АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Макс Вебердің әлеуметтік құрылым концепциясы

                          Макс Вебердің әлеуметтік құрылым концепциясы.

 

                                          Жоспары :

I Кіріспе

 

II Негізгі бөлім

 

2.1 Әлеуметтік құрылым жайлы түсінік

 

2.2 Әлеуметтік стратификация ұғымы

 

2.3 Таптық құрылым сипаты

 

III Қорытынды

 

IV Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    2.1 Әлеуметтік құрылым жайлы түсінік

Әлеуметтік құрылым дегеніміз — әлеуметтік құрылымды, оны құрайтын элементтерді, оның заңдылықтары мен әдістемесін зерттейтін орта деңгейдегі социологиялық теориялардың бірі және дербес оқу пәні. Бұл жерде біз қоғамның әлеуметтік құрылымы күрделі екенін, бірнеше шағын құрылымдарға жіктелетінін ескеруіміз керек. Қоғамның құрылымын бірнеше негізде қарастырсақ болады:

  1. Қоғамның ұлттық құрамы.Қазақстанда қазақтар 58% құрайды. Ұлттық құрам қоғамдағы маңызды процестерді белгілейді. Соның ішінде мәдениет дамуы, мемлекеттік тіл т.б.
  2. Қоғамның демографмялық құрылымы. Жастар көп болса, көбейеді. Қарттар көп болса, азаяды.
  3. Қоғамның территориялық немесе аймақтық құрылымы.
  4. Қоғамның кәсіби құрылымы.
  5. Қоғамның діни наным-сенім негізіндегі құрылым. Қазақстандықтықтардың басым бөлігі – мұсылмандар. Екінші орында православие христиандары т.б.

     Әдетінше, қоғамның әлеуметтік құрылымын қарастырғанда оның таптық немесе стратификациялық құрылымын айтады. Біз негізінен осыны зерттейміз.

      Тап деген нәрсе ежелгі заманда қалыптасқан. Оны маңызды ерекшеліктеріне байланысты белгілеп Платон, Аристотель қоғамды бірнеше таптарға бөлген:

  • Абыздар;
  • Әскери;
  • Аристократтар;
  • Еркін адамдар;
  • Құлдар;

Таптар мүмкіндіктеріне байланысты бөледі:

  • билік
  • экономикалық жағдай
  • діни және білімділік

Тап – бұл экономикалық, биліктік және мәдени деңгейі ұқсас адамдардың үлкен әлеуметтік тобы.

      Бұл адамдар өздерін осы тап мүшесі деп сезінеді, біледі және де басқалар бұл адамдарды солай бөледі.

      Қоғамның даму типтерінің өзгеруі әрқашан да қоғамның әлеуметтік құрылымына өз ерекшеліктерін, жаңалықтарын ала келеді. 1917 жылғы революциядан кейін ірі жекеменшік нысандары мемлекетке өткізілді. Национализациялау басталды.

     Әлеуметтік құрылымның демократиялық бағытты ұстануы жеке меншікке негізделген нарықтық қатынастардың қалыптасуы, нарықтың әр түрлі типтерінің қалыптасуы адамдардың қызметіне, әлеуметтік статусына, мәртебесіне, өмір сүру деңгейіне, көзқарастарына тікелей әсер тигізуде.

      Жұмыссыздық, кәсіпкерлік, келсімшарт бойынша жалдану қоғамда жаңа әлеуметтік құрылымның қалыптасуына алып келді.

        Қазақстанда орта тапты қалыптастыру мәселесі өзекті болып отыр. Дұрыс, жан-жақты дамыған қоғамның негізінорта тап қалайды. Әлеуметтік құрылымның динамикасы, даму тенденциялары әлеуметтік мобильділікке тікелей байланысты. Әлеуметтік мобильділік жеке және топтық болады.

        Әлеуметтік құрылымды қарастырғанда біз оны үш немесе төрт тапқа бөлеміз. Тап ұғымы XVIII ғасырда жан-жақты зерттеліп белгіленген осы кезде француз кейде ағылшын ойшылдары оны саяси құрылымды түсіндіруде қолданады. Сонымен, бұл категория экономикалық-әлеуметтік топтарды белгілеуде қолданылды. Көбінесе тап ұғымы 2 мағынада берілуде. Біріншіден – кең мағынада өндіріс құрал-жабдықтарына белгілі қатынасы бар қоғамдық еңбек бөлінісде нақты алатын орны бар ерекше әдістер арқылы алынатын табыстарының өзінің мөлшері бар үлкен әлеуметтік топ. Осындай үлкен топтар қоғам дамуының барлық кезеңдерінде кездеседі. Көбінесе тап ұғымы тар мағынада кездеседі. Бұл мағныда әлеуметтік топтар, страталар. Олардың ең басты белгілері:

табыс, кіріс, мамандық, билік, білім деңгейі, мәдениет, т.б. Бұл мағынада алғанда таптың кейбір белгілері, мысалы, меншік – қоғамдық еңбектегі орны аса маңызды емес.

        М. Вебер таптың экономикалық негізіне көбірек көңіл бөліп, оны экономикалық категория деп түсінген. Таптың көптеген белгілері бар: мамандық, білім деңгейі, қызметкердің қабілеті, дипломы, т.б. белгілері бар. Әлеуметтік құрылымдағымаңызды мәселелердің бірі – статус. Стратификациялаудың 3 өлшемі бар: 1.Байлық – экономикалық статус.2. Билік – саяси статус: 3. Мәртебе — әлеуметтік статус.

      Әлеуметтік тап — өте үлкен топ. Сол топқа кіретін адамдардың бәрінің де бірдейге жақын материалдық, әлеуметтік және т.б. жағдайлары болуы міндетті. М. Вебердің айтқанындай. Бір тапқа жату не жатпау – адамдардың өмірлік иүмкіндіктеріне байланысты.

       Өмірлік мүмкіндіктері бірыңғай адамдар бір тапқа жатады. Тап – адамдардың тек қана нарықтық экеономикаға байланысты топтары. Жалпы, М.Вебер адамзат қоғамын тек өана 2 типтік қоғам болады дейді:

1.Нарықытық емес;

2.Нарықтық қоғам.

      Нарықтық экономиканың ең маңызды тірегі – каптиал. Басқа да тіректері: мамандық, білім, жұмыс істеу қабілеті, т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 2.2 Әлеуметтік стратификация ұғымы

         Страта – қабат дегенді білдіреді; яғни қоғам көптеген қабаттардан тұрады деп қарастырылады. Бұл бөлініс немесе адамның статусын белгілеу бірнеше көрсеткіштерге негізделеді. Олардың ең негізгі көрсеткіші мынадай:

  1. материалдық жағдай
  2. билікке қатынасы
  3. білім мен мәдени деңгейі

П. Сорокин әлеуметтік стратификация терминін енгізген. Оның анықтамасы бойынша әлеуметтік стратификация дегеніміз – адамдардың жиынтығын иерархиялық рангаларға, топтарға бөлу. П.Сорокин қоғамда стратификацияның 3 түрі бар екендігін баяндайды. Олар экономикалық, саяси, кәсіби стратификациялар.

    Даму үстіндегі елдердің стратификациясы. Әдетінше, бұл түсінік экономикалық теорияны береді. Дамушы елдерге ТМД-да жатады. Индия, Қытай елдерінің әлеуметтік құрылымында дамыған батыс елдеріндегі топтардың біразы орын алады. Мысалы, ұлттық буржуазия олар экономика саласында үлкен рөл атқарады. Бірақ бұлардың көбісінде (даму үстіндегі елдерде) негізінен ауылшаруашылығы дамыған. Азия, Африка елдерінде кейбір жерде әлі күнге дейін сословиелік титулдар сақталған. Егер де Еуропада ол символ сияқты болса, бұл елдерде билікке ықпал етеді.

      Брунея араб елінің королі миллиардер. Біраз елдерде байлар байлыққа өздері жетеді немесе аталарынан қалады. Криминалдық жолдармен жеткендерде баршылық (соның ішінде коррупциямен) . Сондықтан да бұл елдерде кедейлер де көп.

      БҰҰ жанындағы стратификациялық комитетте осы мәселелер қаралуда.Кедей халықтарға тұрақты түрде көмек көрсетілуде. Кейбір елдердің 80% кедейлер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Таптық құрылым сипаты

К.Маркс 5 типті қоғамды бөледі:

  1. алғашқы қауым
  2. құлиеленушілік
  3. феодалдық
  4. капиталистік
  5. коммунистік

Бұларды Маркс қоғамдық – экономикалық формация деп атады. Таптар арасындағы қатынастар, байланыстар шешуші айрықша рөл атқарады. Тапиық қоғам қанаушылық орын алатын қоғамнан баталады. Әрбір қанаушылық қоғамда 2 тап елеулі орын алады. Олардың арасында үздіксіз күрес жүріп отырады. Соның салдарында бір тап жеңіліп, екіншісі жеңіске жетеді. Кейде күреске қатысқан таптардың барлығы жеңіліп, жеңіске басқа бір жаңа тап ие болады.  Бұл тап күресінің заңдылығы. Болашақта пролетариат буржуазияны жеңгенде социализм басталады. Маркс бұл кезеңді пролетариат диктатурасы деп атаған. Бірақ, бұл таптық қоғам. Тапсыз қоғам тек коммунизмде болады. Сондықтан да бұл қоғамда белгілі бір мезгілге дейін тап күресі орын алады. Таптық күрестің жоғары шыңы – революция. Маркстің пікірінше, буржуазия капитализмнің дағдарысына өзінің прогресшіл қасиеттерінен айрылып, реакцияшыл топқа айналғанда барады. ОЛ империализм сатысына өткенде өте реакцияшыл топқа айналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                   Қорытынды

       Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және ұлттық қауымдастықтарға бөлінеді. Олардың бәрі өзара бір-біріне объективті түрде дәнекер болатын әлеуметтік-экономикалық, саяси, руханибайланыстар мен қатынастардан құралады. Сонымен бірге, олар тек осы байланыстар мен қатынастар шеңберінде ғана өмір сүреді және қоғамда өздерін көрсете алады. Бұл болса қоғамның тұтастығына, оның біртұтас әлеуметтік организм ретінде өмір сүруіне себепші болады. Мұның мәнін өздерінің теорияларында О.Конт, Г.Спенсер, К.Маркс, М.Вебер, Т.Парсонс және т.б. әлеуметтанушылар ашып берген еді. Қоғамның әлеуметтік құрылымы – адамдар қауымдастықтарының және әлеуметтік тоатарының арасындағы экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани өмір жағдайларының байланыстары мен қатынастарының жиынтығы.

       Қоғамның әлеуметтік құрылымының даму негізіндн: 1) қоғамның еңбек бөлінісі; 2) өндіріс құрал-жабдықтарынажәне оның өніміне меншік қатынастары жатады. Қоғамдық еңбек бөлінісі — әлеуметтік топтардың, таптардың, кәсіби топтардың, сонымен бірге қала мен ауыл адамдарынан, ой еңбегі мен дене еңбегң өкілдерінен тұратын үлкен топтардың пайда болып, одан әрі өмір сүрулеріне себепші болды.

      Қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтеріне:

  • қоғамдық еңбек бөлінісі, өндіріс құралдарына деген жеке меншіктік қатынастар және қоғамдық өнімді бөлуде соған ортақтасатын әр түрлі таптар жатады.
  • Қала мен ауыл адамдары;
  • Ой және дене еңбегінің өкілдері;
  • Сословие;
  • әлеуметтік-демографиялық топтар;

       Қоғамда өмір сүріп отырған әлеуметтік топтар мен адамдар қауымдастықтарының өзара байланысы статикалық емес, керісінше, динамикалық болып саналады, ол адамдардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мен мүдделерін іске асыру мақсатында туындайтын әрекеттеріне көрінеді. Бұл өзара әрекеттер екі негізгі факторлармен:біріншіден, қоғамның әрбір субъектісінің белгілі бір талабын қанағаттандыруға негізделген қызметтің түрімен; екіншіден, әлеуметтік субъектілердің өз қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыру мақсатында пайдаланатын қоғамдық қатынастармен сипатталады.Кез келген қоғамның әлеуметтік құрылымы аса күрделі түзілім болып саналады.

     Қазіргі ғылыми-техникалық төңкеріс дәуірінде және бірнеше рет күрделеніп, жаңарған қоғамдық өмірде әр түрлі таптар, сословиелер, интеллигенциялар секілді, олардан өзге де топтардың – жастар мен әйелдердің, басқа да демографиялық топтардың рөлі үнемі арта бастады, бұлар да қоғамдағы өздерінің жағдайын жақсартуға, мүдделерін толық қанағаттандырып, жүзеге асыруға тырысуда.

      Қазіргі кезде ұлттық қатынастардың өткір мәселеге айналып отырғаны белгілі.

                                  Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Ішкі және    сыртқы    саясатыньщ 2004 жылға    арналған негізгі      бағьптары.   Президеиттің     Қазакстан     халкына жоддауы Егемен Кдзақстан N 79 05.04, 2003ж.
  2. Әлеуметгану. Оку куралы. Алматы 1992 ж.
  3. Мертон Р. Социальная структура и аномия.  Социс,1992 2,4.
  4. И.Шәмшәтұлы, МДәкенов,      ДДәуіт,      Н.Күнкожаев «Әлеуметтану» Алматы, 1999ж.
  5. Основы социологии, ч П. М.,1994г.
  6. Радугин А.А., Радугин К.А. Социология (курс лекций) М, 1995 г.
  7. Тәжін М., Аяғанов Б. Социология негіздері. Алматы, 1993 ж.
  8. Социология. Под редакцией доктора  социологических

 наук, профессора Габдуллиной К.Г. Алматы 1997 ж. 9. Т. Жумагулов          «Казахстан сегодня» 1999 г. Ю- «Халық мұддесі — асыл мұрат»   Егемен Кдзақстан N81-82 09.04.03 ж.