Мазмұны
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Кредиттік жүйе туралы жалпы түсінік
- Кредиттік жүйемен оқытудың артықшылығы, кемшіліктері
- Кредиттік жүйемен оқыту жағдайында өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалаптастырудың психологиялық- педагогикалық негіздері
ІІІ. Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
|
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында “Қазақстан-2030” стратегиясының негізгі қағидаларын жаңа кезеңде дамытатын міндеттерді көрсете келе: “Енді бір 10 жылдан кейін жаңа Қазақстанды жаңа әлемде таныту үшін біз жаңа уақыттың өктем талабына дер кезінде әрі лайықты үн қатуға тиіспіз”, — деп атап көрсетті. Тәуелсіз Қазақстанның “әлемдік өркениеттің бұйда ұстар тұсына қол жеткізуіне” барлығымыз бірдей ат салысуымыз қажет. Қашанда, қайбір елдің болмасын даму деңгейі ел білімі мен ғылымының дамуынан көрінеді. Елбасымыздың әр жылғы Жолдауында отандық білім беру жүйесіне баса назар аударып, стратегиялық басымдық ретінде қарастыруы да осыдан.
Қазақстанда білім берудің ұлттық үлгісі қалыптасу үстінде. Қол жеткізген біршама жетістіктеріміз де баршылық. “Тал бесіктен – жер бесікке дейін” деген біздің ұлттық философиямыздың астарында үлкен мән-мағына, терең ой жатыр.
Мақсаты: Оқытудың кредиттік жүйесі – бұл білім алу траекториясын студенттердің өз бетімен таңдауы негізінде білімді шығармашылықпен игеруі және өздік тұрғыда білімін арттыруы көзделетін оқу үрдісін ұйымдастырудың әдісі.
Кредит — студенттің оқу жұмысының көлемін өлшеудің бірыңғайландырылған бірлігі. Бір кредит 15 апталық академиялық кезеңнің әрбір аптасындағы аудиториялық жұмыстың бір академиялық (50 мин.) сағатына тең.
Міндеті:
- Кредиттік жүйе туралы жалпы түсінік
- Кредиттік жүйемен оқытудың артықшылығы, кемшіліктері
- Кредиттік жүйемен оқыту жағдайында өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалаптастырудың психологиялық- педагогикалық негіздері
- Кредиттік жүйе туралы жалпы түсінік
Кредиттік оқу жүйесі — өздігінен білім алуды. шығармашылықпен игеру деңгейін оқу үрдісін реттеу шеңберінде білім траекториясын жеке таңдауы және кредит түріндегі білім көлемін ескеру, арттыруға бағытталған білім беру жүйесі.
Қазақстандық қоғамның жаңаруы, экономиканы дамытудағы стратегиялық бағдарлар, ашық қоғамның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге деген талаптарды да түбегейлі өзгертіп отыр.
Қазақстан Республикасындағы білім беру ісінің басты мақсаты тек білімнің білік пен дағдының жиынтығы ғана емес, осыларға негізделген әлеуметтік және кәсіби біліктілік, өздігінен ізденіп талдау жасауға, сондай-ақ сауатты шешім қабылдау үшін ақпаратты тиімді пайдалануға, өмірде мақсат қоя білуге, казіргі дүниеде болып жатқан өзгерістерге бейімделуге баулу.
Оқытудың кредиттік жүйесі – бұл білім алу траекториясын студенттердің өз бетімен таңдауы негізінде білімді шығармашылықпен игеруі және өздік тұрғыда білімін арттыруы көзделетін оқу үрдісін ұйымдастырудың әдісі.
Кредит — студенттің оқу жұмысының көлемін өлшеудің бірыңғайландырылған бірлігі. Бір кредит 15 апталық академиялық кезеңнің әрбір аптасындағы аудиториялық жұмыстың бір академиялық (50 мин.) сағатына тең.
Әрбір академиялық сағатқа қосымша міндетті түрде студенттің 2 сағат (100 мин.) өздік жұмысы жүргізіледі.
Оқытудың аяқталуының міндетті шарты ретінде студенттің кредит бөліктерінің бекітілген көлемін алу белгіленген: теориялық оқу кредиті бойынша 128-ден немесе 5760 теориялық бөлім сағатынан және кәсіби тәжірибенін 10 кредиті немесе 450 сағатынан төмен болмауы керек.
Бір оқу жылы 36 аптадан тұрады, оның ішінде 30-ы теориялық оқу бөлігі.
Оқу жылы екі семестрге бөлінген. Бір оқу семестрінде студент орташа есеппен 12-18 кредит алуы керек.
Пәндерді оқып үйренуге студенттерді ұйымдастыру, деканатқа немесе офис-регистраторға жүктеледі. Әрбір студенттің білім траекториясын айқындайтын дербес оку жоспарлары жекелеген студенттердің әрқайсысымен әрбір оқу жылына эдвайзердің жетекшілігімен белгіленеді.
Кредиттік оқыту жүйесі — өзіндік білім беру мен білімді шығармашылықпен меңгеру деңгейіне оқу үрдісін реттеу шеңберінде білім беру траекториясын таңдау мен кредит түріндегі білім көлемін ескеру негізіне бағытталған жүйе.
- Кредиттік жүйенің артықшылығы, кемшіліктері
Соңғы кезде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында кредиттік жүйенің енуіне байланысты әр түрлі пәндерден өзіндік жұмысты ұйымдастыруды жетілдіру тұстарына арналған зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Солардың бірі Д.Н.Асанованың «Совершенствование организации самостоятельной работы студентов по иностранному языку в условиях кредитной системы обучения» тақырыбына арналған жұмысы деп атай аламыз. Бұл еңбекте шет тілін оқытуда студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық негізін ашуды көздеген. Автор Қазақстан Республикасындағы кредиттік жүйеге көшкен жоғары оқу орындарының іс-тәжірибелеріне сүйене отырып, оның ерекшелігін талдап көрсетуге тырысқан. Әсіресе, зерттеушінің кредиттік жүйенің артықшылығын көрсеткен тұстарына толық қосылуға болады. Мәселен, кредиттік жүйемен оқытудың артықшылығын айта келіп, мына жәйіттерді атап көрсетеді:
- академиялық еркіндіктің өте жоғары дәрежеде болуы;
- студенттердің өзіндік оқу әрекетінің басымдық сипаты;
- оқытушының білім беру әрекетінің дамытушылық сипатта болуы;
- студенттердің оқу әрекетінде ізденушілік бағыттың басымдығы;
- білім бағдарламаларының иновациялық мазмұнда болуы;
- білім бағдарламаларына жоғары оқу орынының таңдау компоненттерінің кең енуі;
- оқытудың проблемалы жағдаяттық белсенді әдістерінің басымдығы;
- сабақтың сарамандық түрінің басымдығы;
- студенттердің оқу жұмысын үнемі және жүйелі түрде бақылап отырудың басымдығы;
- білімді меңгерудің зерттеушілік деңгейге көтерілуі;
- білім бағдарламасының мазмұны мен оны меңгеру мерзімінің деференсациялануы;
— басқа елдер мойындайтын мамандық пен академиялық дәреже алу.
- Кредиттік жүйемен оқыту жағдайында өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағғыттылығын қалыптастырудың психологиялық — педагогикалық негіздері
Қазақстан Республикасында орта білімнің де, жоғары білімнің де мазмұны, құрылымы және бағыты қайта қаралып, білім беру жүйесі түгелдей реформалануда. Әсіресе, жоғары білім беру стратегиясы мен тұжырымдамасының жарық көруі, әр мамандық бойынша жоғары білім стандарттарының бекіп, олардың іс-тәжірибеге енуі болашақ мамандарды дайындау сапасын көтерудің басты шарттарының бірі болып отыр.
Қазіргі заман талабына сай педагог қадрлерді даярлау жоғарғы оқу орындарының міндетіне айналса, соның бірі — Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты екені белгілі. Бұл институтта алғашқылардың бірі болып, 2002 жылдан бастап бүкіл білім беру кредиттік жүйеге көшті. Осы жүйемен мектепке дейінгі тәрбие мамандары — бакалавриат, магистр дайындау жүзеге асырылуда. Кредиттік жүйенің артықшылығы студенттердің өздігінен жұмыс атқаруына негізгі көңіл аударуда болса, ол жұмыстарды екі түрлі формада орындатумен қатар (сабақта және сабақтан тыс), екі түрлі формада қабылдап, тексеріп, нәтижесін анықтап, студенттердің ізденушілігін онан әрі дамыта түсуге жағдай молынан жасалуда. Мұндай мүмкіндік жоғары оқу орындарының оқу жоспары мен әр пәннің оқу бағдарламасы мазмұнына байланысты туындауда. Оқу бағдарламасы бойынша пәнге бөлінген кредиттік уақыттың үштен екісінің студенттердің өзіндік жұмысына арналуы болашақ маманға өзіндік жұмысты орындату жүйесі мен әдіс-тәсілдерін ғана жетілдіріп қоймай, оның мазмұнын, мақсатын жетілдіруді керек етіп отыр. Өзіндік жұмысқа бөлінген уақыттың молдығы атқарылатын өзіндік жұмыстардың әр маманның кәсіптік жетілуіне, келешекте істейтін ісіне дайындығының нығаюына жағдай жасауды керек етеді.
Студенттердің өзіндік жұмысын зерттеудің өткен тарихы бар. Бұл мәселе қай кезде де білім беру саласындағы тиімді іс-әрекеттің бірі ретінде қарастырылып отырылды. Өткен ғасырдың 20 жылдарынан бастап, өзіндік жұмысты күшейту ісіне мән беріліп келеді. Бірақ әр дәуірде өзіндік жұмысты ұйымдастыру түріне әр түрлі деңгейде қарағаны белгілі. Мәселен, өткен ғасырдың 20- жылдары бригадалық — лабараториялық, Дальтон-жоспар, жоба, белсенді-еңбектік әдістерді қолданып, өзіндік жұмыстар жүргізілді. Онан кейінгі кезеңдерде (30-40 жылдары) оқытушының баяндауы бойынша берілетін білім көзі басым болды. 50-60 жылдары поблемалық әдістерді басым қолдануға көп көңіл бөлінді. Бұл жылдары студенттердің дайын ұғымдарды меңгеруімен қатар, ізденушілік бағытта жұмыстар жүргізуіне көбірек көңіл бөлінгені белгілі. Ізденушілік жұмыстар барысында олардың белсенділігі, өздігінен жұмыстар атқаруы басым орын алуына көңіл бөлінді.
Ал, қазіргі таңда білім беру студенттің белсенді түрде жүргізетін танымдық іздемпаздығы арқылы жүзеге асырылуына көп мән берілуде. Себебі, танымдық белсенділік тек қана студенттің өзіндік іс-әрекетінің негізінде жүзеге аса отырып, олардың білімді саналы меңгеруіне, білім толықтыруына, біліктерін нығайтуына жағдай жасайды.
Маман ретінде қалыптасып келе жатқан студенттің оқу әрекетін орындау мәдениетінің және оның кәсіптік тұрғыдан дамуының деңгейін оның шығармашылық әрекетін, яғни өзіндік жұмысы арқылы байқауға болады.
Студенттердің өзіндік жұмысы туралы сөз еткенде алдымен өзіндік әрекетке негіз болатын дербестікке (самостоятельность) тоқталмай кете алмаймыз. Дербестік — бұл философиялық мәселе. Себебі адам өзін қоршаған ортадан, оған тигізетін әр түрлі әсерлерден жекеленіп кете алмайды. Солай бола тұрса да, әр адамның өзіндік дербестігі, бостандығы, жеке пікірі болуға тиісті. Адамның дербестігі оның өзіндік іс-әрекет жасауына негіз бола алады.
Ғылым жетістіктері дербестікті барлық ғылымға ортақ мәселе ретінде қарауға мәжбір етіп отыр. Дербестікті үш аспектіде қарауға тиіспіз; оның біріншісі -тұлғаның философиялық дербестігі –бұл оның ойлау дербестігі; екіншісі, психологиялық- бұл тұлғаның өзін-өзі реттеуі тұрғысынан қаралады; педагогикалық дербестік –бұл тұлғаның білім алу барысындағы өзіндік әрекеті және дамуы.
Философиялық тұрғыдан қарастырсақ, тұлға бұл өте күрделі қарама-қайшылықтар арқылы дамитын дербес. Ол өзін қоршаған ортада әлеуметтік және қоғамдық қарым-қатынастардың, түрлі қарама-қайшылықтардың нәтижесінде дамиды. Қарым-қатынас арқылы дамуға әсер ететін олардың бір-бірімен еңбек арқылы байланысатын іс-әрекеттері. Олай болса, тұлға бұл әлеуметтік және тұқым қуалаушылықтың бірлігінде және оған әсер ететін білім мен тәрбие нәтижесінде дамиды. Дербестың тұлға ретінде қалыптасуын көрсететін оның бойындағы құндылық пен бағыттылығы.
Құндылық бағыттылығы оның іс-әрекетінде дербестіктің орын алуына себеп болады. Дербестік негізінде ғана адам өзінің қалағаныны бойынша іс істейді. Саналы түрде ұнаған іспен айналысса, ұнамағанын керек етпеуге мүмкіндік алады. Дербестігі және бостандығы бар адам ғана әрбір жағдаятты шешуге байланысты мақсат қойып, өз қалауы бойынша оның жолын іздейді. Мұндайда ол ешкімнің пікірімен санаспай мәселені өзі шешуге тырысады. Бірақ бұл бостандықтың , дербестіктің шегі жауапкершілікпен шектеледі. Адам әр іс-әрекеті нәтижесіне басқа адамдар алдында жауапкершілікпен қарауы міндетті.
Осы жоғарыда келтірілген жағдайларды мойындай отырып, оның бәрін жүзеге асыруда ең алдымен студенттердің өзіндік жұмыс атқаруға негізделген белсенділігін көтергенде ғана көздеген нәтижеге жететіндігін айтуға тура келеді.
Болашақ мамандарды қазіргі заман талабына сай, кез келген бәсекелестікке қарсы тұра алатындай, өз кәсібіне дайындығы жеткілікті және оған деген қызығушылығын басым етіп дайындау ең басты мақсат болғандықтан, олардың білім алу барысындағы белсенділіктерін арттыру, өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыруды ғылыми педагогикалық жолға қою жан-жақты зерттеуді керек етеді. Білім алудағы студенттер белсенділігі бірден пайда болатын, не оңай қалыптасатын сапа емес. Бұл көптеген педагогикалық шарттардың негізінде біртіндеп жетіліп, дами отырып қалыптаспақ.
Белсенділік туралы педагогикалық инциклопедияда адам баласының қоғамдық-тарихи жинақталған тәжірибесі негізінде материалдық, рухани дүниені қайта құруға қатысы ретінде қарайды. Студенттердің белсенділігі көтерілмейінше олардың өзіндік жұмысының спасы мен деңгейін көтеру, оны ұйымдастыруды түрлендіру мүмкін емес. Белсенділік негізінде студенттердің ізденушілігі, өз көзқарастары мен мүмкіндіктерін дәлелдеуі, шығармашылыққа талпынысы артпақ. Белсенділік негізінде ғана студенттердің дербес және кәсіптік сапалары нығая түседі. Белсенділікті көтеру оқытушының шеберлігін, студенттердің талпынысын тежемей, қайта олардың қызығушылығын арттырудың жолдарын іздеуді керек етеді. Өзіндік жұмысты ұйымдастыруға білім алушының белсенділігін арттыруға, оларды шығармашылыққа, алдыңғы қатарлы тәжірибелерді меңгеруге бағыттайтын құрал ретінде қарауға тиіспіз. Белсенділік болашақ маманның меңгерген білім көлемімен ғана есептелмейді. Ол білім алушының теориялық жағдайларды тәжірибемен байланыстыра алуымен, ой қорытып, өз пікірін ортаға салуымен, оның тиімді және олқы жақтарын анықтауымен, әрбір жағдаятққа зерттей қарауымен айқындалады.
Студенттің белсенділігі екі бағытта болуы мүмкін екендігі В.В.Беличтің еңбегінде айтылады. Оның бірі –адам өзінің істеген ісін саналы түрде орындап және оны неге солай істегенін дәделдей алатын деңгейде болса, екінші- саналы ойлап жатпай-ақ, әдеттке айналған инстинкті әрекетпен орындауы. Бұл екінші жағдайда адам өз ісін ақылды белсенділікпен орындап, оны қадағалай алмайды.
Өзіндік жұмысты нәтижелі орындау студент бойында бірден қалыптасады десек, қателесер едік. Алдыңға қатарлы психологтар пікірі де осыны дәлелдейді. Өзіндік жұмыс орындау түрлі әрекеттерден тұратын екі үлкен сатыдан өтетіндігін тәжірибе байқатып отыр. Төменде осы екі сатыдағы іс- әрекеттер жүйесін көрсетпекпіз.
Сондықтан да көптеген авторлар мұндай белсенділік шығармашылыққа жетелей алмайтынын, яғни ондай белсенділіктің өзіндік жұмыстың нәтижелі болуына әкеліп соқпайтынын айтады. Олай болса, өзіндік жұмысты орындауда студенттердің белсенділігін арттыру жолдары тиянақты қарастырылуға тиісті. Белсенділіктің тек білім алуға ғана бағытталып қоймай, шығармашылық іс-әрекетке бағытталған түрлерін дамытудың жолдарын зерттеген еңбектердің қатарына С.П.Рубинштейн, В.Я. Ляудис, Л.С.Выготскийдің зерттеулері жатады. Бұл жұмыстардың бәрінде де студенттердің білімді саналы қабылдауға бағытталған әрекеті біртіндеп оны тиянақты меңгеру белсенділігіне әкелетіндігін дәлелдейді.
Студенттердің білім алу барысындағы белсенділігі ең алдымен жинақталған білімді қабылдап, меңгеруге бағытталған оқу әрекеті ретінде қаралады. Бұл әрекет біртіндеп күрделене отырып, студенттің өзіндік жұмыс барысында терең де, көлемді де білім жиынтығын меңгеруге, соның нәтижесінде болашақ кәсібінің бағыт-бағдарын сезінуге әкелмек.
1990 жылдан бастап, жалпы жоғары оқу орынында оқитындардың даму үрдісін, оның ішінде кәсіптік даму мәселелерін зерттеу көзі ретінде айналысқандар көбейе бастады. Солардың ішінде ізденушілердің көпшілігі кәсіптік бағыттылыққа жетелейтін өзіндік дербестікті дербестың ерекше жағдайы ретінде қарап, оның ішкі сезімі мен болашаққа талпынысынан туындайтын категорияға жатқызады.
Әдетте студенттердің өзіндік жұмысының барысы формалды көрсеткіштерге негізделіп жүргізіледі де, болашақ маманның дербес түрткісі, қызығушылығы, әдістемелік біліктілігі, көңіл-күй қалпы ескерілмегендіктен, олар кәсіби тұрғыдан шешім қолдана алмайтындай жағдайға әкеліп соғады. Сондықтан олар болашақ маман ретінде жаңа тұрғыдағы педагогикалық рефлекциясы, кәсіптік әрекеті қалыптаспағандықтан, алдыңға қатарлы әдіс-тәсілдерді қолдануды және оған талдау жасуды өз мәнінде орындай алмайды.
әрекеттер жүйесін көрсетпекпіз Педагогикалық ізденістердің көбісінде студенттердің кәсіптік бағыттылығын қалыптастыруда өзіндік жұмыстың алатын орынын белгілей келе, оны ұйымдастырудың педагогикалық шарттарына көп көңіл бөлу керектігі атап көрсетіледі. Әсіресе, өзіндік жұмысты орындатуға студенттердің талаптылығын, белсенділігін және саналы орындауын қамтамасыз ету үшін үнемі олардың пәнге деген қызығушылығын, ізденісін тудыруға жәрдемдесетін мативтік (түрткілік), көңіл-күйлік, әдістемелік, қарым-қатынастық қалыптарын кіріктіре отырып қарастыру жағына көңіл бөлінеді. Сонда ғана студенттің әлеуметтік және кәсіби белсенділігі көтеріледі. Мұндай жағдайларды ескеру А.А.Вербицкий, В. Л. Гервер, И.В.Горовая еңбектерінде көрсетілген.
Студенттердің өзіндік жұмысқа белсенділігінің көтерілуіне ең бірінші кезекте сол кезеңдегі мамандарға қойылып отырған талапты саналы түсінуі, қоғамдағы әлеуметтік жағдайды ұғынуы, дамып отырған техникалық жетістіктерден хабардар болуы, қоршаған дүниеден алған тәжірибелерін өмірде қолдана білуі және дербестың мәдени деңгейі осының бәрінің нәтижесінде оның саналы жауапкершілігі негіз болады. Интелектісі жоғары, өзінің кәсіптік деңгейін көтеруге, жетілдіруге дайын, әлеуметтік тәжірибелерді бойына сіңіріп, жаңа құндылықтар жасауға талпынатын маман дайындауда кездесетін және оқытушының шешуіне тиісті күрделі мәселелерді жан-жақты зерттеген жұмыстардың қатарына Ю.К.Бабанскийдің, В.В.Давыдовтың, В.В.Гаврилюктің, В.Л.Гервердің еңбектерінде талданған.
Өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен оны нәтижелі орындаудың әдіс -тәсілдеріне келгенде оқытушы мен студент арасындағы шығармашылық қарым-қатысы, яғни оқытушының студентке бағыт беретін, оны өнімді іске жұмылдыратын, сабақтың өнебойына ізденушілік тудыратын, сол іске оларды жаттықтыратын, керекті жағдаятты шешуге кәсіби тұрғыдан талпынатын мүмкіндіктерін тудыратын нәтижелі қарым-қатысының мәні зор. Оқытушы мен студенттің арасындағы нәтижелі қарым-қатынас өзіндік жұмысты ұйымдастыру барысында ретке келіп отырады.Өзіндік жұмысты ұйымдастыру кезінде болашақ маманға кәсіби бағдар берілу үшін, оның кез келген жұмысты орындауының қандай психологиялық әрекетке негізделетінін байқау қажет. Кез келген өзіндік жұмыстың түрі кәсіби бағдарды жетілдіре түседі десек, қателескендік болар еді. Себебі, кәсіби мамандығына тікелей байланысты да, ал оған қатысы емес те өзіндік жұмыстар бар. Осы тұрғыдан алғанда, кәсіби бағыт беруге арналған өзіндік жұмыстың түрлері мен оның мазмұнын және айқындап алуға тура келеді.
Кәсіптік бағыт беруге арналған өзіндік жұмыстың нақты мазмұны мен көлеміне не жатады, сабақ барысында және сабақтан тыс студенттің өздігінен орындайтын жұмыстарының бәрі кәсіптік бағыт беретіндей өзіндік жұмыс түрлеріне жата ма? Әлде, психологиялық тұрғыдан алғанда өзіндік жұмыс болашақ маманның бүкіл болмысына әсер ететін, түсініп, саналы түрде өзінің бағыттылығымен және мақсатын терең ұғыну нәтижесінде туындайтын болашақ маманның таным әрекетінің бір түрі ме? Әрине, бұл туралы әлі де белгілі бір тұжырым жоқ деуге болады.
Өзіндік жұмыстың мән мазмұнына анықтама берген жұмыстар жеткілікті. Мәселен, кейбір педагогтар өзіндік жұмысқа оқу үрдісіндегі студенттердің белсенділігін арттырудың құралы ретінде ғана қараса, енді біреулері өзіндік жұмыс бұл ерекше ойлануды, ой қорытып теориялық материалды терең түсіну нәтижесінде және жұмысты орындаудың әдіс-тәсілін меңгеру негізінде ғана жүзеге асырылатын шығармашылық әрекет ретінде дәлелдейді. Ал өзіндік жұмысқа мүлде басқаша анықтама беретін зерттеулердің қатарына П.И.Пидкасистый және Г.П.Семеновтың еңбектері жатады. Бұлар өзіндік жұмысты білім беру формасына да, оқытудың әдісіне де жатқызбай, тек белгілі мақсатқа сәйкес адын-ала берілген нұсқау арқылы оқушының не студенттің белгілі бір істі оқытушының қатысуымен орындайтын танымдық әрекеті ретінде қарайды. Сонымен қатар өзіндік жұмысқа баға беруде кейбір ғалымдар өзіндік жұмыс-бұл оқытушының не мұғалімнің көмегінсіз-ақ, білім алушының өздігінен орындайтын жұмысы деп қарайды. Осындай пікірді Б.П.Есиповтың еңбегінен кездестіреміз. Мәселен, бұл зерттеудің орта мектептегі білім жүйесіне байланысты қарастырылатынын ескерсек, өзіндік жұмысты оқушының мұғалімнің көмегінсіз өздігінен орындағанымен, алдын ала берілген тапсырмаларға байланысты әрекет жасайтыны айтылады. Олай болса, мұндай жұмысты мұғалімнің көмегінсіз деп қарауға болмайды деп ойлаймыз. Себебі, мұғалім тапсырма бергенде неге көңіл аудару керектігін, қандай әдебиеттерді пайдалануға болатындығын міндетті түрде айтуға тиіс. Осы берілген бағыттың өзі мұғалімнің ақыл-кеңесіне, жұмысты орындауға беретін көмегіне енетіндігі белгілі. Сонымен қатар өзіндік жұмыстың ең бір айырып ала алмайтын бөлімі – ол оқушылардың шығармашылық әрекеті болса, бұл мәселе де ескерілмей қалған.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн 2010 жылға дейiн дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасы.
- Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы
- Бiлiм беру жүйесiн 2003-2005 жылға дейiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламасы.
- «Әдіскер жаршысы» №5, 2006 ж 44, 45 бет
- www.google.kz.