Қымбат металдар және олардың құймалары
Табиғатта кездесетін алтын, күміс,платина, палладий, осмий, иридий, рутений және родий өздерінің химиялық тұрақтылығымен және әдемі сыртқы түрімен қымбат металдар деп аталған.
Алтын және олардың құймалары. Тіс протездерін жасау үшін таза алтын қолданбайды, өйткені ол бұл күйінде өте жұмсақ. Тіс протездеріне қойылатын талаптарға байланысты алтынға күміс, мыс, платина, кадмий, палладий сияқты металдар қосып механикалық қасиеттерін жоғарылатады. Қаттылығына байланысты алтын құймаларына жұмсақ, орташа қатты, қатты және өте қатты деп бөледі. Қатты және өте қатты құймаларды 700 С қыздырып , 10 минуттың ішінде, суытатын болса, олар жұмсарады. Алтын құймалардың мықтылығын арттыру үшін қыздырып өңдеп, 450 С ден 250 С аралығында 30 минут ішінде суыту керек. Алтын құймаларын құйған кездегі көлемінің кішіреиюі 1-1,2% .
Тіс протездері үшін мына таңбалар алтын құймалары қолданады: 900, 750, 583.
916 таңбалы құйманың түсі ақышыл- сары, өңдеуге жеңіл. Ол көпір тектес протездер, қаптама , микропротез, жартылай қаптама және әшекейге орындық жасау үшін қолданылады. Бұл құйманың кемшілігі қаттылығының жеткіліксіздігінде.
900 таңбалы ауыз қуысында коррозияға тұрақты, 916 құймаға қарағанда қатты, түсі, қызғылт. Иленгіштігіне байланысты қалыптпғандағы және аппаратқа салып жұқартқандағы қатаюын қып- қызыл етіп қыздырып өңдеп жұмсартады.
Алтын қалыпқа салып қалыптағанда қорғасын жастықтарынан және тез балқығыш құймадан: қоғасынның, висмуттың,қалайының және де т,б. металдардың жаңқалары (бөліктері) қалып қояды. Олар алтынды құйғанда кезде балқып онымен қосылысқа түседі. Сондықтан алтынды қыздырар алдында тұз қышқылына немесе азот қышқылына салып тазартып алады. Қыдырған кезде алтынның сыртқы қабаты тотығады.
Бұл тотықты тазалау үшін де тұз қышқылын қолданады. 750 таңбалы құйманың құрамына кадмий мен платина кіреді. Кадмииді 50-10% етіп қосатын болса құйманың балқу температурасы төмендейді. Сондықтан бұлндай дәнекер ретінде қолдануға болады.
Күміс- палладий құймалары 70- шы жылдардан бастап күміс палладий құймалары қолданыла бастады. В.Н. Копейкиннің дерегі бойынша бұл құймалар қасиеті жағынан алтынның құймаларына жақын.
Құймалардың түсі ақ. А мен Б құймасына қарағанда жұмсақтау. Б құймасының серпімділігі жоғары. Балқу температурасы 1100-1200 С . С.Д.Н. Цитриннің ұсынған құймасының құрамында күміс 75%, паллпдий-10%, алтын – 15% . құйманың түсі сарығыш-алтындай балқу температурасы -1105% С, бриннельдің көрсеткіші бойынша қаттылығы 30.
Құйманың құрамында палладийдің мөлшері көбейсе онда балқу температурасы да көтерліп, қаттылығы және жыртылуға мықтылығы өседі. Күміс құйманың негізі болып қаттылығын жоғарлатады, ал алтын болса құйылу сапасын жақсартып, құймаға алтынның түсін береді. Бұндай құймаларды алтын дәнекерлерімен дәнекерлейлі.
Алтын, платина және палладий қорытпалары.
Бұл металдарға жоғары технологтялық қасиеттер, коррозияға тұрақтылық, төзімділік, токсикалық әсерінің болмайтындығы тән болады. Басқа металға салыстырғанда, бағалы металдарда идиосинкрозия құбылысы аз болады.
Таза алтын ( Au) – жұмсақ метал. Алтнның мықтылығы мен қаттылығы көтеру үшін құрамына металл лигатураларын ( мыс, күміс, платина) қосады.
Қортпаның құамындағы алтынның пайыз мөлшеріне байланысты құйма әртүрлі болады. Таза алтын метрлік сынақ жүйесі бойынша 1000 (проба) деп есептеледі.
Ресейде 1927 жылға дейін алтын сынақ жұйесі болған. Бұл өлшем жүйесіне байланысты алтынның ең жоғарғы сынамасы 96 алтынға тең. Осымен қатар ағылшын карат системасы да белгілі,бұл система бойынша ең жоғарғы сынама 24 каратқа тең.
Алтынның 900- сынамасы тіс сауаттары (қаптамалары) мен көпір тәрізді протездерін жасауда қолданылады. Алтынның бұл қорытпасы диск түрінде, диаметірлері 18,20, 23, 25мм және салмағы 5г мөлшеіндегі блок түрінде болады. Бұл қорытпаның құрамында алтын -90%, мыс – 6% , күміс-4%. Балқу температурасы 1063 С. Оңай иілгіш, тұтқыр, таптауға (штамптауға) , жұқартуға, созылуға және құюуға ыңғайлы.
Алтынның 750 – сынамасы доғалы протездің қаңқасы, клаерлер және салмалар үшін қолданылады. Құрамы : алтын -75%,мыс және күміс -8% тен, платина -9%. Серпімділігі жоғары және құю кезінде отырғыштығы аз. Бұл қасиеттердң платинаны қосу немесе мыстың мөлшерін арыттыру арқылы жүргізіледі.750- сынама , 5-12 С кадмий (96 кесте). Калмий 750 – сынаманың балқу температурасын 800 С төмендету арқылы, оның ақыштығын қамтамасыз етумен қатар, протездің негізгі деталдерінің жанып кетпеуін қамтамасыз етеді. Алтынның ағартушысы ретінде (10-15%)тұз қышқылы қолданады,
Супер – Т3- бұл «мықты алтын », термиялық шынықтырылған төзімді құйма, құрамында алтын -75%,түсі сарығыш. Бұл құйма жан-жақты (универсал) және қолдану технологиясы үлкен, штампталған және құйылатын жасанды тіс сауыттары( қаптамалары) мен көпір тәрізді протездерді дайындауда кеңінен қолданылды. Бұл құйманың негізгі қасиеті ( 25 кестеде) берілген. Бұл құймадан акупунктура үшін алтын инелер дайындалады.
Ресейде « Суперпал» атымен металл- керамикалық тіс протездерін қолданылатын құйма қолданылады. Құйма құрамында: палладий-60%, алтын-10%. Ресей патентімен қорғалған, халықаралық стандартқа сәйкес және жақсы қасиеттерімен сипатталады (31).
Шетелдерде ортопедтік стомотологияның қажеттілігі үшін құрамында алтынның және бағалы металдардың әртүрлі мөлшерлерімен.
Кесте-31
Суперал қорытпасының қасиеті («Суперметалл» АҚ бойынша)
Балқу ,0С Темпер сы |
Қаттылығы, Н/м2 |
Аққыш тық шегі, Н/мм2 |
Салыс тырмалы ұзаруы,% |
Тығыз Дығы, г/см3 |
20-6 00-0 С-да Х10-6 0С -1 термиялық коэф.кеңеюі |
1100-1125 |
3500-3600 |
740-750 |
2 |
10,2—10,7 |
13,5-14,5 |
Стомотологияда қолданылатын алтын қорытпаларының құрамы ( ASM Metals Handbook бойынша)
Кесте -27
Виккерс бойынша қорытпаның түрі және қаттылығы, МПа |
Au % |
Ag % |
Cu % |
Pd % |
Pt % |
Zn % |
|
I жұмсақ II орташа III қатты Ivөте қатты |
580-900 900-1200 1200-1500 1500-2200 |
79-92,5 75-78 62-78 60-71,5 |
3-12 12-14,5 8-26 4,5-20 |
2-41 12-14,5 8-26 4,5-20 |
0,5 1-4 2-4 5 |
0,5 1 3 8,5
|
0,5 0,5 1 1,2 |
Ескерту : Au- алтын, Ag- күміс, Cu- мыс, Zn- мырыш, Pd- платина, Pt- палладий
(27 кесте) мен механикалық қасиеттері әртүрлі болатын (28 кесте) құймалар шығарлады.
« Галеника» фирмасы (Югославия) алынбайтын тіс протездері үшін алтыннан, палладийдан және күмістен тұратын қорытпаны ұсынады. Бұл құйма химиялық элементтердің әсеріне тұрақты, ауыз қуысында химиялық байланысқа түспейді, құрамында никель, бериллий және кадмий болмайды. Балқу температурасы 1090 С, тығыздығы- 11,5г/см.
«Metaux Pecieux» фирмасы құрамында алтын көп, қаттылығы жоғары классик құймасын ұсынады. Құйманың құрамында галий, кобальт, хром, никель және берилий сияқты элементтер болмайды. Құйманың құрамында қарапайым металдардын мөлшері 2%-тен аспайды. Құйма металл-керамикалық протездер үшін арналған. Биодент , керамика, Дуцерам, Вита, Вивадент массаларымен сәйкестігі өте жоғары.
« Дегусса» ( Германия) фирмасы Стабилор- G және Стабилор GL атты мықтылығы өте жоғары алтын – палладий құймаларын тіс сауыттары мен көпір тәрізді протездерді жасау үшін ұсынады. Бұл құймалардан істелген тіс протездері ауыз қуысында тұрақты, мықтылығы жоғары және жеңіл өңделеді.
Тоо « интердент» медициналық колледжі
Реферат
Тақырбы: Қымбат металдар және олардың құймалары
Дайындаған :Абдіманапов Абылай
Қабылдаған :Азимжанов Т.
2010 ЖЫЛ.