасау программасын қабылдады. Программаның негізгі міндеттері 5 жылдық (1957 жылдан бастап) және 7 жылдық (1961 жылдан бастап) жоспарлар тұсында орындалды. Елдегі экономик. Және мәдени құрылыста КХДР – дің соц. ынтымақ елдерімен қарым қатынасы зор маңыз атқарды.