АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Қылмыстық құқықтың түсінігі, түрлері және белгілері

              Қылмыстық  құқықтың  түсінігі, түрлері және  белгілері

 

Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмастық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай  реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады.

   Біріншіден, қылмыстық құқық нрмасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы болып табылады. Бұл қатынас қылмыстың істелуіне байланысты қылмыс жасаған адам мен мемлекет арасында пайда болады.

    Екіншіден, қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тыйым салынған іс-әрекеттерді істеуге байлнысты қоғамдық қатынастар реттеледі.

    Үшіншіден, қылмыстық құқық қылмыстық құқықтың нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтіргенде, олардың одан қорғануына байланысты қатынастарын ретке келтіреді. Мысалы: Қажетті қорғану, мәжбүрлі қажеттілік немесе қылмыскерді ұстауда әрбір азамат заңда белгіленген тәртіппен қорғануға құқылы. Бұл мәселе тек қылмыстық құқықтық норма арқылы реттеледі.

       Қылмыстық құқық заң шығарушы органдар қабылдаған қылмыс пен жаза, қылмыстық жауаптылық негізі, жаза жүйелерін, жазаны тағайындау-

дың тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды белгілейтін заңдылық нормалардың жиынтығы болып табылады.

Қылмыстық құқық жалпы және ерекше бөлімнен тұрады

      Қылмыс пен жаза туралы ұғым, қылмыстық заңның түсінігі, міндеттері, қылмыстық жауаптылықтың негізі және одан босату, қылмыс құрамының түсінігі, қылмыстық заңның кеңістіктегі және мезгілдегі күші,іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін жоятын мән-жайлар туралы түсініктер, сондай-ақ қылмыс істеу сатылары туралы ұғыммен, қылмысқа бірге қатысу, жазаның мақсаты және жүйелері, жаза тағайындаудың немесе қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың мәселелері осы жалпы бөлімде зерттеледі.

      Ерекше бөлімде нақты қылмыс құрамдары және оларды істегені үшін белгіленген жаза түрлері көрсетіледі.

      Басқа құқық салалары сияқты қылмыстық құқықтың да негізгі заңдылық базасы-Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Қылмыстық құқықтың ережелері мен институттарының мазмұны қолданылып жүрген қылмыстық құқықтың нормаларында, атап айтқанда Жоғарғы Сотттың нормативті қаулыларында, 1997 жылғы 16 шілдеде қабылданған Қылмыстық кодексте және т.б нормативтік кесімдерде анық көрсетілген.

Қылмыстық кодекстің 2-бабына сәйкес қылмыстық заңдардың міндеттері болып: 

  1. Адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады .
  • Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін осы кодексте қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасаған үшін жазалар мен өзге де қылмыстық ықпал ету шаралары белгіленеді.

Қылмыстық құқық өзінің алға қойған қорғаушылық, сақтандырушылық және тәрбиелік міндеттерін тек қана белгілі бір қылмыстық-құқықтық принциптерін сақтау арқылы жүзеге асырады.

Бұл приницптерге: заңдылық қағидасы, азаматтардың заң алдында теңдігі, жауаптылықтан құтылмайтындық принципі, жеке жауаптылық қағидасы, әділеттілік, ізгілік принциптері, кінәсіздық презумпциясы т.б жатады.

      Қылмыстық заң- Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Республика Парламенті қабылдаған құқылық келісім болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы қатынастарды реттеу-қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

    Қылмыс әр уақытта да белгілі бір іс-әрекеттердің ( әрекет немесе әрекетсіз)

Көрінісі, нәтижесі болып табылады. Әрекет дегеніміз— адамның қылмыстық заң тыйым салған нәрселерді істеуі, ал әрекетсіздік дегеніміз-адамның заң, нормативтік кесімдер, бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындамауы.

     Адамның қылмысқа қайшы немесе оған қайшы емес мінез-құлқы оның ойлау жүйелері арқылы, содан соң белгілі бір іс-әрекеттер арқылы көрініс таппаған, жүзеге аспаған ойлар, пікірлер соншалықты қатерлі болғанына қарамастан, қылмыс деп есептелмейді.

Сонымен, қылмыстық заңдармен жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет ( іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп аталады.

Осы анықтамадан қылмыстық құқыққа қайшылық, қоғамға қауіптілік, кінәлілік, жазаланушылық қылмыстың белгілері екендігі көрініп тұр.

Қылмыстық санаттары

Қылмыс санаттары деп- оларды нақты белгілері бойынша топқа бөлуді айтамыз.Қылмыстар- сипатына және қоғамға қауіптілік дәрежесіне және кінәнің түріне байланысты онша ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр санаттарға бөлінген.

     Қылмыстық кодекстің 10-бабына сәйкес жасалғаны үшін осы кодексте көзделген ең ауыр жаза ( бас бостандығынан айырудан):

  • қасақана жасалған әрекет- екі, абайсызда жасалған әрекет бес жылдан аспайтын болса- онша ауыр емес деп саналады;
  • қасақана жасалған әрекет- бес, абайсызда жасалған әрекет те бес жылдан аспайтын болса- орташа ауыр;
  • қасақана жасалған әрекет он екі жылдан аспайтын болса-ауыр;
  • қасақана жасалған әрекет он екі жылдан аспайтын болса немесе өлім жазасы көзделсе- аса ауыр қылмыс деп танылады.
  •  

                Қылмыстық  жауаптылық  және  оның  негіздері 

       Мемлекет өз азаматтарынан Конституциядя көрсетілген белгілі бір әлеуметтік міндеттерді қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқықтық жауапкершілік жүктеледі. Құқықтық жауапкершіліктің ішінде ең қатал түрі қылмыстық жауаптылық болып табылады да, ал оған дәйекті түрдегі негіздер болуы керек.

      Қылмыстық жауаптылықтың негізін дұрыс анықтау құқық қолдану органдары қызыметінің заңдылықты қатаң сақтауына кепіл бере отырып, азаматты жауапқа тарту үшін қылмыстық құрамының барлық белгілері болуын талап етеді.

  Қылмыстың құрамдары – бұл қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан құралатын белгілерінің жиынтығы. Ондай белгілер төрт топқа бөлінеді:

  1. Қылмыстық объектісі;
  2. қылмыстың объективтік жағы;
  3. қылмыстың субъектісі;
  4. қылмыстың субъективтік жағы;
    1. Қылмыстың объектісі – қылмыскердің қиянат жасайтын және де қылмыстық заңдармен қорғалатын қоғамдық қатынастар. Олар мыналар болыуы мүмкін: саяси және экономикалық құрылымдар, меншік, адам және оның құқықтары мен бостандықтары, құқықтық тәртіп, сот төрелігі, әскери қызмет.
    2. Қылмыстың объективтік жағы – ол қылмыстың сыртқы көрінісіне жататын белгісі:
  • қылмыскердің қоғамға қауіпті әрекеті немесе әрекетсіздігі;
  • әрекет пен әрекетсіздік арқылы туындаған қоғамға қауіпті нәтиже;
  • әрекат пен әрекетсіздік және қоғамға қауіпті нәтиже арасындағы себепті байланыс.
    1. Қылмыстың субъектісі – ол қылмыс жасаған уақытта есі дұрыс және 16 жасқа толған адам. Кейбір ауыр қылмыстар үшін (кісі өлтіру,зорлау, адам ұрлау, кісі тонау, қорқытып тартып алу т.б)

Қылмыстық  жауаптылыққа адам 14 жастан тартылада.

                    Қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделген қауіпті әрекет жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдылығы салдарынан өзінің іс-әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылмайды. Бұларға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін. Алкогольді ішімдікті, есірткі заттарды немесе басқа да есеңгірететін заттарды пайдалану салдарынан мас күйінде жасалған қылмыс үшін адам қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды.  

  1. Қылмыстың субъективтік жағы— бұл адамның қоғамға істеген қауіпті іс-әрекет немесе әрекетсіздігіне және солардан туатын қауіпті нәтижеге психикалық қатынасы. Қалмыстың сыртқы жағын бейнелейтін объективтік жаққа қарағанда субъективтік жақ қылмыстың ішкі мәнінб мазмұнын білдіреді.

Қылмыстың субъективтік жағының мазмұнының заңдылық белгілері:

Кінә, қылмыстықниет,мақсат құрайды. Осы белгілердің жиынтығы қылмыс істеген , яғни қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның жан-дүниесінде орын алған ішкі өзгерістерді , оның санасы мен еркінің өзара байланысын бейнелеп береді.

   Кінә — бұл адамның өзінің қасақаналықпен немесе абайсызда істейтін қоғамға қауіпті ісөәрекетіне және оның қоғамға зиянды зардабына деген

Көзқарастарының жиынтығының көрсеткіші.

     Істелген әрбір қылмыс үшін кінәнің болуыөобъективті ақиқат.

Қылмыс субъектісінің кінәлілігі туралы тұжырымды сот іс бойынша  жинақтаған дәлелдемелер арқылы анықтайды. Кінә екі түрлі болады: қасақаналық және абайсыздық. Тікелей немесе жанама ниетпен  жасалған әрекет- қасақана менмендікпен немесе немқұрайлықпен жасалған әрекет абайсызда жасалған қылмыс деп танылады.

 

           Қылмыстық  құқық  жеке  құқық  саласы  ретінде  адамды, оның  құқықтары  мен  бостандықтарын, қоғамды  және  мемлекетті  қылмыстық  қол  сұғушылықтан  қорғауға  бағытталған  қоғамдық  қатынастарды  реттейді.  Мұндай  реттеу  үш  түрлі  жолмен  жүзеге  асырылады.

         Біріншіден,  қылмыстық  құқық  нормасы  арқылы   қоғамдық  қатынастарды  реттеу  функциясы  болып  табылады.  Бұл  қатынас  қылмыстың   істелуіне  байланысты  қылмыс   жасаған  адам  мен  мемлекет  арасында  пайда  болады.

         Екіншіден, қылмыстық  құқық  нормасы  арқылы  жазамен қортып , тыйым  салынған  іс — әрекеттерді  істеуге  байланысты  қоғамдық  қатынастар  реттеледі.  

          Үшіншіден, қылмыстық  құқық  қылмыстық  құқықтың  нормасы  арқылы   азаматтарға  қылмыстық  жолмен  қиянат  келтіргенде, олардың  одан  қорғануына  байланысты қатынастарын  ретке  келтіреді.               

          Кез келген заң бұзылушылық мінез – қылық  қоршаған ортаға, қоғамға,  белгілі бір  мөлшерде  қауіп  әкеледі.  Ал, қылмыс дегенміз – қоғам  үшін  ерекше  қауіпті  құбылыс.Жасалған  қылмыс  үшін ең  алдымен  қылмыскердің  құрбаны  зардап  шегеді.  Қылмыстың  құрбаны  кез келген әлеуметтік  топтың  адамдарынан: қарттар  мен жастар, ер мен әйел, сау  мен  ауру,  кедей мен  бай, қазақтар  орыстар  тағы  басқалар  болуы  мүмкін.

        Қылмыс – қоғам үшін  қауіпті заң  бұзушылықтың  өрескел  көрінісі, ол заң  тыйым  салған, заңмен  жазаланатын, әрекетті  немесе  әрекетсіз  өрескел  қылықтар. Қылмыс  алуан  түрлі  болып  кездеседі.

        Қылмыстық  әрекет  қоғамдық  қауіпсіздік  жағдайына  қарай  онша  ауыр  емес  қылмыс, орташа  ауыр,  ауыр және  ерекше  ауыр  қылмыс  түрлері  болып  бөлінеді.  Онша  ауыр  емес  қылмыс  үшін  жаза  — 5жыл  және  одан  да  жоғары  мерзім. Ауыр  қылмыстың  жазасы- 12жылға  дейін  мерзім.  Ал  ерекше  ауыр  қылмыстың жазасы – 12жылдан артық мерзім  немесе  өлім  жазасы.  Қылмыс  адамның  өміріне,  денсаулығына, ар- ұжданы  мен  қадір — қасиетіне,  дүние- мүлкіне  зиян  келтіреді. Қылмыс  мемлекетке  қарсы  да  жасалады.  Қайғы – қасіретті  жағдайлар  нәтижесіне  байланысты  да  қылмыс  жасауы  мүмкін.  Кейбір  адамдар  қылмыс  жасаумен  маман  ретінде  де  айналысады.  Мұндай  адамдарды  маман  қылмыскер  дейді.  Мұндай  қылмыстарды  істейтін  қылмыскерді  біздің  заманымызда  қауіпті  немесе   өте  қауіпті  рецидивист (жырынды, баукеспе)  дейді.

         Қылмыстық  әрекеттердің  себептері  жөнінде  ғалымдар,  құқық қорғау  органының  қызметкерлері  әралуан  пікірде.  Марксистер  мұндай  қылмыстың  тегін  қанаушы  қоғамнан  іздеп, оны  жеке  меншікпен  байланыстырды.  Олардың  пікірінше,  қанаушы  тапты  жойғанан  кейін  байлардың  кедейлерді  қанағаны  да  жойылып, социализм  орнағанан  кейін  қылмыс  біткеннің  бәрі  дерлік қоғамнан  түбірімен  жойылады  деп  есептеді.  Біздің елімізде  кемелденген   социалистікқоғам  құрылды,  бірақ  қылмыс  азаймады.  Керісінше,  кісі  өлтіру, ұрлық,  бұзақылық,  тағы  басқа  қылмыстың  алуан түрлері  молайып,  жеке  адамның,  қоғамның,  мемлекеттің  мүддесіне  қол  сұғатын  қауіпті  қылмыстар  кең  етек  алды.  Сондықтан  қылмыстың  себептерін  жеке  меншікпен, қанаушылықпен   байланыстыру  дұрыс  болмайды.

        Қазірдің  өзінде Қазақстан  мемлекеті  бұрынғы саяси  құрылысқа  қарағанда  әлдеқайда  демокртиялық  мемлекет  деп  саналуының  өзі  өкінішке  орай  қылмыс  азаймай  отыр,  тіпті көбейіп  кету  тенденциясы  да  бар.Кейбіреулер  керісінше  заң  тым  қатал  деп  есептейді. Адамзат  баласы  басынан  не  кешпеді,  жеңіл  жазалау  да, кескілеп  өлтіру  де, отқа жағып  жіберу де- бәрі де олды. Бұлардың  барлығы  да  қылмыс жасауды  тоқтата алмады. Мүмкін,  әлде қылмыс дегеніміз  мүлдем  жойылмайтын, адамзат  қоғамы  өмір  сүріп  тұрғанда  бола  беретін  құбылыс па? Шынын  айтқанда, мұндай ғылыми  теория  да жоқ  емес.

        Қылмыс  өзінің ерекше түрлерімен айқындалады, яғни қылмыстың  да  өзіне  ғана  тән  белгілері  бар.  Қылмыс – заң жүзінде  танылған, қоғамға қауіпті  іс — әрекет. Мұндай анықтама  адам  өмірінің   денсаулығы  мен  қадір – қасиетінің  өзгеше  қымбаттығынан, мемлекет  мүддесінің  бәрінен  де  жоғары  екендігінен  туындайды. Қылмыс  едәуір  дәрежеде  жеке бір  адамға  қарсы  жасалады. Қоғамның  өзі  жеке адамдардан құралатындықтан, нақтылы  бір  адамға  қарсы  жасалған  қылмыс  қоғамға  да  қарсы  жасалған  қастандық  қылмыс  болып  есептеледі.  Қоғамның  жеке  бір  мүшсіне  қастандық   жасай  отырып, қылмыскер  сонымен  бірге  қоғамға, мемлекетке,  оның  құққтық  негіздеріне  де  өзінің  теріс  пиғылды  екенін  көрсетіп  алады.

  Қылмыстық  құрамдары – бұл  қылмыстың  обьективтік  жақтарынан  құралатын  белгілерінің  жиынтығы. Ондай  белгілер  төрт топқа  бөлінеді :  1)   қылмыстың обьектісі;   2)   қылмыстың  обьективтік  жағы;    3)   қылмыстың  субьектісі ;  4)   қылмыстың  субективтік  жағы.

  1. Қылмыстың обьектісі  — қылмыскердің  қиянат  жасайтын   және  де  қылмыстық  қатынастар. Олар  мыналар болуы  мүмкін : саяси  және  экономикалық  құрылымдар, меншік, адам  және  оның  құқықтары  мен  бостандықтары,  құқықтық  тәртіп, сот  төрелігі,  әскери  қызмет.
  2. Қылмыстың обьективтік  жағы – ол  қылмыстың  сыртқы  көрінісіне  жататын  белгісі:

      —  қылмыскердің  қоғамға  қауіпті  әрекеті  немесе  әрекетсіздігі;

      —   әрекет  пен  әрекетсіздік  арқылы  туындаған  қоғамға  қауіпті  нәтиже;

     —    әрекет  пен  әректсіздік және  қоғамға  қауіпті  нәтиже  арсындағы  себепті  байланыс.

  1. Қылмыстың  субьектісі – ол  қылмыс  жжасаған  уақытта  есі  дұрыс  және  16 жасқа  толған  адам.   Кейбір  ауыр  қылмыстар  үшін  (кісі  өлтіру,  зорлау,  адам  ұрлау ,  кісі  тонау, қорқытып  тартып  алу ,  т.б )  қылмыстық  жауаптылыққа адам  14 жастан  тартылады. 
  2. Қылмыстың субьективтік  жағы – бұл  адмның  қоғамға  істеген  қауіпті  іс — әрекет  немесе  әрекетсіздігіне  және  солардың  туатын  қауіпті  нәтижеге психикалық қатынасы.  Қылмыстың  сыртқы  жағын  бейнелейтін  обьективтік  жаққа  қарағанда  субьективтік  жақ  қылмыстың  ішкі  мәнін, мазмұнын  білдіреді.Қылмыстың  субьективтік  жағының  мазмұнын   мынадай  заңдылыққа  белгілері: кінә,  қылмыстық  ниет,  мақсат  құрайды.  Осы  белгілердің  жиынтығы  қылмыс істеген,  яғни  қоғамға  қауіпті   іс -әрекет  жасаған  адамның  жан – дүниесінде   орын  алған  ішкі  өзгерістерді,  оның  санасы  мен  еркінің  өзара  байланысын  бейнелеп  береді.

         Кінә — бұл  адамның  өзінің  қасақаналықпен  немесе  абайсызда  істейтін  қоғамға  қауіпті  іс — әрекетіне   және  оның  қоғамға  зиянды  зардабына  деген  көзқарастарының  жиынтығының  көрсеткіші.

         Істеген  әрбір  қылмыс  үшін  кінәнің  болуы  — обьективті  ақиқат. Қылмыс  субьектісінің  кінәлілігі   туралы  тұжырымды  сот  іс  бойынша  жинақтаған  дәлелдемелер  арқылы  анықтайды.  Кінә екі  түрлі  болады : қасақаналық    және   абайсыздық.  Тікелей  немесе   жанама   ниетпен  жасалған  әрекет – қасақана, менмендікпен  немесе  немқұрайлықпен  жасалған  әрекет  абайсыздықта  жасалған  қылмыс  деп  танылады.

         Қылмыстық  ниет  деп  белгілі бір  қажеттіліктер  мен   мүдделердің  іштей  түрткі  болуына  байланысты   адамның  соларды  басшылыққа  ала  отырып,  саналы  түрде  қылмыс  істеуге  бел  бууына , ал  қылмыстық  мақсат  деп  адамның  қылмыс  істеу  арқылы  болашақта  белгілі  бір нәтижеге   жетуін  айтамыз.

     Әрбір  азаматтың  конституциялық  борышы – қоғамдық   қатынастарды  қылмыстық  жолмен  келтірілген зиянан қорғау. Осы міндетті  жүзеге  асыруда  жеке  адамға, қоғамға , мемлекетке  қарсы  бағытталған  іс — әрекетді   дер  кезінде  тиюдың , тойтарудың  маңызы  ерекше.  Қоғамға  қауіпті  іс — әрекеттерді  тойтаруда ,  оның  зияндылығын  тиюда,  сол  қауіпті  төндірген    адамға  материялдық ,  моральдық  және  басқа  да  зиян  келтірілуі  мүмкін .  Мұндай  әректтер  формальдық  жағынан  алғанда   қылмыс  құрамына  жатуы  мүмкін.

            Қылмыс әдейі, қасақана,  немесе  байқаусызда  жасалуы  мүмкін.  Әдейі жасалған  қылмыс  тікелей  не  жанама  түрде  болады. Адам  өз  әрекетінің  немесе  әрекетсіздігінің  қоғамға  қауіпті  екенін біле  тұрса  да,  қасақана  қылмыс  барса,  бұл ойланып, саналы  түрде, әдейі  жасалған қылмыс  болып  саналады. Мысалы, Б ішіп  алған жағдайында  өзен жағасында  демалып  жатқандарға  тиіседі, бұзқылық  жасап,  В. –ны   өзенге  итеріп  жібереді, ал В. суда  малту  білмегндіктен, суға  кетеді  деп  ойламаса  да,  адамды  өлтіріп  алды.

           Кейбір  қылмыстар  әдейі, қасақана  жасалады. Мысалы,  мұндай  қылмысқа  ұрлық жжасау, бұзақылық  тағы  басқа  жатады.  Сондай- ақ , қылмыс  абайсызда, оқыстан  да  жасалады. Артындағы  зардабын  біле тұрып,  жасалатын  қылмыстар  да болады. Мұның барлығы адамның  жеңіл  ойлылығынан, алды – артын  ойламағандықтан  да туындайды.  Оның  үстіне  жайбарақаттық, селқостық , өз тағдырына  да, басқанның  тағдырына  да  адамгершілікпен қарапайымдылықты  қосыңыз. Мысалы, демалып, сапар шегіп жүрген турист  орманға  серуендеп  барғанда, өзі  жаққан отты  сөндірмей  кете  барады, енді  тамшылай  бстаған  жаңбыр сөндіреді  деп есептейді. Артынан іле – шала аса  қауіпті  өрт  бұрқ  ете  түседі.

         Кейбір қылмыстар салақтықтан, дүние, қоршаған  ортаға  қалай  болса  солай,  мән  бермей қараушылықтан да  туады. Адамдар  әрқашан да  өзіне,  басқаға  да  болмауы  мүмкін. Қалай десек  те  өз  ісінің  басқаға  зардабын  тигізбеуді  ойлау  әркімнің  азаматтық, адамдық  борышы  болуы  тиіс.

        Әлбетте,  әдейі,  қасақана  қылмыс  жасайтын  адам  психикалық  жағынан  сау  болады.  Өз ісіне өзі  есеп  бере  алмайтын, істеген ісінің  алдын  — артын, шектіретін  зардабын  ойлай  алмайтын  адам  қылмыскер  деп  танылуы  мүмкін  емес. Егер  адам  қылмыс  жасау  кезінде  оның  қоғамға  қауіптілігін сезбесе,  өзін  — өзі  ұстап  тұра  алмаса,  психикалық  ұстама  кезінде  ешнәрсені  сезбейтін  болса,  немесе  жалпы  кем  ақыл  болса,  ондай  адам қылмыстық  жауапқа  тартылуға  жатпайды.  Сот  оны  емдеуге  де  мәжбүр  ете  алмайды.  Егер адам мас  қалпында  қылмыс  жасаса, онда  ол  жауапкершіліктен  босатылмайды.  Мас  болу  дегеніміздің   өзі  — арақ, есірткі  және  де  басқа  жындандыратын  заттарды  пайдалану.

            Қылмыстың  тағы  бір түрі – заң  қылмыс деп  танитын  әрекеттілік  немесе  әрекетсіздік.  Әрекет  дегеніміз – заңды  бұзушылық  болып  табылатын, адамға  ашық  түрде  қарсы  шабуыл жасау, белсенді  жағымсыз  мінез – қылық.  Егер  адам  мұны  өз еркімен  жасаса,  ол  қылмыс  болып   табылады.  Қылмыстың  көпшілігі  белсенді  әрекеттен  жасалады.  Ал, әрекетсіз  қылмыстар, міне, осы  жолмен  жасалады.  Мысалы, милиционер  жасалған  қылмысты  көре  тұрып, оны  тоқтату  үшін  шара  қолданбайды. Дәрігер  ешбір  дәлелсіз  себеппен  ауыр  науқасты  қарап, оған   дер  кезінде   көмек  беруден  бас  тартады.  Автомобиль  жүргізуші  жәбір  көріп, не  зардап  шегіп  тұрған  адамды  сұраған  жеріне  жетуіне  көмек  жасамаса, бұл  да  қылмыс  болып  есептеледі. 

            Қылмыстық  құқық  заң  шығарушы  органдар  қабылдаған  қылмыс  пен  жаза,  қылмыстық  жауаптылық  негізі,  жаза   жүйелерін,  жазаны  тағайындаудың  тәртібі  мен  шарттарын, сондай- ақ  қылмыстық  жауаптылықтан  және  жазадан  босатуды  белгілейтін  заңдылық  нормалардың  жиынтығы  болып  табылады.

           Қылмыс  пен  жаза  туралы  ұғым, қылмыстық  заңның  түсінігі, міндеттері,  қылмыстық  жауаптылықтың  негізгі  және  одан  босату, қылмыс   құрамының   түсінігі,  қылмыстық  заңның  кеңістіктегі  және  мезгілдегі  күші, іс — әрекеттің  қоғамға   қауіптілігін   жоятын   мән – жайлар   туралы  түсініктер, сондай – ақ   қылмыс  істеу  сатылары  туралы  ұғыммен,  қылмысқа  бірге  қатысу, жазаның  мақсаты  және  жүйелері, жаза  тағайындаудың  немесе  қылмыстық  жауаптылықтан  және  жазадан  босатудың  мәселелері  осы  жалпы  бөлімде   зерттеледі.

        Ерекше  бөлімде  нақты  қылмыс  құралдары  және  оларды  істегені  үшін  белгіленген  жаза  түрлері  көрсетіледі.

        Басқа  құқық   салалары  сияты  қылмыстық  құқықтың  да  негізгі  заңдылық  базасы  — Қазақстан  Республикасының  Конститутциясы  болып  табылады. Қылмыстық  құқықтың  ережелері  мен  институттарының  мазмұны  қолданып  жүрген  қылмыстық  құқықтың  нормаларында,  атап  айтқанда  Жоғары  Соттың   нормативті   қаулыларында, айтқанда  Жоғары  Соттың  нормативті  қаулыларында,  1997 жылғы  16  шілдеде   қабылданған   Қылмыстық   кодексте  және  тағы  басқа  нормативтік   кесімдерде   анық   көрсетілген. 

      Қылмыстық  жаза мемлекеттік  күштеу  шарларының  бірі  болып  табылады  және  ол  мемлекеттің  қылмыспен  қарсы  күрес  жүргізуі   құралдарының  бірі  ретінде  қолданылады.

      Жаза  — соттың  үкімі  бойынша   тағайындалатын  мемлекеттік  мәжбүрлеу  шарасы.  Жаза  қылмыс  жасауға  кінәлі  деп  танылған  адамға  қолданылады  және  адамды  құқықтары  мен  бостандықтарынан  айыр  немесе  оларды  шектеу  болып  табылады.

      Қылмыстық  заңның  өзінде  барлық  соттар  үшін  міндетті  болып  табылатын  жекелеген  жазалардықолданудың  шарты,  шегі  және  тәртібі  белгіленген . Мұның  өзі  республика  аумағында  қылмысқа  қарсы күрес  саласында  біркелкі  жазалау  қызметін  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  береді .

      Қылмыс  түрлері :

  • Айыппұл салу
  • Құқықтан айыру
  • Қоғамдық жұмысқа  тарту
  • Еңбектен түзету  жұмысы
  • Бас бостандығынан  шектеу
  • Тұтқындау
  • Әскери тәртіп  бөлімінде  ұстау
  • Бас бостандығынан   айыру
  • Өлім жазасы
  • Дүние мүлікті  тәркілеу

 

 

 

Пайдаланған  әдебиет :

 

 “ Қазақстан  мемлекеті  мен  құқығының   негіздері.”

Аторы :  Ғ. Сапарғалиев   Алматы, 1998      бет  124- 128

“ Құқық  негіздері

Авторы : С. Баққұлов    Алматы, 2004         бет 156 -162