АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Мемлекет экономикасындағы шетел инвестициялардың ролі

 

ЖОСПАР

 

 

  1. Мемлекет экономикасындағы шетел инвестициялардың ролі

 

  1. Қазақстан Республикасындағы шетел инвестициялардың нормалары

                                                                               мен инвестициялық климат

 

  1. Инвестициялаудың перспективалары

 

Қорытынды

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Мемлекет экономикасындағы шетел инвестициялардың ролі

 

Бұрынғы КСРО-ның табиғи ресурстарының 60%-ын иемдеп, Қазақстан осы қорларлың көмір, мұнай, газ және металлдарды пайдаланудан табыс алуды көздеп отырған көптеген халықаралық ұйымдардың назарын аудартты. Қытай мен Батыс арасындағы пайдалы сауда жолы болып табылатын бұрынғы Жібек Жолының тоғысында орналасқан Қазақстан Азия Жолбарысы мен Батыс Еуропаның демократиялық мемлекеттер интеграциясының табиғи орталығы бола алады.

Кең мүмкіншіліктеріне қарамастан, еліміз жоғары деңгейге жету үшін көптеген кедергілерден өтуге мәжбүр болды. Бұрынғы КСРО-ның құлауы мемлекеттің реттеуші жүйелердің күйреуіне, бақыланбайтын инфляцияға және қаржы қорлардың таусылуына әкеліп соқты. Сондықтан, Қазақстан ескі Кеңес бюрократиясына және әлсіз заң негізіне тап болды.

Бірақ, соған қарамастан, реформалау саласындағы прогресс бүкіл әлемде мойындалды: критиктер сыртқы қаржы және нарықтық өзгертулер арқылы Қазақстан экономикасының қарқынды дамуын байқады. Реконструкция және дамудың халықаралық Банкі, Әлем Банкі, Азиялық Даму Банкі, халықаралық ақша қоры және шетел инвестициялардың үздіксіз ағымы халықаралық қаржы әлемі Қазақстан экономикасына сенетінін көрсетті.

Осылайша, шетел инвестициялар Қазақстан экономикасының тұрақтылуы мен дамуында маңызды роль атқарып, олардың көмегімен өндіріс дамуын реттеу, жаңа технологиялар жасау, елдің артта қалған аймақтарын қайта құруға болады.

Инвестицияларға табыс алу және жағымды әлеуметтік нәтижеге жету мақсатында кәсіпкерлік объектісіне және қызметтің басқа түрлеріне салынатын ақша, банктік салымдар, акциялар, бағалы қағаздар, технологиялар, машиналар, құрал-жабдықтар, лицензиялар, несиелер, басқа мүліктер немесе меншіктік құқықтар, интеллектуалды құндылықтар жатады.

Салымдар объектісіне сәйкес инвестициялар 3 түрге бөлінеді:

  1. мүлікке салынатын инвестициялар (материалдық инвестициялар) – бұл тікелей өндіріс процессіне қатысатын инвестициялар (құрал-жабдықтар, ғимараттар, материалдық қорлар инвестициялары т.б.);
  2. қаржы инвестициялары – қаржылық мүліктерге салымдар, ұйым немесе фирманың іскерлік қызметіне араласуға құқық алу (акциялар немесе басқа бағалы қағаздарды сатып алу);
  3. материалдық емес инвестициялар – материалдық емес құндылықтарға салынатын инвестициялар (кадрларды даярлау, зерттеу жұмыстарына, жарнамаларға салынатын инвестициялар).

Сонымен қатар инвестициялар:

  • портфельді инвестициялар – дивидент алу және шаруашылық субъектіні басқаруға қатысу мақсатында бағалы қағаздарға салымдар. Портфель бағалы қағаздар немесе басқа активтерді сатып алу арқылы қалыптасады. Біртектес бағалы қағаздар немесе түрлі инвестициялық құндылықтар (акция, облигация, сақтандыру полисі, депозиттік сертификаттар) портфельге кіре алады.
  • Тікелей (нақты) инвестициялар – бұл мемлекетке немесе жеке фирманың белгілі бір өнім өндіруге салынатын салым. Тікелей инвестициялар 2 компоненттерден тұрады. Бірі – негізгі капиталға инвестциялар, яғни өндіріс құрал-жабдықтары, компьютерлер немесе ғимараттар сияқты капиталды игіліктерді сатып алу. Екіншісі – тауар-материалдық қорларға инвестициялар – бұл сатылмаған дайын өнімдер және өндіріс процесінде пайдалануға тура келетін шикізат жинағының қоры болып табылатын тауарлы материалдық қорларға инвестициялар. Тікелей инвестицияларды ішкі және сыртқы деп бөлуге болады:
  • ішкі тікелей инвестициялар – бұл өзіндік қаржыландыру көздері есебінен өзіндік өндіріс факторларына шаруашылық субъектінің ақша құралдарын салу;
  • сыртқы тікелей инвестициялар – бұл шаруашылық субъектінің инвестицияларын қажет ететін өндіріс факторларына инвестициялық институттардың қаржы салымдары.

Пайдалану бағыты бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:

  • кәсіпорынды сатып алу немесе негізін салу кезінде жүзеге асырылатын бірінші текті немесе нетто-инвестициялары;
  • өндірістік мүмкіншіліктерді кеңейтуге бағытталған экстенсивті инвестициялар;
  • реинвестициялар, яғни кәсіпорынның негізгі қорын тұрақтандыру мақсатында, инвестициялық жобаны іске асыру нәтижесінде пайда болған бос табысты пайдалану;
  • айырбастау инвестициялары, бұл инвестициялар нәтижесінде қолда бар құрал-жабдықтар жаңартылады;
  • технологияны немесе технологиялық процесстерді модернизациялауға бағытталатын рационализациялау инвестициялары;
  • бұйымдар номенклатурасын өзгерту, өнімнің жаңа түрлерін жасау, жаңа өткізу нарықтарын ұйымдастырумен байланысты диверсификация инвестициялары;
  • кадрлар даярлау, жарнама жасау, қоршаған ортаны қорғауға бағытталатын, яғни кәсіпорынның болашақта тіршілік етуін қамтамасыз ететін инвестициялар
  • нетто-инвестициялар мен реинвестициялардан құралатын брутто-инвестициялары.

Нарықтық қатынастарға негізделетін экономикалық реформалардың басты бағыты – экономиканың қарқынды дамуын және тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін инвестициялық саясатты жасау және жүзеге асыру болып табылады. Елдің шектеулі ішкі қаржы қоры жағдайында шетел капиталды тарту маңызды орын алады. ҚР-ның экономикасына шетел инвестицияларды тарту немесе тиімді пайдалану  мемлекет аралық жағымды экономикалық одақтасудың бағыты. Шетел инвестициялар көмегімен Қазақстан экономикасының бұрмаланған өндірістік құрылымын жақсартуға, жаңа жоғары технологиялық өндіріс жасауға, негізгі қорларды жаңартып, көптеген кәсіпорындарды техникалық қайта құруға, мамандар мен жұмысшылар даярлауға, менеджмент, маркетинг пен ноу-хаудың жетістіктерін енгізуге, ішкі нарықты отандық өндірушілердің сапалы тауарларымен толықтырып, сол тауарларды сыртқа шығарудың экспорт көлемін ұлғайтуға мүмкіншілік пайда болады.

Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларды тарту объективті қажет үрдіс болып табылады. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, шетел капиталының ағымы және оны пайдалануды мемлекеттік реттеу экономикаға жағымды әсер етеді.

Шетел инвестицияларға салық салудың жеңілдіктері емес, олардың тұрақты, болжанылатын және экономикалық жағынан мемлекетке де, инвесторларға да тиімді жағдайы маңызды. Сондықтан, шетел инвестицияларды тарту бойынша іс-әрекеттердің нақты бағдарламасын, тиімді жоспарын жасап, осы бағдарлама негізінде басқару тетігін құру керек.

Қазақстан шетел инвестициялар үшін әлеуметтік, қаржы-экономикалық, құқықтық режим және мүдделеріне сай келетін инвестициялық климат жасауға тырысады. Осыған сәйкес 1994 жылы желтоқсанда «Шетел инвестициялары туралы» заң қабылданды. Бұл заң Қазақстанда шетел инвестициялардың құқықтық режимін анықтап, еліміздің шетел салымдардың объектілері мен жүзеге асыру формаларын тіркеді. Кейін бұл заңға көптеген толықтырулар мен өзгертулер енгізіліді. Құқықтық режим шетел инвестициялары үшін бірқатар кепілдіктер ұсынады. Олардың негізгілері:

  • ұлттық режим, яғни шетел инвестициялар отандық инвестициялар тәрізді жағымды шарттар мен жағдайларды қолдана алады;
  • Республика атынан үкіметтік кепілдіктер;
  • заң және саяси жағдайлардың өзгеруінен кепілдіктер және т.б.

Еліміздің экономистері мен саясаткерлерінің пікірі бойыншашетелдік капитал көмегімен келесі міндеттерді шешуге болады:

  • экспорттық мүмкіншіліктердің тиімділігін арттыру;
  • елдің экспорттық экспансиясын дамытып, оны халықаралық нарықта бекіту;
  • импорттық тауарларды алмастыратын өндірісті дамыту;
  • жаңа техника мен технология, басқару әдістері мен өнім өткізу көмегімен өндірістің ғылыми-технологиялық деңгейін көтеру;
  • аяқталған технологиялық циклдарды қалыптастыру;
  • мемлекеттік бюджетке салық түсімдерін жоғарлату:
  • артта қалған аудандар мен салаларды қайта құру;
  • ұлттық экономикада жаңа жұмыс орындарды ұйымдастыру;
  • кадрларды даярлау және білім беру арқылы жаңа өндірістік және басқару тәжірибені қолдану
  • Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігіне жету.

Инфляцияға және сыртқы қарызға әсер ету жағынан Қазақстан экономикасы үшін тікелей шетел инвестицияларды тарту тиімді болып табылады, өйткені қарыз алушылардың өзіндік кепілдіктері арқылы тартылған тікелей шетел инвестициялар экономиканы қайта құру бойынша мемлекеттің қаржы міндеттемелерін төмендетеді. Қазақстан экономикасының инфраструктураның дамуы төмен болуы, нарықтық жүйенің көптеген элементерінің жетпеуі, яғни иныестицияландыру үшін қажет климаттың болмауына қарамастан, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында (1991-1993) Қазақстан экономикасына тікелей шетел инвестициялар ретінде 1,2млрд.долл. салынды.  

Қазақстанға шетел инвестициялардың ағымы бірлескен кәсіпорындар ұйымдастыру, шетел капиталының қатысуымен мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру, ірі өндірістік кәсіпорындарды шетел фирмаларға басқаруға беру және банктік секторға инвестиция салу арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттің инвестциялық саясаттың негізгі міндеті болып, нормативі-заңдылық базаны реттеу мен тиімді инвестициялық жобаларды қолдау негізінде капиталдық салымдардың қаржы көздерін кеңейту үшін және отандық пен шетел инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдай ұйымдастыру.

Бұл жайында елбасымыз Н.А.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» стратегиясында да атап өтеді: «Еліміздің бірқатар маңызды экономикалық секторлары бар: табиғи ресурстарды өткізу, инфраструктура, коммуникация мен ақпарат. Бұл салалардың дамуы экономикалық-әлеуметтік сфераға және Қазақстанның халықаралық қоғамдастыққа интеграциялауға едәуір әсер етеді. Бұл – капитал сыйымды салалар, олардың дамуы үшін шетел капиталы да, мемлекеттің стратегиялық бақылауы да керек. Басқарушылар арқылы жүзеге асырылатын ашық, тиімді және қадағаланатын заңдары бар анық және либералды инвестициялвқ саясат – бұл шетел инвестицияларды тартудың ең қуатты көзі…».

 

  1. Қазақстан Республикасындағы шетел инвестициялардың формалары мен инвестициялық климат

 

     Қазақстан дамуының қазіргі экономикалық реформалар деңгейінің бағыты – экономикалық өсуінің қарқынды темпін қамтамасыз етуге және экономикалық тиімділігінің жоғарлауына негізделген мемлекеттің инвестициондық саясат ұйымдастырып, оны жүзеге асыру.

          Қазақстанда шетел инвестициялардың ағымына кедергі жасайтын негізгі 5 фактор белгілі:

  • бюрократия;
  • қаржылық тәуекел;
  • Қазақстанның салық және қаржылық режимдері;
  • құқықтық инфраструктура/құқық саласындағы өзгерістер қарқыны;
  • валюталық бақылау.

Еліміздің инвестициялар ағымына екі фактор, таза экономикалық емес болып, маңызды әсер етеді. Факторлар ішіндегі ең басты орынды бюрократия иемдейді. Біздің қоғамымызда бюрократия жекешелендіру мен құрылымдық қайта құрулардың тиімділігі аз әдістерді қолданумен байланысты, ал валюталық рисктер инфляция мен валюталық курстардың толқуларымен байланысты болады. Инфляцияның жоғары қарқыны көптеген кедергілер туғызып, көпұлтты фирмалардың қызметіне әсер етеді. Мысалы, жергілікті валюталадың өз құнын жоғалтуы, капитал қозғалысына қатаң бақылаулар мен импорттық шектеулер енгізу, экономикалық пен саяси хаос т.б. Шетелдік инвесторлар салымдарының пайдасын төмендететіндіктен, салық салудың жалпы деңгейлері де шектеуші фактор ретінде қарастырылады.

Бүгінгі күні Қазақстанда шетел инвестициялардың келесі формалары бар:

  • халықаралық қаржы институттарының және донор-елдерінің несиелері мен қарыздары;
  • дамудың жариялы көмегі бағытындағы несиелер мен қарыздар;
  • Қазақстан Республикасының кепілімен берілетін қвсқа мерзімді несиелер;
  • тікелей шетел инвестициялар.

Қазақстан экономикасына экспорттық несиелер түрінде шетел капиталды белсенді тарту 1992 жылы басталды. Жасалынған несиелік келісімдер елімізде халықаралық қаржы ұйымдардан және жекелеген инвесторлардан несиелік ресурстарды тарту үшін жағдай жасады. Қазақстан экономикасы үшін шетел инвестициялар маңызды болғанмен, алынған несиелік ресурстар мемлекеттің сыртқы қарызын ұлғайтып, инфляцияның өсуін туындатады. Бұл жағдайда тікелей шетел инвестицияларды тарту тиімдірекболып табылады. Жоғарыда айтып өткендей, халықаралық инвестициялық қызмет категориясы ретінде тікелей шетел инвестициялар – бұл басқа елдің резиденті болып табылатын инвестордың кәсіпорын шаруашылық қызметтің ынтасын ұзақ мерзімге сатып алу. Көбінесе бұл кәсіпорынның жарлық капиталына салымдар салу немесе акциялардың бас пакетін сатып алу арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының статистикалық агенствосының деректері бойынша 2001 жылы Қазақстан экономикасына тікелей шетел инвестициялардың көлемі 5,68млрд.долл. құрады. Оның ішінде: мұнай өндіру мен өңдеу саласы – 2,65млрд.долл., түсті металлургия – 1,2млрд.долл., қара металлургия – 1,6млрд.долл., тамақ өнеркәсібі – 0,16млрд.долл. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, салынған тікелей шетел инвестициялардың көлемі бойынша алғашқы орында – АҚШ (51,2%), екінші орында – Оңтүстік Корея (12,4%), үшінші орында – Ұлыбритания (6,7%), кейін Турция (6,6%), Франция (5,2%), Жапония (2,9%), Италия (2,3%), Канада, Чехия, Норвегия, Голландия т.б.

Тікелей шетел инвестицияларды тартудың негізгі түрі болып, біріккен кәсіпорындарды құру табылады. 2002 жылдың қаңтарында Қазақстанда цетел фирмалар қатысуымен 995 кәсіпорын тіркелінді. Біріккен кәсіпорындарда тікелей шетел инвестициялар құрылымында акционерлік капитал 12% құрайды. Акционерлік капиталдың маңызды бөлігі – бұл құрал-жабдықтар түрінде салымдар. Мұндай біріккен кәсіпорындардың көбі Турция, Ресей, Қытай, Германия, АҚШ, Италия, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания елдерінің қатысуымен ұйымдастырылған. Мысалы, 1993 жылы «Шеврон Оверсиз К» (АҚШ) және «Тенгизмұнайгаз» фирмалары «Тенгизевройл» біріккен кәсіпорынды құрады.

2000ж «Eyromoney» журналының мәліметтері көрсеткендей, инвестициялық тартымдылығы бойынша әлемде Қазақстан Болгариядан кейін 81-ші, Ресей мемлекеті 95-ші, Қырғызстан 106-шы, Өзбекстан 110-шы, Украина 115-ші, Белоруссия 129-шы, Армения 135-ші орынды алады. Реформалар көмегімен Қазақстан экономика дамуының жоғарғы қарқынына жетіп, тұрақты жағдайын сақтай алды. Өткен жылмен салыстырғанда негізгі капиталға инвестициялар 29,4%-ке өсті.

   Қазақстан өзіне тән ерекше инвестициондық потенциал иемдейді. Мысалы, Ресейде аудандық потенциал неғұрлым жоғары болса, тәуекел соғұрлым төмен болады деген заңдылық бар. Қазақстанда болса, инвестициялық потенциалының өсуіне сәйкес тәуекел де өседі. 1-суретте Қазақстан аудандарының инвестициялық тартымдылығының рейтингі көрсетілген.

 

 

 

Инвестициялық тартымдылығының рейтингі

Мүмкіншілік рейтингі

Тәуекел рейтингі

аудандар

1

1

2

г. Алма-Ата

2

8

1

г. Астана

3

7

5

Южно-Казахстанская обл.

4

4

11

Павлодарская обл.

5

2

15

Карагандинская обл.

6

10

7

Актюбинская обл.

7

13

4

Северо-Казахстанская обл.

8

5

13

Костанайская обл.

9

6

12

Атырауская обл.

10

3

16

Восточно-Казахстанская обл.

11

16

3

Кызылординская обл.

12

14

6

Мангистауская обл.

13

11

10

Жамбыльская обл.

14

12

9

Акмолинская обл.

15

9

14

Алма-Атинская обл.

16

15

8

Западно-Казахстанская обл.

 

Инвестор өз қаржыны инвестициялық тәуекелі жоғары аймақтарда орналасқан пайдалы салаларға сала алады немесе «қауіпсіз» аймақтарда орналасқан, бірақ тиімділігі аз жобаларға назар аударуы мүмкін. 2-суретте көрсетілген «Қазақстан аудандарының инвестициялық потенциалы» «инвестициялық оптимум» табуға көмектесе алады.

 

 

Инвесторлар үшін Қазақстанның қуатты минералды-шикізаттық базасы және ауыр өнеркәсіп саласы өте тартымды болып табылады. Өзінің астаналық статусын жоғалтуына қарамастан, Алматы инвестициялық потенциал бойынша лидер болып қала береді. Өйткені қала қуатты еңбек, тұтынушылық және инфраструктуралық мүмкіншілік иемдейді. Бірақ Алматының қаржылық көрсеткіштері — ірі компаниялардың орталық офистері Алматыда орналасқандықтан жоғары болып келеді. Нақты инвестициялар болса, өндіріс орналасқан аймақтарға салынады және мұндай «виртуалды» немесе «офистік» инвестициялар қазіргі кезде бірте-бірте Қазақстанның жаңа орталығы Астанаға бет бұрды. Астана маңызды инновациялық потенциал иемдеп, халқының табысы жоғары болғандықтан, тұтынушылық мүмкіншіліктері де өсе бастады.

Келесі топты ресурс жағынан қамтамасыз етілген және өндірістік дамуы жоғары Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облыстары құрайды. Өйткені Қарағанды облысы – еліміздің көмір және металлургиялық базасы, ал Шығыс қазақстан – түсті металлургия базасы болып табылады.

Көмір мен электр энергия өндіру, глинозем, ферросплав пен тракторлар шығару бойынша монополистік орынды иемдейтін Павлодар, еліміздің бокситтің 100%-ын, темір рудасының 83%-ын өндіретін Қостанай, мұнай өңдеу бойынша ең ірі қуаты бар Оңтүстік Қазақстан облыстары үшінші топты құрайды.

Келесі топқа тоқталатын болсақ, мұнда: жоғары инновациялық, инфраструктуралық және еңбек мүмкіншіліктерді иемдейтін Ақмола, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстары және шағын бизнестің интенсивті дамуымен ерекшеленетін Маңғыстау облысы, Қазақстанның бүкіл бариті өндірілетін Жамбыл облысы, барлы хромит рудасы өндірілетін Ақтөбе мен республикамыздың газдыцң жартысынан көбі өндірілетін Батыс Қазақстан облыстары кіреді.

Осылайша, инвестициялық тартымдылығының рейтингі бойынша алғашқы бестікке Алматы мен Астана қалалары, Батыс Қазақстан, Қарғанды мен Павлодар облыстары кіреді.

 

  1. Инвестициялаудың перспективалары

 

Қазақстан Республикасының экономикасында шикізат экспорты маңызды орын алады, яғни қолда бар технологиялық өндірістік мүмкіншіліктер тиімді емес пайдаланылады. Мұндай жағдайдың алғашқы себебі — өндірісті басқарудың экстенсивті пайдалану, яғни ірі инвестицияларды шамадан тыс, артық тарту және барлық инвестициялардың 60%-ы мұнай және газ салаларына салынады. Эоектроэнергияға, қара металлургия мен тамақ өнеркәсібіне инвестициялар шамамен 8%, түсті металлургияға 6%. Негізгі капиталға инвестициялардың мұндай рационалды емес құрылымы екі жақтан қарастырылады: біріншіден, шикізаттық салаларға иныестицияларжедел нәтиже береді, ал, екіншіден, батыстық инвесторлар қазақстандық өндірушілердің өндірістік тауарлар нарығында бәсекелестеріне айналуын қаламайды.

«Жалпы экономикалық жағдайға байланысты несиелік тәуекелдің халықаралық классификациясы» бойынша Қазақстан 38 балл жинады, бұл ТМД-ның басқа елдеріне қарағанда жоғары болып табылады. Бірақ еліміздің жалпы экономикалық жағдайы орташадан төмен, ал несиелік тәуекел деңгейі жоғары болып саналады. Әлемнің көптеген елдерінде инновациялық және инвестициялық климат сияқты ұғымдар қалыптасып, ол өзінің күрделілігі мен кешенділігімен ерекшеленеді. Макроэкономикалық деңгейде бұл ұғым саяси, экономикалық және әлеуметтік факторларды құрайды.

Инновациялық қызметтер нәтижесінде Қазақстан әлемдік нарықта өнімнің бәсекелік қабілеттілігін қамтамасыз ету, экономикалық өсім, құрылымдық қайта құрылу сияқты бірқатар өзекті мәселелерін шеше алады. Ал инновациялық қызмет инвестициялардың тартуын қажет етеді. Инвестициялар ағымы ғылыми-техникалық, өндірістік, басқару мен қаржы ұйымдарын біріктіретін мемлекеттік реттеу жүйесін құру қажеттігін анықтайды. Мұнда келесі мәслелер талқылану тиіс:

  • мемлекеттің реттеуші ролі тиімді болатын инвестициялар мен инновациялардың бағытын анықтау;
  • инновациялық қызметтің дамуы үшін институционалды-құқықтық және экономикалық ортаны құру;
  • ғылыми-техникалық инфраструктураның дамуы;
  • нарықтық экономиканың заңдарына сәйкес инновациялық қызметті қаржыландырудың механизмін жасау;
  • аудандық пен салалық деңгейлерде технологиялар трансфертасының халықаралық және мемлекет ішіндегі инфраструктураны құру;
  • Қазақстан жағдайларына жауап беретін инновациялық қызметтің формаларын ұйымдастыру;
  • Инновациялық қызметті мемлекеттік реттеудің жанама әдістерін пайдалану.

Инновациялық және инвестициялық қызметті реттеу жүйесі бақылау объектісіне тікелей әсер ету мен негізін салықтық жеңілдіктер жасайтын жанама әдістер құрайды. Тікелей қаржылық көмек көбінесе белгілі бір жағдайларды жүзеге асыру үшін бағытталады, ал салықтық жеңілдіктер көмегімен инновациялық және инвестициялық қызмет үшін жағымды жағдайлар жасалынады. Сондай-ақ, салық салу жүйесі инновациялық белсенділіктің өсуі үшін маңызды кедергілер болып табылады. Салықты жоғары ставкалар бойынша төлемеу мақсатында кәсіпкер өз табысын жасырып, осылайша инвестициялық тартымдылығын жоғалтады.  Жанама қолдау жүйесі инновациялық жобаларды жасап, іске асыратын кәсіпкердің ғылыми-зерттеу қызметін реттеуге мүмкіншілік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Осылайша, тәуелсіздік алғаннан бастап Қазақстанда инвестициялық саясаттың мәселелеріне маңызды мән беріліп отыр. Шетел капиталын тартудың келесі басты жағдайларды анықтауға болады:

  • Қазақстан территориясында инвестициялар қызметі үшін тұрақты және дамыған нормативті-құқықтық базаның құрылуы;
  • салық жүйесінің тұрақтылығы;
  • меншік институттарының бекітілуі;
  • шетел инвестициялары үшін сақтандыру мен жалға беру жүйесінің қалыптастырылуы;
  • халықаралық банктер және қаржы ұйымдармен инвестициялық қоғамдастықтың дамуы;
  • шетел инвестицияларды тартудың алғашқы қадамдарда ерекше жеңілдіктер жасау.

Соңғы кездерде Қазақстан макроэкономикалық және саяси тұрақтылыққа жетіп, бұл инвестициялық климатты едәуір жақсартты. Қазақстан Республикасы Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия, Венгрия, Германия, Египет, Үндістан, Испания, Италия, Қырғызстан, Қытай, Кувейт, Монғолия, Ресей, Франция, Румыния, Польша т.б. елдермен инвестицияларды қолдау мен сақтау жөнінде бірқатар екіжақты келісімдер жасасты.

Осылайша, шетел инвестициялар Қазақстан экономикасының тұрақтылуы мен дамуында маңызды роль атқарып, олардың көмегімен өндіріс дамуын реттеу, жаңа технологиялар жасау, елдің артта қалған аймақтарын қайта құруға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

  1. Вестник КазГУ. Серия экономическая. Алматы, 1998, № 9.
  2. Методическое пособие по разъяснению основных положений Стратегии развития Казахстана до 2030 года. Алматы:, 1991.
  3. Назарбаев Н. А. Казахстан — 2030. Алматы: 1997.
  4. Хасбулатов Р.И. Мировая экономика. М.: ИНСАН, 1994.
  5. Сагандыкова С. Иностранные инвестиции в Казахстане: анализ и прогнозы инвестиционных процессов в экономике. Алматы: Гылым, 1994.
  6. Азия: Экономика и жизнь, №51 (75), декабрь, 1996.
  7. Закон «Об иностранных инвестициях»
  8. Данные Национального Статистического Агентства РК.
  9. Деловая неделя, 1997, № 11.
  10. Журнал «Business central Europe» № 7. 2001
  11. Авдокушин Е.Ф. «Международные экономические отношения», Москва 2002 г.