Қорқыт
Қорқыт ата — атақты ақын , асқан күйші ,аңыз кейіпкері.
Тарихи деректер мен халық щежіресі бойынша , Қ-тың анасы
қыпшақ тайпасынан , әл әкесі Қарақожа оғыздардың Қамы
(Қайыспас)деген атасынан шыққан.Сондықтан Қ. оғыз бен қып-
шақтар арасында бірдей кемеңгер ел ағасы болып өткен.Ватикан
архивінде Қ. туралы “Расул пайғамбар заманына жақын кезде 7-8
ғасырларда Баят (Сырдария) бойында Қорқыт ата атты бір ер бо-
лыпты.Оғыз ішінде барлық уәлаятты ол өзіне қаратып , неше түр-
лі ғажайып сөздер сөйлеуші еді. Қорқыт атаоғыз қауымның мүш-
кіл хәлін сөйлер еді. Әрине іс болса, бәрі оның алдына келіп кеңес
сұрап, ол не бұйырса соны қабыл етер еді”деген дерек бар.Жазба
ескерткіштердегі деректер бойынша Қ. жыл жасаған қарт даныш-
пан. Қ. өз өмірінде үш хан тұсында уәзірлік қызмет атқарған.Тар-
ихта Қ. ықпалында болған Инал, Көл-Еркен, Қаңлықожа деген хан
аттары аталды. Ал бұл хандардың Жетісу (Алмалық, Ыстықкөл),
Талас,Сайрам,Қазығұрт,Қаратау,Сыр бойы,Орт.Қазақстан (Ұлытау
Кішітау,Есіл,Нұра,Сарысу),Торғай өлкесі, Ертіс бойы мен Алтайда
әкімш. құрғандығы тарихтан белгілі. Қ. осы тұста әлеуметтік жора
(заң) негізін жасап, оны: ата-баба жасаған мекенді ұйық деп білу,
оны сыртқа жау шабуылынан қорғау, жер-суды белгілі тәртіппен
пайдалану, дау-жанжалды ақылмен шешу, кінәлі болған адамды жазалалу сияқты салаларға бөлді. Сондай-ақ халық әскерді сапқа
тұрғызғанда ортасын алқа-қотан етіп, екі қанатын оң қол, сол қол-
ға бөлу, халық жиналыстарда тәртіппен отыру, ас-той үстінде мү-
ше беріп, шүлен таратқандағы тәртіптердің бәрін де Қ. жасаған
аталық заңға (жораларға) жатқызады. Ел аузында <<Қ. айтты>>
деген мәтелдер жиі кездеседі. Мыс., <<Ескі мамық бөз болмас,
Кәрі дұшпан дос болмас. Өлген кісі тірілмес>>. <<Шөлді жердің
жердің отын киік білер, Сулы жердің қадірін құлан білер, Ұзақ
жолдың сырын түйе білер, Шытырманды тау қойнауын түлкі
білер>> т.б Ел аузындағы аңыздарға қарағанда, Қ. асқан күйші ға- на емес, қазақ музыкасының, ән-күй өнерінің атасы. Оның шын мәніндегі күйші-композитор болғандығын ел ішінде ел сақталған
<<Қорқыт күйі>>, <<Қорқыт сарыны>> атты муз. шығармалары
дәлелдейді.Қойлыбай бақсы, Нысан абыз, Мекеш бақсы,Найман
бала жырларында Қ. аты олардың ұстаз-пірі ретінде жиі аталады
мыс., <<Жыраудың үлкен пірі Қорқыт ата, бата алған барлық бақ-
сы асқан ата. Таң қалып жұрттың бәрі түрады екен,Қобызбен Қор-
қыт ата күй таратқанда>>,- деген жыр тармақтары мұра қалдыр — ған Қ-тың атын халық ғасырлар бойы жадында қастерлеп келген —
дігін аңғартады. Қ-тың әдеби-муз. мұрасы тек қазақ халқының ға –
на емес, бүкі түркі тектес халықтарға ортақ асыл қазына (қ.<<Ки –
би дәдем Қорқыт>>). Оның мазары соңғы екзге дейін, Сырдария
өзенінің жағасында сақталып келді (қ.Қорқыт мазары).Қ. ел аузы-
нда таралған, аңыздарда өлімге қарсы күресүші, өлім дегенді біл –
мейтін, иәңгі жасайтын өмір іздеуші ретінде суреттеледі. Аңызда
Қ.желмаяға мініп алып, өлмейтін жер іздеу үшін дүниенің төрт бұ-
рышын түгел аралайды. Бірақ оның алдында шыққан көк майса
<<қуарып солдым>> деп, аспанмен тілдескен асқар тау <<Бұрын
сәулетті едік, мыржырайып біттік>> деп мұңайяды. Жапырағы
сарғайған қара орман қайғымен басын шайқайды. Ол қайда барса да, көр қазып жатқандарға кездеседі. Қ. өлімге қарсы ем іздеуге
әрекеттенеді, бірақ ол еңбегінен де ештеме шықпайды. Соңында
<<Өлмейтін нәрсе жоқ екен>> деген қорытынды жасап, өмірінің кейінгі кезін қобыз тартумен өткізеді. Өлмеуді, мәңгі өмірді қобыз
үнінен іздейді. Негізінде, өлімге қарсы күрес ислам дінінің жора –
ларымен сыйыспайды.Сондықтан аңыз Қ. атына байланысты айт –
тылғанмен оның шығу, таралу тарихы түркі халықтарына ислам
діні тарамай тұрған кезге саяды.
Сол сияқты шумер халқының атақты дастаны <<Ғылғамыш>>
(<<Гильгамешь>>) пен Сібір түркі халақтары арасында кең тара –
ған <<Ерлікхан>> әңгімесінде де Қ. туралы аңыздағыдай өлімге
қарсы күрес суреттеледі.
Қорқыт Мазары
Қорқыт мазары шамамен 9-11 ғ-да Қорқытқа тұрғызылған күм –
без. Қазыргі Қызылорда обл., Қорқыт т.ж. ст-сынан 3 км жерде.
Қ.м-ның жалпы жобасы дөңгеленіп келген (6-8 қырлы), күмбезді.
Мазарды 19 ғ-да Ә.А. Диваев пен И.А Кастенье зерттеді.Құрылыс
материалы-шикі кірпіш.Күмбезінің ішікі еңсесі уық саласына ұқ-
сас, ал қабырғалары кереге өрнекпен нақышталған. Қорқыттың
сүйегі қойылған сұпының аяқ жағы мазардан сыртқа шығып жат –
қан. Диваевтің жазуына қарағанда 19 ғ-дың аяғында Қорқыттың
сүйегі басқа жерге көшірілген.