АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Көркемшығармадағы композициялық негіз және оны оқытудың жолдары

Көркемшығармадағы композициялық негіз және оны

 оқытудың жолдары

Нақ нұсқаны қою, қай тұстан отырғаныңды анықтау, параққа суретті дұрыс орналастыру, бері де композицияның негізгі бастаулары. Бұл сөз әдетте музыкалық шығармаларға арналғандай, бірақ мұнда кең ұғым бар. Түсініктірек болу үшін, бұл туралы нақтылай сөз етейік.

Жазушы роман жазғысы келді дейік. Болашақ дүниенің негізгі ойлары басында пісіп-жетілгенде, ол шығармасының жоспарын жасайды. Ол жоспары, жазушының ойындағы дүниелері бірлік пен бірегейлікке жеткенше, әрқайсысы өз орындарын тапқанша, талай өзгерістерге ұшырап, сан рет қайта сүзгіден өтеді. Содан кейін ғана ол көркем сөзге көшеді. Архитектор да белгілі бір ғимараттың жобасын сызбастан бұрын, оның сырт көрінісі мен негізгі пропорциясын анықтағанша, бірнеше эскиздер жасайды.

Міне, алдын ала атқарылатын осы шаруаларды жобалау немесе қарапайым түрде жоспарлау деп атайды. Бұл жоспарлаудың мақсаты — жеке нәрселерді (бөлімдерді) тұтас бір дүниеге айналдыру.

Композиция (латын тілінде «құрастыру», «тәртіпке келтіру» деген мағынаны білдіреді) — шығарманың құрылысы, оның негізгі бөлшектерінің орналасуы, оқиғалардың баяндалу реті. Суретшінің қолында композиция -көркем құрал. Ол композиция арқылы кейіпкерлердің мінез-құлқын, іс-әрекетін ашып бейнелеп отырған өмір құбылыстарын өз түсінігінше жеткізіп көрсетеді.

Композиция шығарманың құрылымы тұрғысынан мазмұнның неғұрлым айқын, нанымды, әсерлі шығуына жағдай жасайды.

Қарапайым тілмен айтқанда көркем шығарманың ішкі құрылысы толып жатқан бөлшектерден тұрса, композиция сол бөлшектерді өзара құрастырып, біртұтас етеді. Жұмысты бастар кезде композицияның орны ерекше, ал қалған салалары соған байланыстылығын ұмытпаған жөн. Сондықтан да суретші, нақ нұсқаны қойып, өз орнын белгілеген соң, салынар суретті қағаз бетіне қалайша әсерлі орналастыруды ойластырады.

Композицияның негізгі талабы – шығарманың көркемдік бірлігін табу. Шығарма авторы сурет, кескіндеме, роман, пьеса, симфония, т.б. болсын, солардың жекелеген бөліктерін біріктіріп, тұтас бір әсер беретіндей ету немесе әр қилы дүниелерден ортақ бір композициялық ойға бағындырылған шығарма жасау. Бұл үшін суретші алдымен композицияның орталық нүктесін табу керек. Композицияның қалған бөліктерін соған байланысты құрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Композициялық орта

Көрерменнің көзіне бірден түсетін, көлемі жағынан үлкен немесе көп орын алмайтын, бірақ назарды бірден өзіне аударатын, шығармадағы сәулелі немесе күңгірт тұсты, өзінің айналасындағы ортадан айшықталған, автордың қалауымен ерекшеленген ортаны композициялық орталық (бір немесе бірнеше заттардың тобын) деп атаймыз.

Композициялық орталықты қандай тәсілмен анықтау әр суретшінің өз қалауы. Кейде кейбір картинаның шебер де, нәзік орындалғаны сондай, композициялық орталықты табу оңайға түспейді. Ешқашан да картинаның композициялық орталығын оның геометриялық орталығымен топтастыруға болмайды. Көп жағдайда сәйкес келеді де. Сондай-ақ композициялық орталық тақырыптық орталықпен де қабыса бермейді. Ал геометриялық, композициялық, тақырыптық орталықтардың бір жерден шығуы сирек құбылыс. Мұндай қабысудың классикалық үлгісінен мысал келтірейік.

XVI ғасырда Италияда әлемнің ұлы суретшісі Леонардо да Винчи өмір сүріп, жұмыс істеді. Бірнеше жылдар бойы ол «Құпия кеш» атты үлкен картина — фреска жасаумен айналысты.

Діни болжам бойынша бұл Христостың өлімінің жақындағанын сезген соң, соңғы рет шөкірттерін жинап сұхбат қүру сәті еді. Леонардо да Винчи үшін фрескадағы тақырыптық орталық — Христос түлғасы. Бұл бейнені жасауға ол бірнеше ай шамасында еңбектенеді. Леонардо фрескасының қатаң да ұлы қарапайымдылығын айшықтау үшін оны симметриялық тұрғыдан орналастырған еді. Христостың тұлғасы картинаның математикалық ортасында қалды.

 

Композициядагы тепе-теңдік

Композициядагы теңсіздік

Төбе мен қабырғалардың түзу де, анық сызықтары, перспективалық түйісу де сол орталық бейнеде қиылысады. Мазасызданған шәкірттерінің толқын тәрізді қимылдарының бағыттары да көрермен назарын орталыққа түйістіреді. Сөйтіп, Христос тұлғасы бұл жерде тек тақырыптық және композициялық қана емес, сонымен бірге фресканың геометриялық орталығы болып табылады.

Біз бүкіл әлемдік көркемөнерде осыншама ойлы композициялық құрылымы дамыған, орындалу жағынан кристалдай таза және кереметтей қарапайым пішінді өзге мысалды білмейміз.

Композиция суретші үшін негізгі мақсат емес екенін ескеру қажет, өйткені композицияның негізгі мұраты -суретшінің идеялық ойын көрсету. Осыдан композициялық орталық көркем шығарманың композициялық құрылымының түйіскен жері ғана емес, сонымен қатар, шығарма мазмұнын анық көрсетуге қызмет етуі керек.

Композицияның өрнектелу күші композициялық орталық бір уақытта тақырыптық орталық болған кезде арта түспек.

Сонымен, қандай да тақырыпты суреттің компоновкасын бастау, оның композициялық орталығын табудан басталатынын қайталап айтамыз. Суретте композициялық орталық не болатынын ойша болжағаннан кейін, сол зат немесе дененің шамамен сұлбасын, орнын қағаз бетіне түсіру керек. Өзге жұмыс осы нүктеден таралып, біздің қарындашымыздан туындаған, қалған сурет сол орталыққа бағындырылады.

Суреттегі денелердің көлемі, пішіні және орналасуы, композициялық орталық деп саналатын заттың немесе тұлғаның көлеміне, пішініне және орналасуына көп тәуелді. Бұл тәуелділікті композициялық ырғақ деп атауымызға болады. Бейнелеу өнеріндегі композициялық ырғақ, музыкалық шығармадағы ырғаққа ұқсас, әрі пайда болған дыбыс, өзінен бұрынғы дыбыстың табиғи жалғасы. Осынау дыбыстардың сан түрлі гаммасы бірігіп, жалпы үндескен гармонияға ұласады. Жалғыз жалған нота осы бірлікті бұзған уақытта гармония ыдырап, берекесі кеткен дыбыстарға айналады.

Өйткені, қандайда көркем шығарманың композициялық орталығы оның басты бөлімі болғандықтан, яғни бір суретте екі немесе бірнеше композициялық орталық болуға тиіс емес. Неге десеңіз, олар бір-біріне кедергі жасап, композициялық орталықтың көрерменге әсерінің күшін жояр еді.

Суреттегі композициялың ырғақ композициялық орталықтың басқа бөліктерімен арасындағы байланысқа ғана емес, сол бөліктерінің бір-бірімен байланысына да тәуелді. Композициядан алатын толық есер, оның құрылымының қалыптасуында. Суретші өз шығармасында жекелеген заттардың орнап асуымен олардың бір-бірімен тығыз байланыстыруын қамтамасыз ету шеберлігінде немесе химиялық реакция кезінде жекеленген элементтердің бір-біріне байланысуы арқылы құрамы бір текті мүлдем жаңа заттың пайда болуы сияқты құбылыс.

Композициялық құрылымның дайындап қойған нұсқасы өмірде жоқ және болуға да тиіс емес, өйткені композициялық комбинацияның сансыз түрін санау тұрмақ, ойша елестетудің өзі қиынға соғады. Мысалы, барлық шахматтың комбинацияларын, бір партия ойында санау және болжау мүмкін емес сияқты. Міне, суретшіде де шығармашылық жігер мен тақырыптық және ұшқыр ойлы қасиеттер болуы керек. Себебі композициялық құрылым, негізінен картинаның мазмұнына тәуелді және ешқашан да үйретуге болмайтын ішкі сезімге негізделген. Композицияның жалпы ережелері, жас талапкердің үлкен қателіктерге ұрынбауына көмектеседі.

«Суретші ең қызықты да, маңызды дүниелерді өзі бақылап үйренбейінше, композиция құруды да үйрене алмайды» (М. В. Крамской). Әсіресе алғашында өз бетімен көңілде түйген дүниелерден ойша композиция құрып үйрену көп көмектеседі.

Ал, кейбір шығармаларда тек табиғат көрністері мен құбылыстарын сипаттап-ақ сол дәуірдің, заман ағымының тыныс-тіршілігін көрерменге жеткізіп, ілікті ой тудырған. Олардың жұмыстарында адам көбінесе көмекші, толықтырушы ретінде кескінделеді. Шығарманың айтар ойын ашатын немесе композициялық орталығы көпшілігінде табиғат денелері (ағаш, жартас, қамыс, т.б.), кейде түрлі аң-құстар болып келеді. Мұндай суреттер көбінесе ежелгі қытай, жапон, корей өнер шеберлерінің туындыларында көптеп кездеседі.

Ендігі сөз, осы атап өткен композициялар қандай негізде құралады, соған келейік. Кең танымал картиналар мен суреттердің көпшілігі үшбұрышты негізде құралған. Негізгі бөліктері ойша үшбұрыш болып құралып, орталық солардың жоғарғы ұшына немесе ортасына орналасқан кезін композициялық үшбұрыш деп атаймыз. Олар түзу немесе қисық бұрышты болып, ұштары не жоғары не төмен бағытталып, бүйірінен жатып немесе тіп-тік орналасуы мүмкін. Сонымен қатар, композиция мұқыл бұрышты, кейде өзге геометриялық фигуралар түрінде де (шеңбер, рома, трапеция, т.б.) құрылады. Сондай-ақ құрылымның негізі болып бірнеше параллель, тік немесе көлденең сызықтар қандай да бір иілгіш дене арқылы байланысқан күйде қызмет етеді. Ең соңында композицияны белгілі бір геометриялық денелерге сүйенбей-ақ, әртүрлі имек, қисық сызықтар негізінде де құруға болады.

Композициының негізгі принципі

 

Композициялық бірлік суретшінің зат көлемдері мен сызықтарды қалай таратуына, олардың кескіндерін және суреттегі орындарын қалай белгіленгеніне ғана тәуелді емес, сонымен бірге жарық пен қараңғы тұстардағы бейнелерді қалай орналастыруына да байланысты.

Суретті салу барысында, суретші жарық және қараңғы бейнелердің орналасуын жарық пен көлеңкенің таралуын барынша жақсы ойластыруы керек. Өйткені ең соңында композициялық бірлік осыларға байланысты.