АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Куратор тәрбие жұмысының ғылыми-теориялық және ұйымдастырушылық негіздері

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

 

 

 

 

Философия факультеті

 

 

Жалпы университтік жалпы және этникалық педагогика кафедрасы

 

 

МӨЖ

 

Тақырыбы: «Куратор тәрбие жұмысының ғылыми-теориялық және ұйымдастырушылық негіздері»

 

 

 

Орындаған: философия және

ғыл. метод. кафедрасы,

 1-курс магистранты

Альджанова Н.К.

Тексерген: пед.ғ.к., доцент

Әлқожаева Н.С.

 

 

Алматы, 2007

 

         Куратор – студенттік өмір сұрақтарын: тәрбие, қызмет, еңбекті ұйымдастыру, әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы мәселелерді шешуге деканатпен белгіленген оқытушы.

 

         Куратор университте студенттермен бір уақытта пайда болды және жоғары білімнің даму тарихымен байланысты осы уақытқа дейін міндеттері, қызметі, студенттермен қарым-қатынас сипаты өзгерді.

         Демократиялық тенденциялардың дамуымен байланысты жоғары білім жүйесінде кураторға және оның студенттік өмірдегі рөліне көзқарас өзгерді. Ал кейбір жоғары оқу орындары студенттер өз жұмыстары және мәселелерін шешуге қабілетті деп есептеп, кураторлықты алып тастаған. Басқалары кураторларды тек І-ІІІ курстарға қалдырып, ал жоғары курс студенттерінің мәселелерін шешуге тек бір кураторды тағайындаған. Ал үшіншілері кураторлықтың бұрынғы жүйесіне қайтып келді (І-Ү курс арасында әр академиялық топта бір куратор).

         Академиялық топ кураторларын берілген курста жұмыс істейтін сәйкес кафедра оқытушыларынан белгілейді, одан кейін оларды декан бекітеді. Кураторлар деканның тәрбие жұмысы бойынша орынбасар басқармасымен жұмыс жасайды, қажет жағдайда іс-әрекеттерін студенттік қоғамдық ұйымдармен келіседі.

         Жұмыс үрдісінде куратор академиялық топ, студенттердің активіне жүгінеді. Авторитарлық әдіске куратор тек қажет жағдайда ғана жүгінуіне болады. Жарты жылға жұмыс жоспарын орындағаннан бұрын куратор студенттерді, олардың қызығушылық және неге бейім екендігін, сұраныстарын, отбасылық жағдайын, материалдық күйін, үй-тұрмыстық жағдайларын зерттейді. Содан кейін активпен бірге топтың жалпы жиналысында қарастырылатын жұмыстың жоспарын жазады, ол жоспар құжат мәртебесіне ие болады. Жоспарды орындағанда бар мүмкіндіктер мен нақты жағдайға жүгіну керек. Жоспарланған жұмыстар барлығына түсінікті және қызықты болу шарт, алайда әрбір студентке белгілі бір жұмыс бөлігін беріп, ол оған дербес жауапкершілікпен қарау қажет.

         Академиялық топтағы куратор студенттің жаңа әлеуметтік рөлге, жоғары оқу орнына, жаңа қалаға әлеуметтік-психологиялық бейімделу мәселелерімен айналысады. Ол мәселелерді шешуге жоғары оқу орын және мамандық туралы әңгіме-сұхбатттар, қала бойынша экскурсиялар, оның мәдениетімен, тарихи ескерткіштерімен таныстыру сияқты іс-әрекеттер көмектеседі. Студент атағына ие болған жастар көп жағдайда қолына түскен бостандық, еркіндік ықпалына түседі, уақытын бос өткізіп, сессияға дайындалуға үлгермей қалады. Сондықтан  алғашқы семестрдің өзінде-ақ студенттерді университеттік өмір және ондағы оқудың ерекшеліктерімен таныстыру, олардың жауапкершілігін дамыту маңызды.

         Куратор студенттерді олардың өмір сүру әрекеттерін реттейтін нормативтік құжаттармен, деканат және ректорат, университет және факультеттің ғылыми кеңесінің отырысында қабылданған шешімдермен  таныстыруды ұйымдастырады. Бұл сипаттағы ақпарат студенттерге өте маңызды, өйткені ол университеттік өмірде болып жатқан жаңалықтармен таныстырады, өзінің жоғары оқу орнына баулиды.

         Периодты түрде куратор студенттердің сабаққа қатысуын және үлгерімін тексереді. Егер қажетті болса, академиялық топ жиналыстарында бұл сұрақтар қарастырылады. Кейбір жоғары оқу орнындарында ата-анаға арналған күндерді өткізу тәжірибесі енгізілген.

         Куратор жұмысының маңызды аумағы болып студенттерді ғылыми-зерттеу әрекетіне баулу табылады: кафедралық үйірмелер, пән бойынша олимпиадалар, студенттердің ғылыми жұмыстарының жарыстары, кафедра немесе лабораториялардың ғылыми зерттеу жұмыстары. Бұл бағыт студенттердің ғылыми әлеуетін дамытуға әрекет етеді.

         Аламға әдетте өмірде бір қатар әлеуметтік және басқа рөлдерді атқаруға тура келеді. Алайда оқу жоспарлары және бағдарламалары студенттерді тек бір рөлге —  жақсы білікті мұғалім болу рөлін қарастырады. Куратор активті топпен бірге студенттерді басқа әлеуметтік, отбасылық, азаматтық және т.б. рөлдерді атқаруға өнегелік-психологиялық және теориялық-практикалық дайындыққа жауапкершілікті ала алады.

         Куратор студенттердің материалдық мәселелерін назардан тыс қалдырмайды. Периодты түрде жатақханаларға барып тұрып, қиындықтарды шешуге көмектеседі. Материалдық қиындықтарға байланысты студенттер жұмыс жасауына тура келеді, куратор оларға жұмыс іздеуіне белгілі бір көмек көрсетуге тиісті.

         Академиялық топтың І курсында куратор ұйымның басқарушы рөлін атқарады. Ол студенттердің дербес ерекшеліктерін, олардың психологиялық сәйкесстігін зерттейді, кейін өзі жүгінетін топтың активін құруға қатысады. Қазіргі жағдайда маңызды мәселе болып студенттердің өзін-өзі басқару табылады. Қоғамдық ұйымдардың болмауына байланысты топта бұл мәселе студенттік актив көмегімен, студенттердің әртүрлі жиылысы арқылы шешіле алады. Академиялық топта бірлескен актив жұмыс істей бастағанда жоғары курстарда әрбір студент осы ұжымның әрекеті және өмірін басқаруға қатысу қабілетіне ие болады.

         Куратор топта студенттер арасында бейресми және достық қарым-қатынастардың дамуын бағыттайды, ол психологиялық атмосфераның   орнатылуына жағымды  әсер ете алады. Бұл әрекетпен куратор топтың эмоциялық және өнегелі бағытына, ішкі топтық микроклиматқа бір уақытта әсер ете отырып, топтың ұйымдастырылған бірлігіне жетеді.

         Іс-әрекетінің алуантүрлілігіне қарамастан, куратор студенттердің тәрбие мәселесін қатаң сақтап отыру қажет. Тәжірибесі мол куратор бұл мәселені білдіртпей шешеді.

         Өзін-өзі тәрбиелеу процесін ұйымдастырушы болып студенттің өзі табылады, алайда куратор оған белгілі бір көмек көрсете алады. Ол жетістіктер мен кемшіліктерді бағалауда эксперт рөлін атқарып, кеңес бере алады.

         Куратор жұмысының нәтижелілігі көп жағдайда студенттермен мақсатты түрде қалыптасқан қарым-қатынастармен анықталады.  Егер қарым-қатынастар назар, сенім, құрмет негізінде құрылса, егер куратор студенттермен өзара әрекеттесу әдістеріне жүгінсе, ол қойылған мақсатттарды шешуде жетістіктерге жетеді.

     Студенттермен өзара әрекеттесе отырып, куратор оларды академиялық топта толығымен басқару жұмысын жүзеге асырады. Әрбір кураторға өзіндік жазу тән, алайда қалыптасқан өзгерістерді ескермей, бір ережені қатаң сақтау да дұрыс емес. Топта болған өзгерістерді ескеріп, онымен байланысты тәрбиенің өзіндік сызығын дұрыстап отыру жөн: бір жағдайда  — студентке белсенділік танытуға мүмкіндік беріп, екінші жағдайда  — қатаң педагогикалық талапқа жүгіну.

Тәжірибелі куратор болу үшін арнайы әдістемелік әдебиетті оқыу, басқа оқытушылар тәжірибесін зерттеу қажет. Көп жағдайда кураторлар өзге тәжірибені қолданады. Алайда К.Д.Ушинский кеңесі бойынша басқа педагог тәжірибесінің өзін алу қажет емес, өйткені басқа педагогикалық жүйе бойынша тәрбиелеуге болмайды, бұл тәжірибедегі ойды, идеяны пайдалану қажет.

Кураторлар жұмысының тәжірибесін зерттеу негізінде олардың әрекетінің нәтижелілігін көтеретін бір қатар педагогикалық ережелерді ұсынуға болады:

  • жұмыстың жоспарын бар мүмкіндіктер бойынша топ активімен бірлесіп жасау;
  • едәуір ықпал тигізу үшін академиялық  топ мүшелерін барлық қарым-қатынастарда зерттеу;
  • педагогикалық жағдайға байланысты студенттермен қарым-қатынасты өнімді түрде құруға үйрену;
  • күрделі, әрі ұзақ қа созылатын алғашқы мақсаттардың бірі – толыққанды студенттік ұжымды қалыптастыру;
  • әрбір студент қоғамдық жұмыстарға қатысуна және оларға жауапкершілік тартуына қол жеткізу;
  • студенттерге көптеген әлеуметтік рөлдерді орындауға көмектесу;
  • ұжымды немқұрайлылық, бақылаусыздық және жауапкершіліксіздік сияқты басқа ешнәрсе ұжымды бұзбайтындығын ұмытпау;
  • студенттің өзін-өзі тәрбиелеуде саналы және мақсатқа бағытталған жұмысты жүзеге асыруда қажетті көмекті көрсету;
  • студенттік өзін-өзі басқаруды, қоғамдық белсенділікті қолдау және дамыту.

     Орта ғасырлық университтерде міндетті тұлға ретінде қалыптасқан куратор  оның бүкіл даму траихымен тікелей байланысты. Басында  ол студенттерге кепілдікпен оқу кітаптарын беретін, олардың ұмытып кеткен заттарын жинайтын бақылаушы-қадағалаушы адам болатын.

     Университеттік білімнің өзгеруімен куратордың мәртебесі де өзгерді, оның құқықтары және функционалдық дықміндеттері нақты сипатқа ие болды. Куратор студенттермен бірге ұжымдық шараларды бірлесіп жоспарын құрып атқарады, толыққанды тәрбиелеу ұжымын қалыптастыруға көмектеседі, қоғамдық белсенділік және студенттердің өзін-өзі басқарудың дамуына әрекет етеді, студенттерді қиын жағдайларда қолдау көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиет тізімі

 

  1. Пионова Р.С. Педагогика высшей школы. Минск. Университетское, 2002.
  2. И.П. Подласный. Педагогика. Москва.»Просвещение», 1996.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

 

 

Философия факультеті

 

 

Жалпы университтік жалпы және этникалық педагогика кафедрасы

 

 

 

МӨЖ

 

Тақырыбы: «Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары»

 

 

 

 

Орындаған: философия және

ғыл. метод. кафедрасы,

 1-курс магистранты

Альджанова Н.К.

Тексерген: пед.ғ.к., доцент

Әлқожаева Н.С.

 

 

 

Алматы, 2007

         Университет  екі жетекші әрекет түрлеірнде негізделеді: білім беру және ғылыми. Университет мәртебесі білім беру және ғылым әлемінде ғылыми зерттеулердің іргетасымен анықталады. ХХ ғасырдың 90 жылдарындағы институттарынан қалыптасқан университеттер аталған дәйекті толығымен меңгерегн жоқ. Дегенмен университет күшті білімді ғылымға деген қатынасын өзгерткен жағдайда ғана құрай алады.

         Қазіргі жағдайларда студенттер студенттер екі типті зерттеу жұмыстарына қатысады: оқу және ғылыми. Олардың арасында сәйкестіктер және айырмашылықтар бар. Сипаты бойынша зерттеудің екі типінің де ғылыми болып табылатындығы екеуіне ортақ белгі. Алайда олар жоғары оқу орнының өмір сүру әрекетінде әртүрлі рөл атқарады, ұйымдастыру әдістерімен ерекшеленеді. Оқу және ғылыми жұмыстардың маңыздылығы өткізілген зерттеудің, теориялық материал және практикалық қорытындылардың тереңдігімен анықталады.

         Студенттердің оқу-зерттеу жұмысы (СОЗЖ). Жоғары оқу орнының оқу жоспарымен қарастырылған, басым көпшілігі жоғары курстарда жүзеге асады, мәндетті сиптақа ие, бес балдық жүйе бойынша бағаланады. Жоғары оқу орнындарында СОЗЖ келесі формалары қабылданған:

  • курстық жұмыстар;
  • дипломдық жұмыстар;
  • СОЗЖ (жекелеген жоғары оқу орнындарында).

 

         Курстық жұмыстар көбінесе ІІІ-ІҮ курстарда жетекші оқу пәндері бойынша орындалады. Бұл теориялық немесе тәжірибелік-эксперименттік сипатқа ие алғашқы өзіндік ғылыми зерттеу жұмысы. Егер І курс студенті ғылыми үйірмелердің бірінде жұмыс атқарса, оның үйірмелік жұмыс тақырыбы оқу курстық жұмысқа алмасуы ғажап емес. Бұл жағдайда курстық жұмыс тұрақты және фундаментальды сипатқа ие болады. Студентттер СОЗЖ-ның бұл түрін сәйкес кафедралар белгілейтін оқытушылар басқармасымен орындайды. Олар курстық жұмысты қорғау үшін кішігірім комиссия құрайды. Курстық зерттеуді жүргізе отырып, студенттер ғылыми әдебиетпен жұмыс істеуді, таңдалған проблеманың өңделуін зерттеуге үйренеді.

         Студенттердің оқу-зерттеу жұмысы мазмұны және мәні бойынша сипаты әртүрлі. Бір қатар жағдайларда курстық жұмыс дипломдық жұмыстың параграфы немесе бөлімі болып, зерттеуді жоғары деңгейде жүргізуге талпыныс береді. Дипломдық жұмыс кейбір жоғары оқу орнындарында СОЗЖ-ның міндетті формасы болып табылмайды, мамандыққа қойылатын талаптарға сәйкес олар орындалмай, мемлекеттік емтихандармен алмастырыла алады. Дегенмен техникалық жоғары оқу орнындарында оқу жоспарына міндетті түрде дипломдық жобаны дайындау да  кіреді.

         Шығарып жатқан кафедра оқытушыларды дипломдық жұмыс иегерлерін  ғылыми басқаратын оқытушыларды белгілейді. Олар студентке  тақырып таңдауға, дипломдық жұмыстың құрылымын жасауға, дипломдық зерттеуді өткізу жоспарын орындауға көмектеседі. Дипломдық жұмыс тақырыбы және ғылыми жетекші сәйкес кафедрамен, сонымен бірге факультет кеңесімен бекітіледі. Дипломдық жұмыстың орындалуы 2-3 жыл ішінде орындалады және бір қатар сатылардан өтеді:

  • зерттеуге дайындық;
  • зерттеуді ­өткізу;
  • зерттеу нәтижелерін талдау және өңдеу;
  • жұмысты жазу әдебиеттік рәсімдеу;
  • дипломдық жұмысты қорғау.

 

         Студенттер тақырыптың өзектілігін, оның ғылым үшін мәнін және тәжірибеге қажеттігін анықтау, таңдаудың дұрыстығын негіздеу қажет. Одан кейін олар зерттеу мақсатын қалыптастырып, оның объектісі және пәнін анықтайды, зерттеу мақсаттарын қояды. Содан кейін әдістерді таңдап, базаны анықтап, зерттеу бағдарламасын өңдеу керек.

         Дайындалған дипломдық жұмыс рецензияланып, алдын ала апробациядан (алдын ала қорғау) өтеді және кафедра шешімі бойынша қорғауға жіберіледі. Қорғау процедурасының өзі мемлекеттік емтихандық комиссияның ашық отырысында жүзеге асады.

         Кейде дипломдық жұмыс материалдары практикаға енгізіледі. Бұл студенттердің жүргізген зерттеу жұмыстарының жоғары деңгейін  және оның ғылыми-практикалық мәнін куәландырады. Студенттер дипломдық жұмысын дайындағанда үйірмелердегі ғылыми әрекетіне немесе курстық жұмыстарына жүгінсе, олардың ғылыми мүмкіндіктері кеңейеді.

         Көптеген жоғары оқу орындарының, әсіресе, педагогикалық кескіннің оқытудың университеттік үлгіге көшуі дипломдық жұмыс мәртебесін көтеруге әкеледі.

 

         Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмастары (СҒЗЖ). СОЗЖ-на қарағанда, зерттеудің бұл түрінің міндетті сипаты жоқ, ерікті түрде  І курста жүзеге аса алады. Ғылыми әрекетпен айналысып жүрген студенттер студенттік ғылыми қоғамына (СҒҚ) бірігеді. Бұл аталған бағыттағы студенттермен жұмысты ұйымдастырушы және орталығы. СҒҚ ғылыми негіздердің жұмысын бақылау және қадағалауды жүзеге асырады, жаппай ғылыми шараларды  — конференцияларды, семинарларды, олимпиадаларды, ғылыми мектептердідайындайды және жүргізеді.

         СҒЗЖ барлық формаларын ғылыми басқаруды жоғары оқу орындарыцның оқытушылары жүзеге асырады. Олар ғылыми үйірмелер мен клубтарды қалыптастырады, олардың өзектілігін анықтайды; студенттік баяндамаларды ғылыми конференциялар, семинарлар, симпозиумдарға таңдайды және рецензиялайды; секцияларды және дискуссияларды басқарады; студенттерге ғылыми зерттеу әдістерін үйренуіне, тәжірибе жүргізуге көмектеседі; студенттердің ғылыми жұмыстарының жинағын дайындайды.

         Әдетте студенттер жетекші оқытушылар айналасында І-ІІ курстан бастап топталады. Олар өз жетекшісінің ғылыми зерттеу тақырыбына енгізіледі. Сөйтіп әртүрлі курстар студенттері, сонымен бірге магистранттар мен аспиранттар қатыса алатын ғылыми мектеп құрылады.

         Қазіргі университетте СҒЗЖ-ның әртүрлі формалары қызмет етеді:

  • ғылыми үйірме;
  • ғылыми клуб;
  • студенттік ғылыми лаборатория;
  • ғылыми конфйеренциялар, семинарлар, симпозиумдар;
  • оқу пәндері бойынша олимпиадалар;
  • студенттердің ғылыми жұмыстарының жарыстары;
  • жазғы ғылыми мектептер;
  • студенттік конструкторлық бюро;
  • зерттеулердің келесілген тақырыптары.

 

         Ең кең тараған және тұрақты формасы болып белгілі бір пән бойынша ғылыми үйірме табылады. Үйірмелер кафедра шешімімен құрылады, оларды доценттер немесе профессорлар басқарады. Үйірмеге әртүрлі курс студенттері қатыса алады. Біреулері шығармашылық педагогикалық эссе, басқалары ғылыми рефераттар жазады, үшіншілері тәжірибелік жұмыс өткізсе, төртінщілері ғылыми зерттеу нәтижелері туралы баяндамалар дайындайды. Біртіндеп студенттер ғылыми ізденістің әртүрлі қырларын игереді.

         Ғылыми зерттеулер студенттердің аналитикалық ойлау қабілетінің дамуына әрекет етеді. СОЗЖ және СҒЗЖ болашақ оқытушы, кез келген маманның шығармашылық тұлғасының қалыптасуында кең мүмкіндіктерге ие. СҒЗЖ-ның әртүрлі формаларына үнемі қатысып тұратын студенттер магистрлер және аспиранттар болып, ғылыми зерттеулерді жалғастырады.

         Жоғары мектептің орта мектептен принципті ерекшеліктерінің бірі болып студенттердің оқу-зертеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатындығы табылады. Біріншісі оқу жоспарына енгізіліп, міндетті сипаты ие болып, бес балды жүйемен бағаланса, екіншісі еркіті болып табылады. СОЗЖ формалары мамандық бойынша оқу жоспарымен анықталады, ал СҒЗЖ формалары алуан түрлі және сәйкес кафедрамен анықталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиет тізімі

 

  1. Пионова Р.С. Педагогика высшей школы. Минск. Университетское, 2002.
  2. И.П. Подласный. Педагогика. Москва.»Просвещение», 1996.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

 

 

 

 

Философия факультеті

 

 

Жалпы университтік жалпы және этникалық педагогика кафедрасы

 

 

МОӨЖ

 

Тақырыбы: «Білім туралы» заңдағы білім беру жүйесінің міндеттері

 

 

 

Орындаған: философия және

ғыл. метод. кафедрасы,

 1-курс магистранты

Альджанова Н.К.

Тексерген: пед.ғ.к., доцент

Әлқожаева Н.С.

 

 

Алматы, 2007

 

         Қазақстан демократиялық жолға түскен өтпелі кезеңде барлық әлеуметтік-экономикалық өмірдің түбірімен өзгеруі білім саласының да қайта құрылуына қажеттілік туғызды. Бұл орайда жүргізіліп жатқан реформалар, бұрынғы қол жеткізген жетістіктерді сақтай отырып, білім беру жүйесін әрі қарай дамыту жолдарын белгілеу қажет болды. Білім беру саласындағы әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің тәжірибесіне сүйеніп, жаңа мемлекеттің даму барысын ескере отырып, жинақталған тәжірибеге арнаый талдау жасау қажеттігі туды. Осы орайда білім беру ісінің заңдық базасын жасау қолға алынды. Білім туралы заңдар қабылданып, білім саласындағы мемлекеттік саясаттың концепциясы, орта білімнің даму концепциясы мен білім берудің мемлекеттік стандарттары бекітілді. Қабылданған нормативтік құжаттар еліміздің негізгі ережелеріне сүйенеді.

         Білімге байланысты мемлекеттік заңдар, стандарттар:

  • Қазақстан Республикасының  1999 жылғы 7 маусымдағы № 389-1 «Білім туралы» Заңы. (Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі №597 «Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен енгізілген өзгертулер мен толықтырулары бар) .
  • «Білім беру» мемлекеттік бағдарламасы.
  • Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі №343-ІІ  «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық-коррекциялық қолдау туралы» Заңы.
  • Дарынды балаларға арналған мектептерді  мемлекеттік қолдау және дамыту.
  • Шетелдерде кадрлар даярлау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің  «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы.
  • Жанұялық тұрпаттағы  балалар ауылдары  және  жастар Үйлері туралы.
  • Қазақстан Республикасының «Неке және жанұя туралы»  Заңы.
  • ҚР «Білім туралы» Заңынан кейін қабылданған бастауыш және орта кәсіптік білім беру аясында қолданыста жүрген нормативтік-құқықтық  актілердің  тізбесі.
  • Үміткерлерді  іріктеу  Ережесі және Қазақстан Республикасы Президентінің  «Болашақ»  халықаралық стипендиясын   беру.
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі n 1304  «Педагогика қызметкерлері және оларға теңесетін тұлғалар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» қаулысы   (өзгертулер ҚР 17.02.01ж. n  252;  25.01.05ж  n   60  қаулыларымен енгізілген).
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің  1999  жылғы 27 тамыздағы  n 262  «Мемлекеттік білім беру ұйымдарында педагогикалық қызметкерлердің нормативтік оқу жүктемелерін бекіту  туралы»  қаулысы.
  • Білім беру қызметін лицензиялау Ережесі.
  • Білім беру ұйымдарын  мемлекеттік  аттестаттау Ережесі.
  • Қазақстан Республикасының «Білім туралы»  Заңы.
  • Қазақстан Республикасында  балалардың құқықтары  туралы.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы 1999 жылғы  7 маусым күні,  N 389 бұйрықпен бекітілген. Осы Заң бiлiм беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы аядағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін белгілейді және Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған. Ол 9 тараудан, 50 баптан тұрады.

1-тарау жалпы ережелер деп аталады. Бұл тарауда осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар, Қазақстан Республикасының білiм беру саласындағы заңдары, бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк саясаттың принциптерi, азаматтардың бiлiм беру саласындағы құқықтарының мемлекеттiк кепiлдiктерi, оқыту және тәрбиелеу тiлi секілді баптар қарастырылған. Мысалы, 1-тараудың бірінші бабында Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады деп айтылған.  Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңдары мемлекеттiк саясат принциптерiн айқындайды, азаматтардың бiлiм алуға конституциялық құқығының iске асырылуын қамтамасыз етедi, орталық және түрлi деңгейдегi жергiлiктi атқарушы органдар арасында бiлiм беру саласындағы құзыреттi шектейдi, бiлiм беру процесi субъектiлерiнiң арасындағы қатынасты реттейдi, олардың құқықтарын, мiндеттерiн, өкiлеттiгi мен жауапкершiлiгiн белгiлейдi.

Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:

  • Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының бiлiм алу құқықтарының теңдiгi;
  • әрбiр азаматтың интеллектуалдық дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшелiктерi ескерiле отырып, халықтың барлық деңгейдегi бiлiмге қол жеткiзуi;
  • білiм берудiң зайырлы сипаты;
  • жеке адамның бiлiмдiлiгiн ынталандыру және дарындылығын дамыту;
  • бiлiм беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететiн бiлiм беру процесiнiң үздiксiздiгi;оқу мен тәрбиенiң бiрлiгi;
  • бiлiм беру ұйымдарының меншiк нысандары бойынша, оқу мен тәрбиенiң нысандары, бiлiм беру бағыттары бойынша алуан түрлi болуы;
  • бiлiм берудi басқарудың демократиялық сипаты және бiлiм беру ұйымдарының академиялық бостандықтары мен өкiлеттiгiн кеңейту;
  • бiлiм берудiң iзгiлiктi және дамытушы сипаты;
  • бiлiмнiң, ғылымның және өндiрiстiң интеграциялануы;
  • оқушыларды кәсiптiк бағдарлау;
  • бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру.

 

Бiлім беру ұйымдарында саяси партиялар мен дiни ұйымдардың (бiрлестіктердiң) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметiне жол берiлмейдi. Бiлiм беру ұйымдарындағы тiл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Меншiк нысандарына қарамастан, барлық оқу орындары әрбiр бiлiм деңгейi үшiн мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандартқа сәйкес мемлекеттiк тiл ретiнде қазақ тiлiн бiлу мен дамытуды, сондай-ақ орыс тiлiн және бiр шетел тiлiн оқып-үйренудi қамтамасыз етуге тиiс. Ұлттық топтар үшiн олардың ана тілдерiн оқып-үйренуiне жағдай жасалады, ал олар жинақы тұратын жерлерде өз тілдерiнде оқытатын бiлiм беру ұйымдары немесе бөлiмшелерi (сыныптар, топтар және басқалар) құрылуы мүмкiн.

Тиiстi бiлiм беру деңгейлерiнiң мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарттары меншiк нысандарына, үлгiлерi мен түрлерiне қарамастан барлық бiлiм беру ұйымдары үшiн мiндетті. Бiлiм берудiң мемлекеттік жалпы мiндеттi стандарттарын әзiрлеу, бекiту тәртiбi мен олардың қолданылу мерзiмiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

Білім беру жүйесінің міндеттері 1-тараудың 8-бабында қарастырылған.  Бiлiм беру жүйесiнiң басты мiндетi — ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетiстiктерi негiзiнде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсiби шыңдауға бағытталған бiлiм алу үшiн қажеттi жағдайлар жасау. Бiлiм беру жүйесiнiң басым мiндеттерi мыналар болып табылады:
      1) бiлiм беру бағдарламаларын меңгеру үшiн жағдайлар жасау;
      2) жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, жеке басының дамуы үшiн жағдай жасау арқылы интеллектiн байыту;
      3) азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны — Қазақстан Республикасына сүйiспеншiлiкке, мемлекеттiк рәмiздердi құрметтеуге, халық дәстүрлерiн қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көрiнiстерге төзбеуге тәрбиелеу;

      4) республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмiрiне қатысу қажеттiгiн, жеке адамның өз құқықтары мен мiндеттерiне саналы көзқарасын қалыптастыру;

      5) әлемдiк және отандық мәдениеттiң жетiстiктерiне баурау, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерiн зерделеу, мемлекеттiк тiлдi, орыс, шетел тiлдерiн меңгеру;
      6) бiлiм беру ұйымдарының еркiндiгiн, дербестiгiн кеңейту, бiлiм беру iсiн басқаруды демократияландыру және орталықсыздандыру;
      7) оқытудың жаңа технологияларын енгiзу, бiлiм берудi ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желiлерге шығу;
      8) еңбек рыногында бәсекелесуге қабiлеттi бiлiктi жұмысшылар мен мамандар даярлау, оларды қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру;
      9) жұмыстан босатылған қызметкерлердi және жұмыспен қамтылмаған халықты қайта оқыту және қайта даярлау;

     10) алуан түрлi және көп қызметтi бiлiм беру ұйымдарының тиiмдi дамуына жәрдемдесу.

Білім туралы заңның 2-тарауы  білім беру ұйымдары деп аталса, білім беру бағдарламалары мен білім деңгейлері 3-тарауда қарастырылған. 4-тарауда білім беру жүйесін басқару, білім беру жүйесін басқару органдары 4-тарауды құрайды. 5-тарауда Білім беру процесі субъектілерінің құқықтары мен міндеттері, әлеуметтік кепілдіктері көрсетілген. Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң құқықтары мен мiндеттерi:

  1. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың бiлiм беру ұйымын және қабылдау шарттарына сәйкес бiлiм алу нысандарын таңдауға құқығы бар.

      Бiлiм алушылар тiлек бiлдiрген жағдайда бiлiм беру ұйымы олармен тараптардың құқықтары мен мiндеттерi көрсетiлетiн оқу шартын (келiсiм-шартын) жасасуға мiндеттi.

  1. Бiлiм алатын азаматтар бiлiм алушылар немесе тәрбиеленушiлер болып табылады.
    Бiлiм алушыларға оқушылар, студенттер, магистранттар, курсанттар, тыңдаушылар, тағлымдамадан өтушiлер, аспиранттар, адъюнктер және докторанттар жатады.

      Тәрбиеленушiлерге мектепке дейiнгi, интернаттық ұйымдарда оқитын және тәрбиеленетiн адамдар жатады.

6-тарауда білім беру экономикасы талқыланған. Мысалы, 43-бапта білім беру ұйымдарын қаржыландыру негіздері көрсетілген:

  1. Қазақстан Республикасы азаматтарының:
    1) жалпы орта және кәсiптiк бастауыш бiлiм алуына — мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiн ұстауды бюджеттен қаржыландыру;
          2) кәсiптiк орта бiлiм алуына — 10-11 (12) сыныптардың жалпы бiлiм беру бағдарламасы бойынша оқу кезеңiнде бiр оқушыға шаққанда бюджеттiк қаржыландыру;
          3) кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм алуына — мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы мемлекеттік кепiлдiктердiң негiзi болып табылады.

7-тарау. Білім беру саласындағы халықаралық қызмет деп аталады.

46-бап. Халықаралық ынтымақтастық

  1. Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының заңдары және халыкаралық шарттар, келiсiмдер, конвенциялар негiзiнде жүзеге асырылады.
    2. Бiлiм беру ұйымдарының өз жұмыстарының ерекшелiктерiне сәйкес шетелдiк бiлiм беру, ғылым және мәдениет ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен және қорлармен тiкелей байланыстар орнатуға, ынтымақтастық туралы екi жақты және көп жақты шарттар жасасуға, бiлiм саласындағы халықаралық үкiметтiк емес ұйымдарға (қауымдастықтарға) кiруге құқығы бар.
          3. Қазақстан Республикасында халықаралық және шетелдiк оқу орындарын, шетелдiк бiлiм беру ұйымдарының филиалдарын құру халықаралық шарттар мен мемлекетаралық келiсiмдер негiзiнде, сондай-ақ білiм беру саласындағы орталық атқарушы органдардың арасындағы шарттардың (келiсiмдердiң) негiзiнде жүзеге асырылады.

8-тарауда білім беру саласындағы заңдарды бұзғаны
үшін жауапкершілік қарастырылған. Бiлiм беру саласындағы заңдардың бұзылуына кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады делінген 49-бапта.

49-бап. Бiлiм беру саласындағы заңдарды бұзғаны
үшiн жауапкершiлiк  Бiлiм беру саласындағы заңдардың бұзылуына кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

9-тарау  Өтпелі ережелер деп аталады. 50-бабында осы Заңды күшіне енгузу жағдайлары көрсетілген:

  1. 40-баптың 1999 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшiне енгiзiлетiн 4-тармағын қоспағанда, осы Заң жарияланған күннен бастап күшiне енгiзiледi.
    2. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын және осы Заң күшіне енгізілгенге дейін стипендия алуға құқығы бар білім алушылар оқу орнын бітіргенге дейін бұл құқығын бұрынғы тәртіппен сақтайды.

Елбасының биылғы халыққа Жолдауында он екі жылдық білім беру мәселесі айтылғаны белгілі. Бұл туралы ел ішінде әртүрлі пікірлер бар. Дегенмен, мен уақыт талабына қарай он екі жылдық білімге көшуді қолдаймын. Себебі, бұл әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге және бәсекелестікке жол ашады.

Оқушылар орта біліммен қатар, он екі жыл ішінде кәсіптік білімді де меңгеріп шығады. Яғни, әр бала өзіне қажетті дүниелерді қолдан жасауға мүмкіндік алады. Айталық, әр оқушы өз қабілетіне қарай бірі ағаш өндеу жұмысымен айналысса, екіншісі көліктерді жүргізу, үшін­шісі оның бөлшектерін құрасты­ру­ды үйренеді. Қыздарды шеберлікке баулуға жол ашылады. Егер кәсіп­тік маман иелерін мектеп қабыр­ға­сынан дайындап, кейін олардың арасында аудандық, облыстық, рес­пуб­ликалық олимпиадалар, ғылыми жобалар бойынша жарыстар өткізі­ліп жатса құба-құп. Тіпті осы күн­дері өткізіліп жүрген білім-ғылым олимпиадаларынан жүлделі орын алған оқушыларға жасалып жатқан жеңілдіктер жас кәсіп иелеріне де көрсетіліп, олар қалаған мамандықтарын алу үшін жоғары оқу орындарына жеңілдікпен түссе, кейінгілерге де үлгі-өнеге болар еді.

Мұндай қадамдар оқушыларды сабақтан тыс кезінде бос жүруден құтқарары күмәнсіз. Мұғалімдер берген теориялық білімдерін іс үстінде дәйектеу үшін оқушыларға өздеріңе қажетті заттарыңды шеберханаларда жасап алыңдар, сөйтіп, ата-аналарыңа қолғабыс беріңдер десе, ұя бұзар ұрпақтың жоқ екеніне мен сенімдімін.

Жалпы он екі жылдық білім бе­ру ісі ұл мен қыздың білігін шың­дау­ға, сол секілді еңбекке баулуға мол мүмкіндік береді деп білемін. Ал кейбір азаматтардың бұл білім беру тәсіліне күдік келтіруіне берер жауабым төмендегідей. Бұрын бала мектепке 7 немесе 8 жастан бара­тын болса, 12 жылдық оқуда 6 жас­тан білім ұясының табалдырығын аттайды. Сондықтан, уақыт талабына қарай қолға алынған істі көп болып қолдап, жұрт болып жұмыла көтергеніміз жөн.

Бүгінгі Қазақстанның даму қарқыны жыл­дан-жылға екпінді серпін алып келе жатқаны өз елімізде ғана емес, әлемдік деңгейде ашық айты­лып отыр. Бұл тарапта Елбасымыз Н.Ә.Назар­баевтың биылғы Жолдауында бәсекеге қабілетті озық 50 елдің қатарына қосылу жайындағы стратегиялық міндетті нақты қоюының өзі де мемлекетіміздің қазіргі кезеңдегі қарым-қабілет мүмкіндігін жан-жақты елеп-екшеп, айқын танығандықтан туындап отыр.

Әлемдік өркендеудің алдыңғы елулігіне ену – кемел келешектің маңызды сатысы. Алайда соңғысы емес. Елулік – бүгінгі меже. Ал басты мақ­саттың одан да биік болуы заңдылық. Меже­ні бағындыру, негізгі мақсатқа барынша жақын­дай түсу бағытындағы жұмыстар өміріміздің барлық саласында бірдей күнделікті атқарылып жатуы қажет. Бұл жағдай ғылымға да тікелей қатысты. Ғылымның өркендеуіне кең өріс ашылмайынша, толыққанды дамуға қол жеткізу мүмкін емес. Ел дамуында ғылым қаншалықты маңызды рөл атқаратын болса, ғылым дамуында жастарға тиесілі міндет те соншалықты маңызды. Бұл жағдайдың өзі ғылымдағы жастар мәселесіне мемлекеттік деңгейде ұдайы назар аударып отыру қажеттігін аңғартады.

Ғылымдағы жастар мәселесін жоғары оқу орындарынсыз елестету мүлде мүмкін емес. Себебі жастардың ғылым жайындағы айқын түсі­нігінің қалыптасуы, ғылымға бет бұруы, ғы­лы­ми ізденістермен айналыса бастауы, алғашқы нәтижелерге қол жеткізуі сияқты кезеңдердің қай-қайсы да жоғары оқу орындарында жүзеге асады. Болашақтың ғалымы бүгінгі жоғары оқу орындарында даярланып, ғылымы универ­ситеттерде дамитын болады.

 Экономика, педагогика, технологиялық бағыттар бойынша ұйымдастырылатын дәстүрлі олимпиадалар, ғылыми семинарлар студенттер мен магистранттардың ғылымға құштарлығын  арттыруда оң нәтижелер беріп келеді. Ғылыми жұмыспен айналысушыларға университет тарапынан жасалып отырған қолдаулардың қатарында жас ғалымның авторефератын, монографиясын тегін шығарып беру, бір мәрте бару-келу жол шығынын өтеу, т.с.с. материал­дық көмек түрлерін атауға болса, ғылым кандидаттарының еңбек ақысына қосылатын 50% үстеме ақының да жастар арасында ғылымға қызығушылықтың артуына ықпал етіп отырғаны сөзсіз.

Қазақстан Республикасының ғылымды дамытудың 2007-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасын қолдау мақсатында  ұйымдастырылған “ЖезУ-дің жас ғалымдары” конкурсы да ғылымға құштар жастар қатарының арта түсуіне жақсы ықпал еткен шара болды.

Бүгінгі таңда ескерілуге тиісті мәселелердің бірі – болашақ ғылым иелерінің жоғары оқу орындарында даярланатынын назарда ұстай отырып, институттар мен университеттерде, академияларда жүргізілетін пәндердің ғылыми бағыттылығына баса назар аудару. Ғылыми зерттеулер жүргізу барысындағы сабақтастыққа, жастардың ғылыммен айналысуына оқытушылар мен тәжірибелі ғалымдардың мүдделілік танытуына жол ашу керек. Барлық ғылым салалары бойынша республикалық деңгейдегі кезеңдік басым бағыттар мен проблемаларды ұсынып отырған жөн. Жас ғалымдардың ғылыми жаңалықтарына уақтылы көңіл аударып, қажетінше қолданысқа енгізу жолдары мен мүмкіндіктерін қарастырған орынды. Ғылымда басты тұлға – ғалым, зерттеуші екендігін ұмытпаған абзал.

Қазіргі кезеңде жеке тұлғаға бағдарланған білім мәселесі 12 жылдық білім беруге көшу  мен жаңа тұрпатты педагог қалыптастыру мін­детін қойып отыр. Сондықтан да  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлі­гінің “Қазақстан Республикасының жаңа тұрпатты педагогінің үздіксіз педагогикалық білімі” тұжырымдамасында анықталған негізгі бағыттарды  басшылыққа ала отырып, жаңа тұрпатты педагогті қалыптастыру жүйесінің  белгіленген 5 сатысының сапасын жақсарту ең басты мәселе болып табылады.  Бірінші саты – жоғары оқу орнына дейінгі кәсіби бағдар беретін бейінді оқу, яғни бұл мұға­лім мамандығына кәсіби бағдар беру сатысы.

Болашақ барлық маман өз бастауын мек­тептен алады. Бірақ солай бола тұра, сол мың­даған жеткіншек арасынан мектеп өзіне қа­жетті, болашақта сапалы педагог бола алатын тұл­ғаны таңдап, кәсіби бағдарлауға мән бер­месе, мұғалім мамандығынан басқа мамандық­қа беріле бермейтін зор мүмкінді­гімізді қолдана алмаушылық болады.  Еліміздің бәсекеге қабілеттілігі білімді, білікті жастарына, оларды оқытатын  мұғалімдерге байланысты десек, үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің бірінші сатысын қалыптастырып, дамытудың  бағдарламасын жасау, оны жүзеге асыру басты  келелі мәселе болуы қажет.

“Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына” сәйкес ғылыми кадрларды даярлау мен аттестат­таудың қолданыстағы жүйеден PhD докторларын даярлау жүйесіне біртіндеп өту жағдайын қамтамасыз етудің жүйелі шаралары белгілен­генін, ғылыми кадрларды аттес­таттау процесін мемлекеттік реттеу жетекші университтер мен ғылыми ұйымдарда ғылыми дәрежені тағайындауға және атақты беруге байланысты біртіндеп өкілеттігін беру және орталықсыздандыру ар­қылы сақталуы ұсынылатынын тілге тиек ете келе, тұжырым­даманың негізгі мақсаты әлемдік ғылыми, білімдік кеңістікке кіруге мүмкіндік беретін және ғылымның басым бағыттарын жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етуге бейімделген ғылыми және педа­гоги­калық мамандарды даярлау мен аттестаттаудың ұлттық модельін қалыптастыру мәселелері көрсетілген. Комитет төрағасының айтуын­ша, тұжырымдаманы іске асырудың нәтижесі ғылыми және педаго­гикалық қызметкерлердің қоғамдық беделі мен еңбекке сұранысын көтеру, кәсіби шеберлік деңгейін қамтамасыз ету болып табылмақ. Түйіп айтқанда, Елбасының Қазақ­стан халқы мен Үкіметі алдына қойған әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру жөніндегі стратегиялық міндетінің оңтайлы шешімін табуына мүм­кіндік беретін, ғылым мен білім беру­дің серпінді және сапалы дамуына жағдай жасайтын ғылыми және ғылыми педагогикалық кадрларды аттестаттау мен даяр­лаудың тиімді қызмет атқаратын жүйесі қалыптаспақ.

Оқу орындарындағы ең маңызды нормативті құжаттардың бірі – білім берудің  мемлекеттік стандарттары болып табылады, солардың негізінде жалпы және кәсітік білім беру бағдарламалары жасалады.  Стандарттар білім беру мекемелерінің барлық түріне  міндетті болып саналатын және білім беру ісінің  әрбір деңгейінің мазмұнына  қойылатын талаптарды, оқушылар мен тәрбиеленушілердің оқыту жүктемелерінің  көлемін, білім сапасын тексеретін мемлекеттік бақылау орындарының ережелерін, оқу бағдарламаларының орындалғанын дәлелдейтін құжаттарды анықтайды.

Білім берудің мемлекеттңк стандарттарының негізгі қызметтері – азаматтардың толық білім алуы мен оның сапасын жоғарылатуы, Республикаадағы оқыту кеңестігі бірлігі қызметтерін сақтау, білімнің гумандық қызметтері және оны басқару болып табылады. Білім берудің мемлекеттік стандарттары төмендегідей талаптарға жауап береді:

  • білім алушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін, жалпы мәдение ортаның жағдайын ескеру;
  • нәтижесін дұрыс мөлшерлеу;
  • білім беру салаларының және сатыларының сабақтастық стандарттының ережелерін бұзбау;
  • жеке тұлғаны дамыту міндететріне сәйкес әрбір мектеп сатыларының ерекшеліктерін ескере отырып, білім мазмұнымен қамтамасыз еті;
  • білім мазмұнының оңтайлы түрін көрсету;
  • оқушы жастардың қызығушылығы мен бейімділігіне сәйкес мемлекеттің, аймақтық, мектептердің, жоғары оқу орындарының білім мазмұнын көрсету;
  • оқушылардың оқу жүктемесін мөлшерлеуге көмектесу;
  • тексеру жағдайында жылдам қызмет көрсету.

Білім беру стандарттары оқу жоспарлары мен бағдарламаларын негізге алады. Оқу жоспарлараы  белгілі бір оқу орындарында оқытылатын оқу пәндерінің құрамын оларды оқыту барысы мен ретін, әрбір пәнге берілетін сағат санын анықтайды. Базалық оқу жоспары барлық оқушы жастар үшін ұсыныатын міндетті мемлекеттік білім беру стандартының негізгі деңгейі болфып табылады. Бұл орайда  мектеп бағдарламасының басқа да түрлері көрсетіледі, ол кейбір мектептерде оқу жоспарының өзгеше түрін құрастыруға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиет тізімі

 

  1. Қазақстан Республикасының  1999 жылғы 7 маусымдағы № 389-1 «Білім туралы» Заңы.
  2. Е.Дайрабаев, А.Дайрабаева. Педагогика пәнінің негіздері. Оқу құралы. Алматы, «Қазақ Университеті», 2005
  3. http://www.egemen.kz