АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Қыз Жібек

Қыз Жібек

 

Базарбай тоғыз ұлынан айырылып, қан жұтып, қасірет шегіп жүрген кезінде, Алла нәсіп етшіп Төлегені дүниеге келеді. Оның жарық дүниеге келгендегі келбетін жыршы былай суреттейді.

Төлеген әкесінің ен дәулеті арқасында бұла боп өсті. Айналасына да, еліне де сыйлы, қадірлі азамат болды. Үйленер шағына да жетті. Қалыңдық іздеп, «ат жетер жерді арылтып тамам қылды», бірақ ол «ел-жұрттан қыз жаратпай», өзіне сүйікті жар болар сұлуды іздеумен күн кешті.

Төлегенді Ақ Жайық сұлуларына ынтық етеді. Жолы ауыр, жүз күндік болса да, «Төлегеннің … қыз іздеуге көңілі кетті… Төлеген іздемекке талап етті». Белін бекем байлады. «Құс қанатты жорға» жаратты, Тұрманының барлығын алтындатып, күміспенен төрт аяғын тағалатты». Барлық жол жабдығын әзірлеп, Төлеген «сексен жігіт қосшы алып, он бес жігіт басшы алып, Ақ Жайыққа жөнеген».

Анасының қарсы болғанына қарамай аттанады.

Төлеген Ақ Жайыққа жиырма бес жорға ала кетеді. Саудагер шал аңыз етіп айтқан сұлуларды көрмек болып, елге: «Жас қызы болса әкеліп көрсеткен адамға қызын алсам да, алмасам да, бір жорға беремін», — деп хабар етеді. Мұны естіген үміткерлер, дәмеленген жұрт «қыздарын алып көрсетті». Төлеген «ешбірін жаратпайды». Бірақ уәдесінен қайтпады. Әрбіреуіне бір-бір жорға мінгізді. Көңілінен шығар сұлу қызды көрмеген ол: «Бұл қыздарды сұлу деп шал бекер айтқан екен», — деп өкінеді.

Сол кезде сұлу қыз іздеген Төлегеннің келгенін естіп, ханның ақылшысы әрі ақын Қаршыға қыз таңдап жүрген жігітті көрмекке, Төлегенді іздеп жолға шығады. Қаршыға: «Мен Төлегенді көрейін, Төлеген маған жақса, Қыз Жібек те жақтырар», — деп ойлайды.

Сонымен, Қаршыға өзіндей әрі сұлу, әрі ақылды жігітті армандаған, еліндегі бірде-бір жігітке мойын бұрмай жүрген Сырлыбай ханның қызы Жібекті жолықтырмақ болып. Төлегенді ертіп Сырлыбай ханның еліне жол тартады.

Қаршыға келбеті де, ақылы да бір-біріне сай екі жастың армандарына жетуіне, қосылып бақыт құшағында болуына өзінің бар ақыл-амалын, шешендігін жұмсап, үлкен адамгерішлік көрсетеді.

Ақыры, олар жайлауға көшіп бара жатқан Сырлыбар ханның ұзақ көштеріне килігеді. Әр көштің басындағы сұлулығы көз жауын алар, үлде мен булдеге оранған «перінің қызы секілді, бұрала басып кетіп бара жатқан» қыздардың әрқайсысын «осы екен деп Қыз Жібек, жетіп келді қасына, артынан келіп Қаршыға, Жібек емес деген соң, онан бір өтіп жөнелген». Солай бұлар он бір көштен өтіп, әлқисса Қыз Жібек күймесіне де жетелі.

Төлеген есігі жабулы пәуеске ішіндегі Жібекке ен дәулеттің ішінде еркін өскендігіне, өз елінде хан затымен тең екендігіне басып.

Бұл тұста ен байлық ішінде бұла боп, ерке өскен хан қызы Жібектің бір мінезі қылаң етіп көрініп қалады. Төлеген қыздың бұл мінезіне қана болып, ат басын кері бұра бергенде, Қаршыға келіп қалады.

«Бұл Жібек маған үш шақырсам, ақымақ адамдарға ұқсап жауап бермейді, бұл қалай?» — деп Қаршығадан сұрайды. Жібектің мұндай мінез көрсеткенін Қаршыға: «…Мұның бектігі бар,  ешкім  бұрын  бұлай дауыстап сейлескен емес», — деп түсіндіріп, Төлегеннің ашуын басып, сабасына түсіреді.

Жібек басында «жалғыз атты жолаушы», «қаңғырып өскен бір қу бас» деп, Төлегенді менсінбеген мінез танытады. Тек «басынды кетер Жібекжан, қайтпасын еңбегім еш болып» деген Қаршыға сөзінен кейін ғана «Қаршыға адамсып келген екен, бұған көрінбесем, ұят болар және абден бетімді ашып отырсам тағы жарамас»,—деп бетін бір ашып, бір жарқ етіп көрініп амандасты да, қайтадан жауып, пәуескенің қақпағын түймелеп жатып қалды.

Ақын Жібекті сұлу көркін суреттеу кәдесіне синтаксистік параллелизмді, әр алуан салыстыру, теңеулерді шебер жарата білген.

Періште келбетті, раушан жүзді сұлуға жар таңдаған Төлеген елти түседі. Енді Төлегеннің бар ынтызары Жібекке ауады. Қайткенде де оған қосылуды армандайды.

Қыз Жібек Төлегеннің тілегіне кекірейе қарап, пандық мінезімен қайтпайды.

Бар ынтасы сол қызға ауған Төлеген Жібектің әкесінің алдына барып, Жібекке қосылмақ көңілін білдіреді. Адам тани білген хан Төлегеннің тұлғасына, келбетіне көңілі толып, келісім береді. Қаршыға да бұл жерде шешендігімен де, абырой-беделімен де кіріседі

Ол: «Айналайын, Жібегім, шыныдақ аппақ, сүйегін, осы емес пе еді Құдайдан, қарағым, сенің тілегің», — деп, Жібектің иін жібітіп, Төлегенмен кездесуге көндіреді.

Қаршыға іңкәрландырған сол жігітті көрмекке өзі де тағат таппайды. Жібектің Төлегенге танысуға беттеген.

Жібектің сол сәттегі қимыл-келбетін жыр өрнегіне әдемі түсірген. Қаршығадан Төлегеннің жігіттігіне, періштеден кем емес тұлғасына, кескін-келбетше, адамгершілік-кісілігіне қаныққан Жібек, періштедей тұлғалы, келбеті «падишадан кем емес» жанды көргенде, өз бақытын тапқандай, бектігін де, еркелігін де ұмытып, Төлегенге бар жанымен құлай кетеді.

Әлқисса, Төлеген мен Жібек үш ай қалыңдық ойнап, бақыт шуағына бөленеді. Енді еліне қайтар шағы келіп, жүруге қамданғанда, Жібек түс көрді.

Төлеген алған бетінен қайтпай, алыс сапарға, еліне аттанады. Жаны жанымен үйлескен Жібегімен, «олай-бұлай боп кетсем, Жібекті еш жаманға қор қылмас Сансызбай атты інім бар… көктем шыға, қазбен бірге келем» деп қоштасып, еліне бет алады.

Төлеген уәдеге, айтқан сөзіне берік. Ол «көктем шыға, қазбен бірге келем» деген сертінен айнымай, атасының «ендігі жылы осы уақытқа шейін ол жаққа бармағын, жыл өткізіп бар, тілегім осы» дегеніне қарамастан, жанына бір жан атқосшы алмай, Ақ Жайыққа — Жібегіне жалғыз өзі жол тартады. Мұның өзінің де Төлеген бойындағы бір асыл қасиетті уәдесіне беріктігін танимыз.

 

Төлегеннің жан бауыры Сансызбаймен қоштасқан сүйек сырқырата жан егілтеді.

Төлегеннің жан ізгілігін, бауырына деген еміренген, еңіреген қалтқысыз туыстық сезімін байқаймыз.

Төлеген орта жолда Бекежан бастаған қара ниетті қарақшылар қолынан өкінішті, өксікті қазаға тап болды.

«Әккі болған сұм» Бекежан жекпе-жек сайысқа түспейді, «бір қурайды паналап… мылтыққа білте басады…. Төлеген сынды мырзаның, қанын судай шашады». Бекежан осы жерде өзінің ерлік емес, қарақшылық, сұм-сұрқия мінезімен көрінеді. Оның Жібекке айтқан «өзім батыр болған соң, кімді аяйын» деген сөді құр мақтан.

Дастанда Төлегеннің өзімен бірге әуеде ұшып келген алты қазбен қоштасуы жырдың ең бір аянышты да көркем тұстарының бірі:

Жырдың осы жерінде де Төлегеннің әкеге, анаға, жалғыз бауыры Сансызбайға деген жан сезімі, мейірімі барынша көрінген.

Демек, жыршы Төлегенді дастанда барлық жақсылық, адамгершілік, ерлік бітімімен бейнелеген. Жыр өрнегінде ұрпағына үлгі ете келісті кескіндеген.

«Ақмарал атым Жібек…» Дастанның басты кейіпкерінің бірі — Қыз Жібек. Жыршы оның мінез-келбетін нақтылы оқиғалар үстінде көркемдік айшықтармен шебер ашқан. Сырлыбай ханның көш сән-салтанаты Жібектің асқан көркем екенін алдын ала аңғартады. Соны суреттеу арқылы Төлегенді Жібекті көруге ынтықтыра түскен.

Төлеген мен Шеге он бір кештен өтеді. Сол көш басындағы қыздардың көріктері: «Бейіштен шыққан шам шырақтай», «Ақ бетінде кіршік жоқ, айдын көлдің қуындай» деп бірінен-бірі асыра сипатталады. Солардың бәрі осындай келбетті сұлу болғанда, Төлеген армандаған Жібек қандай екен? Төлеген енді Жібекті «бір көрмекке ынтық боп, тағат қылып тұра алмады».

Әлқисса, «екі ғашық қосылып, әңгіме дүкен құрады», «үш айдай ойнап-күліп, бақыт құшағына бөленеді». Енді Төлегеннің еліне қайтар шағы болады, Жібек көрегендік көрсетеді. Жеңгесі арқылы «қандай заман болар» деп Төлегеннің ата-анасының аты-жөнін, жай-күйін, артында Сансызбай сынды бауыры бар екенін біліп қалады.

Жібек жарын сағына, жолын тосып тағатсызданумен болады. Әрі түсінен шошынғаны бар.

Қыз Жібек өзінен дәмелі сұм қарақшы Бекежанның астындағы көкжорға атты көрген.

Қыз Жібек егіліп, еңіреп отырса да, Бекежаннан кек алмақты ойлайды. Кек алмаққа алты ағасын қайрайды.

«Туыспай кеткір алты аға» деп Сырлыбайдың өңкей бөрі алты ұлын шақырып алады. Олар Төлегенді өлтірген Бекежан екенін білген соң, оны ортаға алады.

Төлегенінен айырылып, бақытсыздыққа ұшырап отырғанда, Жібек басына тағы да бір пәле тап болады. Оның айдай сұлулығына елтіген қалмақ ханы Хорен мыңдаған әскермен Сырлыбай хан еліне келіп, қызыңды маған қалыңдыққа бересің, бермесең еліңді түгел шабамын деп әңгір таяқ орнатады. Мұншама қолға қарсы тұрар дәрмені жоқ Сырлыбай Хореннің дегеніне көреді. Қызын бермек болады. Жібек бұл жерде де ақыл тауып кетеді. Хорен қалмақты қырық күн ойын-тойын жасауға көндіреді. Ондағы ойы «Сол елде сері жігіт жоқ па тәңірі, жесірін іздеп келіп неге алмайды?!» деп үміттеніп, кешіктіре тұрмақ. Жібек өлмей, Хорен қалмақка нәсіп болмақ емес.

Жібек қайткенде де Хорен қалмақтан құтылудың жолын іздейді. Хорен қалмақтың «екі тұлпар аты бар». Жібек біреуін — ханның Сандалкөк тұлпарын тақымына басып, жарының аманатына, аруағына адалдық жасап, Төлегеннің еліне аттануға бел байлайды.

Жібек Хоренге өзі баруды ұйғарады, Ай мен Күндей Жібекті көргенде, «есі шығып, балқып кетті, мас болды». Бермеймін деген тұлпары Сандалкекті «ертоқымын өзі салып, ерін ерттеп берді». Ол — ол ма, Жібек ханның тығулы он бес құлаш ақ семсерін де «ішінен беліне байлап алды». Хорен қалмақ Жібектің құрған торына қалай түсіп қалғанын байқамады да. Сөйтіп, Қыз Жібек Сансызбай мен Шегеге қосылып, Жағалбайлы еліне жол тартады. Арманына жетеді.

Жырда Қаршыға мен Шеге ақындар да жағымды, ақылды, ақындық қасиеттерімен көрінген.

Қаршыға — Сырлыбай ханның ақылшысы, көмекшісі, уәзірі әрі от ауызды, орақ тілді шешен, ақын.                                                                                              

Жырда оны «осы келген Қаршыға, тобынан асқан ер еді» деп сипаттайды. Ол екі жастың қосылуына қолынан келгенінің бәрін, ақылын да, шешендігін де жұмсайды. Жырда ол осындай үлкен адамгершілігімен, жан. ізгілігімен бой көрсетеді.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                 

Дастанда Қаршыға сияқты әрі ақын, әрі парасат иесі Шеге де бар адамгершілік, ерлік бітімімен көрінген.     

Сансызбай Шегені ара тұтып, аса қатты бағалаған. Сондықтан алыс сапарға басшы ғып ала кеткен.        

Ағасын Бекежан деген қарақшының атып өлтіргенін естігенде, Сансызбай көз жасын бұлап көз жасын тыя алмай тұрғанында: «Жасын тыйғын көзіннің, жыламағын, шырағым… Төлеген сынды ағаның, жұмақтан жазсын тұрағын», «ноқталы басқа бір өлім'», «өкініш қылма», — деп   тоқтау   айтып, Сансызбайды жұбататын да Шеге ақын. Жібек пен Сансызбайға басшы болып,   Төлегеннің   еліне   өкелетін  де   Шеге   ақын. Төлегеннің ата-анасын қуантып, Жібекті  Сансызбайға қосуға себепкер болған да Шеге ақын. Ол адамгершілік, үлкен парасат иесі, ақындық бейнесімен көрінген.

Жырда Жібек Сансызбайға қосылады. Ал бұл әмеңгерлік салтқа байланысты ма? Егер жыр өрнегіне сүйенсек, біріншіден, Төлегеннің «Жібекті еш жаманға қор қылма» деп інісіне тапсырған аманаты болса, екіншіден, Жібек Хорен қалмаққа өлмей тимек емес, текті тек тектіге жар болуға тиіс, үшіншіден, Жібек: «Сол елде сері жігіт жоқ па тәңірі, жесірін іздеп неге алмайды», — деп, Төлеген еліне баруды, жарының аманатын орындауды өзіне міндет, парыз санайды.

Жібектің Сансызбайға қосылуының түп тамыры, міне, осында сияқты.