М. Дулатовтың өмірбаяны.
ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында қанат жайған демократиялық қозғалыстың , елдің елдігі еркіндігі , мәдени өркендеуі үшін күрескен жаңа бағыттың ең ірі өкңлдерінің бірі.
М.Дулатовтың тағдыры — патша өкіметінің қуғын сүргіні мен станлиндік репрессияның зардабынан тар жол тайғақ кешуді басынан өткізіп, қатары сирек тартсада әділетпен шындық жолында халқының мұң — мұқтажын жақтаған қазақ зиялыларына тән тағдыр.
Міржақовтың тұқымы Байжұмырдан тарайды. Байжұмырдан – сансызбай, одан туғандар Ниязбек, Дулат, (1849 – 1897), Дулат пен Дәміштен туған балалар: Асқар (1865 – 1938), Қонысбай (Қошай, Злиха, Қанипа, Міржақып (1885 – 1935), Ақыжан (1973 жыл қайтыс болады.).
Міржақовтың ағасы Асқар Дулатов өзінен 20 жас үлкен болған. Оның ел ішінде беделі зор жұр силайтын, оқыған кісі, елбасшысы, атқа мінері болған.
М.Дулатов 1885 жылы қараша айының 25 күні Торғай уезінің Сарықопа болысының үшінші ауылында атақты шебер Дулат шаңырағанда дүниеге келді. 1935 жылы 5 қазанда айдауда, лагерде жүрген кезінде ауырып қайтыс болады. Әкесі Дулат қарапайым іскер қол шебері етікші болған. 2 жасында Міржақып анасынан айырылады. 8 жасында оны әкесі ауыл молдасыа оқуға береді. Бірақтан Міржақып өз өмірбаянында жазғанындай, ауыл молдасынан араб дұғаларын жаттағаннан басқа ештеңе үйренбеген.
Екі жылдан соң Міржақыпты атасы ауылдағы орыс мектебіне береді. 1897 жылы Торғайдағы орыс қазақ мектебінеде оқиды. 1902 жылдан бастап ауылда мұғалімдік қызметін атқарып жүріп бос уақытын білімін жетілдіруге жұмсайды. Орыс тілін жетік меңгереді. Орыс және шетел жазушыларының творчестовасымен танысты. Оның пір тұтатын адамдары Фердауиси, А.Қ. Ясауи , Абу Фирас, Шиндер, Гете, Ломоносов , Пушкин, Лермотов , Маржани болды.
Міржақып Дулатов ХХ ғасырдың бас кезінде қоғамында қанат жайған демократиялық қозғалыстың , елдің елдегі еркіндігі мәдени өркендеуі үшін күрескен бағыттың ең ірі өкілдерінің бірі болды.
Міржақып дулатоватың тағдыры – патша өкіметінің қуғын — сүргіні мн сталиндік репрессияның зардабынан тер жол тайғақ кешуді басынан өткізіп, қатары сирек тарас да әділет пен шындық жолында халқының мұқтажын жақтаған қазақ зиялыларына тән.
1905 жылы Міржақып Қарқаралыдағы демонстрацияға қатысады. Ол басқа да алдыңғы қатарлы қазақ зиялылары сияқты туған халқының патша өзгісінен тезірек азат болуын армандайды. Өз үмітін орыс-жапон соғысымен байланыстырып «Жұмбақ» деген мысал жазды. Міржақып патшалық Россня соғыста жеңілгеннен кейін, енді ішкері лықсып, қазақтарды туған атамекендерінен көшіріп, ең шұрайлы жерлерді қоныс аударушыларға тартып әпергендігі туралы да ашына жазды. Шынында патша өкіметі. Думаның депутатты Марковтың айтқан ойын ұстанып келді. Марков: «Қазақтар Шыңғысхан мен Ақсақ Темірдің ұрпақтары, сондықтан да оларды Америкадағы үндістер қандай күйге ұшыраса, нақ сондай күйге ұшырату керек» деген болатын. М, Дулатовтың осы «Жұмбақ» мысалы кейін «Оян, қазақ!» атты жинағына кіреді.
1907 жылдан бастап оның бірлі-жарым өлең, мақласы да жариялана бастайды. Міржақып Дулатов бірден-ақ қазақ халқының арман-мүддесін терең түсіңе білетін қазақ қоғамында жаңадан өріс алып келе жатқан демократияшыл идеялардың жаршысы екенін айқын танытты. Міржақыптың «Серке» газетінің («Ульфат» газетіне қосымша) 1907 жылы 2 нөмірінде басылған «Біздің мақсатымыз» атты мақаласы кешірім жасауға болмайтын
саяси үгіт деп саналып, бұл газет конфискеленсін дегені шешім қабылданады. Оның осы мақаладағы пікірлері «Оян, қазақ!» кітабында әсіресе айқын, әсерлі айтылады.
Оян, қазақ! 1909 жылы тұңғыш рет жарық көріп, кітап 1911 жылы екінші рет жарияланады. Осы жылы патша үкіметінің бақылау орны «Оян, қазақ!» елді бұзатын дүрліктіретін, революцияға үндейтін кітап деп тауып, М. Дулатовты қамауға алады, кітапты таратуға, оқуға үзілді-кесілді тыйым салынсын деген сот шешімін шығартады. Кітаптың қолдан — қолға тарап жүрген қаншама данасын таптырып, жиғызып, жойып жіберуді қатты қадағалайды.
1909 жылы Уфа қаласында шыққан Оян, қазақ өзінің осы атымен — ақ кімге арналғанын барлық даусымен айқайлап айтып тұрды.
Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты!
деді кітаптың сыртына жазылған өлеңінің бір шумақ екі жолы.
Міржақып Дулатовтың 1914 жылы Қазанда екінші рет басылып шыққан өлеңдер жинағы —«Азамат».
1931 жьшы шыққан Совет энциклопедиясында: «М. Дулатовтың публицистикалық өлеңі басылған «Серке» газеті қазақ баспасөзінің бастамасы» болды деп жазылған. Шындығында «Серке» газеті өзінің революциялық рухымен, бостандық сүйгіштігімен «Түркістан уалаятының газеті» (1870—1832) «Дала уалаятының газеті» (1888—1902) сияқты патша Окіметі шығаратын қазақтың басқа газеттерінен өзгеше еді. «Серке» газеті қазақтың демократиялық баспасөзінің, бастамасы болды десек өсте қателеспейміз.
Гезеттің екінші нөмірінде М. Дулатовтың лақап атпен «Біздің мақсатымыз» деген мақаласы жарық көрді. Бұл мақала «Қазағым менің, елім менің!»— деген сөздермен басталады. Бұл мақаласында Міржақып 1905 жылы Қарқаралыдағы бас көтеру мен Оралдағы съезде қазақ халқының айтқан талаптарын жинақтап керсетеді.
«Серке» журнал емес, газет болып шықты. Оны дайындап, жарыққа әкелуде М. Дулатов үлкен еңбек сіңірді. Бірінші нөмірінде «Жастарға» атты өлеңін жариялады.
Етемін үміт жастардан
Жаңа гүл шашқан бақшадай.
Мұратын оңай кім табар.
Жар салып жүртқа қақсамай,
Халыққа, жастар, басшы бол,
Қараңғыдан жетектеп.
Терең сайда өтер ме
Мың қойды серке бастамай.—
деп жастар алдына үлкен міндеттер қойды. Оларға зор сенім артты. Қой бастаған серкедей болып надандықта, түнекте жатқан қазақ халқын жарыққа алып шығуға шақырды. «Біздің мақсатымыз» атты мақаласында Міржақып патша үкіметінің ұлт аймақтарындағы отаршылдық саясатын сынап, бұратана халықтарға көрсетіп отырған, қиянатын, зорлық-зомбылығын әшкереледі. Осы үшін газет нөмірі бірден кэмпескеленіп, одан әрі шығарылуына тыйым салынды.
Сәті түспеген Серкеден кейін Міржақып «Айқаппен» байланыс жасады. Алғаш оның қызметін аса жоғары бағалады. Екі жылдығына арналған «Айқапқа» атты өлеңінде журналдың ел ішіндегі оң істерге сүйініп, теріс істерге күйініп, мұң мұқтажды күзеткенін, жұрттың қамын ойлап, өз борышын ұққанын, елдің жүрек қанын, көз жасын қозғағанын, адасып теріс ұққанын түзу жолға салығанын, ақиқатты тура айтып, жасқанып, жасып бұқпағанын шабыттана жырлады. Қазақтан шыққан «жүйріктердің»
Міржақып ақындық, жазушылық еқбегін журналистік қызметімен ұштастыра білді. 1911 жылы «Айкап»; журналында, 1913—1918 жылдарда «Қазақ» газетінде қызмет етті. Ол «Қазак» газетін шығаруға бас редактор,
Ахмет Байтұрсыновпен бірге аянбай ат салысып, осы газеттің жарық көрген алғашқы күндерінені бастап оның бетінде әдебиет пен мәдениетке, қоғамдық өмірдің маңызды мәселелеріне арналған мақалалар жариялап отырды Сөйтіп, ол талантты публицист, әр түрлі әлеуметтік, мәдениеттік мәселелерді толғайтын мақалалардың, очерк, фельетондардың авторы ретінде жұртшылыққа кеңінен танылады. Солардың ішінде әдебиет мәселелерін сөз ететін мақалалар аз емес екенін еске сала отырып, 1914 жылы «Қазақ» газетінде жарияланған.
«Абай» деген мақаласын бөліп айтуға болады. Мақала «Абай секілді атымен қазақ халқы мақтанарлық ақынымызды арамыздан жоғалтқанымызға 10 жыл толуын еске түсіріп» атап өту үшін жазылғанын автор өзі де айтқан. Міржақып Абайды «қараңғы заманда шыққан басшымыз» деп атап, оныі қазақ әдебиетін, ой-санасын дамытуға косқан үлесін аса жоғары бағалап, артына қалдырған мұрасының қадірі барған сайын арта береді деген терең пікір айтады. Ақыры «Қазақ» газеті 1918 жылы жабылды.-
Міржақыптың Совет дәуіріндегі журналистік қызметі «Ақ жол» газетінде басталды. Сұлтанбек Қожановпен бірге ол 1920 жылы 5 желтоқсаннан осы газетті жарыққа әкелді.
М. Дулатовтың тағы бір жинағының аты —«Терме» Бұл Орынборда 1915 жылы шыққан жинақ. Осы кітапқа жазған шағын ғана кіріспе сөзінде Жақаң: «Бұл өлеңдер мұнан алты-жеті жыл бұрын, қазақта газет, журнал жоқ кезде жазылған еді. Сондықтан көбінесе оқып» жүрген жастарға арналып, оларды ояту, білім ғылымға шақыру, халықты надандықтан құтқаруға үндеп, :сол рухта жазылған. Бұрынғы күйінен артық өзгертпедім», дейді. Өз еңбегін көзге түсіруге, тырыспайтын, өзін де сөзін де ойпаңға өскен аласаға теңей беретін ақын бұл жырларымен де кезінде ел құрметіне беленген, бүгін де оқушы көңіліне қона кететін бұл шебер жыр жолдарымен ынтамызды өзіне еріксіз аударады.
Ақылы кәміл жігіттер
Заманның көз сал халқына,
Халқынның ойлап пайдасын
Өзің үшін налыма.
Әйтпесе:
Жүгенсіз өскен бас асау,
Айтқанға қайтіп көнеді.
Көңіл батыр, тіл қорқақ
Айтатын сөзім көп еді.
деп отырып, кейде қысқа шумақтармен біздің бойымыз сіңіп, ажарымызды кетірген айықпас аурудан міңез-құлықтарымызды бетімізге тайға таңба басқандай етіп айтады.
Ағайын барды күндеп көре алмайды, жоқ болсаң, жомарттық қып бере алмайды. Кеткені берекенің сол емес пе. Білмеген білген тілін неге алмайды.
Міржақып Дулатовтың ендігі бір аса ірі еңбегі қазақ әдебиетінде тұңғыш рет жазылған «Бақытсыз Жамал» романы. Бұл XX ғасырдың алғашқы жылдарында жазылып, 1910 жылы Қазанда Жылып шықты. Жазушы романның артқы бетінде оқырман қауымға арнап:
Қазақтан шыкрн талапкер!
Бұл кітапты карап көр.
Таратуға халккқа «қып,
Боларсыздар себепкер!
деген щумақ өлеңін бастырды.
Сөйтіп біз қазақтың жазба прэзиясының басы Абай десек, қазақ әдебиетінде бірінші роман жазған М. Дулатов екенін көрдік. Бұл біріншлік жазушы ағамызды қазақ әдебиеті тарихындағы егіздің сыңары және проза жанрының іргесің салушылардың біріншісі етеді.
Романның алғашқы бетін ашсақ тағы бір өлең оқимыз.
Міржақып төмендердің аласасы,
Сөзімнің бар ма жоқ па тамашасы,
Жылтырап тесік моншақ жерде қалмас.
Қазақша бір роман жаза салшы, —
Романның бас геройы Жамал, оның әкесі жуас Сәрсенбай, ,шешесі нәзік жанды ақылды ІІІолпан, айттырған күйеуі «таз Жұман, жама Жұман», қайын атасы қасқыр, мінезді, қайырымсыз болыс Байжан, сүйген жігіті Ғали.
Жамал мен Ғали екеуі елдің сүйкімдісі де, сүйіктісі де боп көрінеді. Біз екеуіне де сенеміз, екеуін бірдей сүйеміз, екеуі үшін де бірдей безек қағып жанымыз ашып отырады.
Жамалды алып қашқан Ғали қаладағы саудагер татар қайырымды Патихулланы паналайды, одан қашып Ғали Жамалмен алыстағы нағашысына кетеді, сонда кенеттен ауырып өледі. Ғашығын жоғалтқан, панасыз қалған Жамал айналып қеліп айттырған күйеуінің азабына түседі.
Енді отқа тастандар да мейілдерің, өлімге де ырзамын, тек жүрегімде Ғали сақталса жетеді.—дейді қыз. Мың сан азап тартқан, күйеуінен де, атасынан да тепкі көрген Жамал қыстың бір күнінде ерттеулі тұрған атқа мінеді де қалаға Патихуллдан жәрдем көруге қашады. Жолда қарлы боран, қатал аязға ұрынып адасады. Айдалада үсіп өледі.
Мінеки, романның қысқа мазмұны, шолақ схемасы осы.
1911 жылы Міржақып Қызылжардан Семейге барады. Полиция оны Сеймей түрмесіне қаматады. Онда бір жылдай отырып шығады. Міржақып 1914 жылы яғни 29 жасында Омбыда өзінен 10 жас кіші қазақ қызы Ғайнижамалға үйленеді. 1915 жылдың күзінде оның тұңғышы Гүлнар дүниеге келеді.
«Қазақ прозасына келетім болсақ, азын-аулақ жамандарлы айтпағанда табысы ауыз толтырарлық емес. Қырғыз (қазақ — Б.Ж.) прозасында публици-стика тәуірірек дамыған. Бір бастан олар қазақ халқының бостандығы мен әйел теңдігін қорқайды. Ең көрнекті қазақ публицистерінің арасында бірінші орында Ахмет Байтұрсынов тур (бұл публицист болғанда да бесаспап), содан кейін Ә.Бөкейханов (тек саяси такырыптарға ғана қалам тербейді) пен М.Ду-латов (халыққа білім беру мен әйел теңдігін қорғайды) (астын сызған біз — Б.Ж.). Бұл бағытгағы жас күштердің арасынан Болғанбаев, Әлімбеков, Қауызжанов, Ғаббасов, Аймауытов, Әуезов, Кемеңгеров, Тұрғанбаев, Жәнібеков және басқалар көп үміт күттіреді». Осында айтылған әйел теңдігі тақырыбына жазуды М.Дулатов «Айқап» журналының бетінде бастады. Оған дәлел «Екі қыздың мұңы» атты ерекше бір шартты пішінде жазылған мақаласы. Қазақ қоғамындагы әйел теңсіздігі проблемасы Нұрила және Ұлбосын есімді екі қыздың әңгіме диалогы негізінде ашылады. Бұл — жай үй ішілік әңгіме емес, бүкіл қоғамдағы қазақ әйелінің басына түскен ауыр тауқыметті, азапты тағдырды сөз еткен, содан шығудың жолдарын іздестірген, көпшілік қауымға ой тастаған салмақты сөзге қонақ беру.
Екі қыз алдымен өз жеке бастарындағы тағдыр-таукыметін айтып, мұң шағысады. Бірте-бірте бүкіл қоғамдағы үлкен мәселеге бет бұрады. М.Дула-тов — публицист қазақ әйелінің басындағы қара тұманды айықтырып, еңсесін көтеретін сөздерді Нұрила қыздың аузына салады.
«Нұрила: Бұрынғырақ заманда қыз-қатындарды кемге ұстау, оларды мал орнына сату (қазіргі біздің қазақ секілді) әр жұртта болған. Бұл кезде ол жұрттардың көбі оқу-өнерге молығып, арасынан білгіштер шығып, кітаптар жазып, дүниеге таратып, әйелдер жер жүзіндегі халықтардың жартысы ғана һәм олар халықтың анасы, тәрбиелі ананың да балалары жақсы болып, көргенсіз ананың да баласы да көргенсіз болатын. Сол себепті әйелдерді ерлермен бір дәрежеде ұстау керектігін жұртқа түсіндіріп, берірек келген соң әйелдердің өздері де көтеріліп, бастарын қосып, дауыстарын жаңғырықтырып, өздерін жәбіршіліктен қорғап, оқу оқып, ақырында сондай теңдікке жеткен, бұ заманда қатыннан патша болғандар да бар…».
М.Дулатов — публицист қазақ әйеліне жеткізетін ақыл-кеңесін де Нуриланың атынан айтады: «Нұрила: бір ғана сен емес, күллі қазақ қыздарына айтат-ұғын насихатым мынау. Атасынын малға сатқан жеріне егер өзі риза болмаса, басын кессе де бармасын. Ғұмырын қол ұстасып етсе де, өзінін сүйгеніменен кетсін. Бұл іс шариғатка да теріс емес. Қызын сатсын деген шариғат жоқ. Қыздың басына закон көптен ерік берген. Бұларды көре турып пайдалана алмаған кыздардың обалы өздеріне. Қызды балам деген аталар жылатпасын, оқуға берсін». Міне ғасыр басындағы қазак әйеліне теңдік әперуді көздеген публицистің ақжарма ойлары осылай ақтарылады. Мақала диалог түрінде жаңа пішіндік ізденіспен, қалың көпке түсінікті тілмен жазылған. Қаншама қазақ қызының көкейіндегі арман-зарын, үміт-мұңын ашып көрсетеді.
М. Дулатовты көрнекті, үлгілі жұмыстарының бірі балаларды оқыту ісіне тікелей араласуы, жәрдемдесуі. Ол 1924 жылы «Оқу құралы» атты кітап құрап шығарды. Кітап Орынборда басылған.
«Айқап» бетінде жарияланған «Абылай» танымдық очеркі нақты тарихи деректер негізінде жазылған. «Жазу тәртібі» мақаласында әліпби өзгерту туралы Л.Байтұрсынов үлгісін қолдап, қуаттайды. «Адамға тіршілік не үшін керек» публицистикалық мақала сыйла Абайдың «Мәз болады болысың…» өлеңін мысалға келтіре отырып, заман, қоғам туралы толғанады. «Эсперанто тілі» атты мақаласында жер бетіндегі халықтардың бір-бірімен қатынас кұралы ретіндс пайла болған тілге тоқталады. «Ақырында біздің заманымызда машһүр доктор Заменгов деген жер жүзіндегі халықтарға бірдей ортақ «эсперет-по» тілін ойлап шығарлы…» бұл тілдің үйренуге оңайлығы сонша: егер бірнеше ай көңіл бөліп үйренген кісі өзінің ана тіліндей болып шығады», — деп. Оқимын, әлемнен сыр тартамын, тіл үйренемін деген қазақ жастарына арзан кітаптарды қайдан алуға болатынына дейін көрсетіп береді.
М.Дулатов публицистикасы зор қоғамдық саяси-әлеуметтік мәселелерлі көтеруімен, қарапайым оқушыға тілінің түсініктілігімен, үлксн проблемалардын шешімін көрсстуімен, ағартушылық, ілгерілеушілік идеяларымен кұнды. «Міржақып публицистикасының идеялық қуатын, позицин беріктігім арттыра түсетін және бір жайт — ол елді, азаматгарды үнемі бірлікке, ынтымаққа, өзара көмекке үндеп отырады… Тағы бір тамсандырар нәрсе: Міржақып мақаллап, мәтелдеп жазудың шебері». (КожакеевТ. Көк сеңгірлер.. А. Қазақ университеті. 1992. 62-63 б.б.) Айта берсек, М.Дулатов публицистикасының жаңа қырларын да ашуға болады. Жақаң публицистикасының жарқырап ашылған тұсы – «Қазақ» газетінде жазған мақалаларынан айқын көрінеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Дулатова М. ардақтап өтем әкемді / Жұлдыз, 1990, №6;
- Тәжібаев Ә. Халық деп соққан жүрегі / Соц.Қазақстан, 1989, 27, июль 173.
- Елеукенов Ш. Тұңғыш романист / Жұлдыз, 1990, №6
- Мақпырұлы С., Міржақып Дулатов шығармашылығы / Қазақ тілі мен әдебиеті, 1993, №2
- Нұрғали Р. «Алаш» деп ұран салған / Жалын, 194, №3-4
- Міржақып Дулатұлы шығармалары. І том. Алматы: Ғылым, 1996