ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫ
Қылмыстың субъектвтік жағы бұл негізінен адамның психологиялық іс-әрекетінің қылмыс істеуге тікелей байланысты жағының көрінісі болып табылады.
Қылмыстың сыртқы жағын бейнелейтін объективтік жаққа қарағанда субъективтік жақ қылмыстың ішкі мәнін, мазмұнын білдіреді.(Бұл жерден шығатын қорытынды қылмыстың объективтік және субъективтік жағының белгілері өзара тығыз байланысты, белгілі бір бірлікте болады.
Қылмыстың субъектвтік жағының мазмұнын мынадай заңдылық белгілері: кінә, қылмыстық ниет, мақсат құрайды. Осы белгілердің жиынтығы қылмыс істеген, яғни қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның жан-дүниесінде орын алған ішкі өзгерістерді, оның санасы мен еркінің өзара байланысын бейнелей береді.
Аталып өткен қылмыстың субъективтік жағанын осы белгілерінің, заңдылық маңызы біркелкі емес, керісінше әр түрлі. Кінә кез келген қылмыс құрамының субъективтік жағының міндетті белгісі брлып табылады. Кінәсіз қылмыстың құрамы болмайды. Мұньің өзі кінәсіз жағдайда қылмыстақ жау аптылық туралы сөз болуы мүмкін емес дегенді білдірді. Қылмыстық ниет және мақсат, кінәға қарағанда, кейбір құрамдар үшін заңда көрсетілген реттерде қажетті белгі болады. Ал олай болмаған жағдайларда, ниет пен мақсат қылмыс құрамының факультативті белгісі ғана болып саналады.
Ілестелмекші болған қылмыс жөніңдегі абыру, өкініш білдіру немесе жазадан қорқу психологаялық әрекеттің элементтері болып табылмайды, сондықтан ол қылмыстың субъективтік белгісіне жатпайды.
Қылмыстың субъективтік жағы
Нінә ниет мақсат
Қасақаналық абайсыздық
Қылмыстың субъективтік жағының белгілері — кінәні, ниет пен мақсапы дұрыс анықтаудың маңызы мынада:
Біріншіден, қылмыстық жауаптылық негізінің кұрамдас бөллігі ретінде ол қылмысты қылмыс болып табылмайтын іс-әрекеттен ажыратуға мүмкіндік береді. Екіншіден, қылмыстың субъективтік жағы объективтік жағынан өзара ұқсас құрамдарды бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік туғызады. Үшіншіден, қылмыстың субъективтік жағының мазмұны істелген қылмыстың, сондай-ақ оны істеген адамның қоғамға қауіптілік дәрежесінің деңгейін анықтауға себеп болады. Мұның өзі жауаптылықтың негізділігін және мөлшерін анықтауга мүмкіндік береді.
- 2. КІНӘНІҢ ТҮСІНІГІ
Қылмыстық құкықтың ең маңызды қағидаларының бірі — қылмыстық жазаға және қылмыстық жауапқа тек қана қылмыс істегенге кінәлі адамға ғана тартылатындығы болып табылады. Бұл қағидат Қылмыстық кодекстің арнаулы бабында атап көрсетілген. Онда адам қылмысқа қатысты кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздігі) және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жазаға тартылуы тиіс.
Объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді.
Қасақана немес абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмыста кіналі деп танылады делінген (19-бап). Қылмыстық құқықта (белгілі бір қоғамға зиянды зардап орын алады немесе қоғамға зиянды іс-әрекет істеді екен деп кінәсізден-кінәсіз жауапқа таруға мүлдем жол берілмейді. Бұл—қылмыстық құқықтың табиғатына жат құбылыс.
Сонымен, кінә дегеніміз бқл адамның өзінің қасақаналықпен немесе абайсызда істейтін қоғамға қауіпті іс-әрекетіне және оның қоғаамға зиянды зардабына деген көзқарастарының жиынтығының көрсеткіші болып табылады.
Істелген әрбір қылмыс үшін кінәнің болуы — объективті жиқат. Қылмыстың субъектісінің кінәлілігі туралы тұжырымды сот іс бойынша жинақтаған дәлелдемелер арқылы анықтайды.
Кінә екі түрлі—қасақаналық және абайсыздық нысанда болады.
Кінә туралы сөз қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті » іс-әрекеттерді, яғни қылмысты істеген жағдайда ғана болады. Қылмыс құрамы болмаса кінә туралы сөз де болмайды. Кінә психологиялық, сондай-ақ әлеуметгік ұғымдардың жиынтығы, адамның істеген әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті зияндылығын және одан туатын зардапты сезінуі немесе сезінуге мүмкіндік болуы кінәнің психологиялық мазмұнын құрайды. Адамның өзінің істеген іс-әрекетінің және одан туындайтын зар-даптың, яғни оның қоғамға қауіпті мәнін сезінуі немесе сезінуге мүмкіндігі болуы кінәнің әлеуметтік мазмұнын құрайды. Сезіну және еріктілік—психикалық көзқарастарды құрайтын элементтер болып табылады. Сезіну (интеллектуалды кезең) және ерік (еріктілік кезең) өзара жиналып кінәнің мазмұнын құрамды. Сонымен, кінәнің өзі екі түрлі — сезіну және еріктілік кезендері арқылы сипатталады.
ҚАСАҚАНАЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ.
Қылмыстық занда және сот тергеу практикасында ең көп кездесегін кінәнің нысаны қасақаналық болып табылады. Кінәнің қасақаналық нысаның дәлме-дәл анықтаудың зандылық маңызы ерекше. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсанда қабылдаған «Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы» қаулысында басқа да мән-жайларды анықтаумен бірге соттар жаза тағайындағанда қасақаналық түрін, істелген қылмыстың ниеті мен мақсатын ескеруге міндетті, деп көрсетілген. Қасақаналықтың мазмұны Қылмыстық кодекстін 20-бабының; 1-бөлігінде көрсетілген. Мұнда «тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп танылады» делінген. Қылмысты қасақана істеу тікелей немесе жанама қасақаналықпен жүзеге асырылады. Қасақаналықтың ұғымы негізінен екі түрлі элементтен — интеллектуалдық және еріктілік кезеңнен құралады.
Задаптың болуын тілеу немесе оның тууына саналы түрде жол беру еріктілік кезеңі деп аталады. Істелетін іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін сезіну қасақаналықтың қажетті элементі болып табылады, мұңдай элементтің болмауың өзі кінәліліктің, болмағандығын дәлелдейді.
Ісәрекеттің қоғамға қауіпті мәнін сезіну деп сол әрекет немесе әрекетсіздіктен тікелей туындайтын зардаптың мәнісін және мазмұнын түсінуді айтамыз.
Адам өзі белгілі бір қоғамға қауіпті іс-әрекетті істеу кезінде өзінің қылмыстық заң қорғайтын қандай объектіге қол сұғатынын, одан келтірілегін зиянды, сондай-ақ осы іс-әрекеттін жүзеге асырылу уақытта, орны, тәсілі, жағдайы сияқты мән-жайларды ой елегінен өткізіп, елестетеді.
Әрбір адам өзінің саналы ойына, өмірлік тәжірибесіне, біліміне, құқылық мәдениетіне сәйкес өзінің іс-әрекетінің қоғамға қауіптілігін сезінуге қабілетті болып табылады.
Қасақана қылмыс істегендердің басым көпшілігі өзінің іс-әрекетінің қылмыстық заңға қайшы екенін сезеді.
Мысалы, түзеу мекемелерінде, тергеу изолягорларында, тәрбиелеу және емдеу профилакторийлерінде ұстайтын адамдар ішімдіктерін, дәрілік немесе есірткі заттарды, сондай-ақ беруге тыйым салынған басқа да бұйымдарды қарап тексеруден жасырып беру немесе кез келген әдіспен беруге әрекеттенудің қылмыстық заң тыйым салған, жазалайтын әрекет екенін әркім біле бермейді. Соған қарамастан адамның мұндай әрекеті қасақана қылмыс істегеңдік болып есептелінеді.
Өйткені, іс-әрекетгің қылмыстық заңға қайшылығын сезінуді заң шығарушы қасақаналықтың белгісі ретінде арнайы көрсетпеген. Дегенмен де кейбір реттерде заң шығарушы іс-әрекеттің қасақана қылмыс құрамына жатқызылуы үшін қылмыстық жауаптылықтың шарты ретінде кінәлінің өзінің іс-әрекетінің қылмыстық заңға қайшы екендігін сезінуін тиісті қылмыстық құқылық нормада тікелей атап көрсетеді. Мысалы, біреуді біле тұра заңсыз тұтқынға немесе қамауға алу, анықтама, тергеу, прокуратура не-месе сот органдарының біреуді біле тұра заңсыз қылмыстық жауапқа тартуы, әкімшілік шараларды қолданғаннан кейін тиісті рұқсат етілмеген немесе тыйым салынған жерлерде тыйым салынған мерзімде зансыз аң аулау.
Қасақаналықтың интеллектуалдық элементін сипаттайтын бір қажетті белгісі, қылмыс субъектісінің өзінін әрекетінен немесе әрекетсіздігінен болатын зиянды зардабын болжау болып табылады. Егер айыпкер мұндай зардаптың болуын болжамаса және болжауға мүмкіндігі болмаса, ол қылмыстық жазалауға тартылмайды. Қоғамға зиянды зардапың тууын болжау деп кінәлінін өзінің іс-әрекетінен туындайтын, қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға келтірілетін зиянды оймен елестету болып табылады. Тікелей қасақаналықта болжаудың мазмұнын іс-әрекеті арқылы келтірілген зардаптың нақты түрлері, оның қоғамға зияндылығы, сондай-ақ осы іс-әрекеттен келтірілген зардаптың арасындағы себепті байланыстың өрбуі сияқты белгілер құрайды.
Тікелей қасақаналықта қоғамға қауіпті зардаптың тууының болмай қалматындығы болжанады. Белгілі бір зардап келтіруге ниет еткен адам өзінің ниетінің сөзсіз іске асатындығына кәміл сенеді және туындайтын зардапты ой-сана арқылы елестетіп, оның сөз жоқ болмай қалмайтындығына көз жеткізеді. Кейбір реттерде ғана тікелей қасақаналықпен қылмыс істегенде қоғамға қауіпті зардап сөзсіз болатын түрде емес, тек қана нақты мүмкін болатын зардап ретінде болжануы мүмкін. Мысалы, жүріп келе жат-қан поездан жәбірленушіні лақтырған адам өзінің қылмысының нәтижесі—құрбанының өлуі немесе оның кез келген дәрежедегі дене жарақатын алатындығын сезеді. Мұндай жағдайда істелген әрекеттің нәтижесінен кісі өлімің тілеу занды құбылыс болғанымен, кісі өлімінің орын алуы сөзсіз түрде емес, бірақ та әйтеу ір жүзеге асатындай болып елестейді немесе кінәлі адам өзінен біршама қашықтықта тұрған адамды әдейілеп көздеп атқанда, ол жәбірленушінің өлуінің нақты мүмкін болатынын ғана болжайды.
Қоғамға зиянды зардаптың болуын тілеу немесе оның тууына саналы түрде жол беру тікелей қасақаналықтың еріктілік элементін құрайды.
Тілеу — бұл белгілі бір мақсатқа, нәтижеге жету деген ерік білдірушілік болып табылады. Тікелей касақаналықта қоғамға зиянды зардаптың болуып тілеу, әртүрлі нысанда керінуі мүмкін.
а) Қоғамға зиянды зардап келтіру кінәлінің түпкі мақсаты немесе қоғамға зиянды зардап түпкі максатқа жетудің қажетті құралы болса я болмаса, б) қоғамға зиянды зардап кінәлі адам үшінтүпкі мақсатқа жетудің белгілі бір сатысы болуы мүмкіи. Қылмыстық заңда қасақаналықтын, анықтамасы материалдық құрамдағы қылмыстарға арналып берілген. Формальдық кұрамдағы қылмыс үшін қасақаналықгың мазмұнын осы тұрғыда қылмыстардың объективтік жағынын белгісі болып табылатын істелген қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздіктің қоғамға зияндылығын сезу ғана жеткілікті больш табылады. Қылмыстың зардабы формальдық құрамдағы қылмыстардың объективтік жағының міндетгі белгісі болмайтындықтан, кінәлі адамнан мұндай жағдайда қоғамға зиянды зардаптың болуын болжауды талап етуге болмайды.
Егер адам өз іс-әрекетінің (өрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардапгары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, қылмыс тікелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады.
Егер адам өз іс-әреқетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала білсе осы зардаптардың болуын тілемесе де, бұған саналы түрде жол берсе не бұған немқұрайды қараса қылмыс жаңша ниетпен жасалған деп танылады (20-бап)
Тікелей және жанама қасақаналықтағы іс-әрекеттің қоғамға қауіпті мәнін білудің айырмашылығы жоқ, екеуінде де бірдей. Жанама қасақаналықта қоғамға зиянды зардапты болжаудың тікелей қасақаналықпен болжауға қарағанда айырмашылығы бар.
Тікелей қасақаналықта адам зиянды зардаптың болуын біледі. Жанама қасақаналықта, тікелей қасақаналыққа қарағанда кінәлі адам зардаптың болуын тілемегенімен, бірақ оның болуына саналы немесе немқұрайды түрде жол береді.
Қоғамға зиянды зардапқа саналы, немқұрайды түрде жол беру деп кінәлінің сол зардаптың болу мүмкіндігін болжауын және оны тойтаруды ойланбауын, яғни жүзеге асуынша немкұрайлылықпен парықсыз қарауды айтамыз. Мәліков облыстық соттың үкімімен кісі өлтіруге (КК — 24, 96-бап, 2-бөлік, «б» тармағы) оқталғандығы үшін төмендегі жағдайда сотталған. Жәбірленуші Шәріпов сотталған Мәліковтен түнде ұрланған екі қап жемді әкеліп қоймасына әкеліп қоюды ұсынады. Осы үшін кек алуды көздеген Мәліков фермаға келіп, Шәріповтың желке тұсынан пышақ салып, екінші рет пышақ кезеген, бірақ жәбірленушінің қарсылық көрсетуі нәтижесінде соңғы соққы жеңілдеу тиген. Мәліковтың өз әрекегін одан ары жалғастыруына сол жерде тұрған біраз адамдар жол бермеген. Мәліковтың әрекетін Жоғарғы Соттың Қылмыстық істер қарайтын алқасы 24,96-бап П бөлігі «б» тармағы-нан 103-баптың 3-бөлігіне (денеге қасақана ауыр зиян келтіру) жатқызып, қайта саралаған. Сот үкімінде Мәліков жәбірленушінің желкесіне пышақ салып, екінші мәрте ұруға ұмтыла отырып, өзінің іс-әрекетінің қоғамға зиянды зардабын сезеді, жәбірленушінің өлетінін болжайды және оған саналы түрде жол береді, яғни жанама қасақаналықпен әрекет жасаған деп керсетілген. Мұндай қорытындымен келіспеген Жоғарғы Соттың Президиумы кассациялық ұйғаруды бұзып, облыстық соттың үкімін күшінде қалдыра отырып өз қаулысында кінәлінің қасақаналығының мазмұнын анықтауда сот істелген қылмыстың барлық мән-жайлар жиынтығын, сондай-ақ қылмыстық тәсілін және қолданылған қаруын, дене жарақатының адам өміріне маңызды органына келтірілуі сипатын, санын, кінәлінің қылмыстық әрекетті тоқтату себептерін еске алуы қажет деп көрсетті. Осы іс бойынша қьымыстың нақтылы істелу жағдайлары: пышақпен адамның өміріне қауіпті жері — желкесіне пышақ салуы, ол әрекетті екінші рет істеуге әрекет жасау, бірақ жәбірленушінің белсенді түрдегі қарсылығына байланысты, сондай-ақ бетен адамдардың кінәлінің қылмысты әрекетін тыюға байланысты, дер кезіңде дәрігерлік көмектің нәтижесінде ауыр зардапты тойтарудың өзі Мәліковтың өз әрекетінен жәбірленушінің өлуін тілегенін және ондай зардаптың сөз жоқ болатындығың болжағанын және соның тілегенін, яғни тікелей қасақаналықпен әрекет істегенін көрсетеді.
Тағы бір мысал: қатардағы Әбенов мас болып әзі күзетіп тұрған постының жанынан қараңғы кезде өтіп бара жатқан Сәрсенов жаққа қаратып, бұзақылық ниетпен автоматтан оқ жаудырған. Сәрсеновтыңм қолы және аяғы жарақатганған. Республика Жоғарғы Сотының әскери коллегиясы Әбеновты жанама қасақаналықпен кісі өлтіруге бұзақылық ниетпен оқталғандығы үшін кінәлі деп тапқан. Себебі, ол Сәрсеновке қаратып оқ атқанымен, оны өлтіруді немесе оған ауыр зардап тілемегенімен, бірақ оның болуына саналы түрде жол берген.
Жанама қасақаналықта қылмыс құрамьша тән қоғамға зиянды зардапты болғызу кінәлінің іс-әрекетінің түпкі немесе аралық я болмаса басқа мақсатқа жету құралы болып табылады. Бұлар кінәлінің іс-әрекегінен туындаған бөгде нәтиже болып табылады. Жанама қасақаналыкпен істелтен қылмыстар үшін қоғамға зиянды зардаптың қажеті жоқ, мұндай жолмен істелген іс-әрекетте зардап келтіру туралы ниетте болмайды. Бірақ алға қойған максатына жету үшін адам осындай зардаптың болу мүмкіндігін теріске шығармайды, оған саналы түрде жол береді. Сөйтіп, жанама қасақаналықпен қылмыс істеу тікелей қасақаналық деп қылмыс істеу арқылы жүзеге асырылатын басқа қылмысты істеуде де кездесіп қалады. Жанама қасақаналықпен ерекшелігі сол, ол формальды қылмыс құрамында болмайды. Өйткені формальды қылмыс құрамының объективтік жағы тек қана қоғамға зиянды іс-әрекеттен (әрекет немесе әрекетсіздік) ғана құралады. Сол себепті белгілі бір қоғамға зиянды әрекеттің орындалуы мұндай қылмыс құрамының белгісі регінде көрсетілмейді. Формальды қылмыс құрамындағы қылмыстарды істегенде адамның еркі іс-әрекеттің өзіне ғана бағытталғандыктан тек қана тікелей қасақаналық нысанында жүзеге асады.
АБАЙСЫЗДЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Орта есеппен әрбір оньшшы қылмыс абайсыздықпен істеледі: осыған орай оның зияндылығы немесе басқалай теріс әсері жоқ деп санауға болмайды. Кейбір жағдайларда абайсыздықпен істелген қылмыстардан келетін зардаптардың жүгі ауыр, тауқыметі аз болмайды. Техниканың, тұрмыстық химияның, көліктің әр түрінің дамуының, экология саласындағы жол берілетін ұқыпсыздық салдарынан болатын абайсыздық қылмыстары туралы жауаптылық мәселесі қазіргі уақытта ең көкейтесті мәселелердің, бірі болып отыр.
Абайсыздықпен істелетін қылмыс негізінен жауапсыздықтан, байқаусыздықтан, өзінің кәсіптік немесе басқадай міндеттеріне немкетгілікпен, енжарлықпен қараудан, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауға жете көңіл бөлмегендіктен, соңдай-ақ өзіне жүктелген кінәлі адамдардың кәсіби шеберлігінің, тәжірибесінің, білімінің жетіспеуінен немесе басқадай себептерге байланысты болады.
Абайсыздық туралы ұғым Қылмыстық заңда берілген (21- бап). Онда менмендікпен немесе немқұрайлылықпен жасалған әрекет абайсызда жасалған қылмыс деп танылады (21-бап, І-белігі) делінген. Яғни, кінәнің абайсыздық нысаны екі түрге—менмендік және немқұрайлылық болып бөлінеді. Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендікпен жа-салған қылмыс деп танылады.
Менмендікпен қылмыс істеуде кінәлі адам өзінің әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіп туғызу мүмкіндігін сезеді, сонымен бірге ол өзі істеген әрекетсіздігінен немесе әрекетінен қоғамға зиянды зардаптың тууын болжайды, бірақ жеткілікті негізсіз жеңілтектікпен ондай зардапты болғызбау мүмкіндігіне сенеді.
Менмендікпен әрекет істеген адам әр уақытта да зардаптың болуы мүмкін екенін сезеді және оны тойтаруға әрекет жасайды. Яғни, қылмысты менмендікте кінәлі адам өзінің қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздігінің зиянды екенін түсінеді. Осы айтылған екі белгі қылмысты менмеңдікпен істеуді қылмысты жанама қасақаналықпен істеуге жақындастырады. Яғни, өзінің интеллектуалдық элементі бойынша менмендіктін жанама қасақа-налықпен аздаған ұқсастығы бар.
Егер жанама қасақаналықта кінәлі нақты зардаптың болуын біле тұра саналы жол берсе, менмендікте зиянды зардаптың болуы мүмкін екендігін ғана болжап, ондай зардап бола қалған күнде ол тойғарылады деген жеңіл сенім орын алады. Зардап болмайды деп сенушілік әр түрлі болады. Мысалы, кінәлінің өзінің жеке басының ептілігіне, тәжірибенің немесе басқалай табиғат күштеріне немесе баска жағдайларға сенуден қылмыс тойтарылады, қолайсыз оқиға болмайды деген сетгіммен істеушілігі. Ал іс жүзінде қылмысты тойтаруға қабілеті жетпейді. Мәселен, Мәліков деген азамат Бақанас селосының тұсындағы Іле өзенінен өзінің жекеменшік моторлы қайығьша үш адамның орнына бес адамды отырғызып өзеннің арғы жағына өжткзіп тастамағанды болған. Өзеннің орта тұсына келгенде қатт су толқынынның әсерінен қайықаударылып, Ж. деген азамат суға кетіп қаза болған. Мәліков менмендікпен кісіні абайсызда өлтіргені үшін кінәлі. Өйткені Мәліков өзінің үйреншікті әдісін қайталап отыр.1(Осындай әрекетгерді істеудегі көп жылғы тәжірибесіне сүйеніп, үш адамдық қайыққа бес адам отырғызған, соның салдарынан толқынның ағысына ұрынған қайық ауыр салмақтан ауып, жәбірленушінің суға кетіп қаза болуына себепкер болған. Мәліков қайыққа артық адам сыйғызғанда өзінің ептілігіне сүйеніп, оларды өткізуде қайықтың аударылуына жол бермеймін деген өзіне-өзі сенушілікпен қылмыс істеген деп сот үкімінде көрсетілген.
Егер адам қажетгі ұқыптылық пен сақгық болғанда ол зардаптарды болжап білуге таіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғаддық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, қылмыс немкұрайлықпен жасалған қылмыс деп танылады. (21-бап, 3-бөлігі) Осы анықтамаға, байланысты өзінің іс-әрекетінің зиянды екенін түсінбеген, зиянды зардапгардың болуы мүмкін екенін болжама-ғанадамне үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылады деген заңды сұрақ тууы мүмкін. Мұндай жағдайда адам занның талаптарына, қоғам ережелеріне басқада адамдардың мүдделеріне ұқыпсыз, жауапсыз, байқамай шалағайлықпен, яғни өзінің немқұрайлылығынан өзінің іс-әрекегінен зиянды зардаптың болуы мүмкін екендігін болжауға тиісті және болжай алатын болса да болжамайды.
Өсербай деген азамат 1995 жылы оныншы шілдеде өзінің сегіз және тоғыз жасар екі немересімен және көршісінің он бір жасар баласын ертіп, ауыл маңындағы үлкен өзеннің жағасына шөп шабуға барған. Үш бала ағаш түбіндегі көлеңкеде ойнап отырған. Бір кезде көршісінің он бір жасар ба-ласы құрбақаны көріп, оны ұстап алмақ болып, өзен жағасына қарай қуа жөнелген. Содан байқаусызда биік жағадан суға құлап, тұншығып өлген. Аддын ала тергеу орны Өсербайдың әрекетінде ешқандай қылмыс белгісі жоқ деп, осы факті бойынша қылмысты іс қозғаудан бас тартты. Өйткені, тергеушінің қаулысында көрсетілгендей Өсербай балалардың қауіпсіздігі үшін барлық шараларды жасаған. Оларға отырған орындарынан қозғалмаң-дар деп үйреткен. 11 жасар бала суға батқанда оған дер кезінде көмек беруге ұмтылып, суға түсіп құтқармақшы болған. Бірақ соған қарамастан іс сәтсіздікпен аякқалған. Мұндай жағдайда Өсербай бақытсыздыққа душар болған баланың өлуіне кінәлі емес. Сондықтанда орын алған жағдай кездейсоқ оқиға (казус) деп танылған. Мұндай ретте адамның іс-әрекетінің жазықсыз зиян келтіруі туралы тұңғыш рет Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде құқылық анықтама берілген.
Онда: 1. Егер іс-әрекет жасаған адамның іс-әрекеті (әрекетсіздігі) және одан кейін пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар оның ниетімен қамтылмаса, ал осы Кодексте абайсызда мұндай әрекет жасағаны және қоғамдық қауіпті зардаптар келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық көзделмесе, әрекет жазықсыз жасалған деп танылады.
- Егер әрекет жасаған адам өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіптілігін ұғынбаған және істің мән-жайы бойынша ұғына алмаған болса, не қоғамдық қауіпті зардаптардың пайда болуы мүмкін екенін алдын ала білмесе және істің мән-жайы бойынша оларды алдын ала білуге мүмкін болмаса немесе білуі мүмкін болмаса, әрекет жазықсыз жасалған деп танылады. Егер әрекет жасаған кезде қоғамға қауіпті зардаптардың пайда болуын аддын ала білген адам оны болғызбауға жеікілікті негізде сенген болса не өзінің психика-физиологаялық қасиеттерінің қысылтаяң жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуіне немесе жүйке-психикалық ауыртпалықгарға байланысты осы зардаптарды болғызбауға шамасы келмесе де, әрекет жазықсыз жасалған деп танылады делінген Жалпы қасақаналық пен абайсыздықтың психологиялық мазмұнымына төмендегідей:
кінәнің нысандары және түрлері |
интеллектуаддық элемент |
еріктілік элемент |
1 |
2 |
3 |
тікелей қасақаналық
жанама қасақаналық
менмендік
немқұрайдылық
немқұрайылықтың белгілері |
істелетін іс-әрекеттің қоғамға қауіпті мәнін білу, оның қоғамға зиянды зардаптарының болуын мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала білу.
істелетін іс-әрекеттің қоғамға қауіпті мәнін түсіну, оның қоғамға зиянды зардабының нақты мүмкін екендігін алдын ала білу
істелетін іс-әрекеттің қоғамға қауіпті екенін түсіну, оның зиянды зардабының болуы мүмкін екенін алдын ала білу
істелетін әрекеттің қоғамға зиянды зардап-тары болуы мүмкін екенін болжап білмесе
объективтік (істелетін іс-әрекеттің қоғамға зиянды зардабын болжауға міндеттілік) және (осы зар-даптарды болжауға мүмкіндік) субъективтік |
осы зардаптардың болуын тілеу
осы зардаптардың болуын тілемегенімен оның болуына саналы түрде жол беру, немқұрайлылықпен қарау
менмендікпен ондай зардаптар болмас — деп сену
бірақ оларды болжауға тиісті және болжай алатын болу
|
ҚЫЛМЫСТЫҚ НИЕТ ЖӘНЕ МАҚСАТ
Қылмыстың субъективтік жағына оның міндетті белгісі болып табылатын кінәмен бірге қылмыстың ниеті және мақсаты кіреді.
Егер Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі нақты қылмыс құрамында ниет пен мақсат оның белгісі ретінде көрсетілсе, онда ол осы құрамның субъективтік жағының міндеті қажетті, белгісі болып, ал басқа жағдайларда құрамның факультативті белгісі болып саналады.
Кезкелген мінез-құлыққа,оның ішінде қылмыстық құқықтық мінез – құлыққа да дұрыс баға беру үшін қылмыстық ниет пен мақсатты да анықтау қажет. Қылмыстық істер жүргізу кодексі іс бойынша дәлелденуге тиісті мән-жайлардың қатарына қылмыстық ниет пен мақсатты да бекерден-бекер қоспайды. Ол туралы Жоғарғы Соттың бірнеше қаулыларында арнайы көрсетілген. Осыған байланысты мақсат пен ниетгі анықтап алудың қылмыс-тық құқылық маңызы ерекше.
Қылмыстық ниет деп белгілі бір қажеттіліктер мен мүдделердің іштей түрткі болуына байланысты адамның соларды басшылыққа ала отырып саналы түрде қылмыс істеуге бел бууын айтамыз.
Қылмыстық мақсат деп адамның қылмыс істеу арқылы бола-шақта белгілі бір нәтижеге жетуін айтамыз.
Сонымен, қылмыстың мақсаты қылмыстық ниетке негізделіп пайда болады екен, ал қылмыстық ниет мақсатпен бірге белгілі бір іс-әрекетті жүзеге асыру арқылы түпкілікті нәтижеге жетуге итермелейді.
Қылмыстық ниет пен мақсат өзара тығыз байланысты ұғым. Адамның мақсатының қалыптасуы ниетке байланысты болса, ал мақсат пайда болған ниетгің қандай әдіспен, ниетпен жүзеге асырылатынын анықгайды.
Қылмыс істеу арқылы адамның өзі қалайтын, тілеитін бола-шақ нәтижесін елестетуі қылмыстың мақсаты болады. Мысалы, терроризмнің ниеті қоғамдық қауіпсіздікке қарсы ниет болса, ал оның мақсаты қоғамның қауіпсіздігін бұзу болып табылады. Ниет пен мақсат өзара тығыз байланысты ұғым болғанымен олар адамның еріктілік процесінің әр түрлі жағын сипаттайды. Ниет адам неге қылмыс жасады деген сұраққа жауап берсе, ал мақсат сол әрекетгің бағытын анықтайды. Қылмыстық ниет пен мақсат әр уақытта да Қылмыстық кодекстін Ерекше бөлімінің нормаларының диспозицияларында нақты атап көрсетілетін ұғым болып табылады. Мысалы: баю мақсаты, басқа қылмысты жасыру мақсаты, соғысты арандату, т. б. пайдакүнемдік ниет, бұзақылық ниет, зұлымдық ниет, қан үшін кекшілдік ниет және т. б. Кейбір реттерде заң шығарушы қылмыстық ниеттің жалпылама сипаттамасыи ғана бфеді. Мысалы, зұлымдық ниет немесе бас-қадай жеке мүдделілік. Мұндай жағдайларда зұлымдық немесе басқадай жетсе мүдделілік ниетгің нақты мазмұны анықталып, ол туралы тергеу, сот құжаттарының тиісінше аталып көрсетілуі керек.
Ниетпен мақсатқа дұрыс қылмыстық құқылық баға беру үшін оларды топтастырудың маңызы өте зор. Қылмыстық теорияда қалыптасқан дәстүр бойынша ниет пен мақсат моральдық және құқылық негіздерге байланысты екі топқа бөлінеді. Теріс (зұлымдық және оң (зұлымдық емес) ниеттер мен мақсаттар.
КІНӘНІҢ ЕКІ ТҮРІМЕН ІСТЕЛЕТІН ҚЫЛМЫСТАР
Көп жағдайларда қылмыс бір ғана қылмыс нысаны арқылы істеледі. Кейбір жағдайларда қылмыс құрамында кінәнің екі нысаны (қасақаналық және абайсыздық) кездесуі мүмкін. Қасақаналық және абайсыздық қабыстырылған ретге қылмысты іс-әрекеттің істелуі қасақаналықпен, ал қылмыстың нәтижесінен болар зардап абайсыздықпен сипатгалады. Мұндай қылмыстарда кінәнің бір нысаны әрекет немесе әрекетсіздік жөнінде бөлек орын алса, ал екінші бір нысаны іс-әрекетпен туындайтын қылмыстың зардабы жөнінде бөлек орын алады. Янни, бір қылмыс құрамында кездесетін кінәнің осындай екі бірдей нысанының — қабаттасуын кінәнің екі түрімен істелген қылмыс деп айтамыз. Қылмыстық құқық теориясында оны кейде, «екі жақты» немесе «күрделі», «аралас» кінә нысандары деп те атайды. Бұл аталған терминдердің түпкі мәні біреу — ол бір қылмыс құрамында кінәнің екі бірдей нысаны — қасақаналық және абайсыздықтың қатар қабаттас болатыңцығын көрсету болып табылады.
Қылмыстық кодекстің 22-бабы кінәнің екі нысанымен жасалған қылмысқа мынадай анықтама береді: егер қасақана қылмыс жасаудың салдарынан заң бойынша неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқгыратын және адамның ниетімен қамтылмаған ауыр зардаптар келтірілсе, мұндай зардаптар үшін қылмыстық жау аптылық егер адам олардың пайда болатынын алдын ала білсе, бірақ осыған жеткілікті негіздерсіз оларды болдырмауға менмендікпен сенген жағдайда немесе егер адам бұл зардаптардың пайда болуы мүмкін екенін алдын ала біл месе, бірақ болжауға тиіс және болжай алатын болған жағдайға ғана пайда болады. Тұтас алғанда мұндай қылмыс қасақана қылмыс деп танылады. Осы заңдылық анықтамаға сәйкес кінәнің екі бірдей нысаны объективті жағының, міндетті белгілері қоғамға қауіпті іс-әрекет, себепті байланыс және қоғамға зиянды зардап болып табылатын материалдық қылмыс құрамдарында ғана орын алады. Мысалы, кінәнің аралас нысандарына Қылмыстық кодекстің 103-бабының 3-бөлігіндегі денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруден жәбірленушінің қазаға ұшырауы, 152-бапта көрсегілген еңбек қорғау ережелерін бұзу, 117-баптың 4-бөлігіндегі заңсыз аборт жасаудан жәбірленушінің қаза болуы немесе басқа бір ауыр зардаптарға әкеліп соқтыруы сияқты құрамдар жатады. Осы көрсетілген құрамдарда әрекет немесе әрекетсіздік жөнінде кінәнің нысаны касакалық, ал одан туындаған зардап жөнінде абайсыздық болады. Мұңдай қабаттасқан кінәнің болуына өзіндік себеп те бар.
Жалпы алғанда, кінәнің екі түрімен істелетін қылмыстардың субъективтік мазмұнын терең зерттеу объективтік белгілері өзара ұқсас қылмыстарды бір-бірінен дұрыс ажыратуға немесе істелген іс-әрекетті қасақана я болмаса абайсызда істелген қылмыс құрамына дәлме-дел жатқызуға толық мүмкіндік береді.
ҚАТЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ
Қылмыстың субъективтік жағының белгісін талдағанда адамның жіберген қатесінің кінәнің нысанына және оның қылмыстық жауаптылығының шегін анықтауға тигізетін әсерін анықтаудың маңызы ерекше.
Қате дегеніміз адамның істелетін қоғамға қауіпті іс-әрекетіне байланысты факт немесе заң туралы мән-жайлары жөніндегі теріс түсінігі больш табылады.
Қылмыстық құқықтағы мұндай қате заң туралы қате және фактілік қате болып екі түрге бөлінеді.
Заң туралы қателік деп адамның іс-әрекетінің қылмыс қатарына жататыны немесе жатпайтыны, оның саралануы, осы іс-әрекеті үшін тағайындалатын жазаның түрі, мөлшері жөніндегі теріс ұғымын айтамыз.
Мұндай ретте адам өзінің істеген іс-әрекегін қылмыс деп ойлайды, шындығында заңда ол қылмыс қатарына жатпайды. Мысалы, адам басқа біреуге байқамай абайсыздықпен жеңіл жарақат келтірді. Ол бұл әрекетін қылмыс деп ойлайды, бірақ та қылмыстық заңда абайсыздықпен жеңіл түрде жарақат салу туралы жауаптылық көрсетілмеген. Демек, мұндай іс-әрекетте кінә де, қылмыс та жоқ. Керісінше, адам өзінің істеген іс-әрекетін қылмыс емес деген жалған ұғына болады, бірақ оның іс-әрекеті заң бойьшша қылмыс болып табылады. Мұңдай ретте адам қылмыстық жауаптылыққа жалпы негізде тартылады, өйткені заңды білмедім деген сылтаумен қоғамға қауіпті іс-әрекет істеу ге ешкімге де жол берілмейді. Адамның өзінің істеген іс-әрекетін тиісті бап бойынша саралау, соған жаза түрін және мөлшерін тағайындау жөніндегі жіберген қателігі кінәнің нысанына және оның жауап-тылығына ешбір әсер етейді. Фактілі қате деп адамның кылмыс құрамының объектісі және объективті жағының белгілері, яғни нақты жағдайлар жөнівдегі теріс ұғынуьш айтамыз.
Фактілі қате мынадй түрлерге бөлінеді:
- Қылмыстық объектісі мен заты жөніндегі қате;
2 Әрекет немесе әрекетсіздіктің мәні жөніндегі қате;
- Себепгі байланыстың өрістеуі жөніндегі қате.
Объект жөніндегі қате бірнеше жағдайда болуы мүмкін:
а) қылмыскер белгілі объектіге қол сұғатын болып ойланғанымен, ал шын мәнінде басқа объектіге зиян келтіреді. Мысалы, адам дәріханадан наркогакалық препаратты ұрлаудың орныңа қателесіп, іш аурудың дәрісін ұрлайды. Бұл сияқты қатеде; субъектінің жауапкершілігі қылмысты істеген кезде онын оны неге бағытталса, соған байланысты шешіледі. Осы айтылған мысалға сәйкес кінәлінің әрекеті наркотикалық нәрсені ұрлауға оқталғаны үшін сараланады.
б) қылмыскер бір объектіге ғана қол сұғуды тілейді, ал шын мәніңде бірнеше объектіге зиян келтіреді. Мұндай нақтыланбаған қасақаналықпен әрекетістегенде кінәлі адам нақты болған зардап үшін ғана жауапты болады. Мысалы, түн ішінде бей — берекет мылтық атудан көшеде өтіп бара жатқан адамға оқ тигізіп қаза болса, кінәлінің әрекегі Қылмыстық кодекстің 257- бабы 3-бөлігімен және 96-багпың 2-бөлігі «и» тармағымен яғни орын алған зардапқа байланысты сараланады. Сондай-ақ екіқабат әйелді оның екіқабат екендігін білмей қасақана өлтірген жағдайда кінәлінің әрекетін Қылмыстық кодекстің 96-бабынын 2-бөлігі. «г» тармағымен саралауға негіз жоқ, мұндай ретте іс-әрекет нақты жағдайға байланысты орын алған қылмыстың зардабына байланысты сараланады.
Адам өзінің іс-әрекетінің қоғамға қауіпті екенін сезбегендіктен өзінің істеген әрекетін немесе әрекетсіздігін заңға қайшы емес деп ойлайды. Мұндай ретгегі қылмыс адамды қасақана қылмыс істегені үшін жауаптылыққа тартуға жол бермейді, бірақ та сол іс-әрекеті үшін ол адам абайсызда зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылықта зиянды зардаптың болуы мүмкін екенін болжауы мүмкін және болжауға таіс болған ретге ғана жауап қайтарылуы мүмкін.
Жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар жөніндегі қателікте адам осы мән-жайлардың орын алуы немесе орын алмауы жөнінде жалған ұғымда болады. Мұндай ретте оның жауаптылығы қасақаналықтың мазмұнына, неге бағытталғанына байланысты шешіледі.
Мысалы, адам жәбірленушінің жүкті екенін білмей өлтірсе, онда оны Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлігі «г» тармағы бойьшша кінәлауға негіз жоқ. Ал, ол қателесіп жүкті емес әйелді жүкті әйел екен деп елтірсе, оның жауаптылығы қылмыстық ниеттің бағытына сәйкес шешіледі.