ЖОСПАР
КІРІСПЕ
- КОРПОРАЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫ
1.1 Нарықтық экономика жағдайындағы негізгі капиталды тиімді пайдаланудың мәні, құрылымы мен жіктелуі
1.2 Құрылыс материалдар өнеркәсібінің негізгі құралдарының ұдайы өндірісі
1.3 Негізгі құралдардың пайдалану тиімділігін бағалаудың әдістемелік негіздері
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ
КІРІСПЕ
Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.
Қазіргі экономика – бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы: нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.
Бұл мәселелерді шешу үшін корпорацияды тек қана техникалық потенциалмен қамтамасыз етіп қоймай сонымен қатар оларды пайдаланудың тиімділігін көтеру қажет.
Өнім өндірісі және қызмет көрсету процессінде келесі экономикалық ресурстардың түрлерін пайдаланылады: табиғи ресурстар (жер, сулы және тоғайлы, жер қойнауы); еңбек ресурстары (адамдар және олардың қызмет көрсету және тауарларды шығару мүмкіндігі); өндіріс қорлары (өндірістік ғимараттар, құрылыстар, станоктар, тасымал құралдары, материалдар, шикізат, энергия, запас бөлшектер және т.б.), адамдардың кәсіпкерлік қабілеттілігі.
Өндірістің заттанған құралдары корпорация капиталы деп аталады. Капитал өндіріс құралы ретінде өнімді шығаруға қатысатын, бірақ өндіріс процесінде олардың функциясы бойынша ажыратылатын еңбек құралдары және еңбек заттары болып бөлінеді.
Еңбек құралдары негізгі өндірістік қорлардың заттай мағынасын құрайды, яғни негізгі капиталды, ал еңбек заттары айналым капиталын құрайды.
Негізгі қорлар өндіріс сферасында қызмет етеді және республиканың ұлттық байлығының басты бөлігін құрайды. Олар республиканың, корпорацияның техникалық потенциалын анықтайды, олардың құрамының сапалығынан және жағдайынан өндірістің өсу қарқынымен өсуі байланысты. Республика экономикасының басты орнықтырушысы — өнеркәсіпті тұрақтандыру тенденциясының қалыптасуы. Өнеркәсіпте жеделдете кері холдингтеу және технологиялық өзара байланысты және бәсекелік қабілеті бар өнеркәсіптік топтар құруға кірісу керек. Мұнсыз дүниежүзілік рынокта бізде болашақ жоқ. Өнеркәсіпті басқарудың қазіргі баспалдақты құрылымдары мен жүйесі нарық талабына сай келмейді. Сондықтан да оны өндірістің өнімділігін, тиімділігін қамтамасыз етуге тұтынушылардың, өнім берушілердің, өнер тапқыштардың және тағы басқалардың әралуан талаптарын қанағаттандыратындай етіп қайта құру қажет.
Нарықтық жағдайда корпорация меншік формасына байланыссыз өзінің меншілігінің, амортизациясының, пайдасының, кредиттерінің есебінен құрал-жабдықтарды алады, цехтер салады. Өндіріс тиімді болу үшін, ол негізгі өндірістік қорларды құруға және сатып алуға жұмсалған қаражаттар бекерге жоғалтылмауы үшін негізгі қорлар толық және тиімді пайдалануы қажет. Корпорация негізгі қорларын қалай пайдалануына қарай олардың пайдасы байланысты болады, демек корпорацияның ары қарай дамуы да осыған байланысты.
Осыдан дипломдық жұмыс тақырыбы «Корпорацияның негізгі капиталын пайдалануда жақсарту жолдары» таңдалады. Пайдалану анализі және негізгі қорлар есебінің мәселесіне келесі Ресей экономист ғалымдардың И.С. Степанова, Л.А. Виногоров, Г.В. Снитко және тағы басқа жұмыстары, Қазақстанның О.Окаев, Т. Ашимбаев , С.К. Хамзин және тағы басқа экономист ғалымдардың жұмыстары арналған, олардың еңбектері осы жұмыста тақырыпты ашу үшін пайдаланған. Осы ғалымдармен негізгі қорлардың есебі және анализі облысында теориялық және методологиялық сұрақтарға айтарлықтай еңбектерін енгізген.
Еліміздің Президенті ел басы Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы 2 наурыздағы жолдауында “Экономикасы бәсекегеқабілетті 50 мемлекеттің қатарына ену”, “Қазақстанның индустриалды-инновациялық стратегиясында” атап көрсетілгендей Қазақстанның болашақта экономикасын мықты дамыту жоспарлары жасалуда, ал бұл жоспарлар нақты істерсіз жылжуы мүмкін емес.
Қазақстан қарапайым технологияларды қолданатын ел қатарынан шығып, дамыған прогрессивті технология қолданатын елге айналуы үшін экономикалық қуатын арттыруы керек. Осы және көптеген басқа реттеуге келетін факторларды қолдану (сыртқы байланыстарда белгілі мемлекеттерге ерекше назар аудару , құрылымдық саясат, интеграциялық процестерді күшейту арқылы сыртқы күштерге қосылу) экономиканы тұрақтандыруға, Қазақстанның дамуына және өркендеуіне жеткілікті шарт болуы мүмкін [1], [2].
Жазылып отырған жұмыстың мақсаты — жалпы корпорацияның нарық жағдайында негізгі капиталдарды пайдалану тиімділігін талдау жүргізу және алдағы уақытта жоғарылату. Зерттеу объектісі — “Жамбылгипс” АҚ-ның мысалында тиімділігін жоғарлату болып табылады. Яғни, оның келешекте экономикалық нәтижелігін дамытып, арттыруға негізделген әдістер, шаралар анықталады. Дипломдық жұмыстың міндеті – пайдаланылған негізгі құралдардың талдауын жасап, кеткен қателерді анықтап оның тиімділігін арттыру жолдарын анықтау, жөндеу шаруашылығының тиімділігін есептеу.
Жұмыстың бірінші тарауында: негізгі қорлардың жіктелімі, құрамы және құрылымы зерттеледі. Қазіргі жағдайға негізгі қорлардың мағынасы және мақсаттары келтірілген. Негізгі қорлардың амортизациясы оның біртіндеп қалпына келу процесі ретінде зерттеледі. Корпорацияның негізгі қорларының әр түрлі бағалануы қарастырылады.
Жұмыстың екінші тарауы талдау жасауда және дипломдық жұмысты жазуда база ретінде пайдаланылатын «Жамбылгипс» АҚ негізгі қорларын талдауға арналған. Талданып отырған корпорация қызметін толықтай көрсету үшін екінші тараудың бірінші бөлігінде оның экономикалық жағдайын сипаттайтын барлық технико-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізіледі. Корпорацияның 2 жылдық мәліметтерін пайдаланып олардың абсолютті өзгеруін, көрсеткіштердің өсу темпін, оларды тиімді пайдалануды және т.б. анықтауға болады. Корпорацияның дамуына байланысты болатын оның техникалық мүмкіншілігін тереңірек зерттеу үшін, олардың пайдалануындағы әлсіз жақтарын шығару үшін, негізгі қорлардың барына және қозғалысына, техникалық жағдайына талдау жүргізіледі. Негізгі қорлардың тиімді пайдалану көрсеткіштерінің талдауы, олардың ішінде бізде негізгі қорлардың қорқайтарым және қор сыйымдылық көрсеткіштері бар.
Жұмыстың үшінші тарауында корпорацияның негізгі қорларын тиімді пайдаланудың негізгі жолдары және бағыттары келтірілген. Оларды пайдаланудың талдауын және есебін жүргізуді жетілдіру. Корпорацияның негізгі қорларының активті бөлігін құрайтын және оларды тиімді пайдалануды арттыру корпорацияның экономикалық жағдайын жақсартуға және оның дамуына алып келетін талданатын корпорация үшін құрылыс техникасын дамыту мүмкіншіліктері және сатылары қарастырылады.
Жұмыстың методологиялық негізгі болып корпорацияда негізгі қорлардың есебі және талдауы сұрақтарын қамтитын мөлшерлік, заңдылық, арнаулы, кезеңдік әдебиеттер табылады.
1 КОРПОРАЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
- Нарықтық экономика жағдайындағы негізгі капиталды тиімді пайдаланудың мәні, құрылымы мен жіктелуі.
Корпорацияның негізгі белгісі – оның меншігінде, шаруа жүргізуінде немесе жедел басқаруында жекешеленген мүлкінің бар болуы. Ол корпорацияның қызмет етуінің материалды-техникалық мүмкіндігін, оның экономикалық сенімділігін және дербестігін қамтамасыз етеді. Белгілі бір мүліксіз ірі, кіші корпорациядар немесе жеке кәсіпкерлер өзінің қызметін жүзеге асыра алмайды.
Негізгі қорлар – бұл өзінің құнын бөлшектеп жоғалтатын және ұзақ кезең бойы натуралды қалпын өзгертпей сақтайтын материалды заттай құндылықтар.
Негізгі қорлардың кеңейтілген қайта өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты олар өндірістік және өндірістік емес негізгі қорлар болып бөлінеді.
Өндірістің әрбір процесі өндіріс қорларының қатысуымен жүзеге асырылады, олар келесідей болып бөлінеді:
- Еңбек заттары (материалдар, шикізаттар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар);
- Еңбек құралдары (станоктар, машиналар және т.б.).
Еңбек құралдарын басқару нәтижесінде адам еңбек затына тікелей әсер етеді және өндіріс үрдісіндесінде еңбек өнімін шығарады.
Еңбек үрдісінде ресурстарға және оларды тұтыну қатынасынан көпшілігінде шығарылатын өнім көлемі, олардың сапалылығы, жұмысшының оның жанұясының пайдасы және өмір сүру деңгейі, ал ақырғысында ел халқының терең экономикалық дағдарысын анықтайтын бірден-бір себеп болып адам өмірінде бағаның көтерілуі ресурстардың тиімсіз пайдалануы табылады.
Ресурстар болып жоғарыда айтылғандай мемлекет оның әкімшілік орталықтары, корпорациядар, қоғамдық ұйымдар, мекемелер, жанұя, жай адам иемденетін өндіріс құралдары, барлық мүмкін байлық қорлары, құндылықтар табылады. Ресурстар материалдық, адамдық, қаржылық және табиғи болып бөлінеді. Осы жұмыста олардың ішінен біріншісі қарастырылған.
Негізгі қорлар – бұл еңбек құралдарына заттай айналған өндірістік қорлардың бөлігі, ұзақ кезең бойы өзінің натуралды формасын сақтайды, өнімге өз құнын бөлектеп ауыстырады және тек қана бірнеше өндірістік циклдарды жүргізгеннен кейін өтеледі.
Ресурстарды негізгі және айналымға бөлудің негізіне өндірісте жүргізетін, және өз құнын шығарылатын өнімге, қызметке ауыстырудың әр түрлі сипатына әр мәнді принцип қойылған. Негізгі қорлар өзінің әлеуметтік мәніне қарай меншік объектісі болып табылады және тұтынушылық құн, пайдалы заттар, сонымен қатар еңбекте тұрып қалған құн секілді натуралды түрде көрінеді.
Құрылыс корпорациядарының негізгі қорларына келесілер жатады: жылжымайтын мүлік (жер бөлімшелері, ғимараттар, құрылыстар және т.б. жылжуы мүмкін емес жермен байланысты объектілер), көлік құралдары, құрал-жабдықтар, өндірістік және шаруашылық инвентарь, арнайы инструменттер және басқа да құрал-жабдықтар (библиотекалық қор, музей құндылықтары, тірі әлем экспонаттары және т.б.) [3].
Құрылыс корпорациядарының негізгі қорлары олардың материалды-техникалық базасының негізін құрайды, олардың өсімі және жетілуі өнімнің сапасын көтеруінің және бәсеке қабілеттілігінің негізгі шарты болып табылады.
Негізгі қорларды көптеген өндірістік циклдар ішінде пайдаланады, олар біртіндеп тозады, қасиетін және қалпын сақтап өзінің құнын жаңа шыққан өнімге ауыстырады.
Негізгі қорларға қарағанда айналым қорлары бір өндірістік процеске қатысады және өзінің құнын шыққан өнімге толықтай ауыстырады (мысалға, құн өзінің құнын жаңа пайда болған өнім-нанға толықтай ауыстырады).
Материалды активтер сатып алыну мақсатына байланысты негізгі қорлар есебінде, құрамында, тауарлы-материалдық қорларда немесе қаржылық инвестицияларда көрінеді, ал қайта сату мақсатымен сатып алынған болса – тауарлы материалдық қор құрамында; ұзақ уақыт бойы қаржы салу мақсатымен сатып алынған болса қаржылық инвестиция болып көрінеді.
Негізгі қорлар өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты төмендегілерге бөлінеді:
— өндірістік – бұл өндіріс процесіне тікелей қатысатын немесе оған жағдай жасайтын негізгі қорлар. Оның құрамына өндірістік ғимараттар және құрылыстар, машиналар және құрал-жабдықтар, өлшейтін және бақылайтын құралдар және жабдықтар, лабораториялық құралдар, көлік құралдары, өндірістік және шаруашылық инвентарь, инструменттер, көпжылдық отырғызулар. Негізгі өндірістік қорларды пайдалануды сипаттайтын экономикалық жалпылығын көрсеткіш болып қорқайтарым табылады, ол натуралды немесе ақша өлшеміндегі негізгі қорлардың бірлігіне өнім өндірісін сипаттайды;
— өндірістік емес – тұтынуға белгіленген негізгі қорлар. Олар өндіріс процесіне қатыспайды, корпорация жұмысшыларының мәдени-тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған.
Тәнділігі бойынша негізгі қорлар келесідей бөлінеді:
— меншікті – ол субъектке тиесілі және оның балансында болатын негізгі қорлар;
— арендаға алынған – ол басқа бір субъекттен аренда шартымен белгіленген бір мерзімге алынған негізгі қорлар. Ағымды аренда кезеңде оны аренда берушінің балансында болады, ал арендаға алушы шотында 001 «Жалға берілген негізгі қорлар» көрсетіледі. Арендаға берілген негізгі қорлар қатарына ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі қорлар жатады, егер арендаға алушы келісім шартта белгіленген сатып алу құнын аренда уақыты біткеннен кейін немесе бітпей тұрып өткізсе, онда ол аренда алушының меншігіне өтеді. Оларды сәйкесінше 121, 122, 123, 124, 125 субшоттарда «Ұзақ мерзімді жалға берілетін негізгі қорлар» есептейді.
— қозғалыстағы — өндірісте және шаруашылық қызметте пайдаланылатын негізгі қорлар;
— тоқтап тұрған – уақытша пайдаланылмайтын негізгі қорлар;
— запастағылар – қозғалыстағы негізгі қорларды жөндеуде, аварияда немесе жойылып кеткенде ауыстыруға арналып қойылған негізгі қорлар.
Заттай құрамына байланысты негізгі қорлар:
— мүлікті – заттай құрамы бар объектілер (ғимараттар, құрылыстар, машиналар, құрал-жабдықтар);
— мүліксіз – жерге, тоғайлық және сулы жерлерге (құрылыстардан басқа) капитал салымдары, яғни заттай формасы жоқ шығындар (жер учаскілерін жоспарлау, жалға алынған негізгі қорларға капиталдық шығындар және т.б.).
Өндірілген өнім және көрсетілген қызмет қай экономика саласына және қызмет түріне жатса, соған қатысқан негізгі қорлар сол экономика саласына және қызмет түріне жатады.
Негізгі қорлар жасайтын функциясына және мақсатты белгілеуіне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:
- Жер – субъекттің меншік құқығымен сатып алынған жер көлемі және құны. Жерге деген меншік құқығы «Жер учаскесіне меншік құқық актісі» мен бекітілуі тиіс. Инвентарлы болып жер бөлімшесіне меншік құқығы актісі берілген әрбір жер саналады.
- Ғимараттар – еңбекке жағдай жасау, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, баспана және материалды құндылықтарды сақтауға арналған архитектурлы-құрылыстық объектілер. Инвентарлы объект болып әрбір бөлек тұрған ғимарат саналады.
- Құрылыстар – еңбек затын өзгертпейтін қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыру үшін арналған инженерлі-құрылыстық объектілер (шахталар, мұнай және газ скважиналары, платиналар, эстакадалар, мосттар).
Мүкаммалар (инвентарь) болып әрбір бөлек тұрған құрылыс саналады.
- Өткізгіш құрылғылар – электро, жылу және механикалық энергияны тасымалдауға арналған құрылғылар (электроөткізу линиялары, жылу желісі, құбырлар).
- 5. Машиналар және құрал-жабдықтар. Мүкаммалар объектісі болып әрбір машина саналады, егер ол басқа бір объектінің бөлігі болмаса, өзінің құрамына кіретіндер құралдар, керек-жарақтар, қоршаулар, фундамент негізгі қорлардың бұл тобы 5-ке бөлінеді:
— күш машиналары және құрал-жабдықтар – жылу және электроэнергияны шығаратын машиналар, генераторлар; әр түрлі энергияны механикалық энергияға айналдырылатын машина-двигательдері (тракторлар және өзі жүретін шассилер, бу двигательдері, турбиналар, іштен жану двигательдері).
— күш машиналары және құрал-жабдықтар – еңбек өнімін шығару процесінде еңбек затына механикалық, теориялық және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және құрал-жабдықтар (токарлы станоктар, насостар, электромоторлары, эксковаторлар, грейдерлер).
— өлшегіш және реттеуіш құралдар, жабдықтар және лабораториялық құралдар – бұл өндірістік процессті реттеу және өлшеу үшін арналған құрал-жабдықтар (дизаторлар, амперметрлер, микроскоптар, суөлшегіштер, монометрлер).
— есептеуіш техника – бұл процестерді автоматтандыруға және жылдамдатуға арналған машиналар, құрал-жабдықтар (компьютерлер және т.б. есептеуіш құралдар).
— басқа да машиналар және құрал-жабдықтар – машиналар, аппараттар және басқа да құрал-жабдықтар (телефон станцияларының, радиобуындарының құралдары).
- Көлік құралдары – адамдарды және жүктерді тасуға арналған жүру құралдары (автомобиль, теміржол, су транспорттарының қозғалу құрамы). Инвентарлы объектісі болып барлық оған қатысты құрал және жабдықтармен бірге бөлек объектілер табылады.
- Аспаптар (құралдар) – бұл механикаландырылған және механикаландырылмаған қол еңбек құралдары немесе металдарды, ағаштарды және т.б. өңдеуге арналған машинаға бекітілген жабдықтар (кесетін, соғатын, езетін, жұқартатын еңбек құралдары – электро дрельдер, электро вибраторлар және т.б.). Инвентарлы объектісі болып тек қана басқа инвентарлық объектінің құрамына кірмейтін құралдар жатады.
- Өндірістік жабдықтар және құралдар — өндірістік операцияларды жасауға немесе жеңілдетуге арналған құралдар – жұмыс столы, шкафтар, және т.б.
- Шаруашылық инвентарь – конторлық және шаруашылық инвентарь (үстелдер, шкафтар және клемдер).
- Көпжылдық отырғызулар – жасанды, көпжылдық оптырғызулар (жеміс-жидектер, жүзім ағаштары, көпжылдық гүл отырғызулары, роза егіндері, тірі шарбақтар және т.б.).
- Жерді жақсарту үшін капитал шығындары (құрылыссыз) – шаруашылыққа пайдалану үшін жерді жақсарту шараларына инвентарлы сипаттағы шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, алаңды тастардан тазарту және т.б.).
- Басқа да негізгі қорлар – библиотекалық қорлар, музей құндылықтары және т.б [4].
Нарықтық экономикаға өту жағдайында бухгалтерлік есептің мақсаты негізгі қорлардың қозғалысын, шығуын, түсімін дұрыс және уақытылы қадағалау; пайдалану жерлерінде олардың бар болуын және сақталуын бақылау; негізгі қорлардың тозуын уақытылы және дәл есептеу, сонымен қатар оның есепте дұрыс айқындалуы; жөндеуге кеткен шығындарды анықтау және осы мақсатқа бөлінген қаржыларды тиімді пайдалануды басқару; тиімді пайдалануды басқару, машиналардың, құрал-жабдықтардың, көлік құралдарының және басқа да объектілердің жұмысының тиімділігін көтеру үшін қорларды табу, сонымен қатар өнім шығаруын көтеру үшін өндірістік алаңдарды қолдану; негізгі қорлардың пайдаланбайтын, артық объектілерін шығару; кәіспорын басшысын есептеу техника құралдары базасында есептеп шығару жұмыстарын автоматтандыру жолымен негізгі қорлардың жағдайы туралы қажетті ақпаратпен жедел қамтамасыз ету [6].
Негізгі қорлар қандай да болмасын өндірістің маңызды факторы болып табылады. Олардың жағдайы және тиімді пайдаланылуы корпорацияның шаурашылық қызметінің ақырғы нәтижесінде тікелей әсерін тигізеді.
Нарықтық экономикаға өту шарттары еңбек коллективін өндірістің барлық материалды-құндық факторларын соның ішінде негізгі қорларды тиімді пайдалануды көтеру қорларын тұрақты іздеуге ниеттейді. Бұл қорларды мұқият экономикалық талдау жүргізудің арқасында тауып және іс жүзінде қолдануға болады.
Негізгі қорлардың жағдайы және оларды пайдалану – талдамалық жұмыстың негізгі бір аспектісі болып табылады, себебі дәл осылар әр бір өндірісті тиімді пайдаланудың негізгі факторы – ғылыми-техникалық прогрестің материалды айналуы болып табылады.
Корпорацияның негізгі қорларын және өндірістік қуаттылықтарын толық және тиімді пайдалану оның баруына әсерін тигізеді: оның еңбек өнімділігінің өсуіне, қорқайтарымның, өнім шығарудың көбеюіне, оның өзіндік құнының төмендеуіне, капитал салымдарын үнемдеуге.
Өнеркәсіпті-өндірістік негізгі қорларды тиімді пайдалануды және жағдайын талдау мақсаты болып: корпорацияның және оның құрылымдық бөлімшілерінің негізгі қорлармен қамтамасыз етілуін анықтау, оларға деген қажеттілігін анықтау, олардың өсу жоспарының орындалуын, жаңаруын және шығуын анықтау, негізгі қорлардың техникалық жағдайын әсіресе активті бөлігін зерттеу, негізгі қорлардың пайдалану дәрежесін және оған әсер еткен факторларды анықтау, құрал-жабдықтар паркінің толықтай қолданылуын және комплекттігін анықтау, қорқайтарым өсімінің резервтерін шығару, негізгі қорларды тиімді пайдалану есебінен өнім көлемін және пайданы көтеру.
Негізгі қорлар пайдалануына байланысты қозғалыстағы, запастағы және тоқтатылғандар болып, тиістілігі бойынша – жеке меншіктегі және арендаға берілгендер болып бөлінеді.
Қозғалыстағы – пайдаланудағы негізгі қорлар (жұмыстағы, жөндеудегі немесе тоқтаудағылар).
Запастағы негізгі қорларға запаста тұрған құрал-жабдықтар және көлік құралдары (складтағы резервте тұрғандар), қолданудан шыққан негізгі қорларды ауыстыруға арналған.
Тоқтатылған негізгі қорлар корпорацияның немесе бөлек цехтардың уақытша қолданысынсын тоқтатуын белгіленген тәртіппен құжатты хатталғандар.
Жеке меншіктегі сол корпорацияға тиесілі негізгі қорлар. Арендаға алынған басқа бір корпорациянан (ұйымдардан) уақытша пайдалануға салынған негізгі қорлар.
Негізгі қорлар қандай да болмасын өндірістің маңызды факторы болып табылады. Олардың жағдайы және тиімді пайдаланылуы корпорацияның шаурашылық қызметінің ақырғы нәтижесінде тікелей әсерін тигізеді.
Негізгі қорлардың әр саладағы үлесі
Негізгі өндірістік қорлардың түрлі құрылымы әр саладағы өнеркәсіп корпорациядарында бірдей емес. Мысалға, ғимараттардың негізгі қорлардың толық құны жеңіл тамақ өнеркәсібіндегі үлесі көбірек (44%), құрылыстар – жанар-жағармай өнеркәсібінде (17%), таратқыш құрылғылар – электроэнергетикада (32%), машина және құрал-жабдықтар – машина құрастыратын кешенді корпорациядарында (45%) [6].
Негізгі қор бұл нақты өзгертілмеген үлгіде өзінің материалды заттай бағалау құнында, ағымдық ұзақ кезеңін жиі жоғалтады. Олар корпорациядарда ұзақ мерзімде пайдаланып өздерінің бағасын өндірген өнімге аударады. Негізгі қорлар қозғалыстық ұлттық байлықтың негізгі бөлімі болып келеді және қай елдің экономикасында болмасын анықтаушы ролінде ойнайды. Негізгі қорды тиімді немесе дұрыс пайдалану елдің экономикасын көтерілуіне негізгі жағдайда болып келеді.
1.2 Құрылыс материалдар өнеркәсібінің негізгі құралдарының ұдайы өндірісі
Қазіргі нарық жағдайында ұдайы өндіріс тұсында жүріп жатқан саясат аса маңызды мәнге ие, өйткені негізгі құралдардың сапалық және сандық жағдайына жауап береді.
Бұл саясат тек макро деңгейде ғана емес, сонымен қатар микро деңгейде де қолданылу керек. Ұдайы өндіріс саясатының негізгі мақсаты – макро деңгейде шаруашылық субьектілерге ұдайы өндіріс, жаңа техникамен мүліктену, реконструкциялар, өндірісті техникалық қайтақаруландыру, ұдайы өндірістің жай және кеңейтілген түрлеріне қолайлы жағдай жасау. Бұл міндеттердің барлығы да амортизациялық, салықтық, инвестициялық саясаттармен жүзеге асырылады.
Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі – жаңа құралдарды мүліктену, реконструкциялар, техникалық қайтақаруландыру, модернизация және капиталды жөндеулер жолымен оларды үздіксіз жаңарту үрдісі.
Ұдайы өндірістің екі нысаны бар:
— жай ұдайы өндіріс, негізгі құралдардың тозу шығындары амортизацияның есебімен сәйкестенгенеді;
— кеңетілген ұдайы өндіріс, негізгі құралдардың тозу шығындары амортизация есебінің сомасынан жоғары болған кезде.
Негізгі қорлардың ұдайы өндірісінің басты мақсаты – корпорацияда негізгі қорларды сапалық және сандық жағдайын қамтамасыз ету, сонымен қатар оларды жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау. Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі үрдісінде келесі міндеттер шешіледі:
— әр түрлі жағдайларға байланысты істеп шыққан негізгі қорларды қалпына келтіру;
— өндірістің көлемін ұлғайту мақсатында негізгі қорларды көбейту;
— негізгі қорлардың түрлі технологиялық, жастық құрылымдарын жетілдіру немесе өндірістің техникалық жағдайын көтеру.
Негізгі қорлардың ұдайы өндіріс үрдісі түрлі көздер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Корпорациядарда негізгі құралдардың өндірісі үшін негізгі құралдар келесі арналар бойынша келуі мүмкін:
- корпорацияның жарғылық капиталы ретінде;
- капиталды салымдар нәтижесінде;
- міндетсіз беру нәтижесінде;
- аренда ретінде.
Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі сандық жағынан жыл бойы негізгі қорлардың балансында толық бастпқы құны бойынша мына формуламен көрінеді:
Фк = Фн + Фв – Фл (1)
Мұндағы, Фк — негізгі құралдардың жыл соңындағы құны;
Фн — негізгі құралдардың жыл басындағы құны;
Фв — негізгі құралдардың жыл бойына қозғалстағы негізгі құралдардың құны;
Фл — негізгі құралдардың жыл бойына жою құны [3].
Модернизация (жаңғырту) – бұл жаңа құрал-жабдықтардың қатарына дейін негізгі құралдардың ТЭК-ін жақсарту және моральды тозуды азайту мақсатында техникалық жетілдіру болып табылады. Жаңарту дәрежесіне байланысты модернизация бөлікті және кешенді (түбірлі қайтажасау) деп екіге бөледі. Әдісі мен шартына байланысты модернизацияны типтік және мақсаттық деп бөледі.
Типтік модернизация – бұл сериялық құрылыста топтық біртипті өзгерістер;
Мақсаттық модернизация – нақты өндірістің қажеттілігіне байланысты жетілдіру.
Модернизацияның шарты үнемдеу немесе қосымша түсімдердің өткізілуі мына формуламен анықтауға болады:
С = П = (C1 – C2) V2 , (2)
мұндағы, С — өнімнің өзіндік құнын азайту;
П – қосымша түсім;
С1,С2-өткізілген модернизациядан кейінгі және алдыңғы өнімнің 1 данасына кеткен өзіндік құны;
V2 — модернизациядан кейінгі өнімнің шығару көлемі.
СМ СССР-ң 22 қазан 1990 ж. № 1072 қаулысымен «СССР-ң халық шаруашылығының негізгі құралдарын толық қалпына келтіретін амортизациялық төлемдердің бірдей нормаларын еңгізді. Олар 1 қаңтардың 1991 ж барлық корпорациядар басқару және иелік нысандарына қарамай өнімнің өзіндік құнына негізгі құрал жөндеу шығындарын өтеуге міндетті болды.
Әрбір корпорация жөндеуге кеткен шығындарының бірқалыптылығын сақтау үшін жөндеу қорын (резервтік) құруға құқылы.
Өндірістік емес негізгі қорлар жөндеу және қалпында ұстау шығындары корпорацияның таза түсімінен, яғни салықтан кейінгі түсім арқылы жүзеге асырылады [6].
Негізгі өндірістік қорларға кеткен жөндеу шығындары оның табиғи тозу дәрежесіне, жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізу деңгейіне, машиналар мен құрал-жабдықтармен қызмет ететін персоналдардың біліктілігіне айтарлықтай байланысты болады. Сондытан да әрбір корпорациядарда құрал-жабдықтардың шамадан тыс табиғи және моральдық тозулар болдырмауға тырысу керек. Егер корпорацияда негізгі құралдардың активті бөлігінде тозу біршама болған жағдайларда (40 %-тен жоғары), мұнда құрал-жабдықтарды жұмысқа қабілетті жағдай ұстау үшін қуатты жөндеу бөлімшелерін жасау қажет. Бұл жағдайда жөндеушілер саны бүкіл жұмысшылар санының 60 пайызын құрауы мүмкін. Бұл әсіресе тау-кен корпорациядарға мінездес келеді. Көптеген жағдайларда бұл корпорациядарда жөндеу шығындары айтарлықтай көп және олар шығындарды азайту жолдары көп, олардың негізгілерін қарастырайық.
Біріншіден, корпорацияда жоспарлы көрсетуші жөндеулер (ЖКЖ) уақытылы және сапалы өтуі керек, яғни бұл аварияларды кемітіп, жабдықтардың тоқтауларын, капиталды және орта жөндеулерді азайтуға көмектеседі.
Екіншіден, капиталды жөндеуге кіріспес бұрын экономикалық жоспарда мұқият талдау жасап, капиталды жөндеу жасау немесе жаңа техника сатып алу тиімділігін анықтау керек.
Негізінен 2-шісі күрделі жөндеулерді жүргізу экономикалық жағынан тиімді.
Көп жағдайда күрделі жөндеу моральді тозуды жоймайды, сондықтан да күрделі жөндеумен бірге модернизацияны бірге өткізу экономикалық мақсатта дұрыс саналады. Дегенмен, мұнда да санау жүргізіп, күрделі жөндеу модернизациямен бірге немесе жаңа техникамен мүліктену тиімділігін алдымен тапқан жөн.
Үшінші жағдайда корпорацияға тікелей қатысты бөлшектерді, әсіресе өткір дефицит кезінде қалпына келтіру.
Тозған бөлшектерді қалпына келтіру мүмкіндік береді:
— уақытылы жөндеу жұмыстарын жүргізу және кейбір запас бөліктердің дифицитін жою;
— жөндеу шығындарын азайту, өйткені бөлшектерді қалпына келтіру, ережеге сәйкес жаңа техниканы мүліктену немесе қайта жасалған бөліктерден әлдеқайда тиімді;
— корпорацияға жеткізілетін запас бөлшектердің тасымалдау шығындарын азайту.
Тозған бөлшектерді қалпына келтіру экономикалық көзқарас жақтан пайдалы, егер:
жаңа бөлшектер салыстырымында
(Св + Ен Кв) Y =< ( Ц + Зтр) (3)
Жаңа бөлшектерді өзіңнің қаражатымен жасаған салыстырымында
(Св + Ен Кв) Y =< ( Cизг + Eн Kизг) (4)
Мұндағы,
Св – бөлшектерді қалпына келтіру өзіндік құны;
Ен – күрделі салымдардың тиімді мөлшерлік коэффициенті;
Кв–тозған бөлшекті қалпына келтіру үшін арнайы құралдармен мүліктенуге жұмсалған күрделі салымдар.
Ү – жаңа бөлшекпен қалпына келтірілген бөлшектердің арасындағы қызмет ету мерзімін есептейтін коэффициенті;
Зтр – бөлшектерді жасап шығарушыдан корпорацияға жеткізу тасымалдау шығындары;
Сизг — өзіндік күштермен жаңа бөлшектерді жасап шығаруға кеткен өзіндік құн;
Кизг – тозған бөлшектерді қалпына келтіру үшін қажетті құралдармен мүліктенуге жұмсалған күрделі салымдар.
Тәжірибе көрсеткендей орта және әсіресе ірі корпорациядарда тозған бөлшектерді қалпына келтіру экономикалық тиімді болып саналады. Жөндеу шығындарын азайтудың басқа да жолдары көп. Бірақ, минималды шығындар өз қорларының активті активін уақытылы жаңартып отыратын, моральді және табиғи тозудың шамадан тыс болдырмай, амортизацияның жедел түрін пайдаланатын, корпорациядар жөндеу шығындарын көп есе азайта алады [19].
Негізгі қордың жөндеуі:
Корпорацияда негізгі қорларды қолдану үрдісінде үнемі тозып отырады. Оларды жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау үшін жөндеу жүргізіп отыру қажет. Жөндеудің үш түрі ажыратылады: қалпына келтіруші, ағымды, капиталды.
Қалпына келтіруші жөндеуі – бұл әртүрлі жағдайларға байланысты болатын жөндеудің ерекше түрі: стихихиялық аппараттар (суалу, өрт, жер- сілкінісі), әскери бұзушылық , негізгі қорлардың ұзақ тұрып қалу жағдайларына байланысты сияқты. Қалпына келтіру жөндеулері мемлекеттің арнайы қаржысына жасалады.
Ағымды жөндеу – бұл кіші жөндеу және негізінен негізгі қорлар қызмет ету барысында жасалады. Тәжірибе бойынша көп уақыт алмайды. Кіші жөндеуде кейбір бөлшектер және тораптар ауыстырылады, анықталған кіші жөндеулер орындалады.
Капиталды жөндеу – бұл негізгі қорлардың негізгі жөндеуін жүргізеді. Корпорацияды жөндеуде машина толық бөлшектенеді, тозған барлық тораптар мен бөлшектер ауыстырылады. Капиталды жөндеуден кейін машинаның техникалық параметрлері бастапқыға жақындау керек [7].
1.3 Негізгі құралдардың пайдалану тиімділігін бағалаудың әдістемелік негіздері
Өндірістік негізгі қордың құрылымы қоғам арасында салынатын қаражат салмағының айырмашылығын көрсетеді. Яғни актив бөлігінде негізінен өндірістің айнымалы қаржыларының жұмсалуы көзделеді. Сондай-ақ өндіріске қызмет ететін шешуші бөлімнің және өндірісте сипатталуға мүмкін болатын корпорация шығарған бұйым, сонымен қатар құрал-саймандар яғни өнімді өндіруге қатысатын негізгі қорлар жатады. Негізгі қордың актив бөлігінің өсуі өндірісте еңбек өнімінің артуына өндірістің тиімді дамуына әсер етеді. Пассив бөлігіне ғимараттар, транспорттар, беріліс қондырғылар жатады. Олар өндіріс процесінде бірнеше рет қатысып өндірістің актив бөлігінің тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.
Жоғарғы көрсеткішті қор қайтарымынан шығарылған басқа да өнім шарты, өндірістік негізгі қор айналымының үлес құнына тең. Сондықтан корпорацияның ақшалай жинағын көбейту, өзіндік құнды төмендету, өндіріс шартын өсіру, негізгі қор құрылымын жақсартуды қарау. Негізгі қор есеп және жоспарын ақшалай немесе заттай үлгіде жүргізеді. Негізгі қорлар бағасы амортизациялық есеп көлемі, тозу деңгейі үшін қажет.
Негізгі қор бағасының олардың өндіріс процесіне қатысуына байланысты бірнеше түрі бар. Олар:
- Бастапқы құн
- Қалдық құн
- Қалпына келтіру құны
— Негізгі өндірістік қорлардың бастапқы құны-бұл қорларды жасақтауға
немесе сатып алуға шығындалған сома. Ол амортизация нормасын, амортизациялық есеп көлемін, корпорация активінің пайдасы мен рентабельділігін, олардың пайдалану көрсеткішін анықтау үшін қолданылады.
— Негізгі қорларды пайдалану процесінде олар тозып, біртіндеп бастапқы
құнын жояды. Олардың шын өлшемінен тозған құнын алып тастау керек. Міне, осы негізгі қордың қалдық құны болып табылады, яғни қалдық құн — негізгі қордың бастапқы құны мен тозу сомасының айырмашылығы болып табылады.
— Негізгі қордың қалпына келтіру құны — ісжүзіндегі еңбек құралдарының сол периодтағы бағадағы құны. Бұл қазіргі кездегі негізгі қорды өндіруге шығындалған сома, ол қорларды қайта бағалау кезінде қойылады. Негізгі қордың қалпына келтіру құнын бағалау шешімі тез өсіп, корпорациядардың қаржылық-экономикалық көрсеткішін төмендетеді. Сондықтан корпорация үшін, қаржылық көрсеткішінің төмендетілген бағасын амортизация коэффициенті қабылдайды.
Негізгі корпорацияның айналымы мына сатылардан тұрады:
- Негізгі қорлардың тозуы: табиғи және моралдық тозу.
а) табиғи және моралдық тозуы, яғни еңбек құралының тұтыну бағасын жойған кез.
Табиғи тозу мына жағдайда болады:
— Дайын өнімнің құнымен қалпына келтіретін еңбек құралының пайдалану процестері
— Еңбек құралдарының іске пайдаланылмай тұруына құралдардың құны
жойылады.
Негізгі қордың бірдей элементтері табиғи тозу теңсіздігінен шығарылған. Толық және ішінара тозудың негізгі қордағы айырмашылығы: толық тозу — үшін қорға жаңадан тарату немесе айырбастау (негізгі қордағы капиталдық құрылыстың тозуын ағымдық ауыстыру), ішінара тозу — жолдық ремонттарды өтеу.
Табиғи тозу өндірістік қызмет мерзімін процентпен белгілейді, яғни мына формуламен анықталады: (Иф)
Иф=Tф/Tн*100 (5)
Мұндағы Tф-өндірістік негізгі қордың нақты қызмет мерзімі, жыл
Tн-нормативті қызмет мерзімі, жыл.
Кездейсоқ, нақты қызмет мерзімін салыстыру мөлшері немесе оның алдын-алу, табиғи тозу пайызы мына формуламен анықталады:
Иф=Тф/Тф+Тв*100 (6)
Мұндағы: Тф— өндірістік негізгі қордың нақты қызмет мерзімі, жыл
Тв-өндірістік негізгі қордың қызмет мерзімінің мүмкіндігі, жол экспортын санау, жыл.
б) моралдық тозу көнеруден туады. Негізгі қаржы конструкциясы өнімділігі, тиімділігі, үнемділігі бойынша анықталады. Негізгі өндірістік қордың құнсыздануы.
Моралдық тозу көлемін бағалау:
- негізгі капиталдың толық және алғашқы құны = еңбек құралын оны
пайдалану бағасы бойынша сатып алу.
- Негізгі капиталдың қалдық құны — толық құны — амортизация
- Негізгі капиталдың қалыпқа келтіретін құны — іс жүзіндегі еңбек
құралдарының сол периодтағы, бағадағы құны
Моралдық тозудың алғашқы үлгісінде (ИМ1) бастапқы құнды қалпына келтіру, негізгі қордың салыстырмалы бағасы мен немесе пайызбен анықталады. Оның формуласы мынадай болады:
ИМ1=Пн — Пс / Пн * 100 (7)
Мұндағы Пс және Пн — өндірістегі жаңа және моралды көнеру машиналарының сәйкестігі.
Табиғи және моралдық тозу есебінде қорды қалпына келтіру құны, қызмет мерзімі алмастырылған және амортизация нормасы мен суммасын анықтау көзделген.
Келесі топ көрсеткіштері негізгі қордың актив бөлігін пайдалану деңгейін және өндірістік қуатты, сонымен қатар оларды пайдалануды жақсарту мүмкіншіліктерінің жасырын резервтерін сипаттайды. Оларға негізгі қорларды интенсивті, экстенсивті, және интегралды пайдалану коэффициенті кіреді [49].
Экстенсивті пайдалану коэффициенті (Кэ), НӨҚ актив бөлігін пайдалану деңгейін сипаттайды. Ол құрал-жабдықтардың істелген уақыттың қордың календарлық уақытына қатынасы (Тк):
Кэ =Тф/ фреж (8)
Құрал-жабдықтарды экстенсивті пайдалану коэффициентінің мәні бірлікке жақындауы тиіс
Интенсивті пайдалану коэффициенті (Ки)- бұл көрсеткіш маштналар мен жабдықтардың пайдалану деңгейін мінездейді:
Ки = Пф / Пв (9)
Мұндағы, Пф – машиналар мен жабдықтардың нақты өндірісі;
Пв – машиналар мен жабдықтардың өндірістік мүмкіншілігі.
Интегралды коэффициент (Кинт) — бұл көрсеткіш маштналар мен жабдықтардың уақыт және қуаттылығы бойынша пайдалану деңгейін мінездейді:
(Кинт) = Кэ * Ки (10)
Негізгі қорлардың амортизациясы.
«Амортизация» термині тікелей мағынада негізгі қорлардың өлімі жоқтығын, олардың тозуды толтыру, қалыптасу мүмкіндіктерін білдіреді.
Амортизация процесі негізгі қорлардың қызмет ету уақыты ішінде өзінің құнын бөлектеп шығарылатын өнімге ауыстыруын және тұтынылған негізгі қорларды өтеу үшін осы құнның келесі пайдалануын айтамыз.
Негізгі қорлардың ауыстырылған өнім құрамындағы құны өндіріс сферасынан кетіп айналу сферасына түседі.
Өнімді шығарғаннан кейін сәйкесінше негізгі қор құнына ауыстырылған ақша бөлігі амортизациялық қорға тұседі, онда толық мөлшерге дейін негізінде бастапқы құнына сәйкес жиналады (тозған негізгі қорларды шегергенде). Бұл амортизациялық қор (жиналған ақша сомасы) тозған негізгі қорлар орнына жаңа негізгі қорлардың заттық элементтерін сатып алуға пайдаланылады, яғни негізгі қорлардың қайта қалыптасуы жүреді.
Амортизацияның негізгі функциялары – қайта өндірісті қамтамасыз ету, негізгі қорлардың есебі және қайта қалыптасуы.
Одан басқа анықталған деңгейде негізгі қорларды толық пайдалануын қарастырып ынталандырушы қызметті де орындайды: құрал-жабдықтың қызмет ету мезгілі қанша ұзақ болса, сонша көп өнім шығарылады және сонша тез негізгі қорлардың құны ауыстырылады.
Шаруашылық практикада амортизацияны есептеу үшін амортизациялық аударымдар қолданылады, яғни аударылған құнның ақшалай көрінісі.
Амортизациялық аударымдар өнімнің, жұмыстың, қызмет көрсетулердің өзіндік құнын құрайтын негізгі бір элементтері болып табылады. Амортизациялық аударымдардың сомасын көтеру немесе төмендету өндірісте шығындардың, қосылған жылдық табыстың мөлшерінің бұзылуына, сәйкесінше салық салуда қайшылықтарға алып келеді.
Амортизацияның объективті негізі болып өндірістік үрдісте және бағаның қалыптасуында еңбек құралдарының қатысу ерекшеліктері табылады. Осыдан негізгі қорлардың жұмыс уақытының ұзақтығы олардың құны бір өндірістік циклда өнімге түгел емес бөлшектен ауыстырылады, олардың табиғи және моральдық тозу шамасына байланысты. Амортизация өнім құнының бір бөлігі есебінде бірнеше кезеңдерден өтеді: бітпеген өндіріс элементі ретінде, дайын және шығарылған өнім ретінде. Бітпеген өндіріс және дайын өнім кезеңдерінде оның қозғалысы айналым құралдарының аванс беруін қажет етеді.
Амортизациялық аударымдар шығып кеткен негізгі қорларды қайта өндіруге бағытталады. Сондықтан етуінің барлық кезеңіндегі амортизациялық аударымдар оның бастапқы құнына тең болуы керек, олардың жоюдан түскен таза түсімінен басқа болуы керек.
Өнімге ауыстырылған құн көлемі келесіндей анықталады; біріншіден негізгі қорлардың бастапқы құнымен, бастапқы құн қанша жоғары болса, сонша негізгі қорлар құнының ауыстырылатын бөлігі көп болады.
Екіншіден, бұл мөлшер негізгі қорлар түрімен анықталады, мысалға: өнеркәсіпте ғимараттардың мөлшерлі қызмет ету уақыты 30-50 жыл (өндіріс мамандығына байланысты), ал машиналардың және құрал-жабдықтардың қызмет ету уақыты – 3-15, 15-20 жылға дейін.
Үшіншіден, өнімге ауыстырылатын негізгі қорлар құнының мөлшері өндіріс мамандығының саласымен де шартталған: бір салаларда өнеркәсіптік өнім өндірісіне шығын амортизация үлесі өнеркәсіптердегі орташадан жоғары, бірінде төмен болады.
Амортизациялық аударымдардың көлемі норма амортизациясы бойынша негізгі қорлардың бастапқы құнынан олардың жұмыс уақытының мөлшерін есептеумен анықталады.
Осыған байланысты амортизация нормасы мына формула бойынша анықталады:
На = Фп (б) – Фп / Фп · tсл · 100% (11)
Мұндағы, На – жыл ішіндегі амортизация нормасы (%);
Фп (б) – негізгі қорлардың бастапқы құны;
Фп – жойылатын құн;
tсл – негізгі қорлардың жұмыс жасау мерзімі.
Амортизация нормасы негізгі қорлар құнының жылдық процентін өтеумен байланысты. Амортизация нормасы амортизациялық аударымының жылдық мөлшерінің негізгі қорлардың ортажылдық құнына қатынасымен анықталады.
Көпшілік салаларда өндірістің технологиялық ерекшеліктеріне, құрал-жабдықтар жұмысының ауыстырылуына және режиміне, жасалған жұмыстың жүктеме деңгейіне және табиғи көлеміне, сыртқы ортаның шарттарына, географиялық орналасуына (объектілердің) және т.б. факторларға байланысты амортизация мөлшері көтерілуі немесе төмендетілуі мүмкін.
Амортизация нормалары экономикалық оқшауланған және негізгі қорларды уақытында төлеуге бағытталуы қажет. Оларды есептегенде негізгі қорлардың экономикалық лайықты жұмыс жасау уақытын келесі факторлардың есебімен дұрыс анықтау маңызды болып табылады: моральдық тозуы (бірінші және екінші түрі); техникалық қайта құралдануының перспективалық жоспары; құрал-жабдық балансы; модернизация мүмкіндіктері және капиталдық жөндеу. Амортизация деңгейі капитал салымдарының және жаңа техниканың тиімді вариантын таңдауда маңызды роль ойнайды.
Бухгалтерлік есептің 6 стандартына сәйкес амортизацияны есептеу үшін келесі әдістер қолданылады:
- Бірқалыпты құнды тізімнен шығару;
- Жасалған жұмыс көлеміне сәйкес құнды тізімнен шығару
(өндірістік әдіс);
- Жеделдетілген тізімнен шығару:
а) кішірейетін қалдық
б) сандардың сомасы бойынша құнды тізімнен шығару
(коммулятивтік әдіс).
Бірқалыпты құнды тізімнен шығару әдісі – объектінің амортизацияланатын құнын ай сайын тең сомада тізімнен шығару. Бұл әдіс негізгі қорлардың объектісін пайдаланудан түскен пайда оны пайдалану уақытының әр кезеңінде бірдей деп болжаған кезде қолданылады, яғни объектінің қалатын пайдалылығы бірқалыпты болады [8].
Өндірістік әдіс амортизациялық аударымдар тек қана объектіні пайдалану мерзімен анықталады, яғни амортизация сомасының және өндірістік қуаттылықтың арасында тікелей байланыс бар. Бұл кезде амортизацияны анықтау үшін жұмыс жасау мезгілі ескерілмейді. Өндірістік қауттылық өнім шығару бірлігімен, қолдану сағатымен, жүріс бірлігімен және т.б. берілуі мүмкін. Активтің қалдық құны жойылу құнына жеткенше өндіріс қуаттылығына тіке тепе-тең жыл сайын төмендей береді. Бұл әдіс қолдану уақыты техникалық көрсеткіштерге немесе субъекттің шаруашылық қызметінде өзгерулермен шектеулі болған кезде қолайлы.
Өндірістік әдісті таңдауда объектінің өндірістік қуаттылығын пайдаланудан байланысты амортизацияның ауытқу көлемі жылдан жылға амортизацияның өзгеретін тенденциялар туралы нақты анықтамалар бермейтінін және өзіндік құнды және қаржылық жағдайын анықтауда тікелей әсерін тигізетінін ескеру қажет.
Технологияны жетілдіру жағдайында құрал-жабдықтар моральды тез тозады. Сондықтан қаржылық шарттарды құру мақсатында өндіріске ғылыми техникалық жетістіктерді енгізуді тездету үшін және негізгі қорларды жаңартуда мүдделігін көтеру үшін субъектілер амортизацияның жеделтілген есептеу әдісін қолдануларына болады:
а) сандардың сомасы бойынша құнды тізімнен шығару әдісі (коммулятивті);
б) кішірейетін қалдық әдісі.
Сандардың сомасы бойынша құнда тізімнен шығару әдісі есептік коэффициентін анықтаудан тұрады, коэффициент бөлімі пайдалы жұмыс істеу жылдарының сомасына тең, ал алымы кері қатардағы қызмет мезгілінің қалған жыл мөлшерінен тұрады. Бұл коэффициент әр түрлі қолдану мезгілінде әр түрлі, бірақ амортизацияланатын құнның тұрақты мөлшеріне қолданылады. Бұл әдісті қолданғанда бірінші жылдары амортизациялық аударымдар сомасы келесі жылдарға қарағанда айтарлықтай жоғары болады.
Кішірейетін қалдық әдісі амортизацияны есептеу бастапқы құнмен емес баланстық құнмен жүргізуден тұрады. Тіке сызықты әдісте амортизация нормасы екі еселенеді. Бұл кезде амортизация сомасы жылдан-жылға төмендейді, алғашқы жылдары ол айтарлықтай көп болады. Амортизацияны есептеген кезде қалдық құнды жойылу құнына дейін төмендету үшін пайдаланатын амортизация сомасы мөлшерімен шектелетін соңғы жылды қоспағандағы жоспарланатын жойылу құны амортизацияны есептеген кезде ескерілмейді.
Бекітілген орнатылған тәртіптегі сәйкескен инвентарьлы объектінің амортизация нормасы өскен кезде корпорацияның жеделдетілген амортизациясын есептеу бірқалыпты әдіс базасында жүргізеді.
Соңғы жылдары дамыған елдерде машиналардың құнын тез тізімнен шығарудан жаңа әдісі – амортизацияның регрессивті және прогрессивті әдістер комбинациясы қолданылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ
- «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақсатанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан 2006жыл,2 наурыз.
- Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялды-инновациялық даму стратегиясы // 2003жыл,17 мамыр
- Сергеев .Экономика педпиятия.:Учеб – М,2003
- Корпорация экономикасы. Под. ред. В.М. Семенова, — М., 1998 ж.
- Құрылыс экономикасы. Под. ред. И.С. Степанова, — М., 1998 ж.
- «Жамбылгипс» АҚ-ның мәліметтері бойынша.
- Экономика предприятия. В.Я. Горфинкеля В.А. Швандара. Москва 2000