АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. КРЫЛОВ Иван Андреевич

КРЫЛОВ Иван Андреевич (1769-1844) — орыс жазушысы, драматург, көрнекті мысалшы акын. Крылов есімі орыс жұртшылығына күлдіргі-сықақ жанрдағы шығармалары мен мысалдары арқылы белгілі болды. Ол әсіресе мысал жанрында орыс әдебиетін жаңа сатыға көтеріп, әлемге есімі танылды. Әдебиеттегі сын-сықақшылық жолын сахналық туындылардан бас-таған Крылов «Кофе ұнтақтағыш» күлдіргі операсын, «Филомела» трагедиясы мен «Құтырған әйелмен», «Жиһазды дүкен», «Қыздарға өнеге» комедияларын, «Каиб»повесін жазды. Өзі өмір сүрген қоғамдық құрылыстағы кеселді құбылыстар мен керітартпа тіршілікті, зорлық-зомбылықты, адамдар мінездеріндегі олқылықтар мен қарым-қатынастарындағы кереғар қайшылықтарды, ұры-қары, жатып ішер жалқау, алаяқ, жемқор, мақтаншақтарды сынға алып, әшкере етуді мақсат еткен сатиралық «Рух жаршысы», «Көрермен» журналдарын шығарып тұрды.

Ақындық жолында негізінен реалистік шындықты ту еткен Абай орыс ақынының мысалдарынан өзі күнде көріп, зығырданын қайнатып жұрген қазақ ауылындағы жат қылықтар мен өрескел надандықты жеріне жеткізе әшкерелеп, әжуа, мазақ етудің қуатты құралын тапқандай. Табиғатында тілінің ілмешегі бар, әзіл-сықаққа бейім Абай, енді сонау Эзоп, Федр, Лессинг, Лафонтеннен бері қарай келе жатқан уытты да ұтымды, оқырман қауым тез ұғынып, жеңіл қабылдайтын қарапайым сюжеттерді айызы қанған сезіммен аударуға кіріскен. Өйткені хайуанаттар тіршілігі, солардың өзара айтыс-талас түріндегі қысқа әңгімелері арқылы қазақ жұрты ішінде де бел алған біраз кемшілік-кесапаттардың бетін ашуға, ел ара-сындағы атқамінер пысықайлардың, қотанындағы аз малдың буына семірген, бос кеуде мақтаншақтардың, жақсы мен жаманды ажы-рата алмайтын көп наданның, әкімдер алдында бас изеуден басқаны білмей шыбындаған жарамсақтардың, «Үйден үрген итке ұқсап» бас пайдасы мен «шен-шекпен үшін туған халқын талауға әзір жылпостардың кеселді қылықтарын әшкерелеуге мүмкіндік мол екенін көре білді. Бұрын қазақ арасына көп тарай қоймаған бұл жаңа жанр тыңдаушыны оқыс сюжетімен қызықтыра түсетінін түсінді. Олар ауызша айтуға да, жаттауға да жеңіл. Абай Крыловтан барлығы 13 мысал аударған. Рас, олардың барлығын бірдей бірыңғай таза аударма деу де қиын. Ақын көп ретте Құнанбаев мысалының жалпы мазмұнын алады да, өзінше еркін баяндайды. Абайда дәл, көшірме-аудармадан көрі сарындас-аударма басым. Ақынның бұлайша еркін кетуіне орыс әдебиетіндегі мысал жанры мен қазақтың мысал-өлеңінің жанрлық, техникалық ерекшелігі себеп болса керек. Абай мен Крыловтың  мысалдарын сан қайтара оқып, алыс-жақын қасиеттерін, көркемдік, мазмұндық, стильдік айырмашылықтарын салыстыра зерттеген М. О. Әуезов осы айырмашылықты ап-айқын етіп көрсетіп берген: «Ал, анық әдебиет жүйесінің көзімен қарағанда, орыо әдебиетінде мысал (басня) стих (өлең) емес. Ол өзі бөлекше жанр. Оның жол өлшеулері өлеңге тән өзгешеліктей боп шумаққа да бөлінбейді. Әр кезде сөйлеп айтатын ауызша әңгіме, халықтық әңгіменің нақышты, ырғақты қара сөзіне бейім келеді. Қысқа қайырылған, өте мазмұнды жауаптасу, қағысулар оқиғалы желігз құрылады.

Ал Абай мөн Алтынсарин немесе басқа қазақтың аудармашылары болсын, бәрі де Крылов мысалының осы ерекшелігін дәл бермеген. Қазақша аударылуда орыс әдебиетінің бұндайлық бөлекше жаңа жанры қазақшада бөлекше жанр тудырмайды. Кейбір аудармалар қазақтың төрт жолды шумағы бар 11 буынды өлеңімен аударылған. Абай мен Алтынсарин жеті-сегіз буынды жыр алуандас өлеңмен айнымас өлшеуге бағындырып, кысқа жолмен аударады. Сол себепті сырттай салыстырып қарасақта, мысалы, Крыловтың «Ворона и лисица» дейтін шығармасы жиырма алты жолға бөлінсе, Абай мен Алтынсаринде елуден аса жолдан құралады. Крыловтың мұраларының оның әңгімесі мен сатиралық-әжуалық ең қымбатты ішкі мәнін алады да, Абай оның сыртқы түр өзгешелігін көп кұнттамайды» (М. О. Әуезов. Абай Құнанбаев. Мақалалар мен зерттеулер. — А., 1967, 201-202 б.). Осыған қарағанда Абай да, Алтынсарин де қазақ оқырманы үшін мысалдың өлең түріндегі нұсқасы қажеттірек, ұғымдырақ деп есептеген болулары керек. Олар қазақ жұртына қара сөзден гөрі дәстүрлі өлең түріндегі мысалдардың тез тарап, тез жатталатынын ескергені сөзсіз.

Әуезов, Абайдың Крыловтан аударған 5 мысалын ерекше жоғары бағалаған. Олар: «Есек пен бұлбұл», «Қарға мен бүркіт», «Шегіртке мен құмырска», «Піл мен қанден», «Түлкі мен қарға». Ал қалған 8 мысалды қатты сынап, оларды Абай аудармасы болмауы мүмкін деген күдік айтқан. Бірақ, сөйте тұра, Крыловтың 13 мысалын Абай аударған мысал-өлеңдер ретінде өзі дайындап бастырған 1933 жылғы жинаққа, одан кейін тікелей із басшылығымен әзірленген ақын шығармаларынын, 1957 жылғы екі томдық толық жинағын  енгізген. Оның үстіне бұл мысалдар Абайдың 1909ж. С.-Петербургте жарық көрген тұңғыш жинағы мен Мүрсейіт қолжазбаларында Абай аудармасы деп көрсетілген. Сондықтан ақынның Әуезов сынаған мысалын кейін» жинақтардан шығарып тастауға әзірге ешқандай негіз жоқ. Жоғарыда көрсетілгендей, Абайдың Крыловтан жасаған аудармаларын шартты түрде көшірме-аударма және сарындас-аударма деп екі топқа белуге болады. В. Г. Белинский Крылов мысалдарын өлеңдік өрнегіне,  шеберлік сипатына қарай: а) өсиет (мораль), ақыл-кеңес айтуға ә) өсиет аралас ақындық, шабытпен жазылған-б) шынайы көркем туындылар деп бөлсе, Абай-өсиетшіл мысалдарға көп көңіл бөлмеген. Сол сияқты Крыловтың үшінші топтағы аса керкем туындыларына да онша бой ұрмай, көбіне екінші топтағы шығармаларын аударған. Оның басты себебі бұл мысалдардың қазақ өміріне тақырып,  мазмұн жағынан неғұрлым жақыныра тұрғандығында болса керек. Өйткені, Әуезов айтқандай, Крылов мысалдарының «ең қымбатта ішкі мәнін ғана алып», өзінше, басқа түрме-төл туынды дерлік дүние жазған Абайды орыс мысалшысы шығармаларының көркемдік шеберлігін жеткізе алмаспын деп қауіптенге-болуы керек деп айыптай алмаймыз. Қайта керісінше,   кейбір мысалдардың қазаки- нұсқасы түрлік,  мазмұндық жағынан жетіле байи түскенін көреміз. Ақын өзі аударған мысалдардың көпшілігіне түпнүсқада жоқ сөздес мен тіркестер, тұтас керіністер баяндалатын шумақтар қосып, толықтырып, байытып отырған. Мысалы, «Есек пен бұлбұл» мысалында Крылов әңгімені бірден есек пен бұлбұлдың кездесунен бастаса, Абай түпнұсқада жоқ:

«Тойған есек шепті оттап маңайдағы,

Сонырқап шатқа кетті қай-қайдағы.

Қаңгырып елкені өрлеп келе жатып,

 Жолықты бір бұлбұлға тоғайдағы…» —

деген жаңа шумақпен бастайды. Алдымен Есекті-тойып, көңлі тасып, өзіне өзі риза болып, ерекше бір мамыражай күйде ерігіп келе жатқанын білдір арқылы оның сұлу ән, ғажайып әсем үн тыңдау үшін емес, әшейін ермек үшін сөз бастағанына кез жеткізіп алады. Мысалдың түйіндеуі де өзгеше Абай Крыловтың бір жолдық тұжырымын бұлбұлдың өте табиғи, бір шумақтық сөзімен аяқтайды. Осында өзгешеліктерді екі мысалшының «Жарлы бай», «Шегіртке мен құмырсқа», «Қарға мен бүркіт» мысалдарынан да көреміз. «Қарға мен бүркітте» Крылов қашан да үлкен ұры құтылады, кіші ұры тұтылады деген ойды айтпақ болса, Абай бұл тұжырымды. әлдеқайда кеңейтіп, салмақтандыра түседі. Алайда әңгіме ұрлық туралы емес, әркімнің әлі, күш-қуаты туралы, оның қоғамдағы орнын танытады

«Азат басың болсын құл,

 Қолдан келмес іске ұмтыл», —

деп тұжырымдайды ол. Сол сияқты «Бақа мен өгіз’ мысалын да әңгімені тікелей оқиғадан бастайты-Крылов шығармасында жоқ төл шумақпен өрбітеді де орыс ақынының қоғамның әр түрлі топтары бірде бола алмайды деген пайымдауын жиып қойып, мысал-өлеңін «бос қаталасып, қолыңнан келмейтін іске ұмтылма» деп түйіндейді. Кәдімгі «Аяз әліңді біл» деген халық санасына әбден сіңіп, ережеге айналған, бұқара түсінігіне тонның ішкібауындай жақын философия.

Абай К. мысалдарын аударып, орыс мысалшы сонын, есімін қазақ халқына таныстырып қана қойған жоқ,надандық пен зорлық-зомбылыққа, адам мінезіндегі   жат қылықтарға қарсы күресте қуатты құрал ретінде пайдаланан отырып, оны жетілдіре, байыта, ұштай түсті.Көп ретте орыс мысалшысының шығармаларымен сарындас аударма жасап, төл туынды дерлік өлеңдерді дүниеге әкелді.