АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Реферат. Мемлекеттік бюджет

Мемлекеттік  бюджет

 

 

 

Мазмұны

 

 

1.

Мемлекеттік  бюджеттің  экономикалық  мәні  мен  ролі…………..

 

2.

Бюджет  жүйесі және  бюджет  құрылысы…………………………………..

 

3.

Мемлекетті  басқарудың  бюджеттік  бағдарламалары………………

 

4.

Мемлекеттік  бюджеттің   кірістері  мен   шығыстарының    құрамы  мен  құрылымы ……………………………………………………………

 

 

 

 

  1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық  мәні  мен  ролі

 

Қаржылық  байланыстардың   орасан  зор  әр  алуандығында  жеке  ортақ   ерекшеліктерімен  көзге түсетін  оқшауланған   сфераларды   бөліп  көрсетуге   болады.  Мәселен,  мемлекеттің  шаруашылық жүргізуші   субъектілермен   және  халықпен  қалыптасатын   қаржы   қатынастары  жалпы  қоғамдық     өнімді  құндық  бөлудің  ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған   ақша  қорын   қалыптастырумен және  пайдаланумен  байланысты  болады.   Қаржы  қатынастарының    бұл  жиынтығы  «мемлекеттік  бюджет»  ұғымының   экономикалық   мазмұнын   құрайды.

Мемлекеттік  бюджет  мемлекеттің   орталықтандырылған  ақша  қорын  жасау   және  оны   ұдайы   өндіріс  пен   қоғамдық   қажеттіліктерді  қанағаттандыру   мақсаттарына   пайдалану  жолымен  қоғамдық   өнімнің  құнын  бөлу   және  қайта  бөлу  процесінде   мемлекет  пен  қоғамдық    өндірістің  басқа   қатысушылары  арасында   пайда  болатын   экономикалық   қатынастарды  білдіреді.

Қаржы  қатынастарының  белгілі  бір  жиынтығы  ретіндегі   мемлекеттік   бюджетке ең  алдымен  жалпы  қаржы категориясынан  ажырататын    өзгеше  белгілер  тән:   бюджет  қатынастарының    бөлгіштік   сипаты  бар,   әрқашан   ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын   қалыптастырумен  және   пайдаланумен  қосарлана   жүреді. Сонымен  бірге,   бюджет   қатынастарына  белгілі  бір  өзіндік   ерекшелік  тән,  алайда   ол  қаржымен  ортақ   өзгеше   белгілердің  шеңберінен   шықпайды.

Құндық  бөліністердің   айрықшалықты  сферасы  ретінде  мемлекеттік   бюджет  мына  өзгеше   белгілермен  сипатталады:

1) мемлекеттік жалпы  қоғамдық өнімнің бір  бөлігін   оқшауландырумен  және  оны  қоғамдық  қажеттіліктерді   қанағаттандыруға   пайдаланумен  байланысты   бөлгіштік   қатынастардың   айрықша   экономикалық  нысаны   болып   табылады;

2) құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын  материалдық  өндіріс  қаржысынан   және  құнды   тұтынуға    қызмет   ететін   өндірістік емес сфера қаржысынан  мемлекеттік  бюджеттің   айырмашылығы   ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың   секторлары,   қоғамдық қызметтің  сфералары   арасында  құнды  қайта    бөлуге   арналған;

3)  қоғамдық  өнімдің  оның  тауар  нысанындағы  қозғалысымен  тікелей  байланысты   емес  құнды   бөліністің   стадиясын   білдіреді  және   одан  белгілі үзілісте   жүзеге   асырылады,  ал  қаржы қатынастары   материалдық  өндірісте  де,  өндірістік  емес  сферада  да  тауар-ақша   қатынастарымен   тығыз   тоқайласып  жатады.

Мемлекеттік  бюджет,  кез  келген  басқа  экономикалық  категория  сияқты,  өндірістік   қатынастарды   білдіреді  және  оларға  сәйкес келетін  нақты   материалдық  — заттай  түрінде   болады:   бюджет  қатынастары  мемлекеттің   орталықтандырылған  ақша  қорында – бюджеттік   қорында   затталынады.

Мемлекеттің  бюджеттің   сан  қырлы   маңызын  ескере  отырып,  оны  тек  экономикалық   категория және  мемлекеттің  орталықтандырылған  ақша  қоры   ретінде  ғана  емес,   сонымен  бірге   негізгі   қаржы  жоспары,  әлеуметтік-экономикалық процестерді  реттеу   механизмінің   жиынтық ұғымы ретінде қарауға болады. Мәселен,   мемлекеттің  бюджетте   қоғамдағы   барлық  экономикалық   процестер  бейнеленетіндіктен,  сондай-ақ барлық  негізгі қаржы институттары – салықтар,  мемлекеттің  шығыстары, мемлекеттік  кредит, мемлекеттік  қарыздар  және  т.б.   өзінің   шоғырланған   көрінісін   табатындықтан  бюджет  мемлекеттің  негізгі   қаржы  жоспары  ретінде  сипатталады.  Бюджеттің  негізгі  қаржы  жоспары  деп  мойындау  оның   ұлттық   табысты   қайта   бөлудегі   маңызды   орнын,  қаржы  жоспарларының  жүйесіндегі   басымдық   жағдайын,  сондай-ақ  қоғамдық  ұдайы   өндірістегі   айрықша   рөлін   айқындайды. Негізгі  қаржы  жоспары   мемлекеттің   қаржылық   қызметінің    жемісі   болып  табылады.  Елдің негізгі қаржы жоспарының  көрсеткіштері  республика   Парламентінің   жыл  сайын  қабылдайтын  Республикалық   бюджет  туралы   заңына  сәйкес   сөзсіз  орындауға  жатады.

Бюджеттік  қор – бұл  қоғамдық   өнім  мен  ұлттық   табыстың  құндық  бөліністің  белгілі  стадияларын  өткен  және  ұлғаймалы   ұдайы  өндіріс,   халыққа   әлеуметтік-мәдени   қызмет  көрсету,  қорғаныс  және  басқару  жөніндегі   қажеттіліктерді     қанағаттандыру  үшін   мемлекетке  түсетін  бөлігі   қозғалысының   объективті     шарттасылған   экономикалық  нысаны.  Бюджеттік  қордың   қалыптасуы   мен  пайдаланылуы   құнды  бөлу   және қайта   бөлумен   байланысты  оның  қозғалыс    процесін   білдіреді.

Мемлекеттік  бюджет   ұлттық  экономиканы  басқарудың  басты   механизмдерінің  бірі.  Ол  экономикаға  мемлекеттің   орталықтандырылған ақша қорын жасау мен  пайдаланудың нысандары  мен әдістерінің  жиынтығы   болып  табылатын  бюджеттік  механизм   арқылы ықпал  етеді. Жалпы  экономикаға   ықпал  етудің   құралы  ретінде   бюджеттің  рөлі   осында  көрінеді. Экономиканы  реттеу орталықтандырылған ақша   қорының    сандық  көлемін  анықтау,   оны  жасау   мен  бөлудің   нысандары  мен  әдістерін  реттеу,   бюджеттің   атқарылу   процесінде    қаржы  ресурстарын  қайта  бөлу   жолымен  жүзеге   асырылады.

 

 

  1. Бюджет жүйесі және  бюджет  құрылысы

 

Мемлекеттік  органдардың   өздерінің  функцияларын   орындаушы   үшін   басқарудың  барлық  деңгейлерінде   тиісті   қаржы   базасы  болуы  тиіс.   Осы  мақсатпен  әр  елде   аймақтардың   шаруашылығын,  әлеуметтік   сферасын,   әрбір   әкімшілік – аумақтық   бірліктерді   абаттандыруды,   заң  шығарушы   билікті,   басқару аппаратын  ұстауды   және  басқа   шараларды     қаржыландыру  үшін    олардың   ақша   ресурстарын   жұмылдыруды   қамтамасыз  ететін   бюджеттер  тармақтарының   желісі  құрылады.  Бюджеттердің   жекелеген  түрлерінің   кірістері мен  шығындарын   қалыптастыру,  оларды   теңестіру   процесінде  заңмен   реттеліп  отыратын   белгілі бір   қаржылық   өзара   қарым-қатынастар   пайда  болды. Өзара  элементтердің   барлығы – бюджет  жүйесін  ұйымдастыру  мен  құрудың   қағидаттары,  оның  буындарының   өзара   қатынастары  мен  байланысының   ұйымдық   нысандары,  бюджет  құқықтарының  жиынтығы – бюджет  құрылысын  құрайды.

  Бюджет  құрылысында  басты  орынды    бюджет  жүйесі  алады,   ол  экономикалық  қатынастарға   және   құқықтық  нормаларға   негізделген  түрлі   деңгейлер   бюджеттерінің,   сонымен  бірге  бюджет   процессі   мен   қатынастарының   жиынтығын  білдіреді.   Әр  түрлі  елдердің   бюджет   жүйелері   өзінің   құрылымы,   бюджеттердің   жекеленген  түрлерінің  саны   жағынан   түрліше   болып  келеді,   өйткені   олардың   аумақтық   құрылысы  мен  аумақтық  бөлінісіне   байланысты  болады. 

Бюджет  жүйесінің  құрамы  елдің  ұлттық-мемлекеттік   құрылымымен  анықталады.  Мемлекеттің  федеративтік  және   унитарлық   құрылымы   болуы  мүмкін. 

Федеративтік  мемлекеттерде бюджет  жүйесі  үш  буыннан  тұрады:

  • мемлекеттік бюджет  немесе федералдық  бюджет   немесе орталық  мемлекеттің  бюджеті;
  • федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та — штаттардың, ГФР-да  — жерлердің  (ландтардың),  Канадада  — провинциялардың,  Ресейде – федерация субъектілерінің бюджеттері);
  • жергілікті бюджеттер.

Унитарлық  (біркелкі)  мемлекеттерде екі  буынды   бюджет  жүйесі   қолданылады:   орталық  (республикалық)  бюджет және  толып жатқан  жергілікті  бюджеттер.  Екі  жағдайда  да   бюджеттердің  оқшаулану мен дербестігінің   түрлі  дәрежесі   болуы  мүмкін,  бірақ,   әдеттегідей,   әлеуметтік-экономикалық   процестерді   басқарушы   орталықтандыру  деңгейіне    байланысты  төменгі   бюджеттерге   қатынасы  бойынша  белгілі  бір   реттеуші  рөл  орталық   бюджетте  сақталады.

Қазақстан  Республикасының  бюджет  жүйесі   құрылымының  унитарлық  типімен   анықалады,  өйткені  Қазақстан — федералдық   емес,  басқарудың  Президенттік  нысаны  және  сайланатын  Парламенті  бар  унитарлық  мемлекет.

Қазақстан   Республикасында жиынтығында мемлекеттік бюджетті  құрайтын  бекітілетін,  атқарылатын  және дербес   болып   табылатын  мынадай     бюджеттер  жұмыс  істейді  (сызбаны  қараңыз):

  • республикалық бюджет;
  • облыстық бюджет,  республикалық  маңызы  бар  қаланың,  астананың  люджеті;
  • ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)  бюджеті;

Қазақстанда  төтенше  немесе  соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік бюджеттің   әзірленуі,  бекітілуі  және  атқарылуы  мүмкін.

 

 

Қазақстан  Республикасының  бюджет   жүйесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1991  жылы   Қазақстан  Республикасының бюджет  жүйесі түбірлі  өзгерістерге   ұшырады.  Бұған  дейін   Қазақстанның   мемлекеттік   бюджеті,   басқа   одақтас  республикалардың   мемлекеттік бюджеттері  сияқты,  КСРО-ның  мемлекеттік бюджетіне кірді, онда ел аумағының   барлық   бюджеттері,   соның ішінде ауылдық, және поселкалық бюджеттер де қамтылып  көрсетілді. Ол  одақтық бюджеттен, 15 одақтас  республиканың   мемлекеттік   бюджеттерінен  және  мемлекеттік әлеуметтік  сақтандыру   бюджетінен  тұрды. Одақтық бюджетке 1970-1990 жж. мемлекеттік бюджет  ресурстарының жалпы ауқымының 52-50% тиді, оның 35%  республикалардың     республикалық   бюджеттерінің   және  15%  жергілікті   бюджеттердің   қарамағында  болды.

Бюджет түсімдерінің   сыныптамасы  бюджет  заңнамасына  негізделген  барлық   бюджеттерінің  түсімдерін  белгілі  бір  сыныптамалар  бойынша  топтастыру  болып  табылады.   Бюджет  түсімдері   сыныптамасының   топтамасы   санаттан,  сыныптан,  ішкі  сыныптан  және   ерекшеліктен   тұрады.   Санаттар  түсімдерді   экономикалық   белгілері   бойынша   топтастыру   болып  табылады.   Сыныптар  мен  ішкі   сыныптар  түсімдерді   олардың   көздері мен   түрлері  бойынша   топтастырады.  Ерекшелік  бюджетке  төленетін   төлем   немесе   түсім  түрін  айқындайды.

Бюджет  шығыстарының  функциялық  сыныптамасы  барлық   деңгейлекр   бюджетінің  шығыстарын  топтастыру   болып  табылады,  ол мемлекеттік   функцияларының   орындалуын,   республикада    мемлекеттік  саясаттың  жүзеге  асырылуын   қамтып   көрсететін   функциялық  және  ведомостволық   белгілер  бойынша    бюджет   қаражаттарының   жұмсалу   бағыттарын   анықтайды.

 

 

  1. Мемлекетті басқарудың  бюджеттік  бағдарламалары

 

Экономикалық нәтижелерге  қарай  бюджеттік  бағдарламалар   былайша   ажыратылады:

  • ағымдағы бюджеттік бағдарламалар,  олар  тұрақты  сипаты  бар  немесе дамудың   бюджеттік  бағдармаларына  жатпайтын  біржолғы  шаралар  өткізуді  көздейтін  заңнамалық   актілерге  сәйкес  мемлекеттік  басқарудың   функциялары   мен  мемлекет міндеттемелерінің   орындалуын   қамтамасыз  етуге   бағытталады;
  • дамудың бюджеттік бағдарламалары, олар бюджеттік инвестицияларды  жүзеге   асыруға   бағытталады.

Белгілі  бір  функцияларды   атқаратын  мемлекеттік  басқару  деңгейіне   қарай   бюджеттік  бағдарламалар  республикалық  бюджетте  бекітілетін  республикалық  және  жергілікті   бюджеттік  бағдарламаларға  бөлінеді.

Жүзеге  асыру  тәсіліне  қарай  бюджеттік  бағдарламалар  бір  әкімші  жүзеге  асыратын  жеке-дара бюджеттік  бағдарламалар   және   бюджеттік  бағдарламалардың  бір  әкімшісі  бойынша  бюджетте  бекітілетін  және  бюджеттік  бағдарламалардың   түрлі  әкімшілері   арасында   қаржы  жылы  ішінде  бөлінетін  бюджеттік   бағдарламалар  болып  бөлінеді.

Бюджеттік  бағдарламалардың  тиімділігін   бағалау  үшін  стадияда – бюджеттің  жобасын  әзірлеу   кезінде,  бюджетті  атқару  кезінде   және  бюджеттің  атқарылуын  бақылау  кезінде   жүзеге   асырылады.

 

 

 

  1. Мемлекеттік бюджеттің кірістері  мен   шығыстарының   

құрамы  мен  құрылымы

 

Қазақстан   Республикасының   экономикасы   басынан  кешіріп  отырған  нарықтық  қатынастарға   көшу   кезеңі   оның   бюджетінің  мазмұнына,  кірістері  мен   шығыстарына   айтарлықтай  ықпал  етіп  отыр.   Бюджеттің,  әсіресе  оның   шығыстарының   абсолютті   және  относителді    тез  өсуі   оған  тән   сипат   болып  отыр.   Бұл  инфляциялық   процестерден   және  егеменді   мемлекеттің   функцияларының   кеңеюінен,  Қазақстанның  ішкі  және  сыртқы   қауіпсіздігін  өзі   қамтамасыз  ету   қажеттігінен   туып  отыр.

Бюджеттің  кірістері  —  бюджетке   қайтарылмайтын  негізде  салықтардан,  алымдар  және  бюджетке   төленетін   басқа  да   міндетті    төлемдерден    алынатын   түсімдердің,  салыққа   жатпайтын   және  өзге   де  түсімдердің,  сондай-ақ   негізгі  капиталды   сатудан   түсетін    кірістердің  көлемі.

«Қазақстан  Республикасының   Бюджет   кодексіне»  сәйкес   республикалық   бюджетке  түсетін  кірістер  мыналар  болып   табылады:

1) салықтық түсімдер,  алымдар және  басқа  да   міндетті   төлемдер:  корпорациялық  табыс  салығы,  қосылған  құнға   салынатын  салық,  соның  ішінде   қазақстан  Республикасының   аумағында   өндірілетін   тауарларға,  орындалған жұмыстар  мен   көрсетілген  қызметтерге  және  Қазақстанның   аумағына   импортталатын   тауарларға  салынатын   қосылған  құн  салығы,    импортталатын тауарға  акциздер, газ  конденсатын  қоса  алғанда,  шикі  мұнайға салынатын акциздер, жер қойнауын пайдаланушылардың  салықтары мен  арнаулы  төлемдері,  экспортқа шығарылатын  шикі  мұнайға   салынатын  рента  салығы,   Қазақстан  Республикасының   аумағы   бойынша автокөлік құралдарының жүріп  өткені   үшін  алым,  телевизиялық     және  радиохабар  ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға  рұқсат   бергені   үшін  алынатын  алым,  теңіз,  өзен  кемелері  мен   шағын   көлемді  кемелерді, азаматтық  әуе  кемелерін, радиоэлектрондық  құралдарды   және  жиілігі  жоғары   құрылғыларды,  дәрілік  заттарды  мемлекеттік  тіркегені  үшін алынатын  алым, қалааралық және халықаралық    телефон  байланысын   бергені үшін, радиожиілік  сектрін, кеме жүретін су жолдарын  пайдаланғаны  үшін төленетін  төлем, әкелінетін және әкетілетін  тауарларға  кеден  баждары, отандық тауар  өндірушілерді  қорғау шаралары  ретінде  алынатын   баждар, консулдық алым, Қазақстан Республикасы азаматтарының  паспорттары  мен  жеке  куәліктерін  бергені  үшін  мемлекеттік  баж,  жүргізуші   куәліктерін  және  көлік  құралдарын мемлекеттік  тіркеу   туралы   куәліктер бергені үшін   алынатын   мемлекеттік  баж,  мемлекеттік  нотариат  кеңселері  нотариустарының нотариаттық іс-әрекет жасағаны үшін  алынатын  мемлекеттік  баж   және  басқа  алымдар  мен  төлемдер;

2)   салықтық  емес   түсімдер:  республикалық меншіктен  алынатын  кірістер,  (республикалық мемлекеттік кәсіпорындар  мен Ұлттық банктің таза  табысы  бөлігінің түсімдері, республикалық меншіктегі: акциялар пакеттеріне дивиденттер, заңи тұлғаларға  қатысу  үлесіне  кірістер,  мүлікті  жалға  беруден  алынатын кірістер,  Үкіметтің  депозиттері,  екінші  деңгейдегі  банктердің  шоттарында   орналастырылған   мемлекеттік  сыртқы  қарыздар, республикалық  бюджеттен  берілетін  кредиттер  бойынша  сыйақылар (мүдделер),  қару-жарық пен  әскери  техниканы  сатудан түсетін кірістер,  республикалық  меншіктен  түсетін  басқа    да  кірістер); республикалық бюджеттен  қаржыландыратын мемлекеттік  мекемелердің  тауарлары;

3)   негізгі  капиталды  сатудан  түсетін  түсімдер:  (республикалық бюджеттен каржыландыратын  мемлекеттік мекемелерге бекітіп   берілген  мемлекеттік  мүлікті,  мемлекеттік  босалқы  қорлардан,  резервтерден  тауарларды,  материалдық активтерді сатудан  түсетін  ақшалар);

4)   ресми  трансферттердің  түсімдері:  (облыстық бюджеттерден, республикалық  маңызы  бар  қаланың,   астананың  бюджеттерінен  алынған  ресми   трансферттер,  Ұлттық  қордан   республикалық  бюджетке  алынған  мақсатты  трансферттер).

Республикалық  бюджетке  республикалық  бюджеттен  кредиттерді  өтеуден,   республикалық меншіктегі   мемлекеттің  қаржы  активтерін  сатудан, Үкіметтік  қарыздарды  өтеуден  түскен  түсімдер  есепке  алынады.

Қазақстан  Республикасының  2003  жылғы  республикалық   бюджет   кірістерінің   құрамы  мен  құрылымы   мына  мәліметтермен  сипатталады (кесте).

 

Республикалық   бюджет  кірістерінің  көлемі  мен  құрылымы

 

Түсімдердің  атауы

млн.теңге

%

түсімдер

722 034

100,0

1.  Кірістер

649 000

89,9

Салықтық түсімдер

603 396

93,0

соның  ішінде:

 

 

корпоративтік табыс  салығы

272 632

45,2

қосылған  құнға  салынатын салық

222 161

36,8

акциздер

6019

1,0

Салықтық емес  түсімдер

39348

6,1

Капиталмен жасалған операциялардан алынатын кірістер

6256

0,9

ІІ.  Алынған ресми трансферттер

57630

8,0

ІІІ. Кредиттерді қайтару

15404

2,1

 

Бюджеттің   шығыстары – бұл  бекітілген  бюджет  шегінде   қайтарылмайтын   негізде   бөлінетін  қаражаттар.

Республикалық   бюджеттің  шығыстары  мына  бағыттар  бойынша  жұмсалады:

1)   жалпы сипаттағы   мемлекеттік   қызметтер көрсету:  Қазақстан  Республикасының  Президентін және оның  отбасын қамтамасыз  ету,  оларға  қызмет көрсету және күзету, Парламенттің, Үкіметтің және  Конституциялық  кеңестің  жұмыс  істеуі, сайлаулар  мен  референдумдкр  өткізу,   мемлекеттік  бюджетті болжау мен республикалық бюджетті  жоспарлау, салық  службасы  органдарының  қызметі,  республикалық  меншікті  басқару,  мемлекеттің  бірыңғай  жүйесін  ұйымдастыру,  мемлекеттік  қаржылық   бақылау,  кеден  қызметтері,  мемлекеттің  сыртқы  саяси  қызметі,  іргелі  ғылыми  зерттеулер  жүргізу мемлекеттік статистикалық  есеп, мемлекеттік  службаның   бірыңғай   жүйесін   ұйымдастыру,  заңнамаларға  сәйкес  қызметтің  әр  түрлі  салалары  мен  қызмет  сферасында  мемлекеттік сыйлықтар  беру және мемлекеттік  наградалармен  марапаттау  және  басқалары.

2)  қорғаныс,  қоғамдық  тәртіп,   қауіпсіздік:   мемлекеттің  қорғанысын  ұйымдастыру  және  қамтамасыз  ету,  лаңгестікке  және  экстремизм  мен  сепаратизмнің  басқадай  көрінісіне  қарсы  күрес, Қазақстан  аумағында  қоғамдық   тәртіпті   қорғау  және   қоғамдық   қауіпсіздікті   қамтамасыз  ету,  паспорт және  виза   жұмысын  жүзеге  асыру,   жедел    іздестіру,   тергеу   қызметі,   азаматтық   қорғаныс жүйесін ұйымдастыру, экономикалық және қаржы сфераларындағы  құқық қорғау   қызметі  және  басқалары.

3)   құқық,  сот,  қылмыыстық – атқару  қызметі:  әділет сферасындағы  қызмет,  азаматтар мен  мемлекеттің мүдделерін құқықтық  қорғау,  заңдылық  пен  құқықтық  тәртібін  қамтамасыз ету, соттың  сараптамалық қызметі, сот  жүйесінің  жұмыс  істеуі және басқалары.

4)   білім  беру: білім  берудің республикалық  ұйымдарында  дарынды  балаларға  жалпы  білім беру, республикалық  мектеп олимпиадаларын өткізу, республикалық деңгейде орта  кәсіби білімі бар  мамандарды  даярлау, жоғары  кәсіби және жоғары оқу  орындарынан кейінгі  кәсіби білімі  бар мамандарды  даярлау, республикалық  деңгейде кадрлардың  біліктілігін  арттыру  және  қайта  даярлау,  білім  берудің  республикалық  ұйымдарын  оқулықтармен қамтамасыз ету, республикалық маңызы бар  білім беру  ұйымдарында  балаларды  оңалту  және басқалары.

5)   денсаулық  сақтау: жоғары  мамандандырылған медициналық  көмек көрсету, ауру  адамдарды  шетелде емдеуді ұйымдастыру,  ерекше қатерлі инфекцияларға қарсы іс-әрекет, республикалық сақтау ұйымдары  үшін қан,  оның компоненттері мен препараттарын өндіру, санитарлық-эпидемологиялық қызметтің санитарлық-эпидемологиялық сауаттылығын республикалық деңгейде  және мемлекеттік  шекара  мен  көлікте қамтамасыз ету, сот-медицина және сот-психиатрия сраптамасын  жүргізу және  басқалары.

6)  әлеуметтік көмек  және әлеуметтік қамсыздандыру: бюджет қаражаттары есебінен зейнетақы заңнамасына сәйкес зейнетақымен қамтамасыздандырылуға  құқығы  бар азаматтарға  зейнетақы төлемдері, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, мемлекеттік арнаулы жәодемақылар, арнаулы  мемлекеттік жәрдемақылар, эконологиялық апат  аумақтарында тұратын адамдарға  әлеуметтік  көмек,  әскери қызметшілерге құқық қорғау органдары қызметтеріне,  олардың  отбасы  мүшелеріне  медициналық қызмет  көрсету, құрбандарына және  одан  зардап  шеккендерге  төлемдер,   көші-қон іс-шаралары,  баланың  туылуына байланысты әлеуметтік төлемдер және басқалары.

7)   мәдениет,   спорт,  туризм  және  ақпараттық  кеңістік;

8)  ауыл, су, орман, балық  шаруашылығы  және   қоршаған  ортаны  қорғау, жер  қатынастары;

9)  өнеркәсіп, жер  қойнауын  пайдалану,  сәулет,  қала  құрылысы  және қызметі;

10)  көлік  және   коммуникациялар;

11)  экономикалық  қызметті  реттеу: стандарттау, метреология және сертификаттау, патенттерді, тауар белгілерін тіркеу және қорғау, мемлекеттік инновациялық  саясат, мемлекеттік экспорттық  және  импорттық  бақылау, саудалық және  демпингке қарсы реттеу, бәсекелестікті  қорғау және табиғи монополияларды реттеу.

12)   басқа  да  бағыттар: облыстық  бюджеттер, республикалық маңызы  бар  қалалар, астан  бюджеттеріне, Ұлттық  қорға  берілетін   ресми трансферттер,  үкіметтік  борышқа қызмет  көрсету және  оны  өтеу,  мемлекеттік кепілдіктер  бойынша  міндеттемелерді  орындау.

 

Республикалық  бюджет  шығыстарының  көлемі  мен  құрылымы  (2003ж).

Түсімдердің  атауы

млн.теңге

%

шығыстар

773893

100,0

шығындар

734809

94,9

1. Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет көрсетулер

44066

5,7

2.  Қорғаныс

40435

5,2

3.  Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік

73822

9,6

4.  Білім  беру

23241

3,0

5. Денсаулық  сақтау

19105

2,5

6. Әлеуметтік қамтамасыз  ету және әлеуметтік көмек

202043

26,1

7. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

10321

1,3

8.  Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

12879

1,7

9. Отын-энергетика  кешені  және жер қойнауын пайдалану

8486

1,1

10. Ауыл, су, орман, балық  шаруашылығы және  қоршаған ортаны  қорғау

43040

5,6

11. Өнеркәсіп және құрылыс

1395

0,2

12.  Көлік  және  байланыс

59663

7,7

13. Басқалар

68345

8,8

14. Борышқа қызмет  көрсету

34338

4,4

15. Ресми трансферттер

93630

12,1

Кредиттер

39085

5,0